Картоп аурулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Картоп аурулары
2. 2. Картоп сапасына қойылатын стандарт талаптары
2.3. Картоп сапасына әсер ететін себепшарттар, картоп сапасын сараптау
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

I Кіріспе
Халықты жоғары сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі
Жемiстер мен көкөнiстердi қабылдап алу, негiзiнен олардың алдымен тауарлық
2003-2005 жж Ауыл жылдары деп жариялағанда картоп шаруашылығында жаңа
Қазақстанда картоп дақылы ертеден белгiлi. Бiрақ оны өсiру жағдайы
- тақырып бойынша әдебиетке шолу жасалды;
- балғын картоп стандартының талаптарымен таныстым;
- сараптамалық жұмыс жасау әдістемесі игерілді;
- картоптың сапасына талдау жасалып, нәтижесі алынды. Картоп алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жатады,шөптекті, көпжылдық,жылу сүйгіш өсімдік. Оның отаны - Оңтүстік Америка. Картоптың мәдени түрі біржылдық өсімдік ретінде пайдаланылады. Оның жерасты бөлігінде түйнектері болады.Түйнек дегеніміз- өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон). Түйнектің өзгерген сабақ екенін дәлелдеу қиын емес. Түйнектердің топырақтан шығып қалғандары жарық әсерінен хлорофилл түзіп, жасыл түске боялады. Сондай-ақ түйнек ойықтарында сабақтағы тәрізді бүршіктер, яғни көзшелер орналасқан. Картоптың көзшелерімен қоса алынған түйнекті бөліктерін топыраққа ексе , одан жерүсті бөлігі өсіп шығады. Картоп гүлдеп , жасыл жидек береді.Бұл оның жемісі. Картоптың жемісі улы екенін есте сақтаңдар! Картопты өсімді мүшесі-көзшелі түйнек арқылы көбейтеді. Ал жаңа іріктеме алу мақсатында картоп тұқымы егіледі. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады. Қазақстанда картоп кең тараған ауыл шаруашылық дақылы.Адамдар оны бағалы тағам ретінде пайдаланады, себебі оның түйнегінде әр түрлі дәрумендер ( А,В,В1, В2,С,К) болады.

II Негізгі бөлім
2.1. Картоп аурулары
Картопты ел арасында екінші нан деп атайды. Картоп сонымен қатар құнды мал азығы.Малға жем ретінде түйнегі ,сонымен қатар крахмал мен спирт өндірісінде қалған қалдықтары да пайдаланылады. Картоп жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өніп өсуі үшін топырақ қыртысында ең кем дегенде 7-8 С жылу болуы қажет.Бірақ мұндай температура +18-25 С болса , картоп 13-15 күнде өніп шығады.Картоптын сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура +17-22 С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарлауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Мысалы , температура +3-5 С-тан төмен, ал +35 С-тан жоғары болса, картоптың өсіп-өнуі тоқтатылады. Көктемде -3 С суықта картоптың жас өркені, ал күзде топырақтың температурасы -2 С болғанда, картоптың түйнегі үсіп кетеді. Картоп алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша көп қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса , оның тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе тығыз топырақта оның жер астыңдағы сабақтары бұтақтанып, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі әрі кеш піседі. Оның ойдағыдай өсіп - дамуы үшін ауа еркін өтетін кеуек топырақ қажет. Сондықтан қара, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Суармалы жерлерде картоптың жақсы алғы дақылдарына күздік дақылдар мен дәнді бұршақ ,көкөніс ( пияз, сәбіз, қияр ) жатады.Егер топырақ дұрыс өңделіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде берілсе, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3 жыл бойы егуге болады.Дегенмен тұқымға арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына кем дегенде 3-4 жылдан кейін отырғызған жөн. Картоптың қоректік заттарға қоятын талабы да үлкен. Бір тонна өнім мен сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор мен 9 кг калий элементтерін пайдаланады. Суармалы аймақтарда күзде жер жырту алдыңда әр гектарға 40-50 тонна көң, 6.5 центнер калий тыңайтқыштарын РУМ-5, РОУ-6 машиналарымен шашып , түренді соқалармен жыртып, топыраққа сіңіреді. Картоп түйнектерін отырғызар алдыңда сорттап, іріктеп алады. Түйнектерді отырғызуға 5-6 күн қалғанда,оларды күнге қыздырады.Картопты отырғызудың жақсы мезгілі - топырақтың 10 см тереңдікте +6-8 С-ка дейн қызған кезі болып есептеледі. Бұл мезгіл оңтүстік облыстарда сәуір айының үшінші онкүндігі мен мамыр айының басында.Отырғызуды қысқа мерзімде аяқтау керек, өйткені әрі қарай түйнектері өніп, сапасын жояды.Картоп түйнектерін егетін жері дайын болған кезде ,егудің екі тәсілін қолдануға болады. Өсімдік көктеп шыққан кейн шөптеп ,түптеу қажет.Өсу кезіңде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады.Күз кезіңде қазған картопты сорттап арнайы жерде сақтау керек. Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек. Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.
Картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы - оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ. Картоптан жасалатын бет терісіне арналған маскалар мен картоптан түрлі дәмді тағамдар жасаудан хабардар боларсыз. Мұнан басқа картопты үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға да болады екен. Кейбір адамдардың табанында қатайған тері (мозоль) пайда болып жатады. Әсіресе, биік өкше аяқ кимнің ыңғайсыз болуынан күс пайда болып, оны кетіре алмай әбігерге түсеміз. Мұндайда, картоптың көмегіне жүгініңіз! Табанға шикі картоп тарту арқылы ондағы қатайған теріні жұмсартуға болады. Ол үшін алдымен картопты үккіштен өткізу керек. Жарты стақан үгітілген картопқа 1 шай қасық бал қосып араластырады. Осыны дәкеге салып, қатайған теріге жапсыра орайды. Сыртынан шұлық киіп, 2 сағаттай жүру керек. Мұндай рәсімді күніне 2-3 рет қайталауға болады. Картоп шаруашылығына қатерлі ісік, фитофтороз, түйнектердің қара қотыры, макроспориоз және тағы басқа аурулар үлкен залал келтіреді. Осы аурулардың қоздырғыштары саңырауқұлақтар. Картоп бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Картоп аурулары өнім түсімін, түйнектердің тауарлық құндылығын (дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік картоптың қалдықтары көбейеді және нашар сақталады) төмендетеді. Картоптың қара мойнағы. Қара мойнақ түйнектерде де, танаптағы өсімдіктерде де байқалады. Ауру өсімдіктердің сабағының түбі қарайып, шіріп кетеді. Осы сабақтағы жапырақтар алғашқыда ақшылданып, кейін сарғайып кеуіп қалады. Ауруға шалдықңан сабақтар топырақтан жеңіл жұлынады. Ауруды өскіндер жер бетіне шыққаннан кейін байқауға болады. Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады. Ауру өсімдіктердің 2-3 сабақтары ғана болады. Ылғалдылық жағдайында жапырақтар кілегейленіп, қоңыр дақтар мен жарықшалар пайда болады. Егер ауру сабақты көлдеңінен кессек бактериялардың бітеп тастауынан өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігін көруге болады.
Қара мойнақты тудыратын бактериялар тұқыммен тарайды. Аурудың дамуына 15-18° С ауа температурасы мен топырақтың жоғары ылғалдылығы қолайлы. Танапта тікелей топыраққа түскен бактериялар сақталмайды, ал өсімдік қалдықтарында олар шірігенге дейін ғана сақталады. Ауру топырақта болатын тақта мұртты қоңыздар мен шірінді шыбындарының дернәсілдерімен және кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарымен тарайды. Күресу шаралары: отырғызу үшін салмағы 50 г. шамасындай сау түйнектерді іріктеп алады; көктетіп өсіреді және өскіндері нашар түйнектерді алып тастайды. Картоп отырғызылған алқапқа фитосанитарлық тазалау жүргізеді, ал жинағанда жапырақ пен сабақтардың түйнектермен араласуына және түйнектердің механикалық зақымдануына жол бермейді. Қажет болғанда Тізім... бойынша фунгицидтерді қолданады.
Картоптың сулы шірігі.
Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде сары қоңыр кілегей зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады. Түйнектер жұмсарып, суланады, жұмсағы жағымсыз иісі бар қойыртпа тәрізді массаға айналады. Күресу шаралары: картопты жинаудан бір-екі апта бұрын сабақтарын шауып тастайды; түйнектерді зақымдамай жинап, кептіру және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау. Тізім... бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Сақиналы шірік. Ауру өсіп даму кезеңінің екінші жартысында білінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен олардың жапырақтары сарғайып солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей түріндегі бактериялар шығады. Ауру түйнектерде екі түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі және түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей тамшылар шығады. Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер пайда болады. Қоректік заттар мен судың жетіспеушілігінен ауру өсімдіктердің жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды. Күресу шаралары: фитотазалау кезінде ауру өсімдіктерді жою; картопты уақытымен ауа райының құрғақ кезінде жинап алу (түйнектері пісіп, қабығы қатайғанда); түқымды ауру түйнектердентазалау; Тізім... бойынша фугицидтерді пайдалану қажет. Картоп маңызды ауылшаруашылықтық дақылдар қатарына жатады. Дүние жүзіндегі өсімдікшаруашылығы өнімдері өндірісінің ішінде ол бидай, күріш және жүгерімен қатар бірінші орындарда тұр. Картоптың түйіндерінде 25% құрғақ заттар, соның ішінде 14-22% крахмал, 14-23% ақуыз, 1% - дай жасунақ, 0,2-0,3% май және 0,8-1,1% күлдік заттар бар. Картоп С,В1,В2,В6, РР және К витаминдеріне бай. Әсіресе картоптың жас түйнектері витаминге бай - жан-жақты пайдаланатын дақыл. Түйнектерінде крахмал, жоғары сапалы ақуыз және витаминдерді сақтағасын, картоп адам өмірінің маңызды тамағы болып есептеледі, Европаның асүйінде 200-ден астам тағамдар дайындалады.
1 кг картоп 900 калорий жылу береді. Картоптың ақуызына (туберин) 20 аминокислоттың 14 кіреді.Картоп - жануарлар үшін жақсы мал азық. Органикалық заттардың қо-рытылуы бойынша (83-97%) өсімділіктік мал азықтарының ішінде мал азықтылық тамыржемістімен бірінші орынды бөліседі. 100 кг картоп 25,5 а.ө. (жас түйнектері) құрастырады.Картоптың түйіндері спирттік крахмал үшін жақсы шикізат - патока, декстринділік, глюкозалық, каучуктік және басқа өндірістер үшін керек. Картоптың 1т крахмалдылығы 17,6% түйнегінен 112 л спирт, 55 кг көмір-қышқылы, 0,39 л сивуштік май және 1500 барда немесе 170 кг крахмал және 1000 кг ұн алуға болады.
Картоптың агротехникалық және агроэкономикалық маңызы зор. Ол өскен жерлер арамшөптерден таза және борқы болып қалады, сондықтан ол көптеген ауылшаруашылықтық дақылдар (дәнді дақылдар, дәндібұршақтық, жүгері) үшін жақсы алғыегіс болып табылады. Жоғары өнімділігі, экологиялық икемділігі, ерте пісетін сорттарының барлығы, картопты сақтауыштық дақыл есебінде маңыздылығын көтереді (қуаңшылықты аймақта, маусым айының құрғақшылығын жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің тамыр шірік ауруларын қоздырушылардың терминдер
Картоп ауруларының түр құрамы
Өсімдіктердің аурулары. Түрлері
Вегетативті көкөністер
Картоп ісігі
Картоп тұқым шаруашылығы
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Жамбыл облысы, қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Қарағанды облысының табиғаты, геологиясы және климаты. Картоп дақылы, оларды өсіру технологиясы
Пәндер