Қазақ тілінің лексикологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Лексикология - сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Лексикология тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым болып табылады.

Лексикологияның зерттейтін обьектісі-сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз. Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына, ұғымдарына, атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатына жасау, пікір алысу үшін қолданады.

Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.

Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.

Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан қарастыра отырып, әр халықтың өткен тарихымен де байланыстырады. Нақтылып айтқанда, тіл құбылыстарын диахронды және синхронды тұрғыдан зерттейді. Лексикология тіл білімінің фонетика, грамматика, сияқты салаларымен тығыз байланысты.

Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады.

Курстық жұмыс тақырыбы - Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.

Жұмыстың мақсаты - Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын және көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метафора, кейіптеу, метонимия, синекдоханың шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері :

Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:

1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;

2) Шығармадан синоним, антонимдерді, омоним сөздердің стильдік ерекшеліктерін табу;

3) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха, метафора, метонимия тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыстың нысаны - Сәкен Жүнісов «Жапандағы жалғыз үй» романы

Зерттеу жұмыстың жаңалығы:

  • Шығармада теңеу, фразеологизм, мақал -мәтелдердің көп қолданылуы.

Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

  1. Синоним, антоним, омоним сөздерінің стильдік қызметі

Антонимдер - мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер. Тілдегі антонимдерді қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолданылады.

Ғалым К. Аханов «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді»-деген [1. 140-бет]

Зерттеуші - ғалым Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге мынадай анықтама береді: «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық, кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады» - деген.

«Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысты нақ бірдей емес, ала-құла»-деген [2. 21-бет]

Лексиколог ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: «Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы ұғымды білдіретін сөздер тобы» Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне-көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан аз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.

1. Зат есімге тән антонимдер.

2. сын есімдерге тән антонимдер

а) түбір күйінде кездесетіндер;

ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер;

б) -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер.

3. Етістікке тән антонимдер.

4. Үстеуге қатысты антонимдер.

5. Есімдікке қатысты антонимдер. [3. 76-бет] .

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында кең қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады». [4. 7-бет]

Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі, қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».

Қарама-қайшылық ұғымы болмаса өмірді сезіну де, түйсіну де, қабылдау да соншалықты түсінікті болмас еді. Себебі:

Біріншіден, зат есім антонимдер сөйлемде қайталанып келіп, адамның жан-дүниесін өмірдегі күйзелісін, сезіміндегі толғанысын береді.

Екіншіден, қарама-қарсы ұғымдағы сын есім антонимдер де жарыстыра қолданылып, адам өміріндегі құбылыстарды салыстыра, шендестіре отырып, оқырманына ой салады.

Үшіншіден, мақал-мәтелдегі антонимдердің стильдік бояуы анық, экспрессивті-эмоционалдық әсері күшті, ой мазмұнын тереңдетіп, өмір құбылыстарынан, ой оралымдарынан хабар беретін мағыналы сөздер.

Ғалым Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан Қазіргі қазақ тілі” оқулығында: Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын - сапасын, артық - кем қасиетін, мөлшер - көлемін салыстырып, бір - біріне қарама - қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң - мырза, қапа - ырза, қайғы - шат, тұнық - ылат, тірі - өлі, паң - мүлайым, жұмсақ - қатты, т. б. »

Тілдегі антонимдер қарама - қарсы құбылыстарды біріне - бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте - мөте мақал - мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог - ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев былай көрсеткен:

1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама - қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден.

4. Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір - біріне қарама - қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік - тіл қысқа , қарға адым жер - ит өлген жер

Антонимдердің ерекшеліктері:

1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама - қарсы бағасының атауы болып табылады.

2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық - жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.

3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай - ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.

4. Антонимдер - семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама - қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер - лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала.

5. Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді.

6. Бір - біріне қарсы мағыналас жұрнақтары ( - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті, - сыз, - сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама - қарсылығы антонимдік қарама - қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені - лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. - сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады.

Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің «1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) » атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ. Мүсірепов: « Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе - әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында» деп айтқан болатын.

Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.

Жан - жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат - мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз”. Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану - барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше. Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды” [5. 26 - 27 бет] .

Тіл білімінің қай кезеңінде, қай дәуірінде болмасын қарама-қарсы мағыналы сөздердің (антонимдер) табиғаты ғалымдардың қызығушылығын тудырып отырған. Өйткені жалпы қарама-қарсылық ұғымы өте күрделі, түрлі көзқарастарды басшылыққа алып жүрген тілдік құбылыстардың бірінен

саналады. Қарама-қарсылық мәндегі қатынастар семантикалық парадигманың бір көрінісі болып табылады, сондықтан да олардың көріну, жасалу ерекшеліктері ғалымдардың назарын әрқашан өзіне аударып отырған.

Сонымен бірге қарама-қарсылықтың күрделі табиғаты бұл мәселенің қаншалықты зерттеу нысаны болғандығын баяндауды қажет етеді. Сондықтан біз осы уақытқа дейін жазылған ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, қарама-қарсы мәндегі сөздердің, яғни антоним сөздердің зерттелуіндегі бағыттарға, соның ішінде антоним сөздердің дәстүрлі, құрылымдық бағытта зерттелуінің жай-күйіне соға кеткенді жөн көреміз.

XVІІІ-ХІХ ғасырда қарама-қарсы мағыналы сөздер әр алуан атаулармен берілген: “қарсы заттар» (М. В. Ломоносов) ; «қарсы мәнді, қарама-қарсы, қарсы атауыш сөздер» (И. И. Срезневский) ; «қарама-қайшылық, қарама-қарсы сөздер» (И. И. Давыдова) . Қарама-қарсылық мәндегі ұғымдар тіл білімінде антонимдік бірліктер ыңғайында зерттеліп келді, сонымен бірге оларды жалпытеориялық деңгейде зерттеген еңбектер де бар. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді психолингвистикалық аспектіде ғалым Э. И. Родичева зерттеген. Ғалым афазия ауруына шалдыққан бірнеше ұлт өкілдерінің арасында тәжірибе жасаған. Осы тәжірибенің нәтижесі - антонимдік қарама-қарсы дамулары тежелгендердің логикалық-түсініктік компонентіне енетіні. Мысалы, «төменгі» деген сөзге барлығы дереу «жоғары» деп, «бейбітшілік» деген сөзге - «соғыс» деген жауап алыныпты. Осы тәрізді қорытындыға В. И. Маслова да келген. Ғалым былай деп көрсетеді:« . . . как свидетельствуют экспериментальные данные, основные протвопоставления могут быть описаны в логико-понятийных терминах». Э. И. Родичева әртүрлі жүйелі тілдер материалы негізінде (орыс, араб, эстон т. б. ) қарама-қарсылық қатынастардың туу және даму үдерісін зерттей келе, антонимия пресуппозициясы оны құрайтындардың бір-біріне қосылу нәтижесі болып табылады деген қорытындыға келген: 1) айтушы не сөйлеушінің персоналдық пресуппозициясы; 2) әмбебаптықлогикалық пресуппозиция. Заттардың қасиеттері немесе объективті құбылыстардың мәнін көрсететін логикалық арам-қарсылық жүйелі лексикалық антонидер арқылы тілдік тұрғыдан көрініс табады.

Әртүрлі халықтардың тілдеріндегі семантикалық құбылыстарды сараптаған кезде келесі бір элемент - ғаламның ұлттық суретінің ерекшелігі - әлемді ұлттық тұрғыдан тану пресуппозициясы қосылады. Бұл пресуппозиция тек сол тілге ғана тән антонимдік оппозицияларда көрінеді.

Қарама-қарсы мағыналы сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі жөнінде де біраз мәселені айтуға болады. Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мәндегі сөздер - антонимия мәселесі едәуір зерттелді. Осы орайда ол туралы алғаш ғылыми пікір айтып, антонимдер сөздігін жариялаған ғалым - Ж. М. Мусин. Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан-жақты қарастырады.

Зерттеудің нысаны ретінде алынған қарама-қарсы мағынадағы сөздердің болымсыздық категориясымен қатысына логикалық тұрғыдан теориялық тұжырымдар беріледі. Антонимдік фразалық тіркестерді, стильдік антонимдерді, антонимдік контекстерді тұлғалық және мағыналық жағынан топтастырып, бірнеше топқа бөліп қарастырады.

Қарама-қарсылық мәселесі С. Төлекованың «Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәндегі фразеологизмдер» атты зерттеу жұмысында да қарастырылып өтеді. Автор зерттеу нысаны болған алғыс және қарғыс мәндегі фразеологизмдерді үш түрге бөліп қарастырады:

1) Фразеологизмдердің толық мағыналарының қарама-қарсы қойылуы. Мысалы: «жас жанына жамандық бермесін - көгермей, көктей солғыр», «жаның мұрнының ұшына келгір - айдан іздегенің алдыңнан табылғыр», «қуанышың қойныңа сыймасын - қасіретіңе жолыққыр» т. б. ;

2) Қарама-қарсы мағынадағы фразеологизмдерде мағыналық жағынан фразеологизмнің негізі болатын бір сөз қайталанып келіп жасалуы. Мысалы:

«жаның көзіне көрінгір - жаның жадырағыр», «жолың болмағыр - жолың ашық болғыр», «жолыңа жуа біткір - жолың даңғыл болғыр»;

3) Фразалық бірліктерден бөлек алынған кезде бір не екі сөзі жеке тұрып антоним бола алатын фразеологизмдер. Мысалы: «Ұзақ ғұмыр берсін - өлім келгір», «көзінің оты жансын - көзіңнің оты өшсін».

Ғалым фразеологизмдер ішінде кездесетін антонимдерді қарастырады да, олардың экспрессивтік-эмоционалдық қызметін айқындайды. «Өшкенің жанып, өлгенің тірілсін» дегендегі антонимдер алғыс мәнін күшейте түседі де, «досың қас, дұшпаның жау болсын» деген тіркестегі «дос - қас», «дос

- дұшпан», «жау - дос» қарғыс мәнінде сондай әсер ететіндігін дәлелдейді.

Қазақ тіліндегі антонимдер мәселесі жоғарыда келтірген А. Е. Жүсіповтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» атты зерттеу жұмысында едәуір жақсы ашылған. Аталған жұмыста атнонимдердің объективті негізін анықтау, түбірлі антонимдердің, энантиосемияның табиғатын ашу, қарама-қарсылықтың синонимия, полисемия, омонимиямен байланысын және антоним сөздердің стилистикалық қызметі сөз болады.

Антонимдер мәселесі қазақ және орыс тілдерінің материалдарында салыстырыла зерттеліп жүр. А. Жұмабекова өзінің еңбегінде антонимия құбылысын салыстырмалы-типологиялық аспектідегі теориялық қағидаларын алғаш рет кеңінен қарастырып, жан-жақты тұжырымдайды. Антонимия тілдік құбылыс ретінде қарастырылып, логика, психология, философия қағидаларымен салыстырылып, кешенді түрде зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында тілдік және логикалық қарама-қарсы байланыс анықталып, узуалды антонимдік оппозиция және контекстуалды антонимдік оппозиция ұғымдарының айырым белгілері көрсетілген. Қарама-қарсы мағынадағы сөздер градуалды, привативті және эквиполентті деп шартты түрде үшке бөлініп қарастырылған. Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіл біліміндегі антонимдерге деген көзқарастың дамуында бұл еңбектің тигізер септігі мол.

Ж. Қонақбаеваның ғылыми жұмысында антонимдік фразалық тіркестер ағылшын, орыс және қазақ тілі материалдарында салыстырыла отырып, осы бірлік-тұлғалардың тіларалық идиомалық қатысын ашып, анықтауға бағытталған. Автор қазақ, орыс тілдеріндегі антонимдік қарама-қарсылық ағылшын-қазақ, ағылшын-орыс эквиваленттеріне сайма-сай келетінін айтады. Айырмашылық, негізінен, коннотативтік қатынастар кезінде байқалады, олардың әрқайсысының өзіндік семантикалық құрылымы бар дегенге жүгінеді.

Қазақ тілінің семантикасы мәселесін қарастырған М. Оразов: «Сөздерді антонимдік қатысына қарай тек белгілі семантикалық топтардың аясында бөліп, сол топтармен байланыстыра қараған жөн. Л. Новиков көрсеткен үш түрлі парадигмалық байланыс осы топ элементтерінің түрлері бір өлшемге

негізделмегендіктен көпшілік лексикологтар оны қабылдамай жүр», - дегенді айтады. М. Оразов антонимдерді мағынасына қарай топтаған кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлу керектігін айтады:

1. Сөздер антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданылған кезде тура (номинативтік) мағынада қолданылып тұр ма деген сұрақтардың басын ашып алу керек. Сондай-ақ көп мағыналы сөздердің бір мағынасы (барлығы емес) басқа сөздердің мағынасымен (не көп мағыналы басқа сөздердің бір мағынасымен) атнонимдік қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке алу керек.

2. Антоним болатын сөздердің тұлғалық құрамына да көңіл аудару керек. Яғни туынды түбір сөздерді антонимдік қатарға жатқызу, я жатқызбау мәселесін анықтау. Бұндай анықтаудың негізі ұғым мен сөз мағынасында, қарама-қарсы қоюдың сипатында жатыр. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып саналмайды, гнесиологиялық та, психологиялық та категория.

3. Қарама-қарсылық категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады.

4. Қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын құбылыс, ол табиғатта да, қоғамда да болатын, объективтік сипаты бар құбылыс.

5. Қарама-қарсылық өсіп, сандық қарама-қарсылықтан сапалық қарама-қарсылыққа өтуі мүмкін. Тіл элементтері арасындағы қарама-қарсылық сәл басқашалау сипатқа ие, ол ұғыммен, ойлаумен байланысып жатады.

Жалпы түркі тілдерінде де антонимдер жөнінде жинақталған ғылыми тұжырымдар мен түйіндер баршылық. Зерттеулерге сүйене отырып, баяндасақ, олар мынадай сипатта болып келеді. А. Меметов қырым-татар тіліндегі антонимдерді қарастырып, олардың осы тілдегі пайда болуына, морфологиялық құрылымына сараптама жасайды. Сол сияқты басқа да түркі тілдерінде, ұйғыр тілінде - Ә. Қайдаров, Г. Садуақасова, Т. Тәліпов; башқұрт тілінде - Ж. Киікбаев; татар тілінде - Б. Байжанов; қырғыз тілінде - Б. Ш. Усубалиев т. б. антонимдер мәселесі сөз болып қарастырылған.

Дүниені танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі қасиеттерін салыстыру, қарама-қарсы қоюдың қызметі мол. Антоним болатын сөздер бірін екіншісі мүлде жоққа (мағына жағынан) шығармауы керек немесе антонимдік қатынас бірі болымды, екінші сыңарының болымсыз мағынада болуымен аяқталады деуге болмайды. Мысалы, жас - қарт жұбы антоним екендігінде дау жоқ. Егер қарама-қарсы қою олардың мағына компонентіне енген болса, онда олар барлық мағыналарында да өзара антоним болушы еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Сөз және мағына
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Есімдік сөз табы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Тарихи лексикография
Бейімбет Майлин шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері Көп мағыналылық Омонимдер Синонимдер Антонимдер туралы ақпарат
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz