Шөл жағдайындағы жайылым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
а) Жайлымдардың маңызы
2. Негізгі бөлім
а) Қазақстандағы мәдени жайылымдар
б) Жайылым турлері
в) Мәдени жайылымдардың ерекшеліктері
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мәдени жайылымдар жасау негізі

1. Кіріспе

Шөптердің көп түрлерінің пайдалануға зор маңызы бар. Олардың ең басты маңызы - мал шаруашылығын арзан көк шырынды, ірі азықпен қамтамасыз ету. Бұршақ дақылдас шөптердің түйіп бактерияларымен симбиозының арқасында ауадағы бос азотты сіңіріп тамырларында азот түзілген түйнектер пайда болуына, астың дақылдас шөптердің шашақты тамырлары топырақта көп шірінді қалдыруына байланысты шөптердің топырақ құнарлылығын арттырудағы агротехникалық маңызы бар. Беткейлерде өскен шөптер тығыз шым қалдыруына байланысты топырақты су және жел эрозиясынан қорғайды. Сонымен қатар шөптер жасыл газондарға, спорт аландарына, себуге пайдаланылады, себебі олар тығыз жасыл жамылғы қалыптастырады. Мал азықтық шөптерді бұршақ тұқымдастар және астық тұқымдастар, біржылдық және көпжылдық деп бөлінеді. Бұршақ тұқымдас шөптердің негізгі түріне жататындар: біржылдық - егістік сиыржоңышқа, кесте жапырақ; екі жылдық - ақ бас түйежоңышқа және сары бас түйежоңышқа, мүйізді пышан, эспарцет.
Жайылымдарды класқа бөлу дегеніміз - неғұрлым ірі табиғи жемшөптік жерлерді, табиғи аймақтар бойынша кластарға және класс тармақтарына бөлу. Осының негізінде геоботаникалық тексеру барысында бірыңғай принцип бойынша толық аймақтық класқа бөледі, бұл табиғи жемшөптік жерлерді сапа және сан жағынан сипаттау мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін қажет.
Жемшөптік жерлерді тиімді пайдалану, оларды жақсарту жөнінде шаралар жоспарлауды, сондай-ақ жерге орналастыруды, жерді және жер кадастрын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатымен аудандар, облыстар бойынша жайылымдарды геоботаникалық тұрғыдан тексеру материалдарын жинақтап қорыту үшін класқа бөлудің принципі қажет.
Жайылымдарды класқа бөлу негізінде осы жерлердің сапасын анықтайтын топоэкологиялық және шаруашылыө көрсеткіштер (климат, жер бедері, сол жерлердің гидрологиялық жағдайлары, топырақ қасиеті, өсімдік құрамы т.б.) алынады.
1. Орманды-далалық және далалық аймақ. Орманды-далалық аймаққа сұр орманды топырақ, күлгін, тұзы шайылған және кәдімгі қара топырақ, далалық аймаққа - оңтүстік қара топырақ, қуаң далалық аймаққа - қара, қызыл қоңыр топырақ және қызыл қоңыр топырақ жатады.
2. Шөлейт және шөл аймақтар. Шөлейт аймаққа - боз қызыл қоңыр және қоңыр топырақтар, шөл аймаққа сұр қоңыр және тақыр тәрізді топырақтар жатады.
Белдеулердің таулы топтары: шоқылар (аласа таулы) және тау етегі; орташа немесе биік таулы жерлер.
Класқа бөлудің жүйелік өлшемі мынадай төмендеген бағытта болу керек: класс, класс тармағы типтер тобы, тип түр өзгерушіліктер.
Жемшөптік жерлер класы - класқа бөлудің жоғарғы жүйелік өлшемі табиғи аймақ немесе тау белдеуі шегіндегі жайылымдарды жалпы алғанда аймақтық климат, геоморфологиялық, топырақ жағдайлары, өсімдіктер тұрғысынан біріктіру керек. Әрбір табиғи аймақта жазықтық, ойпат жер, қысқа уақыт су жайылатын алап, ұзақ уақыт су жайылатын алап және батпақты табиғи жемшөптік жерлер кластары болып бөлінеді.
Таулы облыстарды таулы белдеулік (аймақтық) белгілері бойынша ойпат сазды және өзендер бойындағы су жайылатын жерлер кластарына бөлінеді.
Жемшөптік жерлердің класс тармағы класқа бөлудің ең жоғарғы жүйелік өлшемі, бұл жер бедері, ылғалдану дәрежесі, топырақ тпі және оның механикалық құрамы, сортаңдауы жағынан ұқсас келетін табиғи жемшөптік жерлерді біріктіреді.
Класқа бөлудің мынадай индекстері қабылданған (аймақтар мен тік белдеулерді бас әріптермен белгілейді):
Д - орманды-далалық және далалық; Ш - шөлейт және шөл; А - аласа шоқырлар мен тау бөктерлері; Т - таулы (орташа таулы); Б - биік таулы.
Жергілікті жемшөптік жерлердің ерекшеліктерін нағыз класқа бөлуден кейін қосымша класс тармақтары бөлуге рұқсат етіледі. Бөлінген кластар мен класс тармақтары ұсақ жүйелік өлшемдерден тұрады - типтер топтары және типтер, түр өзгерістеріне бөлінеді.
Жемшөптік жерлердің типтер тобы - класқа бөлудің орташа жүйелік өлшемі. Бұл ылғалдану, топырақтың механикалық құрамының немесе сортаңдау дәрежесінің және экологиялық тұрғыдан жақын өсімдік қауымының ұқсас жағдайымен біріктірілетін жемшөптік жерлер типтерінің жиынтығы.
Жемшөптік жер типі - класқа бөлудің бірсыдырығы ұсақ жүйелік өлшемі. Экологиялық жағдайлардың біртектілігімен; топырақ түзу мен ылғалданудың су-тұз режимінің бірдейлігімен және пайдалану мелиорациялау ерекшеліктеріне бірдей әсерленетін өсімдіктер-индикаторлардың ұқсастығымен сипатталады.
Жемшөптік жерлер типінің түр өзгеруі - шаруашылыққа пайдалану нәтижесінде өсімдік түрлрі өзгеретін жемшөптік жерлер учаскелері.
Типтер топтары және түр өзгерісін бөлу ісі жемшөптік жерлерді нақтылы кең көлемді геоботаникалық тексеру негізінде ғана жүргізілуі керек.
Нақтылы бір аумақта табиғи жемшөптік жерлердің зерттеуіне байланысты класқа бөлудің жалпы схемасының құрамында (класс тармағы, типтер тобы, тип немесе түр өзгеруі) тиісті баға беру үшін өлшемдерді таңдап алады. Қабылданған бағалау өлшемдерін топырақтың жалпы қабылданған топтарымен байланыстырады.
Астық тұқымдас шөптердің негізгі түріне жататындар: біржылдық - могар, судан шөбі; көпжылдық - итқонақ, еркекшөп, шалғындық бетен, қылтанақсыз арпабас, түлкі құйрық, жима торғақ, райграс, көген тамырсыз бидайық.
Бұршақ тұқымдас шөптердің түрлері сабағының әртүрлі құрылымымен, жапырақтарымен, жапырақшаларымен, гүлшоғырының формасымен және гүлдерінің бояуымен жақсы ажыратылады. Сабағы тік болуы, аз немесе көп жапырақты, төселе жатуы мүмкін. Жапырақтары бойынша бұршақ тұқымдас шөптер үш тармақты және қауырсын жапырақты деп топтанады. Анық айрықша белгілері болып гүл шоғыры, гүлдерінің орналасуы мен бояуы саналады.
Астық тұқымдас шөптердің көп түрінің әртүрлі құрылымдағы гүл қауызына оралған дәнектері бар; тұқымның түрлік негізгі белгісі - мөлшері, тұқымының формасы, қылтығының бояу - болмауы немесе қылтық сияқты үшкірдің бояу - болмауы. Ерекше белгісі болып өзекше саналады - ол төменгі гүлде қалып қойған келесі гүлдің сабағы, масақшада жоғары орналасқан гүлдің өзекше дәнектің ішкі жағында орналасады. Оның формасы мен орналасу жағдайы астық тұқымдас шөптердің көбіне қалыпты.

Астық тұқымдас шөптердің түрлері өсімдігінің құрылымы мен сипатына қарай бөлінеді. Түрдің негізгі белгілеріне жататындар: сабақ пен жапырақтың құрылымы, гүлшоғыры мен масақшаның құрылымы мен түрі. Дұрыс анықтау үшін жақсы орындалған гербарий болуы шарт.
1. Орманды-далалық және далалық аймақ. Орманды-далалық аймаққа сұр орманды топырақ, күлгін, тұзы шайылған және кәдімгі қара топырақ, далалық аймаққа - оңтүстік қара топырақ, қуаң далалық аймаққа - қара, қызыл қоңыр топырақ және қызыл қоңыр топырақ жатады.
2. Шөлейт және шөл аймақтар. Шөлейт аймаққа - боз қызыл қоңыр және қоңыр топырақтар, шөл аймаққа сұр қоңыр және тақыр тәрізді топырақтар жатады.
Белдеулердің таулы топтары: шоқылар (аласа таулы) және тау етегі; орташа немесе биік таулы жерлер.
Класқа бөлудің жүйелік өлшемі мынадай төмендеген бағытта болу керек: класс, класс тармағы типтер тобы, тип түр өзгерушіліктер.
Жемшөптік жерлер класы - класқа бөлудің жоғарғы жүйелік өлшемі табиғи аймақ немесе тау белдеуі шегіндегі жайылымдарды жалпы алғанда аймақтық климат, геоморфологиялық, топырақ жағдайлары, өсімдіктер тұрғысынан біріктіру керек. Әрбір табиғи аймақта жазықтық, ойпат жер, қысқа уақыт су жайылатын алап, ұзақ уақыт су жайылатын алап және батпақты табиғи жемшөптік жерлер кластары болып бөлінеді.
Таулы облыстарды таулы белдеулік (аймақтық) белгілері бойынша ойпат сазды және өзендер бойындағы су жайылатын жерлер кластарына бөлінеді.
Жемшөптік жерлердің класс тармағы класқа бөлудің ең жоғарғы жүйелік өлшемі, бұл жер бедері, ылғалдану дәрежесі, топырақ тпі және оның механикалық құрамы, сортаңдауы жағынан ұқсас келетін табиғи жемшөптік жерлерді біріктіреді.
Класқа бөлудің мынадай индекстері қабылданған (аймақтар мен тік белдеулерді бас әріптермен белгілейді):
Д - орманды-далалық және далалық; Ш - шөлейт және шөл; А - аласа шоқырлар мен тау бөктерлері; Т - таулы (орташа таулы); Б - биік таулы.
Жергілікті жемшөптік жерлердің ерекшеліктерін нағыз класқа бөлуден кейін қосымша класс тармақтары бөлуге рұқсат етіледі. Бөлінген кластар мен класс тармақтары ұсақ жүйелік өлшемдерден тұрады - типтер топтары және типтер, түр өзгерістеріне бөлінеді.
Жемшөптік жерлердің типтер тобы - класқа бөлудің орташа жүйелік өлшемі. Бұл ылғалдану, топырақтың механикалық құрамының немесе сортаңдау дәрежесінің және экологиялық тұрғыдан жақын өсімдік қауымының ұқсас жағдайымен біріктірілетін жемшөптік жерлер типтерінің жиынтығы.
Жемшөптік жер типі - класқа бөлудің бірсыдырығы ұсақ жүйелік өлшемі. Экологиялық жағдайлардың біртектілігімен; топырақ түзу мен ылғалданудың су-тұз режимінің бірдейлігімен және пайдалану мелиорациялау ерекшеліктеріне бірдей әсерленетін өсімдіктер-индикаторлардың ұқсастығымен сипатталады.
Жемшөптік жерлер типінің түр өзгеруі - шаруашылыққа пайдалану нәтижесінде өсімдік түрлрі өзгеретін жемшөптік жерлер учаскелері.
Типтер топтары және түр өзгерісін бөлу ісі жемшөптік жерлерді нақтылы кең көлемді геоботаникалық тексеру негізінде ғана жүргізілуі керек.
Нақтылы бір аумақта табиғи жемшөптік жерлердің зерттеуіне байланысты класқа бөлудің жалпы схемасының құрамында (класс тармағы, типтер тобы, тип немесе түр өзгеруі) тиісті баға беру үшін өлшемдерді таңдап алады. Қабылданған бағалау өлшемдерін топырақтың жалпы қабылданған топтарымен байланыстырады.
Шөл жерлер түрлі аймақтардан тұрады.
Кіші аймақ бөлігі. Аса көлемді шөл аумағы шамасында едәуір қашықтықта және орографикалық (жер бедерінің формасы) жағдайлардың әрқилы болуына байланысты өсімдіктің өсіп жетілу климат көрсеткіштерінен едәуір ауытқитыны байқалады.
Мысалы, Е.П.Коровин мен Д.Н.Кашкаров (1933) Орта Азия шөлін солтүстікке және оңтүстікке бөлді, мұндағы негізге алынғаны - жауын-шашынды бөлудің маусым қарсаңына келтірілуі еді (қысқы-көктемгі-оңтүстік шөлде және неғұрлым бір қалыптысы-солтүстік шөлде).
Келешекте шөл аймақты осы тұрғыдан қарай отырып, жауын-шашын бірсыдырғы көбірек болатын тау бөктерінің шөл жерін ерекше бөліп қарауға болады.
Аймақ пен класс арасындағы аралық жүйе сатысын талдай отырып, оны бөліп қараудың негізіне шөлдің әр түрлі аудандарына тән климат ерекшеліктері алынуға тиіс делінген қағидамен келісуге болады. Шөл аймақ үш негізгі кіші аймақтан тұрады: жазықтық солтүстік, жазықтық оңтүстік, тау бөктері. Климат және геоморфологиялық жағдайлардың өзгеру өсімдіктер байлығынынң мекендеу ортасы жағдайларының тікелей байланысы және осы тұрғыдан бөлімнің баса көрсетілу негізінде алынған белгілер (Б.А.Быков бойынша) мен геоморфологиялық сатылар (А.И.Гранитов бойынша) өзара жақын.
Қазақстан жайылымдарын белгіленген кластарға бөлу принципі барлық жерде бірдей дәйекті түрде сақталмайды. Мысалы, шөл аймақтар үшін төмендегідей төрт бөлім белгіленген: таулы шөл далалық, нағыз шөл, сортаңданған топырақты жер және құмды жер. Сорланған топырақты жердегі, сондайлық құмды жердегі жайылымдар бір мезетте нағыз шөл жерлер болуы ықтимал.
Сонымен, Қазақстанның шөл аймағын мынадай кіші аймақ бөліктерімен белгілеуге болады (В.Н.Николаев бойынша, 1977).
Солтүстік жазықтық аймақ. Жыл маусымдары бойынша жауын-шашын біркелкі түседі, оның жалпы мөлшері жылына 120-17 мм шамасында. Аумақтың негізгі бөлігінің биіктігі теңіз деңгейінен алғанда 600 м аспайды. Әкімшілік жолмен бөлгенде солтүстік жазық шөлдің жайылым аумағы Қазақстанның шығыс және батыс бөлігін қамтиды. Геоморфологиялық тұрғыдан алғанда бұған жататындар: Маңғыстау, Үстірт пен Қызылқұмның солтүстік бөлігі, сондай-ақ Торғай және Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінің жазық төбелері, Мойынқұмның, Тауқұмның, Атыраудың құмды жерлері.
Оңтүстік жазықтық аймақ. Мұнда жауын-шашын мөлшері шамалы, жылына 100-150 мм. Ол көбінесе көктем және қыс айларына тура келеді, сол кезде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80 проценті түседі. Жайылым аумағының басым бөлігінің гипсометриялық белгілері теңіз даңгейінен 400 м төмен. Осы кіші аймақ шегіндегі мынадай геоморфологиялық аудандар айрақша атап көрсетіледі: Қарақұм, Қызылқұм, Үстірттің оңтүстік бөлігі, Каспий маңының ойпаты. Бұлардың пайда болуы мен жетілу сипаты әрқилы. Жыл маусымдары бойынша жауын-шашынның таратылу ерекшеліктері негізінде бөлініп шығатын оңтүстік және солтүстік шөлдің кіші аймақтары Қазақстан-Жоңғар және Туран климат аудандарына сәйкес келеді (М.П.Петров, 1963).
Тау бөктері шөлінің аймағы. Жауын-шашын мөлшері бірсыдырғы көбірек - жылына 150-200 мм, әдетте, бұл қысқы-көктемгі кезеңге тура келеді. Абсолюттік биіктік теңіз деңгейінен 400-1000 м шамасында. Аумақ тұрғысынан алғанда, бұл кіші аймақ Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның негізгі таулы жүйелерін енсіз белдеумен көмкере отырып, таулы жүйелерінің аудандарына ұштасады.
Түгендеу - жайылымдық жерлердің саны мен сапасының күйін анықтау және оларды сақтау, өнімділікті төмендетпеу жөніндегі шаралар. Жайылымды тексерудің жалпы ережесі "Казгипрозем" институтының 1986 жылы белгіленген "Методикалық нұсқауларына" сүйеніп беріледі.
Түгендеп тексерудің мәнісі - орта жағдайларына (климат, жер бедері, топырақ) және шаруашылыққа пайдалануға байланысты өсімдіктер байлығын зерттеу. Осы тұрғыдан алғанда мынадай мәселелер қарастырылуға тиіс:
- өсімдіктердің типологиялық құрамы мен құрылымы, пайдаланатын жер түрлерінің аумақтық орналасуы және олардың көлемі;
- шабындық пен жайылым шөбінің сапасы, пайдалану маусымдары бойынша жайылымдардың өнімділігі;
- ұсынылған жайылымдарды пайдалану, малдың белгілі бір түлігі үшін жарамдылығы;
- жемшөптік жерлердің осы кезгі пайдаланылуы (пайдалану жүйесі, жайылымдарды жабдықтау);
- жайылымдарды тиімді пайдалану және жақсарту жөніндегі ұсыныстар.
Тексеруге табиғи және жақсартылған жайылымдар, сондай-ақ жемшөптік жер ретінде пайдалануға болатын табиғи өсімдіктер өсетін учаскелер (мелиорациялауға жататын жер қоры және азды-көпті пайдаланылатын қолайсыз жерлер) жатады.
Геоботаникалық тексеру масштабы күрделілік дәрежесіне және аумақтық игерілуіне қарай жоспарланады - жазықтық орманды-далалық, далалық аймақтарында және тауда 1:10000-нан 1:50000-ға дейін, шөлейт және шөл аймақтарда 1:50000-нан 1:100000-ға дейін. Соңғыларда неғұрлым болашағы бар учаскелер - өзен алқаптары, өзен мен теңіз маңындағы ойпаттар неғұрлым ірі мастабпен тексерілуі мүмкін.
Жер пайдаланудың шабындықтары мен жайылымдарды тексеруі нәтижесінде мынадай құжаттар жасалынып беріледі:
- жемшөптік жерлердің карталары мен картограмалары - геоботаникалық және тазарту шаралары, тиімді пайдалану мен жақсарту жөніндегі ұсынылатын шаралар;
oo "табиғи мен шөптік жерлер" нобайшы сызығы.
Жайылымдарды түгендеу жұмысы екі кезеңнен тұрады: 1) егістік; 2) ғылыми жолмен өңдеу жұмыстары (лабораториялық).
Айналып тексеріп өту ісі міндетті түрде атқарылуға тиіс. Оның мақсаты - тексерілетін аумақпен танысып, даярлық кезеңінде алынған мәліметтерді анықтау. Тексеріп өткен кезде ландшафтың (жер беті көрінісінің) басып өтілуі ескеріле отырып жол белгіленеді.
Картографиялық жемшөптік жерлер негізіне тексерілетін аумақты жер бедері, құрамы, өсімдіктер құрылымы және учаске топырағы бетінің жабындысы бойынша біркелкі етіп бөлу жатады.
Көбінесе маршруттық әдіспен ұшақтан фотоға түсірілген материал болса, (ескілігі 5-10 жылдан аспауға тиіс), кейде картаға түсіруге мүмкіндік туады. Нұсқасын түсіру үшін аумақты өте бөлінгенде және көлтабандарда көбінесе жұмысты 1:10000 масштабпен орындағанда жүргізіледі.
Тексерген кезде автотранспорт немесе көлік-арба пайдаланылады. Құмды үлкен алапты 10000, 1:50000 масштабпен түсіргенде вертолетті пайдалануға болады.
Өсімдіктерді бөлгенде негізгі, неғұрлым оңай айыруға болатын, диагностикалық белгі-шөптің биіктігінің, оттылығының т.б. ұқсастығы болып табылады. Жайылым типінің бір айырымына қосылатын барлық өсімдік қауымы негізгі қабаттардағы белгілі бір басым өсімдік кеңістікте және уақытында үйлесімді бірдей сипатта болуға тиіс.
Жер бедерінің күрделілігі жағдайында (таулар, ұсақ адырлар, төмпешікті және жүйелікті құм, көктемде өзен суы жайылған жер, т.б.) өсімдік қауымының бірнеше типін ұштастырады, олардың арасындағы сан жағынан алынған арақатынас мейлінше әрқилы болады. Оны бір нұсқауға біріктіруге болады, мүмкіндігінше үштен аспағаны жөн. Мұндай нұсқаулардың шекаралары біріктірілетін ұштастырудың шекаралары болмақ, көптеген жағдайда олар белгілі біл формалармен немесе мезорельеф формаларының (ойпаттарымен немесе тізбектердің, әрқилы төмпешік беткейлерінің, суайрықтарының, баурайлар учаскелерінің, ойпаттар мен жалдардың немесе төбелердің т.б. ұштасуы) кезектесумен сәйкес келетін болады.
Ұштасудан басқа өсімдік қабатының комплексті қосылуын да айыра білу қажет, мұнда мезорельеф бойынша біртекті беткейде құрамы жағынан екі не болмаса неғұрлым ассоциялар немесе олардың үзінділері бар шағын учаскелер дүркін-дүркін кезектесіп отырады.
Қазақстанда комплексті өсімдік қабаты шөлейт аймақтын суайрық жазықтығында, сондай-ақ қуаң далалық және далалық аймақтардың өзен маңында және көл маңында, сор тартқан ұсақ адырлар арасындағы жазықтықта және сор тартқан жыныстардан құралған ұсақ адырдың баурайларында кеңінен таралған.
Бұл жағдайда бөлу шекаралары комплекс типінің шекарасымен жүргізіледі және топырақтың механикалық құрамы, сорлану дәрежесі, жер асты суының тереңдік деңгейі және комплекстің жер бедерімен байланыстылығы ескеріледі.
Жемшөптік жерлерді тексергенде ұштастыру мен комплекстерден айырмашылығы көбінесе өсімдік қабатының әртектілігінің басқа түрі өсімдіктердің ала-құла болып шығатындығы байқалады, яғни белгілі бір өсімдік қауымының ішінде өсімдіктер араласпайды, тек үймелеп немесе теңбілденіп орналасады.
Картаға түсірілген кезде неғұрлым ерекше компоненттерді айқындауға назар аударған жөн. Әр нұсқа типінің бүтіндей бір басым айырымы болып сипаттауға тиіс және жемшөптік жердің бір түрі ретінде анықталуы керек.
Комплексті өсімдіктердің картаға түсірген кезде бөліп алынатын нұсқаның бүкіл қашықтықта жердің өткізгіштік жағдайына сол жердің картасында нысаналардың болуына және орналасуына, өсімдіктердің ала-құлалығына байланысты таңдап алынады. Жазық жерде маршруттар жүрістері әдетте бір-біріне жарыстыра отырып салынады, ал тауларда - әртүрлі бағыттарда: шатқалдар, жалғыз аяқ жолдар немесе жоталар бойымен өтеді.
Түзде тексергенде маршруттар арасындағы қашықтықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы жайылымдардың тиімділігі
Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Мал азығы
Мал азығын өндіру
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
ЭСПАРЦЕТ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Экожүйелердің табиғи дамуы
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Пәндер