Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Мамандығы 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Бекітемін»:

Кафедра меңгерушісінің м. а.

Қанапина С. Ғ.

« » 2015ж.

Диплом жұмысын орындауға берілетін тапсырма

Студент: Өтеген Динара

Жұмыс тақырыбы: Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Жоғары оқу орнының бұйрығы бойынша бекітілді

№2015 жыл.

Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі 2016 жыл.

Талдауға жататын мәселелер мен жұмыстың қысқаша мазмұны

а) Кіріспе

ә) 1. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында кіріктіре оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі

б) 2. Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

в) Қорытынды

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. Ж. Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010.

2. Баймолдаев Т. М. және т. б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау) . - Алматы, 2002.

3. Базарбаева Н. Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.

4. Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы)

Дипломдық жұмыстың орындалу кестесі

№:
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескерту: Ескерту
№: 1
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Тақырыпқа қатысты әдебиеттермен, мақалалармен танысу, материал жинақтау
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: қыркүйек
Ескерту: Жаңа, тың көзқарастағы соңғы жылдары жарық көрген зерттеулерді пайдалану. Әдебиеттер тізімін жасау
№: 2
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Дипломдық жұмыстың жоспарын құру
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: қазан, қараша
Ескерту: Ауқымды, өзекті мәселелерге көңіл бөлу
№: 3
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Жинақталған деректер бойынша материалды жүйеге келтіру
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: желтоқсан
Ескерту: Жинақталған материалдарды жүйелеп, ретке келтіру
№: 4
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Бірінші тараудың дайындығы
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: қаңтар
Ескерту:

Өзіңдік көзқарасыңды, пікіріңді келтіру,

сілтемені дұрыс көрсету

№: 5
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Екінші тараудың дайындығы
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: наурыз
Ескерту: Материалды реттеп, хронологиялық жағынан жүйелеу, көрнекіліктер, таблицалар жасау.
№: 6
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Жұмыстың толық нұсқасын дайындау, алдын ала қорғаудан өту
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: мамыр
Ескерту:

Жұмыс

тақырыбының ашылуына баса көңіл бөлу, жұмысты қорытындылау

№: 7
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер:

Қорғауға дайындық,

пікір жазушылардың ұсыныстарын дайындау

Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: мамыр
Ескерту: Талапқа сай жұмысты бастыру, сын-пікірлер жаздырту, қатемен жұмыс жасау

Жұмыс бойынша әр тарауға қатысты кеңес беру

№:
Тараулар: Тараулар
Кеңес беруші: Кеңес беруші
Мерзімі: Мерзімі
Қолы: Қолы
№: 11
Тараулар: Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында кіріктіре оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі
Кеңес беруші: Абдрашева А. Қ
Мерзімі:

қыркүйек,

желтоқсан

Қолы:
№: 22
Тараулар: Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Кеңес беруші: Абдрашева А. Қ
Мерзімі: қаңтар, наурыз
Қолы:

Тапсырманың бекітілген уақыты

Кафедра меңгерушісі м. а. : ф. ғ. к., доцент

Қанапина С. Ғ.

Ғылыми жетекшісі: гуманитарлық

ғылымдардың магистрі,

аға оқытушы

Абдрашева А. Қ.

Тапсырманы орындауға алдым

Студент Өтеген Д. Б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ . . .:
6:
КІРІСПЕ . . .: 1 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сынытарына кіріктіре оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі . . .
6: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Шағын жинақты мектептердің даму және зерттелу тарихы . . .
6: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктер . . .
6: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Бір пәндік сабақтарды өткізуде өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы . . .
6: 18
КІРІСПЕ . . .: 2 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында . . .
6: 26
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктері . . .
6: 26
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың құрылымы . . .
6: 30
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері . . .
6: 36
КІРІСПЕ . . .: 2. 4 Біріктірілген сыныптарда пәндерді оқытуда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі . . .
6: 48
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 58
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 60
КІРІСПЕ . . .: Қосымша . . .
6: 62

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен тыс қалмайтыны бәрімізге белгілі. Білім беру саласындағы басты мақсат - еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға (интелект) дайындау, олай болса, шағын жинақты мектептердің ұстанымы да осыған келіп саяды. Бұл мақсатты орындауда шағын жинақты мектептегі оқыту жүйесін дамыту, соның ішінде оқу-әдістемелік база құру, оқулықтар, арнайы бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеу - күні бүгінге дейін өзекті мәселелер.

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезетте екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар бірлесіп жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындап береді.

Бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасау оқу-тәрбие жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізіп, қиындық келтіреді. Шағын жинақты мектептердің әлі күнге дейін шағын жинақты мектеп ерекшелігін ескере отырып дайындалған қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің барлығы дерлік мұндай мектептерде жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқтығы, оқу-материалдық базаның әлсіздігі де жағдайды шиілендіре түсуде.

Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының білім, білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты мектептердің білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың жалпы дамуына өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Қолданыстағы оқулықтар мен дидактикалық материалдар шағын жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуге бағытталмайды.

Шағын жинақта мектепте әдебиет пәнін оқытудың теориялық және практикалық маңызын ашу - ғылыми жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жасау.

- Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік теориясын зерттеу;

- Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың ерекшеліктерін анықтау:

- Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қарастыру;

- Біріктірілген сыныптарда қазақ әдебиетін оқытуда біртақырыптық сабақтардың өткізу әдістемесін жасау.

- Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы қазақ әдебиетінен біртақырыптық сабақ жоспарларының үлгілерін қарастыру.

- Шағын жинақты мектепте қазақ әдебиетінен біртақырыпты жұмыстардың түрлері және оны оқытуда пайдалану жолдарын қарастыру;

- Шағын комплектілі мектепте сабақ беретін мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін жинақтап қорыту.

Дипломдық жұмыстың нысаны - Педагогтардың, психологтардың таным, білім жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан «Білім туралы заңы» және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.

Дипломдық жұмыстың әдіс-тәсілдері: әдеби-теориялық талдау, сипаттама әдісі, баяндау, салыстырмалы талдау, ғылыми пікірлерді жүйелеу.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы: Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшелігі мен біртақырыпты сабақты өткізу әдістемесі қарастырылды. Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді.

Дипломдық жұмыстың практикалық мәні - Зерттеу жұмысын орта мектептерде, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда, жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласынан дәріс оқуда, семинар, прақтикалық сабақтар жүргізуде пайдалануға болатындығымен негіздеуге болады.

Диплом жұмысының құрылымы - Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында кіріктіре оқыту сабақтарының ғылыми-әдістемелік негіздемесі

1. 1 Шағын жинақты мектептердің даму және зерттелу тарихы

Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден бастау алады дедік. Ы. Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп жазған. ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны - 727, ондағы оқушы саны -22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.

Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер) . Торғай мен Оралда - ауылдық, облыстық орыс-қазақ училищелері, Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Ішкі Ордада - старшындық және бөлімшелік училищелер, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, ашылды.

Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, өзбек, татар, латыш, украин, чуваш халықтарына арналған кітаптарды қолданылды.

Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған болатын. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж. Аймауытов, Ғ. Бегалиев, Ғ. Сүлейменов, Ж. Қаржасбаев, М. Бүрлібаев, А. Асқарбаева) ; сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б. Құлмағамбетова, Қ. Аймағамбетова, А. Асқарбаева, Г. М. Храпченков, ) ; «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, Б. Құлмағамбетова) ; бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М. Сайпин, З. Бейсенбаева, Е. Шапаева, О. Сатқанов, Б. Катембаева) ; осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З. Әділғазинов) зерттеліп, қарастырылады [1, 10] .

Сонымен қатар Б. Қ. Қапасова. Шағын жинақты мектептегі әдебиетті оқыту ерекшеліктері, Л. В. Руколеева «Как подготовить учителя к работе в малокомплектной школе?», Е. А. Шнайдер, Д. Ж. Сакенов, Д. Ж. Абдулхамидова «Шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесінің спецификасы» А. А. Ибраева, А. Н. Қайыргелдинова, А. Ш. Тілеулесова «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту жолдары», З. С. Алибаева. «Шағын комплектілі мектептегі білім берудің басты бағыттары мен проблемалары және оны шешу жолдары», А. С. Баймикенова «Шағын жинақты мектептердегі проблемалар және оны шешу жолдары», М. А. Байтанаева, И. Ш. Бектұрғанова «Шағын жинақты мектептерде технологияны оқытудың қазіргі жайы мен мәселелері» атты жазылған еңбектер де бар.

Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді.

Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 385342 оқушы дәріс алады, ол барлық жалпы білім беру ұйымдарындағы 2491239 оқушының 15, 5%-ын құрайды (2012) . Мұндай мектептерде 51796 мұғалім қызмет атқарады [8] . Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25. 02. 2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.

Тәуелсіздік жылдарында шағын жинақталған мектептер мен толық орта мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4145-ке жетті, оның 2156-сы (50, 9 %) қазақ тіліндегі мектептер. Байқағанымыздай, шағын жинақты мектептердің саны артты, ал мұндай мектеп жағдайында дәріс беретін мұғалімдердің саны әлі де аз. Республиканың жоғарғы оқу орындарында «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» мамандығы оқытылады, ал арнайы шағын жинақты мектепте оқыту әдістемесі бойынша мамандар дайындалмайды. Білікті педагог кадрлардың жетіспеушілігінен ШЖМ-дегі білім сапасы сын көтермейді. Мұндай мектеп жағдайында жұмыс істеу үшін мұғалімнің ШЖМ-дің ерекшеліктерімен танысуы қажет.

Шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Олар:

  • сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді;
  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы қажет;
  • тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі кейінгі сыныпқа бөлінген уақытқа тікелей байланысты.
  • ШЖМ-тегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, дайындалуы қажет.
  • бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
  • шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
  • мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп өзгертіп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай ыңғайлап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластырып отыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

Шағын жинақты мектептің жоғарыда аталған ерекшеліктерінің бірі - сабақтарды кіріктіре оқыту, яғни, басқаша айтқанда - интеграция.

Интеграция - ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация үрдісімен қатар жүреді. Интеграциялық сабақтың дәстүрлі сабақтан айырмашылығы - пәнаралық байланыстардың қолданылуы. әлемдік білім кеңістігімен пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс интеграциялануға жол ашады.

Интеграция үдерісі (латынша integratio - қалпына келтіру, біріктіру, ) өзара байланысы мен өзара бірін-бірі толықтыруының негізінде жүйенің жекеленген бөлімдері мен элементтерін бір бүтінге кіріктіру [2, 5] .

Интеграция дегеніміз пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру болып табылады. Интеграцияны жүзеге асырудың бірден бір жолы - сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу болып табылады. Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әр түрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар, тағы басқалары.

Пәнішілік мазмұны ұқсас тақырыптарды біріктірілген сыныптарда кіріктіре оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі:

  • оқушылар әр түрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасап отырады;
  • әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып тиянақты меңгеруі қамтамасыз етіліп отырады;
  • жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік туғызып отырады;
  • мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, әрдайым оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды;
  • оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің сапасын анықтай алады;

Осының негізінде бірпәндік, біртақырыптық ұстанымдарға бағытталған мазмұны ұқсас жақын тақырыптарды біріктіріп оқытудың тиімділігі анықталады.

1. 2 Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың

ерекшеліктері

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің көпшілігі - шағын жинақты мектептер болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін мұндай мектептер саны жыл сайын өсіп келе жатыр. Себебі, оқушы саны ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен кеміп келе жатыр.

Шағын жинақты мектеп дегеніміз - тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі болып табылады.

Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері
Мақсаты: әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- өмірлік маңызды құзыреттілікті қалыптастыру;

- білімнің даралық және жіктелген кең спектрін қамтамасыз ету;
- білім беру процесінің құнды бағдарлығы мен дамушы әлеуетін арттыру;
- педагогикалық процесті жүйелі қызметтік тәсіл, технологияландыру,

-оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру негізінде жобалау;

- ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану есебінен ШЖМ-ның ақпараттық білім беру ортасын ұйымдастыру;

- әлеуметтік әріптестікті іске асыру арқылы білім алушының тұлғасын қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.

ШЖМ қызметін ұйымдастыру принциптері :

- әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар үшін сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін демократияландыру, білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;

- білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;

- білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;

- білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің бірлігін қамтамасыз ететін жан-жақтылық;

- топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
- білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі, вариативтілігі;
- өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін бейімделгіштік;

- ШЖМ-дағы әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық жетістіктерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.

Нақты айтқанда, 2007 жылғы шілденің 27-сінде (№319-ІІІ ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (24. 10. 2011 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) ШЖМ-ке мынадай анықтама берілген: шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақты мектепте мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі. [2, 5]

Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп төмендегідей:

  • біріктірілген сыныптармен;
  • біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.

Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап - барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

«Шағын жинақты мектептің саны соңғы 15 жылда күрт өсті. Әр 4-нші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр 6-ншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды»[2] .

( Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы.

Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Біріккен сабақ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz