Туберкулезді балау әдістеріне қысқаша балау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Туберкулезді балау әдістеріне қысқаша балау
2.2. П атанатомиялық балау
2.3. Туберкулезді дауалау және одан арылу шараларының негізгі прициптері 3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кіріспе

Ауру қоздырушысы - микобактериялар (Mycobacterium). Олардың 3 түрі бар: 1) M. tuberculosis (адамдікі); 2) M. bovis (сиырдікі); 3) M.avium (құстікі). Циль-Нилсен әдісімен ашық - қызыл түске, ал басқа микрофлоралар көк түске боялады (19-сурет).
Микобактериялар торшаларында майлы заттардың болуына байланысты бактерия сыртқы ортаға төзімді. Мысалы, микробтың патогендігі қида - 7 ай, кепкен кепеде - 1 жылға дейін, топырақта - 2 жылға дейін, өзен суында - 2 айға дейін, тоңазытылған етте - 1 жылға дейін, майда - 45 күн, ірімшікте - 45-100 күнге дейін, сүтте - 10 күн сақталады

2.Негізгі бөлім

2.1.Т у б е р к у л е з д i б а л а у ә д i с т е р i н е қ ы с қ а ш а с и п а т т а м а.
Туберкулез созылмалы турде жасырын өтетiн жұқпалы ауру болғандықтан оған қарсы қолданылатын күрес шараларының iшiндегi негiзгiсi - ауруға шалдыққан малды дер уақытында анықтап, оны табыннан оқшаулап, етке өткiзу. Көп жылдардан берi туберкулездi балау үшiн ауыл шаруашылық жануарлары жаппай аллергиялық әдiспен тексерiлiп келедi.
Бiрақ соңғы жылдарда аллергиялық әдiс басқа да өкпе ауруларына және туберкулездiң қоздырушысы емес, яғни атипикалық микробактерияларға жалған және парааллергиялық реакция беретiнi, сонымен қатар нақтылы туберкулезге шалдыққан малдың туберкулинге аллергиялық реакция көрсететiн қабiлетiнiң төмендейтiндiгi (әсiресе аллергендi көзге тамызғанда) байқалып жүр. Осы себептерге байланысты, қазiргi кезде туберкулезден ада мал шаруашылықтарында ауруды дауалау мақсатымен малды және құсты аллергиялық әдiспен тексеру кезiнде туберкулинге оң реакция бергендерiн балаудың толық жүйесiмен (iндеттанулық, клиникалық, ажыратып балауға ұсынылған аллергендермен қосымша аллергиялық, серологиялық, патанатомиялық, бактериологиялық әдiстер) тексередi. Солардың нәтижесi бойынша туберкулезге түбегейлi балау қояды.

I н д е т т а н у л ы қ б а л а у.
Туберкулезге iндеттанулық талдау жүргiзгенде алдымен шаруашылыққа сырттан малдың қабылданғаны, қабылданған жағдайда олардың карантиндiк мерзiмде ұсталғаны және мал алынған шаруашылықтардың туберкулезден iндет ахуалы анықталады.Карантиндiк мерзiмдегi бiр қабат аллергиялық тексеруде ауру малдың толық анықталмайтыны ескерiлiп, сырттан алынған мал қайталанып, мұқият түрде тексерiлудi қажет етедi.
Туберкулез микобактериясы фермада iстейтiн адамдардың жеке меншiгiндегi малы, құсы, сонымен қатар сүт өңдеу мекемелерiнен алынатын көк сүт арқылы жұғуы ықтимал. Ауруды қоздырушы микобактерия ақырғы жолмен таралғанда, туберкулез алдымен төл арасында бой көрсетедi.
Туберкулез микобактериясының адам мен сиырға тән типтерi, осы ауруға шалдыққан адамдар арқылы да таралатыны ескерiлiп, мал фермаларында ғана емес сонымен қатар шаруашылық орналасқан мекендердегi адамдар арасындағы туберкулездiң эпидемиялық ахуалы анықталады. Осы өңiрде
туберкулез емханасы немесе санаториясы болса, оның тазалық жағдайына мән берiлiп, маңынан жем-шөптiң дайындалғандығын және ол жерлерге мал өрiсiнiң, суатының қатынасын бiлу қажет.
Туберкулезден арылған мал шаруашылықтарында 2-4 жыл өткеннен кейін, ауру әсiресе сол жылдары алынған төлдерден құралған табында қайталайтыны, практикада байқалып жүр. Сондықтан ауруға iндеттанулық талдау жасағанда, аудандық мал - дәрiгерлiгi станциясындағы iндеттi тiркеу журналынан шаруашылықтың туберкулезден өткен жылдардағы iндеттiк ахуалымен танысып, сол жылдары жүргiзiлген дауалау шараларының құжаттарын қарап, әсiресе аллергиялық тексерулердiң уақтылы, жоспарлы түрде жүргiзiлгендiгiн, оған барлық малдың қамтылғандығын анықтаған жөн.

К л и н и к а л ы қ б а л а у.
Туберкулезге тән клиникалық белгiлер (өкпенiң, iшектiң, желiннiң зақымдалуы) қазiргi кезде өте сирек кездеседi. Көбiнесе ауруға шалдыққан малдың арықтап, күйiнiң төмендегенi байқалады. Мұндай жағдай көбiнесе туберкулездiң ашық түрiмен ауырған малда болады. Арықтаған малдың туберкулинге аллергиялық реакция бермеуi де мүмкiн. Осыған байланысты туберкулезден таза табындарда арықтап, жем - шөп бойына жұқпай жүрген малды толық клиникалық тексеруден өткiзiп, олардың сүтiн (сауын сиыр болса), кеңiрдегiнен жағынды алып, қажет болсанесебiн, нәжiсiн бактериологиялық зерттеуден өткiзiп отырған жөн. Клиникалық әдiс арқылы көбiнесе көбiнесе туберкулездiң ашық, жұғымтал түрiмен ауыратын мал анықталады.

19-сурет. Бірнеше түліке ортақ инфекциялық аурулар.
А - туберкулез қоздырушысы (Циль-Нильсен бойынша боялған); Ә - доңыз топалаңында лимфа түйіндерінің қанта--лауы мен некроздануы; Б - пастереллезде эпикардтағы нүктелі қанталаулар; В - доңыз аусылында танау-дағы афталар мен эрозиялар; Г - тұяқ айырындағы жарақат-тар; Ғ - аусылда сиырдың желін үрпісін-дегі жарақаттар.
2.2. П а т а н а т о м и я л ы қ б а л а у. Туберкулезден ада мал шаруашылық-тарында аллергиялық тексеру кезiнде туберкулинге оң реакция берген мал арнайы сойылып, патанатомиялық зерттеу жүргiзiледi. Егер туберкулинге оң аллергиялық реакция берген малдың саны көп болса, союға клиникалық белгiлерi туберкулезге тән малды алу қажет.
П а т а н а т о м и я л ы қ з е р т т е у. Малдың терiсiн сыпырғаннан бастап көзге көрiнетiн өзгерiстерге мән берiледi. Алдымен бастағы: жақ, жұтқыншақ сонан кейiн кеңiрдек, өкпеаралық (алдыңғы, ортаңғы, артқы) лимфа түйiндерi және өкпе ағзасы тiлiнiп қаралады.
Құрсақ қуысын жарғанда: шажырқай, лимфа түйiндерi, бауыр, көк бауыр, аш iшектер, көк ет, ал желiндi тексергенде желiн үстi, сыртқы шап түйiндерi қаралады. Сонымен қатар көкiрек пердесi, жауырын алды, қабырға аралық, шап еттерiнiң арасындағы лимфа түйiндерi тексерiледi.
Тексеру барысында өзгерiске ұшыраған ағзалардан бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге сынамалар алынады. Егерде тексерiлген ағзаларда туберкулезге тән ошақтар анықталмаса, онда өзгерiске жиi ұшырайтын: жұтқыншақ, кеңiрдек, өкпеаралық шажырқай, лимфа түйiндерi, өкпенiң ортаңғы бөлiгiн алуға болады. Материал арнайы шыны ыдыстарға салынып, жолдама қағазбен бiрге тез арада малдәрiгерлiк лабораториясына жiберiлуi тиiс. Гистологиялық зерттеуге алынған материал iшiнде 10% - ды формалин ерiтiндiсi (10 см3 40% - ды формальдегид және 90 см3 су) бар ауызы нығыз тығынмен жабылған шыны ыдысқа салынады. Ыдыстағы формалин ерiтiндiсi алынған материалдан 10 есе көп болуы керек. Лаборатория шалғай жерлерде орналасқан жағдайда, бактериологиялық зерттеуге алынған материал 30%-ды глицериннiң ерiтiндiсiмен консервацияланады.
Туберкулезден ада мал шаруашылықтарында туберкулинге оң реакция берiп арнайы сойылған малға патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргiз-генде туберкулезге тән ошақтар анықтамаса, онда жоғарыда көрсетiлген ағзалардан лабораториялық зерттеуге материал алынады. Алынған материал бактериологиялық әдiстiң толық жүйесiмен тексерiлiп, туберкулез микобак-териясының бар жоғы анықталады.
Патанатомиялық тексеру барысында iшкi ағзаларда туберкулезге тән ошақ табылса, онда лабораториялық зерттеу микобактерияның түрiн анықтау мақсатымен жүргiзiледi. Туберкулездiң түбегейлi балауы қоректiк ортада өсiрiлiп, одан бөлiнiп алынған туберкулез микобактериясының таза өсiндiсiн алу немесе биологиялық әдiстiң оң нәтижесi (теңiз тышқаны патматериалды жұқтырғанда туберкулезге тән белгiлер берсе) арқылы анықталады. Сонымен қатар туберкулездiң түпкiлiктi балауы патанатомиялық зерттеу кезiнде iшкi ағзаларда туберкулезге тән ошақтардың табылуымен де расталынады.
А л л е р г и я л ы қ б а л а у әдiсi организмнiң баяу типтi сезiмталды-ғына негiзделген. Малды туберкулинмен жаппай тексергенде туберкулезге берiлетiн аллергиялық реакциямен қатар, парааллергиялық (6-кесте), яғни жалған реакция берiледі. Атипикалық микобактерияларға берiлетiн параал-лергиялық реакцияны нақтылы туберкулез микобактериясына берiлетiн телiмдi аллергиялық реакциядан ажырату қиындық тудырады. Сондықтан аурудан ада мал шаруашылықтарында туберкулезге түбегейлi балау қою үшiн барлық әдiстер кешендi түрде қолданылуы қажет.
С е р о л о г и я л ы қ б а л а у. Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектерде туберкулездi балауға комплементтi байланыстыру реакциясымен қатар: гемагглютинация, Сайдулдин реакциялары, иммунды - ферменттi талдау әр түрлi антигендермен қойылып, практикаға ұсынылды. Қазiргi кезде туберку-лезге қарсы жүргiзiлетiн күрес шараларына арналған нұсқауда туберкулездi балауға қосымша әдiс ретiнде комплементтi байланыстыру реакциясы бекiтiлген.

Балау әдiстерi
Туберкулез
Парааллергиялық реакция
I
2
3
Iндеттанулық
Туберкулез қоздырушысының бастауы анықталады. Олар: табынға сырттан келген мал, сау малдың ауру малмен жанасуы, туберкулезбен ауыратын адамдардың мал күтуi, сүт өңдеу мекемелерiнен алынатын көк сүттiң дұрыс залалсызданбауы т.б.
Туберкулездiң бастауы анықталмайды.

Клиникалық
Жем-шөптiң сапалы болуына қарамастан табында арықтаған немесе өкпе ауруларына тән белгiлерi бар малдың болуы.
Клиникалық белгiлер байқалмайды.
Аллергиялық
1. Туберкулинге оң аллергиялық реакция берген малды қайталап тексергенде оның бастапқы оң нәтижесi сақталады.
Аллергиялық реакияцияның нәтижесi малды қайталап тексергенде бастапқы нәтижесiмен ұласпайды.

2. Туберкулиндi көзге тамызғанда және терi iшiне енгiзгенде, олардың оң нәтижелерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдардағы туберкулез ауруы
Құстың туберкулез ауруы
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Сібір жарасы. туберкулез туралы ақпарат
Паратуберкулез
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Аурудың түрлерін сипаттау
Паратуберкулез туралы
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Пәндер