Ағаштарды қолөнерде пайдалану


Кіріспе
Адамды адам қылған еңбек - деген сөз рас себебі адам баласының даму сатысы еңбек және іс тығыз байланысты. Мындаған жылдар өту конында, адамның интелектуал еңбек пен іс әрекет, қол өнердің дамуына, адам баласын өнер жолына жетектеді. Мысалы ертедегі адамдардың жасалған тас қаруларын алатын болсақ, бұнда да біз өнердің бір түрін көре аламыз. Әрине уақыттың адамбаласы әр үлтқа бөлініп, жеке бір жер бетін мекендеді. Әр ұлттық өздеріне тән. Мәдениеті, тілі және де өнері пайда болды. Сол көптеген үлт арасында біздің ата - бабаларымыз өсір сүрген. Қазақ халқының қол өнерінің даму тариғын, республика жерін мендеген тайпалардан біле аламыз. Олар сақ, үйсін, қыншақ ғұн қарлүқ және тағы басқа көне түркі танпаларының мәдиниетімен төркіндестігінің айғығы . Жалпы бұл тайпалардың барлығы темірден, ағаштан, күмістен тағы да басқа заттардан түрлі эшекелі бұйымдар мен күнделікті өмірде қажет ететін заттар жасаған. Міне осындай қорқынмен дамыған қолөнер жолы ғасырлар ағытымен дамып XIX ғасырға да жетті . Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жаң - жақтын келген көшпелі халықтардың, содай-ақ . Оңтүстік-Сібір, Орта-Азия, мен орыс халқының мәдиниеті де жер етті.
Сайып келгенде, жергілікті көне мәдиниет сырттын келген мәдиниет элементтерінің сан толқының бойына сініріп, үнемі жақсарып, жаңғырып отырды. Осындай жалесыз дамудың нэжижесінде сол XIX ғасырдың екінші жартысында, XX ғасырдың басында қазақ халқының дэстүрлі қол өнері өз дамуында ойтарлықтай жоғарғы деңгейге көтерілді. Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырыңшылыққа көшу процесі, бұрын үстелі болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен әсіресе Ресеимен, сауда қашынасының шаруашылық және мэдени байланыстың орта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі - сыртқы факторлардың эсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысты болмады.
Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басын көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлерінің өнеріне сүйенді олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі енбегі, тіпті ғажап туындылардың өзі де жете бағғаланбайды . Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жақшылық зардабынан қол үзе алмады. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебы, олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмаүы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақтниек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы - жазы тұрғын үйінде жатып істеді. Қазіргі тандау қол өнердің далуы айтарлықтай жоғары. Өйткені ата - бабалаларымыздың бізге қалдырған өнер мұрасы, қазіргі қол өнершілерге әр - дайым үлгі решінде қызмет етеді.
1. 1. Қазақ халқының қолөнер тарихы
Қазақ халқының қолөнері деп халық түрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мэнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің түрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та қүра білді. Бүдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
"Халықтың қолөнеріне эдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті қүрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекелейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мэнерлер мен ондаған қолданылған эдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызга дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі қүрылыстардың қабырғалары мен мүнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап, оны түтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т. с. с. салуда қолданған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саяатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті қүстың түғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының түрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бүршақ, жүген, құрық, бүғалық, түсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халык, өнерпаздары қүмнан, тастан, саздан қүмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен эшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халықтың колөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы - қайыс өру, қару-жарақ, көшу-кону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шүғылданады.
Курстық жұмысының мэселесін көтеру себебім осы жазылған деректердің қазақ халқының шеберлік, іскерлік жолындағы технологиясын біліп мектеп бағдарламасына енетін болса онда келешекте бала үлкен деңгейде ағаш шебері болып шығады деп сенемін.
Сондықтан қолөнер "еркектерге тән іс", "әйелдерге тән іс" деп екіге бөлініп келеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны эсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек току, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нэзік жұмысты әйелдер атқарды. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жүмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш тесек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-түрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды түрлі түсті өрнектермен эшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ халқының "Қарыс қазы - балықта, қалың қазына - халықта" деген мақалды да осы өнер молшылығынан туған еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа эдіс тауып, жана түрге ие болды, кейбіреулері түрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бүрынғы материалдарды ығыстыра берді. Енді илеген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасалғаннан кейін қолдан тері илеу, қайыстан, көннен етік тігу, шәрке байлап, шабата кию мүлдем жойылды. Ел салтанат қүрды, ерлер даңққа бөленді, азаматтар сән түзеді.
Халықтың мэдени дәрежесі өскен сайын түлыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі үнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіңдегі творчестволық ізденудің нэтижесінде түрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса түлынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды, тастан қашап, сүйектен оюлап, қүмнан қүйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды.
Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген үғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінін бай мү_раларын жинап, сүрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру эдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл күпі, каптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ жүн. қолқап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым түрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтың қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі; жүн және одан үқсатылатын заттар. Қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті мен қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, қүхтың жүндері, олардан жасалатын заттар. Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату, сабау, түту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т. б. Бұл тарауда түрлі жіптер, жиектер, өрмектер, бау-шулар, басқұрлар, арқандар туралы айтыла келіп, өрмек өнері туралы (кілем, алаша, шекпен, қоржын т. б. ) егжей-тегжейлі мағлұмат беріледі. Бізбен, сыммен шүлық, қолқап, шэлі тоқу жолдары; киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері мен жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің үлгі-суреттері келтіріледі; кестешілік пен көркем тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу эдістері, керекті құрал-жабдықтары, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі; зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері мен атаулары, зергерлік ісінін өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ат-түрман, теңге, моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің мэнерлері және т. б. жайлардан деректер келтіріледі; сүйек пен мүйізден істелген эдемі заттар - жүк-аяқ, асадал, кебеже, ожау, піспек, адалбақан т. б. Олардың түрлері, эшекей жасау эдістері; ағаш шеберлерінің жасаған эдемі заттары, оларды жасау, өрнектеу эдістері, киіз үйдің сүйегін басу, олардың түрлері мен атаулары, ағаштарды қүрастыру, бояу, сүйектеу, күмістеу және т. б. мал мен аң терілерін ұқсату, олардың түрлері мен атаулары, ұқсату эдістері, іп салу, қайыс илеу, көң қатыру, тері ыстау, көн тілу, өрімшілік, ат-түрман жасау өнері; былғары үқсату, етікшілік, тігіншілік, етік, кебіс, мэсілдердің түрлері мен атаулары, кіселер, күмісті белдіктер, олардың істелу эдістері; ши орау өнері, шиді әзірлеу, тоқу, өрнектеу, шидің түрлері мен атаулары. Сондай-ақ бояу түстерін орналастыру туралы тарихи мағлүматтар да беріледі.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш үхталары, ершілер қайыңды, үйеңкіңі, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш үхтасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жүмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік (сүргі), бүрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі елшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші қүралдары да болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жеке, тал, арша, жаңғақ ағагііы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан істейді. Күйменің, тарантастың өре ағаштарын әрі солқылдақ, әрі мықты болады деп үйеңкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақтың жебесін, соқа мен арбаның оқтық және т. б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен, мал суаратын науаны (астауды) су сіңіп ісінбейді деп самырсыннан жасайды.
Қүхтың түғыры балдағы, пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты әрі жеңіл, әрі қызыл, көк, ақ түстер аралас, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптарын көбінесе ырғай мен шырғай, үліқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан, қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығын қайыңнан істейді. Күйдіріп, өрнектеу көбінесе қайыңға, ал оюластырып шегелеп өрнектеу емен мен қызыл ағашқа жасалады.
Киіз үй. Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерішң үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Академик Ә. Марғүлан өзінің "Қазақ үйі және оның жиһаздары" деген еңбегінде киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкен түрлері болғандығын, бір үйдің керегелерінің басы 70-80-нен бастап 360-қа дейін болатындығын айтады. Соған орай киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан-сүлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен және ете бай жиһазды, эшекейлі болып қелген. Бұларды ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, қара лашық, қалмақ үй, лашық, аран, жаба салма, көтерме туырлықты, кепе, үранқай, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.
Жолшылар мен жорықшыларға тән үйлерді абылайша, ақ қос, қос, қаңқа (арбаның үстіне тігілетін киіз үй), қоспа, жоламай (жол амалы), жорық үй, жүлым үй (түзу уықтарға туырлық жаба салатын үй) деп, ас үйлерді: асхана, ас үй, бойра, кібіт (түбірі татарша - кибіт), кілет үй деген. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден (кейде құрым, қамыс, шиді сыртынан былжырмен сылаған) қақыра, доғара, аран, қалқа, қалға сияқты киіз үй тектес үйшіктер салынатын болған.
8-18 қанат сәнді үйлердің киіздерін ақ жүннен басып, үстінен күйдірген әкпен, ақ бормен, күйген сүйектің күлімен ағартып бояған. Ал кіші-гірім қақыра немесе қалқа сияқты үйлер көбінесе соғыста майдан шебіндегі далада, кейде қорған есебінде тігілетін.
Қазақ киіз үйлерінің неғізінен "қыпшақ үлгісі", "қалмақ үлгісі" деп
аталатын екі түрі бар. Оның біріншісі - иығы шығыңқы, мінсіз дөңгелек те, екіншісі, еңсесіз шошақ үй. Қазақ киіз үйлерінің "үзікті үй", "көтерме туырлықты" үй деп аталатын да түрлері бар. Көтерме туырлықты үйдің де екі түрі болады. Көтерме туырлықты үйде бөлек үзік болмайды, оның орнына туырлық шаңыраққа бір-ақ жетіп түратын биік қасты болып жасалады.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш қүралдардан түрады.
Кереге арналып кесіліп, тезге салып иген, ішкі жағын бірнеше сызьщты, бояу, сырмен кейде бас-аяғын күміспен күптеген ағаштарды тор көзден көктеп қүрастыру арқылы жасалады. Оның әрбір бөлек қабырғаларын қанат деп атайды. Қанатқа көктелетін жеке-жеке ағаштарды кереге деп, қоспаларында болатын қысқа керегелерді сағанақ деп атайды. Керегелер торкөз, желкөз деп түрге бөлінеді. Торкөзді керегенің ағаштары жиі көктеледі, көздері тар, көбінесе 20-22 басты болып келеді. Желкөз сирек көктеліп, кездері кең, көбінесе бастары 17-21 болып келеді. Керегелер тез керіліп жазылады, тез жиырыльш жиналады және жайған кезде жарты шеңбер жасап дөңгелене қалады.
Керегенің басы мен шаңырақтың ортасын түтастырып түратын ұзын ағаш шыбықтарды уық дейді. Уық деген сөз үй оқ (үйдің оғы) деген сөздерден алынған. Оның кереге жақ басын уықтың иіні дейді. Ол энтек доғалана бүгіліп барып, шаңырақ жағы түзуленіп келеді. Осы шаңырақ жағын уықтың қары дейді. Шаңыраққа сү_ғылысатын үшы төрт қырлы сүйір болып келеді, оны қалам немесе уықтың қаламы дейді. Үйдегі керегенің басы нешеу болса, сонша уық керек.
Шаңырақ - киіз үйдің төбесі. Мүны керегенің қанат саны мен басына қарай мөлшерлеп, қайыңнан иіп немесе бірнеше иіндіні қималастырып шеңбер бейнелес етіп жасайды да, өн бойынан уық шанышатын төрт бүрышты тесіктер қашайды. Оны шаңырақтың көзі немесе қаламдығы дейді. Көздер керегенің басына, үш-үштен, кейде төрт-төрттен айқастырған бүгулі шыбықтар бар. Оны күлдіреуіш дейді. Олар жапқан түндік киізді көтеріп тұрады. Күлдіреуіштердің екі жақ басы шаңыраққа қашалады. Шаңыраққа қашалар түхында оларды тізіп бекіткен тағы үш не төрт қысқа көлденең таяқшалар болады, оны кепілдік дейді. Шаңырақтың шеңбері қырланып, иректеліп кейде күміс білезіктермен әсемделінеді.
Маңдайша - екі босағаның үстіңгі жағынан бекітіп түратын эшекейлі көлденең ағаш. Маңдайшаның үстіңгі қырында бес, алты уық түратын ү_ялар болады. Кейде мандайшаға сықырлауық қиюласатын ыра (ырып жасаған шү-ңқыр ернеу) қашалады.
Киіз үй есігінің екі жақтау ағашын таяныш дейді. Ол маңдайша, табалдырықтан бөлек, жеке-жеке жасалып, екі басы табалдырық пен мандайшаға сұғылып бекітіледі.
Табалдырық (табан түрық, яки табан ілдірік) - екі таяныштың аяғын көлденең бекітіп түратын ағаш. Табалдырық пен маңдайшаның екеуінде екі тобыршық бар, ол сықырлауықтың жабық тұруын қамтамасыз етеді.
Бұлардың ішінде шаңырақ, табалдырық, маңдайша қайыннан, ал басқалары тал, қара мойыл, терек сияқты ағаштардан жасалады. Киіз үй үлкеңді-кішілі көлемі мен керегесінің санына қарай жоғарыда айтылып өткендей төрт қанат, бес қанат, алты қанат, жеті қанат, сегіз қанат, тоғыз, он төрт қанат болып бөлінеді. Кереге қанаттың саны көбейген сайын оның уығы да ұзарып, уыққа уық қосылып, шаңырағы ауқымдана береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz