Жайылмалы эндокринді жүйе. Қалқанша безі

Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Марат Оспанов атындағы Батыс ҚазақстанМемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы: Жайылмалы эндокринді жүйе.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Факультеті: Жалпы медицина
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кафедра:Гистология
Курс:2

Орындаған: Жамангулов Ж.Б.
Тобы: 202 Б
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тексерген: Бердалинова А.К.

Ақтөбе 2018 жыл
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоспар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
I.Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
II.Негізгі бөлім
* ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жайылмалы эндокринді жуйеге жалпы сипаттама
* ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме
* ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бездерден бөлінетін гормондарға сипаттама, атқаратын қызметі
* ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жасқа байланысты ерекшеліктері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
III.Қорытынды
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кіріспе
Эндокриндік жүйе -- ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз -- қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Эндокриндік жүйенің қызметі
oo Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
oo Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
oo Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
o өсуді;
o ағзаның дамуын;
o жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
o энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
oo Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
o эмоционалды реакциялардың;
o адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

Негізгі бөлім.
Гормон өндіруші жеке орналасқан жасушалардың жиынтығын дисперсті(диффузды) эндокринді жүйе деп атайды,ал жасушаларды APUD- серияға жатқызады,олардың морфологиялық ,биохимиялық және қызметтік ерекшелігіне байланысты 50 шақты түрі бар.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
АРUD жасушалардың ерекшеліктері:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қан тамырлардың қасында;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Эпителейлік жасушалардың арасында;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Полярлық саралану өнімін микроайналымға байланысты.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер арқылы келген импульстерге тура тәуелді түрде жауап қайтарады;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Гипофиздің алдыңғы бөлігінен келген тропты гормондарға жауап бермейді.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұл жасушаларда ферменттер жоғарғы деңгейде екендігі байқалады және оларда нейроаминдердің, катехоламиндердің басқада биогенді аминдердің болуы байқалады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Апудоциттердің бірнеше түрлерін ажыратады:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Нейроэктодерманың туындылары(гипоталамус пен эпифиздің нейроэндокриноциттері,ОЖЖ мен ШЖЖ пептидергиялық нейрондары);
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Терілік эктодерманың туындылары(Меркель жасушалары,аденогипофиздің APUD- сериялы эндокриноциттер )
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ішек энтодермасының туындылары (гастроэнтеропанкреаттық жүйенің эндокриноциттері)
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мезодерманың туындылары(Лейдиг жасушалары,аналық жыныс безінің фолликуланың текалық эндокриноциттер)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат. секреция -- сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )шемесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо - сыртқы, сыртқа гея-тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон - ішкі + крино - бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады: Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, үйқы (қарын асты) безінің аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы,әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Гипофиз және оның гормондарының бала организмін әсері

Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңгы мимен көрші орналасады жөне рнымен екі жақты көптеген байланысы бар.'Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар.Жаңа туған нөрестенің гипофизінің салмағы 10-15 мг, бірақ 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін оседі де, жас өспірімдерде ересек адамның молшеріндей болады. Ол ересек адамда 50-65 мг, пішіні сопақшалау болады. Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі "түрік ері" сүйегінің есуіне байланысты өзгереді.Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 х 3 мм, 1 жасқа жеткенде 4x5 мм, ал 16-18 жасқа дейін 9 х 11 мм болады. 18 жастан кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада гипофиздің мөлшерін "түрік ерінің" мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен турады: алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі -- базофильді клеткалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады.
.
Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ТТГ) - лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдеуші (ФСГ) жене ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин (МТГ).
СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын жөне ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының өсуіне әсер етіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады. Соңғы зерттеулерге қарағанда СТГ денедегі майды ыдыратып, организм оны энергия ретінде пайдаланады да, глюкоза қантын жүйке жүйесінің қорегі ретінде сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер етеді деген мәліметтер бар.
Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бүл гормондардың медиаторының қызметін МСГ адам терісінің түсін жөнге келтіреді. Оның мөлшері көбейсе, дене терісінде сүттей ақ, ал азайса -қоңыр дақтар пайда болады. Егер ол мүлде түзілмесе, адамның барлық денесінің терісі сүттей аппақ болып, күн шалмайды (күнге күймейді). Бүған қоса, меланотропиндер көздің жарық қабылдағыш аппараттарының қызметін күшейтіп, қараңғылыққа бейімделуге және естің қалыптасуына қатысады.
Тиреотропин (ТТГ)қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.
Адренокортикотропин (АКТГ)бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының горомондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар)жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.
Меланотропин (МТГ)адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында - қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді).
Эпифиз - пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде ұзындығы 3мм ені 2,5 мм қалыңдығы 2 мм. 4 жасқа дейін өсіп көлемі артады да одан әрі клеткалары кішірейіп қарапайымдалады. 8 жастан кейін тығыздалып қызметі тоқтайды. Эпифиз безінің гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:
1. Меланин - теріні түссіздендіреді;
2. Контргиопоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді;
3. Гломерулокортикотропин - бүйрекүсті безінің қызметін тежейді.

Қалқанша безі.Сыңар мүше, аты 1956 жылдан белгілі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7 г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек адамдарда 35-37 г.
Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.

Қалқанша безінің құрамында йод көп болады, тироксиннің құрамында 65% йод болады. Организмге йод жетіспегенде (гипосекрециясында) эндемиялы зоб ауруы пайда болады.
Кальцитонин қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп, ұйқы бұзылып, тез шаршайды, бала жылауық, ашуланшақ болады. Гипосекрецияда - миксидема, шірішті ісік пайда болады. Науқастың тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса кретинизмге шалдығады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.
Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:
1. Туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;
2. Жүре пайда болған. Гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болады.

Қалқан серік бездеріқалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.
Салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде қалақансерік бездері қызғылттау, кейін сарғыш болады, қартайғанда қоңыр болады. Қалқансерік безінде паратгормон деп аталатын гормон өндіріледі.

Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады Гиперсекрециясында - фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға ұшырайды) байқалады.
Бүйрек үсті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалқанды бездер
Жайылмалы эндокринді жүйе
Стресс және гормондар (конспект)
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ересек тұрғындар арасында созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралуы, клиникасы және диагностикасы
СТРЕСС ЖӘНЕ ГОРМОНДАР
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ересек тұрғындар арасындағы созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралуы, клиникасы және диагностикасы
Эндокриндік жүйе
Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Эндокриндік жүйе туралы
Пәндер