Қазақстанның инфляцияға қарсы саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғыдым министрлігі.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті.
Гуманитарлық-экономикалық факулътет.
Экономика және басқару кафедрасы.

Пәні: Экономикалық теория.
Тақырыбы: “Қазақстанның инфляцияға
қарсы саясаты”.

Орындаған: Фк-11 тобының студенті
Шарипова Жадыра
Тексерген: оқытушы Хазезов Д.

Көкшетау – 2007 жыл

ЖОСПАР.

І. Кіріспе:
1. Инфляцияның мәні.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 3
2. Инфляцияның себептері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Инфляцияның түрлері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 7
2. Инфляцияның деңгейін өлшеу.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ...18
4. Инфляцияға қарсы саясат.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

1. Қорытынды:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...24

IV. Қолданған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ.
ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланысты. Инфляция термині
латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада
1861-1868 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз
ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин
Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі ХХ ғасырда бірініші дұниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде
көрінді.
Инфляция жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануы және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс
емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс,оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемалардың бірі.
Қазіргі инфляцияға тәне белгілер:
1. егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция
бүкіл елдің жерін қамтиды;
2. егер инфляция бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазірігі
инфляция көп уақытқа созылатын құбылыс;
3. егер инфляция бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі
инфляция көптеген ақшасыз және т.б. факторларға байланысты болады.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндіру
аяасында болғанымен, оған елдің саяси жағдайлары да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар – ақша
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы
несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпта ұстау үшін
үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және
т.б. факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі,
шаруашылық механизмнің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның
ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с.с.
факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бір-бірімен байланысып, тауарлар
мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрсеткіші – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы
көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды
қууы” деп сипаттады.

ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Мысалы, 70 жылыдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа тауар мен қызмет көрсету
бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979
жылы – 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек
өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі
құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік
реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің
девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюнтурасының өзгеруі мен
сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек,
бағаның өсуіне көптеген себептердің әсері болады.
Коньюнтураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі фазаларының өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ
ғасырдың бас кезіне тән “классикалық түрі”) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыраннан бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасына төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп
әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының
бағалары өседі. Бұл құрылы материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал
олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық көп сәйкессіздіктермен байланысты
екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттің бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дифицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда “ақша станогы” белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігі WV=PO еске түсірсек, М мен Р
көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жұргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа асйдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз елілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл жетілген бәсеке кезіндегі рыноктакөптеген
өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем
ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал
олигополист (желілмеген бәсекелес) едәуі дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдануға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгеін ұстап тұру үшін өндіріс
пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дифицит жасауға тырысады. Өздері билік
жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистер жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі
көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы бврысында “импорттық” инфляцияның қаупі
төнеді. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы сырттан
әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар
бағасының қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күріс шектеулі.
Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы
мұнай экспортын арзандптуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың
экспорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік
қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол “инфляцияны
күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы фактор ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
1. экономикадығы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті және әлемдік
инфляция;
2. жүру қарқынына байланысты – біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен
өседі), үздіксіз және сатылы (бірқалыпты емес) инфляция;
3. даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция (ползучая) – онда
бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды
инфляция (галопирующая) – онда бағаның өсуі жылына орташа 10
проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 %) жетеді; ұшқыр инфляция
(гиперинфляция) – онда бағаның өсуі жылына 100проценттен асады;
Халықаралық валюта қоры баға айына 50 проценттен өссе, оны ұшқыр
инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп
атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса оны стагфляция
деп атайды.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана калыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің, дамуына қосымша оңды әсер
ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-
бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты
өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп
отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20%-200%-ке дейін өсу түрі) -
экономика үшін едәуір қиын жағдай, іскерлік қатынастардың көбі қарқынды
инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан
жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді.
Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша
көлемін шығару мүмкіндігі жетпен қалады екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ қолдана отырып осыны
қалай түсіндіруге болады? Егер М - п есе өскен болса, баға деңгейі сонша
есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V - көрсеткішін де есепке алу
қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған
жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде
ақшаның айналым жылдалдамдығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша
көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу карқыны айналымдағы
ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын
қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір
себебі ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция
жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны байқалады және ресми түрде
есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да
құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі тауар
тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға
сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар және баяу өседі.
Бұл жағдайда бағалардың бір сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі.
Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция
кезінде жеке товар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға немесе оны үкімет арнайы мақсатпен
“жоспарлайды”. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар
бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында
тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай
бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен
бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың инфляциялық тосу
психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі)
экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер
етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша
ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның
құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның
түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады.
Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді , бағалардың өсуі
тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде біз қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында
пайда болатын белгілі италия экономисі есімімен аталатын “Пигу әсері”,
немесе “нақты классикалық қалдықтың әсері” деп аталатын құбылысты
суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, “Пигу әсері” икемді бағалар мен
икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады
екен. Біраз Батыс экономистерінің пікірінше, “Пигу әсері” экономикада нақты
болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамлды білдіреді.

2.1 Инфляцияның деңгейін өлшеу.
Инфляциялық баға индексі арқылы өлшенеді. Инфляциялық деңгейін мына
жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін
алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексін шығарып, айырмасын алдыңғы
жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде
шығару үшін 100-ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға
индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы – 158,2 болды. Сонымен, 1999 жылдың
инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:

Инфляцияның қарқыны = 158,2-154,5 х 100 = 2,3 %
154,5
70-ереже” деп аталатын ереже инфляцияны басқаша анықтауға мүмкіндік
береді. Бұл бағалардың екі еселенуіне керекті жылдарды тез есептеп табуға
көмектеседі. Ол үшін тек қана 70 деген санды жылдық инфляция деңгейіне
бөлеміз:

Инфляцияның екі еселенуі 70

үшін белгілі бір жылдар саны баға өсуінің жылдық қарқыны
Экономистер инфляцияны екі түрге бөледі:

1) Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс
шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап
бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның
өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады. 2 – суретте жиынтық
ұсыныс қарастырылған.

2 – сурет. Нақты ішкі өнім және жұмыспен
толық қамтылғандар
Баға деңгейі және жұмыспен қамтылғандар. Жиынтық шығындар көбейген
кездегі баға деңгейі жұмыспен толық қамтамасыз етілгенше өсе бастайды.
Белгілі бір кезеңде қосымша шығындар таза инфляциялық болады.
1-кескін. Бүл кескінде жиынтық шығын көрсетілген, яғни тұтыну
бағасының шығындары, инвестициялар, мемлекеттік шығындар және таза экспорт
өте аз, өйткені жалпы ішкі өнім өзінің ең жоғары деңгейінен төмен.
Жүмыссыздық деңгейі өте жоғары, ал өндіріс жүмыс істемейді. Жиынтық сүраныс
жоғарылады делік, онда өндіріс көлемі үлкейеді, жүмыссыздық деңгейі
төмендейді, ал баға деңгейі аз ғана өседі немесе мүлде өспейді. Бүл жағдай
еңбек және материалдық ресурстардың қамтылмаған бөлігінің барын білдіреді.
2-кескін. Сүраныс көбейген кезде экономика 2-кескінге жылжиды. Толық
жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейіне келеді, содан кейін одан да асып
кетеді. Сол кезде жүмыспен толық қамтамасыз етіліп болғанша баға деңгейі
өсуі мүмкін. Өндіріс үлғайған сайын материалдық ресурстар көбейеді.
Салалардың кейбіреулерінде "тар жерлер" пайда бола бастайды. Кейбір салалар
өндірістік күштерін түгел жүмсайды, сондықтан олар болашақта өздерінің
тауарларына сүраныс көтерілген кезде, өндірісті арттырумен жауап бере
алмайды: сондықтан оларда баға көтеріледі. Болашақта жалданған
жүмысшылардың саны көбейген сайын, әр жүмысшының орташа өндіріс көлеміне
қосатын үлесі азая түседі. Нәтижесінде жүмысшыларға байланысты шығындар
көбейеді, соған орай баға өседі. Ал жүмыспен толық қамтамасыз етілуге
жақындаған кезде, фирмаларға біліктілігі азырақ жүмысшыны жалдауға тура
келеді. Бүл шығын мен бағаның көтерілуіне ықпал тигізеді. Екінші кескіндегі
инфляцияны кейде өз уақытынан бүрынғы инфляция деп атайды, өйткені
экономика ресурстармен қамтамасыз етілгенге дейін басталады.
Экономика ресурстармен толық қамтамасыз етілген кезде, 2-кескіңцегі
қосымша шығындар және болашақтағы бағалардың өсуі кейбір фирмаларды
ресурстарға сүраныс үсынуға әкеледі, ал кейбір үй шаруашылықтары оған
үсыныспен жауап береді. Өндірістің көлемі үлғаюы үшін кейде фирмалар
қосымша жүмысшылар жалдайды және әдеттегіден көбірек жүмыс істейді. Үй
шаруашылықтары жұмыс істемейтін жастардың және әйелдердің арқасында қосымша
жұмысшыларды қамтамасыз ете алады. 2-кескіннің бүл кезеңінде жұмыссыздық
деңгейі төмендейді, ал жалпы ЖІӨ әлуепік ЖІӨ-нен көтеріңкі болады. Мүндай
жағдайда инфляция азаяды.
3-кескін. 3-кескінде экономика қосымша ресурстарды қамтамасыз ете
алмайды. Фирмалар сүраныстың көбеюіне өндіріс көлемін арттырумен жауап бере
алмайды. Ішкі өнімнің шынайы көлемі өзінің ең жоғары деңгейіне жетеді,
алдағы сүраныстың үлғаюы тек қана бағаның өсуіне алып келеді. Инфляция өте
жыдцам өсе бастауы мүмкін, өйткені жиынтық сүраныс ортаның тауар өндіретін
және қызмет көрсету абсолюттік мүмкіндігінен жоғары. 2-кескіндегі сүраныс
инфляциясы 3-кескінде сұраныстың таза инфляциясына айналады. Шынайы өндіріс
үлғаймайды, сондықтан өсу үстіндегі шығындарды азайта алмайды.
Қорыта айтқанда, атаулы және нақты ЖІӨ-ның арасында қандай айырмашылық
бар екенін есімізге түсіргеніміз жөн. Түрақты баға деңгейі кезінде (1-
кескін) атаулы және нақты ЖІӨ бірқалыпты қарқынмен үлғайды, бірақ өз
уақытынан бүрын болған инфляция кезінде (2-кескін) атаулы ЖІӨ нақты ЖІӨ-нен
тезірек өседі, сондықтан өндіріс көлемі қалай өзгеретінен анықтау үшін ЖІӨ-
ні дефляциялау керек. 3-кескінде атаулы ЖІӨ өсті. Жоғары инфляцияның
күшімен атаулы ЖІӨ өте жылдам өсе алатын еді, бірақ нақты ЖІӨ өзгермейді.
Қысқаша айтқанда, 2-кескін мен 3-кескінде пайда болған сүраныс инфляциясы
атаулы және нақты ЖІӨ-нің арасындағы байланысты бүзады.
2) Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы. Шығын көлемі өзгеруінің
және нарықтық үсыныстың нәтижесінде де инфляция пайда болуы мүмкін. Жиынтық
сұраныс артпағанына қарамастан, сощы жылдары баға деңгейі өсті. Өндіріс
көлемі де, жұмыспен толық қамтамасыз ету де қысқарған кездері болды, бірақ
осымен бірге жалпы баға деңгейі де өсті.
Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың
өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Орташа шығындарды мынадай
тәсілмен шығаруға болады: өндірісте қолданылатын ресурстардың жалпы шығыньш
өндірілген өнімнің көлеміне бөлу керек, яғни:
Орташа шығын (АС) =
Жалпы өндірістік шыгын (ТС) Өнім
бірлігінің саны (ТС)
Өнім бірлігінің саны (Q)
Орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады, ал фирмалар
өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен үсынуға дайын. Нәтижесінде барлық
эконо-мика аумағында тауар үсынысы мен қызмет үсынысы азаяды. Бүл үсыныстың
азаюы баға деңгейінің өсуіне әкеледі. Соған орай, шығындар бағаның өсуіне
итермелейді, ал сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуіне сұраныс әсер
етеді.
Шығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар: а) атаулы
төлемақының өсуі; ә) энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі.
Төлемақыныц өсуінен пайда болган инфляция. Шығын инфляциясының
теориясы бойынша кейбір жағдайларда бүл инфляцияның шығу себебі
кәсіподақтан болуы мүмкін. Бүл былай түсіндіріледі: үйымдық келісімдер
көмегімен кәсіподақтың атаулы төлемақылар мөлшерлемесін (ставка)
қадағалауға мүмкіншіліктері бар. Ірі кәсіподақтар төлемақыны үлғайтты және
мүндай деңгейдегі төлемақыны кәсіподақ қатарына кірмейтін жұмыс-шыларға
тағайындады делік. Егер барлық мемлекет аумағында төлемақының өсуі, қандай
болса да факторларға байланысты теңессе (мысалы, сағат бойынша жұмыс
істеудің үлгісі), орташа шығындар өсіп кетеді. Бұған фирмалар өндірісті
және тауар мен қызметті қысқартуымен жауап береді. Осы жағдайда атаулы
төлемақының өсуі байқалады; бүл инфляцияның түрін төлемақының өсуінен пайда
болған инфляция деп атайды, бұл шығын инфляциясының бір түрі.
Ұсыныс механизмініц бұзылуынан пайда болган инфляция. Шығын
инфляциясын үсыныс механизмінің бүзылуымен түсіндіретін теория өндіріс
шығындарының өсу себептерін және өнімге пайдаланылатын шикізат пен
энергияға ойламаған шығынның көбеюін қарастырады. Мысалы: 1973-1974 жылдары
және 1979-1980 жылдары мұнай бағасы қатгы көтерілді. Осы мезгілде
энергияның бағасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша инфляциясы
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Инфляция және Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Филлипс қисығы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Пәндер