Мотивация теориялары


Мотивация теориялары
І. Мазмұндылық пен процессуалдық теориялары .
1. Мазмұндылық теориясы - адамдарды басқаша емес, дәл солай іс-әрекет жасауына мәжбүр ететін ішкі ынтасын (қажеттілік деп аталатын) ұқсастыруға негізделеді.
Мотивацияның мазмұндық теориясы, адамдарды көздеген мақсатқа орай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды (қажеттілікті) теңдестіруге негізделген. Бұл теорияның өкілдеріне А. Маслоу, Д. Маккеланд, Ф. Герцберг және басқалар жатады.
Қажеттілік - сұраныс басқаратын жасырын себептерді бейнелеу. Сондықтан қажеттілік пен сұраныс - бірдей нәрсе емес.
Клелландттың қажеттілік теориялары. Ол адамдарға 3 қажеттілік: билік, жетістікке жету, қатысу тән деп есептейді.
Билік қажеттілікті басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Билікке құштар адамдар өз пікірін батыл, ашық айтады, пікір таласынан, өзара сыннан тайсалмайды. Өз пікірін өткізуге тырысады. Адамдардың мадақтауға құштарлығы сол адамның жетістігін жариялаумен шектелмейді оның жұмысты ойдағыдай орындаумен қанағаттандырылады.
Герцберктің қос факторлы теориясы. Гигиеналық факторлар Жігерлендіру факторлары Гигиеналық факторлар - жұмыс жасайтын қоршаған ортаға байланысты:
- еңбек жағдайы
- әлеуметтік қатынас
- басқару стилі
- марапаттау
- ұйым климаты
2. Процессуалды теориясы - ең алдымен, адамдар әсерді қабыл алу мен танымды ескере отырып, өздерін қалай ұстайтындығына негізделеді.
Мотивацияның іс жүргізу (процессуалдық) теориясы біршама кейінірек пайда болған. Ол негізінен алғанда, бірінші кезекте адамдардың түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтындығына негізделген. Мотивацияның бұл категориясына Портер Лоулердің күту (үміттену) теориясы, әділдік теориясы және мотивация моделі жатады.
Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi. Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн.
ІІ. Басшы ойлаған мақсатына тимді жолмен жетуі үшін, ол жұмысты дұрыс үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады. Мотиватция - жеке мақсатқа немесе ұйымның мақсаттарына жету үшін өзн және басқаларды ынталандыру үрдісі.
Мотивацияның іс жүргізу теориясы 3-ке бөлінеді:
Күту (үміттену) - жұмсалған күш-жігер мен алынатын нәтиже арасындағы байланыс;
Әділеттілік - екі адамның жұмыс орындауын салыстыру арқылы бағалау;
Портер-Лоулер моделі - қажетсіну, үміттену, әділеттілікті көтермелеу, еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімі.
Айырмашылықтары:
1. Күту теориясының тәжірибелік маңызы жұмыс күшін белгілі бір жұмысқа ұмтылдырудың тиімді себепкерлігін күшейтуге тырысудан байқалады. Яғни, тиімді себепкерлік үшін менеджердің жеткен жетістігі мен сыйақысы арасында тығыз арақатынас орнауы тиіс. Осыған байланысты сыйақыны тек тиімді жасалған жұмыс үшін ғана беру керек. Оған қоса, менеджерлер бағыныштыларынан күтетін нәтижелердің жоғары, бірақ нақты, шынайы деңгейін жасауы тиіс және олар күш-жігер жұмсаса, жететіндігіне сендіріп көз жеткізуі керек. Демек, бұл теорияның ерекшелігі, басқалардан айырмашылығы - менеджердің қол астындағыларына нақты жұмыс беру арқылы және сол жұмысты олардың орындай алатындығына сендіре отырып орындау. Менеджерге сыйақының берілуі жұмыстың дұрыс басқарылуына және тиімді орындалуына байланысты. Мысалы, менеджер басшылық талап ететін барлық анықтамалар мен есептер және қосымша күш-жігер жұмсаса, өзінің қызметіне жоғары баға беріледі деп үміттенуі (күтуі) мүмкін.
2. Әділеттілік теориясы - себепкерлік жүйесінде орын алады. Яғни, әр жұмысшы өзі алған сыйақының жұмсалған күшіне қатынасының сәйкестігін анықтайды және сол сыйақысын ұқсас жұмыс орындаған адамдардың сыйақысымен арақатынасын салыстырады. Егер бұл салыстыруда тепе-теңдік болмаса немесе әділетсіздік байқалса, яғни адам өзінің әріптесі дәл сондай жұмыс үшін көп сыйақы алды деп есептелсе, онда психологиялық шиеленіс пайда болады. Демек, бұл теорияның басқалардан айырмашылығы - сыйақының жұмыс күшіне сай берілуіне ғана емес, оған қоса, әр жұмысшы сол сыйақысын өзге жұмысшылармен салыстырылып, дұрыс бөлінуіне көңіл бөлінеді.
3. Лайман Портер және Эдвард Лоулер себептеменің кешенді процессуалды теориясын жасап шығарды. Бұл теория - әділеттілік теориясы мен үміттену теориясының бірігуі. Портер-Лоулер моделнде бес көрсеткіш байқалады: жұмсалған күш-жігер, кабылдау, алынған нәтижелер, сыйақы, қанағаттану деңгейі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz