Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра
меңгерушісі т. ғ. д. С. Д. Дильманов
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы»
Мамандығы 050114 - «Тарих»
Орындаған С. Махамбетова
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д С. Д. Дильманов
Көкшетау 2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Махамбетова Сабина
«Шоқан Уәлиханов этногораф - тарихшы»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандығы 050114 - «Тарих»
Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Ш. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ
АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Шоқан Уәлихановтың туып-өскен ортасы және оның кадет корпусында
оқыған кезі 8
1. 2 Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі 18
1. 3 Шоқан Уәлиханов саяхатшы, әдебиетші, тарихшы, этнограф 29
2 Ш. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯХАТТАРЫМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2. 1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық істері 37
2. 2 Ш. Ш. Уәлихановтың жүргізген ғылыми зерттеулері 50
2. 3 Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық
көзқарастары 56
ҚОРЫТЫНДЫ 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80
ҚОСЫМШАЛАР 83
- КІРІСПЕЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Президентіміз Н. Назарбаев өзінің 2003 жылы шыққан «Cындарлы он жыл »кітабында Орталық Азияның арғы- бергі тарихына қазіргі кезеңдегі маңызына жіті назар аударады. Шоқан Уәлиханов Орталық Азияны зерттеуші ретінде оның геосаяси маңызын сол заманның өзінде болжап кеткен еді. Көптеген зерттеу еңбектерінде мәселенің бұл жағына аз көңіл бөлінді.
Ш. Уәлиханов XIX ғасырдың ортасында Ресей империясы Шығысқа бағытталған үш экспедициясының бірін басқарып, оны өте сәтті нәтижелермен аяқтап шыққан болатын. Сол себепті де Ш. Уәлихановтың қызметі Ресей ғылымы қауымына ғана емес сол кездегі Британия мен Францияның саяси-ғылымы қауымының назарына түскен болатын. Оның өмір жолы, қызметі дүниеден озуы жайлы мәселелер әлі де жұмбақ, белгісіз жайттарға толы. Сондықтан да зерттеушілердің әрбір жаңа ұрпағы осы тақырыпқа қайта айналып соғатын болады [1] .
Тақырыптың негізгі өзекті мәселесі ол қазақтың тұнғыш ғалымы, шығыстанушысы Ш. Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметінің ақтандақтық тұстары, оның ғалым -азамат болып қалыптасуындағы негізгі кезендерінің әлі де болса аз қарастырылған жақтары отандық тарихта маңызды өзектілікке ие. Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде ғалымның өмірі мен шығармашылығын зерттеудегі түрлі субьективті жағдайлардың жойылуы, бұл бағытта мол мүмкіндіктер тудыруда. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі тарихнамада Шоқан тұлғасының бірегей түрде зерттеу аса маңызды тақырып болып табылады. Бүкіл әлемге әйгілі Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері қазіргі күнде де өзінің құнын жойған жоқ, сонымен бірге оның өмірі мен творчествасын көптеген жылдар бойы зерттеліп келеді. Сондай-ақ Ш. Ш. Уәлихановтың заманы мен қызмет еткен ортасын зерттеу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ғалымның көзқарастары мен ғылыми мұраларын зерттеу, осы күндері заман талабы. Кеңес дәуіріне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі деректерге сүйене отырып, тұлға болып қалыптасуы және оның жан-жақты шығармашылығы арқылы оның кең ауқымды ғылыми көзқарастарына талдау жасау [2] .
Тақырыптың зерттеу өзектілігінің ғылыми - танымдық және ғылыми қолданбалы тұрғыдан қажеттілігі мыналарда.
-Біріншіден, Шоқан Уәлихановтың өскен ортасы мен тұлғалық қалыптасуы.
-Екіншіден Ш. Уәлихановтың әр түрлі ғылым саласындағы көзқарастарын ғылыми тұрғыдан зерттеу.
-Үшіншіден, Шоқанның жасаған саяхаттары, мен еңбектерінің құндылығы.
-Төртіншіден, Ш. Уәлихановтың - тарихшы, шығыстанушы ретіндегі ғылыми қызметі мен шығармашылығы.
-Бесіншіден, Ш. Уәлихановтың өмір баянының кейбір ақтаңдақ тұстарына назар аудару, оны зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ғалымы, ағартушы - демократы, саяхатшысы, географы, этнографы, суретшісі, әдебиетшісі, тарихшысы - Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін ғылыми түрде жан-жақты концептуалді зерттеу. Жұмыста нақты материалдар арқылы ғалым Шоқан Уәлихановтың туып-өскен ортасын, білім алған мектептері, қоғамдық және әдеби қызметі, Шоқанның ғылыми және ағартушылық істерін және көзқарастарын көрсету.
Шоқан Уәлихановтың тұлға болып қалыптасуы, қызметте өсу жылдары; алғашқы қызмет барысындағы ғылыми зерттеулік жұмыстары; ғылыми еңбектері; саяси және әлеуметтік көзқарастарыоның тарихта және ғылымдағы ерекше орны сияқты маңызды жағдайларды терең зерттеу. Шоқан Шыңғысұлының өмірлік жолы мен ғылыми мұрасы зерттеудің негізі болып табылады. Ш. Ш. Уәлихановтың тарихшы, этнограф және ғылыми қызметін жан - жақты толық түрде зерттеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мынада XIX ғасырдағы өзінің ғылыми еңбектерімен дүр сілкіндірген ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір жолдары, әскери - ғылыми зерттеулері, көзқарастары, қоғамдық және әдеби қызметі және ағартушылық істері. Жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары :біріншіден, жарық көрген еңбектердің толық тарихи-тарихнамалық талдаудан өткізілуі. Екіншіден, Шоқан Уәлихановтың ғалым тұрғысынан жүйелі түрде зерттелуі. Үшіншіден, ғалымның қоғамдық көзқарастарының дәлелденуі. Төртіншіден, Шоқанның тұлға ғалым ретінде танылуы. Бесіншіден, зерттеу тақырыбының тарихнамалық әдістемелік желісінде жаңаша көзқарас, шынайы ғылыми пікір қалыптастыруға ұмтылыс жасалынды. Міне, осы айтылғандардың барлығын зерттеу жұмысымыздың жаңалығы деп түсінген абзал.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің баспа бетіне шығуын және ғалымның ғылыми қоғамдағы еңбегін паш етуін жатқыза аламыз. Бұл тұста Шоқанның Орыс географиялық қоғамда өзінің құнды ғылыми еңбектерін жоғары мінбеден айтуы және осы қоғамның құрметті ғылыми мүшесі атануы тарихнамада айқын көрсетілген.
Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің құндылығы жайлы сол заманның ғалымдарының бағалауынан көруге болады. Олар: Н. И. Веселовский, Г. Н. Потанин, П. П. Семенов Тянь-Шанский. А. К. Гейнс, Ф. М. Достоевский, Н. М. Ядринцев, Н. А. Аристов және тағы басқалар. Сонымен қатар Әлкей Марғұланның зерттеген еңбектерін атап өтуге болады. Абуев К. К. Кокшетау. Исторический очерк еңбектеріндегі Ш. Уәлиханов туралы, оның туған жері Сырымбетте болғандығы оның өмірі мен қызметін жаңаша көзқараспен кейбір кезендерін анықтады.
Қазіргі уақытта - ол туралы 1000 - нан астам еңбектер бар деп айтуға болады. Ол жайында жазылған әдебиеттер тізіміне арнайы өлеңдер, газет-журналдық мақалалар, пьесалар, кітапшалар, ғылыми монографиялар, ғылыми еңбектер, көркем фильмдер, томнан томға ұласқан шығармалар кіреді. Шоқан еңбектері әрқашан да өзекті және заман өзгерісіне ұшырамайтын асыл ғылыми туынды.
Жұмыста Шоқан Уәлихановтың жай ғана демократ емес, халқының осы өмірін сол заманда армандап көре білген, жүрегі қазақ халқы деп соққан, елінің егемендігі мен тәуелсіздігін орнатып, бейбіт өмірін қорғай және сақтай алатын, жан- тәнімен қызмет ететін, барлық ғылымды игерген ғалымы екендігі айқын көрсетілген. Шоқан Уәлихановтың 30-жылдық қысқа, бірақ ұлағатты өмірі, яғни балалық шағы; Омск қаласында Кадет корпусын бітіріп әскери ғылым жолына түскен кезеңі ; поручик Шоқанның әскери қызметі, әскери - ғылыми экспедициялары ; туған туыстары мен жолдастары, қызметтестері жайында; Қытайға әскери іссапары; ғылыми еңбектері ; ғалым жайлы замандастарының жазған естеліктері және ғылыми бағалары; Ресей мемлекеті мен шет мемлекеттері ғалымдарының Шоқан Уәлихановқа берген атақтары мен марапаттары толық қамтылып зерттеліп көрсетілген.
Ғылыми жұмыстың деректік негізі. Жұмыста қарастырылып отырған кезеңдегі мәліметтер және қазіргі таңдағы ғылыми жұмыстар, мақалалар, монографиялар, зерттеулер, еңбектер, баспасөз жарияланымдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мына бағыттарда зертелген ғалым-ағартушы, қазақ халқының болашағын ойлаған демократ, географ, суретші, тарихшы, шығыстанушы, этнограф, әдебиетші. Осы тақырыптар маңында орасан зор еңбектер жазылды, бірақ әлі де ғылыми зерттеулер жүргізу артық етпейді.
Дипломдық жұмыстың зерттелу пәні. Шоқан Уәлихановтың ғылыми
мұрасы жан-жақты және сан қырлы болғандықтан, ғалымның өмірі мен ғылыми еңбектерін тарихшылар, филологтар, әдебиеттанушылар, географтар, экономистер, қоғамтанушылар, өлкетанушылар, биологтар, суретшілер, әскери адамдар және тағы да басқалар зерттеуде.
Зерттеу жұмысының нысаны. ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы, қазақтың ғалымы - Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін зерттеу жұмысының нысанасы ретінде қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Шоқан Уәлиханов қамшының сабындай қысқа ғұмырында артына тарих, әдебиет, археология, этнография, эстетика, ориенталистика, философия, экономика, құқық жағрафия, геодезия, әдебиет теориясы, музыка, т. б. ғылымдар саласында елеулі-елеулі біртуар ғалым. Шоқанның ұстаздары мен достары олар: көрнекті қоғам қайраткерлері мен ақын жазушылар: Н. А. Некрасов, С. Т. Аксаков, Ф. М. Достаевский, С. Ф. Дуров, Л. Н. Майков т. б. озық ойлы ғалым профессорлар: В. В. Григорьев, В. В. Вельямин-Зернов, Е, П, Ковалевский, А. Н. Пыпин, А. Н. Бекотов, П. П. Семенов-Тяншанский, Д. И. Менделеев т. б. басқа революционер - демократтар: Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добралюбовтар болатын. Шоқанның бұл сияқты жаңа қауымға араласуы оның өмірінде жаңа кезеңнен бастап, санасын арттыра түсті. Болашақ ғалымның ақыл-ойы, парасаты күннен-күнге шарықтай берді. Кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра етіп қалдырған тарихи зерттеулерінде ол халықтың тарихын, оның әдет-ғұрпы, салты мен санасы, нанымдарын терең талдап береді.
Жұмыстың барысында нақты кезеңді қарастыру жағдайында диалектикалық әдістемемен тарихи шындық негізге алынды. Қоғамдық тарихи процестердің диалектикалық даму заңдылықтарын, тарихи құбылыстарды обьективті тұрғыда қарастыру бағыты көзделді. Бұл орайда нақты талдау, салыстырмалық, көпқырлылық, жүйелік ұстанымдары кеңінен қолданылды. Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығымен қоса зерттеу жұмысында мәселеге қатысты ғалымдардың жаңа тарихи көзқарас тұрғысында жазылған еңбектері басшылыққа алынды. Әдістемелік бағыттың дұрыс анықталуы қол жеткен ғылыми нәтижелердің дұрыс қортындылануына өз ықпалын тигізді [3, 273 б] .
Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1835 жылдан 1865 жылдар аралығын қамтиды. Шоқан Уәлиханов (дұрыс есімі -Мұхаммед-Қанапия, ал Шоқан анасының еркелетіп койған аты ) 1835 жылы ноябрь айында туған.
- 1847 жыл - Шоқан Уәлихановтың Кадет корпусына оқуға түскен жылы .
- 1847-1853 жылдары -Кадет корпусындағы оқу жылдары .
- 1853 жыл желтоқсан айы - Шоқан Уәлиханов Сібір қазақ әскерінің 6-шы кавалерлік полк афицері.
- 1854 жыл қазан айы -Шоқан Уәлиханов Батыс сібір және Қазақстанның солтүстік - шығыс аудандарының генерал -губернаторы Г. Х. Гасфорттың адьютанты және өлкенің бас басқармасы бойынша ерекше тапсырмаларды орындайтын офицерлік лауазымдағы офицер.
- 1856 жыл 25 наурыз - Корнет Уәлихановтың кезекті - поручик шенін алуы;
- 1856 жыл -Офицер М. М. Хоментовский басшылық еткен ғылыми -әскери экспедицияға қатысуы.
- 1856 жыл -Қытайдың Құлжа қаласына ресми іссапары.
- 1856-1857 жылдар - Ыстықкөлге және Орталық Тянь-Шаньға әскери іссапары.
- 1858-1859 жылдар атақты Қашқарияға әскери іссапары .
- 1860 жыл 7-сәуір -Штабс -ротмистр шенін алуы және 4-ші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапатталуы.
- 1865 жылдың сәуір айында ғалымның қайтыс болуы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы алдына қойған
мақсат, міндеттері негізінде белгілі бір логикалық жүйеде құрылған. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан тұрады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
- Ш. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫШоқан Уәлихановтың туып - өскен ортасы және оның кадет корпусында оқыған кезі
Қазақ елінің Россияға қосылу процесі XVIII ғасырдың отызыншы жылдарында басталып, жүз жылдан астам уақытқа созылды. Ф. Энгельс; XIX ғасырдың отызыншы жылдарына дейін« Россия үш орданы, яғни қырғыз тайпаларын тек билеп отыр деген атағына ие болып келді », -деп жазды. Патша өкіметінің реакцияшыл отаршылдық саясатына қарамастан Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуының үлкен прогрестімәні бар еді. Алдыңғы қатарлы орыс мәдениетімолғылымы қазақтың демократиялық мәдениетінің дамуына игі ықпалын тигізді. Орыстың прогресшіл ақыл-ойының Қазақстанда өріс алуы қазақтыңхалық бұқараларының сана- сезіміне терең өзгерістер енгізіп, оларды орыс мәдениетіне ынталандырып, білім алуға құлшындырды. Хан билігі жойылып, жаңа әкімшілік тәртіп орнатылғаннан кейін бұл құштарлық арта түсті.
1822 жылы Қазақстанның солтүстік - шығыс аудандарында тұнғыш рет «Сібір қазақтары жөнінде Устав » енгізілді. Бұл заңның авторы М. М. Сперанский Уставты дайындай отырып, қазақтардың тұрмыс жағдайларына лайықтап өз алдына бөлек ережелер жасап шығарды.
Уставты қабылдағаннан кейін Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы құрылып, қазіргі Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстары мен Қостанай обылысының кейбір өңірлеріндегі қазақтар осы басқармаға бағындырылды. Омбы қаласы осынау ұлан-байтақ өлкенің әкімшілік орталығы болып белгіленді. Шекаралық басқарманың ұйымдастырылуымен бірге қазақ сахарасында бірте-бірте округтік приказдар, яғни жергілікті әкімшілік орталықтары құрыла бастады, аға сұлтандар - қазақтың феодалдық бай- шонжарларының өкілдері басқарды. Бұл округтік приказдардың көпшілігі (Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы, Аягөз және басқалары) кейіннен мәдени және сауда орталықтарына айналды [4] .
1854 жылы солтүстік-шығыс қазақтарының жергілікті өзін өзі басқару орындары жойылып, сахаралық округтер орасан зор екі облысқа бөлінді: бірі -Сібір қазақтарының облысы ретінде құрылып, оның орталығы Омбы қаласы болды да, Семей облысы деп аталған екшші облыстың орталығы - Семей қаласы болып белгіленді.
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты. Шоқан Уәлиханов сияқты жан-жақты және терең білімді, алдыңғы қатарлы адамның тарихи майданға шығуы тек осы екі халықтың арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нәтижесінде ғана мүмкін еді.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ата-бабалары ескі сұлталдар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, Орта жүздің ханы Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс жасап отырған (Сурет 1) .
Уәлихановтардың семьясында сақталған аңызәңгімелерге сүйене отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазып алған өзінің жазбасындаГ. Н. Потанинбылай дейді: «Уәлиханның екі қыстауы болған: бірі-Көкшетаудың шығыс жағындағы Хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте.
Хан билігі жойылып, «Сібір қазақтары жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Уәлиханның бұрынғы мұрагерлік жерлері (ата ме-кендері) балаларына бөлініп берілді. Оның негізгі қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Гұбайдолланың және соның ұрпақтарына көшті де, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.
Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиев 1811жылы Қызылағашта туған. Уәли қайтыс болғапда шыңғыс жеті жаста екен. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783- 1853 жылдарда өмір сүрген) өзі бас болады (Сурет 2) .
Ол Шыңғыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербугтегі Сібір комитетімен хат жазысып байланысып отырған. Айғаным қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық қарым- қатынастарды нығайту мақсатын көздейді. Айғаным Сырымбеттегі ата мекенінде қайтыс болған. Шоқан Уәлихановтың, архивіндегі өз қолымен жазған естелігінде былай делінген: «1853 жылы 19 ноябрьде, бейсенбі күні, екінді намазы кезінде қырғыз-қайсақ Орта жүзінің ханы марқұм Уәлидің жесірі, Сарғалдақ қызы Айғаным, 70 жасында дүние салды. Тоғыз ұл тапқан, оның екеуі бала кездерінде және екеуі жиырма жасында қайтыс болған. Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең түсінген. 1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты - Шоқанның әкесін Сібірдің линиялық қазақтарының әскери училишесіне оқуға түсіреді.
Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында жуырда ғана құрылған Аманқарағай округіне аға сұлтан болып тағайындалады да, оған майор шені, бертін келе полковник шені де беріледі. Әскери училещені бітірген жылы Шыңғыс Аманқарағайға көшіп келгеннен кейін жастайынан атастырып қойған өзінің қалындығы Зейнеп Шорман қызына үйленеді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, содан былай ол Құсмұрын округі деп аталды. Бұл кезде Құсмұрын бекінісінің құрылысы, оидағы тұрғын үйлер мен түрлі шаруашылық және әскери гарнизонға арналған жатақ үй құрылыстары да аяқталған еді. Уәлихановтың семьясы осы бекініске келіп қоныстанады.
Шыңғыс Құсмұрында жиырма жыл тұрды. Оның жеті ұлы мен бес қызының ішінде тек қана Сақыпкерей (Қозыке) мен Апия және ең кіші ұлы Нұрмұхаммед (Көкіш) Сырымбетте туған, ал енді үлкен балаларының бәрі де Аманқарағай мен Құсмұрында туған.
Шыңғыс Сырымбетте қысты күндері ғана тұрып, жазды ылғи жайлауда өткізген. Кейде Шоқанмен Г. Н. Потанин де жазғы демалысқа келген кездерінде Шыңғыспен бірге көшіп жүрген. XIX ғасырдың50-60 жылдарында Шыңғыстың жазғы жайлаулары Сырымбеттен алыс, Есіл өзенінің жоғарғы жағында, қазіргі Атбасар атырабында болган. Г. Н. Потаниннің суреттемесіне қарағанда Шыңғыстың белгілі жайлауларыҚұлайғыр, Тоқты, Қалмақкөл және "Салқынкөл" маңы. Бертін келе жайлауөрісі тарыла түседі де, Шыңғыс жаз мезгілін Сырымбетке жақындау жерлерде, Қазан ауданындағы Саумакөл (Айыртау ), Күйгенкөл, Ақжар жайлауларында өткізеді. XIX ғасырдың аяғында Уәлихановтардың семьясы жайлауға көшуді тоқтатып, Сырымбет өңірінен әрі шықпайтын болған. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлер өте көп. ӘсіресеСырымбет тауының басындағы биік жартас ел аузында көп айтылады. Шоқан сол төңіректегі тау көріністері мен ормандардың, өзінің туған ауылының суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен . Сырымбетте болған кездерінде ол туған жерінің табиғат сәулетін : тау төскейлерін қаптай өскен қарағайлы ормандар мен шоқ-шоқ қайың ағаштарын, айнадай жарқыраған ғажайып сұлу көл айдындарын қызықтайды . Уәлихановтардың айтуынша Шоқан өзінің ата мекенін көгалдандыру, ағаштың жаңа түрлерін өсірумен көп айналысқан [5] .
Шоқанның ұстазы Н. Ф. Костылецкий профессор И. Н. Березинге жолдаған бір хатында (1852 жылы) : «Сізді Орта жүздің соңғы ханы Уәлидің баласы, Құсмұрын приказының аға сұлтаны Шыңғыстың ел аузынан жазып алып, менің, бүгінде қайтыс болған жақын таныстарымның біріне табыс еткен «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» атты халық, дастанының мазнұнымен таныстырғым келеді»-деп жазған. Шоқанның әкесі және ғылым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы ретінде Шыңғыс Москва мен Петербургке, әсіресе географиялық және, антропологиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған баласы жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды. Шоқанның тағы бір інісі Мақы (Мақажан Уәлиханов (1844-1923 жылдары) суретші болды. Ол Петербургтегі керең-мылқаулар мектебінде оқып, білім алғаннан кейін түрлі ғылыми мекемелер мен кітап-ханаларда суретші больш қызмет істейді. Болашақ ғалым және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туып-өскеп ортасы, міне осындай еді.
Шоқан Уәлиханов (дұрыс есімі -Мұхаммед-Қанапия, ал Шоқан -анасының еркелетіп койған аты) 1835 жылы ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде туған . Бұл деректің растығынСССР Сыртқы істер министрлігінің, архивындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді. Нақосыдерекбасқа ресми документтерде де кездеседі Мысалы, Шоқан Уәлнхановты Орыстың географиялыц қоғамының толық мүшесі етіп сайларда толтырылган анкеталық мәліметтерде 1835 жылы туған деп көрсетілген. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені -Сырымбетте өткізген. Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналган ғажайып сұлу өңір.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz