Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

  1. Шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық ресурстар туралы

жалпы мәліметтер

  1. Библиографиялық ресурстар- кітапханалық жүйенің негізгі

әлеуеті . . . 10

1. 2 Шығыс әдебиеті басылымдарының жалпы сипаттамасы . . . 14

1. 3Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру . . . 17

  1. Шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық ресурстарАнықтамалық - библиографиялық аппарат . . . 26ҚР ҰК «шығыс әдебиеті» тақырыптамасы бойынша

библиографиялық ресурстар . . . 28

  1. Шығыс әдебиеті әлем халықтарының руханияттылық негізі

ретінде . . . 32

  1. Шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық ресурстарды қалыпастыру ерекшеліктері

3. 1 Библиографиялық ресурстарды қалыпастыруда анықтамалық - ақпараттық қызметтің жұмысы . . . 42

3. 2 Ақпараттық - библиографиялық бөлім жұмысының бағыттары . . . 46

3. 3 Шығыс әдебиетін топтастыруда библиографияны және әдістемені ұйымдастыру . . . 52

Қорытынды . . . 58

Пайдланған әдебиеттер тізімі . . . 60

Қосымша

Кіріспе

Қазақстан әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінің түйіскен шегінде тұр. Көпұлтты, көпконфессиялы, Орталық Азияда орталық геосаяси орынға және зияткерлік, ғылыми әлеуетке ие ел болып табылатын Қазақстан ХХІ ғасырда әлеумедік кітапхана қауымдастығында өзінің лайықты орнын табу мүмкіндігіне ие.

Елдегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер кітапханалардың да алдына түбегейлі жаңа міндеттер қойып отыр. Қазіргі уақытта елімізде жаңа ақпараттық инфрақұрылымдар қалыптасуда, кітапханалар солардың қатарынан үйлесімді орнын тауып, солардың маңызды бір бөлігіне айналуы керек.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. К ітапхана институтының адамзат қоғаымының даму тарихында мәдени мәнді және әлеуметтік тиімділікті талқылауға және оны дәлелдеуге негіз болатын екі негізгі нүктенің қиылысы жатыр.

Біріншіден, бұл кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық корди-наттарының қиылысындағы өзіндік тұрмыстық еркіндікпен таңдалған дамуы негізінде ұлттық рухтың метафизикасы және адами тәжірибесі жатыр. Осының барлығы кітапхана қорында барлық ұрпақтарға синтезделген және жеңіл оқылатын түрінде шоғырланған.

Екіншіден, заманғы технологиялық үрдістерге қадам басқан адамдар алдында адамзатпен үздіксіз бірге жүретін ғаламдық және өркениеттік қақтығыстардың барлығы да адамзаттың жылдар бойы жинақтаған біліми тәжірибесі мен ақыл-ойының жиынтығы ретінде әлемдік кітап қоры жиынтығында көрсетілгендей, оны қабылдауға, әлеуметтік психологиялық жағынан көбейтуге және осы байлықты қазіргі қоғам игілігіне пайдалануға үйренбеуі қазіргі салыстырмалы капитуляцияның әсері.

Бәрінен бұрын осы жағдайлардан келіп, қазіргі социумның мәдени және демократиялық құндылығы жүйесін таратудағы әмбебап ғылыми кітапханалардың ең маңызды әлеуметтік институт ретіндегі ролі туындайды.

Қанша дегенмен «ұлттық есеп» бізді алдын-ала қорытындыланған келесі ғылыми-әдістемелік базаны бұрмауға міндеттейді. Біз қордың интеллектік ауқымдылығын кітапханалық өлшемнің бірінші сипаты ретінде болашақта айқындалатын мобилизациялық, руханилық, креативтілік потенциал ретінде қабылдауға тиіспіз.

Біз Орталық Азия аймағындағы кітапханалық кеңістіктіктің сенімді курсына дер кезінде қол жеткіздік. Осы идеологияны кітапханалық кеңістіктікте терең және кеңінен дамыта отырып, біз өзіміздің жеке ұлттық мәдениетімізді дамытуға және оны әлемдік мәдениетке толлеранттықпен тоғысу мүмкіндіктерінің берік тірегі ретінде қол жеткіземіз.

Тұтастай алғанда, қазақстандық қоғамдағы кітапханалық өлшем Республиканың эпицентрінде орналасқан жаңа дәуір құндылығын қалыптасы рудағы геомәдени экстерриториялығына бағытталған. Екінші фактор, қазақс тандық қоғамдағы кітапханалық өлшемді белсендіретін қазақстандық соци умның толлеранттық ортада өмір сүруші тұрғындардың көпмәдениеттілігін қалыптастыруды негіздейді. Өйткені қазіргі уақытта Қазақстан әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті 30 ел қатарына кіру мақсаты қойылған кезде Қазақстанның әрбір азаматының білімді, жан - жақты әрі ой - өрісі кеңінен дамыған азамат болуы маңызды. Ал бәрімізге белгілі, кез келген білімнің көзі - кітапта, кітаптың көптеген түрлері жинақ талған кітапханаларда. Сондықтан да қазіргі кезде еліміз кітапханалық істі жаңа белеске көтеру жөніндегі ауқымды іс - шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 2006 жылғы наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Желілік кестеге сәйкес Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы кітапханаларын жаңартудың» 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленген. Бағдарламаның мақсаты - еліміздің кітапханалар жүйесін жандандырып, кітапхана қорлары мен кітапханашылар қызметінің сапасын жаңа деңгейге арттыру.

Кез келген кітапхананың сәтті әрі халық игілігіне қызмет етуінің бірден бір алғышарты - кітапханадағы қорлардың біріздендірілуі, рет - ретімен топтастырылып, оқырмандар үшін барынша ыңғайлы болуы. Ал аталған міндеттерді жүзеге асыруда библиографиялық істің маңызы зор. Қазіргі кезде кітапханада түрлі сала бойынша мыңдаған кітаптар жинақталған. Тиімді ұйымдастырылған библиографиялық қызмет жоқ болған жағдайда сол кітаптардың оқырмандардың назарына ұсынылмай қалуы әбден мүмкін.

Сол себепті кітапханада библиографиялық ресурстарды ретке келтірілуі маңызды іс болып табылады. Жоғарыда айтылғанға орай зерттеу жұмысының өзектілігін атауға болады.

Осы зерттеу жұмысымда мен мысал ретінде әдебиеттің бір түрі - шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық құралдар.

Зерттеу жұмысының мақсаты: шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық құралдар жүйесін қарастыру, олардың топтастырылу қағидаттарымен танысу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- библиографиялық қорлар ұғымына жалпы түсініктеме беру;

- библиографиялық қорлардың кітапхана ісін ұйымдастырудағы орны мен ролін анықтау;

- библиографиялық қорларды қалыптастыру барысында басшылыққа алынатын негізгі қағидаларды белгілеу;

- библиографиялық қорлардың, атап айтқанда шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық қорлардың кітапхананың қызметін тиімді етудегі мәнін анықтау.

Кітапхана жүйесінің қорлары негізінен тұрақты сұранысқа ие ғылыми монографиялардан, қоғамдық ғылымдар бойынша туындылардан, ғылыми - техникалық әдебиеттен, жаратылыстану бойынша жұмыстардан, оқушылар мен студенттерге «оқуға міндетті» әдебиеттен, жыл сайын толықтырылып тұратын мерзімді басылымдардан, аудиовизуалды материалдардан (аудио - және бейнетаспалардан, компакт - дискілерден, CD-ROМ және т. б. ) жасақталған.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографиялық жұмыстарына мыналар кіреді:

- анықтама - библиографиялық аппаратты жетілдіру;

- анықтама - библиографиялық және ақпараттық - библиографиялық қызмет;

- оқырмандардың оқу барысында басшылық ету жұмыстарына ұсыныстық құралдарды қолдану;

- кітапханалық - библиографиялық білімдерді насихаттау.

Зерттеу объектісі: Ал енді Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығыс әдебиеті бойынша библиографиялық қорларда бар қызықты туындыларға қысқаша сипаттама беруді жөн санап отырмын.

Зерттеу жұмысының нысаны : Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының библиографиялық қорларында Әбсаттар Дербісәлидің 1982 жылы шығарылған «Шыңырау бұлақтар» кітабы бар. Кітапта қазақ топырағының тамаша перзенттері Әбу Насыр әл-Фараби, Иусуф Баласағуни, Махмуд әл-Қашғари, Сұлтан аз-Захир Бейбарыс (Жолбарыс батыр), және Қожа Ахмед Иасауи мавзолейінің тарихы мен оңдағы құпия жазулар туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, библиографиялық қорда «Рустем - дастан» деп аталатын, «қазақстың мемлекеттік көркем әдебиет» баспасынан 1961 жылы басып шығарылған еңбегі бар. Бұл кітапта ұсынылған «Рүстем-дастан» жыры арғы-бергі ауызша да, жазбаша да хикаялардың бәрінен құралып, қазақ халқы арасында ертегіше тарап кеткен батыр жорықтарының жиынтық жыры. Сондай - ақ, «Тотының тоқсан тарауы» деп аталатын шығыс әдебиетінің жарқын туындысы да кітапхананың библиографиялық қорынан орын тапқан. Бұл кітап Шығыс табиғатынан туған ұшқыр ой, тапқыр тілмен өрілген адамдық ізгі қасиеттерді көксейтін әрі көпшілік оқырманын өзіне баурап алатын аңыз-ертегілер сыйлайды. Ал Тұяқбаев Ғабиттің «Қаңлы Жүсіп» деп аталатын, «Көкжиек» баспасынан басып шығарылған еңбегі ғасырдың басында өмір сүрген Сыр сүлейлерінің бірі Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының өмірі мен шығармашы лығына арналған. Сондай - ақ, кітапхананың библиографиялық қорында Хафиз, Шамсуддин Мұхаммед Ширазидің «Ғазалдар» деп аталатын да туынды бар. осы кітапта Шығыс поэзиясындағы жеті жұлдыздың бірі, тамаша лирик, ойшыл, биік адамгершілік, пәк махаббат, еркіндік жаршысы - Хафиз ғазалдары қазақ тілінде тұңғыш рет жеке кітап болып ұсынылып отыр. «Раритет» баспасынан басып шығарылған «Шәкәрімтану мәселелері» деп аталатын кітабына Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген. Ал «Шығыс жұлдыздары» деп аталатын кітапта классикалық фарсы поэзиясының алыптары - ортағасырлардағы өмір сүрген ұлы ақындардың таңдамалы шығармалары енгізілген.

Негізінен библиографиялық қорлар дегеніміз - кез келген кітапхананың өз функцияларын толыққанды жүзеге асыра алу үшін қажетті болып табылатын ақпараттық, материалды - техникалық және кадрлық әлеуеті. Қорларды кітапхананың қызметкерлері жасақтайды. Қорларда әдетте көне туындылар мен жаңадан басып шығарылған әдебиет көрініс тапқан.

Библиографиялық қызметтің онан әрі жетілдірілуінің ең маңызды шарттарының бірі - оның техникалық қайта жабдықталынуы. Кітапханалық қызмет неғұрлым қарқындатылуы үшін ол техникалық қайта жабдықталынып, библиографиялық тәжірибеге жаңа ақпараттық техниканы кеңінен енгізіп, негізгі библиографиялық құралдар автоматтандылыруы тиіс.

Зерттеудің негізгі көздері. Дипломдық жұмысқа анықтамалық-ақпараттық жұмыс және ғылыми-библиографиялық қызмет көрсету мәселелеріне арналған әдістемелік әдебиеттер, монографиялар, «Библиография» журналынан алынған мақалалар, анықтамалық әдебиеттер пайдаланылды. Жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік авторлардың жарияланымдары ең маңызды орын алды.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы. Зерттеу барысында ҚР ҰК-сы бүгінгі таңда еліміздегі ең бір автоматтандырылған кітапхана екендігіне көз жеткізілді. Кітапханада технологиялық процестерді автоматтандырудан тыс мына төмендегі технологиялар құрастырылған және пайдаланылуда: CD-ROM-дық өнімдер және жеке CD-ROM-дар шығару, сирек кітаптарды сандық жүйеге көшіру, штрихкодтау базасында автоматты түрде идентификациялау жұмыстары.

Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кітапханалық істы ұйымдастыруда, кітапханалық ғылымда бұрын соңды «шығыс әдебеиеті бойынша библиографиялық ресурстар» деген тақырыпқа зертеулер жүргізілмеген, жұмыстың ғылыми жаңалығы да осы жайтқа байланысты.

Бүгін таңдағы әлемдік ақпараттардың кең ауқымды ағынында, оның әртүрлі көздер арқылы таратылуы және қол жетімсіздігі барысында отандық және шетелдік ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен басқару мәселесін барынша жетілдіретін кезең келді. Мұндай ақпараттық қамтамасызету оқырмандардың нақтыланған категорияларына ғана емес, барлық саладағы ғылыми басшылық қызметкер леріне және республиканың білім беру жүйесіне кеңінен қол жетімді болуы тиіс.

Ол пайдаланушы үшін барынша толық және жедел ақпаратты жиі және тұрақты алуына сенімді, ыңғайлы түрін қамтамасыз етуі, сол сияқты ақпаратты іздестіру және талдау мерзімін қысқартуы қажет. ҚР ҰК үшін - бұл әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мүмкіндігі. Экономикалық реформалар жағдайында республикада шектелген материалдық және қаржылық ресурстармен ғылымды ақпараттармен қамтмасыз ету тиімділігі ең өзекті мәселенің бірі болып табылады, өйткені барлық тұтқаларда дұрыс қалыптастырылған, нақты және икемді ұйымдастыру және басқару жүйесі арқылы жұмыс сапасының қорытындысына қол жеткізіледі

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмысты орындау барысында көпшілік мақұлдаған ғылыми синтездеудің эвристикалық, материалды талдау және тарату ғылыми зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында жүйелі, кешенді зерттеу әдісі пайдаланылды. Зерттеуде Ш. Уәлиханов, О. Асқар, М. Мырзахметұлы, И. Жеменей, Ғ. Доскенов, Б. Уақатов, М. Тілеужанов, М. Мағауин, З. Қабдолов, Ә. Дербісәлі, С. Дәуітұлы, Б. Имашев, Ә. Жәкім сынды басқа да ғалымдардың поэзия, жалпы ақындық өнер туралы еңбектері теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылды. Өзге де ұлт ғалымдарының зерттеулері бағыт-бағдар беруші маңызы жоғары еңбектер ретінде бағаланды. Н. Г. Леонтьев, А. Аминов, Е. Э. Бертельс, А. Хайтметов, А. Е. Алекторов, Кабул Мұхаммад, Т. Ковальский, М. К. Хамраев, П. Г. Богатырев, Р. Ватват, Ф. Рази, А. Зарриннуб, Ш. Кайс, Ч. Хаккулов, В. Жуковский, З. С. Зарипов және тағы басқа ғалымдардың теориялық пікірлері ізденісімізге септігін тигізгенін атап өту қажет.

Дипломдық жұмыс кітапханада кеңінен орын алған шығыс шайырларының және қазақ ақындарының шығармалары негізінде әзірленді. Төрттаған жанрының тарихы мен теориясын, әдеби байланыс мәселелерін, сонымен қатар ұлт поэзиясындағы жанрдың қалыптасуына жан-жақты тоқталып, библиографиялық-салыстырмалы және салыстырмалы-типологиялық талдау мен сараптама, жүйелі-кешенді әдістері қатар қолданылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында жүйелі, кешенді зерттеу әдісі пайдаланылды.

Зерттеудің практикалық мәні. Дипломдық жұмыстың нәтижелері ең алдымен еліміздің барлық деңгейлердегі кітапханаларын библиографиялық істі ұйымдастырудағы құнды тұжырымдамалармен толықтыруға бағытталған. Дипломдық жұмыстың материалдарын кітапханашылар библиографиялық қызметті ұйымдастыру барысында басшылыққа ала алады.

Зерттеу көздері. Дипломдық жұмысты әзірлеу барысында Шығыстың классикалық әдебиет өкілдері Ә. Рудаки, Омар Хәйям, Ибн Сина, Х. Хафиз, Ә. Жәми, Ж. Руми, Х. Деһләви, С. Ширази, А. Хосроу, Х. Табризи, К. Исмаил т. б. ақындардың, түрік әдебиетінің көрнекті ақындары: Әбунәсір әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Ясауидің, Мырза Хайдар Дулаттың төрттағандары талданды. Төл әдебиетіміздің жырау, шешендері: Көтеш Райымбекұлы, Шал Құлекеұлы, Қобылан Бөрібайұлы, Абыл жырауды, отаршылдық дәуірдегі (XVIII-ХІХ ғ. ғ. ) әдебиеттің төрттаған толғаушылары: Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Шәңгерей Бөкеев, Көкбай, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев сынды ақындардың еңбектері негіз ретінде қарастырылды.

Қазақ әдебиетінің классигі Абайдан бастап, көптеген ақындардың еңбектері де дипломдық жұмыстың теориялық базасы ретінде қолданылды. Сондай-ақ, түрік тектес өзге ұлт ақындарының да туындылары да дипломдық жұмысөа арқау болды. Мәселен: түрік, түрікмен, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр, әзірбайжан сынды халықтардың төрттаған (төрттік) жанрында жырлаған туындылары зерттеу көздеріне айналды. ХХ және ХХІ ғасыр басындағы қаламгерлердің (С. Мұқанов, Б. Момышұлы, Ғ. Қайырбеков, Қ. Бекхожин, Ә. Табылды, С. Сейітов, А. Бекбосын т. б. ) туындылары топтастыра мақсатындағы библиографиялық қорлардың ұйымдастырылу қағидаттары, библиографиялық құралдардың мәні жан-жақты қарастырылды.

Зерттеу жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, дипломдық жұмыстың тақырыбы жан - жақты қарастырылатын үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Библиографиялық құралдар туралы жалпы мәліметтер.

1. 1 Библиографиялық қорлар - кітапханалық жүйенің негізгі әлеуеті

Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық даму жолына көшуі, әлеуметтік құрылымның өзгеруі оқырмандардың жаңа тобының пайда болуына, олардың ақпараттық қажеттіліктерінің өсуіне, осыған орай бибилографиялық ақпараттың алар маңызының артуына әкеліп соқты. Жаңа ақпараттық технологиялар меңгеруде Қазақстан Республикасының библиографиясының неғұрлым толық, жиі және тез қолға тиюі болып табылатын библиографиялық ақпараттың мүмкіндіктерін кеңейте түсуде. Жылдан-жылға баспа шығарылымдарында жарияланған ақпараттар легі өсе түсуде. Әдебиеттер басылымдарының жоғары шапшаңдықпен басылып шығуы, ақпараттар көлемінің ұлғаюы, ақпаратты меңгеру адамның жалғыз өзінің қолынан келер мүмкіндітеріне сәйкес келмейді. Оған баспа шығармаларының ауқымды легіне төтеп беру үшін арнайы көмекшілер қажет. Мұндағы мақсат-оқырмандарға түрлі шығармалары жайлы ақпарат беретін библиографиялық мәлімет, жекелеген библиографиялық тізімдер, көрсеткіштер, әдебиеттерге арналған шолулар шығару болып табылады. Кітапханалардың әлеуметтік маңыздылығын қоғам мен мемлекеттік органдардың әлі де жеткілікті тани қойымағанын айта кету керек. Қазіргі уақыттағы қаржыландыру аймақтық немесе ауылдық кітапханаларды қоя тұрып, тіпті республикалық кітапханаларды жаңарту бағыттарын анықтайтын инновациялық жобаларды қолдауға мүмкіндік бермейді.

Мемлекеттік кітапхана саясаты, Қазақстанның ақпараттық қоғамға және халықаралық ықпалдастық пен жаһандануға қосылу мүмкіндігін тез арада және ешқандай қиындықсыз жүзеге асыратындай жолмен жүргізілуі керек.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кітапхана жүйесінде 3581 кітапхана бар, олар республиканың барлық аймағында орналасқан. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кітапхана желісінің кітап қорында 69410, 8 дана кітап бар[25, 5-7] .

Библиографиялық қызмет оқырмандар құрамына, қордың көлеміне және жұмыс профиліне қарамай кітапханалардың барлық типтерінде жүзеге асырылады. Кітапханалардың зор көлемді және алуан қырлы жұмысында библографияның маңызы ерекше. Библиографиялық қызмет кітапхана жұмысының барлық негізгі бөлімдеріне тән. Библиографиялық қызмет-бұл библографиялық ақпаратқа сұраныс етушілердің талаптарын қанағаттандыратын сала. Библиографиялық қызмет негізгі екі процестен тұрады: библиографиялау және ақпарат тұтынушыларға библиографиялық қызмет көрсету. Библиографиялық қызмет көрсету-бұл библиографиялық ақпаратты тұтынушыға ақпаратты жеткізудегі, оның нақты және болашақтағы қажеттеліктері мен сұраныстарына сәйкес болатын процестердің жиынтығы. Кітапханаларды жүргізілетін библиографиялық қызмет көрсетудің негізгі түрлері-библиографиялық хабарлама беру және анықтамалық библиографиялық қызмет көрсету. Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде «библиографиялық ақпарат - пайдаланушы» жүйесінің мақсаты - библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау болып табылады. Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында жүзеге асырылған «шаралар» жиынтығын атауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, Библиография күндері, Мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т. б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады. Осындай үрдістер жиынтығы - библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді [2, 8-10] .

Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізі іспеттес. Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтауды және сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.

Қызмет көрсету процесін ұйымдастыру барысында орындалатын бірнеше кезеңдер ретін ерекшелеуге болады:

- пайдаланушыларды зерделеу;

- қызмет көрсету ережелері мен түрін таңдау;

- қызмет көрсетуде пайдаланылуы мүмкін ақпарат ресурстарын талдау;

- ақпараттық ресурстарда навигация құралдарының тиімділігін талдау;

- ақпараттық өнімді (немесе сатып алу) әзірлеу;

- қызмет көрсету тиімділігін зерттеу.

Кітапхана қызметін пайдаланушы оқырмандардың негізгі топтарын білмейінше, библиографиялық қызметті тиісті деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан оқырмандарды реалды және потенциалды библиографиялық ақпарат пайдаланушылар ретінде классификациялау қажеттілігі туындайды. Библиографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқырмандардың кәсіптік қызмет аясы, олардың лауазымдық мәртебесі негізінде дифференциациялау әдісі қызығушылық туғызады. Пайдаланушыларды дифференциациялау құжаттар мен ақпараттық қызмет құралдарын оқырмандарға дәл бағыттау үшін қажет. Мысалы, әлеуметтік ғылым саласы пайдаланушыларының негізгі топтарына: оқытушылар, аспиранттар, жоғары және орта оқу орындарының студенттері жатады. Одан арғы дифференциациялау әртүрлі белгілеріне: саласына, мамандығына, біліміне, мекеме бағдарына байланысты жүзеге асырылады [2, 11-13] .

Салалық библиографияда ақпарат пайдаланушыларының негізгі екі тобы ерекшеленеді:

- кәсіптік

- кәсіптік емес.

Әлеуметтік ғылым саласындағы кәсіптік библиографиялық қажеттіліктер дәстүрлі ақпарат көздерінің көмегімен қанағаттандырылады - ағымдағы және ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық құралдар, сондай-ақ библиографиялық деректер базасының көмегімен, бастапқы ақпарат көздерімен.

Кәсіптік емес библиографиялық қажеттіліктер - бұл оқырмандардың күнделікті қызығушылығынан туған ақпараттық қажеттіліктері. Азаматтардың кең топтарына арналған ақпарат көздеріне мерзімдік басылымдар: журналадар мен газеттер жатады.

Кез келген мамандардың ақпараттық қажеттілігі өзінің құрылымы жағынан күрделі болып келеді және бастапқы құжаттар туралы мәліметтерге, библиографиялық ақпаратқа, сондай-ақ фактографиялық және концептог рафиялық ақпаратқа деген талаптарымен ерекшеленеді. Кезінде кітапханалық-ақпараттық қызметкерлер тарапынан бір де бірі ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу мәселесіне көңіл аударылмады.

А. И. Черный ақпараттық қажеттілікті келесі жолмен анықтады:

ақпараттық қажеттілік - бұл «белгілі бір мақсатқа жетуге арналған ақпарат». Оны қанағаттандыру үшін кітапханалар мен мұрағаттар, ал кейінгі кезде - күрделі ақпараттық жүйелер жасалды. Көптеген зерттеушілер айтқандай, пайдаланушылардың қажеттіліктері өздерін ақпаратпен қамтамасыз ететін мамандардың қызмет көрсету түрін анықтайды.

Кез келген деңгейдегі кітапханалар ақпараттық, ғылыми, мәдени және білім мекемелерінің функцияларын атқарады. Олар пайдаланушыларға қажетті үлкен кітапханалық-ақпараттық ресурстар жинақтап, оларды насихаттау мен ақпараттандырудың әдістері мен амалдарының арсеналына ие [4, 76-79] .

Ақпараттық қажеттіліктерді құжаттық, библиографиялық, фактографиялық деп бөлуге болады.

Құжаттық ақпараттық қажеттілік -бұл құжаттарға деген қажеттілік.

Библиографиялық қажеттілік - бұл құжаттар туралы мәліметтерге деген қажеттілік.

Фактографиялық - бұл фактілік мәліметтерге деген қажеттілік.

Осы ақпараттық қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысу арқылы әлеуметтік ғылымдар бойынша ақпараттық қажеттіліктерді өтеу барысында ақпарат көздерінің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Библиографиялық қызметтің қызмет ету принциптері
Кітапхананың анықтамалық библиографиялық аппаратын ұйымдастыру
Кітапхананың библиографиялық қызметі
Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі
Академиялық кітапхананың сипаттамасы
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Библиографиялық қызметтің процестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz