Сақтандыру делдалдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Тарау 1 . Әлеуметтік саладағы тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
дамыту және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымшы формасы - әлеуметтік
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудағы
қолданылатын
заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26
1.3. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қалыптасуы : әлемдік және қазақстандық
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..31
Тарау 2 . Ақмола облысының 2003-2005 жылдар аралығында тұрғындарды
әлеуметтік қамсыздандыру саласын дамыту және қаржыландырылуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.1. Облыстағы негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.2. Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру жұмыстарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..55
2.3. Ақмола облысының тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру жұмыстарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .61
Тарау 3. Облыстағы әлеуметтік реформаларды жақсартудың және олардың
актуалды проблемаларының шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
3.1. Тұрғындардың жұмыспен қамту қамтылудың актуалды проблемаларын
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
3.2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 76
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...84
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..87

Кіріспе
Әлеуметтік қамсыздандыру - еңбек етуге қабілетсіз адамдарды
материалдық және тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге қамтылған мемлекеттік
шаралар жүйесі. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі әр кезеңде, әр елде түрлі
жағдайда қалыптасып, оның тетіктері өркениетті мемлекеттердегі үлгілерге
сәйкес сұрыпталған. Әлеуметтік қамсыздандыру нышандары дәстүрлі қазақ
қоғамында да болған. Табиғи кесапаттардың не әр қилы шапқыншылықтардың
салдарынан асыраушысынан, малмүлкінен айырылып, жоқшылыққа ұшыраған кедей-
кепшіктерді, жетім-жесірлерді аталас ағайындарды, ауылдастары, көрші-
қолаңдары қамқролыққа алған. Асар, асу, үме тарату, сауын беру, ат майын
қию, көрші ақысын бөлу, плау мінгізіп, сауға сыйлау тағы да басқа шаралар
ұйымдастыру арқылы жоқ-жітік туыстарының күнілтісін жұтатпай, тұтас
деңгейін көтеруге көмектескен. Қоғам дамуына байланысты әлеуметтік
қамсыздандыру біртіндеп мемлекеттік жүйеге толық ауысты. Қазақстан
Республикасында әлеуметтік қамсыздандырудың сан алуан түрлері бар.
Мемлекет тарапынан жасалатын әлеуметтік қамсыздандыру шараларына қарттығы,
мүгедектігі үшін және асырап отырған адамынан айырылған жұмыскердің отбасы
мүшесінде зейнетақы төлеу; соғыс және еңбек мүгедектеріне, қартайған және
жалғыз басты немесе белгілі бір себептерге байланысты бір отбасында тұра
алмайтын, күтімді керек ететін азаматтарды мемлекет қарауына,
интернаттарға, мүгедектер мен қарттар үйіне алу; бұрынғы міндетін атқара
алмайтын адамдарды жеңіл жұмысқа орналастыру, олардың жаңа мамандық алуына
жағдай жасау; көп балалы және жеке басты аналарға көмек көрсету сияқты
шаралар жатады. ҚР Конститутциясы 28-бабының 1-тармағында: ҚР азаматы
жасына келген, науқастанған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де
заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік
қамсыздандырылуына кепілдік беріледі делінген.
ҚР Президент пен Үкімет тарыпынан әлеуметтік қамсыздандырудың үнемі
қосымша жасалып, қоғамдық негізде қайырымдылық көрсетіледі, ал кәсіподақтар
әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтардың құқықтық мүдделерін қорғап
отырады. Кеңестік кезеңде әлуеметтік қамсыздандыру ақшалай-заттай жәрдемақы
түрінде жүргізіліп келді, ішкі жиынтық табыстың 10 пайызы зейнетақыға
жұмсалған. Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қаржылық шектеулерге орай
қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру саласында да бірсыпыра өзгерістер
енгізілді. Мысалы, зейнетақы жүйесінде реформа негізінде еңбекақының 10
пайызын міндетті жарна ретінде зейнетақы қорына аударылып отырады.
2003 жылы Қазақстанда 2,8 млн. адам зейнеткер болды, оларға ай сайын
төленетін орташа зейнетақы мөлшері 3283 теңгеге жетті.Сондай-ақ
республикада 450 мыңнан астам ересек мүгедектер бар. Олардың 59 пайызы
әйелдер және 90 мыңы бала тәрбиелеп отыр. Мемлекет тарапынан жасалатын
қамқорлықтарға қоса, Республикада мүгедектер қоғамы қазақ зағиптар қоғамы,
Қазақ саңыраулар қоғамы мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан қорғап, оларды
қоғамдық, спорт және мәдени жұмыстарға қатыстырып, мүмкіндіктеріне қарай
еңбекке тартып, тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектеседі. Әлеуметтік
қамсыздандыру мемлекет және қоғамдық тұрғыдан білім беру (жалпы және кәсіби
білім, медициналық қызмет көрсету, еңбек ету, жеңілдіктер беру, демалу
ережелерін сақтау, әлеуметтік сақтандыру, тапқан табысына иелік ету және
оны құнсыздануға ұшырағанда индекстеу) сияқты бағыттарды қамтиды. ҚР
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі адам тұрмыс-тіршілігі мен оның еңбекке
қабілеттілік деңгейін қалпына келтіріп, қалыпты жағдай ұстауға бағытталған.
Әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді
және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы заң қолданысқа енгізілді.
Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 млрд. теңге бөлінді.
Жоғарыда айтқанымдай мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс
табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген
қамқролығы болып табылады. Бұл азаматтраға көмектесу біздің қоғамның
ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің
борышымыз.Осынау борышымызды атқаратын мезгіл мен мүмкіндік туды.
Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 млрд. теңге жұмсай отырып
мүгедектігіне және асыраушысынан айырылғанына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан
астам адамды қамтиды.
Тұтастай алғанда әлеуметтік қамсыздандыруға 2,5 миллионнан астам адам
қамтыла отырып, республикалық бюджет есебінен 217,2 миллиард теңге бөлінді,
ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көбейту шамамен 33 млрд.
теңгені құрайтын болды.
Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де
шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда
күнкөрісі төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға және
әлжуаз топтарына мемлекет тарапынан немесе үкімет тарапынан қандай
әлеуметтік көмек көрсетудің талдауы болып табылады. Ақмола облысының
тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
басқармасының жұмысын дипломдық жұмыста нақты мысал ретінде көрсетілген.
Сонымен қатар тұрғындарға қандай әлеуметтік көмек және қандай жәрдемақылар
мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
Бұл тақырыпты таңдаған себебі, біздің міндетіміз және президентіміздің
міндеті республикадағы барлық әлеуметтік жағынан қамтамасыздандырылған
азаматтарға қандай да болмасын қызмет көрсету біздің борышымыз. Сондықтан
да, бұл дипломдық жұмысымда әлеуметтік қамсыздандырудың маңыздылығын
ашуға, оны жетілдіру жолдарын қарастыруға ұмтыламын.
Жазылған дипломдық жұмыстың міндеті – тұрғындарды әлеуметтік
қамсыздандыруды қаржыландырылуының маңыздылығын қарастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саланың құрылымын және мәнін
көрсетемін. Ақмола облысының тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экономикалық мінездемесін беремін.
Соңғы үш жылдағы басқарманың нақты қаржылық талдауын өткіземін. Сонымен
бірге жәрдемақылардың және тағы да басқа аударымдардың бюджетпен
есептесудің талдауын жүргіземін.
Бірінші бөлімде әлеуметтік саладағы тұрғындарды әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесінің дамуы туралы айтылады. Сондай –ақ әлеуметтік
жүйедегі әлеуметтік сақтандырудың алатын орны және оның маңыздылығы
көрсетіледі. Бұл бөлімдегі басты мәселе – мемлекеттің қастерлі борышы
жұмыс істей немесе табыс табудың бірдей жағына ие болу мүмкіндігі шектеулі
адамдарға деген қамқорлығы болып табылады. Сонымен бірге шетел
тәжірибесіндегі әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жағдайын біздің әлеуметтік
жүйеге арналған бағдарламалармен салыстырып өтемін.
Екінші бөлімде Ақмола облысының тұрғындарды жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының атқарылған жұмыстары
және облыстағы негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер ді анықтап
өтемін.
Үшінші бөлімде әлеуметтік реформаларды ынталандыру және олардың
проблемаларын шешу жолдары келтірілген. Бұл бөлімде әлеуметтік саладағы
ең басты проблемалары және оны жетілдіру жолдарын ұсынамын.
Дипломдық жұмыстың соңында дипломдық жұмыстың қорытындысы жазылды.
Дипломды жазу барысында Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан, Ақмола облысының Статистика
басқармасынан алынған мәліметтерді қолдану арқылы талдау жүргіздім.
Дипломдық жұмыстың соңында дипломдық жұмыстың қорытындысы жазылды.
Тарау 1 . Әлеуметтік саладағы тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
дамыту және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту.
1.1.Тұрғындарды әлеуметтік қамтамсыздандырудың қосымша
формасы - әлеуметтік сақтандыру.

Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшкен кезде қаржылық-несиелік
саласындағы экономикалық тұрақтылыққа жету үшін ең басты мақсаттардың бірі
болып сақтандыру жатады. Сақтандыру нарқының жағдайы және дамуы, қоғамның
дамуын және экономикалық реформаларының тереңдігін, тұрғындардың әлеуметтік
қамсыздандыру деңгейін көрсететін өзгеше индикаторының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта ҚР сақтандыру жүйесінің қалыптасуының жаңа жүйесі және
сақтандыру өнімдерін құруда коммерциялық сақтандыруды дамыту үшін бірінші
қадамдар жасалып отыр.
Жетекші елдердің тәжірибелері көрсеткендей сақтандыру нарықтық
экономика жағдайында нақты болып келеді.
Көбінесе Қазақстанда мақсатты сақтандыру саласында міндетті сақтандыру
және ерікті сақтандыру арасындаға қарым-қатынас көп деңгейлі нарықтағы
сақтандыру қызмет көрсетудегі тиімді комплексті шаралар жиынтығы.
Отандық тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік бюджеттің барлық
деңгейлерінен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсетуден
бюджетті-сақтандыру моделіне көшуді көрсетеді.
Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру саласында көптеген реформалар
өкізілді. Республикада 2001 жылы қабылданған тұрғындарды әлеуметтік
қамсыздандыру Концепциясын жүзеге асыру көзделген. Оның бірінші этабы
-әлеуметтік сақтандыру институтын енгізу.Сондықтан 2005 жылдың 1 қаңтарынан
бастап ҚР Міндетті әлуеметтік сақтандыру туралы заңы міндетті
әлеуметтік сақтандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін көрсетеді
[1]. Қазақстандағы тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі (Сурет 1)
көрсетілген. Мұнда жалпы жүйенің неден құралатыны және қандай мақсатқа
кеткені көрсетілген.

Сурет 1. Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі

Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру:
1. Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін
дамытумен;
2. Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдірумен
байланысты.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың негізгі әлеуметтік
стандарттар жүйесіне өзгерістер енгізу және ең төмен күнкөріс деңгейіне
базалық әлеуметтік норматив ролін бекіту болды. Ең төмен күнкөріс деңгейі
мүгедектігі бойынша базалық мемлекеттік жәрдемақылар есептеу үшін
объективті негіз болды.
Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға әлеуметтік
қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесін құру, қаржыландырудың қосымша
көздерін тарту және еңбек ету қабілетінен айырылу кезіндегі әлеуметтік
қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекеттің, жұмыс берушінің және
қызметкердің арасында тікелей айырып бөлу негізінде қол жеткізілетін
болады.
Ресми сектор қызметкерлері үшін әлеуметтік қатар туындаған кезде
(еңбек ету қабілетінен айырылу) әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі
жүйесі:
Бірінші деңгей (базалық) - бұл мемлекет кепілдік берген, мүгедектігі
бойынша берілетін базалық мемлекеттік жәрдемақылар;
Екінші деңгей (міндетті) - міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылатын әлеуметтік
төлемдер және сақтандыру ұйымдарынан еңбек (қызмет) міндеттерінен атқару
кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс
берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру есебінен
төленетін сақтандыру төлемдері;
Үшіші деңгей (қосымша) - әлеуметтік қатерлерді сақтандырудың ерікті
және кәсіптік схемалары көзделген.
Мемлекетке қарамастан әлеуметтік қамсыздандыру саласында міндетті
сақтандыруды мемлекеттік емес сақтандыру жағдайына енгізуге үлкен роль
бағыттаолған.
Қазіргі кезде Қазақстанда сақтандырудың екі түрі бар: өзіндік және
мемлекеттік. Олар сақтандыру нарығында бөлек болып келеді және олардың
әрбірі өзінің ережелері, жағдайы және сақтандыру тарифтері бар.
Қазақстандағы сақтандыру нарығы серпінді болып келеді және өзінің
мақсаты қызметтер тізіміне ие жаңа мұқтаждықтардың пайда болуына байланысты
сақтандырушылар санының көбеюі және операция мөлшерінің көбеюімен
мінезделеді. ҚР сақтандыру нарығының құрылымы (Сурет 2) көрсетілген.

Сурет 2. Сақтандыру нарығының жалпы құрылымы
Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы сақтандыру тәуекелдер түрлері
бойынша - бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесінде басты мақсат болып табылады.
Сондықтан әлеуметтік сақтандыру жүйесі экономикалық әр түрлі
секторлармен байланысты. Олар мемлекеттің қызмет көрсету іскерлігімен
қоғамның жалпы жағдайымен байланысты. Елдегі демографиялық, экономикалық
және саясаттық жағдайының даму тенденциялары мемлекет ішіндегі әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне әсер етеді. (Сурет 3)

Сурет 3. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің экономика секторларымен және
мемлекеттік қызметпен байланысы
Бірінші тенденция -демографиялық жағдайға тоқталып кетейік. Бұл
проблема өткен ғасырдың 50-60 жылдары өзіне көн назар бөлді, жер шарының
тұрғындар санының көлемін көбейту тенденциясы туды. Жер ұрғындардың жалпы
саны 2004 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша 6,9 миллиард
адам, 2050 жылға адам саны 11 миллиардқа дейін өсетінін болжайды.
Демографиялық жағдайының бастысы болып зейнетақымен қамту болып
табылады.
Зейнетақымен қамту деңгейі мыналармен анықталады:
1.Елдің тиімді экономикасымен (бір жұмыс істейтініне ЖЖӨ есептегенде);
2.Жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер арасында ара қатынас
(демографиялық көрсеткіш);
3.ЖЖӨ бөлігі, зейнетақыны төлеуге бағытталады.
ҚР 1998 жылыдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі үш деңгейде
қалыптасты: мемлекеттік, міндетті жеке және ерікті.
Екінші тенденцияға әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуына елеулі әсер
ететін елдің экономикасымен байланысты болып келеді.
Қазақстанның экономикасы дағдарыс, стагнация және макроэкономикалық
тұрақтандыру этаптарынан өткен кезде, өткен бес жыл ішінде салмақты
экономикалық стадия деңгейіне жетті. Отандық экономикаға 2000 және
2005жылдар аралығы өткен жылдарымен салыстырғанда еліміздің тәуелсіздігін
алған уақыттан бастап өте жақсы кезең болды: орташа жылдық темп деңгейі ЖЖӨ
2000-2004 жылдары 110,4 пайыз (%),өнеркәсіп өндіру-111,8 %
ауылшаруашылықтың жалпы өнімі-103,3 %,негізгі капиталға түскен
инвестициялар-127,8 %.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі бір жағынан елдің азаматтардың белгілі
бір қызмет көрсетеді, ал басқа жағынан өзінің бюджетін, өзінің қаржылық
табиғатына ие. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бюджеттің шығындалатын
бөлігі институтционалды экономика құрылымына әсер етеді, яғни әлеуметтік
көмекпен қамсыздандырылатын тұрғындарға көрсетіледі.
Тұрғындардың ақшалай табысы тұрғындардың өмір сүру деңгейін анықтайтын
басты фактор болып табылады.
Қазақстандықтардың номиналды және нақты табыс деңгейі динамикасы соңғы
жылдары тұрақты даму тенденциямен мінезделеді. 2001-2005 жылдары аралығында
тұрғындардың номиналды ақша табысы жыл сайын 14,7-21,7 % өсті, нақты ақша
табысы бұл кезең аралығында 47,2 % өсті.
Негізгі ақша табыстарының қайнар көзі болып тұрғындардың еңбек ету
қызметінен түседі, 2005 жылы барлық ақша түсімдерінен 76 % дейін жетті.
Сондай-ақ ақша табысының қайнар көздерінің бірі болып әлеуметтік төлемдер
болып келеді. 2005 жылы олардың меншікті салмағы жалпы ақша табысынан 18 %,
ол 1997 жылы 11 %-ке тең болды. Соңғы жылдары әлеуметтік трансферттер
бөлігінің өсуі республикадағы тағайындалған зейнетақаының орташа көлемінің
көбеюі, бірегей ақша компенсациялар бойынша төленетін бюджетті
ассигнованиялар деңгейі, тұрмыс деңгейі төмен тұрғындарға атаулы әлеуметтік
көмек көрсету арқылы жүзеге асырылды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан экономикалық,әлеуметтік
және саясаттық жаңғырту жолындағы 2005 жылы 18 ақпандағы халыққа жазған
жолдауында былай деп айтты: Біздің стратегиямыздың басты мақсаты-қоғамның
кедейленген тобына бұл балалар, олардың аналарына көмекпен қамсыздандыру.
Мемлекет бұл шараларды шешу үшін көп қаражаттарды бөледі. Біз балаларды
және жүкті дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандырады, сондай-ақ басқа да шараларды
жүзеге асырады. 2003 жылдан бастап бір бала туу жәрдемақысы төленеді [2].
Сондай –ақ жолдауда әлеуметтік реформалардың тереңдетудің үш жылдың
программасы тұрғындарды ілеуметтік қамсыздадыру жүйесінің үш деңгейлі
жүйесінің қалаптастыруына бағытталған. Әлеуметтік реформалардың ең басты
мақсаты әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жоғарылату, әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесінде тұрақты және тиімді жүйені құруға мақсат көздейді.
ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі екінші деңгейге жатады,
бірінші деңгейден кейін-арнайы мемлекеттік жәрдемақылар болып табылады.
Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру-тұрғындарды әлеуметтік
қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі.
Қоғамның объективті дамуының ең басты факторы болып адамдарды
материалды қамтамасыз етілуі және олар қоғамдық еңбекке қатысты емес немесе
өзінің өмір сүру деңгейін ұстай алмайды. Әрбір қоғамда еңбек қабілеті жоқ
немесе дене еңбегі бар болса да оны әр түрлі себептерге сай жүзеге асыру
үшін көптеген тұлғалар бар. Осындай тұлғаларды асырау үшін құрылған жиынтық
ішкі өнімнің бір бөлігі бағытталады. Тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарда бұл
қоғамның бір бөлігін арнайы ақша қорларының қалыптасуы және пайдалану үшін
қолданылады.
Әлеуметтік-саясаттық аспектіде әлеуметтік сақтандыру азаматтардың
конститутцияға сәйкес қартайғанда материалдық жағынан қамсыздандыруды
жүзеге асыру, еңбек қабілетін немесе мүгедектігін толық және ішінара
айырылу заңға сәйкес реттеледі. Жоғарыда айтылғандай Қазақстанда әлеуметтік
сақтандыру міндетті түрде жүзеге асырылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру зейнетақы жасына келген сақтандырылған
азаматтарды материалды қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыру келесі басты принципке негізделеді:
1. Әлеуметтік сақтандырудағы азаматтарды жалпыға бірдей қамтамасыз ету;
2. Сақтандырылған азаматтардың мемлекеттік кепілдіктегі әлеуметтік қорғау;
3. Жұмысшылардың әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі;
4. Зейнетақының, жәрдемақының және сақтандыру жағдайы келген азаматтарға
төлемдер төлеу үшін мемлекеттің кепілдігі;
5. Жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс берушілердің және мемлекеттің міндетті
әлеуметтік сақтандыру қорының қалыптасуына көмектесу;
6. Жеке және еңбек қызығушылығы бар қарым-қатынастарды сәйкестендіру;
7. Зейнетақы, жәрдемақы және міндетті әлеуметтік сақтандыру үшін төлемдер
мөлшерінің дифференциациясы;
8. Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік органның қызметінде айқындылығы.
Әлеуметтік сақтандырудың ең басты мәселесі болып еңбек ресурстарын
ұдайы өсіп-өнуіне қажетті жағдайларды құру.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілеті жоқ жұмысшыларға
медициналық көмек көрсету, материалды көмекпен қамтамысыз етуі, еңбек
іскерлігін көтеруге жағдай туғызады.
Мүгедектерді оңалту олардың қоғамдық қажетті еңбекпен айналысу,
жұмыспен қамтылуы, сондай-ақ тиісті әлеуметтік бағдарламаларға толық істеу
қабілетін түсіреді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен келесі әлеуметтік
кепілдеме түрлері бекітіледі:
1. Зейнетақымен қамтамасыз ету;
2. Еңбекке уақытша жарамсыздық жәрдемақысы;
3. Жүкті болғанда берілетін жәрдемақы;
4. Сауықтыру сипаттағы қызметтер;
5. Жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік көмек;
6. Бала туғанда берілетін жәрдемақы;
7. Жерлеуге арналған жәрдемақы.
Әлеуметтік сақтандырудағы қоғам келесі сұрақтарды шешеді:
1.Ақша қорларын қалыптастырады, яғни еңбек қабілеті жоқ тұлғаларды
қамтамасыз етуге кеткен шығындар;
2. Еңбек ресурстарының құрылымын және қажетті сандармен қамтамасыз ету;
3.Жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтардың материалды қамтылу
деңгейін қысқартады;
4. Әртүрлі әлеуметтік тұрғындар топтарының өмір сүру деңгейін теңестіру.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі екі бөлімнен құралады: бірінші бөлім
жұмысшылардың еңбек қабілетін қалпына келтіру және сақтау, сауықтыру
шараларын қоса алғанда; екіншісі еңбек қабілетін жоғалтқан немесе оның
мүлде болмаған тұлғаларды материалды көмекпен қамтамасыз ету. Әлеуметтік
сақтандыру бөлімдерінің материалды негізі болып тиісті ақша қорлары болып
табылады. Қазіргі кезде ҚР Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына
сәйкес екі қор қалыптасты: зейнетақы қоры және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры.
Әлеуметтік сақтандыру қорларының қалыптасуы және пайдаланылуы халықтың
табыстарын бөлудегі қаржылық қарым-қатынастар туындайды. Бұл кезде
әлеуметтік сақтандырудың функционалды мақсаттылығын айқындайтын қатынастар
бөлінуінде спецификалық шектер пайда болады:
1. Әлеуметтік сақтандырудағы халықтың табыстары арқылы белгілі
мұқтаждықтарға бағытталады;
2. Әлеуметтік сақтандыруда бірінші деңгейлі жіне екінші деңгейлі
бөліну шекаралары айқындалады: бірінші деңгейлі бөліну кәсіпорындардың,
ұйымдардың түскен төлемдерінен мінезделеді; екінші деңгейлі бөліну, яғни
қайта бөліну - мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын тарту есебінен
жүргізіледі.
3. Бұл қаржылық қатынастардың сферасы мемлекетпен реттеледі.
Орталықтандырылған қорлардың тізімдері, қолданылу облысы, шығындалу
көздерінің қалыптасуы және пайдалануы мемлекеттік заңды және нормативті
құқықтық актілермен анықталады.
4. Әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру әдістері арқылы жүзеге
асыралады.
Әлеуметтік сақтандыру ұлттық табыстын бөліну және қайта бөліну
процессінде қалыптасатын ақшалай қатынастар бөлігін жүзеге асырады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға еңбек келісімшартпен немесе басқа да
мүлік және шаруашылықты жүргізу формаларына қарамастан заңды және жеке
тұлғалардан еңбек еткені үшін төлемдерді алған азаматтар жатады.
Әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары ақшалай төлем, қызметтерді
қаржыландыру және жәрдемақы түрінде көрсетілген, яғни мақсатты бағыттылық
қасиетіне ие.
Әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбек қабілеттілігін
қалпына келтіру, сауықтыру-профилактикалық шараларды жүргізудегі денсаулық
сақтау ұйымдарының қызметі.
Жеңілдіктердің ең басты ерекшелігі белгілі материалды игіліктер және
қызмет үшін әлеуметтік сақтандыру қаражатынан жеңілдіктер алу.
Ақшалай төлемдер және жеңілдіктер экономикалық, әлеуметтік және
функционалды белгілерге бөлінеді.
Экономикалық белгідегі ақшалай төлемдерге және жеңілдіктерге адамның
қоғамдық еңбекте қатысуы және экономикалық еңбек сипаттамасымен шектеледі:
еңбек стажын жалғастыру, еңбек ету жағдайы, оның төлеу көлемі және тағы да
басқалары.
Әлеуметтік белгідегі ақшалай төлемдерге және жеңілдіктерге белгілі
әлеуметтік әсер ету факторларды нығайту. Бұған ақшалай тұрмысы төмен
жанұяларға берілетін төлемдер және қызмет көрсетулер, қарттар мен
мүгедектер, туғаннан бері жұмысқа жарамсыз адамдарды қаржыландыру
шығыстары, олардың протездеу, оқыту және жұмысқа орналастыру, Соғыс
ардагерлеріне берілетін зейнетақы және жәрдемақы тағы да басқалары.
Төлемдер және жеңілдіктер ақшалай төлемдерге (зейнетақы және
жәрдемақы) және ақысыз немесе жеңілдетілген қызметтерге
классификацияланады.
Зейнетақы (лaт.pensio-төлем) – заңда қаралған жағдайға сәйкес,
азаматтардың белгілі жасқа толуына, мүгедектік болуына байланысты,
асырайтын адамынан айырылған жағдайда үнемі төлейтін ақша, ақшамен
қамтамасыз ету .
Зейнтақылардың еңбектік және әлеуметтік зейнетақыларды айырады.
Еңбектік зейнетақы жасына, мүгедектігіне, ана сүтінен айырылғанда,
еңбек сіңірген жыл үшін тағайындалады.
Әлеуметтік зейнетақы еңбектік зейнетақыны алуға құқығы жоқ азаматтар
жатады.
1998 жылдан бастап Солидарлы зейнетақы жүйесі жинақтаушы орнына
келді. Солидарлы зейнетақы жүйе кезінде зейнетақылар кәсіпорынның өзінің
жұмысшылары үшін зейнетақы жарналар есебінен жасалатын аударымдар арқылы
жүзеге асырылады. Бүл жүйенің қалыптасуына екі себеп бар. Біріншіден,
төлемдер аударымдары зейнетақы төлеуге арналған қаражат мқлшерінен аз
болуы мүмкін. екіншіден, республикада жұмыс істейтін тұрғындардың
сандарының азаю тенденциясы, яғни азаматтардың зейнетақы алу құқығының
өсуі, ал жұмыс істейтін жұмысшылардың саны үшін есептелінетін жарнамалар
азаяды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйе кезінде әр бір азамат өзінің алдағы
зейнетақыны жеке тәртіппен іске асырады, яғни өзінің жұмыс ақысынан әр ай
сайын міндетті аударым жасау арқылы іске асады. Міндетті зейнетақы
жарнамаларын төлеу жеке тұлғалар өзінің табысынан 10 пайыз ставка
мөлшерінде зейнетақы қорына төлейді. Сондықтан зейнетақы жұмысшылар саны
үшін тәуелді болмайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйе кейде әрбір азаматқа
әлеуметтік жеке код тағайындалған. Ол 16 саннан және латын әріптерінен,
арнайы алгоритм бойынша аты-жөнінен және туған күні негізінде есептеледі.
Әлеуметтік жеке код зейнетақылы қамту жүйесінде жеке идентификатор болып
табылады. Әлеуметтік жеке код қателерді жасаудан және зейнетақы
жарнамаларды есептеген және де зейнетақыны алу үшін керек. Зейнетақылы
төлемдер өзінің сақтандыру табиғатына ие, яғни олар адамдармен олардың
жанұяларына сақтандыру жағдайы келген кезде матирилды қажеттілікпен
қамтамасыздадырады.
1997 жылы 20 маусымдағы ҚР Зейнетақымен қамту туралы заңына сәйкес
(2002 жылы 4 қаңтарында соңғы өзгертулер енгізілді) зейнетақымен
қамтамасыздандыру Зейнетақы төлеу және жинақтаушы зейнетақы қор мемлекеттік
орталығымен жүзеге асырылады. Зейнетақы жүйесінде мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қоры қызмет етеді. Ол жабық акционерлік қоғам, мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қоры, ашық немесе корпоративтік болуы мүмкін.

Кесте 1
Зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың жалпы саны
2003жыл 2004жыл 2005жыл Ауытқу %
(+,-)
Жасы бойынша зейнетақыны 98822 96779 95665 -3157 0,9
алушылар саны, барлығы адам
Оладың ішінде
Толық көлемде 96927 94864 93666 3261 10
Толық емес жұмыс стажы бойынша 1955 1915 1999 44 1
Жәрдемақыны алушылардың барлығы,34777 34113 34183 -594 10
адам
Олардың ішінде
Жасы бойынша 560 526 491 -69 0,9
Мүгедектігі бойынша 19881 19435 19790 -91 10
Ана сүтіне айырылған кезде 14336 14152 13902 -434 10

*Зейнетақыны төлеу мемлекеттік орталығынан алынған мәлімет
Зейнетақылы төлемдер өзінің сақтандыру табиғатына ие, яғни олар
адамдармен олардың жанұяларына сақтандыру жағдайы келген кезде матирилды
қажеттілікпен қамтамасыздадырады.
Жәрдемақы -бұл жұмысты уақытша істемеген азаматтарға кепілденген
ақшалай төлем. Бірінші топқа уақытша еңбекке жарамсыздар, баланы қорғау
кезде, жүкті және бала туу кезіндегі жәрдемақылар кіреді. Екінші топқа бала
туғанда, жерлеу кезінде берілетін жәрдемақы кіреді.
Жұмысты уақытша істемеу жәрдемақысы ауруға шалдыққан кезде (травма),
протездер жасағанда, жанұядағы ауру адамды күту, карантинде және уақытша
жаңа жұмысқа ауысқан кезде, туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен ауырған
кезде жәрдемақылар тағайындалады.
Жұмысты уақытша істемеу жәрдемақысы орташа жалақысынан 100 %
мөлшерінде есептеледі, яғни жұмысқа жарамсыз болудың бірінші күнінен оның
жұмсықа шығу алдында немесе мүгедектігіне бекітілсе.
Жүкті болу және босанған кезіндегі жәрдемақы орташа жалақысынан 100
пайыз мөлшерінде босану алдында және босанған кезде есептеліп
тағайындалады.
Бала туғанда және жерлеуге кеткен жәрдемақылар ҚР заңға сәйкес
төленеді.
Сауықтыру сипаттағы қызметтерге саноториялы-курорттық емдеу және
санаторлы-профилактикалық емделу, сауықтыру және жиналған балалардың
демалысы.
Тегін немесе жеңілдетілген жағдайларда протездеу, мүгедектерді еңбекті
оқыту және орналастыру, заңды көмек көрсету, үй-интернаттағы қарттарға ,
мүгедектерге қызмет көрсету және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Функционалды мәнісі бойынша ақшалай төлемдер және жеңілдіктер үш топқа
бөлінеді.
1. Төлемдер, қызметтер адамның өмірін сақтау және күту: жасы бойынша
зейнетақылар, мүгедектігіне, уақытша жұмыс істемеу жәрдемақысы;
2. Бала туғанда және мерт болған кезде төлемдер, жеңілдіктер: бала
туғанда берілетін жәрдемақы, баланы күту кезіндегі жұмыстан шыққандағы
жәрдемақы, жерлеуге берілетін жәрдемақы;
3. Мүгедектерді протездеуге, оқытуға және қайта оқытуға кеткен
төлемдер мен жеңілдіктер.
Әлеуметтік сақтандырудағы белгілі қызметтерге бағыттылған шараларды
қаржыландыру белгілі бір жұмысқа жарамсыз азаматтардың мұқтаждықтарын
қанағаттандыру болып табылады. Бұл әлеуметтік сақтандырудың қаражаттарын үй-
интернаттарды қамту, қарттарға және мүгедектерге кеткен шығындарды жабу,
мүгедектерді жұмысқа орналастыру, протездеу және тағы да басқаларды
формаларды өзіне қосады.
ҚР тиісті заңдарына сәйкес 1997 жылы 16 маусымда №126-1
Мүгедектігіне, ана сүтінен айырылғанда және жасына тағайындалатын
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы заңы бойынша біздің еліміздің
азаматтары белгіленген тәртіппен және заң бойынша мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды алуға құқығы бар.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесіне кіреді және азаматтарға мемлекетпен төленетін
әрдайым жәрдемақыларды алатын азамат өзінің таңдауы бойынша жәрдемақылардың
бірі тағайындалады. Жәрдемақыларды төлеу меклекеттік бюджет есебінен
төленеді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігің мәліметтері бойынша
мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу, ана
сүтінен айырылғанда және жасы бойынша, 2005 жылдың басында 786,4 мың адам.
Орташа жәрдемақының көлемі мүгедектігі бойынша 4178 тенге, ана сүтінен
айырылғанда-3142 теңге, жасы бойынша-2616 теңге. Мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылардың орташа көлемі 3647 теңге немесе 107,5 пайыз тиісті өткен
жылға қарағанда.
Халықаралық тәжірибелер негізінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
өзіне келесі элементтерді қосады:
1. Мемлекеттік жәрдемақылар;
2. Міндетті әлеумттік сақтандыру;
3. Жинақтаушы зейнетақымен қамту
4. Әлеуметтік көмек.
Барлық іске асырылған жүйелер арасында келесі әлеуметтік сақтандыру
элементтерін атап өтуге болады:
1. әлеуметтік сақтандыру жаналар есебінен қаржыландыралады;
2. көптеген ерекшеліктермен міндетті қатынас;
3. жарналар арнайы қорларда шоғырландырылады және бұл жарналар есебінен
жәрдемақылар төленеді;
4. жәрдемақыны алуға жеке құқықтары кепілденеді.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделін дамыту процессінде
көптеген даулар туды: бұл ерікті немесе міндетті болып келеді ме, қандай
қаражаттардан белгілі жүйе қаржыландырылады, қандай ұйымдастырушылық
формада бұл модель жүзеге асырылады.
Келесі сұрақтарының бірі болып әлуеметтік сақтандыруға кеткен
төлеушінің аударымдары. Халықаралық еңбек ету, ұйымы бойынша әлеуметтік
сақтандыруға жұмыс берушімен жұмысшы екеуі де бұл процесте қатысу керек.
Бірақ тұрғындардың табыс деңгейін есептей отырып әлеуметтік сақтандыру
жүйесін қаржаландыру, әлеуметтік қамсыздадырудың екініші деңгейі бойынша
әлеуметтік салық ставкасын төмендету есебінен іске асырылады.
Институтционалды форманы таңдаған кезде заңды дайындаушылар
халықаралық тәжірибені мұқият зерттеді. Әрбір ел өзінің таңдауын елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде салынды. Оларды институтционалды
ресімдеуінің бірнеше варианттарын бөлуге болады: мемлекеттік бюджет арқылы
мемлекеттік қор, жеке қаржылық институттар арқылы. Бұлардың әрбір
варианттары өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру жұмыс берушінің
аударымдары есебінен іске асады, әлеуметтік аударымдардың көлемі келесідей
бекітілді: 2005 жылы 1 қаңтарынан бастап -1,5 пайыз, 2006 жылы 1
қаңтарынан бастап -2 пайыз, 2007 жылы 1 қаңтарынан бастап -3 пайыз
әлеуметтік аударымдар объектісінен есептелінеді, ал жеке тұлғаларға арнайы
салық режимі таратылатындарға әлеуметтік аударымдар көлемі: 2005 1
қаңтарынан бастап -1,5 пайыз, 2006жылы 1қаңтарынан бастап-2 пайыз, 2007
жылы 1 қаңтарынан бастап -3 пайыз орташа жалақысынан есептеледі.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің реттелуі келесі қатысушылармен жүзеге
асырылады:
1. ҚР Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің бақылауымен;
2. ҚР Ұлттық Банкі әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қордың
активтерін басқаруымен;
3. Еңбек ету және ҚР тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру Министрлігі
әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорын реттейтін, бақылайтын
және қадағалайтын функцияларымен;
4. Зейнетақыны төлеу ортылығы төлемдерді қабалдайтын және құжаттарды
тексеретін, әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын органмен;
5. Еңбек және тұрғындарды әлуемттік қамсыздандыру басқармасы
әлеуметтік төлемдерді, жұмыс қабілетінен айырылғанда жәрдемақы
тағайындайды.
6. Сақтандыру төлемдерін төлейтін төлеушілер;
7. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік аударымдарды
есептейтін қатысушалар;
8. ҚР Үкіметімен және тағы да басқа органдармен іске асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жұмыс істей бастағанына бір
жылдан сәл –ақ асты. Қазақстан ТМД елдері арасында еңбекақы, зейнетақы,
әлеуметтік қолдау жүйесі бойынша өмірлік мәні зор рефомаларды бірінші болып
жүзеге асырды. Мемлекет басшысының тікелей басшылығы арқасында өріс тапқан
осындай өрелі істер еліміздің елулікке ену стратегиясын ойдағыдай жүзеге
асыруға тың серпін беретін сөзсіз.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды әлеуметтік қорғаудың
мемлекет жүзеге асыратын бір түрі -міндетті әлеуметтік сақтандырудың
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негізін белгілейтін Міндетті
әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңы күшіне енді.
Қордың активтері: әлеуметтік аударымдардан, әлеуметтік аударымдар төлеу
мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімпұлдан, инвестициялық табыстардан
және қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыларды,
әлеуметтік төлемдер төлеуге бағытталған қаражатты және қате есептелген
немесе артық төленген қаражатты шегеріп тастағанда қорға түсетін ҚР
заңдарында қарастырылған кезге де түсімдерден тұрады. Сонымен қатар қордың
активтері тек қана мына мақсаттарға жұмсалуы мүмкін:
1. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға;
2. Тізбесін ҚР Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
3. Артық төленген әлеуметтік аударым сомалары мен өзге де қате есептелген
қаражаттарды қайтаруға.
Қор ҚР Ұлттық Банкінің қаржы құралдарына сенімді басқарушы арқылы қор
активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметін жүзеге асырады. ҚР
Үкіметінің қаулысымен қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының
тізімі бекітілген, оның құрамына:
1. ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары -50 пайыздан кем емес;
2. Агенттік бағалы қағаздары -25 пайыздан артық емес;
3. ҚР Ұлттық Банкіндегі (депозиттер) салымдар -30 пайыздан артық емес;
4. Орналастыру күніне бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының
ресми тізіміне А санаты бойынша енгізілген екінші деңгейдегі
банктердегі салымдар (депозиттер) -10 пайыздан артық емес;
5. Мемлекеттік бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары -50 пайыздан
артық емес
6. Агенттік бағалы қағаздармен кері РЕПО операциялары -25 пайыздан
артық емес.
Мемлекеттік әлуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялауға
арналған қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2004
жылығы 20 тамыздағы №877 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі, Сенімді
басқаруша ретінде жыл басынан 102690560,2 теңгеге Қордың активтерін
орналастырады, оның 89239113,1 мың теңгесі өтелді.
2006 жылдың 1 қаңтарына қаржы құралдармен жасалынған мәмілелердің
көлемі 79 операцияны құрады, оның ішінде, ҚР Ұлттық Банк ноталарына -46, ҚР
Каржы министрлігінің облигацияларына-3, ҚР Ұлттық Банк депозиттеріне -21
және кері РЕПО операцияларына -8, оладың 70 операциялары жабылды және
11532,7 мың теңге көлемінде инвестициялық табыс алынды.
2006 жылың 1 қаңтарындағы түсімдердің жекелеген көрсеткіштері мен
Қор активтерінің шығысы туралы (Кесте 2) көрсетілген. Инвестициялық табыс
мөлшерінің өсуі-көбіне Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы
құралдарының тізімін одан әрі кеңейтуге және Қордың активтерін тікелей
басқару туралы мәселелердің болашақта шешімін табуына байланысты.
Кесте 2
2005 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтері

Мың тг.
Көрсеткіштің атауы Сомасы мың.теңге
1.Активтердің түсуі: 13886289,3
1.1.әлеуметтік аударымдарды 13722456,1
1.2.төлеу мерзімін өткізп алғаны үшін алынған 52300,5
өсімпұл 111532,7
1.3.инвестициялық табыс
2.Активтердің шығуы 185211,8
2.1.еңбек ету қабілетінен айырылған 6380,6
Асыраушысынан айырылған 3775,8
Жұмысынан айрылу 57,3
2.2.Комиссиялық сыйақы 155919,9
2.3.Қате есептелген сомаларды қайтару 19078,2
Барлық активтер 13701077,5

*Егемен Қазақстан газетінен алынған мәліметтер

2005 жылдың тамыз айынан бастап түскен әлеуметтік аударымдар сомасының
үздіксіз өсуі байқалады. Мұны ең төменгі еңбекақы мөлшерінің көбеюімен және
мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының өсуімен, сонымен қатар төлемшілер
арасында түсіндіру жұмыстарының белсенді түрдн жүргізілуімен, салық
органдарымен, екінші деңгейдегі банктермен және атқарушы билікпен
арамыздағы өзара қызметтің жақсаруымен түсіндіруге болады.
Әлеуметтік саладағы тұрғындарды қамсыздандырудың келесі бір
жәрдемақының түрі халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетумен
байланысты.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-атаулы әлеуметтік
көмек) -жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық
маңызы бар қалада,астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға
(отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем.
Жиынтық табыс-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін
табыс түрлерінің сомасы.
Жан басына шаққандағы орташа табыс-отбасының жиынтық табысының айына
отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі.

1.2. Тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қаржылық
қамтамасыздандырудағы қолданылатын заңдылықтар.

2005 жылы 1 қаңтарынан бастап 2003 жылы 25 сәуірінде №405-ІІ ҚР
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңы қабылданды. Яғни міндетті
әлеуметтік сақтандырудағы мемлекетпен жүзеге асырылатын құқықтық,
экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерді бекітетін тұрғындарды
әлеуметтік қамсыздандырудың формаларының бірі болып табылады.
Заңның бірінші тарауында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі
қатысушылар, олардың компенсациялары, құқықтары мен мінтеттері; түрі,
міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі мәні және мақсаты. Көбінесе
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекетпен бекітілген және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қатысушылар арасындағы
мемлекетпен кепілденген нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асырылады. Ал
міндетті әлеуметтік сақтандыру келесі түрлерге бөлінеді:
1. жұмыс қабілетінен айырылған жағдайда;
2. балалы отбасыларға жәрдемақы берілетін жағдайда
3. мемлекеттік атаулы көмек тағайындау.
Заңның екінші тарауында әлеуметтік аударымдардың мөлшері оларды
есептеу және төлеу тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды төлейтін
төлешінің жауапкершілігі туралы айтылады.
Заңның Үшінші бөлімінде міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша
әлеуметтік тәуекелдік жағдай келген кезде әлеуметтік төлемдерді тағайындау
тәртібі анықталады.
Әлеуметтік төлемдер және оларды алып алулар Заңның Төртінші бөлімінде
жазылған. Көбінесе әлеуметтік төлемдер Зейнетақыны төлеу орталығы және
басқа да құрылымдық бөлімшелер арқылы жүзеге асырылатыны туралы айтылған.
Бұл төлемдер айдың он бесіне дейін төленуге тиіс.
Бөлімнің Бесінші бөлімі толық әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік
сақтандыру қорына берілді. Мемлекеттік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі ретінде әлеуметтік аударымдар
алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған
асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса
алғанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер
төлеуді жүргізеді.
Заңның Алтыншы бөлімі өзіне қорытынды қосымшаларды қосады.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрі-
жәрдемақылар) -бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін
біржолғы жәрдемақы.
ҚР балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
заңнамасы ҚР Конститутциясына негізделеді және осы Заңмен ҚР өзге де
нормативтік құқықтық актілернен тұрады. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта
осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттық
ережелер қолданылады.
Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған
балалары бар отбасылардың:
1.бала туғанда берілетін жәрдемақы;
2.бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;
3.отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы азық-түлік себетінің
құнынан төмен болған жағдайда, балалы отбасыларға арналған жәрдемақы алу
құқығы.
Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы
туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.
Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруді жәрдемақы алу құқығы
туындағаннан кейін жүзеге асыруға болады. Өтініш беруші жәрдемақы
тағайындату үшін жәрдемақы алу құқығы бар отбасының тұрғылықты жеріндегі
тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар:
1.нысаны ҚР Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;
2.баланы туу туралы куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4.отбасының құрамы туралы мәлімет (бала күтімі жөніндегі және
балаларға арналған жәрдемақылар);
5. отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
6.отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет қоса тіркелген өтініш
береді.
Жәрдемақыларды төлеу мен тағайындау тәртібі тиісті Уәкілетті орган ҚР
Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізеді. Уәкілетті орган қажетті
құжаттармен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде
оларды қарайды және жәржемақы тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту
туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган тиісті шешім шығарғаннан кейін бұл
туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас
тартудың себебін жазбаша дәлелдеуге және өтініш берушіге құжаттарды
қайтаруға міндетті. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы
тағайындалмайды.
Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өтініш берген күннен бастап
тағайындалады. Екі және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берілетін
жәрдемақылар әр балаға тағайындалады және төленеді. Балаларға арналған
жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегіз жасқа дейінгі әр балаға
тағайындалады. Жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы
табысы ескеріле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және берген айдан
бастап ай сайын төленеді. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган немесе
кент, ауылдық (селолық) округтің әкімі отбасының материалдық жағдайына
учаскелік комиссияның тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша учаскелік комиссия отбасының
материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкілетті органға
табыс етеді. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық
табысын есептеу балаларға арналған жәрдемақы тағайындату үшін өтініш
жасаған кезде уәкілетті органға табыс етілетін қүжаттар негізінде ҚР
Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі. Жәрдемақылар мынадай мөлшерде
есептеледі:
1.бала туғанда берілетін жәрдемақы-15 АЕК
2.бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға – 3 АЕК
екінші балаға - 3,5 АЕК
үшінші балаға - 4 АЕК
төртінші балаға - 4,5 АЕК
Балаларға арналған жәрдемақы-әр балаға 1 АЕК мөлшерінде белгіленеді.
Жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
бекітілген АЕК мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. Өтініш беруші
жәрдемақының мөлшерін өзгертуге негіз болуы мүмкін мін-жайлар туралы тиісті
уәкілетті органға он бес күн мерзімде хабарлауға міндетті.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР
азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың,
шетелдіктердің, ҚР тұруға ыхтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайндауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге
арналған тиісті бюджетте көзделеген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге
асырады. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір
мүшесіне та, тағайындалады. Отбасының құрамы:
1.толық қамсыздадырудағы балалар;
2.интернат -үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедекткер;
3.мерзімді -әскери қызметтегі адамдар;
4.бас бостандығынан айырылғандағы, мәжбүрлеп емделген адамдар
кірмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын
төленеді. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері уәкілетті
орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық
маңызы бар қалаларда, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген
кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.
Жоғарыда аталғандардан басқа Заңдарда минималды және максималды
сақтандыру премияларының көлемі бекітілген. Сондай-ақ Заңда сақтандыру
сомасын төлеу мерзімі, зиян келтіргені үшін сақтандыру төлемдерінің көлемі
және тағы да басқалары бекітілген.

1.3. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қалыптасуы: әлемдік және
қазақстандық тәжірибе.

ҚР әлеуметтік жүйемен қамсыздадырылуы белгілі этаптармен өтті, яғни
әртүлі еркшеліктеріне тән мінезделеді немесе басқа да осы жүйені
дайындаушылармен бірге тиісті жүйелерді құрастыру үшін халықаралық
тәжірибеге сүйене отырып талданады және өзінің тиесілілігіне қабылданады.
Көптеген зертеушілердің айтуынша әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің оңтайлы
моделі әлі де жоқ әрбір ел әлеуметтік-экономикалық қатынастарды дамыту
негізіне сай өздерінің таңдауын жүзеге асырады.
Сонымен бірге халықаралық тәжірибелерде әлеуметтік қамсыздандыру
жүйесінің төлем қабілетсіздігінен қорғалуы әртүрлі жүйе әлеуметтік және
саясаттық тәуеклділіктерге ұшырайды. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
құрастырғанда нақты жүйенің институтционалды ресімделуіне назар аударылады,
яғни мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қор немесе жеке қаржы және сақтандыру
компаниялары арқылы. Осы жоғарыды көрсетілген варианттардың өздерінің
артықшылықтарымен кемшіліктері бар. Сондай-ақ ең басты критериі болып осы
немесе басқа да вариантты таңдап алғанда жүйенің әкімшілдік ету құны (оны
ұстауға арналған шығындар) және қаржыландыру көзі болып табылады.
Қаржыландыру көздерінен шыққанда әлеуметтік қамсыздандыруды
әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмекке бөлуге болады. Сақтандыру
принципінің сипаттағы болып салымдар есебінен көрсетілген көмек пен
салымдармен әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара тәуекелділігі болып
табылады. Төлемдердің мөлшері жеке жарналар мөлшерунен, сақтандырушының
салымдарынан бағдарланады.
Әлеуметтік көмек принципі бюджеттен қаржыландыруды көздейді. Бюджеттен
қаржыландырылатын барлық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттің қаржы
жағдайынан тәуелді болады.
Францияда, Германияда, Нидерландыды мемлекттік салықтар арқылы
әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырылуы Испаниядан, Италиядан немесе
Ұлыбританиядан ең жоғары деңгейдегі елдері болып табылады.
Француздік әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қаржыландыру салықтар
есебінен жүзеге асырылады. 1989 жылға дейін әлеуметтік сақтандыру қордың
бір бөлігіне 80 пайызға жалпы әлеуметтік қамсыздандыру шығындарына дейін
өсті. Бұл жарналарды есептеу салықтарды бөлек төлеуден және олрға Қаржы
Министрлігі жағынан бақылау таратылмауы үшін іске асады.
Германияда әлеуметтік қорғауда қазіргі кезде төрт қаржыландыру
әдістері пайдаланылады:
1.Тікелей сақтандыру (Direktver Sicherung) -жәрдемақы тікелей
сақтандыру компаниялармен төленеді;
2.Зейнетақы кассалары (Presion Stassen) -бұл метод резервтерді
қайтарылмайтын мекемелерге немесе трасстық компанияларға салады.
3. Қолдау қоры (Unter Sttzungkassen) автономды заңды мекеме болып
келеді, жалдаушыңа қарызға зейнетақы қорынан ақша қаражаттарын береді.
4.Зейнетақы резервтік қоры, баланс есебінде (Pensionsrьckstellugen)-
зейнетақы міндеттемелері жалдаушының шотына жазылады және жалдаушы
резервтік қорға салықтық жеңілдіктерді есептеу үшін мүмкіндік алады. Бұл
Германиядағы ең көп таралған көсіптік қаржыландыру формасы болып табылады.
Германияда әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру проблемасы немесе
әлеуметтік сақтандыру қорларының толтыру проблемасы арнайы құрылған
комиссиямен шешіледі, оған:мемлекет, жұмыс беруші, кәсіподақ мүшелері
кіреді.
Керісінше Даниядағы 79 пайызына жуығы әлеуметтік қорғауды мемлекеттік
салықтар арқылы қаржыландырылады, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудағы ең
жоғарғы ел болып танылды.
Данияда кәсіптік зейнетақы жүйелері көп таралған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы делдалдығының ұғымы
Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының сақтық рыногы:оның жай-күйін талдау және даму перспективалары
Акционерлік сақтандыру компаниялары
ҚР қаржы нарығының дамуы туралы
Сақтандыру нарығы құрылымы
Тарату логистикасы
Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары
Тапсырыс шарттары
Қаржы нарығының ерекшеліктері
Пәндер