Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Экологиялық туризм экономиканың тірегі
1. 1 Экологиялық туризм және оның даму тарихы . . . 4
1. 2 Экотуризм және экономика . . . 17
1. 3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму жағдайы . . . 25
2. Зерттеу нысаны және оның сипаттамасы
2. 1 Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық, экологиялық, географиялық сипаттамасы . . . 29
2. 2 Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы республикалық сипаттағы табиғат ескерткіштері мен табиғат кешендері . . . 35
3. Зерттеу нәтижелері
3. 1 Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласындағы туризмнің жағдайы . . . 43
3. 2 Солтүстік Қазақстан облысының - табиғат ескерткіштері мен табиғат кешендерінде туризмнің дамуын талдау . . . 47
Қорытынды . . . 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Қосымшалар . . . 66
КІРІСПЕ
Туризм экономикада ірі және қарқынды дамып келе жатқан әлемдік экономиканың бір саласы болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйымның хабарлауынша ол әлемдік барлық өнімнің оныншы бөлігін, 11% артық халықаралық инвестицияны, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы адамның жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнен түскен табыс мұнай мен мұнай өнімдерінен және автомобиль экспортынан кейін 3 орында. Сондықтан да туризмді дамыту ұзақ экономикалық тиімді болашақ. Қазақстан егемендік алғаннан соң туристік қызметті реттеудің негізі қаланды, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту қолға алынды. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан шетелдік туристерді біздің елімізге тарту үшін көп жұмыстар жасалуда, бірақ дегенмен туристік қызмет корсету деңгейінің төмен болуы, материалдық-техникалық базаның ескілігі, шығынның көп болуы туристердің Қазақстанға деген қызығушылығын кері қайтарады.
Солтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудағы үлкен мүмкіндіктердің бар екендігі айдан анық. Сондықтан да Солтүстік Қазақстан облысында танымдық яғни экскурсиялық туризмді дамытудың маңызы зор. Солтүстік Қазақстан облысында туризмды дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, еліміздегі қаржы айналымының артуына және мемлекеттік бюджеттің көбеюіне, аз да болсын жұмыссыздықтың алдын алуға, ең соңында еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосары сөссіз.
Жұмыстың (тақырыптың) өзектілігі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экскурсиялық туризмді республикалық деңгейде әлемдік стандартқа сай ету.
Зерттелу деңгейі - облысқа жыл сайын келетін туристердің саны Солтүстік Қазақстан облысының статистика орталығының мәліметтеріне сүйене отырып құрылған диаграммалардан, кестелерден коруге болады. Қаланың корікті жерлері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат және көптеген еңбектерде кездеседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Солтүстік Қазақстан облысында туризмнің даму деңгейін сипаттай отырып, экскурсиялық туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасау.
- Солтүстік Қазақстан облысындағы экскурсиялық туризмнің даму болашағы мен қаладағы туристік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін айқындау болып табылады.
Жұмыстың міндеті:
- Қала тарихы мен қаладағы көрікті жерлерге шолу жасап, оларға сипаттама беру;
- Экскурсиялық қызмет корсетудің құрылымы мен жіктелуіне, тақырыптамасына көңіл болу;
3. Солтүстік Қазақстан облысында туризмнің дамуын талдау;
- Солтүстік Қазақстан облысындағы экскурсиялық туризмді дамытуда алдағы болжамдар мен туындайтын проблемаларға тоқталу.
1 Экологиялық туризм экономиканың тірегі
1. 1 Экологиялық туризм және оның даму тарихы
Қазақ елі - бай мемлекет. Ұлан-ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айналған дарқан дала қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтер кездесетіндігіне ешкім шүбә келтірмес. Қазақстан бір мұнай мен газ қорының өзінен әлемдегі бесінші орынды иеленеді. Бұл байлық қазақтың дарқандығына бола бітсе керек. Десек те судың да сұрауы бар. Ертеме ме, кеш пе әйтеуір табиғи ресурстардың сарқылатын кезі де келеді және де технологияның мейлінше дамыған гиперпрогрестік заманында шикізат, өндірістің өзі мардымсыз болып қалса, әсте таңдана алмайсың, себебі қазір жаңалықтан кейін жаңалық жарыққа шығып, жаһандану үрдісін үдемелі түрде жаңғыртып отырады. Ал сол шақта пайда табудың өзге де арналарының көзін аршып алған абзал. Бұл әрине туризм еншісінде.
Туризм - әлемдегі көптеген дамыған әрі дамушы мемлекеттердің негізгі экономикалық тірегі. Туризм қазіргі таңда автомобиль жасау мен мұнай өнеркәсібі сынды экономиканың ең ірі экспорттық салалары ішінде пайда көлемі бойынша үшінші орынды иеленетін халықаралық масштабтағы индустрияға айналып отыр, яғни туризм шын мәнінде де экономикның ең ірі секторларының бірі. Бүкіл әлемдегі электронды - есептеуіш техниканың қарқынды түрде дамуы мен туризімге автоматтанырудың еңгізілуі оны сонымен қатар халықаралық ақпараттық технологиялар мен үрдістердің саласы ретінде де танытады. Әлеуметтік тұрғыдан да туризм аймақтарға айтарлықтай әсерін тигізеді:
- Туризмнің дамуы арқасында жүз мыңдаған жұмыс орындары пайда болады;
- Коммуникациялық жүйелер дамиды;
- Жергілікті халықтың мәдениеті артады;
- Мәдени және өнеркәсіп отралықтарынан шеткей жатқан аудандардың дамудан тыс қалмауына бірден - бір әсерін тигізеді.
Бірқатар мемлекеттердің қазіргі таңдағы туризм жағдайына сараптама жүргізу нәтижелері туризмнің дамуы ішкі, ұлттық туризмді дамытуға үлес қосатын бағдарламалармен үйлесімді түрде ұштаса жүруі тиіс екендігін көрсетті. Себебі кез келген мемлекеттегі ішкі туризм ұлттық табысты қайта бөлу, үлестіру арқасында ұлттық экономика жағдайының тұрақтануына үлес қосады. Осы орайда мемлекетімізде туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, Қазақстан Республикасының туристік имиджін қалыптастыру, «Ақтау-Сити», «Кендірлі», «Жаңа Іле» сынды ірі жобаларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұлар туризм саласындағы маңызды міндеттер мен жобалар. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп туризмнің дұрыс жолға қойылуы әрине құба құп! Оған Қазақстан Республикасының қайталанбас тарихи-мәдени мұрасы, ешбір мемлекеттен кем түспейтін рекреациялық ресурстарын қосыңыз.
Бүгінгі күні жүруге машықтанып, қадам басқан баланың талабын бақылағандай, бүкіл дүние жүзінің назары қазақ елінің бастамаларына ауғандығы байқалады. Оның себебі де жоқ емес. Біріншіден, Қазақстан - тоғыз жол торабының түйісінен қоныс тепкен алтын орда. Екіншіден, ұлан -ғайыр ұлы дала ұлтаралық қатынастар мен ішкі саяси жағдайының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ал бұның өзі елдегі туристік бизнестің дамуына септігін тигізетіндігі сөзсіз. Қазақстан шетел инвесторлары тарапынан тартымды мемлекет ретінде танылды. Өзге мемлекеттер Қазақстанды аса бай туристік әлеуетке ие сенімді серіктес ретінде қабылдайды. Туризм саласында жасалған екіжақты және көпжақты келісімшарттар санының өсуі соның айқын айғағы. Міне, осы аталғандар қосыла келе Қазақстан Республикасындағы туризмнің қарқынды дамуының алғышарттарын құрайды. Аллаға шүкір, қазіргі бет алысымыз түзу, бастамамыз жаман емес, бірақ әр нәрсенің күнгейі мен көлеңкесі болады.
Туризм ең бір еңбектің көп шығындалатын түрі болғандықтан және де халықты жұмыспен қамтудың реттеуіші саналатындықтан, бұл саладағы кәсіби білімге айрықша талап, екерше мән беріледі. Қарқынды өзгерістерді, кәсіпкерліктің жаңа үрдістері мен әдістерінің пайда болуы тәрізді туристік нарықтың сипаттамаларын ескере отырып, туризм мамандарын туристік нарықтың қарқыны мен конъюктурасына бейімделе білуді үйреткен өте маңызды. Қажетті талаптарға сай білімді маман ғана бәсекеге қабілетті өнімді жасап, оны туристік қызмет нарығында ұтымды өткізе алады. Ал қазіргі таңда университет қабырғаларында білім алып жатқан болашақ туризм мамандары сол талаптарға сай бола ала ма? Біз оларды жеткілікті дәрежеде дайындап жатырмыз ба? Бұл ойлануға тұрарлық жағдай, себебі өз еліміздің экономикасы өз қолымызда.
Көрікті жерлерді алыс-жақыннан келгендерге көрсету арқылы бүгінгі нарық кезінде қаржы көзін толықтыруға болатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл ретте әсіресе, экотуризм биліктің де, туристердің де ерекше қызығушылығын тудыруда. Олай дейтініміз, мемлекет үшін аталмыш сала - үлкен қалалардан тыс жерде туризмді дамыту мүмкіндігі болса, шетелдіктер үшін - экологиялық таза әрі қаражат жағынан аса қымбат емес дем алу жолы.
Экотуризнің сұранысқа ие түрлері - табиғи танымық, реабилитациялық, ауылдық және эколого - этнографиялық. БТҰ - ның (бүкілдүниежүзілік туризтік ұйым) экотуризмге қатысты анықтамасы мынадай. «Экотуризм барлық табиғи туризмнің қосындысы, ондағы негізгі мақсат - табиғатты тамашалап, табиғатпен сырласу».
Мамандардың айтуынша, қазақстандық экотуризм нарығы салыстырмалы түрде әлі жас, оның бастауы еліміз тәуелсіздік алған жылдарға тұспа-тұс келеді.
Экотуризм - ішкі туризмнің негізгі құраушысы. Бүгінде экотуризм - ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкіндігі әрі табыс көзі болса, келешекте олардың іскерлікпен айналысуына мол мүмкіндік беретін сала. Оны дамыту ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан туристік Қауымдастығының жоспарындағы ауылды жерде экологиялық туризмді дамыту қажеттігінен туындаған. Бастапқы жылдары тұрғындарға әуелі экотуризмнің не екені, оны қалай ұйымдастыру мен дамытудағы басым бағыттар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни, бұл ретте құрылған ақпараттық ресурстық орталықтардың басты мақсаты - ауылдағы ағайынның арасында осы саланың екіжақты тиімділігі мен пайдасын насихаттау болатын.
Сөйтіп, ауылды жерде экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен табиғи ресурстарды қорғаудың экономикалық және этикалық алғышарттары белгіленді. Ол табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандырып, шалғай орналасқан ауылдарда кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Сондықтан туризмнің осы саласын дамытуға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен 2009 жылы республика бойынша небәрі он шақты ғана экологиялық туристік орталықтар болса, өткен жылдың соңынан бүгінгі күнге дейін олардың саны 19-ға жеткен.
Туризмнің бұл түріне деген қызығушылық күннен күнге артып, экологиялық әлеуетті аймақтарда кішкентай қонақ үйлер бой көтеріп келеді. Мысалы, бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсу-Жабағылы ұлттық қорығы шеңберінде осындай 31 қонақ үй меймандарын қарсы алуда. Бүгінде экотуризм кластері дамып келе жатқан осындай бес аймақты атауға болады, олар: Ақмола, Алматы, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстары. Аталған өңірлерде көптеген туристік нысандар орналасқан. Экотуризмнен жылына бір отбасының бюджетіне орта есеппен 500 мың теңгеден астам кіріс кіреді.
Халықаралық ұйымдардың анықтамаларында экотуризмнің негізгі сипаттамаларының бірі - туристік өнімді әзірлеуде жергілікті тұрғындардың қызметін барынша тарту болып табылады. Бұл ретте қазақстандық экотуристік бағыттарда қонақ үйлер мен жатын бөлмелерді, үй жағдайында пісірілген ас мәзірлерін, табиғи және тарихи көрнекті жерлер бойынша саяхатқа шығару, салт атпен және түйемен серуендеу, аудармашы, кемпинг, ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру, т. б. қызметтер ұсынылып отыр. Яғни, кез келген адам өзінің тұрғылықты жерінің ерекшелігіне байланысты әртүрлі қызмет көрсетуіне толық мүмкіндігі бар. Бұл салаға Дүниежүзілік туризм ұйымы да ерекше көңіл бөлуде.
Алайда, елімізде тұтастай қызмет көрсету деңгейінің төмендігін ескерсек, туристердің тұрақты түрде келуіне кедергі болуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес.
Елімізде жылына екі рет жалпы туризм саласына қатысты арнайы семинар өткіліп тұрады. Мұндағы өзекті тақырыптардың негізгісі - туристік қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарға сай болу қажеттігі. Осымен қатар, мысалы, былтырғы жылдан бастап Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Еуропалық Одақтың «Tempus» бағдарламасы бойынша Францияның Гренобль университетімен арнайы туризм индустриясы үшін жоғары және орта білімді мамандарды халықаралық стандартарға сай даярлауды көздеп отыр. Мұндағы басты мақсат - Қазақстандағы туризм индустриясын, әлеуметтік көмек және мейманханалық бизнес саласын жоғары деңгейде қызмет көрсететін білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кетерлігі, мемлекеттен нақты экотуризмге қаржы қарастырылмаған. Оның дамуы инвесторлар тартумен іске асырылуда, есесіне, түрлі қаржылық институттардан осы салада жеке кәсіпкерлігін дамытуға ниетті адамдардың төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндігі бар:
Негізі, экотуризм жекеменшік сала екендігіне қарамастан, мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламада туризм қарастырылған және бүгінде оның аясында туризм және спорт министрлігі арнайы салалық бағдарлама жобасын әзірлеуде. Ол бойынша кәсіпкерлікті дамытуға ниетті жандарға құжаттар арқылы қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, туристік әлеуеті бар, алайда артта қалған немесе әрі қарай дамытуды қажет ететін өңірлер бар.
Ұлы Жібек жолында орналасқан Атырау мен Қызылорда облыстарында инвестициялар тарту есебінен жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Мәселен, Атырау облысында Сарайшық деген жоба, ал, Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Қамбаш көлінде туристік кешен құру мен Қорқыт-Ата ауылында туризмді дамыту мақсатында танымдық жобалар жасалмақ.
Сондай-ақ, индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойынша туристік инфрақұрылым салу мен ұлттық туристік кластерді дамыту көзделіп отыр. Оның ішінде, 2012 жылы еліміздің экотуризм ошақтарын «СNN», «BBС» және «National Geographic» сияқты әлемдік ақпарат құралдарынан жарнамаласақ, әрі өзге де шетелдік газет-журналдарға арнайы жарияланымдар ұйымдастырылмақ. Дағдарысқа дейін, 2008 жылы еліміздің қазынасына тек қана туризм саласынан 74 миллиард теңге кіріс кірген және бұл көрсеткіш өткен жылы да айтарлықтай азаймапты. Демек, туризм, оның ішінде экологиялық туризм - елде бар әсем табиғатты бағалау мен көркем жерлерді көрсету ғана емес, ел экономикасына қосатын қомақты үлес те. Соған қарамастан, ішкі туризм көлемін арттыру үшін бәсекеге қабілеттi туристік индустрия әлеуетін әлі де дамыта түсудің қажеттігі даусыз.
Жылына бір келетін демалыста жақсы тынығу әркімнің көкейіндегі ой. Өкініштісі, бұл ойды іске асыру бәрінің қолынан келе бермейді. Тәуелсіздік алғанымызғы жиырма жылдың жүзі болса да еліміздің туризм саласы өз деңгейінде дамыған жоқ. Өз жеріміздің маржандарын әлі де болса қызықтай алмай отырмыз. Оған себеп көлік жолдарының жөнделмеуі, қонақ үй, қызмет көрсету бағасы шетелден де қымбат. Сондай-ақ отандық туристік қызмет көрсету түрі европалық стандартқа сай емес. Міне осы себептер салдарынан қазақ халқы емдік қасиетке бай өзіміздің Каспий теңізі, Алакөл, Балқаш сияқты көлдерімізге барудың орнына қырғыз ағайынның Ыстықкөліне, сонау ел асып Жерорта теңізінің жағалауына барып демалып келіп жүр. Өткен жылғы негізгі көрсеткіштерге сенсек сырттан келу 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құраған; ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрады; ал сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды болған.
Бірі білсе, бірі білмейді, біздің елде туристер үшін саяхаттың 800 маршрут түрі ұсынылған. Оның 78-і - экологиялық турлар (ұлттық парктер, қорықтар және т. б. ), 126 - сауықтыру бағыттары. Мемлекетімізде санаторно-курорттық ем алу мен демалыс біріктірілген. Аңшылық пен балықшылықты ұнататындарға 61 бағытта маршрут жұмыс істейді. Ал жылқымен жүрем деушілерге 18 бағыт бар. Сауықтыру емдік мақсатта адамдардың шипалы ем алып, ой тынықтыруына арналған туризмнің бір түрі. Елімізде мұндай сауықтыру кешендері көп. Оның себебі емдік қасиеттерге бай жер асты сулары мен тұзды минералды көлдері, шипалы қасиеттерге ие саз балшықтар соның айғағы бола алады. Экологиялық туризм мен сауықтыру туризмі жақсы қарқынмен дамып келе жатыр [9] .
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм болып табылған. Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жерiндегi Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орталықта Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан бойынша туристік қызмет көрсететін фирмалар агентіктері түрлі саяхаттар ұйымдастырады.
Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6-3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2001-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай ауданының Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристiк нысандарға жатады.
Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, тағыда б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жер Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысан Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т. б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба-Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелi орындар бар [11] .
Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi, Қордайдағы Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т. б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш. Уәлиханов, Қ. Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д. Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А. Иманов, I. Жансүгiров, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т. б. көптеген естелiк орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай қаласы жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz