Ана тілі мәдени өрлеудің аса зор тегергіші


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұн

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
:

Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылығын

қалыптастырудың маңызы . . .: қалыптастырудың маңызы . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: I. 1. Этникалық-мәдени тұжырымдаманың басты идеялары . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: I. 2. Этникалық-мәдени қызығушылықтың зерттелу жайы . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: II тарау Этникалық-мәдени қызығушылықтарды қалыптастыру жолдары . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: II. 1. Этникалық-мәдени қызығушылықты отбасында іске асыру жолдары . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: II. 2. Мұғалімнің рөлі . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: II. 3. Мектептегі этникалық-мәдени тәрбие . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: II. 4. Мектептен тыс этникалық-мәдени тәрбие . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: Қорытынды . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: Қолданылған әдебиет . . .
:
қалыптастырудың маңызы . . .: Қосымшалар
:

К І Р І С П Е

«Ұрпақ тәрбиелеу - қай уақытта болса да адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - міндеттердің ең бастысы» . . .

Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени-ғылыми өрісі кең озық азамат етіп тәрбиелеу басты міндет. Барынша маңызды осынау міндет - шынайы мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектестікті сақтау ең алдымен мектеппен байланысты.

Еліміздің егемендігі қоғам дамуының барлық салаларына ықпал жасауда. Білім мен тәрбие саласына да көзқарастар мен талаптар өзгеруіне байланысты жаңа идеялар дүниеге келуде.

Соңғы кездегі көңілге қуаныш ұялататын аса маңызды бір жайт - біздің ұлттық мәселеге деген көзқарасымыздың бағзы көзжұмбай самарқаулықтан арылып, аса күрделі мәселенің терең иірімдеріне дейін бойлай білетін қағілездікке жете алғанында. Бұл халықтың төл мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртуға, дамытуға деген ұмтылысын дұрыс түсінуге, сайып келгенде, өмірдің өзі мәжбүр етті және үйретті де.

Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-тәрбие ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей

. . . «Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығы, салт- дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі - орыс тілінің, Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да этностар тілінің жетіліп көркеюіне баса назар аудару», болмақ. (2)

Елбасымыз Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жасаған баяндамасында (2004 жылдың 3 қарашасы) : «Тәуелсіздік жылдары ішінде салиқалы теңдестірілген ұлтаралық және тілдік саясат жүргізудің арқасында тілдердің нағыз еркіндігі мен тең құқылы болуына, этномәдени мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға, ұлттардың үндесуіндегі шынайы өзара құрметтеушілік пен этносаралық қатынастардың биік мәдениетіне қол жеткізілді» - деді. (34)

Ал, Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Білім туралы» Заңның «Білім жүйесі» деп аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау . . . олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін . . . халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген. (3)

Тіл мәселесіне келгенде халқымыз ұзақ жылдар бойы тұншығып келгені аян. КСРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі сексенінші жылдары өз республикасы аймағында іс жүзінде толық құқылы тіл болудан қалған болатын. Жеткіншек ұрпақ, зиялылар арасында қазақтың ана тілін елемеу кеңінен таралды, оны өмірдің әртүрлі салаларында пайдалану қажеттілігі азайды, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, ұлттық салт-дәстүрлердің ұмыт болуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтың пайда болуына әкеп соқты. Тіпті көбінесе немересі әжесін түсінбейтін халге жетті. Мұның бәрі өзекті өртер шындық және оның объективті себептері де жеткілікті. Қазір «не істеу керек?» деген сұраққа толық жауап таба білу, болашақтың негізін қайта бұзбайтындай етіп қалау аса маңызды іс. Ұлттың ертеңін ойласақ, бүгінгі бүлдіршіндердің жайын бір сәт те естен шығармауымыз керек.

Кеңес үкіметі тұсындағы мәдениетті күштеп орталықтандыру мен тұрпайы саясаттандыру, ұлттар мәдениетін бір-бірімен күштеп тоғыстыру, ұлттық мәдениетінен қол үздіріп, ондаған этностардың жойылуына дейін жеткізді. Қазақстанда сөз жүзінде қазақ-орыс қостілділігі желеу етіліп, іс жүзінде орыс тілінің басымдылығы күннен күнге күшейіп, қазақ тілінің қоғамдық қызметі біртіндеп көзден ғайып бола бастады. Қазақ тілі кеңсе, іс жүргізу тілі бола алмады. Қазақ тіліндегі балабақша, мектептер жүздеп жабылды, газет, журнал, кітаптардың таралымы ең төменгі дәрежеде болды.

Шүкір, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ана тіліміз өзіне лайық орынға ие бола бастады, мемлекеттік мәртебе алды. 1997 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Тілдер туралы заңды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл Бағдарлама негізгі үш мақсатты айқындайды:

1) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;

2) орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;

3) этникалық топтардың тілдерін дамыту. (35)

Қазақстанның этникалық-ұлттық бейнесі ерекше. Бізде 130 дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүреді. Бұл - 130 дан астам ұлттық мәдени мұра деген сөз. Республика бойынша 1999 жылғы жүргізілген санақ бойынша Қазақстанның ұлттық құрамы туралы соңғы мәлімет мына таблицада көрсетілген. (6)

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (мың адам)

Барлық халық
1999

Халықтың жалпы

Санындағы үлесі, %

Барлық халық:
1999: 14953, 1
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 100
Барлық халық: қазақтар
1999: 7985, 0
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 53, 4
Барлық халық: орыстар
1999: 4479, 6
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 30, 0
Барлық халық: украиндар
1999: 547, 1
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 3, 7
Барлық халық: өзбектер
1999: 370, 7
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 2, 5
Барлық халық: немістер
1999: 353, 4
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 2, 4
Барлық халық: татарлар
1999: 249, 0
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 1, 7
Барлық халық: ұйғырлар
1999: 210, 3
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 1, 4
Барлық халық: белорусьтер
1999: 111, 9
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 7
Барлық халық: корейлер
1999: 99, 7
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 7
Барлық халық: әзербайжандар
1999: 78, 3
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 5
Барлық халық: түріктер
1999: 78, 7
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 5
Барлық халық: поляктар
1999: 47, 3
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 3
Барлық халық: дүнгендер
1999: 36, 9
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 2
Барлық халық: күрдтер
1999: 32, 8
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 2
Барлық халық: чечендер
1999: 31, 8
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 2
Барлық халық: тәжіктер
1999: 25, 7
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 2
Барлық халық: башқұрттар
1999: 23, 2
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 2
Барлық халық: молдавандар
1999: 19, 5
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 1
Барлық халық: ингуштар
1999: 19, 9
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 1
Барлық халық: мордвиндер
1999: 16, 1
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 1
Барлық халық: армяндар
1999: 14, 8
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 1
Барлық халық: гректер
1999: 12, 7
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 1
Барлық халық: болгарлар
1999: 6, 9
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 0
Барлық халық: лезгиндер
1999: 4, 6
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 0
Барлық халық: түркімендер
1999: 1, 7
Халықтың жалпыСанындағы үлесі, %: 0, 0

Бірқатар ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің (мысалы: күрдтер, дүнгендер) әлемде еш жерде ұлттық құрылымы жоқ. Бұл Қазақстан Республикасының осындай халықтардың мәдениеті мен тілін сақтап, дамытудағы тарих алдындағы, әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілігін өлшеусіз арттырады. Біздің еліміз республикада тұратын шағын этникалық топтардың мәдениетін сақтау мен байытуға қамқорлық жасайды. Әрбір этностың мәдени мұрасы республика мәдениетінің қазынасын қорландыратын, әлемдік өркениетке қосылатын бірегей байлық.

Тәуелсіз Қазақстан демократиялық реформаларға, ұлттық тегіне қарамастан адам құқы мен бостандығын тануға, азаматтарды этникалық немесе нәсілдік белгілеріне қарай алалауға тыйым салуға бағыт ұстап отыр. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституциясында ұлттық құқық теңдігінің бекітілуі адам құқының жоғары қойылуы принципінен туындап, этносаралық тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық ұлтжандылықты нығайтуға, этникалық топтардың ортақ мәні бар құндылықтар негізінде топтасуына бағытталады. (1)

1995 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Оның атқаратын негізгі қызметтері мыналар: мәдени-ағартушылық- ұлттық мәдениеттерді, тілдер мен салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік - қазақстандық және ұлттық патриотизмді қалыптастыру; коммуникативті- ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту. (7)

Ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев өзге халықтардың білімі мен ғылымын меңгеру арқылы өз халқын әлемге паш етуін қалаған. Абай «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген оймен балаларды өз халқының өнерін меңгеріп қана қоймай, басқа халықтардың да өнер-білімін, ғылымы мен тілін үйренуге шақырады, өзге халықтың «тілін меңгерген, өнерін білген кісі онымен бірдейлік» пікір таластыра алады; өзінің тұрақты көзқарасы және ой-пікірі болады; әрбір халықтың өнеріндегі, мәдениетіндегі өзіндік ерекшеліктерді ажырата біледі» - деп өз пікірін «Жиырма бесінші сөзінде» одан әрі жалғастыра түседі. «Орыстың тілін білсең көкірек ашылады» - деп, Абай сол кездің өзінде қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыту, білім берумен бірге ұлы орыс мәдениетіне шақырып, бірлікке, халықтар достығына, солардан үлгі-өнеге алып, мәдениетімізді дамытуға күш-жігерін жұмсаған. (36)

Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тырнақтап жинаған рухани мұрасын ғылыми жағынан саралап, әрі оқу құралына тән белгілі талапқа сай баяндау - маңдай терді мықтап төгуді қажет ететіні белгілі.

Егер шетелдік педагогика тарихында ұлттық мектептің ғылыми негізін қалағандар А. Тойнби, У. Куайн, К. Юнган, Э. Сепир, Б. Уорф, Д. Бенкс, Г. Волков, А. Гашимов, Г. Ушинский болса, отандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, Қ. Бөлеев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, М. Әлімбаев, Ж. Наурызбаев Қазақстанда этнопедагогикалық ой-пікірдің дамуына зор үлес қосты.

Қазақстан Республикасының өз билігін қолына алып, БҰҰ-ға мүше болуы - мемлекеттік мәселелерді дүниежүзілік арнаға көтеруді талап етеді. Сол мәселелердің ішіндегі аса бір кезек күттірмейтін, үнемі зерттеп, жетілдіріп отыруды талап ететіні - ұрпақ тәрбиесі. Дүниежүзілік өркениет деңгейінен көрініп, болашақты жасайтын жас жеткіншектер. Ал, сол жеткіншек ұрпақтың өресін осындай деңгейге көтеру тәрбиенің басты өлшемі мәдени-этникалық және жалпы халықтық құндылықтар.

Сондықтан біз осы ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылығын қалыптастырудың жолдары» деп алып, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеудің жолдарын ашуды көздедік.

Мақсаты: Этникалық-мәдени қызығушылықты қалыптастыру қажеттілігін іске асыру жолдарын көрсету.

Міндеттері: 1) Этникалық-мәдени қызығушылық туралы ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, негізгі ұғымдарға түсініктеме беру.

2) Отбасында этно-мәдени қызығушылықты қалыптастырудың маңыздылығын ашу.

3) Мектепте этникалық-мәдени қызығушылықты қалыптастыру жолдарын көрсету.

4) Мектептен тыс жұмыстар арқылы қызығушылықты қалыптастырудың жолдарын белгілеу.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың этно-мәдени қызығу-шылықтарының деңгейі.

Пәні: Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылықтарын қалыптастыру жолдары.

Ғылыми болжам: Егерде оқушының өз ұлтының және басқа ұлттар мәдениетіне қызығушылығын тудырған жағдайда, олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті деңгейін көтеруге, оларға құрметпен, шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеуге болар еді.

Ғылыми зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау; сауалнама, тест, бақылау, эксперимент.

I. Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылығын қалыптастырудың маңызы

I. 1. Этникалық-мәдени тұжырымдаманың басты идеялары

Еліміздегі ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, ұлттық идеяны жүзеге асыруда жас ұрпақтың этникалық-мәдени қызығушылығын қалыптастырудың маңызы зор.

Жас мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында ұлтаралық жарастық пен өзара түсіністікті, мәдени-этникалық және мемлекеттік тектестікті қалыптастыру механизмінің педагогикалық және психологиялық жайларын жете зерттеу, жалпы этномәдениеттің өзекті мәселелерін саралай келіп, оның ұрпақ тәрбиесіндегі мақсатын ашып, төмендегі міндеттер мен бағыттарды жүзеге асыру көзделеді:

- ғылыми мағлұматтар мен халық тәрбиесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір - қасиетін қалыптастыру;

- қазақ ұлтының қайта өркендеуіне, өзінің төл мәдениетінің, этикалық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының еркін гүлдеуін жас ұрпақтың санасына сіңіру.

Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психикасынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездегі ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі.

Соңғы жылдары мәдени-этникалық тәрбие беру саласында отандық зерттеулер жарық көруде. Кезінде мұнымен байланысты мәселелер, шын мәнінде ғылыми зерттеулерден тыс қалып, проблеманың қойылуының өзі шүбә келтірді, немесе тіпті теріс көзқарастар туғызған жағдайлар да болған. Ғылымда қалыптасқан жағдай бұрынғыдағы этникалық топтардың білім алу мүддесін жүзеге асырудағы нақты тәжірибенің көрінісі болып табылды. Бүгінгі күні мәдени-этникалық тәрбиеге деген ерекше мән берушілік пен қызығушылық қалыптасуда. Теориялық және қолданбалы зерттеулер пайда болуда, әртүрлі үлгілер, түрлі ұсыныстар енгізілуде. Қазақстанда халықтың мәдени-этникалық сұраныстарын жүзеге асыратын бағдар-ламалардың негізі боларлықтай озық теориялық зерттеулер жарық көруде.

1996 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы елімізде мәдени және лингвистикалық пікір алуандығы идеяларын жүзеге асыру қажеттілігін теориялық негіздеудегі алғашқы талпыныстың бірі болды.

Тұжырымдаманың методологиялық негізі ретінде қазіргі философияның, этнологияның, мәдениетнаманың, педагогиканың, этнопсихологияның және этнопедагогиканың теориялық негіздерін ұсынуға болады.

Соның бірі - Арнольд Тойнбидің мәдениетнамалық пікір алуандығын мақсат еткен іргелі ұсынысы. Онда әрбір өркениеттің өмір тәжірибесінің бірегейлігі дәлелденеді. Адамзаттың әлеуметтік ұйымының әрқайсысы өзіндік құндылықтар жүйесіне не формаларының көп түрлілігіне көз жеткізіледі.

Уиллард Куайннің онтологиялық салыстырмалық тұжырымдамасы түрлі болмысты қабылдау нәтижесінде оларға сәйкес түрлі тілдердің болатынын дәлелдейді. Тіл адам мінез-құлқының бір көрінісі ретінде ұғынылады. Бір тілден екінші тілге барынша дәл аудару мүмкін емес, олардың өзіндік шұрайы мүлдем жойылып кетпейді.

Бұл тұжырымдамаларға ортақ нәрсе аксиологиялық алуандық - бір-бірімен үйлеспейтін, толық та балама құндылық-тардың көп түрлілік идеясы. Бұл жалпы игілікке бағыт ұстау барысында бір-бірімен бәсекелес «әлем бейнелері» мен өзара түсіністіктің қатар қолданылуына жол беру методологиясы.

Карл Юнганның «ұжымдық санасыздық» идеясы - тамыры халықтың тарихына бойлайтын бастапқы бейнелердің (архетиптердің) үлгі-белгілердің бар екендігі туралы. Олар дүниенің алғашқы негіздерінің де, жан-дүниенің іргелі құрылымдарының да қызметін атқара отырып, өз алдына жеке-дара қолданылады. Этностың ой-санасы осынау бастапқы бейнелерге негізделеді.

Эдуард Сепир мен Бенжемин Уорфтің этнолингвистикалық салыстырмалы болжамы мәдени алуандық методологиясын ұлттық тілдер ыңғайына қарай орайластыра түсті. Болжамда тіл мен мәдениеттің, тілдік және мінез-құлық үлгілерінің бір-бірімен тілдер түрлі «шынайы әлем» орнатады. Кез келген өркениеттің мәдени үлгілер жүйесінің кілті - осы өркениетті бейнелейтін тілде.

Осы аталған теориялар негізінде Джеймс Бенкстің көп мәдениеттілік білім тұжырымдамасы пайда болды. Көп мәдениеттілік білімнің басты мақсаты-мәдениетаралық хабардарлықты дамытуға көмектесу. Ол сонымен бірге этникалық тектестікті сақтауға, жалпы мәдениеттің аясында тиімді әрекет етуге бағытталған. Көп мәдениеттілік құрылым этникалық алуандықты мақұлдайды. Оның мазмұны әрбір мәдениетке тән ерекше құндылықтар жиынтығын ұғынудан құралады. Сонымен қатар бұл бүкіл қоғамның негізгі құндылықтары болып табылатын этникалық мәдениеттерге ортақ осынау ұқсас құндылықтарды ұғыну.

Көптеген елдерде (әсіресе латинамерикан елдерінде) мәдениетаралық қос тілділік білім тұжырымдамасы жасалып, іс жүзінде қолданыс тапқан. Мұндай білімнің мақсаты - бір мезгілде екі тілді жетік меңгерген (оның бірі- мемлекеттік тіл) қос тілді азаматтарды даярлау. Мәдениетаралық құрылым бір жағынан жеке тұлғаның этносаралық түсіністік, этникалық байсалдылыққа бейімділігі мен көп қырлылығының, екінші жағынан - түрлі мәдениеттермен тектесу, оқушыларға тән мәдени-этникалық ерекшелікті сақтау мүмкіндігін қалыптастырады. (8)

1996 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының этникалық- мәдени білім беру тұжырымдамасының негізгі идеясы-этникалық топтардың өзіндік ерекшелігін сақтауға, сонымен бірге өзге мәдениеттердің құндылықтары мен қалыптарын игеруге бағытталған тәрбие беру үлгісін жасау болып табылады.

Этникалық-мәдени білім беру стратегиясы өзара байланысты екі мақсатты көздейді: этникалық сәйкестендіру мен мемлекеттік интеграция.

Этникалық сәйкестендіру:

Халықтық этникалық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білуінде, ана тілін меңгеруінде, салт-дәстүр мен мәдениетін игеруімен сипатталады.

Мемлекеттік интеграция:

Этникалық-мәдени білім берудің іргелі және стратегиялық мақсаты, мемлекеттегі барлық ұлттардың күш жігерін қажет ететін ұзақ процесс (5 жыл аралығында) .

Бұл мақсаттарға білім беру жүйесі арқылы жетуге болады. Білім беру ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде келесі төрт функцияны атқарады:

  • таратушылық (этникалық-ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен жаңғыруын қамтамасыз ету) ;
  • дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту) ;
  • саралаушылық (адамның, этникалық топтардың ұлттық- мәдени қажеттіліктерін айқындау) ;
  • ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне бойлауын қамтамасыз ету) . (37)

Ұлттық қайта өрлеу процесінде этностық-мәдени игіліктің дүние-танымдық жақтарын білу, оны пайдалану және жетілдіру жолдарын анықтау бірінші кезектегі мәселе болып табылады.

Этникалық-мәдени тәрбие берудің негізгі міндеттері ретінде мыналар ұсынылады:

-жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу: тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдайлар жасау. Мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстау;

- көп тілді жеке адамды қалыптастыру: ана тілінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзінің этникалық тобына қатысты да, мемлекетіне қатысты да «бірдей адалдық» үлгісін іске асыру.

Төл мәдениет иесіне шынайы көркемдік сана тән . Ұшқыр қиял, нәзік сезім, әсемдікке құштарлық, әдемілікті бағалай білу, көркемдік талғам, өнер туындыларына тәнті болу қасиеттері адам өмірінің мәнін асқақтады. Білім берудегі саз-әуен мен кескіндеме пәндері, күнделікті өмірдегі театр, кино, теледидар мен көркем әдебиет осындай сананы қалыптастыруға қызмет етеді.

Көркемдік сананың ерекшелігі - ол кез-келген жағдайда көркем шығармашылық ізденіс кезінде үнемі қолданыс табады. Күй шерту, ән шырқау, өлең шығару, кескіндеу, оюлау, мүсіндеу үстінде адам өз халқының мәдениетіне қатыстылығын сезінеді. Сондықтан, көркемдік сана мәдени-этникалық тәрбие беру мақсаттарына барынша толық жауап береді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мәдениетіне тікелей қатыстылығын сезінуге мүмкіндік беріп, ұлттық тектестікке ерекше рең қосады.

Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу, оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.

Сонымен қатар, нақты тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажет ете ме, оларды меңгеруге деген ұмтылысы, сайып келгенде, өзін өз халқына телу ықыласы бар ма, деген мәселе де өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың әрқайсысын қалыптастырудың нақты жолдарын қарастырады. Бірақ жеке тұлғаның өз көзқарасы шешуші мәнге ие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Мәдени тынығу жұмысы
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы
Абай поэзиясының тілі
Мемлекеттік тіл саясаты
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Еуразиялық мәдени тип
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz