Мектеп физика оқулығы бойынша электрондық оқулық


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Физика - математика факультеті
Физика және ПОӘ кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Мектеп физика оқулығы» бойынша электрондық оқулық
Орындаған:
Жандаева Айгүл Алпысбайқызы
«физика және информатика» бөлімінің студенті
Ғылыми жетекші:
Шүйішбаева Нұргүл Найзабекқызы
«Физика және ПОӘ» кафедрасының оқытушысы
Көкшетау - 2006 жыл
Аннотация
Бұл электрондық оқулық кіріспеден, негізгі бөлімнен, қосымшадан, есептер жинағынан, тест - тапсырмаларынан және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімнің өзі бірнеше тараулардан тұрады, яғни «Мектеп физика оқулығы» туралы барлық мәліметтерді толық қамтиды.
Кіріспеде осы оқулықтың маңызы мен мемлекеттік стандарт қарастырылса, ал негізгі бөлімде мектеп оқулығы бойынша әр түрлі бағдардағы бағдарламалардың жасалуы, әрбір сыныптың «физика және астрономия» оқулығының әрбір тарауының маңыздысы келтірілген.
Қосымшада физикалық тұрақтылар мен кестелер көрсетілсе, есептер жинағы мен тест - тапсырмалар осы оқулыққа қосымша материалдар болып табылады.
Қортындыда «МФО» электрондық оқулығының жоғары оқу орынының Мемлекеттік стандарттың 050110 -«физика» мамандықтарында оқытылуының маңызы қарастырылған.
Аннотация
Данный электронный учебник состоит из введения, основной части, приложения, сборника задач, тестового материала и заключения. Основная часть состоит из нескольких глав, в котором описывается полный курс школьного учебника по физике.
Введение рассматривается государственный стандарт и основы данного электронного учебника. В основной же части описывается выполнение программного материала по профессиональному обучению и основные понятия каждого раздела школьного учебника «физика и астрономия».
В приложении включены постоянные величины и таблицы, сборник задач и тестовый материал является дополнением к данному электронному учебнику.
В заключение рассматривается, что электронный учебник является необходимым источником для студентов физика-математического факультета. В заключение показана необходимость и методика работы с электронным курсом, который предназначен для обучения по специальности 050110 - физика в соответствии с ГОСО РК.
Мазмұны
І. Кіріспе
§1. Мемлекеттік білім стандарты13
ІІ. Негізгі бөлім
1 - тарау . 7 - сынып «Физика және астрономия» пәні бойынша оқу бағдарламасы 37
2 - тарау . 8 - сынып «Физика және астрономия» пәні бойынша оқу бағдарламасы 45
3 - тарау . 9 - сынып «Физика және астрономия» пәні бойынша оқу бағдарламасы 51
4 - тарау . Жаратылыс тану-математика бағдарлы мектептің физика пәні бағдарламасы. (түсініктеме) 58
§1. 10-сынып бағдарламасы 61
§2. 11-сынып бағдарламасы 66
§3. Мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін практикалық сабақтар 70
§4. «Физика» оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысында оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 71
5 - тарау . Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептің физика пәні бағдарламасы. (түсініктеме) 77
§1. 10 және 11-сынып бағдарламасы 80
§2. «Физика» оқу пәні бойынша мектептің әр түрлі сатысында оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 82
6 - тарау . Мектеп физика оқулығы тарауларының ең маңыздылары
§1. 7 - сынып «Физика және астрономия» 85
§2. 8 - сынып «Физика және астрономия» 91
§3. 9 - сынып «Физика және астрономия» 98
ІІІ. Қортынды 106
IV. Қолданылған әдебиеттер 108
Кіріспе
«Мектеп физика оқулығы» курсының мақсаты мен міндеттері:
Физиканың мектептік курсының мазмұны іргелі физикалық теориялардың динамикалық түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің ғылыми-физикалық бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға бағытталған тұжырымдық идеяға сәйкес анықталатындығына көз жеткізу.
«Мектеп физика оқулығы» курсының маңыздылығы:
«Физика және астрономия» пәнінің интегралды курсы қазіргі оқу талаптарына сай орындалуы, «физика» мамандығы бойынша дәріс алатын студенттерге ең қажет құрал болуымен қатар, «Физика және астрономия» оқулығы оқу процесі кезінде оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге, көптеген тәрбие мәселелерін шешуге тиімді.
«Мектеп физика оқулығы» курсының жаңалығы:
Бұл оқулық ғылыми-техникалық прогрестің дамыған маңызды бір саласы космонавтиканың қазіргі жетістіктері мен адамзат алдында тұрған қазіргі ғаламат мәселелерді шешу перспективасы жағдайында ғылыми жаратылыстану білімдерін гуманитаризациялауды күшейтуге, сонымен бірге маңызды астрофизикалық ұғымдарды курс бойынша негізгі білім қатарына қосу астрофизика материалы негізінде жер табиғаты құбылыстарын, атап айтқанда, экологиялық проблемаларды зерттеуге назар аудартуға мүмкіндік береді.
Физиканың базалық мазмұны осы іргелі теориялар төңірегіне топтастырылады. Физиканың мектеп курсы құрылымы «Механика», «Молекулалық физика және термодинамика», «Электродинамика», «Кванттық физика» бөлімдерінен тұрады. Мұнд афизиканың қозғалыс және күш, зат, өріс және энергия, сондай-ақ ғылыми-физикалық таным әдістері сияқты категориялары аталған бөлімдер арасындағы байланыстырушы буын ретінде көрініс табады.
Ғылыми танымның физикалық әдістері. Физиканы оқыту оқушыларды ғылыми таным әдістерімен қаруландыруға, олардың жасында және білім деңгейіне сәйкес табиғи және техникалық құбылыстарды өз бетінше теориялық және эксперименттік зерттеуге мүмкіндік беретін интеллектуалдық және практикалық біліктіліктерін дамытуға бағдарлануы тиіс.
Оқу пәні ретінде «Физика» оқушыларға ғылыми танымның жалпы әдістері тәжірибеде қолдана алу біліктілігін қалыптастырады.
Физикадағы танымәдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры болып отыр. Оны игеру ғалым-зерттеуші үшін де, оқушы үшін де өте маңызды.
Механика. Материалық нүктенің түзу бойымен қозғалысы; координата, жылдамдық, үдеу. Бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс; координата мен жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі. Бірқалыпты және қисық сызықты қозғалыс.
Механикалық тербелістер: гармоникалық тербелістер; амплитуда, жиілік және период. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Серпімді толқындар, олардың таралу жылдамдығы.
Денелердің өзара әсерлесуі. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Дене импульсі, импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Жұмыс және қуат. Потенциалдық және кинетикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы жай механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Еркін түсу. Салмақ. Салмақсыздық. Қатты денелердің серпімді және пластикалық деформациялары. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Заттың тығыздығы. Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзуі. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. Бернулли теңдеуі.
Молекулалық физика және термодинамика. Атомдар мен молекулалар. Зат бөлшектерінің жылулық қозғалысы, олардың өзара әсерлесуі. Температура. Ішкі энергия. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Жылу берілу, жылу берілудің түрлері. Жылу мөлшері. Жылу сыйымдылық.
Дененің балқуы және қатаюы. Кристалл денелердің балқу температурасы, меншікті балқу жылуы. Булану және конденсация, меншікті булану жылуы. Қайнау, қайнау температурасы және оның сыртқы қысымға тәуелділігі.
Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электрон. Қозғалмайтын зарядтың өзара әсерлесуі. Заттардың электрөткізгіштігі: өткізгіштер мен изоляторлар. Электр тоғы, тоқ көздері. Электр тізбегі. Тоқ күші. Кернеу. Металл өткізгіштің кедергісі. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді параллель қосу. Тоқтың жылулық әсері. Тоқтың жұмысы мен қуаты. Қыздыру шамы. Қысқа тұйықталу.
Тоқтың магниттік әсері. Денелердің электрленуі. Тұрақты магниттер. Электрмагниттер. Жер - үлкен магнит. Электр қозғалтқышы.
Электр өрісі. Потенциалдар айырымы. Конденсатор, конденсатордың электр сыйымдылығы. Зарядталған конденсатордың энергиясы. Электрлит ерітінділеріндегі тоқтың өту ерекшеліктері. Плазма туралы түсінік. Шала өткізгіштер, шала өткізгіштердегі тоқтың өту ерекшеліктері. Шала өткізгішті диод.
Магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік өріс. Тербелмелі контурдағы. Электромагниттік тербелістер. Айнымалы тоқ. Электромагниттік толқындар, олардың таралу жылдамдығы. Радиобайланыс принципі. Электромагниттік толқындардың тірі ағзаларға және адамға тигізетін әсері.
Электромагниттік толқындар спектрі. Жарық толқындары. Жарықтың интерференциясы және дифракциясы. Кескіннің дифракциялық табиғаты. Көру механизмі. Жарық шағылуы және сынуы. Айналар, линзалар. Көзді қаруландыратын құралдар. Фотометрия элементтері (көру экологиясы) .
Жарықтың ортамен өзара әсері: поляризация, дисперсия және жұтылу. Денелердің түстері.
Арнайы салыстырмалылық теориясыцның элемнеттері.
Кванттық физика. Атом құрылысының ядролық моделі. Атомның жарықты жұтуы және шығаруы. Лазерлер туралы ұғым.
Жарықтың затпен өзара әсері: жарық қысым, фотоэффект. Жарық пен заттың корпускулалық-толқындық дуализмі.
Атом ядросы. Ядроның нуклондық моделі. Изотоптар. Радиоактивтілік. Ядролық сәулеленудің биологиялық әсері. Сәулелену дозасы туралы түсінік. Сәулеленуден қорғану жолдары. Ядролық реакциялар. Байланыс энергиясы. Масса мен энергияның пропорционалдылығы. Ядролық реакцияларда энергияның бөлінуі. Тізбекті реакция. Термоядролық реакция.
Элементар бөлшектер туралы түсініктер.
Әлемнің біртұтас физикалық бейнесі. Әлем. Біздің ғаламның құрылысы. Жұлдызды аспан. Күн жүйесі. Птоломейдің геоцентрлік және Коперниктің геоцентрлік жүйелері. Күн жүйеснің планеталары. Планеталардың қозғалысы. Аспан сферасы. Шоқжұлдыздар. Ай оның фазалары. Тұтылулар. Жердің жасанды серіктері.
Әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру теориялық та, эксперименттік те зерттеу әдістерін қолдану негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты физикалық білімнің базалық мазмұны мектептік физикалық экспериментті, лабороториялық пркатикумды, типтік (соның ішінде эксперименттік және есептеу) физикалық есептерді, сонымен қатар физикалық құралдарды және физикалық шамаларды өлшеуді де қамтиды.
Эксперименттік, лабороториялық-практикалық жұмыстардың базалық мазмұнын (тізімін) және физикалық есептерді «Физика» пәнінің сәйкес бағдарламалық-әдістемелік құралдарды анықтайды.
Орта білімнің сәйкес (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сатыларында «Физика» пәні бойынша базалық білім мазмұнын төменгідей жобаланады.
Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз кұбылыстарында орын тебетін тад\биғаттың жалпы заңдылықтарьн қарастырады. Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.
Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалык, қана емес, гуманитарлық потенциалға да ие болып отыр. Сөйтіп мектеп физикасы дүниетанымдық қызметпен қатар дамытушылық, және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады. Бұлар мектептік физика курсының білім берудегі ең басты монін анықтайды. .
Қазіргі кезге дейін физика курсының бірінші сатысы (7-8 сыныптар), негізінен, физиканың келесі жүйелі курсы (9-11 сыныптар) және астрономия (11 сынып) үшін іргетас болып келді. Осы уақыттағы жағдай түбегейлі өзгеруде. Енді 10-11 сыныптардағы физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша зерделенетін болады. Бұл жаратылыстану, физика-математикалық техникалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған физика курсы болуы мумкін.
Осы жағдайларда жалпы білім беретін мектептегі 7-9 сыныптарына арналған физика курсы да жаңа мәнге ие болуда. Ол физика ғылымының негіздері мен оның қолданылуынан барлық оқушылар үшін, олардың болашақ мамандығына байланыссыз, іргелі білім жүйесін камтамасыз етуге бағыталған базалық аяқталған курс болады. Сондықтан курс бағдарламасы базалық ғылымда орналасуына сәйкес келетін механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика, атом және атом ядросы бөлімін қамтуы тиіс.
Мектепке арналған физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай бұл әнді оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды окушылардың ақыл-ойы, танымдық және шьғармашылық қабілеттерін дамыту; физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның кұндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысы үшін ұсынылып отырған «Физика және астрономия - 7-9» бағдарламасында ескерілген мынадай мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
- материя құрылысының біртұтастығын, табиғаттың іргелі заңдарының әмбебаптығы мен олардың қолдану аясын көрсету;
- физикалық құбылыстар, ғылыми ұғымдар, заңдар, іргелі теориялар (атомдық-молекулалық және электрондық) элементтері, тәжірибелік деректер, физика мен астрономияның зерттеу әдістері жайлы білімдерді қалыптастыру;
- оқушлардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру;
- оқушылардың ғылым ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғат құбылыстарын танып-білуге қызығушылығын, оқуға деген саналы түрдегі ынтасын дамыту;
- оларда ғылыми мәліметтерді түсінуді, ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді, өз бетінше зерттеулер жүргізуді қалыптастыру;
- қоршаған ортаға жеке тұлғалық карым-қатынасты, технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдануды, этикалық, және құлықтық нормаларды игеруді қалыптастыру;
- жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу:
- ҒТП-ның басты бағьггтарының негізі мен өндірістің ғылыми негіздері жайлы білімдерді қалыптасытру.
Бұл міндеттер мектептік физика және астрономия курсы мазмұнының құрамы мен құрылымын жаңарту кезінде шешілмек. Ал бұл жалпы білімдік дайындықтың қажетті базалық деңгейін бөліп көрсетуді қажет етеді.
Бағдарламада берілген осы мазмұнды таңдап алуда негізгі мектептің физика курсына қойылатын төмендегі талаптарды ескеретін негізгі тұжырымдық кағидалар басшылыққа алынды:
- тоғызжылдық негізгі мектепке арналған физика курсы логикалық аяқталғанжәне тұйықталған болуы керек; яғни ол қоршаған әлемнің физикалық бейнесін ашуға әдіснамалық негіз болатын ғылыми білім мен танымның толық кешенді жүйесін құрайтын заңдылықтарды теориялық қорытындыларды, негізгі ұғымдарды қамтуға тиіс;
- физика мен астрономия пәндері интерграцияланған болып табылады; ол физиканың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын және теорилық қағидаларын, сондай-ақ астрономияның негізгі мәліметтерін (тарихи материалды, қазіргі астрономия мен астрофизика мәселелерін. Әлемнің құрылысы мен дамуын) қамтуды көздейді.
- аталмыш курс ғылыми дүниетанымды (табиғатты, техниканы, адамның рөлін, оның түрлендірушілік қызметін, қоршаған ортаны қорғау мәселесі және т. б) қамтамасыз етуі тиіс; физиканың адамның күнделікті тұрмыстағы және өндірістегі практикалық қызметіне қажетті қолданбалы мәселелерін қамтуы керек;
- оқушыларда зерттеудің ғылыми әдістері жайлы түсініктерді қалыптастыруға, жаңа білімді өз бетінше игеру және білімді жалғастыру үшін білім беру стандартында ескерілген ғылыми танымның әдіснамасы жайлы мәліметтер беруі тиіс;
- оқушылардың жас (12-15 жас) ерекшеліктеріне байланысты танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ ғылыми түсінік алуға дейінгі көзқарастарының деңгейін, жаратылыстану - математикалық ғылымдарынан алған білімдерін ескеруі керек;
- курстың мазмұндық көп деңгейлік (ішкі) саралауға бағдарланған, яғни ол оқушылардың көпшілігіне түсінікті болып, сонымен қатар физика мен астрономияны тереңірек меңгеруге қабілеті мен қызығушылығы бар балалардың қажеттілігін де қанағаттандыратындай болуы керек.
Ұсынылып отырған "Физика және астрономия - 7-9" бағдарламасын жасауда мына мәселелерге көңіл бөлінді, яғни:
- базалық білімнің мазмұны физика курсының мазмұндық әдістемелік желісін (таным әдістері, қозғалыс және күште, зат, өріс, энергия), логикалық құрылымын, пәнішілік және пәнаралық байланыстар жүйесін анықтайтын ғылыми - әдістемелік ұжымдар негізінде құрылды;
- бағдарлама физика курсы мазмұнының тұрақты (инванантты) компонентін айқындайды, білімнің негізгі элементтер жүйесінің минимал номенклатурасын, яғни базалық білім беру жүйесіне қажетті болатын және жалпы білім беретін орта оқу орындарын бітірушілер тегіс меңгеруге тиіс мәселелерді ғана қамтиды;
- оқу материалдарын мазмұндық-әдістемелік бағыттар, тақырыптар, бөлімдер, тараулар және нақты пункттер бойынша бөледі;
- барлық оқушылар меңгеруге тиіс оқу материалының стандартталған деңгейін, яғни қандай да бір тақырыптарға байланысты мәселелерді оқу кезінде қалыптасатын білім, біліктік, дағдыларға қойылатын талаптардың минимал және мүмкін деңгейлерін береді;
"Физика және астрономия - 7-9" курсының бағдарламасы сыныпқа сәйкес 2 + 2 + 2 апталық сағат санына есептелген курстың негізгі мазмұнын қоршаған ортаның жалпы сипаттмасы, әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әр түрлі (механикалық, жылулық, электр-магниттік, электр, жарық атом ішіндегі) құбылыстары сондай-ақ негізгі физикалықлык және астрономиялық ұғымдар, физиканың кейбір практикалық қолданыстары туралы мәліметтер құрайды. Оқушылар физикаылқ материалды қоршаған әлемдегі физикалық заңдардың байқалуын және оларды адамның практикалық әрекетінде қолдануын түсіну деңгейінде меңгеруге тиіс деп ұйғарылады.
Ұсынылып отырған курстың негізгі ерекшелігіне қамтылып отырған сандық заңдылықтардың барлығының дерлік занңның мағынасы мен құбылыстың мәнін түсінуне мүмкіндік беретіндей көлемде берілуі жатады. Бұл физикалық процестерді және олардың табиғатта байкалуы мен техникада қодануын сапалы түрде қарастыру кезінде оқушылардың зейінін аударуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың жас ерекшелігі физика мен астрономияның базалық курсының жалпы құрылымын адам мен әлемді, адамды әлемнің бөлшегі ретінде, адамды Әлемді зерттеуші ретінде жалпы суреттеуден бастап, адамның, адамның атом, ядро, зат табиғатына енуіне дейін көрсетуге мүмкіндік береді.
Оку материалы бағдарламада келесі ретпен орналасады:
VII сыныпта оқушылар зат құрылысымен, денелер қозғалысымен танысады, бұл білімдер физика курсының барлық басқа бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Механикалық құбылыстар (қозғалыс) жайлы білім табиғат құбылыстарын түсіндіру кезінде басынан аяғына дейін қолданылады. Зат құрылысымен танысу сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер мысалында қарастырылады, механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті енгізіліп, энергияның сақталу заңы окытылады. Күйенте мен біліктерге байланысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.
8 сынып физика курсының негізгі мазмұнын жылулық, электр, электр-магниттік және жарық құбылыстары құрайды.
9 сынып физика курсының материалдары, негізінен, денелердің өзара әсерлесуін, тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросын, аспан сферасын және аспан координаталарыноқуға арналады.
Негізгі мектептің физика курсы мазмұнының өне бойында оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеумен тығыз байланысты қоршаған ортаны қорғау проблемалары, экологиялық проблемалардың пацйда болу себептері, адамның табиғатқа және техникаға қатынасына байланысты мәселелер ақмтылып көрсетіледі.
Сондай-ақ бағдарламада физиканың, астрономияның, техниканың дамуындағы Еуропа, Ресей Азия ғалымдары еңбектерінің маңызы да қарастырылады. Бұл оқушыларда эстетикалық көзқарастың қалыптасуына, адам ақыл-ойының құдіреттілігін сезінуге және қоршаған әлемді танып-білуге мүмкіндік туғызады. Тарихи, дүниетанымдық мәселелердің мәні, өркениеттің дамуындағы физиканың рөлі күшейтілген, яғни физиканың гуманитарлық потенциалы терең ашылған.
Оқушыларды ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарымен, құралдардың, техникалық құрылғыларыдң, технологиялық қондырғылардың, технологиялық қондырғылардың жұмыс істеуінің физикалық негізімен таныстыру нәтижесінде олардың политехникалық білімдерінің негізі қаланады.
Оқушылардың теориялық және қолданбалы білімді меңгеруі, лабороториялық жұмыстарды орындауы мен есептерді шығаруы барысында политехникалық білім міндеттері шешіледі.
Негізгі мектептің физика курсының бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың практикалық әрекетіне үлкен мүмкіндіктер туғызады. Бұл курс оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, байқаулар жүргізу мен эксперименттік тапсырамлар орындау біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда лабороториялық жұмыстар ерекше орын алады. Оларға бағдарламадағы курстың әр бөліміне берілген оқу уақытының 30%-і бөлінеді.
Бағдарламада материалды оқытудағы сабақтастық, математикамен, еңбекке баулумен, биологиямен, географиямен, химиямен пәнаралық байланыстар ескерілген.
Көптеген тақырыптарды оқып үйрену-үйрену оқушылардың жаратылыстану курсынан алған білімдеріне сүйенеді.
Тәжірибе көрсеткендей, физиканы оқуға берілетін жалпы сағат санының 20%-тейі қосымша уақыт қорын құрауы тиіс, бағдарламада бұл жүзеге асырылған.
Бағдарламада екі меңгеру деңгейіндегі мұқият сұрыпталған білім мен біліктіліктер айқындалған: негізгі мектептің барлық оқушылары меңгеруі тиіс міндетті деңгей және оқушылардың қызығушылығымен қабілеттілігіне сәйкес игерілетін дайындықтың мүмкін деңгейі. Сонымен қатар бағдарламаның мазмұндық бөлігі негізгі мектепті бітірушілерге арналған міндетті білім мен біліктіліктер жүйесінен кеңірек ауқымды құрайды.
Оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар іргелі физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленген.
Бағдарламаның мазмұндық бөлігінің кейбір мәселелері жақшаларға алынған. Бұл материалдар оқушылардың қосымша танысуына арналады.
ІІ Физика оқу пәні.
1. Қолдану саласы.
Бұл стандарт ҚР БМЖМС 2. 003-2002 негізінде дайындалды, ол «Физика» оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz