Шағын кәсіпорынның маңызы мен міндеттері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.1 Шағын кәсіпорынның маңызы мен міндеттері.
1.2 Шағын бизнестің ерекшеліктері.
1.3 Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжерибе.

2.1 Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы

3.1 Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары
3.2 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөнінідегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады.
Наықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рынокты сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. М.Б. Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов «Кәсіпкерлік негіздер» - Орал 2001 жыл
2. А.Қ. Мейірбекова, Қ.Ә. Әлімбетова «Кәсіпорын экономикасы» - Алматы «Экономика» 2003 жыл
3. А. Үмбеталиев, Ғ. Керімбеков «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» - Алматы «Бастау» 2002 жыл
4. С.С. Сатыбалдин «Кәсіпорындар мен бірлестіктердең шаруашылық жұмыстарына талдау» Алматы «Мектеп» 1987 жыл
5. Кәсіпорын пәнінен курстық жұмысты жазуға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент – 2003г.
6. Қазақстан Респуьликасының статика агентігі – 2004ж.
7. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. – Алматы, 1995
8.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Шағын кәсіпорынның маңызы мен міндеттері.
2. Шағын бизнестің ерекшеліктері.
3. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжерибе.

2.1 Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы

3.1 Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары
3.2 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіру, бөлу, сату және
пайдалану жөнінідегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып,
адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық
экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады.
Наықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі
объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рынокты сұранысты еске ала
отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты
жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б.
жұмыстарды іске асырған жөн.

1.1 Шағын кәсіпорынның маңызы және міндеттері

Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы
дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі
замаңдағы экономикада ірі монополоистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта
және шағым деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты
көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларында зор материалдық,
финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы
дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа
әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта
дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және
қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда
болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап
етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында балады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалар мен салыстырғанда экономикалық тимділігі
жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына
икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік
және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге
септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда
болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен
толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат
ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын
дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол
сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе
полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды
орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол
қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай
кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға
жүктеледі, ал кейбір атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал
кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұлықсат (лицензия) керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар:
өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.
Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай – жоспарлау.
Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және
кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен
қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын
ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде (бизнес-жоспар) тауар алушылармен
және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті
өнімдермен жабдықтар туралы шарттар болуы керек.
Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне
бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатды.
Кәсіпорынның финанс ресурстары оның ұйымдастыру – праволық формаларына
байланысты, пайдада, амортизацияға шығарылған сомадан, бағлы қағаздарды
сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан
түскен несиеден т.б. заңғақарсы емес түсімдерден тұрады.
Ақша қаражттарды сақтауүшін және есеп айырысу, касалық операцияларды
жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша алады.
Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібіне толық жауап береді.
Есеп айырысу тәртібін орындамаған кәсіпорын сот арқылы банкрот болып
жарияланады.
Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдік серіктестермен шарт жасап және
шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын
өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына оның
ішінде аукциондарға да қатынасуға провалы.
Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі,
түрі дербес шешілді. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілді еңбек ақы төлеуді
қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын, қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
шараларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған
жұмыс күнін, тағы басқа жеңілдіктерді қолдана алады.
Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне
және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне келтірілген зиянды толықтыруға
жауапты.
Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға
белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданады. Сондықтан
шағын кәсіпорын әлеуметтік, медициналық сақтандыру үшін өздерінің
жарналарын төлеуге тиісті.

1.2 Шағын бизнестің ерекшеліктері
Экономикалық тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың
баты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен
құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын
таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы
көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу,
табысты өз мұхтажына жұмсау:
- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге
деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де
болмағаны;
- кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге
бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым
орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның
құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы
керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір
белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтапайтсақ: үлкен бастама, дәстүрден
тыс шешімдері іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері
ең алдымен кәсіпорын.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік.
Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке
кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай
формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке
кәсіпорында өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып,
экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен
өндірістің жиынтығынқұрайтын монополизімің бойында қай кезде де тоқырау
қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде
кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және
әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі
шағын бизнес халықтың әл-ауқатына арттырумен қатар, қосымша жұмыс
орындарының ашылуына да себебін тигізеді.
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктіңөзгеруіне өте сезімтал.
Сонымен қатар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып, орта топтың
қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан
нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың
әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта
қолданған шет елдердің тәжірибесіайғақтайды. Мысалы, АҚШ-та жалпы өнімнің
қырық пайызы және еңбекке қабілетті халықтың елу үш пайызы оның үлесі
тиеді. Ірі корпарацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық
жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды
экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия,
Жапония сияқты елдерде тауар экспортының қырық пайызы жуығы тиеселі екен.
Кесте деректері дәлелдеп отырғандай, шағын бизнес өркениетті елдерде
әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың
кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойнша шағын
бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. Шағын
бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып,
мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді.
Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
- қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын
бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру,
оның сапасының жоғарлауы;
- экономиканы құрлымдық қайта көрсетудің нақты тұтынушыларға
бейімделуі;
- жеке қаражаттын өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық
деңгейінің төмендеуі;
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- мемлекетттен тиімдігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып
алуы немесе қолға алуы.
Шағын бизнестің осындай, бақа да экономикалық және әлеуметтік
функциялары шағын бизнесті дамыту мәселесін маңызы мемлекеттік міндеттер
қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп
қарастыруға негіз береді.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді ынтымақтастық
құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми – техникалық
жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне
оңай бейімделеді. Сондай – ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен
қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты
табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және
өндірістік этаптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы
әрекет береді. Шағын бизнес нарыққа консалтингтік, брокерлік, маклерлік,
делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен
қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.
Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын
бизнестің дамуы үлкен орын алып отыр. Егер 1950 жылдары АШҚ-та орташа
шамамен жыл сайын 130 мың фирма тіркелсе, 60 жылдары – 220 мың, ал 70
жылдары – 350 мың , ал 90 жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа
шамамен тіркелген. Бұл құбылыстың себебі шағын бизнестің дамып отырған
қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу қабілетімен, ғылыми
техникалық прогресс барысында өндірістік құрал – жабдықтардың жетілдігімен
және аралас экономикадағы әр түрлі меншік формаларының біркелкі
мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес – шешім қабылдау мен оны жүзеге
асырудағы еркіндік, іскерлік, нәтижелерге толы қ экономикалық және құқықтық
жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық ынта және жігермен сипатталады.
Нарықты экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестіңартықтары мен
кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипатын зерттей
келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:
- жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез
бейімдеу;
- шағын бизнес субъектілерінің іс-әрекет жасаудағы
тәуелсіздігі;
- шешімдеу қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен
оперативтік;
- слыстырмалы түрде аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;

- жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зоа
мүмкіндіктерді, кәсіпкерліктердің дамуы;
- қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді
тез енгізу мүмкіндігі;
- капитал айналымның жоғары болуы.
Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта
кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік оартықшылықтары аталған. Бір
қызметкерге шаққандығы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар
жергілікті еңбек және материяалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда
кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын
жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті
нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы
бойынша тауар тауар шығарады, кәсіпқой мамандары даярлайды. Кейбір
мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес
алдынғы орында тұрады.
Шағын бизнес субъектілерінің бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі
кемшіліктері:
- тәуекелдің жоғары болуы;
- нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;
- ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;
- басшылықтың біліктілігінің төменгі деңгейі;
- қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтары;
- істі басқарудағы жетіспеушіліктер.
Әрине, шағын бизнес субъектілерінің сәтсіздіктері ішкі және сыртқы
факторларға байланысты болады.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздіктері ұшырауы
басқарушылық білімінің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз
аяқталуының басты себептері:
- біліктіліктің төмен болуы;
- тәжерибенің жоқтығы;
коммерцияда, қаржы мәселесін шешудегі тәжірибенің аздығы;
- бизнеске салқын қарау;
- кәсіпкер денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет – қылы
қтар;
- алаяқтық;
- табиғи апаттар, өрт және т.б.
сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебиторлық
қарызлы өтеудегі қиындықтарды көрсетеді. Сауда саласында жоғарыда
аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы және қойма шаруашылығын
басқарудағы қиыншылықтар жатады.
Қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім қажет. Кей
кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен, өндірістік
мәселелерге ешқандай тәжерибесі жоқ болады және керісінше жағдай да болуы
мүмкін.

1.3 Шағын безнесі дамытудағы шетелдік тәжірибе.

Кейінгі онжылдықтарда экономикалы дамыған Батыс елдеріндегі бәсекенін
дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы
мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес
нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономикалық құрылымдық қайта құрылуына
әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлк топ пен меншік
иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен
үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Дамығын елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл
атқарады: сауда, автосервиз құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын
кәсіпорында жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика,
электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызымет, информатика,
микроэлектроника, телекомуникация слалаларына әртараптаңдырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындарын ірі кәсіпорындарымен қатар қызмет етуі
дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ –та өз ісімен айналысушы
азаматтар, яғни кәсіпкерліктер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет
бұрған елдер үшін АҚШ – тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы
бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес
субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда
кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін – жылдық табысы 2 миллион долларға
дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл
шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, бөлшек сауданың 72%-ына,
қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен
қысқарту кезінде шағын кәсіпорынжұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-
тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы ортаның
өзгеруне тез бейімделеді. АҚШ Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша
шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-
ға дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдануға ие. әр түрлі
мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді.
Солардың бірі Шағын бизнес туралы заң. АҚШ конгрессіне шағын бизнес
проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес
әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы – шағын бизнесті
жан-жақты қолдау. әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс
істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы
ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын
дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер
кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске
тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту
мақсатында бірнеше программа жасалады.
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
- Бюджеттен тікелей дотациялау;
- Мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіп орындарда
орналастыру;
- Шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді
қолдану;
- Шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар- ол
университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармадлар
жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – жаңа
кәсіпкерлерге жан –жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі көптеген
кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен , мүмкіндігі жоқ, осындай
кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа , қаржыландыру
көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы
мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
Инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу.
- жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
- жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та
шағын кәсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Сондықтан да
федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестің дамуына
үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.
Жапониялық шағын және орта бизнес. Шағын және орта бизнесті дамыту
жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжерибеге ие болып отыр.
Жапонияға шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі, шағын бизнесті
дамыту арқылы жапония соғыстан қираған әлден жоғары технологиялық дамыған
елге айналады. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес
субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен
салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз
жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға
тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді
шығара бастайды.
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-зы,
көтерме сауданың 60%-зы, бөлшек сауданың 80%-зы тиеді. Еркін нарықты бәсеке
шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай
жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды
жаңртуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек
береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолданудың басты ерекшелігі –
басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе
одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет
шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі.
Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір
министрлік, ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын
қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорынға жеңілдетілген салық
мөлшермесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық
өнімнің 73%-ына ие болып отыр.
Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес. Экономиканы
құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей
Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар
экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылады.
1995 жылы Ресей Федерациясында Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі
жылға дейін табыс салынған төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың
Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға
Федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-
зы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру
жүйесі екі қағидаға негізделген:
- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль
жұмсалуы керек;
- Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асырады.
Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан

аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.
1994-1995 жылдары Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
мемлекеттік программасы жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан
кейін, Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті қолдауды біркелкі жүйесі
жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар мен орталықтар
кіреді.
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық
аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті
бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әртүрлі
жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің
инфрақұрылымын құру жобалары қаржыландырады.
1999 жылдың басына есептегенде Ресей Федерациясында 900 000-нан аса
шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар
саны-7 адамнан тұрды.
Ұлыбританияның шағын бизнестегі тәжерибесі. Ұлыбританияда шағын бизнес
субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен аспайтын,
активтер сомасы 1 миллион фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен
қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік концультациялық
қызметі бастаушы кәіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық
мәселелерді қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу
керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер.
Шағын бизнес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әртүрлі семинарлар
мен курстар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында
кәсіпкер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа
жеткеннен соң ғана төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде
шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция
Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.
Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде
мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатяр. Басты назарда
шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең
динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-
ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және
орта кәсіпорындарда – 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен
бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.
әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі
келтіретіні мәлім. Сондықтанда Франция Үкіметі формальды мәселеледі
қысқартуға көшті. Францияда шағын және орта бизнесті экономика, қаржы,
индустрия министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қысым
бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында
азайды.
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет
бонификациялайды. Бонификация – бұл жеңілдету. Қаржылық механизм арқылы
мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да
қаржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер
беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне
сүйене алады.
Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар
сыртқы факторға аз тәуелді. Осыдан бұл кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға
қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды
қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат
кәсіпорындардың ары қарай дамуын қолдайды.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикмызда атқарылатын іс – шараның әлі
көп екенін байқауға болады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы заң
атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру
үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта
кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет.

2.1 Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды
міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар
эконмомиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың
сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен
қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық
шарттары қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі жағдайлар
бекітілген:
- шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының
саласында, кез келген меншік формасы негізінде құрыла алады.
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;
- ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында: жұмыскерлер саны
100 адамға дейін;
- өндірістік сфераның басқа салаларында: жұмыс істейтіндер
саны 25 адамға дейін;
- бөлшек саудада; жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін;
Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік ұжымдар, біріккен
кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары, мемлекеттік органдар құрады. Шағын
кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға статусына
ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізуде, шығарған өнімге,
міндетті төлемдерді төленгеннен кейінгі қалған пайдаға тәуелсіз иелік
етеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік
проблема, ол халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол
үшін экономиканы тұтынушыға қызмет ету режиміне ауыстыру қажет. әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың
кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл инициатива,
толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюнктурасын бақылау мен
қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін
талдау.
Қазақстан шағын кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын
кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.
Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
-Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
-жеңілдік жағдаймен несиелеу;
-шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық
мөлшерлемесін қолдану;
-шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер
беру;
шағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді
қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;
-шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналасуға көмек
көрсету.
Кәсіпкерлікті қолдаудың, дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан басқа
шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық құрылымдар құрылған.
Ол құрылымдар кәсіпкерлікті қолдаудың терреториялық орталықтары мен
инновациялық орталықтарды жатқызаға болады.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау
көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның Шағын кәсіпкерлікті
дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі
шаралар туралы Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы хұқықтық
және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды
шағын бизнескетарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл
мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде
қарастырып отыр.Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы
жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеска қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы
мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал
көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылу да қанағаттанғысыз. Екінші
деңгейдегі бактердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие
беру тәртібі баяу енгізілуде.
Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік маңызы бар, күрделі іс болып
саналады. Бұл арада халықпен тығыз байланыс жасамай, оның қолдануына
сүйенбей ілгері басу мүмкін емес. Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық
база жасау және оған мемлекеттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен серпін
береді.

2.2
Бөлімде Мемлекеттік статистикалық тіркелім негізінде алынған Қазақстан
Респубпикасының заңды тұлғалары туралы деректер келтіріледі. Заңды тұлғалар
қызметкерлердің тізімдік санына байланысты олардың мөлшерлілігі бойынша
сыныпталады:
шағын (50 адамға дейін);
орташа (51-ден 250 адамға дейін);
ірі (250 адамнан астам)
"Шағын кәсіпкерлік" бөлімшесінде шағын кәсіпорындарды статистикалық
байқаудың негізгі қорытындылары келтірілген. Зерттеу бірыңғай бағдарлама
бойынша жүргізілді және қызметінің негізгі түрі (экономикалық қызмет
түрлерінің қолданыстағы сыныптауышы бойынша):
ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы
балық аулау, балық өсіру
кен өндіру өнеркәсібі
өңдеу өнеркәсібі
электр энергиясың газ бен су өндіру және бөлу
құрылыс
сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке
пайдаланатын заттарды жөндеу
қонақ үйлер мен мейрамханалар
көлік
байланыс
қаржы делдалдығы саласындағы қосалқы қызмет
жылжымайтын мүлікпен операциялар,
жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсету
коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету
бопып табылатын шағын кәсіпорындар (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
дербес заңды тұлғалар) қамтылды.
Шағын кәсіпорындарды есепке алу үшін мынадай ұғымдар қолданылды:
тіркелген заңды тұлғалар - есепті кезең аяғындағы жағдай бойынша ресми
тіркелген заңды тұлғалар (жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін);
жұмыс істейтіндердің тізімдік саны - жалдамалы қызметкерлердің есепті
жылғы орташа саны, жұмысты қоса атқарушыларсыз және келісім-шарт бойынша
жұмыс істейтіндерсіз;
барлық қызметкерлердің саны - тізімдік құрамдағы қызметкерлерді, жұмысты
қоса атқарушыларды, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндерді, ақы
төленбейтін қызметкерлерді (пайда немесе отбасы табысын табу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Кредиттік оқу жүйесі
Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Салық салу ісі - кәсіпорындардың бюджетпен қатынасы ретінде
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
Пәндер