ҚАЗАҚ БИЛЕРІ. Тауке ханның басқару кезінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Әйтеке би

Балалық шағы

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді.
Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның төрбиесінде
болады. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі
Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз,қазақ жұрты
"Синесоф буа" атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Ол алғаш Ұлықбек
медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен
апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін,
құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек
тілдерін меңгеріп шыққан.

Ел басқарушы би

Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс
әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару
істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі
қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші
жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені
хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан
кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып
сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан,
Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684
жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы
феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас
қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен
бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып
өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын
ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне
халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына
табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы
қайраткер ретінде таныта білді.

Кіші жүз биі

Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында
Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш
жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып
тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін
нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара
келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар
ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар
бәтуаны Әйтеке би айтады екен.

Жеті жарғы

"Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер
құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен
жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің
сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні
қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық
жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден
құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып
қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн
сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры
Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады.
Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі.
Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және
қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын"
төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең
екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн
төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге,
өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.

Ұрпақтары

Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар
көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған. Әйтеке қайтыс
болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі
Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен
аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы
Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол
аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы аталады. Қазақстанның ірі
қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы жөне Шыназ ауылдарының
маңында жерленген.

Ел аузынан

Әйтеке би Бөйбекұлы - Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі.
Қазақ шежіресінде Жанарыстың бір аталарынан Алшын одан Әлім, Жеті ру
тарайды. Әлімнен (кейде Қаракесек) Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз,
Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккеге үш рет барып Қажы атанған, Әмір-
Темір патшаның бас кеңесшісі болған баба). Сол Ораздан - Акпан, Тоқпан.
Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде
Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс
батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейіткүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек,
Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай,
Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған.
Бұлардан тараған үрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін
мекен еткен.
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару
ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-
дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны
Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол
оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма
бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 29 рудай құралған
бүкіл Кіші жүздің, яғни, алты ата Әлімнің 4 ата Кетенің, 12 атасының, 7 ата
- Жетірудың Төбе биі болып сайланады". Содан бұл дүниеден өткенше ел
билігімде жүреді.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін
жұрт былай аңыздайды:
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір
қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің
бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле
би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,
Барымталап жылқымды қуасың
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз
жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
- Ашу деген ағын су,
Туысқан сон сөз қуыспау керек.
Алдын ашсаң арқырар.
Сөз қуған бөлеге жолымды,
Ақыл деген дария,
Жол қуған олжаға жолығады.
Алдын тоссаң тоқырар.
Төле сен, жылқысын қайыр!
Кісі бірге туыспау керек,
Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін
келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы
бітімге келіп, тиышталыпты.

Төле би

Балалық шағы

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы
жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің
атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды
қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан).
Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып
кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп
айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін
күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің
дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған.
15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен
шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл
облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан.
Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын
хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-
тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп
ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім
алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ
шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Тауке ханның басқару кезінде

Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп
көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей
қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ,
қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған
шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі
еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ
халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті
жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық
жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы
болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі
алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала
етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.

Абылай ханның басқару кезінде

1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп
қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи
жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор
әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі
айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып,
келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.
Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет
тұтастығын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Қазақстан тарихындағы қазақ билері мен батырларының ролі
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Қазақ қоғамына билер ықпалы
Әз Тәуке Хан (1626-1718)
Қазақтың ұлы билері
Би-шешендер
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Далалық әскери жүйе және көшпелілердің әскери өнерінің спецификалық ерекшелігі
Қазақ хандығын басқарған хандар
Пәндер