Өзбекәлі Жәнібековтың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: 1 Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы
4: 11
КІРІСПЕ:

1. 1 Ө. Жәнібековтың туып-өскен ортасы және үлкен өмірдің алғашқы қадамдары . . .

4: 11
КІРІСПЕ: 1. 2 Жәнібеков ғұмырының негізгі кезеңдері
4: 19
КІРІСПЕ: 2 Мемлекеттік қызметі
4: 28
КІРІСПЕ: 2. 1 Жәнібековтың Торғай облысындағы қызметі
4: 28
КІРІСПЕ: 2. 2 Өзбекәлі Жәнібеков - қоғам қайраткері
4: 37
КІРІСПЕ: 3 Жәнібеков - қазақ мәдениетін зерттеуші
4: 44
КІРІСПЕ: 3. 1 Жәнібековтың ғылыми зерттеу еңбектері
4: 44
КІРІСПЕ: 3. 2 Өзбекәлі Жәнібеков - ұлттық мұра жанашыры
4: 52
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 60
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 63
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
4: 69
КІРІСПЕ: БЕЙНЕ ЖАЗБА
4:
КІРІСПЕ:
4:

Кіріспе

Өзектілігі: Біздің диплом жұмысымыздың өзектілігі тәуелсіздік алған тұста қазақ мәдениеті мен өнерін зерттеген тұлғаның ерен еңбегінің маңызын арттыра түсу, ұлтымыздың ұлы мұраларын сақтап қалуға үлес қосқан қазақтың біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі, мемлекеттік және қоғамдық қызметі, қазақ өнері мен мәдениетін зерттеуіне қатысты еңбектерін арқау етіп, оның есімін ары қарай асқақ ету. Есімі елге түрлі билік лауазымдарымен ғана емес, халыққа сіңірген ерен еңбегімен, ұлт үшін атқарған ұлы істерімен етене таныс Өзбекәлі Жәнібекұлы түрлі шенді қызметтерді атқара жүріп, қазақ халқының небір жауһарларын жинап, олардың көзден таса болмауына бар мүмкіндікті жасап бақты. ХХ ғасырда қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін қайта түлетіп, елі үшін аянбай еңбек еткен тарихи тұлғалардың бірі - Өзбекәлі Жәнібек. </h4>

Саналы ғұмырын қазақтың ұлтық мәдениетін жаңғырту, дамыту ісіне арнаған Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі туралы айтылып, жазылып келеді. Алда да айтыла бермек. Халқымыздың Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібек секілді үш арысты қатар атауының өзіндік себебі болса, Жер бетіндегі әрбір ұлтың өзіне тән тілі, діні, тарихы болса, Өзбекәлі Жәнібеков өмірін осыларды халқының бойына сіңіруге тырысқан тұлға. Осы жолда бүкіл азаматық ар намысын ту етіп көтеріп, ардақты ағамыз Әбіш Кекілбайұының сөзімен айтқанда «рух сардары» бола білген адам. Бүкіл ғұмырын ұлттық дәстүрді ұрпақ санасына егуге, ұлт мүддесіне жұмсаған Өзбекәлі Жәнібеков - үлкен мәдениеттің иесі, жастарға ақылшы аға, мемлекет қайраткері, әдебиетші, тарихшы, өнер зертеушісі болды.

Кеңес өкіметі тұсында ұлтық мәдениетіміздің жан-жақты қыспаққа түсіп, ұмытылып кете жаздағаны бәрімізге белгілі. Мәселен, дәстүрлі мерекеміз наурыздың 1926 жылдан 1988 жылға дейін тойланбауы, салт-дәстүріміздің, қазақ тілінің қолданыс аясы тарылып, қыспаққа алғандығын ұмытуымызға болмайды. Наурызбен халқын қауыштырған көрнекті этнолог ғалым Өзбекәлі Жәнібеков еді. Олай болса, қазақ тарихындағы орны аса зор ғалым Өбекәлі Жәнібеков мұрасын зерттеу - көкейтесті міндет, үлкен мәселе.

Жәнібековтың басқалардан айырмашылығын іздейтін болсақ, төмендегі үш ерекшелікті бірден байқауға болар еді:

  • ол туған-туысқанын қызметке тартқан жоқ;
  • ол ешкіммен жең ұшымен жалғасып жұмыс істеген жоқ;
  • мұрағат ақтарумен, кітап «кемірумен», мұражай жабдықтаумен, қазақтың даласын жаяу-жалпылап шарлап, әр үйдің төрінен жәдігер іздеумен өмірі өтті.

Сөйте тұра, Өзбекәлі Жәнібековтың мұрасы зерттеуді қажет етеді. Оның орасан зор еңбегін бір немесе бірнеше зерттеу жұмыстарымен шектеу мүмкін емес. «Шертер», «Адырна», «Алтынай», «Арқас» сияқты басқа да көптеген ірілі-ұсақты өнер ұжымдарының тұсауын кесіп, халқымыздың ұмыт бола бастаған, музыкалық көне аспаптарының екінші тынысын ашқан да - соның өзі, - дейді көрген жұрт.

Ұлттық рухтың ұраншысына айналған Өзекең қазақ халқы мәдениетінің, ана тілінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып дамуына сүбелі үлес қосты. Шымкенттегі Шығыс жастарының көсемі Ғ. Мұратбаевтың ескерткішінің орнатылуына, Отырардағы Арыстан баб, Түркістандағы - Қожа Ахмет Йассауи кесенелерінің қалпына келтірілуіне, Эрмитаждан Тайқазанды алдыртуға т. б. көптеген игі бастамаларға қамқоршы бола білді.

Оның еңбектері осымен шектеліп қалмайды. Соны есепке ала отырып, ұлтын ұлықтаған азаматтың мұрасын зерттеу өз маңыздылығын жойған жоқ деп сеніммен айта аламыз. Жұмыстың өзектілігі де осында жатыр: тәуелсіздік алған тұста қазақ мәдениеті мен өнерін зерттеген тұлғаның ерен еңбегінің маңызын арттыра түсу, ұлтымыздың ұлы мұраларын сақтап қалуға үлес қосу.

Дерек көзі: Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен қоғамдық, мемлекеттік қызметі жайлы деректердің ішінде негізгі сүйенеріміз - автордың өзінің кітаптары. Олар - мемуарлар, естеліктер, ғылыми кітаптар. «Тағдыр тағылымы» 1-2 кітабы, «Жолайырықта», «Уақыт керуені», «Қазақ киімі» атты туындылары диплом жұмысын жазудағы басты сүйенген деректеріміз болды. Өзекеңнің баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары бір төбе. Олардың негізгілеріне тоқталып өтсек, «Қазақы киімнің қадірін кетірмесек», «Өткенге оймен қараймын», «Қалай құрылып еді (Торғай театрының қалай құрылғаны хақында) », «Ежелгі Отырар», «Әсемдік әлемі (қазіргі қазақ эстрадасы, халықтық ән-би, күй жайында) » т. б.

Осы тұста «Арыс» баспасынан 1999 жылы Ғ. Қабдолқайырұлының редакторлығымен жарық көрген «Өзбекәлі Жәнібек. Жарияланбаған жазбалар мен ол туралы естеліктер» атты кітаптың берері мен дерегі мол. Алаш азаматының еш жерде жарық көрмеген он шақты туындысы мен ол туралы ел ағаларының естеліктері жинақталған осы кітаптан оның елге сіңірген ерен еңбегінің өлшеусіз екенін байқау қиын емес.

Сондай-ақ, осы тектес «Ғибратты ғұмыр» сериясымен 2006 жылы «Қазақстан» баспасы басып шығарған «Өзбекәлі Жәнібеков» кітабы да Өзағаң мұрасын танытуға мол үлес қосқан туынды деп бағаланады [1] . Ғұмырнамалық деректі хикаяттың авторы белгілі жазушы Еркінбай Әкімқұлұлы. Жазушы көркем-әдеби дүние жасауды мақсат тұтқанымен, шығарманың желісіне Жәнібеков ғұмырының кезеңдері арқау болады. Автор алдымен ғұмырнаманы Өзбекәлінің өзіне айтқызады да, әрі қарай замандастарының пікірлерін қосып, сонан соң «Жазушы жалғастырады» деген тақырыпшамен өз ойын ұштайды. Он тараудан тұратын туындының «Өзекеңнің өсиет ойлары» деген тақырып аясында қайраткердің ұлттық ой-санаға, ана тіліне, қоғам өмірінде кездесетін келеңсіздікке орай айтқан пікірлері берілген. Оның замандастарының толғаныстары мен өмірінің әр кезеңіндегі фотосуреттер Өзағаң өмірінен сыр шертеді.

Өзбекәлі Жәнібековтің жақсылықтарын айтып, нұрын тасытып жүрген ел ағалары, Өзағаңның шапағаты тиген Ш. Мұртаза, М. Жолдасбеков т. б. ізбасарларының естеліктерінің де берер үлгі-өнегесі мол.

Қалаубек Тұрсынқұлов Жәнібековтың ұлт кадрларына деген қамқорлығы мен жанашырлығын баяндайтын деректі повесть жазып шыққан. Сол кездегі заман талабына сай кейіпкердің аты-жөнін өзгертіп Қырғызәлі Әжібеков деп алған. Бұл повесть 1973 жылы жарық көрген «Есіңде ме сол бір кез» атты кітапта жарық көрген.

Георгий Рудов «Я сердцем русский, духом евразиец» деп аталатын орыс тіліндегі естелік кітабын жарыққа шығарды. Бұл естелігінде ол Отырар ауданында бір қойшының үйінде Өзбекәлі Жәнібековпен бірге барған кездегі қазақтың киіз үйі туралы, қазақ халқының қонақжайлығын суреттеп жазған. Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған, қазіргі таңда Дипломатиялық академия профессоры болып табылатын Г. Рудовтың Өзбекәлі Жәнібековтей ұлт ұстазы дерлік ұлы тұлға жөнінде «Досым өлді, білдің бе?» деп естелік жазуы әр жанды тебірентеді.

Осы тақырып аясындағы мерзімді басылымда жарияланған мақалалар баршылық. Өзағаң мұрасын тұрақты түрде насихаттап келе жатқан ел газеті «Егемен Қазақстанда» М. Жолдасбековтың, Н. Жотабаевтың, Б. Мәжитұлының, Ж. Өмірбековтың естеліктері жарияланған.

Өзбекәлі Жәнібеков туралы оның мәңгілік жан жары бола білген Қалихан апаның естеліктері де белгілі тұлғаның белгісіз қырларын ашуға мүмкіндік береді. Е. Зәңгіровтың Қалихан Жәнібековамен әңгімесі «Ол өмірінде бір-ақ рет уәде берді» деген атаумен «Нұр-Астана» газетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы санында жарық көрді. Н. Байырбектің Қ. Жәнібековамен сұхбаты: «Жәнібеков атындағы мұражай әлі ашылған жоқ» деген тақырыппен «Қазақ музейлері» журналында берілген. «Егемен Қазақстан» газетінің 2006 жылғы 2 желтоқсандағы санында Қ. Тоқсанбайдың «Этнограф» деген тақырыппен көлемді материалы Қалихан апамен сыр-сұхбат ретінде өрбиді. Бұлардың бәрінде де Қалихан апа Өзағаңның ерекше қырлары туралы баяндайды [90] .

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында Арқалық қаласындағы Өзекең өзі негізін қалап кеткен Дала тарихы өлкетану мұражайында болдық. Мұндағы арнайы құжаттар Қорындағы «Партия құрылысы» бөліміндегі 41-бума (папка) тұтастай Ө. Жәнібековке арналған. Өзбекәлі Жәнібекұлының фотосуреттері, жиналыста сөйлеген сөздері, газетте жарияланған мақалалары - бәрі де осында жинақталған.

Бірақ Өзбекәлі Жәнібековтің қазақ өнері мен мәдениетін зерттеуші ретінде бірер-ауыз сөз айтылып кеткенімен, толық зерттеп, ол кісінің қыруар еңбегін елеп-екшеген жұмыстар жоқтың қасы. Осы тұрғыдан келгенде, жұмысымыздың күрделі, бірақ қызық болатынына күмән жоқ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы: Бұл орайда Өзбекәлі Жәнібековтің мұраларын зерттеп жатқан бірен-саран жұмыстар болмаса, негізінен ол жайлы тек естелік кітаптар мен газеттерде мақалалар жарық көрген. Өзекеңнің қазақ тарихына сіңірген еңбегін тарихи тұрғыдан бағамдаған пікірлерге тоқталып өтпеуге қақымыз жоқ. Қазақ тарихының көсемі Манаш Қозыбаевтың Ө. Жәнібековке берген бағасы біраз жайдың басын ашады. «Өзекең қазақтың кілем, алаша тоқу, ыдыс-аяқ, абдыра, сандық, ат әбзелдерін, саймандарын жасаудағы әр елдің еркшелігін зерттеуге жаны құмар еді. Оның болмысына зерттеушілік, ізденушілік туа біткен жан еді. Өзекең Торғай даласын сүйіп кетті, ежелгі Торғай да оны өзінің ұлы етті» [67] .

Тағы бірталай естеліктер «Рух сардары» деген атаумен Қ. А. Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің мұрындық болуымен топтастырылып 2006 жылы Түркістан қаласында жарыққа шықты. Бұл жинақта белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ел ағаларының, ақын-жазушылардың естеліктерімен қатар, Жәнібеков мұрасын зерттеумен шұғылданып жүрген жас ғалымдардың еңбектері де берілген.

Нұржан Әбілдаев пен Айғаным Серім сәйкесінше «Өзбекәлі Жәнібектің этнологиялық ғылыми еңбектерінде шаруашылық түрлері мен материалдық мәдениет үлгілерінің зерттелуі» және «Ө. Жәнібек және қазақ өркениеті» деген тақырыптарда зерттеу жүргізген. Бұл еңбектерде «Отырар өркениетін» зерттеуші», «Наурыз тойы туралы», «Тарихи жәдігерлерді жаңғыртушы», «Музейтанушы», «Өнер жанашыры, би өнері тарихын зерттеуші», «Қазақтың тұрғын үй тарихын зерттеуші», «Ұлттық киім үлгілерін зерттеуші» сияқты бөлімдерде Өзбекәлі Жәнібектің ғылыми зерттеу еңбектеріне орынды назар аударылған. Оның әр саладағы жете мән берген жайттары, көпшілік біле бермейтін дүниелерді жаңғыртудағы, яғни этнограф ретіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктеріне жете зерттеген ғалым тұрғысында жоғары баға беріледі. Әсіресе, Отырар тарихын зерттеуші ретінде оның ерекше көзқарастары атап көрсетіледі. «Кейбіреулер Өзбекәлі Жәнібекті бұл кітапты өзінің туған жері Отырар болғандықтан жазған деп айтуы мүмкін. Ал, шындығында Өзбекәлі Жәнібек жалпы қазақ халқының мәдениетін, тұрмыс-салтын Отырар қаласының өркендеп дамуымен байланыстыра зерттеген, оған «Отырар өркениеті» деген ат берген» [21] .

Көне қалалар жайын сөз еткенде, Өзағаңның Түркістан тарихын зерттеуге, осындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесін жаңғыртуға қосқан үлесін айтпай кетуге болмас. Зерттеушілер де мұны назардан тыс қалдырмайды. Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым М. Жолдасбеков Түркістанның тағдырына қатысты Өзағаңның еткен еңбегіне біраз қанық жан. «Түркістан, ондағы Әзірет Сұлтан қорығы қазақ тарихының ең қасиетті жерінен саналады. Бұл біздің ең жанды жеріміз. Соған қарамастан, білетіні бар, білмейтіні бар - талай адам араласып, қасиетті Түркістанның тағдырын дұрыс шеше алмай келеді.

. . . Тарихымыздың, әсіресе ескерткіштеріміздің білімпаздарының бірі - Өзбекәлі ағамыз еді» деп жазды М. Жолдасбеков [50] . «Қазақ музейлері» журналының 2006 жылғы №9 санында Ө. Жәнібековтың 75 жылдық мерейтойына орай бірнеше материалдар жарияланған. Т. Рыскелдиевтің «Жәнібеков феномені - Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» мақаласында Жәнібековтың Әзірет Сұлтан мемлекеттік мәдени-қорық мұражайын қалыптастырудағы еңбегі айтылады. Бірбеткей тұлғаның кеңестік өкіметтің қаһарынан қан тамған уақытының өзінде қасиетті мекенді қызғыштай қорып, оның жаңарып, жаңғыруын көксеп, сол мақсатта қажымас қайрат пен қайсарлық танытқандығы сөз болады [84] .

Өзағаңның тарихи жайттарға үлкен мән беріп, жәдігерлер жинауда, жалпы, оның ғылыми еңбектерін бағалауда жақсы пікір қалыптасқан. Т. Жаубасованың «Өнер өріндегі алып тұлға» атты мақаласы қазақ өнерінің жанашыры, қамқоршысы Ө. Жәнібековтың мұражай ісіне аса зор ықылас қойып, тарихи жәдігерлерді сақтап қалуға мән бергендігін тілге тиек етеді. Бір кезде Алматыдағы ұлт аспаптар мұражайының құрылып, қалыптасуына мұрындық болған Өзбекәлі Жәнібековтың осы істі аяғына дейін жеткізу үшін басынан небір қиындықтарды кешіргені жазылған [49] .

Осы тұрғыдағы ғылыми пікірлер Н. Әбілдаев пен А. Серімнің еңбектерінде де кездеседі. «Мәдениет министрлігінде музей ісіне ресми басшылық жасаған Қараман Сәлменұлы былай деді: «Қазақстанда жасалар музейдің басшы-қосшы - ұйымдастырушыларын Өзекең өзіне алдын-ала жинайтын, мәдениет министрінің орынбасары ретінде олардың пікірін тыңдайтын. Асықпай тыңдап алып, соңынан бұл музей меніңше мына бағытта жасақталуы керек деп өз пікірін айтатын. Шет елдердегі музейден мысалды молдап келтіретін. Мынадай әдебиеттерді оқып шығуларыңызды өтінемін деп белгілі, белгісіз бірсыпыра ғалымдар еңбегін айтатын. Музей концепциясын осыларға сүйеніп жасайық. Ол мына бағытта жасалсын дейтін. Музейдің концепциясын қолмен қойғандай анықтап, айтып беретін, » - дейді» [21] .

Алаш қозғалысын, Алашорда үкіметі қызметін жаңаша бағалауға, жаңа көзқараспен қарауға бастау болған арыстарды ақтау ісінде Өзекеңнің сіңірген еңбегін тарихшылар ұмытпақ емес. Бұл жөнінде М. Қозыбаев 1985 жылы алғаш бастама көтергенде, оның ісі комитет бюросында қаралып, тіпті «ұлтшыл» деп шешім де даярлап қойғандар болады. Д. Қонаев бұл мәселені кейінге қалдыруды жөн көреді де, «жабулы қазан жабулы күйінде» қала береді. Кейін Өзағаңның тікелей араласуымен, бұл іс қайтадан қолға алынып, арнайы комиссия жұмыс жасайды. Тарихшы М. Қозыбаев осы ақиқатты анық көрсетіп берді: « . . . Бұл күні Алаш көсемдерін өзі қайтарғандай, өзі ақтағандай жандар кездеседі. Шын мәнісінде бұл іске басшы болып, көш бастаған Өзекең еді» [66] .

Ақтаңдақтарды ақтау ісі қаншалықты қиын болғаны жөнінде басқа комиссия мүшелері де жазды. Әсіресе, көш басында Өзбекәлі Жәнібектің болғанын баса көрсеткендер бар. Оның бастаған істі аяғына жеткізбей қоймайтындығы және ұлт тарихына қиянат жасауға жол бермегендігін дәлелдейтін жолдарды академик С. Қирабаевтың мақаласынан кезіктіреміз. « . . . Ең соңында Міржақып Дулатов ісі қаралды. Бұл істің басқалардан гөрі қиын жағдайы бар еді - Аманкелдінің өліміне Міржақыптың қатысы бар (Аманкелді өлтірілгенде, Торғайды Міржақып билеп тұрған) деген әңгіме тараған. Сондықтан да бұл мәселені батыл көтеруге ешкімнің де жүрегі дауаламады. Бір күні менің Өзбекәлі шақырыпты. Барып ем, ол әңгімені өзіне Міржақыптың қызы Гүлнардың келіп кеткенін, Ахметтерді ақтағанда, өмірін сол кісімен бірге өткізген әкесін тастап кеткеніне реніш білдіргенін айтты. Гүлнар апарып көрсеткен құжаттармен, әр түрлі қағаздармен танысыпты. Қауіпсіздік Комитетіне Аманкелдінің өліміне Міржақыпты қатысқан, қатыспағанын анықтап беруді сұрағанын айта отырып, оның әдеби шығармаларын қарап, қорытынды жасауды тапсырды. Қауіпсіздік комитеті Аманкелдіні өлтірушілердің тізімінен Міржақыптың есімін таппады. Сөйтіп, Міржақып та ақталды. Мен бір нәрсеге қуанамын - дәл осы тұста Орталық комитеттің идеологиялық жұмысы басында, Өзбекәлі емес, басқа біреу отырса, осы мәселелерді біз ойдағыдай шеше алмаған болар едік . . . » [10] .

Тарихшылар қауымы Қазақстан тарихының оқытылуын жолға қойып кеткені үшін-ақ Өзағаңның алдында борыштар. Бұл орайда, қостанайлықтар да мақтанышпен айтарлық жайт бар. Себебі, ең алғаш Қазақстан тарихы курсын мектептер мен балабақшалардан бастап оқытып, жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс айтып, 1987 жылы сол кездегі Орталық Комитет хатшысы Өзбекәлі Жәнібековке хат жолдаған Қостанай қаласының тумасы Аманжол Күзембайұлы болатын [60] . Осы ұсынысты жерде қалдырмаған қазақтың асыл азаматы Өзекең дереу білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовке тапсырма беріп, іс дұрыс жолға қойылған. Көп ұзамай, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні оқытыла бастады. Бүгінгідей еркіндік жоқ, Кеңес үкіметінің құрсауында болған сол заманның өзінде ерлікке пара-пар шаруалар тындырып жүрген халықтың ұлдарын қалай ұлықтаса да артық емес.

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері: Диплом жұмысын жазу барысында арнайы-тарихи әдістер, соның ішінде генетикалық, жүйелеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ, зерттеу жұмысындағы нақтылы оқиғалар мен құбылыстарды зерттеуге бағытталған нақты-проблемалық әдіс пайдаланылды.

Мақсаты: - Өзбекәлі Жәнібековтің мемлекет пен қоғам, ұлт мүддесі үшін еткен еңбегін, қазақ өнері мен мәдениетін зерттеуге қосқан қомақты үлесін, ұлы мұрасын зерттеп-білу.

Міндеттері:

  • Өзбекәлі Жәнібековтың туған жері, өскен ортасы туралы деректерді зерттеу;
  • Жәнібеков ғұмырының негізгі кезеңдерін саралау;
  • Торғай облысындағы қызметін жан-жақты барлау;
  • Өзбекәлі Жәнібекұлының ұлт үшін жасаған ұлы істерінің, төл өнер мен мәдениетке жасаған қамқорлықтарын сарапқа салу;
  • Оның қазақ өнері мен мәдениеті саласында жүргізген зерттеулерінің маңызын түсіндіру;
  • Өзбекәлі Жәнібеков - ұлттық мұра жанашырын дәрітеу

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, алты тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және сілтемелер мен қосымшадан тұрады.

І Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы

1. 1 Ө. Жәнібековтың туып-өскен ортасы және үлкен өмірдің алғашқы қадамдары

«Өзбекәлі Жәнібеков - табиғатында адалдық пен тазалықтан жаратылғандай жан. Тік мінезді, ержүрек батыр кісі еді. Ол нені болса да бүкпей, жалтарып-бұлтармай бетке айтатын, турашыл болатын. Өзіне де, өзгеге де қатал талап қоятын және бір бастаған ісін ақырына дейін жеткізетін. Өзекең өмір бойы тура жүріп, тек ақиқат шындықты ғана айтуға тырысқан өр кеуделі, қыран мінезді, кесек бітімді тұлға болатын»-деп, жазушы Әбілмәжін Жұмабаев баға берген еді [54] .

Өз заманының заңғары - Өзбекәлі Жәнібеков қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарайтын, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында Сарықамыс мекенінде 1931 жылы тамыздың 28 жұлдызында дүние есігін ашқан. Азан шақырып иеленген есімін Өзекең былай сипаттайды: «Ескі дәстүрмен ата-анам көршілерін шақырып, шілдехана жасап, ауылдағы ең қадірмен көнекөз қарт Өзбек ақсақалдың құрметіне Өзбекәлі деп ат қойыпты». [20]

Әкесі - Жәнібек Құдиярұлы, анасы - Қаныша Томашқызы қазақ ауылдары ұжымдасқанға дейін қорасында қара малы көп болмай, диқаншылықпен айналысқан. Өзбекәлі туған соң, көп уақыт өтпей әкесі қайтыс болып, анасын жақын туысқандарының бірі - Серім Сейітбекұлына әмеңгерлік жолымен қосады. Бауыры Спандияр Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кетеді. 7 жасында, яғни, 1938 жылы Өзбекәлі мектепке оқуға барады. Сабақта зерек болуына әпкесі Мәдиненің ықпалы ерекше болды. Оқыған кітаптарының мазмұнын, неше түрлі ертегі-әңгімелер айтып беріп, дәптерлерін қарап, дұрыс оқуына көмектесетін. Өкінішке орай, келесі жылы Мәдине қайтыс болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Асқар Егеубаев - публицист
Түркістанда Тайқазан
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Болмысы бөлек Өзағаң
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ
Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz