Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық факультет
Менеджмент және маркетинг кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экономикалық өсу: жұмыссыздық және инфляция
Орындаған: Камесхан Ж.
050507 Менеджмент
күндізгі бөлім
Тексерген: Менеджмент және
маркетинг
кафедрасының аға оқытушысы
Азмаганова К.Ж.
Көкшетау - 2007ж
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция.
1.1. Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және
ерекшеліктері. 6
1.2. Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық
зардаптары 9
ІІ. Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауынан
экономикалық өсу бағыттары 19
2.2. Жұмыспен қамту саясаты 22
2.3. Инфляцияның қалыптасуна қарсы жасалатын шаралар негізі
25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
Қосымшалар
Кіріспе
Бүгінгі таңда біз экономикалық өсу кезеңін кешіп отырмыз.
Экономиканың хал-ахуалының кіріктірілген көрсеткіштері немесе оның
макрокорсеткіштері бізге жақсы мәлім. Бұлар, атап айтқанда, жалпы ішкі
өнім, елдің төлем балансына қол жетуі, қаржылық тұрақтылық, инфляция және
жұмыссыздықтың деңгеиінің төмендеуі.
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық
мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: Қазақстан егеменді ел
ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы бағдарламасында (1992ж)
Н.Ә.Назарбаев экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші
саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру
болатынын атап көрсетті.
І кезең (1992-1995ж) макроэкономикалық тұрақтанудың негізгі екі
процестерін қамтуды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну
нарығын тауарлармен толтыру;
ІІ кезең (1996-2005ж) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам
басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту,
сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші,
бағылы қағаздар мен интеллектуальды меншік нысандарын қалыптастыру үшін
қажет;
ІІІ кезең (1996-2005ж) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту,
осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету,
Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіру мен әлемдік саңдада
позициясының нығайуымен сипатталады.
1997ж. қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды, тежеулі
факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге шыруға көзделген 7 ұзақ
мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы ҚР халқына жолдауында – ҚР
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатын атап айтты. Бәсекеге
қабілетті 50ел қатарына кіру үшін экономиканы дамыту керек екені айтылды.
Ел экономикасы дамуы үшін халықтың әлеуметтік хал-ахуалын жақсарту керек.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіруге
арналған стратегияларының басты бағыттарының бірі – инфляцияны тежеу және
тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі. Ұзақ мерзімді басымдылықта
Президент: Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік нарықтық
экономика құрудамыз деп тағы да атап көрсеткен.
ХХІ ғ. қарсаңындағы ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық саясатының басты 5
бағыты:
1. әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
2. басқарудың тиімділігін арттыру;
3. өндіріс секторына несие беру;
4. экономиканың шикізат бағдарын өзгерту;
5. аймақтық дипропорцияларды жою.
ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық өсу саясаттың осы бағыттарының
кейбіреулеріне тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе – халықты
жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде
жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда.
Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл беріледі.
Тұрақты экономикалық өсу тұсында төмендегідей тенденциялар
қалыптасуда:
6. дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) құрамына кіру, әлемдік нарыққа
өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығару, бәсеке қабілетті салаларды құру;
7. экономиканы шикізаттық бағыттан өңдеуші бағытқа диверсификациялау;
8. ТМД елдерінің біртұтас экономикалық кеңістік саясатына бет бұруы;
Экономиканың өсу қарқыны бойынша Қазақстан соңғы жылдары тек ТМД
елдерін ғана емес, сонымен қатар нарықтық қатынастарға көшкен бірқатар
еуропалық елдерді де басып озып отыр.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: біржақты шикізат бағыттылығы, әлемдік экономикаға
ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономиканың
ықпалдасу босаңдығы; ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұраныстың мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның
дамымауы; кәсіпорындарының жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан
артта қалушылығы; ғылым мен өндіріс арасында ықпалды байланыстың
болмауы;ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстарға қаржының
аз бөлінуі; менеджменттің экономиканы ғаламдану процестеріне және сервистік
технологиялық өтуге бейімделу міндеттеріне сәйкес келмеуі.
Проблемаларды шешу стратегия аясында алға қойылған мақсаттармен
міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар,
Қазақстанның инвестициялық қоры, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация,
инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр.
ҚР Президентінің 2004ж. халыққа жолдауынан 2030 жылға арналған даму
стратегиясында былай делінген: Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық
стратегиялық макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын
дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын
тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсінуге негіз бола алмайды.
Егер елдегі инфляция шығып кетсе ұлттық валютаның бағыты экономиканың жалпы
жағдайы мен біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға сай келмесе, ал өсім
ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай
қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған
мақсаттарды іске асыра алмаймыз. Экономиканың жоғары табыстарға жету үшін
кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары
инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және
макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіліген шекте ұстап тұруды қатаң
қадағалау керек.
Жоғарыда айтылған мәліметтерді есепке ала отырып, берілген курстық
жұмыстың тақырыбы өзекті деп санаймыз. Осыған байланысты курстық жұмыс
келесі мақсаттарды: экономикалық өсудің факторы жұмыссыздық және инфляция
түрлерін алып, Қазақстан Республикасы бойынша зерттеу.
Курстық жұмыс мақсатына байланысты келесі міндеттер жүктеледі:
Қазақстан Республикасының экономикасының өсу деңдейін сипаттау.
Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін талдау.
Инфляцияны тежеу мәселесін қарастыру.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасындағы
жұмыссыздық және инфляция мәселесі. Бұл мәселелрді Қазақстанның
экономистері, ғылымдары зерттеген, олар: А.К.Ермекбаев, Гауһар Үсенова және
т.б.
Курстық жұмыс келесі құрылымдардан:
9. Кіріспе
10. ІІ бөлім: 1. Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және
инфляция.
2. ҚР-да экономикалық өсу және жұмыспен қамту саясаты.
11. Қорытынды.
12. Қолданған әдебиеттер тізімі.
13. Қосымша.
І Экономикалық өсу факторы ретінде жұмыссыздық және инфляция
Экономикалық өсу: экономикалық өсудің қазіргі кезеңдегі типтері және
ерекшелері
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:
бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі
топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы
коғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне
немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Сұранымнын өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан
әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға
байланысты:
14. табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
15. еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
16. капитал ресурстарына:
17. қолда бар технологияға
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның
әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы
критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа
сияқты, экономикалық прогрестің козғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен
тұтыныс арасындағы қайшылык жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады.
Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістін өзі жаңа
тұтыныстарды қалыптастырады - сөйтіп осылай кайталана береді. Бұл қайшьшық
- оның коғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи
негізі. Кез келген коғамда тұлынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл
сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады.
Олардың тұтыныстарын канағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани
игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе
осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның
өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес,
сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі
материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық
жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол
жеткізіледі. Әрине, бұл барлык өндіріс факторларын тиімді қолданудың
нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен
байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған
ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық
жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау
негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның казіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып
(70-80 жылдары басталды), мынаны байкатады:
18. еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ
машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау
(мұндай технологияларға мынаны жаткызамыз: плазмалық, электронды-
сәулелік, радиациялық, биологиялық және баска технология түрлері);
19. ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу
арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат
элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және шлам тоғандарына
қокыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға
сандык мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті
құрылымының кұрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының
артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді
жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа
сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым коғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы
аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика козғалысына,
экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді.
Экономика өсуінің қайнар көзі - экономикалық ресурстар, экономикалық
мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын кызметтің көлемін ұлғайтуға
және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.
Рыноктық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның
жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге
асырады. Экономикалық өсудін сапалық жана типінің негізгі қайнар көзі –
экономикалық саясат және ол коғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды дөп
көрсетеді. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі
қаржы) болады. Бүгін салынған каржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды
көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға
жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған
мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық
жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен
қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі
көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі
болмақ.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің теориялары. Мультипликатор және
акселератор.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне
байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін
талдау қажет.
Бір жағынан — рыноктық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық
өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық
динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — рыноктық экономиканың
қызмет жасауында тұрақсыздык байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі
және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті"
қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-
теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі
ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе-
тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі
классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің екіліне
француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша
барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та
табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің
тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи
ұсынымға тең.
Алайда нақты рыноктық экономика кұрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы
саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір
белігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір болігін займ (несие)
есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей,
"сұраным ұсыным болып табылады", баланстанбайды. Себебі сұраным жинақтау
мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте
маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-
теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция тендігін талап
етеді.
Жинақтау тұтынушынын жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық
шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды және
оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.
Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық
өсудің идеалды моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға
(күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс козғалысынын басқаша құрылымын қарастырады:
табыстар → сұраным, бірақ табыстар → жинақтау емес.
Жинақтау инвестицияның негізін кұрайтынын және жинақтау мен инвестиция
ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік
жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыныс арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуральды заттай түрде қарастырсақ,
онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға
бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным
немесе инвестициялық сұраным болып аталады.
Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды
динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті
экономиканы тұрақты өсу жылына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-тендік
жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен
және өндірістің төмендеуімен сайма - сай келеді.
Жиынтық сұраным – тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін
байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген
баға деңгейінде сатып алуға дайын.
Жиынтық ұсыным - кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін
байқататын модель. (1 - қосымша.)
Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін
құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты
түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай апта алмайды. себебі ресурстар толық
қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.
Сөйтіп, нарықтық экономика екі оттың арасында қалады – жұмыссыздық пен
инфляция ортасында. Алайда, жұмыссыздық пен инфляция арасында тұрақты кері
тәуелділік қалыптасып, оны "Филиппс қисығы" түрінде бейнелейміз. Қисықтың
бұлай аталуы осының авторы Жаңа Зеландия экономисінің есімімен байланыс.
Енді ғана жұмыссыздық деңгейін инфляция деңгейі есебінен реттеуге мүмкіндік
туды және кері құбылыста бола алады. Ондай нәрсе тек мемлекеттің араласуын
талап етеді.
Жұмыссыздық және инфляцияның мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық
зардтары.
Жұмыссыздық - экономнкалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы
ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандык теория жүмыссыздықтың пайда болуын
тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
рыноктық сұраныстып жетіспегендігімеп түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік
мектебінің теориясы -жұмыссыздық жалақы деигейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік
теориясы қазіргі өкілдері - "монетаристер" - осы қөзкарасты құптайды.
К.Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялык теория
жұмыссыздықтың болуын, біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, -
техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән-жайына кысқаша тоқталайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-
1834 ж.ж.) жасаған. Ол 1798 жылы "Халық саны туралы заңның тажірбиесі
кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар
геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал
өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны — 1, 2,
4, 8, 16, 32 ж.т.б., ал өмір сүру жабдығы — 1, 2. 3 , 4, 5 ж.т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу карқыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген:
тұрғындардың жоғары карқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп-
салдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі
Джон Бориал өзінің 1954 жылы шыққан "Қоғам тарихындағы ғылым" кітабында
былай жазған: Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық
энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық
негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Ағылшын экономист Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілігінің жекіліксіздігі мен жалақының өте
жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін
ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға
ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Онын ойынша, толық жұмыстылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы
қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы
жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс
жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.
Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А.Пигу
өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан Жұмыссыздық
теориясы кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы
жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала
түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттін акша
саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс
баскара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу
инфляция өңдірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа
зеландиялық экономист Олбен Филипс (1914 ж.ж.) осы тәуелділікті
математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал Филлипс қисығы
аталды (2 - қосымша.)
Жұмыссыздықтың түрлері мен себептері.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күнімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден
басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс
жасауы: бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіреск
кайта өндеу өнеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде
болады: жеке саланың дамуынын кері пропорционалды болуынан және ескі саланы
жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі,
біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістін кұлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдын осы фазасымен байланысты.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және
әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп
есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да
жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап,
тек ең жақыны туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен аныкталады:
мұндағы - ЖБ - жұмыссыздық денгейі;
ЖС — жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді, инфляцияның өсуіне ықпал
жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге
қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай
жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі
өсе түседі. Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын
экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы
қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780ж.ж.)
есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен
жалпы ұлттык өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты
көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса,
онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% кұрайды. Осы 2,5 санымыз - Оукен
коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ
көлемінің төмендеуіне катынасы болып табылады және жұмыссыздықпен
байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
Еңбек рыногындағы тепе-тендік сұраным мен ұсыным көмегімен бекіттеді.
Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды
байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезіңде фирмалар
нарықтык, тепе-тендікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі
қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраным артады. Жұмыс күшіне
деген ұсыным нақты байланысқа іс-әрекет етеді.
Американ ғалым-экономисі П.Самуэльсонның бойынша, қоғамдағы еңбекке
деген ұсыным төмендегідей факторлармен анықталады:
тұрғындардың жалпы санымен;
жалпы тұрғындар санындағы өз бетінше тұратындардың үлесінен кұралады;
жыл немесе апта бойынша жұмысшының атқаратын орташа сағат санымен;
жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен.
3 - қосамшада еңбекке деген сұраным мен ұсыным қисығы және жалақы
деңгейінің тепе-тендігі көрсетілген. "Е" нүктесіңде жұмыс күшінің сұраным
мөлшері жұмыс күші ұсынымына тең, яғни еңбек рыногы тепе-тендік жағдайда
болады. Бұл дегеніміз барлық фирмалар "Е" жалақысын төлеуге келіседі,
себебі еңбек рыногында қажетті мөлшерде жұмыс күшін табады және оның
еңбекке деген төлем қаблеттілігі сұранымы толық қанағаттандырылған.
Рыноктық тепе-тендік жағдайында барлық жұмыскерлер толық еңбекпен қамтылған
және жалақының "Е" нүктесі кезінде өзінің қызмет көрсетуін ұсынуға дайын.
Сондықтан "Е" нүктесі толық жұмыстылық жағдайын керсетеді.
Инфляция
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция, ұзақ уақыт; өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі -inplatio - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада
1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз
ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХХ-ғасырда І-дүниежүзілік
соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерімде
20-жылдардың орта кездерінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша
массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық
өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі.
Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін, көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруга мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін, ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-ан
аспайды.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан
200 пайызға жетеді. Ал бұл - экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ, көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен
тауар бағасы денгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы,
Никаракғуада азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300% -ға дейін
жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты
тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан
өткізген бірқатар елдерде, бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша
мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Шаруашылық субъектілері
ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан
құтылуға тырысады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның
санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін
шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері
болатындығын атап ету орынды. Басыңқы (придавленная) инфляция кезінде
бағаның өсуі байқалмай қалады.
Инфляцияның негізгі себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сиякты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі - тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция - елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Біріншіден, мемлекеттік шығындар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, байланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан
көрінеді.
Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдай да бағаның инфляциялық өсуі болады. Ұлттық табысты
әскери мақсатқа пайдалану, өндірісте емес шығындар - олар қоғамдық байлықты
текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем
кабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының
өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі, мемлекеттік бюджетті тұрақты
тапшылык жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық
нарық. Ал олигополист едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны
өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Салаға жаңа
өндірушілердің келуін тежеу үшін, олигополистерге жиынтық сұраныспен
ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі - баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
конъюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында, инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі,
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан
тасқынга айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны
жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің
интернационалдануы бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және
несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынынан, қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін
қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Инфляцияның жалпы экономикалық мәні мен мазмұны
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуына ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі inplatio - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада

ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХІХ-ғасырда бұл термин
Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі ХХ-ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі колданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кездерінде
көрінді. Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы акша
массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына
және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне алып келеді. Алайда инфляцияны
айналыс процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру
жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшага
тән құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс, оны
тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестігінің
бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі
ең өткір проблемаларының бірі. Ақша, тауарды сатып алу қабілеті, күшті
валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни
ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты
жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі
тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар
нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес.
Инфляция - елдегі баға деңгейіңің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-ші жылдардағы
энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуімен ғана емес, басқа да
тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен де байланысты.
Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Конъюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі базаларынан өту барысында бағалардың
динамикасы өзгеріп отырады. Еңбек өнімділігін арттыру -бағаның төмендеуіне
әкелуі тиіс. Циклдық толқулардын тағы бір көрінісі-жалақының өсуі еңбек
өңімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс -шығынның инфляциясы деп
аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді.
Кездейсоқ апаттар да бағалық инфляцияға көп әсер етеді. Айталық, су басып
кеткен аймақты құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс
материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты тоқырау
барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz