Көлеңкелі экономика


Көлеңкелі экономика
Көлеңкелі экономика (ағыл. shadow economy) заңсыз экономика деген сөзден шыққан.
- үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету;
- жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі атауы.
Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес - икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т. б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.
Бүгінде әлемнің барлық мемлекеттерін ел қазынасына құйылмай, кейбіреулердің құлқынына кететін көлеңкелі экономиканың қаржы айналымы алаңдататындығы белгілі. Мемлекеттік бақылауы мен есебінен жасырын жүргізілетін бұл экономикалық қызметтің тамырына балта шабу әзірше қиын болып тұр. Тіпті, әлемнің дамыған елдерінде де оның белең алып отырғандығы белгілі. Мәселен, Еуропа елдерінде көлеңкелі экономиканың көлемі 2 трлн. еуро төңірегінде бағалануда.
Көлеңкелі бизнесдегенімізтек жасырын цехтар ғана емес. «Біз тіпті мүлдем бейхабар бизнес түрлері де баршылық», - дейді министр. Сол себепті үкімет кәсіпорындарды ерікті тіркеуден өтуге итермелейтіндей жағдай жасауға талпынып отыр.
«Көлеңкелі экономикаға»мынадай элементтер бойынша қарауға болады:
1. Жалған -жалған құнның басым болуы және ресми экономика шеңберіндегі тұтыну құны.
2. Ресми емес -регламенттелмеген және азаматтардың анықталмаған қызметін қамту.
3. Элитарлы -тұйықталған, шектеулі тұлғаларға арнайы жүйе бойынша қызмет жасайды.
4. Криминалданған -ресми экономика құзырындағы қызмет және салт-дәстүрге қарсы әдістермен жүзеге асады.
5. Криминалды квазиэкономика -азаматтардың мүлкі мен жеке табыстарын экономикадан тыс зорлық-зомбылық жасау арқылы бөлу және ресми экономикаға шек қоймай әсер ету.
Көлеңкелі экономика - ресми есеп беру мен формалды келісім шарттарда көрсетілмейтін экономика бөлігі, яғни бейресми экономика, сонымен бірге, заңға қарсы келетін немесе заң бұзушылық экономика. Көлеңкелі экономиканың деңгейі нақты ЖІӨ-дегі пайыздық қатынасы арқылы өлшенеді.
Көлеңкелі экономика барлық қызметтер мен тауар түрлерін мемлекеттік өкіметтен қасақана жасыруды келесі төрт себептер бойынша жіктейді:
Қаржы жұмсалымы бойынша төлемдерден, қосылған құн салығы және т. б. төлемдерден жалтару; Әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлеуден жалтару; Кейбір құқықтық нормалардан, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары, максималды жұмыс сағаттарынан, жалтару; Кәсіпорын басқармасында толық статистикалық анкеталық деректермен сұрақ-жауаптан немесе басқадай әкімшілік формадағы сауалнамадан жалтару. Көлеңкелі экономиканың қозғаушы күштерін пирамида түрінде көрсетуге болады:
Жоғарғы сегмент- криминалдық немесе«қара»экономика. Оның қозғаушы күштері- есірткі, қару, жалған дәрі дәрмек өндірушілер мен сатушылар, рэкетирлер және т. б. - өздерінің қызметтерімен қылмыстық кодекске ілінетіндер. Ортаңғы сегмент-«сұр»экономика. Толықтай немесе ішінара салық салудан жалтарған, қызмет және тауар өндірумен байланысты, кәсіпкерлік қызмет. Белгілі бір шарттарда нарыққа көшкен уақытта «экономика моторы» болуы мүмкін.
Төменгі сегмент-«ақ»экономика. Оның қозғаушы күштері - шенеуіктер мен мемлекеттік қызметкерлер. Бұл секторда ештеңе өндірілмейді, бастапқы екі сектордан пара түрінде алынған табыстарды қайта бөлу жүзеге асырылады.
Пирамиданың барлық бөліміне капиталды шетелге шығару тән. Олардың ортақ бір мүддесі - құқықтық шектен тыс қосымша табыс табу. Пирамиданың негізі -жемқорлық.
Жемқорлық пен көлеңкелі экономика тығыз байланысты. Неміс профессоры, көлеңкелі экономиканы зерттеушілердің біріФридрих Шнайдердіңпікірі бойынша саясат тұрғысынан тек бір ғана шара: «тиімді жазалаудың ұлғаюы жемқорлық пен көлеңкелі экономикадан құтылуға көмектеседі» -деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz