Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1. XX ғ. 30 - ЫНШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ОРЫС МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІҢДЕГІ ӨЛКЕТАНУ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

1. 1. ХХ ғ. 30 - ыншы жылдардағы орыс мерзімдік баспсөздері және онда өлке тарихына қатысты материалдар . . .

1. 2. Өлке тарихының мерзімдік басылымдары: деректердің мазмұны мен сипаты . . .

2. КЕҢЕС ҮКІМЕТІ КЕЗІНДЕГІ ОРЫС БАСПАСӨЗІНДЕГІ ӨЛКЕ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ

2. 1. Өлке тарихына қатысты аграрлық, әлеуметтік, экономикалық деректер . . .

2. 2. Өлкеміздің тарихи тұлғаларының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

3

9

22

38

48

58

60

63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан тәуелсіздігін алып мемлекетіміз халықаралық деңгейдегі өркениетті елдің бірі болуға ұмтылған заманда өткен тарихқа деген көзқарастарымыз бен тұжырымдарымызды жаңаша орнықтырып, тарихтың ақтаңдақ беттері шынайы жосықталып жазылуда. Сан ғасырлар бойына халық басынан кешірген қоғамдық сілкіністерді, этникалық әдет - ғұрыптарды, салт - дәстүрлерді терең талдап - түсіну арқылы ұлттық санамыз оянып, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымызды ой таразысынан қайта өткізуге мүмкіндік алдық. «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» Қазақстан тарих ғылымы алдына зерттеу барысында мүмкіндігінше біржақтылықтан арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау мәселесі қойылған [1, 11 б. ] . Сондықтан, біз орыс баспасөзіндегі қазақ тарихының мәселелеріне сын көзбен қарауға міндеттіміз. Қазақ тарихында әлі күнге дейін әділ бағасын ала қоймаған мәселелер көп екені даусыз. Солардың кейбіреуін шешуге орыс баспасөзі де көмектеседі деп есептейміз, өйткені баспасөз сол кездің өзінде - ақ негізгі идеологиялық құрал болғаны белгілі және баспасөз беттерінде әр алуан мәселелер қозғалып, шаруашылық, саяси - әлеуметтік, мәдениет салалары жөнінде ақпарат берілді.

Кеңес дәуірінде қазақтың арғы - бергі тарихын шынайы жазу мүмкіндігі болған жоқ. Елбасы Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген еңбегіндегі «Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың - қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды - ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқыны тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады», - деген ойы сол кеңестік жүйедегі тарихи зерттеулерге қатысты айтылған әділ баға деп түсінеміз [2, 48 б. ] .

Аңдап қарағанда, XX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ халқы күрделі саяси - экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді басынан кешірді.

Шығыс елдерінің осындай тарихы орыстың газет - журналдары беттерінде жиі жазылды. XX ғасырда газет-журналдар идеялық - саяси және тақырыптық белгілеріне қарай бөлінді деуге болады. Мысалы, «Вестник Европы» журналында отаршылардың жүргізген шығыстағы саясаты жиі жарияланса, «Сталинский путь», «Степная коммуна», «Актюбинская правда», сияқты орыс мерзімді баспасөзінде сипаттамалық мақалалар мен шет аймақтардағы халықтың экономикалық жағдайы жөнінде жиі жазылды.

Көптеген орыс басылымдары қазақтардың шығу тегі, тарихын сөз ету барысында халықтың тұрмысы, тыныс - тіршілігі, шаруашылығы жайында да мол мәліметтер жинайды. Қазақтардың шаруашылықты жүргізу тәсілдері, олардың жалпы өмір салты мен тұрмыс - тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттайды.

Біз өз кезегімізде әр алуан тақырыпты қамтыған орыс мерзімді басылым беттерінен Қазақстанның ХХ ғасырдың 30 жылдарында тарихына қатысты мәліметтерді сүзіп алып, оны бүгінгі қазақ тарихы ғылымының жеткен биіктігі тұрғысынан зерттеуге талпыныс жасап, бұл тақырыпты толығымен зерттеу объектісі болады деп есептейміз, өйткені ақпарат құралдары, интернет жүйесі дамыған заманда, оларда жазылатын мәселелердің маңыз алатыны сонша, қалың көпшілік қауым бірден іліп әкетіп, белгілі бір байламдар жасап жатады.

Еліміз тәуелсіздік жеңісін нығайтып жатқан кезде XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 30 жылдарында орыс баспасөзіндегі материалдар бүгінгі күннің әлеуметтік сұраныстарына сай келеді деп ойлаймыз, өйткені онда қазақ халқының азаттық, бостандық жолындағы күрестері ұтымды сипатталғандықтан, бұл тақырып өзекті деп санаймыз.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың басты мақсаты ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы орыс баспасөзіндегі қазақ тарихы тақырыбына жазылған материалдарды жүйелеп, талдау болып табылады. Осы мақсат тұрғысынан мына міндеттер алға қойылады:

- XX ғасырдың 30 жылдарындағы орыс мерзімдік баспасөздері және онда өлке тарихына қатысты материалдарға сараптама жасап, зерттеу;

- орыс тілді мерзімдік басылымдар және өлке тарихына қатысты деректерге талдау жасау;

- өлке тарихының мерзімдік басылымдары: деректердің мазмұны мен сипаттарын көрсету;

- кеңес үкіметі кезіндегі орыс баспасөзіндегі өлке тарихына қатысты мәліметтерді сипаттап қарастыру;

- өлке тарихына қатысты аграрлық, әлеуметтік, экономикалық деректерді қарастыру;

- өлкеміздің тарихи тұлғаларының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы

материалдарды талдау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: XIX ғасыр бойы орыс баспасөзін бірқатар библиографтар тіркеп отырды. С. Сопиков, В. Г. Анастасевич, П. А. Вяземский, И. П. Бысгров, А. Н. Неустроев, В. И. Срезневский т. б. қатысты. Бұл тіркеу Н. М. Лисовскийдің «Русская периодическая печать» деген іргелі еңбекте өз көрінісін тапты. Ол 1915 ж. жарық көрді [1] . Осылайша, орыс баспасөзінің библиографиясын жасаудың алғашқы кезеңі аяқталды.

1917 жылы А. Н. Неустроевтың кітабының жалғасы ретінде XIX ғ. баспасөзіне сипаттама жасаған ұжымдық еңбекті Петроградтағы тарихи - әдеби үйірме қолға алады. Жас ғалымдар тобы сипаттаманың бағдарламасын жасап, «Литературно - библиологический сборник» жинағында 1918 жылы материалдарды шығарды. Алайда, бұлардың ісі кең түрде қанат жая алмады. Үйірменің жақсы бастамасы журналдарға библиографиялық сипаттама жасаудың әдісі және ережелерімен ғана шектелді. 1920 жылдары бұл істі Л. К. Ильинский және А. Г. Фомин біраз жүргізді. Осындай жеке талпыныстар нәтижесінде Ленинградтағы (ИЛЯЗВ) - Батыс пен Шығыстың әдебиеті және тілдерін салыстырмалы түрде зерттейтін ғылыми - зерттеу институтында арнайы топ жиналып, оның құрамына Д. И. Абрамович, А. Д. Александров,

В. Д. Балухатый, А. Г. Долинин, Н. В. Измайлов, Л. К. Ильинский, В. Б Евгеньев - Максимов, А. Г. Фомин т. б. кірді. Топтың жетекшісі профессор В. Спиридоновтың ұсынысы бойынша XIX ғасырдың газет - журналдары, альманахтарына, жинақтарына сипаттама жасап, А. Н. Неустроевтың еңбегін тікелей жалгастыру керек деп шешілді [2] . Сипаттаманың әдістері және оның техникасы талданды. Сонымен бірге, профессор В. Е. Евгеньев - Максимов топтың тапсырмасы бойынша орыс журналистикасын зерттеу жөнінде семинар сабақтарын жүргізеді. Соның нәтижесінде «Современник» журналына сипаттама жасалды, ал 1926 жылы «Инструкция по описанию журнала» құралы шығады.

Сөйтіп, ХIX - ХХ ғғ. орыс баспасөзін сипаттау болашақтың ісі болып қала береді. Әр саланың зерттеушілері өздеріне қажетті мәліметтерді алу үшін орыс баспасөзін ақтаратыны белгілі. Қазіргі кезде мұндай анықтаманы ірі кітапханалардың библиографиялық бөлімдерінен ғана табуға болады. Ал, Н. М. Лисовский мен А. Н. Неустроевтың кітаптары сирек кездеседі, көпшілік кітапханаларда жоқ. 1959 жылы шыққан «Орыс мерзімді баспасөзі» анықтамасы көпшілік оқырман қауымға арналған, әрине, ол ХX ғасырларда шыққан баспасөздің бәрін қамтиды деуге болмайды [3] .

Орыс баспасөзінің дамуының әр кезеңінде елдегі қоғамдық - саяси жағдайға байланысты өзіндік түрі болды. XX ғасырдың екінші ширегінде сол дәуірдің жаршысы «қалың» қоғамдық-саяси журнал болды. 60 - жылдардан бастап ағымдағы өмірдің мәселелеріне тез мән берген апталық газеттердің саны өсті. Олар буржуазияшыл оқырмандардың талаптарына жауап берді, мысалы, биржадағы, рыноктағы конъюнктура т. б. Солай бола түрса да журналдар «абыройлы орган» мәртебесін сақтап қалды, оның беттерінде теориялық мәселелер жарияланып, полемика жүрді.

XX ғасырлардағы қазақ тарихы жайлы зерттеулер көп болғанымен, оны Ресей мерзімді баспасөзіндегі қазақ тақырыбын көтерген материалдар негізінде сөз еткен арнайы толық зерттеу әлі күнге дейін жазыла қойған жоқ, сондықтан оны жүйелі түрде іске асыру күн тәртібіндегі мәселе. Сондай - ақ, зерттеу еңбегімізде қамтылып отырған кезең орыс ғалымдары тарапынан да біршама сөз етілген.

Орыс баспасөзінің тарихы журналистикалық тұрғыда да, большевиктік баспасөздер тарихи тұрғыда да зерттеліп, жылнамалар, альмахантар жөнінде Ресейдің өзінде біраз еңбектер жарық көрді. Тақырыбымызға сай сол еңбектердің негізгілеріне шолу жасағанды жөн көрдік. Мысалы, П. Н. Берков, Б. И. Есин, В. Г. Березина еңбектерін атауға болады [4] . Бұл еңбектер көбінесе мақалаларға сипаттама жасаған. Сонымен бірге журналистика тарихы мен баспасөздер туралы жинақталған еңбектер де жарық көрген. Бірақ бұл еңбектерде Қазақстан тарихына жеке тоқталып, арнайы талдау жасалмаған [5] .

Орыс баспасөз тарихы бойынша зерттеу еңбек жазған біздің Қазақстандық зерттеушілер де баршылық. Олар көбінесе әлем журналистикасы шеңберін де орыс баспасөзіне арнайы тоқталған [6] .

Біздің тақырыбымызға тікелей қатысты К. Кереева - Канафиеваның еңбегінде XX ғасырда шыққан «Ежемесячные сочинения к пользе и увеселению служащие», «Собеседник любителей российского слова» деген екі журналдағы қазақтар тақырыбына жазылған материалдарды талдаған, сонымен бірге XX ғасыр баспасөзінде жарияланған мақалалар бойынша XX ғасыр оқиғаларды, еңбектерді сипаттауға талпыныс жасаған [9] .

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихын зерттеуге мерзімді басылымды тарихи дерек ретінде пайдаланып, жан - жақты терең зерттеген белгілі тарихшы, ғалым - Қ. Атабаев [8] . Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. Әлем журналистикасының тарихы зерттеулерін атауға болады [10] .

Ал өз еңбектерінде өткен ғасырлардағы Лаумулин М. «История Казахстана конца XIX - начала XX века в зарубежной историографии» атты құрастырған жинағы журналистермен қатар тарихшылар үшін де маңызы зор еңбек деп ойлаймыз [10] .

Сондай - ақ, атақты тарихшы Е. Бекмаханов «Қазақстан XX ғасырдың 20 - 40 - жылдарында» [11] сияқты зерттеуші ғалымдардың да аталған еңбектерінде қазақ тарихының біраз мәселелерін сөз еткенде сол тұстағы Ресей басылымдарына тоқталып кетеді.

Мәселен, XX ғасырдың аяғында Торгай, Орал облыстарында тұрғандардың 80 пайызы келімсектер болған, ал Торгай, Орал, Ақтөбе облыстарында казақтардың егін салатын алқабының көлемі 5 есе қысқарған. Мінеки, осы сияқты дәлелді мәселелер шетел тарихнамасында көптеп кездеседі. Яғни, Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасын, XIX - XX ғасырлардағы орыс баспасөзін кең көлемде зерттеуді - қазақ халқының шынайы тарихын жасаудағы игілікті ізденістердің бірі ретінде есептеу қажет. Бұл - шетелдік баспасөз, әдебиет тарихнамасымен тұрақты шығармашылық қатынас орнату керек деген сөз.

Осылайша, шетел ғалымдары да Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты туралы қоғамдық пікірді заман талабына сай жаңаша көзқарас тұрғысында калыптастыруға үлес қоса алды деп есептейміз.

Тақырыптың зерттелу деңгейін қарастыра отырып, бұл салада жарық көрген әдебиеттердің жоқ екендігіне қарамастан, мәселе өзінің толық зерттелуі мен түбегейлі шешуін тапты деп айту қиын. Өйткені, бұл тақырыпқа бізге дейін қалам тартқан авторлар өз тұсындағы идеологиялық талап тұрғысынан келуге мәжбүр болғанын естен шығармау керек.

Тақырыптың деректік негізі: Дипломдық жұмысты жазу барысында негізгі деректемелік нысан ретінде XX ғасырларда Ресей мен Қазақстанда жарық көрген газет - журналдар алынды. Сонымен қатар, мұрағат материалдары, түрлі жинақтарда жарияланған статистикалық мәліметтер алынды. Атап айтқанда, тақырыпқа байланысты материалдар Қостанай Облыстық Мемлекеттік Архивінің қорларынан және әлеуметтік желіден табылды.

Басты деректемелік нысан - ХХ ғасырлардағы орыс баспасөзі болғандықтан, түрлі қосымша ғылыми мәліметтер шолу түрінде қарастырылды. Қазақ қоғамының жер мәселесіне, жергілікті халықтың тұрмыс - тіршілігі, шаруашылығына қатысты мәліметтер, есептері мен оған қосымша ретінде жарық көрген шолуларында да жиі кездеседі. Бұл XX ғасыр казақ жерінің күрделі кезеңге өтуі жан - жақты зерттеуімен түсіндіріледі. Орыс миссионерлері, саяхатшылары тарапынан жазылған зерттеу материалдар нәтижесінде қазақ жері, халқы, қазба байлығы, табиғаты, салт - дәстүрі, тұрмысы жайлы мол мәліметтер жиналады. Сол тұстағы орыс басылымдарына жарияланып тұрған осындай материалдардың біздер үшін ғылыми құндылығы зор.

Өйткені, біріншіден, ондағы мақалаларды жазуға әр түрлі мамандық иелері қатынасқан. Олар қазақ тақырыбын өз мамандығы тұрғысынан жазған. Бұл - тарихи - салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, мақала авторлары әр түрлі саяси көзқарасты, ғылыми дәрежелі адамдар. Демек, олар мәселені талдауға да әр түрлі саяси - қоғамдық көзқарас тұрғысынан келгендіктен ақиқатты айқындауға мол мүмкіндіктер береді. Сондықтан да, орыс баспасөзінде жарық көрген деректер мен материалдар бүгінгі күн тұрғысынан сын көзбен зерделеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, зерттеуде облыс бойынша жылма - жыл шығып тұратын есеп кітапшалар да пайдаланылды [47] . Бұндай кітапшаларда қазақтардың тұрмыс - тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына байланысты деректер көптеп кездеседі.

Ақтөбеде жарық көрген санақ партияларының материалдары негізгі дерек ретінде пайдаланды [48] . Ал «Ресейдің толық географиялық сипаттамасы» еңбегінің төртінші тарауында қазақтар мен қоныс аударушы келімсектердің Батыс Қазақстан облысының жеріне баса көктеп кіруі және бұл процестің жергілікті халық өміріне тигізген әсері туралы деректер молынан кездеседі [15], Сондай - ақ, Торғай - Орал қоныстандыру ұйымының съезінің, ұйымының жұмыстары жөнінде жазылған очерктердің деректерінің диссертациялық еңбекке мәлімет жиңауда маңызы зор болды [49] .

Сондай - ақ зерттеу жұмысымызда Кеңес дәуірінің әр кезеңдерінде жарық көрген деректер де қажетіне қарай пайдаланылды. Өйткені, «тарихи дерек пен тарихи зерттеудің арақатынасы және оның типологиясы Еуропа мен Ресейдің деректеметану ғылымында» XIX ғасырдан бері салыстырыла зерттеліп келе жатқан тақырып. Егер алғашында бұлар бір - біріне қарсы қойылса, кейін үнемі бірін - бірі толықтырып отыратын сабақтас салалар ретінде қарастырыла бастады.

Шындығында кез келген деректің таза дерек күйінде де өз ұстанымы болады. Тіпті ол ешбір түсіндірмесіз болса да деректі жинаудың әдістемесі арқылы белгілі бір адамның, яки топтың көзқарасы білінеді. Мысалы, елді мекен туралы деректі алайық. Оның тарихы: ашылуы, орналасқан жерінің таңдалуы, орналасу жағдайы, халқының құрамы мен саны, құрылыс объектілерінің түрі, мамандану дәрежесі, т. б. мәліметтердің берілу тәсілі де көп жағдайдан хабар бере алады. Егер ғылыми дерек түсіндірмемен берілсе, онда ол ғылыми зерттеумен сабақтаса түседі. Сондықтан, кез келген $[37, 116. ] .

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері: Зерттеу жұмысында, негізінен, тарихи - хронологиялық түрғыдан қазақ елінің өмірінде қиын да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 30 жылдары.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Тарихи зерттеудің историзм, объективтілік, жүйелеу сияқты негізгі методологиялық принциптері басшылыққа алынды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1. XX ғ. 30 - ыншы жылдардағы орыс мерзімді баспасөзіндегі өлкетану тарихының деректері

1. 1 XX ғ. 30 - ыншы жылдарындағы орыс мерзімдік баспасөздері және онда өлке тарихына қатысты материалдар.

Деректердің аса бір үлкен тобын белгілі бір формаға ие болған, қоғамдық мәні бар, әлеуметтік - мәдени міндеттер атқаратын мерзімді басылымдар - газет пен журналдар құрайды. Газет - журналдардан тарихшылар кез келген тақырыпты зерттеу барысында өздеріне қажетті мәліметтер таба алады деп айтуға болады. Дегенмен, тарихшы - деректанушы деректің осы тобына жататын түрлерінің әр қайсысы әр түрлі уақытта және әр түрлі тарихи жағдайларда пайда болып қалыптасқан өзіндік ерекшелігі бар дерек ретінде, нақты - деректанушылық зерттеу нысаны бола алатын, күрделі деректер комплексінен тұратындығын білуі қажет. Сонымен қатар, мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі мәтін - деректер әр алуан деректер түрлеріне де жатуы мүмкін екендігін де зерттеуші ұмытпауы керек. Газет-журнал беттерінен заң актілерін, іс қағаздарын, хаттамаларды, естеліктерді, мемуарларды т. б. кездестіруге болады. Әсіресе, соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты қазақша басылымдарда ұлт тарихына қатысты жәдігерлердің алуан түрлері көптеп жариялана бастады.

XX ғасыр тарихының ерекшеліктерінің бірі оның деректік негізінің бұрынғыдан әлдеқайда кеңейюінде, тарихи деректердің ғасыр сырларын өз бойына жинаған кино, фото, фоно, бейнефильм сияқты жаңа түрлерінің пайда болуында.

Қазақ тарихы үшін осындай XX ғасырға тән тарихи деректердің бірі, ол - жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдар. Негізінен ғасыр басында пайда болып, қалыптасқан мерзімді басылым тез арада маңызды дерек көзіне айналды. Бүгінгі күні ұлт тарихындағы, XX ғасырда болған бір де бір оқиға мерзімді басылымды тарихи дерек көзі ретінде пайдаланусыз зерттелінбейді деп сеніммен айтуға болады.

Басқа деректер сияқты мерзімді басылым мәліметтері де тарихи “сынды”, басқаша айтсақ, деректанулық талдауды кажет етеді. Сол арқылы ғана баспасөзден объективті мағлұмат алуға болады.

Мерзімді баспаға ең басты белгісі мерзімділігімен айқындалатын түрлі басылымдар: газеттер, журналдар, белгілі бір уақытта шығып тұратын жинақтар, ғылыми еңбектер және жазбалар жатады. Мерзімділік принципіне сай олардың екі негізгі түрін атап көрсетуге болады:

  1. Газет - жиі шығып тұратын (әдетте күнделікті) мерзімді басылым; оның ең басты міндеті - болып жатқан ағымдағы оқиғалар туралы мәліметтер жеткізу және әр түрлі ақпараттық маңызды материалдар жариялау.
  2. Журнал - жиілігі аптасына бір реттен аспайтын (әдетте ай сайын шығатын мерзімді басылым, ол кітап түрінде әр алуан саяси, ғылыми, әдеби материалдармен шығады [12, 36 б. ] .

Журналдар мен газеттер қай кезде болмасын белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс - тәжірибесінің, олардың өзара қарым - қатынастарының ой - пікірінің құралы болып келді.

Таптық және саяси күрестердің сипаты мен мән - мазмұны, қоғамдық идеологиядағы қарама - қайшылықтар, мерзімді басылымның өмір сүруінің нақты тарихи жағдайы баспасөз тағдырына шешуші әсерін тигізеді. Өркениетті қоғамдарда кез келген баспа органдарының өзіндік, белгілі бір қоғамдық-идеялық бағытқа тән саяси бет-бейнесі болады.

Баспасөзден көптеген факторлық материалдар табуға болады. Әр түрлі әлеуметтік топтар туралы суреттемелер, саяси көсемдердің сөздері, өмірбаяндар, тарихи-этнографиялық материалдар сияқты мәліметтер болады. Алайда газет жай ғана факторлардың жиынтығы емес. Ол ең алдымен белгілі бір топтың, таптың, саяси партияның қаруы. Редакция не коллегия алдына қойған мақсатқа сай жұмыс жүргізеді, сонымен бірге өз жағына уақытша одақтастар жинайды. Осы мақсатқа сай материалдарды берудің түрлі тәсілін пайдаланады. Кейбір мәселе туралы үндемей қалады. Осының бәрін тарихшы ескере отырып, талдау жасауы керек.

Газет - журналмен жұмыс істегенде ондағы негізгі жанрларға көңіл болу қажет. Олар: мақала (публицистикалық, сын, ғылыми т. б. ), бас мақала (тек газетке тән жанр), очерк, шолулар (ішкі, шетелдік, әдеби), фельетон, әр түрлі әдеби шығармалар, сот есептері, некролог, хабарландыру, жарнамалар, т. б.

Кезінде либералдық - буржуазиялық бағыт ұстанған «Вестник Европы» журналы бір ғасыр бойы патшалық самодержавияның саясатын насихаттап, шашбауын көтерген көптеген газет - журналдардың ішіндегі ең бір белді де, беделдісі болып саналады. Сондықтан, бұл басылымда отарлық шет аймақтар - оның ішінде Қазақстан туралы да көптеген материалдардың жарияланғандығына дау жоқ. Оның үстіне ол материалдардың басым көпшілігі белгілі бір мақсатты көздеген миссионерлік, яғни, жаулап алушылық пиғылдағы еңбектер болды.

Солардың бірі: «Ресей мен Англия Орта Азияда», - деп аталады. Оның авторы профессор Мартенс негізінен бұл мәселені кеңінен талдап, екі ірі держава арасындағы текетірес, бақталастықтың оларға қарасты шет аймақ - бодан елдерге зияннан басқа пайдасы жоқ екенін көрсетеді [13] .

Сонымен, орыс баспасөзінде қазақ тақырыбының пайда болуы сол отарлау саясатының нәтижесі деп білуіміз керек. Өйткені, Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген Ресей басылымдарының беттеріндегі қазақ еліне байланысты материалдардың ғылым үшін құнды зерттеу нысаны бола алатындығы дау тудырмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлімхан Ермековтың Қазақ жерлерін біріктірудегі рөлі
Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу
Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында
1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы
Жаңа экономикалық саясат
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
Ұлттық мемлекеттік құрылым жасаудағы тарихи алғы шарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz