Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының кәсіпкерліктің дамуына ықпалын Қазақстан аймақтарының нақты деректері негізінде талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының кәсіпкерліктің дамуына ықпалын Қазақстан аймақтарының нақты деректері негізінде талдау.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық - Жаңа экономи калық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

  • 1-ші кезең - 2010-2014 жылдар аралығында. Яғни 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011-2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
  • 2-ші кезең - 2015-2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

Қаржыландыру Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы
көздері мен көлемі 2020» бағдарламасын іске асыруға:

2015 - 45 353 595 мың теңге;
2016 - 38 157 491 мың теңге;
2017 - 41 345 919 мың теңге;
2018 - 41 345 339 мың теңге;
2019 - 66 922 683 мың теңге;

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі - кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
Мынадай:
1) кредиторы, Даму Банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11. 07. 2014 № 790 қаулысымен;
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11. 07. 2014 № 790 қаулысымен;
4) Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялау және кредиттеу түріндегі мемлекеттік қолдау алушы (алған) кәсіпкерлердің кредиттері;
5) овердрафт түріндегі кредиттер/Қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4) Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

1 бағыт. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

Мемлекеттік бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес экономиканың шикізаттық емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсету, гранттар беру бойынша мемлекеттік қолдау құралынан басқа. Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының аясында мемлекеттік қолдау төменде аталғандардан тұрады:

- Жобаларды іске асыру үшін Банктердің/ Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың Қаржылық лизинг шарттары/ несиелері бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

- Жобаларды іске асыруға бағытталған Банктердің/Даму Банкінің несиелері бойынша жартылай кепілдік беру;

- Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

- Мемлекеттік гранттарды беру;

2 бағыт. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бар жұмыс орындарын сақтауға және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында кәсіпорындарды сауықтыруға бағытталған. Сауықтыру аясында келесі қолдау көрсетілуі мүмкін:

- Банктердің/Даму Банкінің (мақұлдау сәтіне) борышқорға бар несиелері бойынша және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір несие желісі шегінде жаңа берешекке сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

- борышқорға бюджетке салықтық берешегін өтеу бойынша (төлем көзінен ұсталатын жеке еңбек салығынан басқа), Салық кодексінде белгіленген тәртіпте қарастырылатын өсімақыны есептемей, мерзімін ұзартуды беру мәселесін қарастыру;

- Қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспары аясында кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлардың алдындағы берешек бойынша басқа іс-шаралар;

3 бағыт. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

Несие міндеттемелерінің мөлшерлерінің ұлттық валютаның ауытқуларына тәуелділігін азайту, және осыған сәйкес, валюталық тәуекелдердің несиелікке түрлендіру үшін, Бағдарлама аясында ұлттық және/немесе шетелдік валютада несиелер/Ұлттық валютада Қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау түрінде валюталық түсімге ие кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары ретінде келесі кәсіпкерлер ие болуы мүмкін:

1) Кәсіпкермен бағдарламаның үйлестірушісіне өтініш-сауалнаманы бергенге дейінгі алдыңғы алты ай үшін ақша түсімінің жалпы көлемінен 10% кем емес мөлшерде валюталық түсімге ие.

2) Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес)

4 бағыт. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту

Төртінші бағыт өндірісті жаңарту және бизнесті басқарудың қазіргі заманғы үлгілерін ендіру мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады.

Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету төменде аталғандардан тұрады:

  1. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету инфрақұрылымын қалыптастыру;
  2. «Бизнес-Кеңесші І» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  3. Кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші ІІ» жобасы бойынша оқыту;
  4. Кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау;
  5. Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
  6. Кеңес беру жобаларын іске асыруда шағын және орта бизнестің озық кәсіпорындарына қолдау көрсету - BAS Бағдарламасы;
  7. Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;
  8. Бизнес-инкубаторларды құру;
  9. Шетелдік серіктестермен іскерлік байланысты орнатуда қолдау көрсету - Іскерлік байланыстар;
  10. Жастар кәсіпкерлігін дамыту;

Бағдарламаға экономиканың басым секторларындағы әлеуетті және әрекет етуші шағын және орта бизнес кәсіпкерлері қатыса алады.

Алматыда 35 кәсіпорын бағдарламаға қатысады

  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда түпкі өнім өндірісін құру болып келеді. Мәселен, бүгінде біз көптеген тауарларды өзіміз өндіруге қабілетіміз бар болғанымен, сырттан импорттаймыз. Киім-кешекті алайық. Неге біз киімді өзіміз тікпей, сырттан әкелеміз? Неліктен өзіміздің тігін фирмаларымызды құрып, жеңіл өнеркәсіпті жандандырмасқа? Бұл экономикамыздың кез-келген саласына қатысты айтылған сез, фармацевтика, машина жасау, өңдеу өнеркәсібі болсын. Жана өндірістерді құру керек. Мемлекет үшін бұл өте маңызды.

«Блок-ЮКО» ЖШС 2004 жылдары Шымкент қаласында «Рабицы» торларын және құрылыс торларын өндіруді бірінші болып бастаған кәсіпорындардың бірі.

«Рабицы» торлары - бұл сұраныс ешқашан жоғалмайтын, кең тұтынушылыққа ие, әмбебап құрылыс материалы. Шикізатты компания Ресейден және Қарағандыдан сатып алады, дайын өнім бүкіл елге сатылады.

Несие қаражаттары 2015 жылы 14% -бен 55, 0 млн. теңге көлемінде Банктен алынған болатын, «Даму» Қоры пайыздық мөлшерлеменің 7% төлейді, ал қалған 7% компания төлейді. Несие қаржаттары құрал-жабдықтарды жаңартуға бағытталды, бүгуден бастап орамдарды тоқуға дейінгі бүкіл үрдісті қамтитын, сырттан араласуды қажет етпейтін Қытайдан автоматты құрал-жабдықтар сатып алынды. «Бүкіл үрдіс автоматтандырылған. Қондырғылар өнімді жасайтын барлық жұмысты автоматты орындайды. Оператордан талап етілетіні: сыммен орауышты жүктеу, берілген өлшемдер бойынша микропроцессорды бағдарламалау: сымның қалыңдығы, ұяшықтардың диаметрі, орамалардың өлшемі және бастау шүріппесін басу» дейді технолог Давран Усманов - «Қазір тор өндіру бойынша үлкен емес цехтар Шымкентте және басқа қалаларда көп, бірақ жақсы сапасымен және беріктілігімен бәсекелесе алмайды. Өндірісте сапалы өнімдер маңызды рөл ойнайды: сым дайындалған материалдың өзі, оның қалыңдығы, ұяшықтардың өлшемі, бүркеу және құрылғының өзі».

«Рабицы» торларымен бірге, кәсіпорын: сылау және дәнекерлеу торларын, тіке сымдарды, шегелерді, профнастилдер өндіреді. Өндірістің жалпы көлемі аусымына 40-50 тоннаны құрайды.

«Даму» қоры мамандарының мәліметінше, субсидиялау бойынша 525 жоба мақұлданған, несие мөлшері 137 млрд теңгені құрады. Оның ішінде моноқала, шағын қала және ауылдағы кәсіпкерлердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 10% дейінгі көлемде) бойынша 2, 63 млрд теңге сомасында 45 жоба, кәсіпкерлерді салалық қолдау (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 7% дейін және өңдеу өнеркәсібі саласы үшін 10% дейін) аясында 74, 32 млрд теңге сомасында 407 жоба, валюталық қатерді төмендету (пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 7% дейін) бойынша 45, 92 млрд теңгеге 59 жоба, ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындакәсіпкерлік саласына қайта қалыпқа келтіруге 14 млрд теңге сомасында 14 жоба мақұлданған.

Айта кету керек, 2015 жылдың 10 айында «Бизнестің жол картасы 2020» - бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасына қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 5 321 млн теңге салық төленген. Кепілдендіру бойынша 4 млрд теңге жалпы несиеге ішінара кепілдеме тағайындау үшін 92 келісім-шарт жасалған. Ал кепілдеме сомасы 1, 75 млрд теңгені құрап отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы мемлекет тарапынан қаржылай және қаржылай емес құралы бар кәсіпкерлікті қолдаудың бірегей жүйесін тағайындауда. Жаңадан өз ісін ашқан және жұмыс істеп жатқан бизнесін кеңейтуші кәсіпкер, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялай алады, несие бойынша ішінара кепілдеме алып немесе инженерлік коммуникация жүргізіп, бағдарлама қаржысы есебінен оқып, тіптен шетелде осындай кәсіпорыннан тағылымдамадан өте алады. Сонымен қатар басқару, өндіріс, халықаралық нарық саласында тәжірибесі мол шетелдік аға сарапшыларды шақыра алады, яғни ақысыз негізде жабдықтармен қалай жұмыс істеу керектігін үйрету үшін, бизнесті жүргізуде, тиімді бизнес-процессті жасауда, тауар мен қызмет түрін жандандыруда өз тәжірибесімен бөлісуді үйренеді.

Қазақстанның өндіріс сферасындағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас. Макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламалары қысқа мерзімді өндіріс көлемінің өсуіне де әсер ете алды. Келесі өсу инвестиция көлемін өсуі және өндірістің тиімділігін көтеру үшін алғышарт құруды қамтамасыз ету арқылы болатын еді. Сонымен қатар 1998 жылға дейін қалыптасқан жағдайға байланысты республика кәсіп орындарында деген инвестициялық белсенділіктің белгілі деңгейде құлдырағандығын көрсетті. Дегенмен бұл көрсеткіш 1997 жылы 11, 6% болса, 1998 жылы 41, 9%-ға жетті, яғни 1998 жылдың аяғынан бастап экономика қайта дами бастады. Инвестиция саласының мұндай көп реттік төмендеуі жалпы өндірістің құлдырауында көрініс тапты. Осыған байланысты 1999-2000 жылдары Қазақстаның экономикасының кейбір тұрақтандырғыштары белгілі деңгейде шикізат тауарлары экспортына жоғары бағаны қалыптастырды. 1999 жылы әлемдік баға, мұнайда алдынғы жылмен салыстырғанда 2, 3 есе, газға 5, 9%, мыс 19, 7%, цинк 5% өсті. Осылайша 1999-2000 жылдары экономиканы тұрақты өсімі үшін алғышарттар қалыптасты. Сондай - ақ осыған байланысты негізгі капиталға инвестицияның өсімі арта бастады. Сонымен қатар мемлекеттік инвестиция бағдарламасын ары қарай өңдеуге және жаңа өндірістік күштерді құру, өндіру салаларын дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны өңдеу мақсатында инвестицияларды белгілі деңгейде өсіру үшін түрлі жолдарды іздестіруді қажетсінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері
Кәсіпкерлікте маркетингті пайдаланудың маңызы мен артықшылықтары
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz