Кәсіпкерлік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және нысандары . . . 5
1. 1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы . . . 5
1. 2 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау . . . 8
1. 3 Акционерлік қоғам кәсіпкерліктің нысаны ретінде . . . 11
2. Өтпелі эканомика кезеңіндегі кәсіпкерлік . . . 14
2. 1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны . . . 14
2. 2 Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру . . . 14
2. 3 Кәсіпорын кірістерін басқару . . . 16
3. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу . . . 21
3. 1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі . . . 21
3. 2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері . . . 23
3. 3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару . . . 25
Қорытынды . . . 29
Әдебиеттер тізімі . . . 31
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтык экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негізгі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негзінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді. Кәсіпкер мейлі жұмыс істеп тұрған ірі мекеме не өз кәсіпорынын ашып жатқан жеке адам болсын, бәрібір, кәсіпкерлік баз-баяғы бір ғана принциптерге негізделеді. Кәсіпкер өндіріс саласында не қызмет көрсету саласында, мемлекеттік секторда не басқа секторда қарекет жасайтын болса да, іс жүзінде, мұның ешқандай айырмасы жоқ. Кәсіпкерлік ұйымдар қарекетінің принциптері мен олардың алдарында тұрған проблемалар көбіне-көп ұқсас. Нақ осының жаңалықтардың негіздерінің типтері мен олардың ашылу әдістеріне де қатысы бар. Мұның бәрі ерекше бір пән бар деп айтуға негіз болады, ал оны кәсіпкерлік басқару деп айтуға келеді. Олай болса, зерттеу жұмысының тақырыбын: «Кәсіпкерлік» деп анықтап, мыналарды белгіледік.
Зерттеу мақсаты: Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын анықтау;
Зерттеу нысаны: Кәсіпкерлік;
Зерттеу пәні: Кәсіпкерлік қызмет ;
Зерттеу міндеттері :
1. Кәсіпкерліктің теориялық негізін қарастыру;
2. Кәсіпкерлік түсінігіне анықтама беру;
3. Кәсіпкерліктің негізгі қызметін анықтау;
4. Кәсіпорындардың ерекшеліктерін қарастыру.
5. Кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселесі.
1. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
1. 1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін: жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді; - толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі; - жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі; - коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен) ; - қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады; - өндіріс және тұтыну кооперативтері; - консорциумдар- акционерлік қоғамдар. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін - азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар; - ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді: - акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды; мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады; құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның алдында жеке бір кәсіпкердей емес, біршама басқа проблемалар тұратынын айту керек: оның алдында тұрған қиындықтар мен шектеулер де басқаша болады. Оған өз міндетін атқару үшін қажет болатын мәліметтер де басқаша. Мұндай кәсіпорындардың басшылары ағымдағы процестерді қалай басқару керек екенін біледі деуге болады, бірақ кәсіпкерлер мен жаңашылдар үшін олар көп нәрсені үйренулері керек. Қызмет көрсету саласы мекемелерінің алдында да өз проблемалары мен міндеттері тұрады. Олар жасап алатын қателердің өздерінің ерекше белгілері болады. Жаңа кәсіпорындардың басшылары да кәсіпкерлер мен жаңашылдар болуды «үйреніп алулары керек, бірақ бұдан бұрын олар басқаруды үйренуге тиіс». Аталған бөлімшелердің әрқайсысы - жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, қызмет көрсету саласының мекемесі және жаңа кәсіпорын-кәсіпкерліктің өз практикасы мен әдістемесіне мұқтаж деген қорытынды туындайды. Олар қандай қарукеи жасаулары керек, не нәрсеге назар аудару керек және не нәрсеге жоламауға тиіс? Сондықтан да кәсіпкерліктің практикасы туралы әңгімені де «ересектерден», яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан және нақты бір проблемалардан бастаған жақсы.
1. 2 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет. Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті - аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен) ;
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар
Кәсіпкерліктің түрлеріне тоқталсақ былай бөлінеді:
- Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар.
- Серіктестер.
3. Акционерлік қоғамдар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігін қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шетел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған, әсіресе ірі кәсіпорындар кәсіпкерлік машықтарға дағдыланбаса, біздің шапшаң өзгеріп жатқан заманымызда әншейін өмір сүре алмас еді. Бұл тұрғыдан ХХ ғасырдың аяғы экономикалық тарихтағы мұның алдындағы ұлы «кәсіпкерлік» кезеңнен едәуір өзгеше, ал ол кезең 50-60 жылға созылып, бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда аяқталған болатын. Ол жылдары ірі және тіпті орташа кәсіпорындар көп емес еді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік өнеріне үйрету көптеген ірі кәсіпорындардың өз мүдделері шеңберінен асып жатыр. Оларға әлеуметтік жауапкершілік жүктелген, олар қалай да аман қалудың амалын табуға тиіс. Жұмыс істеп тұрған сауда кәсіпорынында қызметті басқару әдістемесін толық білмейінше ұтымды бола алмайды.
1) Басқару қызметкерлерінің назары игілікті мүмкіндікке бағытталуы тиіс. Жұрттың көз алдындағыны ғана көретіні көзіне көрінбегенді елемейтіні белгілі. Менеджерлердің көпшілігі кәсіпорын жұмысының тиімділігі жеткіліксіз болуына себепші «проблемаларды» ғана көреді. Ал келешегі бар мүмкіндіктер олардың назарынан тыс қалады. Бұлай болатын себебі не? Бұл орайда өзгеріс жасауға бола ма? Ең ұсақ компаниялардың басшылары да әдетте айына бір рет өндірістік - шаруашылық қызмет туралы есеп алып отырады. Қалыптасқан практикаға сәйкес, есептің бірінші бетінде орын алып отырған кемшіліктер, проблемалар мен қиыншылықтар жазылады. Ай сайынғаы кеңестерде шешілмеген проблемаларға баса назар аударылады. Көбінесе көп өндірістік кеңестердің бәрі осы проблемаларды талқылауға ғана саяды. Сауда кәіспорынын басқару қызметкерлерінің кәсіпкерлік рухын көрсетуге мүмкіндік беретіндей тағы бір әдісі бар. Кәсіпорында алты айда бір рет бөлімшелер басшылары үшін басқару жөніндегі екі күндік кеңестер өткізіліп тұрады. Мұндай әрбір кеңеске 40-50 адамнан тұратын топ қатысады. Бірінші күні бұрынғы жылдарда кәсіпорынның мол жетістікке жеткен бөлімшелерінің басшыларының есептері тыңдалады. Мұнда олар кәсіпорынның табысқа жетудің себептерін түсіндіреді. Схемалық түрде бұл есептер мынадай тараулардан тұрады:
- табысқа жетудің жолдары;
- Қолайлы мүмкіндіктерді анықтау әдістері;
- Жасалған қорытындылар, ағымдағы кәсіпкерлік және жаңашылдық іс әрекетінің жоспарлары.
Өндіріс саласында болсын, қызмет көрсету саласында болсын қалыптасқан, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін «кәсіпорынды басқару» деген сөз тіркесіндегі түйіндісі үшін «кіспкерлік» деген сөз. Егер кәсіпорын туралы айтсақ, онда «басқару» деген деген сөз болады. Кәсіпорындағы басқару мыналарды талап етеді:
1) Нарыққа баса назар аудару;
2) Жоспарлаудағы және нақты бар ақшаны реттеп жұмсаудағы қаржыға қатысты білгірлік;
3) Кәсіпорын мұнан нақты қажет екенін сезінуден көп бұрын және мұндай бөлімше ұстайтындай нақты мүмкіндігі болудан көп бұрын жоғары басқару буынын құру;
4) Өзінің күші мен қабілетін неғұрлым пәрменді қолдануға болатын учаскелерді анықтай білу.
Кәсіпкерлік қызмет белгілеріне және нысанына қарай былай классификацияланады:
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша - Картелдер, Синдикаттар, Трестер Концерндер, Концерн-конгломераттар, Холдинг-компаниялар, Акционерлік қоғамдар, Кооперативтер, Серіктестіктер;
Шаруашылық қызметінің сипатына қарай - Өндірістік, Саудалық, Делдалдық, Банктік, Сантандырушылық, Инвестициялық, Инновациялық, Инжинирингтік, Вечурлік(тәуекелдік) Консалтингтік, Аудиторлық,
Салалық қызметі бойынша - Өнеркәсіптік, ауыл-шаруашылығы, Сауда, Байланыс, Көлік, Қаржылы-несиелік, Мәдениет, Өнер, Білім, Ғылым, Денсаулық сақтау, Тұрғын үй шаруашылық;
Меншік нысаны бойынша - Мемлекеттік, Қазыналық, Ұжымдық, Жалгерлік, Кооперативтік, Акционерлік, Жекелген, Аралас (біріккен) Мемлекеттік кооперативтік пен бірге, Ұжымдық жекемен бірге, Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорындар) .
1. 3 Акционерлік қоғам кәсіпкерліктің нысаны ретінде
Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізілдіп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің бірден бір жолы мемлекет құрылымындағы әртүрлі салада қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындармен жырыса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар еәсіпкерлік құрылымдар құру, дамыту болып табылады. Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс саласындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы бойынша кәсіпкерлік қызмет проблемаларына орасан зор мән берген және ғылыми-теориялық тұрғыдан үлес қосқан, осы сала бойынша ғылыми еңбектер ұсынған ғалымдар да аз емес. Осыған да байланысты Ел Президенті Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030 атты стратегиялық бағдарламасында еліміздің экономикалық саясатының бірден бір басымды бағыты шағын және орта бизнес деп атаған. Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» термині алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) ендірді. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бірақ бұл екеуін балама түрінде қарастыруға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығыана сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті - аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен) ;
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады. Таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып таылады. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар
Кәсіпкерліктің түрлеріне тоқталсақ былай бөлінеді: Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар; Серіктестер; Акционерлік қоғамдар. Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігін қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шетел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді;
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы» және «Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы» республика заңдарында кәіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда.
2. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК
2. 1. Шағын кәсіпкерліктің ролі мен алатын орны.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді. Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз. өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты; алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады. Монополды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі - кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын, орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдде Негізінде кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсіпкерліктің, әсіресе шағын кәсіпкерліктің басты сипаты қандай да болмасын бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемді түрде араласуына қабілетті болуы. Кәсіпкерліктің факторларына тоқталатын болсақ, төмендегідей болмақ. Осы жерде айта кететін жәйт, кәсіпкерлік кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: «мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру» тек шағын кәсіпкерліктің арқысында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz