Ойлау әрекеттерінің амалдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстанда демократиялық бағыт түбегейлі қалыптасуына орай соңғы жуық
арада жеке тұлғаның дамытуға арқылы мақсатында білм беру ісін барынша
өркендету ісі жаңаша сипат алуда.
Бүгінгі таңда оқытудың мазмұны мен мән-мақсаты тек білім беру,
біліктілік пен дағдыны игертумен шектелмей, шәкірттің өзіндік дара
ерекшеліктерінің ашылуына, тәрбиесі мен өзіндік дамуына мәдени әрі рухани
құндылықтардан нәр ала отырып өзін-өзі дамытып, өзін-өзі тәрбиелеуін
қолайлы жағдай жасаумен тікелей байланысты.
Заман талабына орай оқытушының жеке өзіне қойылатын талаптар да жоғары
деңгейде қойылуда. Қазіргі кезеңдегі оқыту жүйесіндегі тапқан жаңалықтарға
сай мұғалімдерге қойылатын талап та өзгерді. Білім берудің осы замандағы
мақсаты мен міндеті дегеніміз білім негіздерін арнайы әрітиянақты түрде
игерту болғандықтан мұғалімнен жоғары мәдениеттілік, терең білімділік
жолында ізденіс жасап, үнемі үйретуді мақсат тұтуы абзал іс болмақ.

Айтылған үрдіс бойынша оқу тәрбие-ісінің барлық әрекеті дамыта оқытумен
нық байланысты түрде жүзеге асырылады.
Дамыта оқыту идеясының тарихи тамыры тым әріде жатыр. Мектептің даму
сатысында бүгінгі күннің деңгейі тұрғысынан қарағанда әлемде бұл мақсат
айқын көрініс табумен бірге педагогикалық ой-пікірге аса зор ықпал етіп
қоймай, білім беру мекемелерінің жаңаша қалыптасуына жағдай жасауда әрі
бұрыннан бар оқыту процесін қайта құруға, өзгертуге түрткі болды.
Білім беру ісі – дамудың қозғаушы күші болуға тиіс. Ал білім- оқытудың
маңызды әрі сенімді құралы бола алады. Мұғалім тарапынан өзінің кәсіби
шеберлігінің арқасында оқушылардың даму, тәрбие алуына берілген білім
көлемі ықпал ететіндей етіп оқытуды жүзеге асыруы тиіс.
Қоғам алдында тұрған айқын мақсаттар оның толыққанды мүшесі бола алатын
адамдар арқылы шешілетіні белгілі.
Керісінше адамның дара және жеке тұлға ретіндегі дамуы, мәдениеті мен
қоғамдық міндеттеріне- толыққанды сәйкес келуі үшін қоғам мен жеке тұлғаның
қажеттіліктері тұрғысынан білім беру ісінің сипаты да өзгеріп отырады.
Математиканы оқытуда өткен кезеңдерде оның мазмұнына, оқу-тәрбие
процесінің әдістері мен тәсілдеріне баса мән берілетін. Осы мәселеде
оқытуда әр оқушының мәртебесі тіптен қарастырылмады. Білім беру ісінде
баланы бәрін игеретін, қабылдайтын жанды заттың көрінісі ретінде қарау етек
алды (баршаға бәрін үйрету) ұмтылысуы болуы. Оқытудың өзіндік дара
принципі бұзылып, шынайы жеке тұлғаның қалыптасуы үшін олардың өзіндік
даралығы (индивидуальность), ішкі жан дүниесінің сыры жете ескерілмеді.
Адамның мақсатқа деген таным түсінігінсіз ақылмен ойлаудың, барша
адамда бірдей еместігінен білім игеруде зердесін түрліше жұмылдыратынын
ұстаз ескеруі керек. Бірақ адамның ой санасы әрдайым біліммен саралана
берілмейді. Сондықтан білім беру ісі, яғни оқытудағы мақсат, біздің
көзқарасымыз бойынша, Не істеу керек? дегенге толық жауап беру болмақ,
ал мектепте оқитын оқушы Қалай өмір сүру керек? деген сұраққа жауап
табуы тиіс. Қалай өмір сүру керек? болатыны тәрбиеге қатысты. Осылайша
түсінсек, тәрбиенің түпкі мәні оқушыларды өмір сүруге үйрету. Оқушыларды
тек өмірге үйрету емес, ауқатты жақсы да жоғары қоғамдық өлшемдермен
қатысты түрде өмір сүруге үйрете білу керек. Мектепте оқитын әрбір
жеткіншек білім алу барысында өмірдің мән-мағынасын оның нақты құнды
мазмұнымен терең зерделеуі қажет.
Оқу- тәрбие процесінің негізгі нәзік жері (гл.эл) – баланың жеке тұлға
ретінде қарастырылуы бола алады. Соған қоса ол процеске мазмұн, құралдар,
әдістер, ұстаз қатарлы оқу-тәрбие процесінің басқа элементтері де жатады.
Мұнан басқадай баланың жеке тұлға ретінде сипатында жаңаша сапалық
деңгейдегі жағдай-танымдық, шығармашылықтың пайда болуы да нық байланысты.
Баланың жеке тұлға ретіндегі өсуі барысында жағымды өзгерістердің болуы да
осыған қатысты.
Математика сабағынан ұстаздың мақсатты түрде өткізетін тәрбиелік мәні
бар іс-әректтің нәтижесінде балаларға ғылыми құндылықтарды (бұл жерде
математика) жеке тұлғаның дамуына қолайлы шарттарды жасай отырып, соның
көмегімен оқу материалының мазмұнына сай келетін қасиеттерді, заңдылықтарды
игертеді.
Педагогикалық процесс ұдайы оқушылар мен мұғалімнің ынтымақтаса әрекет
етуімен ғана емес оған көрнеу қатыспайтын ұстаздардың дакөмегімен
жүріп жатады. Ондай ұстаздарға оқу материалының ақпараттық мазмұны мен
көрнекті математик ғалымдарды жатқызуға болады. Тарихи мәні зор оқу
материалдары оқушылардың сана-сезімін, оятып ой-өрісін кеңейтеді, әдеп-
инабаттылық сезімдерін тудырады.
Математиканы үйретуден тәрбиелік мақсаттар: қисынды ойлау біліктілігі;
өз ойын тура, дәл, айқын, қысқа жеткізу; реттілікпен, қажырлылықпен жұмыс
істей білуге әдеттену қатарлы жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Мектепте математиканы тәрбиелік, дамыта оқытудың теориялық моделін
жасаудың бұл арада көкейкесті болмақ. Оқушы тарапынан мұндай оқыту жүйесі
аясында оқу іс- әрекетінің ғана субъектісі болумен қатар, өмірдің де
субъектісі бола алады. Аталған жағдайда оқыту ерекше мән- мағынаға ие
болады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыта тәрбие берудің мазмұны іс-
әрекетке қатысты: бола іс-әрекеттің нәтижесінде тәлім- тәрбие алып дамиды.
Көрнекті педагог Л.С. Выготский тәрбие процесін балада мінез-жаңадан
қалыптасатын мінез- құлық ерекшеліктерінің ішкі заңдылықтары ретінде
қарастырады. Оның пікірінше, тәрбие беру барысының негізінде оқушының еркін
де жеке дара іс- әрекеті болуы тиіс, тәрбиенің шеберлігі осы іс- әрекеттің
жүзеге асуына дұрыс бағыт сілтеп, үйлестіре алуында ( 3. с. 82 ).
сол себептен мұнымен бірге мектепте оқушының нақты танымдық іс-
әрекетін ұйымдастырусыз ешқандай да белгілі бір даму (өздігінен даму) мен
тәрбие жүзеге аспайды. Л. С. Выготскийдің пайымдауынша " оқыту мен
тәрбиенің ара-қатынасы" ең маңызды әрі негігі сауал педагогикалық
психология мәселелерін өзіндік дамумен тәрбие алу жолымен шешуге болады.
Дамыта тәрбиелей оқыту теориясы танымдық іс- әрекеттердің жүзеге
асырудың маңызды бөлігі бола алады. Білім алу жолындағы іс- әрекеттердің
танымдық ықпалын дағды мен біліктілік айқындай алатынын көптеген ойшылдар
мен педагогтар ( Ян Амос Коменский, А. Дистервег т. б) , сондай-
ақпсихолагтар ( А. Н. Леонтьев, П. Я. Галоперин, Н. Ф. Пользина т. б)
пайымдаған, алайда Я. А. Каменский дайын білімді шәкірттерді ынталандыру
жолымен игерте отырып, танымдық әрекетті машықтандыруды ойлады, дегенмен
психологтардың зерттеулеріне қарағанда іс-әрекеттің ынта жігерді шыңдай
түсетіні белгілі болды. Оқытудың әрекеттік консепциясы мен тәрбиелей дамыта
оқыту ұқсас болғандықтан математика сабағында үш бірдей проблемаға көңіл
бөлінеді. Олар: мақсат, мазмұн, оқыу құралдары.
Жыл өткен сайын тәрбиелік дамыта оқыту концепциясы дәлелденәп,
нақтыланып, өңделе түсуде. Мұның негізігі мәні баланың жеке өмірінде жеке
оқып үйрену барысын да шынайы субъект болумен бірге математикадан берілетін
білім мазмұнын жүзеге асыра алатын, одан әрі дамытатын шешуші ықпал етуші
күш. ( решающим фактором развития образования) Даралыққа міндетті түрде
үйрету керек? Бұған жауап беру үшін оқыту ұғымының мәнін ұмтылу мен еркін
өзіндік даму идеясы ( идея ориентации на интересы личности и ее свободные
саморазвитие... ) әлемдік педагогикадағы басты идеялардың қатарына жатады.
Оқушыларға математика пәнінен тәрбиелік- дамыта оқыту арқылы нені
жете түсініп, мектепте математика курсынан оқу материалының мазмұнын жүзеге
асыру үшін оқушылардың дамуы мен тәрбие мәселесімен ұштастыра ой
талқысынан өткізген жөн.
Мектептегі мтематика курсының осы мектептегі оқу мерзімінің бестен
бірін алатынын, онда қамтылған тақырып аясының алуан түрлілігі жеке тұлғаны
дамыту түп негіз болады ( ерекше орын алады) .
Уақыт өткен сайын математика адамның дүние танымын қалыптастыратын
басқа ғылым салаларына да танымдық құрал ретінде шұғыл енуде.
Аналитикалық дәлдік, терең ғылыми математикалық білім әсерімен аса
кең көлемді әрі тартымды оқу материалының көмегімен дұрыс ойлау дағдысын
дамытатын қисынды ойлау тәрбиесі беріледі.
Біздің ойымызша, математиканы тәрбиелік дамыта - оқыту идеясын
қабылдап, дамытып, игеру жолымен оқыту тұжырымдамасының өрістеуіне жаңа
даму жолы ашылып, оқып білім алу барысында жеке тұлға қалыптасумен бірге
бағдарлы білім беру идеясы жүзеге асады.
Бұл кітапта барлық аталған мәселелердің бәрі бірдей жеткілікті түрде
ұсынылып, шешілмеуі мүмкін. Алайда пайымды ізденіспен негізделген жол оның
жүзеге асуына мүмкіндік береді деп есептейміз.

1 математикадан
тәрбиелік-дамыта оқытудың
әдістемелік негіздері.
1.1 Оқыту, дамыту, тәрбие беру оқушыларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру құрылымындағы жүйе құрушы құрам бөліктер.
Тәрбиелік-дамыта оқытудың беташары ретінде келесі бабындық анықтаманы
береміз.
Оқыту ісі баланың тұлғалық ерекшелігін, даралық тұтастығын(
индивидуальный целостност) ескере отырып, білімді толығынан игеруді
қамтамасыз етіп, ең төте әсер етумен баланың дамуына, тұлға ретінде
орнығуына белсенді оқу әрекетін қалыптастырғанда тәрбиелік дамыта оқыту
бола алады.
Оқыту, дамыту, тәрбие беру ұғымдарының ара қатынасын айқындап,
оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына осылардың әсерін қарастыру, ең
алдымен жеке тұлға ұғымымен байланысты.
Жеке тұлға жайлы не білеміз? Жеке тұлғаға көптеген анықтамалар бар.
Бұл жай адамның өзі педагогика, психология, философия сияқты көптеген
ғылымдардың зерттеу нысанына айналуымен түсіндіріледі.
Философиялық сөздікте жеке тұлға анықтамасын ( келесі жолмен)
береді. Жеке - тұлға өзінің құлшыныс мүдде қабылетімен де іс-әрекет,
қарым- қатынасымен де тағы сондай қоғамдық өмірдің субъектісі бола алатын
тумысынан даралыққа ие адам. ( 6, б. 296 ) .
Бұдан байқайтынымыз, жеке тұлға-өзіндік дара- психологиялық
ерекшеліктері басым қоғамда өмір сүретін жан иесі. Жеке тұлға ( перзент )
дегеніміз саналы түрде ойлана сөйлей алатын, еңбек етуге толық қабілетті
жан иесі.
Осынау құбылыстар мен түсініктерді: жеке тұлға, адам, даратумыс иесі,
(индивид, индивидуальность) сөзінің мәнін айыра білген жөн.
Дара тумыс иесі ( индивид ) – адамзат тегінің өкілі бола алатын бұл
да адам баласы. Туа біткен даралық ( индивидуальность) та тумыс иесі
(индивид) ұғымына ұқсас, бұлардың арасында өзгешілік аз.( Бірі- саналы дара
адамның өзіндік қасиетін, келесісі- сол адамның өзін білдіретін атау).
Бірақ туа біткен даралық ( индивидуальность) ұғымын басқаша мағынада-
адамның ( индивид) туа біткен ерекшелігі деп түсінуі керек.
Туа біткен ерекшеліктер- адамда да, хайуанаттарда да айқындала
түсетін өзіндік ерекшелігі бар сапа белгісі бола алады.
Жеке тұлға- адам әлеуметтік қатынастардың нәтжесі болуы себебінен
әлеуметтік көрініске жатады.
Карл Маркс “ Фейербах тезистері туралы ” еңбегінде адамдық сипат-
дерексіз абстракт емес, әр дара тумада ( индивид) болатын құбылыс. Өзінің
іс- әрекетімен барша қоғамдық қатынастарға қатысты бола алады.
Дүниеге перезент болып келіп, әлеуметтік қатынастар аяасында жеке
тұлғаға айналады. “ Жеке тұлға” - адамның әлеуметтік әлеуеті ( сапа емес).
Философтар ( 8-12) мен психологтар ( 13-18) адамның іс- әрекетімен
жеке тұлғаны байланысты түрде қарастырады. Практикалық, психикалық
әрекеттердің қайсысы болса да, адамның әлеуметтік іс- әрекеттеріне жатады.
Жеке тұлға дегеніміз- әлеуметтік дара туманың ( индивид) – адамның іс-
әрекеті мен әлеуметтік бейнесін білдіретін қоғамның бір мүшесі.
Сондықтан шамамен топшалай келе психологиялық сөздікте нақты
көрсетілгендей: Жеке тұлға- біріншіден, саналы іс- әрекеттер мен
әлеуметтік қатынастардың субъектісі болушы дара тума ( индивид); екіншіден,
анықталған қорытындыға сүйенсек, жүйелі әрекеттер мен қатынастар
нәтижесінде қоғамдық өмірде қалыптасатын дара туманың ( инивид) жүйелі
түрдегі сипаттары болмақ. 1- суретте ( 11б) адам, дара тума, субъект, жеке
тұлға, тума даралық ( индивидуальность) ұғымдарының арақатынасы
көрсетілген.

Мұнда әрекеттің айқындалушы ықпалы адамның адамның дамуы барысының
жай- күйі ринципті түрде көрсетілген. Іс- әрекет жетілген сайын адамның
рухани, сымбаттылық әлеуеті де өзгеру үстінде болады. Іс- әрекет- адам
дамуының қозғаушысы. Адам рухани, сымбаттылық дамуының барысында жеке
тұлғаның іс- әрекеті көпжақты да жан жақты сипатта нәтиже береді. Іс-
әрекет- белсенді әрі құнды- танымдық маңызы бар психикалық та практикалық-
адамның біріккен іс- әрекеті- шәкірттердің даму барысының тетігі болмақ.
Баланың тұлға ретінде дамуын қалауымызға сай басқару, оның іс-
әрекетін практикалық әрі психикалық жағынан басқару- тек адамның өзіндік
әлеуметтік іс- әрекетін ғана оны жеке тұлғаға айналдырады.
Баланың бойында қандай қасиеттерді сіңіру керек, қандай ұғымды іс-
әрекеттерді ұйымдастыры оған шәкірттерді қалай қатыстыру керек? Мектепте
оқытудың маңызы оқушыларды жеке тұлға ретінде барынша қалыптастыра алуында.
Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ұстаз іс- әрекетінің негізгі мән- мазмұны-
ғылым негіздері үйретуде.
Ұстаз өз іс- әрекетінің нәтижесіде мұқият талдау жасай алуы керек.
Бұлай етпейінше, шәкірттердің жеке тұлға ретінде қалыптасу барысында
бақылау жасай алмайды.
Ұстазды жеке тұлғаны қалай өсіріп шығару керек деген сауалдың жолын
табу ойлантуы тиіс. Жеке тұлға ұғымының маңызын маңызын айқындағаннан
кейін оқушыларды оқыту, дамыту, тәрбие беруді нық байланыста жүзеге
асырудың мүмкін болатын жолдарын қарастыруы тиіс.
Даму дегеніміз- баланың іс- әрекет барысында және оның нәтижесінде
өзгеруі. Қалытасу дегеніміз- дамудың сапалық баспалдағы, сапалық
кезеңдері.(Қалыптасу дегеніміз- кезең- кезеңімен жаңа сапалық деңгейге
көтерілу). Мысалы: Мектепке жаңа келген баланың жазу дағдысы бірте- бірте
даму үстінде болады, бірақ дағды әлі қалытаса қоймайды. Сонымен даму-
сандық және сапалық тұрғыдан жалпылама өзгеру, ал қалыптасу- оның сапалық
деңгейге көтерілу барысын білдіретін ұғым.
Дамудың педагогикалық тұрғыдан басқарылатын да, басқарылмайтын да
жақтары ( элемент) бар.[5]
Басқарылмайтын жақтарына тәрбие беру ісінен тыс, қоғамдық өмірдегі
жағдайлар жатады. Мысалы: белгілі дәрежедегі жеке тұлғаның сипаты қоғамда
орын алып отырған қатынастармен анықталады. Ал дамудың басқаруға келетін
жақтары оқушының тәрбие алуда өзін өзі басқаруы мен тәрбие жұмысының
көмегімен педагогикалық үйлестіру беріледі. Бұл жайт білім берудің
педагогикалық құбылысының негізі бола алады.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы оқыту, дамыту, тәрбие беру ісінің ықпалы
жайлы сөз қозғау үшін, оқушыларды оқыту барысында туындайтын заңдылықтарды
айқындағанымыздай, күрделі іс- әрекеттерді ойластыра білген жөн.
Оқыту ісі үйретуші мен үйренушінің үйрету, үйрену әрекеттерінің
тұтастығы ретінде қарастырылатыны белгілі. Басқаша айтқанда, білімді беру
мен оны игеріп білімдік жүйені қалыптастыруда оқытудың мақсаттары мен
міндеттерінің сәйкестігін дидактикалық үшбұрыш ретінде көрсетуге болады.

Білімді беру. ( үйрету)

Білімдік жүйенің қалыптасуы. Білімді игеру.
2.с Үйрету, үйрену әрекетерінің тұтастық заңы.
Ұстаз тарапынан білім негіздерін үйретудің әдістері мен құралдарын, түрін (
форма) айқын жүйелі түрде игеріп, жете білуі тиіс. Бұл міндеттерге қоса
оқытылатын пәндер бойынша білім деңгейін бақылау мен бағалау қажет.
Үйренушілер оқу пәндерін ұстаздың жетекшілігімен үйрену барысында оқу
пәндерінің мазмұнына сәйкес білім, біліктілік пен дағдыны меңгереді.
Оқушылар оқытудың барысында білім, біліктілік пен дағдыдан басқа дүние
танымы кеңейеді. Сондықтан оқыту ісі үйренушінің жеке тұлғаға айналуына
әсер ететін бірден- бір құрал болып табылады ( 20-23) .
Оқыту, тәрбие беру мен дамыту ісін оқыту мен тәрбие беру заңы аясында
педагогикалық үшбұрыш түрінде көрсетуге болады.
Оқыту

Тәрбие Дамыту
3с.Оқыту, тәрбие берудің тұтастық заңы.
Оқыту мен дамытудың ара қатынасын қарастырып көрейік. Ғылымда бұл ара
қатынас жайлы әртүрлі пікірлер баршылық. Оқытудың ықпалымен дамудың да
өрістейтінімен У. Джемс[ 24] , Э. Торндайх[ 25] , Дж. Уайтсон[ 26] ,
К.Коффка[27], келіседі. Олардың ойынша, оқыту ісі дамуға әр қадам сайын
ағынды түрде берілсе оқытудың дамуға сәйкес алға басқандығы болып табылады.

Басқа бір пікір де бар, француз психологы Ж. Плаже[ 28] және олардың
ілімін ұстанушылардың ( мектебінің) ұйғарымына сүйенсек, оқыту мен дамудың
өзара байланысын жоққа шығарады.
“ Бала оқытылса да, не керісінше де оған тәуелсіз түрде қажеттіліктен
сатылық қарқынмен баланың ойлау қарқыны жүрілетінін” Ж.Плаже құптайды. Ж.
Плаженің ойынша, оқыту ісі- дамудың пісіп жетілуінің тек ішкі шарты ғана.
“ Даму ( құбылысы) мүмкіндік тудырады, ал оқыту ( ісі)- оны жүзеге
асырады” , басқаша айтқанда, “ оқыту әрекеті дамудың соңынан ілеседі”. [
29. 225-226-б] Ж. Плаженіңтеориясы [ 28] балалардың жас шамасына қарай
“олар нені түсіне әрі игере алатындығын, оларда танымдық қабілеттің
жетілуіне орай”, оқыту керектігі әйгілі айқын ... оқыту принципіне сәйкес
келеді.
Көптеген зерттеушілердің ұйғарымына ие болған Л. С. Впайымдауына зер
салайық. Оқыту өзімен бірге дамуды да қоса ала жүреді, баланың психикалық
дамуына зор әсер ететіндіктен оны ілгері оздыра жүргізу керек. Оқыту ісі
дамудың тек жақын мезеттегі нәтижесі ғана емес, алыс болашаққа бағытталуы
тиіс, оқыту дамудың ізімен ғана жүруі тиіс емес, онымен қаз-қатар да жүруі
тиіс емес, дамуды алға жылжыта түсіп жаңаша қалыптасуын тудыруы тиіс .
[29.23-б].
Л.С.Выготскийдің осы тұжырымына американ психологы Дж.Брунер ден
қойып, ғылым негіздерін ең ықшам деңгейде үйреткенде де баланың танымдық
дамуының қалыпты өту барысында көз жұма қарауға болмайтынын
ескерткенболатын. [ 30.364-б]. Л.С.Выготский оқыту-дамудың қайнар көзі
екенін дәлелдеп, мұғалім оқушыдан дамудың көкжиегін межелеп, шәкірттер
жетуі тиіс даму деңгейін есепке алу жолымен олардың келесіде жетуі тиіс
көк жиегіне қозғау салуы тиіс. Педагогика,- деп жазды Л.С.Выготский,-өткен
кезеңге емес,бала дамуының келешек кезеңіне бағдарлануы керек. Тек сонда
ғана әзірше жақын дамудың аясында болатын өмірдегі даму барысын оқыту ісі
арқылы ілгері бастыруға болады.[29.251- б] .
Осылайша Л. С. Выготский негіздеген іліміне қарағанда оқыту мен даму
тұтастықта жүріледі, оқытуға қарағанда дамыту басым түрде болғанда нақты
даму баянды болады.
Л.С.Выготскийдің дамыта оқыту идеясын онан әрі білім беру саласындағы
зерттеулерінде П. Я.Гальперин [15,31,32], В. В. Давыдов[38,39,40], А.
В.Занков[37], А. Н. Леонтьев[33-36], Д. Б. Эльконин[17,18] ғалымдар онан
әрі дамыта түсті.
Дамыта оқыту теориясы қазіргі уақытта біртұтас ғылыми тұжырымдамаға
айналған жоқ, текті бағытта өріс алуда. Осынау әр алуан бағыттағы ғылыми
ілім мектеп жолындағы ізденістер дамудың әралуан сырына жол ашты. Даму
ұғымы мен даму тетігі ұғымдарының өзі оншама айқын емесболу себебінен, бір
жағынан даму деңгейінің өлшемі( критерий) әлі тиянақты жасалмаған [41.168-
б]
Дегенмен, Е. Н. Кабанова-Миллер [42] ,Д. Н. Богоявленская [43]
қатарлығалымдардың пікірінше, дамыта оқытудың негізгі міндеті оқушыларды
ойлау іс-әрекетінің амал- тәсілдеріне үйрету; П.Я Гальперин[15,31,32],
Н.Ф.Талызина[44-46] қатарлы ойынша, оқушыларды ойлау әрекетіне сатылай
өрлеу жолымен қалыптастыру оқу ісінің бағдарлы негізі болуы тиіс.
Психологиялық әдебиеттерде шәкірттердің ой- өрісін дамытуда оқытудың
айқындаушы, шешуші ықпалы анық көрсетіледі. З.И.Калмыкова[47] ондай дамыта
оқыту –ісі оқытудың қолайлы жағдайында мүмкін болатын ұтқыр(өнімді-
продуктивно) ойлауды қалыптастырады деп есептейді. Оның ойынша: “Оқытудың
ықтимал қолайлы жағдайы жекелеген оқушы үшін оңтайлы (оптимальный) болуы
мүмкін, ал басқа оқушылардың ұтқыр ойлауының шыңдалуына тиімділігі аз соғуы
мүмкін [47,6-б].
З.И.Калмыкова [47,48] оқытуды сынып ішілік жеке дара жұмыс(әр оқушыға)
жүргізуде кеңірек әрі ауқымды түрлендіре өткізу балалардың жас шамасы мен
ой-өрісінің дамуындағы тоқыраушылықтың алдын алу, бүгінгі талапқа сай
келеді.
Дамыта оқытуда негізгі екі бағыт белгілі: В.В.Давыдов[39] және
А.В.Занков[37].Бастапқысы Л.С.Выготсаий,Д.Б.Эльконин[17], А.Н.Леонтьев[34]
дәйектемесімен, келесісі педагогикалық, психологиялық жетістіктерден осы
заман талабына сай творчествалықпен тәжірибе жинақталған Л.В.Занковтың
дәйектемесі.
В.В.Давыдовтың[38,39] теориясының негізінде оқытуды ұйымдастыруда
әдістерді, ұтымды түрде таңдап алабілу арқылы теориялық біліммен баланы
қаруландыру айқындаушы мәнге ие болатыны жайлы ой толғам айтылған.
Дамуды Л.В.Занковтың [37] дидактикалық жүйесінде бала психикасында
оқыту нәтижесінде берілмей, ішкі, терең процестер нәтижесінде туындап
жаңадан пайда болған көріністер ретінде қарастырады. Л.В.Занков [37] дамуды
психикадағы әрбір пәрменді өзгерістер баланың ақыл, еркі мен сезімінің алма
кезек әсер етуінің бөлінбес нық тұтастығының куәсі ретінде қарастырады.
Оқыту-ісі оқушылардың жоғары дәрежеде жалпы дамуына бағыттала оқу
материалдарын шапшаң қарқынмен аса зор қиындықтар деңгейінде өткізіледі.
Л.В.Занковтың пікірінше, дамудың айрықша жақтары (бақылау қабілеттілігі,
ойлау, практикалық әрекеттер, эмоциялық-ерік ерекшеліктері), әрекетшілдікке
адамның құлшыныс танытудағы беталысы, (генеральная линия) өмірдің әр
саласындағы адамның табысқа жеткізетін әрекеттерінің дамуымен айқындалады.
Ресейдің білім беру саласындағы дамыта оқытудың бұдан өзгеше бірнеше
теориясы жасалып тексерілуде ( негізінен бастауыш мектепте). Мысал ретінде
Ш.А.Амоншвилидің өмір мектептері [50] түріндегі ынтымақтыстық
педагогикасын алуға болады. Таңдаулы (идеальный) мектеп үлгісі ретінде
К.Н.Ветселдің [51] Еркіншіліктегі баланың үйлері түрінде,
В.А.Сухомлинскийдің [52] Қуаныш мектептері түрінде т.б. кескінделді.
Қазіргі Ресей педагогикасында жеке тұлғалық- бағдарлы дамыта оқыту
тұжырымдамасы И.С.Якиманский жасаған психологиялық бағытта өрістеуде.
И.С.Якиманский оқытудың маңызы оқушының өзіне тән (тумыстық)
қасиеттерін ( индивидуальность) дамыта түсу екенін алға тартады. Бұған
қарағанда оқуға деген ұмтылыстың тууы, оқу ісіндегі белсенділік, ойлаудың
дербестігі мен субьективтік тәжірибенің байи түсуі Оқыту-ісі еш
құмарланусыз пайда болатын танымдық әрекет емес. Бұл әлем белгілі бір
құбылыс ақиқатын оқушының ой-санасына мән-маңызымен арақатынас заңдылығымен
олардың жинақталған өмір тәжірбиесіне сүйене отырып жеткізу. Осынау
тәжірбиенің мазмұны айқын, әрі кеңінен қолданылған болуы керек, білім беру
тәжірибесінде қажетті өзгерістер жасалып ғылыми мазмұны байытылуы
керек.[53.26-б] . Оқыту мен баланың дамуы ойдағыдай болады, оқу әрекетінің
барысында нағыз шәкірттердің туып шығуына дамудың ішкі тетіктерінің
әрекетінде пайда болдыруы керек.
Оқу іс-әрекеттің барысында нағыз шәкірттердің қалыптаса бастауы, даму
тетіктерінің ішкі әсерін жандандыра түскенде оқыту ісі мен баланың дамуында
табысқа жетуге болады. Дамуды үйлесімді етуде басқарудың түрліше-яғни:жеке
және іштей жолдары қажет болады. Оқушының жеке басқаруы дегеніміз өзінің
дамуымен жеке тұлға ретінде өзіндік сипатпен көріне алуы. Ал іштей
басқаруға мұғалім тарапынан білім алушының дамуын басқарды. Оқушының жеке
тұлға ретінде дамуы үшін оқу материалының мазмұны әралуан, әр баланың
түсінуіне жеңіл болуы керек.
Осы арада оқыту мен дамудың арақатынасына тоқталамыз. Оқыту деп
атайтынымыз - әлеуметтік тәжірибеде жинақталған тәжірибені жас буынға
игерту мақсатында арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттердің кешенді жүйесі.
Тәрбие- жоспарлы да мақсатқа бағытталған тиісті амал-тәсілдермен
(определенные установки) адамның ақыл-ойы мен тәлім-тәрбиесін ықпал ету
арқылы олардың таным-түсінік, әдеп-инабат, салт-сана, әдет-ғұрып, ар-ұждан,
дәстүр құндылықтарының дамуына қажет жағдайларды жасай отырып, қоғамдық
өмірге, өнімді еңбек дайындау [19.65-б].
Оқушылардың оқуы мен тәрбиесіне байланысты көрнекті философ,
педагогтардың ұсыныстары, психологиялық ілімнің талдау қорытындыларына
сүйеніп, Л.С.Выготский келесі теориялық қортындыны жасаған:
Тәрбие жұмысының негізіне оқушының жеке іс-әрекеті қойылуы тиіс,
тәрбие берушінің шеберлігі осы іс-әрекетті үйлестіріп, бағыттап беруге ғана
жұмсалынуы тиіс. Әлеуметтік орта тәрбие жұмысының шынайы ықыласы, сонан да
мұғалім барша міндеті осы қайламен басқаруға қол жеткізу болмақ.[5.82-
83.б] .
Тәрбиенің құрамдық бөліктері:әлеуметтік орта, мұғалімдердің тәрбие
жұмысы, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. Тәрбие жұмысынсыз тәрбие де
болмайды, бірақта әлдебір тәрбие жұмысы таңдап алынғанмен, тәрбиелік
нәтижеге жетпеуі мүмкін. Тәрбие ісінің ықпалдығы болуы үш жақты мәнге
ие:оқушы ықпалы мұғалім ықпалы, осыған қоса әлеуметтік ортаның
ықпалы.[5.89]. Мұғалім баланы мақсатқа бағыттай тәрбиелегенде олардың
өздерімен, әлеуметтік ортасымен, қалауларымен сай ұстаздарымен бірлесе
тұрақты антымақтаса әрекет етуі тиіс. Тәрбие жұмысы практикамен ұштастырыла
жүргізілгенде ғана-балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатына
бағыттап балаларды ұйымдастырып тәрбие ісін жүргізеді. Оған қажетті әрекет
түрлері ( мұғалім, оқушы), өзара іс-шара жүргізуі қажет. Оқытуда ( оқу,
оқыту) іс-әрекетсіз оның жүзеге аспайтыны сияқты өзара іс-шараларсыз
тәрбиеде болмайды. Л.С.Выготскийдің бұл идеясына авторитарлық педагогиканың
талаптары қайшы келеді, мұғалім өзінің оқу-тәрбиелік мақсаттарын жүзеге
асыру жолында оқушылардың қызығушылығы мен талап-тілектерін ескерместен
мұғалім балаға жіті әсер етіп (эффективно-воздействовать) жееккөрінішті
болып келгенін ескертпеді.
Тәрбие-тек тәрбие беруші тарапынан ғана емес, танымдық жолға түскен
тәрбиеленушілер тарапынан да ынталы шығармашылыққа тән мәні зор іс.
4-суретте жеке тұлғаның дамуына тәрбиенің игі ықпалының шарттары
кескінделген.

Тәрбиенің жеке тұлға дамуына тигізетін ықпал шарттары тиімділігінің

Қоғамдық талаптар
Жас ерекшелігі мен жиынтығы тумадаралық жиынтығы

Даму жалпы
заңдылығы жиынтығы Жеке тұлғаның белсенділігі

Тәрбиенің
Мазмұндылығы
Дамудың жақын
кезеңдік бағдары

4-сурет. Тәрбие мен дамудың арабайланысы.

Басқару өнері мектепте білім алушылардың іс-әрекетін қажет болғанша
пәрменді ету кезінде қайшылыққа, қарсылыққа тап болса бытырау-
араздықтық, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған өміршең жағдайды
тудырудағы біліктілік осы тәрбиенің ісінің барысын қорытындылау.
Мектеп оқушыларының іс-әрекетін жандандыра түсуде бытыраңқылық-
қарсылық,қайшылық орын алғанда, өмірде педагогикалық тұрғыда
ұйымдастырылған жағдайды тудыруға қабілеттілік тәрбие арқылы басқару
өнерінің қорытындысы болады. Мұғалім әлеуметтік ортадағы өзгерістеодің
ерекшелігін тани біліп, оқушылардың сана – сезімінде, тәрбие-тәртібін
жаңаша өріс жолында олардың іс-әрекетін мақсатты арнаға педагогикалық
тұрғыдан бағыттай алуға міндетті.
Л.С.Выготскийдің педагогикалық психологиясы негізінен тәрбие
мәселелеріне арналған. Педагогикалық психологиядан кейінгі зерттеулері
негізінен оқыту туындайтын сауалдарды түйіндей түседі. Л.С.Выготскийдің
Педагогикалық психология [5] кітабына берген алғы сөзінде В.В.Давыдов
Көрнекті психолог ретінде Л.С.Выготский үшін тәрбие беру ісі балалардың
дамуында тәлім – тәрбиенің жаңа қасиеттері қалыптасуға ішкі негіз бола
алынды [5.9-б]
Дамыта оқыту жүйесіне оқыту мен тәрбиені қарсы қоймай-ақ, ендігі
уақытта тәрбие беру ісінде жаңаша педагогикалық ойдың бір арнаға түсіп,
озық сипат алатынын атап өтпекпін [5.9-б]
Оқытудағы озық тәрбие жеке тұлғалық – бағдарлы білім берудің
методологиялық негізі ретінде гуманистік философия ілімінен бастау алады.
(Даму сонымен бірге білім берудегі ісінде белгілі бір кезең бола алады).
И.А.Ильин былай деген Тәрбиеден тысқары берілген білім жалған
болумен бірге аса қатерлі. Ол адамдарды көбінесе білімі шала-шарпы,
күмәншіл де, томаға-тұйық өркөкірек те даңғаза, тайынбас та ұятсыз
атаққұмар етіп; шектен асқан адам қасқыр етеді [56.309-б]. Сол себептен
тәрбие берудің мақсат міндеттері оқытудың мақсат міндеттерінен әлде қайда
маңызды. Осыған ұқсас пікірді В.В.Зеньковский [57], С.Т.Щацкий[58],
В.А.Сухомлинский[52] де айтқан болатын.
С.Т.Щацкий[58] нақтылай ерекшелеп айтқандай, тәрбие баланы өз өмірін
мақсатты түрде өзгерте алатын, жеке тұлғаға айналудағы әлеуметтік
тәжірибені жинақтай алатын, өзі өмір сүрген ортаның жағдайымен санасатын
етіп тәрбиелейді.
Бүгінгі таңда ақ келелі де өзекті жағдай, тәрбие негіздерінің
құндылықтарын мәнәнің арта түскеніне осының бәрі айқын дәлел. Адам - өз
бойында тумыстық қасиеттер мен ар-ожданның орныға түсіп, ақыл иесі ретінде
абырой атаққа кенелетін тәрбиенің асқан зор құндылығы.
Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы – оқытуда мейірбандылықты
ұстанып,( гуманизация) мектептің бала үшін жұмыс жасайтынын ескеріп,
олардың жеке басын , абырой –атағын құрметтей біліп, оларға сенім артып,
мүдделерімен талап-тілектеріне көңіл бөлу жөн. Бұлай еткенде, балалардың
қабілет-мүмкіндіктерінің ашылып дамуына барынша қолайлы жағдайлардың
жасалынуы болмақ.
Тәрбие мәселесі халықтың педагогика мен халықтың мәдени-педагогикалық
дәстүрінің тірегі ұғымында дамып келгенмен кеңестік дәуірде коммунистік
идеологияға (санатаным) бой ұрғаннан соң “білім беру ” ұғымымен
алмастырылып, тәрбие оның бір бөлшегі ғана болып қалды.
Кеңестік тәрбие шектен тыс таптық мазмұнмен (сипат) ерекшеленетін де
кез келген өмірлік мәндік жайттар мемлекет, қоғам, ұжым мүддесі тұрғысынан
шешілетін. Осылайша, сол кездегі білім беру жүйесі мемлекеттің санатанымның
(идеологияның) тапсырмасын орындау бағытында ашық сипат алған. Бұл
идеология “тәрбие оқыту” теориясымен нығатыла түсуі оқыту мен тәрбие беру
технологиясы да, білімнің ғылыми өзегі де идеологияландыру ықпалында
қалғандай болды. Тәрбие берудің негізгі тәсілі барша балаға олардың
тумыстық және даралық (индивидуальность самобытность) қасиеттерін ескермей
педагогикалық бірдей талаптың қойылуы болатын-ды.
Мектепте оқушылардың тәртібінде, жеке таным-түсінігі мен көз
қарасында көзге түсер жайттар ьолмауына олқылықтарының өрбіуіне құпия шек
қою үрдісі орнықты.
Мектепте білім, қабілет, білімділік, дағды ең жоғары құндылық
көрсеткішіне айналып ол адамның өзі мен жеке тұлғалығы тұншықтырылуынан (
тұмшалануынан) білім беру жүйесінде білім алу бағыт бағдары (знаниевая
орентация) қиындай түсті. Балаға оқытумен тәрбие беруде “объект” ретінде
қарау салдарынан мектеп жұмысының мақсатын басқа бағытқа бұрып жіберді.
Нәтижесінде, оқыту мен тәрбие берудің идеологияланған қатаң амалдары жеке
тұлға саналатын білім алушыны оқу тәрбие процесінен алшақтата түсті, мектеп
тарапынан қойылатын талаптарға қарсы келіп, оқуға деген ынтасын жоғалтты.
Сондықтан кеңестік дәуірдегі білім беру ісі қоғамды қайта құруға
қабілетті адамды тәрбиелеуде үмітті ақтамады.
Е.В.Бондаревская былай деп атап өтеді: “Философиялық және әлеуметтік-
психологиялық зерттеулер адамның жеке өмірде мәдениетке ден қоюы,
тіршілікке қабілеттілік, әсіресе ар-ождан ұстанымдылығы қатарлы
қасиеттердің азаю үрдісі (тенденция) түйіндеп дәлелдеуде. Қыспақ көрсету,
басып жаншу көрінісінің артқанын атап өтуде. Мектеп ауқымында баланың жеке
даралық еркіншілігі жоқтығы (дизиндивидуализация личности) мен үйренісіп
кете алмаушылығы (дезадаптация) белең ала бастады ”[59.9-10-б].Бұл
жағдайлар тәрбие беру ісінің құлау сатысына жеткенін айғақтап бергендіктен
қоғам алдына қойған шарттарының өзгеруінен тәрбие (беру) әдістері мен
құрамдарын мақсатқа қолдану қажеттігі пайда болды.
Білім беру саласында соңғы 10-15 жыл ішінде иновациялық процестер
көтеріліп, кеңестік жүйе ыдырауымен орайлас білім беру мекемелері жұмысында
дербестік (автономизация) мен білім жүйесіндегі түрлендіре оқыту
(дифференцияция) қолданысқа енді. Мектептерде тәрбиелік – дамытушылық және
жеке тұлғалық – бағдарлы білім беру (воспитательно-развивающего и личностно
– ориентировоннего обучения) идеясына деген қызығушылық арта бастады.
Шетелдік педагогикада өріс алған дидактикалық тұжырымдамаға
негізделген пәрменді бағыттағы (феноменологическое направления) ұтымды үлгі
(рационалистический модель) дәстүрлі парадигмаға жүгіну қажет.
Идеялық пікір алуандығы (плюрализм ) теориялық үлгілер талқыға түсіп,
әр түрлі дидактикалық парадигмалар сол кезде – ақ пайда болады.
Дидактикадағы дәстүрлілік мектептің “әдеттегі ықпал ” (консервативный
роль) сақтау идеясына тым жақын.
Мұның мәні мектеп өзінің өткендегі білім беру әдісін сақтау керек
дегенді білдіреді.
Дәстүрлілік Франциядағы педагогикалық ойдың өрбуімен сипатталады.
Оның көрнекті өкілі Э.Шартье (Ален). Білім беру ісінің маңыздылығы,
Э.Шартьенің ойынша; болашақта жалғастығын табуы тиіс тәжірибе мен идеялар
негізін игеру болып табылыды. Мектепте білім алушы өзінің танымдық іс-
әрекетін басқара алуы әрі жаңадан білім алуда қиындықтан жасқанбауы
керек[60].
Батыстағы мектептік білім беру ісінде мектептің тиімді моделі күшті
әсер етуде. Мектептен асатын білімді олар объективтік факт жүйесі деп
есептейді. Ұстаздардың оқу процесін тәлімдік бағдар беру ретінде алып
қарастырады (американдықтар В.Блум [61,62], Б.Скинер[63] және тағы
басқалары). Кез келген білімдік бағдарламалар адамға тән күрт
әрекеттестіктің барлық түрін (пікір, сезіну, іс-әрекет) көрсететін тәлімдік
(поведенческих) терминдер тіліне аударылуы керек деп есептейді олар.
Мектепте білім беруде жаңашыл бағыттың өкілдерінің көз қарасы басқаша.
Олар білім берудің гуманистік бағытын жария етіп, мектепті “Өндірістік
конвейер” ретінде бағалауға тиым қарсы шығып, оқытуда әр оқушының жеке
тұлғалық, бірдейлік жекелігі болуы керек деп есептейді.
Осы бағытты ұстанушылардың арасында американдық ойшыл А.Маслоу [64]
ерекше әйгілі.
Дидактикада жаңашыл бағыттағы бірнеше тұжырымдар мен теорияларды
келтіруге болады: “Жаңа педагогика”, “Ашық оқыту”,”Дерективтік
дидактика”т.б. Патерсон оқушыларға істің жөнін тауып, мақсатты өздері
таңдауға мүмкіндік жасауды алға тартады. Мұғалім бұл жағдайда “танымның қай
нары” әрі жанды бейнесіне айналғандай әсер етіп, таным процесі жеңілдене
түспек У.Перки “шақырылған оқыту” идеясын көтереді, онда оқытушы өз
оқушыларына шын ықылас таныта білсе, олар оқу үйренуге ынталана түспек.[60]

Егер Батыстағы қазіргі дидактиканы жетілдірудің орталығында АҚШ тұрса,
Шығыста ондай орталық Ресей болып қала берді. Әлемдік педагогикада,
Қазақстан мен Ресей білім жүйесіндеөріс алған, білім беру процесіне талдау
жасаудың парадигмалық жолын соңғы жылдары өз зерттеу еңбектерінде
А.С.Абылқасымова[65,66],М.В.Богусло вский[67],В.В.Давыдов[39],Г.Ф.Карпо ва[68]
,Т.Н.Карпова[69],М.В.Кларпин[70,71, 72], И.А.Колесникова[73,74,75],
И.С.Якиманская[53,54,55] және т. б. қолдануда.
Тәрбиелік дамыта оқытудың жинақталған жүйесінің дұрыстығын құптаумен
бірге жеке біреуіне артықшылық беруге де ұмтылуға болмайды. Оқытудың
жекелеген жүиесін ғана басшылыққа алғанда оның келешектегі дамып
жетілдірілуі олардың өзара пайдалы әсерлілігі мен өзара кірігуінен
тәрбиелей дамыта оқытудың жүйесі жаңадан қалыптаса түсетінін құптауға
болады.
Оқушылардың дамуы мен тәрбиесі проблемасына атақты
математиктер:Александров[76], Б.В.Гнеденко[77], Н.Я.Виленкин[78],
А.Н.Колмогоров[79], А.Д.Кудрявцев[81], А.И.Маркушевич[82,83],
А.Я.Хинчин[84] және тағы басқала, психологтар В. А. Крутецкий[85], Л.И.
Фридман[86,87] және тағы басқалар өте көп назар аударды.
Оқыту мен тәрбие біртұтас бола алатыны, біріншіден, мазмұнының негізін
интелектуальдық дамудың шешуші міндет атқаратыны, екіншіден, рухани
жағынан жеке тұлғаның дамуы оның мазмұнының негізін құрайтыны басты
ерекшелік бола алады.
Сондықтан тәрбие, даму, оқытуды әдейі бөлшектеп, бір- біріне қарсы
қылып, бұрмаламасаң, білімдік процестің құрамдық бірегей, тұтас бөліктері
бола алады. Сондықтан тәрбие, даму, оқытуда әдейі бөлшектеп бір- біріне
қарсы қоймау керек, олар білімдік процестің бірегей тұтас құрамдық
бөліктері.
Тәрбие беру, дамыту оқытудың арақатынасын қарастырғанда осы ұғымдардың
нық байланысымен жүзеге асуының сырын ашу қажет.
Біздің ойымызша алда айтылғандай, баланы жеке тұлға ретінде
қалыптасуымен сипатталатын келесі принциптер бойынша тәрбиелік- дамыта
оқытудың қозғаушысына айналады.
1. Жеке тұлға қалыптасуының творчествалық ( шығармашылық) сипаты.
2. Баланың жеке тұлғалық қалыптасуында тәрбие процесі қозғаушы сипат
алады. Тәрбие мен дамудың қайнар көзі ең алдымен оқушының өзінде,
оның өзіндік ( субъективный) тәжірибесінде, жеке тұлғалық
қажеттілігінде, баланың табиғи бітіміненекенін түсіну керек.
3. Бала дамуының барлық кезеңінде пайда болмайтын құндылық. Оқытудың
мазмұны баланың тұрақты дамуына ілгерілілеу
сатыларымен(үйреніс(адаптация),дара ланушылық,(индивидуализация),
интеграция (жеделдету)) үйлесімді әдістермен сатылы түрде соны
(пәрменді) екпін бере (стимулировать) ой-өрістің дами түсетіндей
болуымен бірге сондай әдістер мен құралдар көмегімен жүрілуі керек.
Қазіргі ахуалда әр даму кезеңіне тән қиындық тудыратын
проблемалардың қордалануы кері әсерлер тәуелділік, сенімсіздік
болады. Нәтижесінде ойдағыдай сатылап ілгерілеуі жеке тұлғаның
барынша ұстамды құрылымының қалыпқа түсуі болмақ (Л.С.Выготский)
[5]
4. Жеке тұлғаның қалыптасуында белсенді іс- әрекет, өзбетімен ойлау
әрекеттекрін басқару жүйесінің өріс алуы, қызығушылық, сенім мен
озық ойлаңдау (идеал) қатарлы осынау тұлға үшін маңызды қасиеттер
орнығуы керек. Тәрбие беру, дамыту мен оқытудың лықсыған қуатын
жұмыла әрекет етуге ден қойып пайдалана алған дұрыс.
5. Жуық арадағы даму деңгейі қауырт кезеңдерін айқындау арқылы даму
жолына баға беру мен жұмыс ауқымын кеңейту әдісін ойластыру керек.
Бірақ та даму баспалдақтарының бірінен келесісіне өөтуге шықпаған
жөн. Жуық арадағы даму жеке мөлшерін анықтау тәрбие беру, оқыту
дамытудың әсерлілігін арттыруда аса маңызды.
6. Мақсатқа- бағытталған тәрбие, оқыту мен дамыту адамның
тумысдаралығы қайталанбас құбылыс болғандықтан аса қажет. Оқыту
барысында дамытушылық деңгейін жеке тұлғаның жан- жақты дамуына
қажетті шарт ретінде пайдалану керек. Оқушылар білім алудың әр
алуан түрін таңдауына кең жол ашылуы керек, себебі одан әркім
өзінің қабілет қарымына сәйкесетінін таңдап ала алады.
7. Жеке тұлғаның бастамашылдық және тумыс даралық қасиеттері білім алу
ісінің барысында өз бетімен алдына міндет қоюшылығымен дамытылуы
керек. Жеке тұлға үшін еркін жағдайда өзін- өзі дамытушылық хұқығын
мойындау керек, жеке тұлғаның тым жастайынан қызығушылығы мен
қабілеттілігі ояна бастайды, олардың дамуы үшін қажетті жағдайлар
да қалыптасады. Нақты жағдайлармен өзін Мен түріндегі салыстыру
жеке тұлғаның өз әдеп әдетін (поведение) өзгертіп, өзін- өзі
тәрбиелеу мақсатын іске асуына жәрдемдеседі.
8. Жеке тұлға қалыптастыру процесі ой-өрісі (интеллектуальный) ар-
ождан және эстетикалық құбылыстар аясында, түрліше ой түрткі салу,
танымдық міндеттерді шешудің қажетті әдісін ойластыру және
мұғалімдер мен оқушылардың тыңғылықты ізденіс әрекеттері арқылы
іске асады.
9. Оқу пәндерінің гумманистік мазмұны – баланы тәрбиелей – дамыта
оқытуда әлі пайда болмаған құндылықтарды дарыта беруде. Ондай білім
беру мазмұны жеке тұлға дамуы мен туып шығуына қажеттінің бәрінің
адамға жасау керектігінде. Әр пәннің гумманистік мәнін ашу да,
ғылымның даму тарихымен танысу да адам мен қоғам өмірінің барлық
көрінісіне гумманистік тұрғыдан баға беріп, ғылыми дүние танымды
қалыптастырады.
10. Оқу процесін: танымдық, баға бере алушылық, практикалық, көркем
өнер тағы басқа іс-әрекетке қатысты жағдайлар жасала отырып,
оқушының дамуына орайластыра ұйымдастыру керек. Пәндердің мазмұнын
эстетикалық жағынан байыта түскен жөн. Тәрбиелік – дамыта оқыту
аясында пәндердің мазмұнындағы эстетикалық құрам әсер алу
тәжірибесіне өзгеше ар-ождандық - әлеуметтік көркем әдеп
(поведение) тәжірибесін қалыптастыруға себін тигізеді.
Бұл пәндердің құрамдық эстетикалық әсері мен мәнін сұлулық, көркемдік
мағынасын, ұғымын беретін терминдер мен ұғымдар күйінде көмескіленіп
қалмауға септігін тигізеді.
Оқушылардың ойластыра іздену (смысло-пойсковый) әрекетіне қажетті
жағдай тудыру мен олардың жалпы дамуына қамтамасыз етуге болады. Оны
тәрбиелік-дамыта оқыту технологиясы қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда оқу
процесінде де дамыта оқыту технологиясы жасалып қолданысқа енуде.
Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту ісінде мұғалімнің жеке басының өнегесі
аса маңызды екені, зор әсер ететіні белгілі.
Тәлімгердің инабат көркемдігі (моральный облик) мен ғылыми – кәсіби
даярлығының болуы шын мәніндегі жеке тұлғаның қалыптасу проблемасын шешуге
көмектеседі. Егерде мектеп практикасында үйренушілердің жас ерекшелігін
ескере түрлендірумен (дифференцированный подход) қоса оқушылардың тумыс
даралық (индивидуальный, қысқаша-тумыстық) ерекшелігіне ден қою әдісін
кеңінен қолдансақ дұрыс болар еді.
Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесінің тиімді болуы, оларды
технологиялық жағынан нақты әрі терең де, жан-жақты жеткілікті зерттеуге
сүйену арқылы болмақ. Бала өз іс - әрекетінің субъектісі болғандықтан сол
әрекеттер үстінде үрдіс нәтижелі дамуда болады. Сондықтан мұғалім тарапынан
дамудың барысын қадағалап, басқару ықпалды түрде ойдағыдай басқару үшін
олардың жеке тұлғалық ерекшелігін тап білуі жөн. Балалардың жеке тұлғалық
(өзіндік) дамуы мен психологиялық әрекеттерінің қалыптасуындағы
әркелкілікті (өзгешелікті) түсіну үшін ұстаз оның психологиялық
ерекшеліктеріне талдау жасағаны дұрыс. Басты назарда болатын мәселенің бірі
педагогикалық психологияда көрсетілгендей, мұғалімнің кәсіби міндетті
проблемасы, оның іс – бабындық бет алысы, оның өз деңгейін тануы, өз
оқушыларының алдында қиын жағдайда қалмау. Өзінің педагогикалық
икемділігінің арқасында оқушылармен ұтымды жұмыс жүргізуге алдын ала
қажетті жағдай тудырып, бір сарындылықтан оралуға қабілеттілік қажет: Оқу –
тәрбие жұмысының барысында оқушының жеке тұлғалық жағынан қалыптасуында
табысқа жетуі “оқушыларға сеніммен қарай біліп, адамдық қасиеттерін”
мұғалімнің қадірлей алуына байланысты, мұғалімнің іс-әрекетіндегі осындай
көңіл-күй ауаны (психологический фон) сынып көлемінде бірден бір шешуші
ықпал (решающий фактор) пайда болдырып оқушыны зор ынтамен оқып-үйренуге
жігерлендіреді.
Мектептерде тәрбиелей – дамыта тұлғалық бағдарлы білім беру идеясы
ұстаздардың қызығушылығын тудыратындай, баланың болашақ тағдырына сай
келетін бет бұрыс жасауға жеткізуі қажет. Бірақта іс көбінесе бетімен
(интуйтивный) жүйесіз сипатта өріс алуда.

1.2. Тұлғаның – бағдарлы парадигма математиканы
оқытуда тәрбиелік дамыту міндетін жүзеге
асырудың негізі бола алатындығы.
Парадигма жайлы “белгілі бір даму кезеңдік деңгейінде (сатысында)
ғылыми практикада орындалған, ғылыми зерттеулермен нақты дәлелденген,
теориялық, әдістемелік тұтастықта алғы шарттар” ретінде түсіну
қабылданған[88.354-б].
Ғалымдардың тарапынан қандай бір салада ұйымдастырылатын зерттеу
практикасы(жұмыстары) үлгісіндегі теориялар мен әдістемелердің өзіндік
жүйесі парадигма ұғымына тән. Жаңаша білім беру парадигмасына өтудің
қажеттілігі білім беру идеологиясының өзгеруіне орай туындады.
Педагогикалық қауымның жұртшылық арасында отбасы мен баланың қажетілігі мен
мүддесіне бағдарлана білім берудің өздігінен даму идеологиясына сай
педагогикалық іс-әрекеттің дайын үлгілерін “жоғарыдан” жіберілуінен
толықтыру үрдісі байқалуда.
Білім беру мазмұны біреу ғана болып келгені әрі білім алушылардың
тумыс даралық – жеке тұлғалық (индивидуально-личностный) есепке алынбағаны
белгілі. Ұзтаздардың ой-назары баланың тұлғалық даму жағына емес, ой
орістің таптауырын жолмен дамуға шоғырландыруы, адам өмірінің барша
саласында технократтың басымдылық белең алуынан еді.
Технократтық көз қарас білім ісінде де, ұстаздар ойламында еніп отыр.
Технократтық ойлам дегеніміз – мақсатқа ұмтылушылық (түрткі) қозғау, жалпы
адамзат мүддесіне сай ойлау мақсаты, қазіргі әлемдік тірлік пен нақтылық
мәнін аңғара білу, адам мен оның құндылық – қасиеттеріне жете зерделеу
(соның қатарында психотехника икемі жатады) [89.90-б]. Технократтың айқын
өріс алысымен адамның білім, біліктілік, дағды зор құндылыққа баланып,
адамның білім беру ісінің озық сипаттарын бұрмалау салдарынан білім алу
барысында адамның даралық түрлендіре оқыту жолын әр оқушыға арнап
жүргізбей, барлық білім алушыларға бірдей талап қою етек алды. Білім
алушылардың талап-тілектері мен мүдделері егер мемлекеттік мүддеге сай
келгенде ғана ескерілді.
Осылайша, мұғалім дәстүрлі оқытуда өз алдындағы оқулық мазмұнына
үңілумен басып, оқушыны да, оларға тақырып мазмұнын игерту мүмкіндіктерін
ойластыруда қаперден тыс қалдыратын.
Оқытуда мұндай жолдың зардабы ауыртпалықтарға әкеліп соғатын, оқып-
үйренуге ынтаның төмендеп, ақыр соңында білім алушылардың білім сапасы
нашарлай түсетін – ді. Мұның бәрі оқуға деген ынтаны жоғалтатын. Осылайша
мұғалім білім беру процесінен тысқары қалып қоятын.
Білім беру саласында(пайыз қуушылық, жалған бағалар т.б.)ХХ ғасырдың
80-ші жылдары көтерілген иновациялық процестер бір ізді білім беру моно
жүйесінің ыдырауымен жандана түсті. Нәтижесінде жаңаша үлгідегі (лицейлер,
гимназиялар және т.с.с.) білім мекемелері қалыптасып, оқыту мен тәрбие беру
мазмұнын озық түрде алмастыруда, сонымен бірге педагогикалық технологиядан,
мектепті басқару әдәсі де тағы өзгертілді.
Инавациялық педагогикалық процестердің одан әрі дамуы
демократияландыру, гуманизациялау, гуманитаризациялауда да көп-көп ықпалын
тигізді.
“Гуманизм” сөзі латынша “humonus” – адамгершілікті сөзінен алынған.
Білім саласындағы гуманизациялау білімді, оқыту ұйымдастыруды
“адамгершілікті ету” тағы басқа жолдармен оқушы үшін алатын білімі жеке
тұлғалық мән маңызы бар іс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау үдерісі
Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері
Баскетбол ойынның сипаты
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Физикадан есептер шығару әдістемесі
Ойлаудың логикалық формасын үйрену
Баскетбол шеңбері қалқанға бекітілген арқанды торы бар темір шеңбер
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы оқушылардың субъект ретінде шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
Пәндер