Ұлтабаралды қарындардың жіті гтпотониясы және атониясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ұлтабаралды қарындардың жіті гтпотониясы және атониясы-мес, тақия және қатпаршақ қарындардың жиырылуларының бұзылуларымен сипатталатын дерт. Гипотонияда олардың жиырылу күші әлсіреп, саны азаяды, ал атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.
Себептері. Қарындардың өз бетімен дамитын гипотониясы және атониясы, ірі қарада жиірек, ешкілерде сирегірек шырынды азықтан қатқыл, құрғақ, клетчаткасы көп азықтарға аяқ асты ауыстырғаннан кейін пайда болуы мүмкін, әсіресе құрғақ күйінде жегізген егін және диірмен қалдықтары, сонымен қатар жарылмаған жемді дән күйінде көп берген өте қауіпті.
Қарындардың жіті гипотониясы малды құрғақ, сапасыз азықтардан тез арада тек қана шырынды азықтарға көшіріп оларды көп мөлшерде және тоңазытылған не ыстық күйінде бергеннен пайда болады. Азықтың бір түрінен екінші түріне аяқ асты көшірілуіне байланысты пайда болатын қарындардың жіті гипотониясы және атониясы. Көбінесе буаз, арық және көп мезгіл серуендетілмеген әлсіз малдар арасында жиі кездеседі.
Қарындардың жіті түрінде өтетін туындаған , гипотониясы басқа ағзалардың қалыптан ауытқыған рефлекстерінің әсер етуінен пайда болады, мәселен ұлтабарға сұйық, жұмсақ, әсіресе қышқыл, қатпаршақ қарын мен ұлтабарға шайнамай-ақ тез өтіп кететін, азықтар толып кеткенде, қарын қатпаршасы бітелгенде, желін қабынғанда, кезеген жүйке зақымдалғанда, дененің қызуы көтерілетін ауруларда және басқа да жағдайда. Қарындардың гипотониясы және атониясы тақия қарынның жарақатынан және қатпаршақ қарынның ластануынан да болады.
Дамуы. Жоғарыда келтірілген толып жатқан факторлар қарындардың қозғыштық қабілетін азайтып жиырылуын нашарлатады, соның салдарынан аурудың күйіс қайыруы бәсеңдейді не мүлдем тоқтайды, жындардың кейінгі ағзаларға ауысып өтуі баяулайды, заттардың сіңірілуі және микробиалдық , ферментациялық процестері бұзылады.
Жынның мес, тақия, қатпаршақ қарындарда кідірілуі микрофлора, микрофауындардың құрамын өзгертіп рН-ты 6,3-5,8-ге дейін төмендетеді. Осындай өзгерістер барысында құралған улы заттар денеге сіңедң де оны уландырады, соның салдарынан зт алмасу процестері бұзылған ацидоздың дамуына бейімділік туады.
Келтірілген өзгерістермен қатарласа, ас қорыту бездерінің сөл шығару қызметі нашарлайды, асқазан мен ішектердің жиырылып созылуы бәсеңдейді, сөйтіп астың қорытылуы бұзылады, ашу-шіру процестері күшейіп организмнің өзін-өзі уландыруы үдейді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Іші кебуі мүмкін. Мес қарын құрғаған не ботқа тәріздес, қышқыл, жағымсыз иісті жынға толады. Қатпаршақ қарында көп мөлшерде тығыздалған, кейде құрғаған жын анықталады. Ауру ұзаққа созылғанда мес қарынның, қатпаршақ қарынның қатпарларында, ұлтабардың кілегейлі қабықтарында қызарғандық және нүктелі қанталағандық байқалады.
Симптомдары. Арудың бастапқы кезіндегі белгілері-азыққа деген зауқы нашарлайды, бұзылады не толық жоғалады. Азыққа зауқының өзгеруімен қатар күйіс қайыру саны азаяды, күйіс қайыру уақыты қысқарады не толық жойылады, кекіруі сақталады. Мес қарын аурудың басында тығыз, кейінірек жұмсарған не сұйылған жынға толады, сол жақ аш бүйірі газға толады, оны қолмен және перкуссиямен оңай анықтауға болады.
Гипотония кезінде мес қарынның жиырылу күші біркелкі болмайды, әлсірейді, атония кезінде қолмен тексеріп мес қарынның қозғалысын анықтай алмайды, ал руменограммада қимылы болар-болмас қана байқалады.
Жиырылу қызметінің әлсіреуіне байланысты қатпаршақ қарындағы, ұлтабардағы, ішектердегі табиғи шуылдар бәсеңдеуестіліп, дауысы қатаңдау шығады. Ауру ұзаққа созылған кезде іші қатады, қатпа іші өтуіме алмасып тұрады. Іші өткен кезде нәзісі өте сасық болады. Мес қарыннан алынған жында инузорийдің саны күрт азаяды, олардың майда түрлері көбейіп,

байланысты рН қышқыл жағына қарай өзгереді. Мал әлсізденеді, көп уақыт жатады, мәжбүрлегенде ғана барып қиналып тұрады, тістерін шықырлатады. Ауру ауыр өткен жағдайда мезгіл-мезгіл жеңіл түрде қозады, бұлшық еттерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары
Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
Қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы
Отырар аудан әкімдігіне қарасты шаруашылықтағы малдар саны
Сауын сиырлардың кетозы
Ауыл шаруашылық жануарлары төлдерінің ас қорыту жолдары аурларының этиопатогенетикалық үрдістеріне байланысты балау және емдеу түрлері
Саулықтың кетозы
Ағзадағы зат алмасуының бұзылуы мен организмде көмірсулардың жеткіліксіздігі
Сиыр кетозы
Ішкі жұқпалы емес аурулар
Пәндер