Сойыс малының жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1Сойыс малының жалпы сипаттамасы
2.2 Малды союға дайындау, оның ет сапасына әсері
2.3 Малды сояр алдында қарау, оның маңыздылығы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тексерудің мақсаты қалыпты жағдайдан өзгешеліктерін, зақымдалуын анықтау және ұша мен басқа да сойыс өнімдерін пайдалану мүмкіншіліктерін шешу.
Ветеринариялық санитариялық тексеруден соң сойыс өнімдерін:
1.Шексіз;
2.Зақымданған сойыс өнімдерін зарарсыздандырғаннан соң тағамдық мақсатқа;
3.Шекті- ет өнімдерінен басқаша өнім жасауға (ет-сүйек ұны) өндіріс орындарына;
4.Өтелдеуге немесе жоюға.
Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі - қолданыстағы нормаланған құжаттармен рәсімделген, ветеринариялық санитариялық ережелермен негізделген, қауіпсіздіктің басқа да талаптарына сай өнімдер.
Ветеринариялық санитариялық сараптау - ветеринариялық қызметтің қолданыстағы ережелер мен басқа да нормалық құжаттарына сәйкес, қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай жүргізілетін кешенді зерттелер.
Лажсыздан (амалсыздан) сою - аурудың ауыр өтуіне немесе басқа да себептерге байланысты мал өміріне қауіп төнгенде ветеринариялық қызметтің бақылауымен жүргізілетін шара (сою түрі).
Конфискаттар - ветеринариялық санитариялық қадағалау қызметімен тағам үшін жарамсыз деп танылып, азық өндірісіне және техникалық өнім ретінде пайдалануға жарамды болып табылған мал ұшасы, ұша бөліктері немесе мал мүшелері.

2.1Сойыс малының жалпы сипаттамасы. Ет өндiрiсiнде, ең бiрiншi етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнiм (сүт, жүн, т.б.) үшiн бағылған малды да ет өндiрiсiне қолданады. Етке арнайы өсiрiлген еттi тұқымды малдан алынған еттiң сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетiн малды "сойыс малы" деп атайды. Бiзде сойыс малына iрi қара, жылқы, түйе, шошқа, қой, ешкi, бұғы, қоян және үй құстарының бәрiн жатқызады. Сойғаннан кейiнгi жүретiн биохимиялық өзгерiстердiң ерекшелiктерiне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдердi сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өсiру, бордақылау) ұжымшарда, арнайы фермаларда, бордақылау кешендерiнде, кооператив мекемелерiнде, құс фабрикаларында т.б. орындарда жүргiзiледi.
Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашалықтардың өркендеуi ет өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың үлес салмағы да жоғарылауда. Соңғы жылдары Қазақстанда ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң мүмкiншiлiгi зор. Үкіметіміз мал шаруашылығын өркендетуге үлкен көңіл бөлуде. Жыл сайын бұл бағытқа қомақты қаржы бөлінуде "сыбаға, агробизнес 2020, асыл түлік" және басқа да бағдарламалар іске асырылуда.
Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуi және әр түрлi аурулар үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн көбейтуде үлкен табыс көзi болатыны түсінікті мәселе.
Малдың тірілей массасын таразыға тарту немесе кейбір өлшемдер арқылы анықтауға болады. Мал массасы оны азықтандырудан немесе суарғаннан кейін 2-3 сағаттан соң өлшенеді. Ішек-қарындағы заттар үшін табылған массасының 3% кемітіледі. Егер өлшеу 3 сағаттан кейін жүргізілген болса әр сағатқа массасын кеміту 0,5% азайтылады, ал таразыға тарту малды азықтандырудан 6 сағат кейін жүргізілсе ішек-қарындағы заттарға массасын кемітпейді. Сонымен қатар малдың тірілей массасы бойынша қабылдағанда терісінің тазалығына, буаздылығына және малдың массасын арттыру мақсатыңда артық жем, су берілмеуін қадағалау қажет. Малдың тірілей салмағын кейбір өлшеулер арқылы да анықтауға болады. Әрине бұлай анықтау дәл бола бермейді, бірақ кейде мал массасын шамалап анықтауға пайдаланылады (ол мал тұқымына, жынысына, жасына байланысты).
Малдың қоңдылық дәрежесі мемлекеттік стандартта көрсетілген белгілер бойынша анықталады. Ірі қара (МС 5110-87) жасына, жынысына байланысты 4 топқа бөлінеді.
1. Сақа мал - жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірілей массасы 350 кг кем, бір рет бұзаулаған сиыр;
2. Бірінші тума сиыр - жасы үшке жетпеген, массасы 350 кг артық
(барлық шегерулерден кейін), бір peт бұзаулаған сиыр;
3. Жас мал - жасы үш айдан үш жылға дейінгі тана-торпақ, өгізше,
бұқа;
4. Бұзау - жасы он төрт күннен үш айға дейінгі төл.
Қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың екі категориясын ажыратады. Қой, ешкі қоңдылығы жоғары, орта және ортадан төмен үш дәрежеге бөлінеді.
Жылқы қоңдылығы. Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы - жасы үштен асқан, жас мал - жасы бірден үш жылға дейін және құлын - жасы бірге толмаған массасы 120 кг артық жабағы, тай.
Түйе. Жасына байланысты түйе де үш топқа бөлінеді. Сақа мал жасы төрттен асқаны, жас мал екіден төрт жасқа дейін және бота массасы 250 кг артық, жасы екі жылға дейінгі тайлақ. Қоңдылығына бай - ланысты сақа және жас түйенің бірінші және екінші дәрежелі қоңдылығын, ал ботаның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады.
Шошқаны тірі массасына, жасына және майының (шпигінің) қалыңдығына қарай 5 дәрежеге бөледі.
Қоян. Қоңдылығына байланысты қоян да екі дәрежеге бөлінеді.
Етке тапсырылатын құс жасына байланысты балапан және ірі құс болып бөлінеді. Мемлекеттік стандарт бойынша құсты етке тапсырудың ерекшеліктері де бар. Құсты етке тапсырардан 20 күн бұрын антибиотик, ал 12күн бұрын құм берілуі тоқтатылады. Құстың жемсауын тазалау үшін тауық, күрке тауық және олардың балапандарын 6-8 сағат, ал үйрек, қаз 4-6 сағат аш ұстау керек. Құс қанаттарында құрғақ, жабысқан былғағыш заттар болмауы қажет, ал үйректі түлеу кезінде етке тапсыруға болмайды. Етке тапсырылатын құста жарақаттар болмағаны дұрыс, бірақ
құстың айдары, саусағы, төс сүйегінің аздап қисайғаны, аздаған сызаттары бар құстар етке қабылданады.
Малды ет өндіру орындарында қабылдау. Мал және құсты, мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тірілей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы және сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал, шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға жіберер алдында малдәрігерлік байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы (бәрінің немесе мал дәрігерінің (фельдшердің) қалауы бойынша ішінара) өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.
Мал өңдеу кәсіпорындарына бруцеллез, туберкулез ауруларының клиникалық белгілері бар, диагнозы анықталмаған, температурасы қалыптан жоғары немесе төмен малды және орнитоз, грипп, ньюкасл ауруы бар құсты жіберуге болмайды.
Емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілген малды, дәрінің ветеринарияда қолдану туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге дейін союға жіберуге рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды "малды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы өңдеуге ұсынылган химиялық заттардың тізімінде" көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар малға балық және балық қалдықтарын, балық ұнын жегізгеннен кейін 30, ал құс 10 күнге дейін, мал өңдеу кәсіпорындарына жіберілмейді. Союға жіберілетін әр малға, малдәрігерлік заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша малдәрігерлік куәлік (анықтама) толтырылады. Онда куәлікте көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір шаруашылықтан (фермадан) шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір куәлікпен жіберілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады. Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, уақ малдан басқа туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге оң реакция беретін құс, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек қана облыстың малдәрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі.
Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, уақ малдан басқа туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге оң реакция беретін құс, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек қана облыстың малдәрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі. Мал дәрігерлік байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі қараны бір-бірлеп қана өтетін жіңішке қоршаудан өткізеді. Мал техникалық шарттарға, стандартқа сәйкес жынысына, жасына және қоңдылығына қарай бөлінеді, тірілей массасын анықтайды.
Малдәрігерлік байқау кезінде ауру мал, өлексе байқалса немесе мал басы басқа көрсеткіштерге сәйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейін карантин бөлімінде ұсталуға тиіс. Осы уақытта малдәрігерлік кызметкерлер аурудың диагнозын, сәйкессіздік себебін анықтайды. Құсты союға қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Құс өңдеу кәсіпорынына әкелінген құсты тиісті құжаттар тексерілгеннен кейін мал дәрігері, цех бастығы немесе шебер қарап шығады. Құсты байқау кезінде оның саны анықталады, жалпы жағдайы (сергек, солбыр) дене құрылысының жасына сәйкестілігі, қозғалуы, бас, қанат, жүнінің жағдайы, айдарының түсі, түрі, көлемі, табиғи саңылаулардан сұйықтың бөлінуі, дыбысқа және басқа тітіркендіргіштерге реакциясына көңіл аударады. Сонымен қатар құс терісінің жағдайы, саңғырығының жиілігі, түсі, тыныс алу жиілігі, буындары тексеріледі. Осыдан кейін құс қабылданып, союға жіберіледі. Құс шаруашылықта аштықпен союға дайындаудан өтуі тиісті. Жолдағы уақытты есептегенде суда жүзетін құстар 4-6 сағат, ал құрғақтағы құстар 6-8 сағат аш ұсталуы шарт. Ол туралы тауар-көлік құжатына арнайы көрсетілуге керек.
2.1Малды союга дайындау, оның ет сапасына әсері. Қабылданған мал таразыға тартылғаннан, топталғаннан кейін жасына, жынысына байланысты арнайы алаңдарға орналастырылады. Мұнда малды ұстау мерзімі күйіне байланысты, бірақ негізінен екі тәуліктен аспайды. Кейде ұзақ уақыт тасымалдаудан немесе алыстан айдап әкелуден, сондай-ақ тасымалдау кезінде ауа райының жағдайсыз болуына байланысты малдың шаршауы мүмкін. Ал шаршаған малды демалдырмай сойса гликогеннің, сүт қышқылының жетімсіздігіне байланысты еттегі кейінгі жүретін биохимиялық реакция бұзылады. Ол еттің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар болдырған малдың ішек-қарынындағы және басқа жердегі микробтар мал тірі кезінде-ақ етке өтуі мүмкін. Әсіресе етке ауру тудырушылық қасиеттері бар микробтар өткенде өте қауіпті. Мұндай малдан алынған етте адамда іш ауруларын туғызатын (Salmonella, Escherichia т.б.) микробтар көптеп кездеседі. Ал жалпы микробтардың көп болуы оны сақтауға жарамсыз етеді, ет тез бұзылады. Сондықтан шаршап келген малға 48 сағаттан кем емес уақыт демалыс берілуі қажет. Бұл кезде малды тәулігіне екі рет азықтандыру, үш рет суғару керек. Алаңда тұрған мал, малдәрігерінің бақылауында болуға тиіс. Малды сояр алдында баптау оның организміндегі физиологиялық үрдістерді қалыптандырады, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топалаң ауруының шошқадаға белгілері
Мал сою цехы
Ірі қара малдың сүт өнімділігі
Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ірі қара малы
SC Food ЖШС-нің ірі қара мал бұзаутазын алдын алу және онымен күресу шаралары
Сиыр етінің техникалық шарттары
Eт, eт өнімдeрінің құрамы қасиeті жәнe тағамдық құндылығы
Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы
Пәндер