Жас мұғалімдер


Ж О С П А Р
Кіріспе 3
І. Қазіргі кезде жас мұғалімдерге қойылатын талаптар
1. 1. Атақты ғалымдар, ағартушылар, педагогтар ой-пікірлерінің
жас мұғалімдердің тәжірибесіндегі маңыздылығы 6
1. 2. Жас мұғалімдерге қойылатын талаптар 16
ІІ. Жас мұғалімдердің мектепте іскерлік пен дағдыларын
қалыптастыру жолдары
2. 1. Жас мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруі 23
2. 2. Жас мұғалімнің өз іскерлік қасиеттерін көтерудегі
инновациялық бағыт 31
ІІІ. Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы
жетістіктерін жас мұғалімнің өз практикасына енгізуі
3. 1. Жас мұғалімнің іскерлік пен дағдысын қалыптастыру
ерекшеліктері 45
3. 2. Жас мұғалімдердің озық ұстаздардың тәжірибесінен өнеге
алуы 51
ІV. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің
нәтижелері 54
Қорытынды 66
Қолданылған әдебиет тізімі 70
Қосымшалар 72
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім - мектептің жүрегі
Ы. Алтынсарин
Кіріспе
Мұғалім - ұлы есім. Оны қадірлемейтін, қастерлемейтін адам өмірде жоқ та шығар. Қандай дана адамның өзі, ең алдымен мұғалімнің ұлағатты сөздерін естіп өскені айдан анық.
Мұғалім - елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жуапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашанда өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан ілтипаттылығы мен парасаттылығы, біліктілікке ұштасқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары жайсаң адам болуы керек.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың көптеген формалары бар. Сабақ - солардың негізгісі. Сабақ - оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі. Осы сабақтарда мұғалім өзінің жеке қасиеттерін, этикалық, іскерлік, интеллектуалдық қасиеттерін, дағдыларын көрсетіп оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз үлесін қосады. Бұл қасиеттер мұғалімге өмірлік және еңбек тәжірибесі арқылы келеді. Ал жас мұғалімдер бұл қасиеттер мен дағдыларға ие болу үшін көп жұмыс істеу қажет.
Әрбір мұғалімнің мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру.
Сондықтан педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған, әдіс-тәсілдің бәрін еркін игеріп, оны нақтылы жағдайға байланысты тиімділігін пайдалану әрі шығармашылықпен қолдану - әрбір мұғалім шеберлігінің айнасы. Мұғалім сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу үшін талантты, теориялық білімін практикамен ұштастыра алатын, этикалық дағдылар мен іскерлік қасиеттерге ие болып оларды қолдана білуі тиіс.
Мұғалім - ол қашан да ұлы еңбеккер. Қазір бұл мамандықты өз жан-дүниесінің қалауымен таңдайтындар өте аз. Таңдаған күнде де, оның қиындығына шыдамай кетіп қалатындар көптен көп.
Адамның мәні барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығында жатыр. Адам болу дегеніміз өмірді тұтыну ған емес, оны жасау, басқалар үшін жасау деген сөз. Оған дайындайтын мектеп. Ал мектептің жүрегі - мұ, ғалім. Жүрек арқылы адамның қан тамырлары тіршілік бітіріп тұратын болса, ал мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, методикалық құралдаға жан бітпей, яғни олар мұғалімсіз жансыз дүние болып қала береді. Сондықтан өмірде ұстаздың алатын орны бөлек.
Өмір мәнді, сәнді, еліміз даңқты, халқымыз сауатты болу үшін жақсы ұстаз керек. Бұл ұғымға келесі қасиеттерді сыйғызамыз:
Біріншіден, өз міндетін кәсібіне сай атқару;
Екіншіден, оқушыларға педагогтық ықпал жасаудың нәтижесінде қол жеткізетін жеке адамның қалыптасуы, даму және тәрбиелік дәрежесі сапалық көрсеткіште болу.
Ұстаз бүгіннен гөрі болашақты көбірек ойлау керек. Өмір - күрес, жеңе білсек - ұтамыз. Біз қазір сауатты елдің қатарындамыз. Бұған оңайлықпен жеткен жоқпыз. Біздің алдыңғы толқын, аға-апаларымыз осы күнге толарсақтан сөз кешіп жеткізді. Оған қуана отырып, әрі жалғастыра беру біздің міндетіміз. Бала - біздің болашағымыз. Олардың білімді, тәрбиелі, алғыр, дарынды болып өсуі ата-анамен ұстаздарға байланысты. В. Г. Белинский бекер айтпаған: «Жас бала дегеніміз - ұрығын жарып жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық, ал ұстаз болса - жаңадан қылтиып өсіп келе жатқан нәзік өсімдік күтуші бағбан. Ұстаз оқушыларды тәрбиелеу үшін оларды сүюден емес, Отанды сүюден бастау керек. »
Ұстаз - өз халқының болашағының жауапты өкілі, адал күрескері. Отанның болашағын ойлап көркейтуге қамқорлық жасаса, сонда ғана ол «ұстаз» деген атқа сай деп ойлаймын.
Зерттеудің көкейкестілігі қазіргі заманның жас мұғалімдерге қоятын талаптарынан білінеді. Жас мұғалімдердің іскерлік пен дағдысына, шеберлігі мен шығармашылығына, этикасына, өз мамандығы бойынша білімге жетік ие болуына деген талап күннен күнге өсіп, көкейкесті мәселелердің бір болып отыр. Зерттеліп жатқан мәселе осының дәлелі.
“Жас мұғалімдердің іскерлік пен дағдысын қалыптастыру жолдары” атты тақырыпты таңдауы себебім - өзім болашақ жас маман болатындықтан осы жұмысты зерттеу кезінде өзіме қажетті білім алу мүмкіндігінің болуы.
Жұмыстың зерттеу тақырыбы - жас мұғалімдердің өзінің іскерлігін дамыту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру, білімін жетілдіру.
Жұмыстың зерттеу объектісі - жас мұғалімдер, атап айтқанда Көкшетау қаласындағы № 18 орта мектебінің жас мұғалімдері.
Зерттеу пәні ретінде жас мұғалімдердің жалпы ұжымдағы қарым-қатынастары, өз іскерлігі мен кәсіби дағдыларын жетілдіру бойынша жұмыстары, сол мақсаттағы жұмыстары қарастырылған.
Зерттеу проблемасына жас мұғалімдердің жаңа ұжымда бейімделу қиындықтары, өз біліктілігін көтеру жолдарында туындайын мәселелері жатады.
Зерттеу мақсаты - жас мұғалімдердің іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру жолдарын жан-жақты талдау, осы қасиеттерін дамыту үшін ұсыныстар жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі зерттеу міндеттері қойылған:
- жас мұғалімдердің ерекшеліктерін бақылау;
- жас мұғалімдердің өз іскерлігін және дағдыларын қалыптастырудағы ынтасын, жігерін және ниетін анықтау;
- жас мұғалімдердің өз іскерлігі мен кәсіби дағдыларын, біліктілігі мен этикасын жетілдіру бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижесін зерттеу.
Зерттеу көздері - теориялық әдебиет, жас мұғалімдер ұжымының көз-қарастары, пікірлері.
Зерттеу әдістері - тесттер, сауалнамалар, жаттығулар, бейімделу ойындары.
Зерттеу кезеңдері - 2005 жылдың 28 қарашасынан бастап 2006 жылдың 10 мамырына дейін.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні - жас мұғалімдердің іскерлігін дамыту және дағдыларын қалыптастыру тақырыбы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген, сондықтан теориялық әдебиеттерді зерттеп өз тұжырымдарымды келтірдім.
Зерттеудің тәжірибелік мәні - жас мұғалімдердің іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру бойынша келтірілген ұсыныстарды тәжірибеде қолдануға болады.
Зерттеу болжамы - жас мұғалімдердің көбінің қазіргі заман білікті мамандарды талап ететіне көздері жетіп, өз іскерлігі, қалыптасқан дағдылары арқылы дәрежесі көтеріліп, жұмысында сыйлы болып, оқушыларына жақсы білім беруіне ынтасы бар деп ойлаймын.
І. Қазіргі кезде жас мұғалімдерге қойылатын талаптар
1. 1. Атақты ғалымдар, ағартушылар, педагогтар ой-пікірлерінің жас мұғалімдердің тәжірибесіндегі маңыздылығы
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері
Әбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870-950жж. )
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам /қазіргі мұғалім/ - "мәңгі нұрдың қызметшісі". Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі" - деген Фараби. Орта Азия ғұламасы Фарабидің шәкірті, оның ілімін әрі қарай жаяғастырушы Ибн Сина: "Фарабидің тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды. Өйткені, еңбек сүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін еңбекпенен айналысқанда ғана, нағыз ел адамы бола алады - деген өмірлік өсиет қаддырып кетгі", - деп көрсетгі
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазылған "Фарабидің энциклопедиясы" атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат "Ғылымдар Энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар классификациясы» т. б. аттармен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден-ақ мәлім болған. Бұдан көп ғұламалар тәлім алған.
Еуропа ғалымдары да бұл еңбекпен өте ертеден таныс. Фарабидің «Энциклопедиясы» сол кездің өзінде (ХІІ ғасырда) арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Осыдан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық емес үзінді бірнеше тілдерге аударылған.
Әл-Фарабидің еңбектерін, оның қоғамды дамытудағы ой-пікірлерін, тәрбие тағылымдарын Ибн-Сина /Авицена/, Әл-Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бекон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Фараби бәірнеше ғалымдар бойынша шығармалар жазған. "Ал химия өмірінің қажеттігі туралы" атты трактатында өз тұсыңдағы қабыршағынан ғылыми дәнін белін алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыс тану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектері оқу-тәрбие мәселелеріне арналған. Оның пікірінше оқу, білім алу, ғылыми адам болу адамгершілік және еңбек тәрбиесі мәселелерімен тығыз байланысты. Ол білім алу, оқу еңбегін пайдалы еңбекке жатқызады.
Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы, этнопедагогаканы дамытты. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін сыннан өткізіп барып, оның қажеттісін ала білді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін мсыннан өткізіп барып, оның қажеттісін ала білді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды.
Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін шығармашылық мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің тәрбиелік мазмүны мен мәнінің еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы тағылымның тәжірибелік маңызы мынадай болды:
- Еңбек әрбір қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек - еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
- Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі /феодализм, капитализм, социализм/ әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілімі тәрбие - еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
- Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы - болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді, ғылымның еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның теориясын жасады.
- Еңбектің, еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін сала отырып, оны практикада, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
- Әл-Фараби ілімі шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің дамуында революцтялық-төңкеріс болып есептеледі. Демек, ол шығыс халықтарының салт-санасының, әдет-ғұрпының ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірінің, ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашқан-халықтық педагогиканың негізін қалады.
Махмуд Қашқари (1030-1090) арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб философиясын жетік білген және өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зертеулер жүргізуге жұмсаған.
М. Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің құрамына енген түрік тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқари түрік нәсіліне жиырма түрлі тайпа жатады деп көрсетеді. Осы тайпалардың әрқайсысы бірнеше рулардан тұратыны айтылады. "Бірақ ол рулардың бастыларын атадым да, майдаларын тізіп қатпадым" деп көрсетеді.
Махмұд Қашқари және оның еңбегі "Диуани лұғат-ат-түрк" жайыңдағы қысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері ғана атап көрсетілді. "Диуани лұғат-ат-түрк" әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элементтері бар. "Диуани лұғат-ат-түрк" кітабы тілінің сөздік қорыңда болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы түрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет Махмүд Қашқари өз заманының аса білімдар перзенті болған. Оның ғылыми мұрасы - "Диуани лұғат-ат-түрк" - соның айқын куәсі.
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда оты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. "Құтты білік" дастаны ("Бақытқа жеткізуші білік") түркі тілді туысқан халықтардың бізге әдеби ескерткіші. XI ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі.
«Құтты білік» -ХІ ғасырда дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды.
Баласағұнның адамның дамуы, жеке адам басының жетілуі, өсуі тікелей тәрбиенің жетістігі, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Бұл пікір ХІХ ғасырдың 40 жылдарынан басталған және 60 жылдар үстіңде дами түскен Еуропа педагогтары мен сол жылдардағы прогресшіл-орыс педагогтарының пікірімен үндес келеді.
Баласағұн рубайларының тәрбиелік тағылымы негізінен үш сатыға бөлінеді. Бірінші - әрбір жеке адамның білімді болуы. Білімді болу үшін оқу қажет. Екінші - барлық байлық, молшылық - ол үшін еңбек, кәсіп, адалдық, тазалық, қажет. Үшінші - әлеуметтік, табиғи күштілік - ол үшін бірлік, достық бостандық керек. "Құтты білік" дастанында үйленудің, ұл-қыз өсірудің қиыншылығы көркем суреттелген. Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса төрдегі басыңды көрге сүйрейді. Ал, өзіне ұқсап туған жетелі бала сенің түріңді, бет-бейнеңді жоғалтпаумен қатар, туған тіліңді де болашаққа жоғалтпай апарады:
«Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделі,
Айтқаныңнан айнымай дәл келгені.
Егер жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең - тәрк етер де ұмытар. »
(3377, 3378 - бәйіттері) Қараханидтер дәуірінде отанды қорғау, елді басқару, жұмыстың ең ауырын атқару, отбасын асырау, балашаға мен ата-анаға қамқорлық жасау, т. б. негізгі жұмыстар ерлердің еншісінде болған. Сондықтан білімді де білікті, ізетті де жүректі ұл өсіру әкенің назарынан тыс қалмаған. Жүсіп Баласағұн дастанында әке тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ақын ұл бала үшін әке тәрбиесінің орнын ешкім толтыра алмайтындығын айтады. Әке әрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болып, ұлға, ерлерге тән мінез-құлық қалыптастырады. Ж. Баласағұнның ой-тұжырымдары бүгінгі педагогика ғылымының негізгі шарттарына сәйкес келіп жатыр.
Ақынның ойынша жақсы әке болу қиынның қиыны. Әке неғұрлым күшті, батыл, кішіпейіл, жұбайына адал, балаларына мейірімді болса, соғұрлым үй ішінде, ауыл-аймағында беделді болады.
Егер ана табиғи ерекшеліктеріне байланысты үйдегі тәрбие жұмысында көбінесе сезімге, эмоцияға жүгінсе, ер кісі бала тәрбиесін ақылға салып, салқынқандылық танытып, сезімге бой алдырмай өмірімен байланыстыра жүргізеді. Әкелік сезімнің ең негізгісі - жауапкершілік сезімі. Осы сезімді болашақ үй иесі болатын ұл балада қалыптастырудың мәні үлкен. Сонымен қатар ұл баланы ағайын-туыстарға, ата-анаға, іні-қарындастарға қолқабыс жасауға үйретіп, оның бойына ерлік, батылдық, тәуекелшілдік сияқты ер адамға тән қасиеттерді сіңіру керек.
Жүсіп Баласағұн жетесіз ұлдан жетелі құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келіп, ата-аналарға мынадай кеңес береді:
"Ұл-қызына үйрет білген білімді
Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңілі - таза, көзі шоқтай жайнайды".
Сонымен қатар тәрбиенің күшіне шүбәсіз сенген ақын:
"Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз . . .
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына!
Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді!".
деп педагогикалық ой түйеді. Оқу-тәрбие ісінде балғын жастық табиғатын түсінуге жетелейді. Баланың ақыл-есінің, мінез-құлқының ерекшеліктерін еске алмайтын, олардың бәрін бір қалыпқа сыйғызу тәжірибесінен аулақ болуға шақырады. Ұлы ойшылдың салиқалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде әркез есте ұстайтын тағылымдар екендігі сөзсіз.
Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, сңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылык пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: "Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға, болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді" - деген. Мұны өзінің рубайларында атап көрсетіп кеткен. Ол өзі өмір сүрген кезең үшін - қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдарының өзара қайырымдылығы мен мейірімділігін ұдайы ұштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын жасауды қажет деп санады. Осының барлығы дұрыс ұйымдастырылған және әділетті құрылған қоғамда /мемлекетте/ пайдалы еңбекпен шүғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде-бір адам болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол қоғамдық және ортақ пайдалы қоғам үшін де жеке адам үшін де пайдалы деген
Ибн-Синаның мемлекетке, "жалпы" адамзатқа "арналған", жеке адамдар санасын, білімін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы /қор/ бөлуге тиіс деген тұжырым жасаған. Бұл қаржы халық арасынан жиналатын алым-салықтан, мемлекеттік меншіктерден, орта ғасырлық дәуірге дейін үлкен ұстаз екенін көрсете білді. "Ортада" жиналған қаржылар жұмысқа жарамайтын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы, тәртіп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды "тәрбиелеуші" ұстаздарға, үйретуші адамдарға жалақы ретінде төленуі тиіс - деген Ибн Синаның бұл ойы, оның үлкен экономист екенін дәлелдейді. Адамдардың денсаулығы - айнала ортаға, экологияға байланысты да оның айтқандарының зор тарихи маңызы бойына адамгершілік, еңбек, тәрбиелік қасиеттері оны ұлағатты ғалым, ұстаз-тәрбиеші қатарына қосады. Дәлірек, айтсақ, мемлекетгік қор "Жалпы халық игілігіне айналсын, соларға жұмсалсын - деген пікір мемлекеттік, жалпы халыққа бірдей білім берілсін, бірдей тең оқысын деген пікірлермен ұштасады. Бұл да оның ағартушылық көзқарасын дәлелдейді.
Ибн-Сина бір адамның бойынан осыншама қасиеттің табылуын еңбек, оқу, тәрбиедең іздейді. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттері осы жоғарыдағы даналықтан туындатады.
Низами Гәнжауи тағылымы - тәрбие тәлімі. Азербайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гөнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде жазған. Өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас кезінде лирикалық өлендер жазып көрді.
Низамидың тәрбие тағылымдарында - халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен дастарында - тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік - ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады.
Белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен Орта Азияға тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын - «Тарихи Рашидидің», «Джаханнама» дастандарының авторы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz