Омонимдес морфемаларды оқытудың жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

І ОМОНИМДЕС МОРФЕМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Омонимдес морфемаларды оқытудың ғылыми негізі 5

1. 2 Омонимдес морфемаларды оқытудың дидактикалық негіз 13

ІІ ОМОНИМДЕС МОРФЕМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

2. 1 Омонимдес морфемаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі 37

2. 2 Омонимдес морфемаларды оқытудың жолдары 53

ҚОРЫТЫНДЫ 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

ҚОСЫМША 64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қандай болмасын тіл туралы ғылым бірнеше салалардан тұрады және ол салалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді. Тілді терең түсіну үшін, оны зерттеу үшін тілдің осы салалары өте қажет болып келеді. Қазақ тілі де сондай тілдердің бірі. Оның да бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше салалары бар: фонетика, фонология, лексика, лексикология, лексикография, грамматика, морфология, синтаксис, диалектология, ономастика, стилистика, т. б.

Бұлардың өздерін екіге бөліп қарауға болады: тілдің ішкі заңдылықтарын зерттейтін салалары және тілдің сыртқы салаларын зерттейтін салалары.

Сөзде лексикалық мағынамен қатар грамматикалық мағына да болады. Біз, қала, жеңіл, көлік, шық деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы жеке-жеке ұғымдарды білдіреді. Бірақ олардың осы жиынтығынан ешқандай хабар берілмейді.

Адам сөйлескен кезде жеке лексикалық сөздер арқылы білдіруге болмайтын неше түрлі мағыналардың бәрін тек грамматикалық амал-тәсілдер арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни, жоғарыдағы сөздерді грамматикалық тәсілдердің көмегімен «Біз қалаға жеңілкөлікпен шықтық» деп хабарлауға болады.

Тілдегі грамматикалық амал-тәсілдердің барлығын грамматикалық құрылыс деп атайды. Оны тілдің грамматика саласы зерттейді.

Грамматика - сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы.

Зерттеудің нысаны - тіл ғылымында омонимдес морфемаларды оқытудың методологиялық негізін меңгерту.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты -тіл ғылымынад омонимдес морфемаларды оқыту жолдарын ұсыну, омонимдес морфемаларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жинақтау.

Осы мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • Омонимдес морфемаларды қазақ тіл ғылымында зерттелу тарихына шолу жасау, тілші-ғалымдардың пікірін жүйелеу;
  • Омонимдердес морфемалардың тілдік табиғатын анықтау;
  • Омонимдес морфемаларды оқытудың дидактикалық принциптерін саралау;
  • Омонимдес морфемаларды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында қолданылған лингвистикалық сипаттама, тарихи салыстырмалы, анализ-синтез, индукция-дедукция, салыстыру әдістері омонимдес морфемаларды тиімді оқыту жолдарын ашуға көмектесті.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста алынған нәтижелерді жоғарғы оқу орындарының филология факультеті студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеуде қазақ тілінің лексикология мен морфология саласын оқыту әдістемесіне арналған еңбектер, жаңа технологиялар жайлы әдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдары негізге алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы. Омонимдес морфемаларды оқыту жолдары, қызықты жаттығулар жүйесі жинақталды; оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми-практикалық негіздері берілген. Бірінші тарау омонимдес морфемалардың табиғатының зерттелуі оның ғылыми-теориялық және дидактикалық негіздеріне арналды. Ал екінші тарауда омонимдес морфемаларды оқытудың методикалық негіздері, омонимдес морфемаларды оқыту жолдары, онда қолданылатын әдіс түрлері мен жаттығулар жүйесі сөз етілді. Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденді.

I ОМОНИМДЕС МОРФЕМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОТОДОЛГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Омонимдес морфемаларды оқытудың ғылыми негізі

Қандай пәнді болмасын оқытудың негізі, ең алдымен, оның ғылыми мәнін саралаудан басталатыны заңды құбылыс. Белгілі құбылыстың шығу себебін, мән-мазмұнын, ішкі құрылымын ғылыми тұрғыдан жете зерттеп, егжей-тегжей саралап алу - оқытудың алғы шарты болып табылады. Бұлай етпей тұрып оқытудың әдіс-тәсілдерін, үйрету жолдарын анықтау мүмкін емес. Сөздердің, морфемалардың, оның ішінде омонимдес морфемалардың мағыналық ерекшелігі мен қызметін айқындау - тіл ғылымының өзекті мәселесі.

Сондықтан да қазақ тілі төңірегінде зерттеу жүргізген бұрынғы-сонды ғалымдардың барлығы да, бұл мәселені айналып өтпеген.

Егер тілді әріден қозғасақ, сөздердің түрлі мағынадағы қолданыстарын көне түркі жазба ескерткіштері «Кодекс куманикус» (ХIV) Махмұд Қашқаридың «Дивани лұғат-ат түрк» (ХI ғ) сияқты байырғы сөздіктерінен де байқаймыз.

Әрине, қазақ тілінің жүйелі зерттеле басталуы үстіміздегі ғасырдан атап айтқанда қазақтың ұлттық тіл білімінің негізін салған Ахмет Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады.

Омоним сөзінің шығу төркініне тоқталып айтар болсақ, омоним гректің «хомос» - «біркелкі», «онума» - «атау» деген екі сөзінен құралған. Қазіргі қазақ тілі ғылымында бұл сөз халықаралық термин ретінде қолданылып жүр. Қазақ тіліндегі оминимдерге арналған еңбектер кешірек туғанымен де, бұл құбылыстың тілде бар екендігі ертеде-ақ ескерілген. Оның алғашқы елену үлгісін біз В. В. Радловтың түркі тілдеріне арналған төрт томдық еңбегінен көреміз.

В. В. Радлов бұл еңбегінде омонимдерді араб цифрымен жеке бөліп, көрсетіп отырады. Сонымен қатар омоинмдік құбылыстарды П. М. Мелиоранский, К. К. Юдахин, Н. А. Баскаков, Э. В. Севорятян сияқты тюрколог - ғалымдар өз еңбектерінде түркі тілдерінен мысал келтіре, әр қырынан қарастырады.

Жалпы омоним құбылысы - өте күрделі, сан-салалы құбылыс. В. М. Панькиннің пікірінше: «Омоним құбылысы - тілтанудың ең күрделі проблемаларының бірі». Көптеген ғалымдардың мойындағанындай, омоним тілдің барлық деңгейлерін: лексиканы, морфологияны, сөзжасамды, синтаксисті қамтиды.

Лексикологиядағы омонимдерді зерттеу ісі ғана біршама жақсы дәрежеде. «Лексикалық омонимдер мағыналары мүлде әрқилы, бірақ бірдей дыбысталатын сөздер деп түсіндіріледі » [1, 71-76] . В. В. Виноградов омоним деген - әр түрлі, әр қилы мағына беретін құбылыс деген пікір айтады. Кейбір ғылыми еңбектерде омонимдер дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады» деген анықтама береді [2, 113] . Ал, Н. М. Шанский: «Омонимдер деп бірдей дыбысталатын, бірақ мүлде әртүрлі мағына беретін сөздерді айтамыз, олар дыбысталуы жағынан да, сондай-ақ жазылуында да өздеріне тән бүкіл (немесе бірқатар) грамматикалық формаларында өзара бірдей болады. Демек, омонимдер бір грамматикалық кластың сөздері болып табылады» деп жазады [3, 41] . Жалпы омоним құбылысы тек сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер деңгейінде ғана көрініс таппай, тілдің сан түрлі құбылыстарын қамтып жатады. Мысалы, В. В. Виноградов морфема деңгейіндегі омоним туралы былай деп жазады: «Сөзжасаушы морфема өзінің дыбыстық құрамы жағынан флексиямен де, форма құраушы аффикспен де бірдей болуы мүмкін. Мұндай сипаттағы омоморфема құрылымы әр типтік, сапалық жағынан әр қилы деп анықталуы мүмкін» [4, 8] .

Омонимның барынша қысқа, нақты анықтамасын О. С. Ахманованың «Лингвистикалық терминдердің сөздігінде» кездестіреміз: «Омоним . . . екі немесе одан да көбірек әр түрлі тілдік бірліктердің дыбысталуының бірдей болуы» деп жазады ол. Сондай-ақ, О. С. Ахманова дыбыстық, лексикалық омонимдарды, жалғаулардың, септік формаларының, фразеологизмдердің омонимдерін жеке ажыратып көрсетеді. Сонымен қатар, дәл осы сөздікте абсолюттік, грамматикалық, тарихи (этимологиялық), туынды, қарапайым, синтаксистік омонимдердің түрлері де аталып көрсетіледі [5, 287-288] .

Қазақ тіліндегі омоним мәселесі алғаш рет А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов сияқты ғалымдар еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз болғанымен көпке дейін арнайы қарастырылмай келді. Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» атты педучилищелерге арналған оқулығында омоним туралы алғашқы анықтамалар берілді.

Бұдан кейін бұл алғашқы бағдарламалық ой Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, К. Аханов, Ғ. Мұсабаев, Ә. Болғанбаев, Р. Барлыбаева, М. Белбаева, Р. Садықбеков еңбектерінде сала-салаға бөлініп зерттеліп келеді.

Х. Махмұдов пен Ғ. Мұсабаев құрастырған «Қазақша-орысша» сөздікте омонимдер көрсетілген.

Жоғарыда аталған оқулықта Ғ. Мұсабаев омонимдерге мынадай анықтама береді: «Шығу жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздерді омоним сөздер дейміз». Ал ғалым М. Белбаева өз зерттеуінде «Дыбысталуы бірдей, мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады және омонимдердің қатарына айтылуы жағынан да, жазылуы жағынан да біркелкі болып, мағынасы жағынан ажыратылған сөздер енеді», - деп қорытады [6, 30] .

Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тіліндегі омонимдерді К. Аханов «Лексикалық мағынасына, олардың әрқайсысына тән грамматикалық мағыналары мен формаларына» қарай үш топқа бөледі.

а/ Лексикалық омонимдер;

ә/ Лексика - грамматикалық омонимдер;

б/ Аралас омонимдер;

Лексикалық омонимдер дыбысталуы жағынан біркелкі болуы тиіс және олар қай формасында болмасын өзара омонимдес болып келеді.

Мысалы, арық - арнайы қазылған су жолы, арық - семіз емес, жүдеу.

Бұл екі сөздің дыбысталуы да, жазылуы да бірдей және олар жалғау жалғанғанкездерде бір-бірімен омонимдес болып келеді. Лексикалық омонимдердің тобын құрастырушы сыңарлардың екеуі де көп жағдайда есім сөздеоге жатады және олар дыбысталу жағынан әрқашан бірдей болуы тиіс. Лексикалық омонимдер көп жағдайда есімдер мен етістіктер болып келеді.

Лексика - грамматикалық омонимдердің лексикалық омонимдерден айырмашылығы сонда, олар барлық формаларында емес, формаларының бірінде немесе бірнешеуінде ғана омоним болып келеді. Сондай-ақ, лексика - грамматикалық омонимдер қатарына кіретін сөздер бір сөз табынан емес, әр сөз табынан болып келеді. Мәселен, бастау етістік, «баста» етістігінің тұйық формасы.

Істі кешіктірмей бастау керек.

Бастау зат есім. Бұлақтың су шығар тұсы.

Бұл екі сөз көріп отырғанымыздай екі сөз табына жатады және осы формаларында ғана омоним бола алады.

Лексика - грамматикалық омонимдар түбір, туынды флрмаларында да кездесе береді және сөз табы жағынан көбінесе зат есім мен етістіктерден, олардың тіркесіп келуінен тұрады. Сөздіктердегі омонимдік қатарларға талдау жасағанда, есімдік пен етістік, зат есім мен сын есімнен құралған омонимдердің бар екендігінеде көз жеткізуге болады. Жалпы, қазақ тіліндегі лексика - грамматикалық омонимдер әлі де толықтыруды, тереңірек зерттеуді қажетсінеді. Енді бір омонимдік қатардағы сөздердің сыңарлары лексикалық омонимге жатса, келесі сыңарлары лексика - грамматикалық омонимдерге жатады. Сондықтан да, мұндай омонимдік қатарлар аралас омонимдер деп аталады деп қарастырады зерттеуші-ғалым К. Аханов.

Ғалым тілдегі омонимдік қатарларды зерттей келіп, олардың санын он екіге дейін жеткізеді. Мәселен, «жай» сөзінің мағыналық қатарын тізіп көрсетеді:

Жай I. Зат есім. Аспан кеңістігіне жиналған электр зарядтарының шағылыусынан пайда болған жарқыл, найзағай.

-Лағнет бұлты шатырлап, жай түсіп неге қатпаймын. (С. Т. )

Жай II. Зат есім. Тұрмыстағы хал ахуал, жағдай күй.

-Қамардың жағдайы мұндай болған соң, . . . араздық, пәленді қойып, Омар да күні-түні қасында болды. (С. Т. )

Жай III. Зат. Белгілі бір мекен тұрақ.

-Ызғарлы аяз жан иесінің бәрін де жауратып, жүдеу тарттырып, жылы жайды іздеткендей. (М. Ә. )

Жай IV. Етістік. Таратып, ыдырату, жазу.

-Бұлар үндемеген соң, Ыбырайым шөпті айырмен қозғап, жайып тқрды. (А. Ж. )

Жай V. Сын есім қатардағы, қарапайым, жұпыны.

-Көбі майданға кеткен. Майданға кетпегендері осында шахталарда жай жұмыс істеп жүр. /І. Е. /

Жай VI. Сын есім, жайлы, қолайлы.

-Малға жай, егінге бай, топырағы май. /Қ. Ә. /

Жай VII. Үстеу, ақырын, баяу

-Алтын артқан бір есек солармен келеді. Ол жай жүрсе, жұрт та жай, ол желсе, жұрт та желеді. /С. Т. /

Жай VIII. -өзімен - өзі, жайбарақат, тыныш.

- Ұйқы, тамақ,

Қалды дым - ақ,

Керегі жоқ іс болып,

Жай жатпағым, тыныш таппағым, күш болып. /Абай/

Жай IX. Үстеу. -ақы - пұлсыз, бос, төлеусіз, тегін.

- Дүкен саған осы азық - түлікті жай бере ме? /І. Е. /

Жай Х. Үстеу. Әдеттегіден кеш, кейін, соң.

- Қайыркенің еркіндеп дем алатын күні тек жексенбі күні. Ол бүгінгі жексенбіде де жай тұрды. /С. Б. /

Жай ХI. Үстеу. Әйтеуір, әншейін ғана.

- Бұл аят та басқа аяттар сияқты жай жазыла салған көп сөздің бірі. /М. Г. /

Көріп отырғанымыздай, «жай неше лексикалық сөзді атай алады. Ғалым оның он екі түрін көрсетеді.

Ал ғалымдар: Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы» атты еңбекте: 1) сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы, 2) сөздің тарихи шығу тегі, 3) сөздердің өзара тіркесімділігі, 4) сөздердің стилистикалық қызметі деп беріледі [8, 88] .

Ғалым Әсет Болғанбаев көп мағыналық жөнінде:

«Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - сөздің көп мағыналылығы», - деп көрсетеді [9, 26] .

Тілдік тақырыптың табиғатын ашу мақсатында жүргізілген шолуда байқағанымыздай лингвист-ғалымдар көп жағдайда омонимдер тақырыбының өзіндік ерекшелігіне, басқа тілдік тақырыптардан мағыналық тұрғыдан өзгешелігіне тоқталған.

Ал «Омонимдес морфемалар» жайында сөз етілмейді. Оның оқыту жүйесінде үлкен қиындық келтіретіні белгілі. Тақырыпты жете түсінбеген оқушы емле заңдылығын көп жағдайда сақтамайды. Ол үлкен сауатсыздыққа әкеледі.

Осы тұрғыдан келгенде, омонимдес морфемаларды оқыту мәселесінің қазақ тілін оқыту методикасы ғылымында қарастырлыуына зерттеу жасауды мақсат еттік.

Лексика тарауын оқыту мәселесін зерттеуші ғалымдардың жүрген бірі - А. Айғабылов. Ол өзінің «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері» атты еңбекке жазған «Лексиканы оқыту методикасы және оның өазіргі міндеті» атты көлемді тарауында бұл мәселенің маңызын барынша ашып, міндеттерін нақты қояды. Лексиканы оқытуда алға қойылатын осы мақсаттарға орай өз ойын сабақтай келіп, оны игерудің жолдарына тоқталады. Лексика тарауын оқытқан кезде сөздердің лексикалық мағынасына баса назар аударамыз да, грамматикалық мағынасына көп көңіл бөле бермейміз. Мысал үшін, омонимдерді оқытқанда оған берілетін анықтама - « дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа-басқа, бір-біріне мағыналық байланысы жоқ сөздер » деп лексикалық тұрғыдан түсіндірілсе де, оның грамматикалық мағыналары ескеріле бермейді. Сондықтан да А. Айғабылов аталмыш еңбегінде: «Шындығында омонимдердің грамматикалық мағынасына көңіл аударып, олардың бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да бола беретінін салыстыра түсіндірсек, тақырыптың мазмұны ашыла түседі. Омоним сөздердің мәні де толықтырылады, сөйтіп лексикалық мағынаны жақсы түсінуге мүмкіндік туады», - деген пікірді айтады. Бұл орайда қазақ тіліндегі грамматикалық омонимдердің тіл білімі ғылымында әлі терең зерттеле қоймағандығын да айта кеткен жөн. Омонимдердердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын салыстырып түсіндіру барысында тағы бір есте ұстайтын мәселе талданатын сөздің әрқашан контексте сөйлем ішінде келетіндігі. Жеке тұрған сөздердің лексикалық та, грамматикалыық та мағынасын анықтау мүмкін емес.

Тіл дамыту жұмыстарын ұтымды да сапалы ұйымдастыру тұрғысында мұғалімдерге бірден-бір көмекші құрал ретінде ғалымдар и. Ұйықбаевтың «Оқушының ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдірейік» зерттеу еңбегін жатқызуға болады.

И. Ұйықбаев тіл дамыту, ой дамытумен тығыз байланысты екенін айта келіп; «Оқушылардың ауызекі тілін дамыту үшін, ең алдымен, 1) олардың сөздік қорын байыту керек; 2) әдеби тілде сөйлеудің нормасын, сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету қажет; 3) ойларын байланыстырып айтып беру дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруға назар аударған жөн», - дейді [10, 40] .

Омонимдерді оқытуда тірек болатын санаулы еңбектерінің бірі - Б. Ш. Кәтембаеваның «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» атты еңбегі.

Бұл еңбек оқулыққа әдістемелік нұсқау болғандықтан, әр тақырыпты оқытудың жолдары басқа еңбектерге қарағанда әлдеқайда сөз етілген. Ең алдымен оқу бағдарламасы бойынша V сыныпта игерілетін материалдарға бөлінген сағат саны нақты көрсетіліп, оны тақырыптарға бөліп, оқытудың каленьдарлық жоспар жобасы берілген. V сынып бойынша тарауын оқытуға 12 сағат бөлінген, оны ғалым мынадай жүйе бойынша жіктейді:

Тіл ұстарту - 2сағат

Сөз мағыналары туралы түсінік - 3 сағат

Көп мағыналы сөздер - 1 сағат

Омоним, синоним, антоним сөздер - 3 сағат

Сөз мағыналарынан алынған білімді пысықтау - 2 сағат

Диктант - 1 сағат

Бірақ автордың лексика тарауын оқытуға берген түсініктері тым қысқы, тым жалпылама. Әрине, бұл тұста еңбекте лексика тарауын оқытудың әдістемелік негізінің арнайы қарастырылмағандығын, оның тек оқулыққа қосымша екендігін ескерген жөн. Дегенмен, автордың «Сөздердің бұл мағыналарының анықтамалары мен түсініктері оқулықта оқушылардың ұғымына лайықталынып берілген. Сондықтан бұл тақырыптарды меңгерту онша қиынға түспейді», - деп, мәселені тым жеңілдетіп жіберуімен келісе қою қиын.

Сондай-ақ Б. Кәтенбаева «Лексика - сөздердің алуан түрлері мағыналарын қарастырады, сондықтан лексикада берілген сөздің тура және ауыспалы мағыналарын, көп мағыналы сөздерді, омоним, синоним, антонимдерді кейбір грамматикалық категориялар сияқты жеке күйінде өтуге болмайды. Оның себебі сөздердің маңыналары үнемі сөйлем ішінде, мәтін ішінде сараланып танылады», - деген ойды айтады.

Мәселен, мектепте омонимдес қосымшаларды оқытуда тиімді еңбектердің бірі - Қ. Қасабекованың «Омонимге керекті көрнекі құралдар» атты еңбегін тәжірибе ретінде қарауға болады. Автор бұл еңбегінде қазақ тілінде түрлі сөз табынан болатын омонимдердің жиі ұшырасатынан айта отырып, оларды оқытудың жолдарына тоқталады. Әдіскер ұстаз омонимдес морфемаларды оқытуда схема, схема-таблица, таблица, сурет, карточка, сурет-карточка, перфокарта сияқты көрнекі құралдар мен техникалық құралдар атап айтар болсақ интерактивтік тақтаны жиі қолданып отырғаны өте тиімді болар еді. Қазақ тілінде соңғы кезде оңтайлы қолданылып жүрген көрнекліктердің бірі перфокарта. «Перфокартамен жұмыс жүргізерде, мұғалім өтілген материалдарды оқушыларға ауызша еске түсіртіп алған соң, жүргізілетін жұмыстың шартын, мақсатын айтып түсіндіреді. Одан әрі ауызша 4 сөзден айтып отырады. Осылай перфокартамен бір жұмыс жүргізу үстінде мұғалім бірден 32 сөзді қамтиды. Солардың ішінде оқушы тақырыпқа сай сөздерді тауып, оны ұяға рет бойынша тиісті белгімен /+/ белгілеп отырады.

Бұл көрнекіліктің бірнеше тиімді жолы бар. Ең алдымен жұмыс барысында бүкіл сыныптағы оқушылар қамтылады. Екіншіден, мұғалім мүмкіндігінше мол мысал келтіріп, оқушы білімін бекіте түседі. Үшіншіден, жұмыс жүргізуге салыстырмалы түрде әлдеқайда аз уақыт кетеді. Сондай-ақ тапсырманы тексеру барысында мұғалім оқушылардың материалды қаншалықты игергендігі жөнінде толық мағұлмат ала алады.

Жалпы көрнекіліктің бұл түрлерін материалды бекітуге немесе қайталау сабақтарына қолдану өте тиімді деп есептейді.

Зерттеуші Ә. Әлметова омонимдер табиғатын тереңірек ашып, кеңірек түсіндіруде оның жасалу жолдарын саралаудыңда маңызы зор екендігін айтады. Жасалу жолдары жағынан қазақ тіліндегі омоним құбылысы аса күрделі сипатқа ие. Омонимдердің қайсыбірі тілдің даму тарихында тым ертеректе қалыптасып, ұшығын аңдатпастай сіңісіп кеткен, ал енді біреулері күні бүгіндері пайда болып, тілімізге жаңа еніп жатқанын көруге болады. Сондықтан оларды өзіндік сипаттарына қарай топтап, жүйелеп, саралаған жөн. Омонимдердің жасалуына тірек болатын негізге бір жол көп мағыналы сөздер. Яғни, көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-бірінен ірге ажыратып, дами келе өзара дараланып, алшақтап, мағыналық байланыстарын үзеді.

Мысалы, Ақ - сын есім;

Ойыма келген нәрселерді жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын. / Абай /.

Ақ - зат есім., қой - ешкі, сиыр өрісіне кеткенмен, ауыл ақтан тарықпай отырған сияқты. / Мәтел /.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері
Көpкем шығаpма тiліндегі қoс фyнкциялы жұpнақтардың қолдaнылуы
Тіл және қоғам
Пиктографиялық жазулар
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Аударматану
Септік жалғауымен көнеленген үстеулердің тарихи даму жолы
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Толық омонимдер және жартылай омонимдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz