Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...2

I.Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың теориялық
негіздері:
1.1. Табыс туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.3
1.2. Шығын туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.3. Табыстар мен шығындардың есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

II.Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі:
2.1. Үстеме шығындардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Көмекші өндіріс шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11
2.3. Негізгі өндіріс шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
2.4. Жылдық жиынтық табыстың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 20
2.5. Сатылған тауарларлың (қызметтердің) өзіндік құнының немесе негізгі
емес қызметтердің шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.6. Кезең шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...27
2.7. Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстың
(залалдың)
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

III. Табыстар мен шығындардың практика жүзіндегі бухгалтерлік есебі:
3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың
халықаралық практикада қолданылатын әдістері ... 32
3.2. Қазақстанда қолданылатын бухгалтерлік программалар:
1С:
Бухгалтерия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.

Кіріспе.

Мен таңдап алған курстық жұмыста бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
Табыстар мен шығындардың есебі туралы мәлімет берілген.
Табыстар – кәсіпорынның қарапайым қызметі нәтижесінде активтердің өсуі
немесе міндеттемелерінің азаюы жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі.
Шығындар – тауарлар жеткізу және қызметтер қөрсету әсерінен активтердің
азаюы немесе қарыздардың пайда болуы.
Кәсіпорындағы табыстар есебі № 5 Табыс бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес есепке алынады. Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінен
алынған табыстар оның жиынтық табысын құрайды. Табыстар мен шығындардың
танылуы – баптарды қоғамның қаржылық есептеріне енгізу процессі. Танылу
процессі пайдаланылған сомаларды есептеудің қорытынды көрсеткіштеріне
көрсетуден тұрады.
Өндірістік емес шығындарға кәсіпорындарды басқарумен байланысты шығындар
енгізіледі.
Кәсіпорынның жалпы және әкімшілік шығындарына кәсіпорынға қызмет
уөрсетумен және оның барлық өндірістік – шаруашылық қызметін басқарумен
байланысты шығындар және өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің
өзіндік құнына енгізілмейтін басқадай шығындар енгізіледі. Жалпы және
әкімшілік шығындар есебі 7 Тауарлы материалдық қорлар себі бухглтерлік
есеп стандартының әдістемелік ұсынымдарына сәйкс жүргізіледі.
Табыстар, шығындар, таза табыс және залал шоттары қаржы – шаруашылық
қызмет нәтижелері туралы есептің шоттары болып табылады.
Сонымен, осы, мен таңдап алған қурстық жұмыстың негізгі бөлімі үш тараудан
тұрады. Сіз әр тарауда тақырыпшалардың, яғни Табыстар мен шығындар туралы
түсінігімен, Есеп саясатымен, Үстеме шығындардың есебімен, Көмекші
өндіріс шығындарының есебімен, Негізгі өндіріс шығындарының есебімен,
Жылдық жиынтық табыстың есебімен, Сатылған тауар(қызмет,қызмет) өзіндік
құнының немесе негізгі емес қызметтердің шығындарының есебімен, қазіргі
кезде пайдаланылатын, практика жүзінде қолданылатын әдістерімен,
Қазақстанда қолданылатын бухгалтерлік программалар,яғни 1С: Бухгалтерияның
негізімен танысасыз.

I. Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың теориялық
негіздері:

1.1 Табыстар туралы түсінік
Шаруашылық субъектінің табыстары – деп Қазақстан Республикасы
бухгалтерлік есебінің №5 Табыс - деп аталатын стандартына сәйкес есептегі
кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің
келіп түсуін,кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы(өтелінуі)
негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа)
яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
- қызмет көрсетуден алынатан табыстар;
- дивидендтер, ролятилер және пайыз (процент) түрінде алынатын және тағы
да басқа табыстар жатады.
Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп
түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда
жатқызылмайды:
- алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;
- алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына
байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыстар;
- негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес
қызметтен алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал
бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға
тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен
активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт
бойынша анықталады.
Шаруашылық субъектісінің табыстары мынадай шарттар қанағаттандырылған
кезде танылады:
- табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
- субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
- субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
- мәміле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс
бағаланған жағдайда;
Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар
мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған
тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс
берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде
танылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік
есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы
жетінші Табыс - деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл
бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет
көрсетулен тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар
сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен
баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл
соңында (аяғында) бұл бөлімнің шоттары бесінші меншікті капитал
бөліміндегі 571- жиынтық табыс(зиян) шартына апарылып жабылады.

2. Шығындар туралы түсінік.

Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен
байланысты.
Шығындар – активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен
байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өрімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген
жіктелімі аса қажет.
Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қор есебі стандартына
сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өрдіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше.
Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
2) өнім(жұмыс,қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын есептеу үшін
керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі
бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау
баптарымен.
Сонымен бірге:
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін
көрсетеді.БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- аударым;
- құралдың тозуы;
- басқадай шығындар;
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын
есептеу үшін қолданылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
- материалдар;
- еңбекақы;
- аударым;
- үстеме шығындар;

Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі
мүмкін

№ рс Жіктелу тобы Шығындар
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл -негізгі
бойынша -үстеме
2 Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша -тікелей
-жанама
3 Құрамы бойынша (біртектілік) -бір элементті
-кешенді
4 Өндіріс көлеміне қатынасы ьойынша -өзгермелі
-тұрақты
5 Пайда болу кезеңі бойынша ағымдық
-біруақыттық
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару -өндірістік
қызметі бойынша) -әкімшіліктік
-коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша -өндірілетін
-өндірілмейтін
8 Бақылау мүмкіндігі бойынша -реттелетін
-реттелмейтін
9 Орташалау деңгейі бойынша -жалпы
-орташа
10 Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды -өнімге
рет-ретімен көшіру -кезеңге

Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты
Үстеме - Өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей
байланыста болады.
Бір элементті – бір элементтен тұрады ( еңбекақы,материалдар,аударым).
Кешенді – бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы
кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір
элементті шығындар).
Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және
оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін.
Жанама – жеклеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама
бөлінеді
Өзгермелі – оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей
үйлесімді (пропорционально) өзгереді.
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс
ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал(аренда), жарнама шығыны және т.б.)
Ағымдағы – жиі қайталанатын кезендік шығын (шикізат,материалдар шығыны)
Бір жолдағы – демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның
бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек
қосылады.
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік
құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады
Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы
шаруашылық,әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
Коммерциялық(өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты
шығын.
Өндірушілік(жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру
арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.
Өндірушілік емес(жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігінен және
өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар,яғни шығын (жұмыссыз
бос тұрып қалудың шығыны,ақау,мерзімнен тыс еңбекақы).
Реттелетін – атқарушы шығын деңгійін реттейтін немесе оған елеулі ықпал
ете алады
Реттелмейтін – қызметкер оның елеулі ықпал ете алмайтын шығын(дайындау
учаскесінің мастері конструкторлық юөлім қызметкерлерінің еңбекақысы
бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді
Орташа – есепте бір өнім бірлігіне кетктін шығын.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығындар)
Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары,тауарды сату
шығындары,сыйақы бойынша шығындар(жанама шығындар).

1.3 Табыстар мен шығындардың есеп саясаты

Қазақстанның бухгалтерлік есеп сстандарттарында және ол бойынша жасалған
әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің
қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістеі, ережелері мен
қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,
олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқрушы қызметкерлерінің
біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер
жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі
шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік
саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат – бұл
бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі
нормативтік – құқықтық құжаттарда белгіленген.
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының кәсіпорындары ХҚЕС
– на сәйкес жасалған қаржы есептілігін тапсыруға міндетті. Бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Заңның талабы осындай. Жариялы
компаниялар үшін мұндай талаптар 2005 жылы 90-нан астам елдерде енгізілді.
Бір жағынан алып қарағанда,кәсіпорындардың есепке алу жүйелері мен
саясаттарын өзгерту жөніндегі үлкен міндет болса, екінші жағынан, бұл
инвесторлармен және кредиторлармен қарым-қатынастың жаңа деңгейін жасаудың
мүмкіндігі болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржылық басшылықтары үшін қиындығы сол, олар уақытпен
шектеп қоймай, бұл ХҚЕС бойынша үшінші есептілік, ал кейбір кәсіпорындар
үшін салықтық, бухгалтерлік және басқарушылық есептен басқа төртінші есеп
жүйесі болып табылады .
ХҚЕС өздерінің жылдам өзгеруімен байланысты қосымша міндеттер туындайды.
2004 жылы ХҚЕС жөніндегі комитеті активтер мен міндеттемелерді рыноктық
бағалауды көбірек пайдалануға, сондай-ақ есеп стандарттарын US GAAP- пен
үйлестіруге бағыталған бірқатар өзгерістерді іске асырды. Нәтижесінде
кәсіпорындардың бірқатар шаруашылық шарттарын, материалдық емес
активтерді, сондай-ақ қосылулар мен жойып жіберу жөнінде мәмілелерді иану
жөніндегі ХҚЕС бойынша есеп саясаттарын қайта қарағандары жөн.
8-Есеп саясаты, есептік бағалаулардың өзгерістері жән және қателіктер
IAS есеп саясатындағы таңдау және өзгерту критерийерін, сондай-ақ есептік
бағалаулар мен қателердің есептік деректерге ықпалы туралы ақпараттарды аып
көрсету жөніндегі талаптарды белгілейді.
Есеп саясаты туралы ақпататты ашып көрсету жөніндегі талаптар 1-Қаржы
есептілігін ұсыну IAS- да белгіленген. 8- IAS қолдану аясы мынадай
мәселелерді қамтиды:
- есеп саясатын таңтау немесе оны өзгерту;
- есептік бағалауларды өзгерту;
- алдыңғы есептік кезеңдерде жіберілген қателіктерді түзету;
Есеп саясаты өз құрылымы мен мазмұндық нысаны бойынша үш дәстүрлі
блоктардан тұрады:
1) жалпы бөлім
2) ұйымдастыру бөлімі
3) әдістемелік бөлім
Жалпы ережелер бөліміне мыналарды енгізген жөн:
- ұйым туралы мәліметтер;
- қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы ұйымның қаржылық
жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың
қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты;
- таңдап алынған есеп саясаты арқылы қаржы есептілігінің барлық талптары
мен түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитетінің түсіндірмелеріне
жекелей, сондай-ақ жиынтық түрінде сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысуды
көрсету.
Бұдан кейін есепті жүргізген және қаржы есептілігін жасаған кезде ұйым
мүлтіксіз ұстануға тиіс негізгі принциптерге сілтенуге болады, оның ішінде
1-ХҚЕС – на сәйкес есеп саясатын қалыптастыруға бағытталғандарын –
орындылық пен сенімділікті ерекше атап өту керек.
Есепті жүргізген және қаржы есептілігін жасаған кезде, рұқсат етілетін
және ол өзін ақтайтын жағдайларда, себептері мен салдарларын көрсете отырып
жалпыға бірдей қабылданған шегініс жағдайларын ерекше атап өту керек.
Әдістемелік бөлім ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ХҚЕС
ұсынатын таңдаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуы тиіс. Меніңше
егер басқаша жасаудың ерекше негігіздемелері болмаса, есеп саясатын ХҚЕС
бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға негізгі (ұсынылатын) жол
бойынша жүргені жөн болады.
Жүйелілікті, кезектілікті және толықтылықты қамтамсыз ету мақсатында бір
ХҚЕС-нан басқасына таңдауды жүзеге асырған, яғни алдымен 1-ХҚЕС, содан
кейін 2-ХҚЕС және тағы басқа көзделген тәсілдерді, баламаларды анықтап
алған дұрыс. Бұл ретте бұйрықты жасаушылар десбестіліктің жоғары
дәрежесімен сипатталатын және (немесе) ұйымның шаруашылық өмірінде әлі
кездеспеген объектілерге қатысты таңдау жасаудың барынша қиын екенін, ал
кейде жүзеге асырудың мүмкін еместігін айқын түсінуі тиіс.
Сондықтан, біріншіден, есеп саясатында оқиғалардың барлық өрбу
жағдайларын және бухгалтерлік қадағалау объектілерін алдын ала болжап
білуге тырысудың керегі жоқ – ХҚЕС егжей – тегжейлі рәсімдерге емес,
принциптерге сүйенеді. Ал екіншіден, жаңадан пайда болған бухгалтерлік
қадағалау объектісін есепке қабылдау сәтінде, міндетті түрде 1 қаңтардағы
жағдай бойынша емес, тіпті жыл ортасында да анықтауға болады. бұл факті
есеп саясатының өзгерісі емес, толықтырылуы ретінде танылатын болады,
сондықтан халықаралық стандарттарға қайшы келмейді.
Сондай-ақ есеп саясаты – бұл алдағы жылға (немесе бірқатар жылдарға)
әрекет жасауға ұсталатын жалпы басшылық екенін және ол түсіндірме
жазбаларда (немесе ХҚЕС – на сәйкес қаржы есептілігіне түсіндірмелерде)
ашылуға тиіс әдістемелік сипаттағы мәліметтерді алмастыра алмайтынын ескеру
керек. Есепті кезең аяқталғаннан кейін қажетті қорытындыларды шығарып,
есеп саясатын таңдаумен байланысты барлық елеулі аспектілерді ашып көрсету
және ұсыну мүмкін болады. Өкінішке қарай, бұл құжатты отандық қолданушылар
мен қаржы есептілігін жасаушылар жеткілікті түрде бағаламай отыр. Алайда
оны жасау теориясы мен практикасының көкейкесті мәселелерін талдау –
жекелеген мақалалардың тақырыбы. Біздің пікірімізше, баяндаудың мұндай
тәсілі (стандарттан стандартқа) құжаттың мұрагерлілігін сақтауға, оның
халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, бұл ретте елеулі
болып келетін жағдайларды жіберіп алмауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия
құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін
бөлуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың
жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тұлғаларды анықтайтын
елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгелтерия жұмысын ретке
келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға,
жіктеуге және жүйлендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде
жұмысты едәуір оңайландырады.
Кез келген жағдайда таңдау нақты ұйымның өзінде ғана болады. Меніңше,
неғұрлым тиімді шешім халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшуді
жүзеге асыру үшін дәстүрлі тәсілді қалдану болып табылады, ол құжаттың
жаңа талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы мәртебесін және есеп
саясатының құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Ал содан кейін, оларға
өзгерістерін ескере отырып, есептілікті халықаралық стандарттар бойынша
жасаудың тікелей тәжірибесі мен практикасын ала отырып, басқа нұсқаны
әзірлейтін болды.

II. Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі:

2.1 Үстеме шығыстардың есебі

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші
цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей
дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер
шығындары көрініс табады;
екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі
бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына
таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.

Қатар № Шығындар баптарының атауы
А. Құрал жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстау шығындары бойынша
1 Өндіріс жабдықтары мен көлік (транспорт) құралдарының
амортизациясы
2 Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен көлік
құралдарын жөндеу жөніндегі шығындары
3 Жабдықтар мен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындары
4 Аспаптар мен ыңғайастырылған құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу мен
қалпына келтіру
5 Құрал жабдықтармен байланысты басқа да шығындар
Б. Үстеме шығындары
6 Өндірісті шикізатпен, материалмен, отынмен, энергиямен қамтамасыз
ету бойынша шығындары
7 Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің
амортизациясы
8 Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау
немесе оларды жөндеу бойынша шығындары
9 Ғимараттардың, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
10 Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындары
11 Рационализаторлық пен өнертапқыштық жөніндегі шығындары
12 Цехтар қызметкерлерінің еңбегін қорғау: қауіпсіздік техникасының
құралдарын күтіп ұстау, пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі
шығындары; желдеткішті күтіп-ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі
шығындары; санитариялық-тұрмыстық құрылғыларды күтіп-ұстауға
арналған шығындар; арнаулы киім мен бейтараптандырушы
құрылғыларға арналған шығындар; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да
шығындары;
13 Басқа да үстеме шығындары( өндіріс құралдары үшін жалға ақы
төлеу, іс сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет
көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал жабдықтарды
жөндеу)
14 Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік
себептері бойынша тоқтап қалудан болған шығындары,цехтарда сақтау
кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындары;
табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің
жетіспеуінен және аяқталмаған өндіріспен болған шығындары; басқа
өнімсіз шығындары

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік
саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылыктың есеп саясатына
сәйкес көрініс табады:
- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп (пропорциональды)
таратылады;
- тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп (пропорциональды) таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өңделген шикізаттың салмағына пара-пар
етіп (пропорциональды) таратылады;
- цех құнына пара-пар етіп (пропорционалды) (мысалға, қара металлургияда)
немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп
(пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;
- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша
таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жүмыс
сағатына және т.б.).
93(8040) - "Үстеме шығындар" бөлімшесі мынадай шоттардан түрады:
930. (8040)- " Үстеме шығындар", онда транзиттік әрі бір элементтік
шоттарды есепке алатын үстеме шығындар түрады, оның құрамындағы;
931. (8041)- "Материалдар" — үстеме шығындардағы материалдардың барлық
түрлерін есепке алу үшін арналған;
932. (8042)- "Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу" - жабдықтарға
қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және
басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке
алуға арналған;
933. (8043)- "Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 932-шотында есептелген
еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;
934. (8044)- "Негізгі құралды жөндеу" - өндіріс қызметінде пайдаланатын
негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін
арналған;
935. (8045)- "Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің
амортизациясы - өндіріс кызметінде пайдаланатын материалдық емес
активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген
сомасын көрсету үшін арналған;
936. (8046)- "Тұрғын-үй қызметі" - тұрғын-үй қызметінің барысында
тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе
сыртқы үйымдардан да көрсетілуі мүмкін;
937. (8047)- "Жал ақысы" — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды
ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын керсетуге арналған;
938. (8048)- "Басқа да" - әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші
өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.
Әрбір цехтың үстеме шығындарын тек өзінде өндірілетін өнімнің өзіндік
құнына ғана қосады.

2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі.

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет
көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр
станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және
т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920(8030) шоты арналған және
ол"Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір
өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
920. (8030)- "Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";
921. (8031)- "Материалдар";
922. (8032)- "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";
923. (8033)- "Еңбекақыдан қаржы бөлу";
924. (8034)- "Амортизациялық қаржы бөлу";
925. (8035)- "Басқа да шығыстар".
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар
шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар
талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім
түрлері және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің
күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді, әдетте, ол өзіне: негізгі
материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық
шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және
суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды,
үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің
біртектестігі немесе біртектес еместігі кемекші өндірістің көрсеткен
қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр
етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді,
өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты
түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина
цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы
жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін
автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал
тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік
құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік
өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің қүны бойынша)
есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі
кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады,
сондықтан онда қалдық қалмайды.
Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл
цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік
кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық
бухгалтериясына беріледі, ол кезде 213(1340) - "Көмекші өндіріс" шоты
дебеттеледі де, 920(8030) - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі - бұл
операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің
көмекші өндірісіне жаткызылады.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік
(басқарушылық) бухгалтерияга беріледі, ол кезде 920(8030) - "Көмекші
өндіріс" шоты дебеттеліп, 213(1340) - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар
бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп
аталатын талдамалы кестесін жасайды.
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне карай қосымша өндіріс қарапайым
және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады.
Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар болмайды.
Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған
өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген
қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске
жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Қарапайым өндірістің калъкуляциясы. Карапайым өндірісінде өнімнің,
қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ыкшамдалған тәсіл бойынша
калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмыска, кызметке катысты шығын
сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп
барып).
Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша
тұтынушыларға 920(8030) шотының кредитінен есептен шығарылады.
Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығындардың талдамалық есебі жөндеу
түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек-
жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі.
Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе
карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аякталмаған өндіріс калдықтары,
ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен
есептеп шығару (материалдардың қайтарылуы, өндіріс қалдықтары), дайын
өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын
есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.
Жеке орындауға қабылданған цех тапсырысы тапсырыстар кітабына жазылады
және олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының
нарядында және басқа құжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Бұл
жұмсалған әрбір шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға қажет. Материалдар бір
тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар
тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған
материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.
Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда
есептелінеді. Өзіндік құнның калькуляциялық-карточкасының негізінде ай
сайын 920(8030) шоттың кредитінен тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып
отырады.
Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс түрі мен тұтынушылары бойынша
тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу-механикалық цехы бойынша
шығындарын анықтайды
Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің
өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың
үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс
бойынша, яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен
де бағалауға болады.
Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің
жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады.
"Негізгі материалдар", "Қосалкы материалдар", "Негізгі және қосымша жалақы"
және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша
тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртібімен белгіленген
көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.
Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс
объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен
анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың
жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін
табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша,
ал қосымша шығындарды - жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы
баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын
қүрайды.
Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген
қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот
(тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот
бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке
алынған шығындары қосылады және айдың соңында аякталмаған өндірістің сомасы
алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің,
жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.

.

2.3 Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90(8010)( - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің
шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды корытындылау (шолу) үшін 900(8010)-
"Негізгі ендіріс" шоты арналған. Осы шоттың 901(8011) - "Материалдар",
902(8012) - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 903(8013) - "Еңбек акыдан
аударылатын аударымдар", 904(8014) "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан
соң жыл соңында 900(8010) "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.
900(8010) "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі
төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар
элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикізаттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда
болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып
табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде
табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су
үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға,
қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған
мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы
мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары
көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
(өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың
шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
"Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп
регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін
негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың
шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай
көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің
өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық
мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса,
аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы
өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды түрде таратылады.
Кайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің
қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар,
жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары - саналады, бірақ
олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз
арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық
қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды.
Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды
есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім
азайтылып
шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен
тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау
мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген
бағасы бойынша;
- егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар
ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы
толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды
пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау
жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат
пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 206(1315)-шоттың дебеті және
900(8010)-шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 900(8010)-шоттың кредитіндегі
талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен
ұйымдардың өндірістік сипаттагы көрсететін қызметтеріне өнімді іріктеп
жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып
алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша
өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарыңың
көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар
сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін,
сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша
жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық
процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық коймаға дейін запастарды
жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын
шығындар жатады
Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген
запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және
шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне
қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға
және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны
үшін қосымша кіре акысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру
мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен
байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологияяық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде
тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары.
Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс
табады.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да
өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның
барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа
да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге
дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын
элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық
игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен
материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру
жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек
ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар,
материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына
жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге
алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп
берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып
алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды
қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп
өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын
(химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және
соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып)
пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар,
материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық
ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру
үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа
цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары
қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де
қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау,
есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік
ұсыныстарында белгіленеді.
Еңбек ақы. "Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен
қызметшілердің сыйлық ақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі
өндірістік қызметкерлердің жалакысын төлеуге жұмсалған шығындар,
ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ
кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің
жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:
кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ
жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік
мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы (расценкасы) аркылы нақты
орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін
сыйлықақылар (заттай сыйлықақылардың құнын қоса алғанда), кәсіптік
шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін
төленетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылары;
жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы
төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп
ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін,
мамандықты (кәсіпті) қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені
үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары
үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен
айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
қолданылып жүрген зандарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне
тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны,
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын
үйге
ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б.
тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке
пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім-кешекті қоса алғанда) құны
немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы);
-қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы
төлеу (пайдаланылмаған демалысқа өтем акы төлеу), сондай-ақ мемлекеттік
міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты
уақыттар;
* зандарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта
құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан
босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
* қолданылып жүрген зандарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір
мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы
бойынша үстемакылар) төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық
коэффициенттер бойынша шөлейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы
үшін белгіленген коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз
жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға зандарда
көзделген үстемақыларды төлеу;
кәсіптік-техникалық училищені бітірген түлектерге және жоғары немесе
арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар
алдында демалысқа ақы телеу;
кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай
аспирантура, кешкі (ауысымды) оқу орындарында, кешкі (ауысымды) кәсіптік-
техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім
алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге
берілетін оку демалыстарына колданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;
зандарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды
атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс
жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін зандарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;
бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір мерзім
ішінде сақтай отырып (заңдарға сәйкес) басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан
келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын атқарған
қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;
вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен (жиналу
пунктінен) жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері үшін,
сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсінен
жолда кідіріп калған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде
төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);
-жұмысшы-донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан
тапсырған күннен кейін демалыс алған күндері үшін ақы төлеу;
-егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі
жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың
азаматтық құкықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған жұмыстарына
ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мәлшері осы
жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) және төлем құжаттарының сметалары
негізге алына отырып белгіленеді.
Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан Республикасының әрекет
етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген
әлеуметтік салығы көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объекті
болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге акшалай немесе заттай нысанында
төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы
түгел кіреді.
Үстеме шығыстар. Үстеме шығыстар — бұл өндірісті басқарумен және қызмет
керсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың
құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша
930 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде
дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан
кезде 904(8014) шоты дебеттеліп және 930(8040) шоты кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс
ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер
енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру
шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу
ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып,
оған қажетгі шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау
кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның табысы мен шығысын талдау
Шығындар мен табыстар есептерінің аудиті
Табыстар мен шығыстар есебі
Табыстар мен шығындар есебі
Инвестициялық қызметтен табыс
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Бухгалтерлік шоттары
Мониторинг жүйесі мен ауытқуларды талдау ұйым контроллингінің негізі
КОРПОРАТИВТІ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жылдық жиынтық табыстың бухгалтерлік есептегі мәні
Пәндер