Хлорорганикалық қосылыстармен улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
"ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА" кафедрасы


Курстық жұмыс
Пән: Ветеринариялық фармакология және токсикология ІІ
Тақырыбы: Хлорорганикалық қосылыстармен улану.

Орындаған: Өзбек А.Қ. Тексерген: Билялов Е.Е.
Топ студенті: ВМ-503.

Қолы: _______ Қолы:_______
Тапсырған күні: ___ ___ 2018 Күні: ___ ____ 2018
Бағасы:________

Комиссия мүшелері: Қолы:
________
________

Семей қаласы
2018 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
0.1. Хлорорганикалық қосылыстардан уланудың негізгі көзі және оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.2. Токсикодинамикасы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
0.3. Патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
0.4. Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
0.5. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
0.6. Балау және емдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
0.7. Алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІІ. Өзіндік зерттеулер
3.1. Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
0.2. Шаруашылықта малдардың хлорорганикалық қосылыстармен улануы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
0.3. Жануарлардың хлорорганикалық қосылыстармен уланған малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру, патологиялық-анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.4. Ауру тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.5. Анамнез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.6. Жалпы зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3.7. Жүйелерді зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.8. Курация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
0.9. Шаруашылықтағы уланған малдарды емдеу және алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
V. Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
VІ.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
VІІ. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-2 7

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы кезеңінде, әлеуметтік экономикалық реформаны дамытуда ветеринариялық токсикологияның маңызы зор. Ветеринариялық токсикология - улы заттардың қасиетін, олардың ауыл шаруашылығында өндірістік маңыздылығы жоғары жануарлардың, сонымен қатар құстардың, балықтардың, аралардың ағзаларына әсерін, ағзада уға айналу жолдарын, жануарлар ағзасының мүшелерінде, ұлпаларында жиналуын және де сүтпен, жұмыртқамен бөліну жолдарын зерттейтін ғылым.
Ветеринариялық токсикологияның міндеті - уланған жануарларды диагностикалау, емдеу және алдын алу шараларын құрастыру; мал азықтандырылатын жем-шөптегі пестицидтердің максималды рұқсат етілген шекті мөлшерін және азық-түліктегі басқа токсикологиялық заттарды анықтау, сондай-ақ осының негізінде мал шаруашылығы өнімдерінің, жем-шөптің ветеринариялық-санитариялық бағалауын өткізу кіреді.
Елбасымыздың Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік тақырыбындағы жолдауының төртінші тарауында: Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор, -деді [1].
Ауылшаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма - халықты өндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, оның әлеуметтік жағдайының деңгейін ары қарай жоғарылатуды қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына қол жеткізу болып табылады.
Осы тапсырманы атқаруда толағай табыстарға қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы өндірісін мейлінше жеделдету шаралары: өндірісті механикаландыру, химияландыру, оның ішінде дәнді-дақылдардың тез арада өсіп, жетілуін тездететін және өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттарды өндіріске енгізіп, кең көлемде қолданылуы қажет. Осы шараларды ұтымды қолдана отырып, халықты жоғарғы сұрыпты ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуіміз керек. Малдарды құнарлы азықтандырып, олардан сапалы өнім өндіру дәрежесін жоғарылатып, мал шаруашылығының потенциалын көтеруіміз қажет.
Ауыл шаруашылығы саласында хлорорганикалық қосылыстардың маңызды орын алады, себебі олардың зиянды жәндіктерге, кенелерге, патогенді саңырауқұлақтарға қарсы пестицидттік әсері кең уыттылығы жоғары және өте төзімді.
ХОҚ өзінің уыттылық дәрежесіне қарай,өте уытты (хлорлы қоспа,гексахлоран),(дихлорэтан,гекс охлорбутадиен,полихлоркамфен,тиодан ),орташа уытты(ДДҮ,ДДЕ,полтхлорпипен,полихло рбутан)және уыттылығы төмен (эфирсульфонат,тедион,мильбекс,фтол ан,дилор) пестицидтер болып бөлінеді.Бұл препараттар ауыл шаруашылығы малдары ағзасына тыныс алу,ас қорыту жолдары және бүлінбеген тері арқылы енеді.
Хлорорганикалық қосылыстардың жыныс гормондарына уытты әсер ететіндіктен, нәтижесінде ұрғашы малдар бедеулікке ұшырайды. Бұл ХОҚ-тармен уланғаннан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес аурулардан кем түспейді.
Курстық жұмысымның мақсаты - хлорорганикалық қосылыстардан уланған малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер осы курстық жұмыста алға қойылған:
1. Ауылшаруашылығындағы қолданылатын хлорорганикалық қосылыстар түсінігіне шолу жасау.
2. Хлорорганикалық қосылыстардан уланған малдарды тиімді емдеудің шараларын қарастыру.
3. Хлорорганикалық қосылыстармен уланған малдардың патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - Азат шаруа қожалығы.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Хлорорганикалық қосылыстардан уланудың негізгі көзі және оларға сипаттама
Хлорорганикалық қосылыстар. Хлорорганикалық қосылыстар немесе хлорорганикалық пестицидтер (ХОҚ, ХОП) өсімдіктерді жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін кеңінен қолданылады (ДДГ, ГХЦГ, гептахлор, полихлорпинен, полихлоркамфен және т.б.). Көптеген ХОҚ сыртқы ортада баяу ыдырауына байланысты жануарлар ұлпаларында жиналып, тағамдық өнімдердің санитарлық сапасын төмендетеді, сондықтан оларды ауыл шаруашылығына қолдануға тыйым салынады. Сол себептен инсектицидтерімен улануы байқалмайды. Сондай-ақ азықтар мен мал шаруашылық өнімдері (ет, сүт, жұмыртқа) пестицидтер қалдығымен ластануы бірден төмендейді. Бірақ ХОҚ әлі де шет елдерде қолданылады.
Шет елдерде импортталушы азықтар мен жануарлар өнімдерінің олардың қалдықтарымен ластанған жағдайлары тіркелген. ХОҚ қалдықтары, әсіресе ДДТ ішкі су қоймаларында ауланған балықтар мен суда жүзетін жабайы құстардың майларында табылады.
ХОҚ-ның ішінде ет пен ет өнімдерінде, бастысы май ұлпаларында ең жиі байқалатыны ДДТ және ГХЦГ қалдықтары.
Көптеген хлорорганикалық қосылыстар кристалды немесе аморфты заттар,суда нашар,майлы ерітінділер мен липидтерде жақсы ериді.Май ұлпаларында,орталық жүйке жүйесінде және т.б. мүшелерде жинақталып ас қорыту жүйесі және бүйрек,сауын малдың сүті арқылы бөлінеді.
Химиялық құрамына байланысты хлорорганикалық қосылыстар-хлор туындыларының алифатты көмірсутектері (гексохлорбутадиен,немагон,дихлорэт ан),ациклді көмірсутектері(гексохлоран,линдан), хош иісті көмірсутектері(гексохлорбензол,кель тан,тедион),полихлортерпендер(полих лоркамфен,полихлорпинен),полихлорци клодиендер(гептохлор,дилор,алдрин) секілді қосылыстарға жіктеледі.
Хлорорганикалық қосылыстар өзінің әсер еткен нысандарында ұзақ уақыт уытты әсерін сақтайды.
ХОҚ-тардың карбаматтарданнемесе ФОҚ-дан айырмашылығы,олар жыныс гормондарына уытты әсер етеді.Нәтижесінде гормондардың метаболизмі өзгеріп,ұрғашы малдар бедеулікке ұшырайды.Сойылған малдардың етінде,қарастырылып отырған пестицидтер,6 айға дейін бүйректе,9 ай өзінің әсерін жоймайды.
ДДТ (дихлорфенилтрихлорэтан). Ақ кристалды зат. Органикалық еріткіштерде жақсы ериді-гександа, кетонда және т.б. Судағы ерігіштігі 1-2 мгл (0,001 мгл).
Техникалық ДДТ улылығы бойынша үшінші топқа жатады, ЛД50 ақ тышқандарға және егеуқұйрықтарға шамамен 250-300мгкг олардың массасына. Балықтарға улылығы жоғары - ЛК50 құлақты алабұғаға- 0,016 мгл және форельге 0,5 мгл . Аралар үшін уыттылығы орташа немесе төмен, ЛД50 4,6-2000 мгараға.
ДДТ өте ұзақ уақыт топырақта сақталады, азықпен бірге ішке түскен кезде жануарлардың май ұлпаларында жиналады, сүт пен жұмыртқа арқылы бөлінеді. Организмге түскеннен кейін ол ыдырап, улы метаболиттер түзеді ДДД және ДДЭ. Күйістілердің ағзасында ДДД-ға ауысады, бұл мес қарынның микроорганизмдерінің әсерінен болады. ДДД-улылығы төмен қосылыс, зертханалық жануарларға ЛД50-3000мгкг тірідей салмағына. Жануарлар ағзасында тез бұзылады, салыстырмалы тұрақтылығы орташа. Құстарда ДДТ ферменттердің әсерінен ДДЭ ауысады, оның улылығы бастапқы мен салыстырғанда төмендеу (ЛД50-800 мгкг), бірақ тұрақтылау[2].
Өткен жылдары кенелер және жәндіктермен күресу үшін ДДТ кеңінен қолданған кезде, оны жануарлар мен адамдардың тірі ұлпаларының кесінділерінен анықтаған болатын. Алғашқы рет ДДТ адам ағзасында жиналуы туралы D.Hovvell 1948 жылы хабарлаған. Мысалы 1955-1983 жылдары ДДТ тірі ұлпада болуы АҚШ-та шамамен 10,3 тен 13,9мгкг, Канадада - 4,9, ФРГ-2,3 , Францияда-5,2, Англияда-2,2 мгкг. КСРО-да ДДТ адам ағзасында жиналуын В.Е Любутова мен Л.В. Кондратьева 1965 жылы хабарлаған. Олар ДДТ-ны әйелдердің сүтінен алынған 82 сынаманың 20-нан анықтаған (0,03 тен 145 мгл мөлшерде). Операция уақытында алынған адамның бауыр және май сынамаларының жартысынан пестицидтер 0,65-тан 10 мгкг дейін анықталған. Апендицит себебінен операция жасалған 14 жасар қыздың соқыр ішегінде ДДТ 100 мгкг, ал 41 жастағы тұқымдарды өндеумен айналасқан жұмыскердің мойынында 150 мгкг осы препарат қалдықтары анықталған [2].
Осы уақытта ДДТ-ны көбіне жануар мен өсімдік өнімдерінен және азықтардың құрамынан анықтаған. КСРО-да ДДТ-ны анықтаудың алғашқы зерттеулері 1952 жылы жүргізілген. Зерттеушілер деректері бойынша ДДТ-мен өнделген сиыр сүтінде у химикатының мөлшері 1-ден 7 мгл дейін анықталған. ДДТ мен өнделген ірі қара малдың ішкі ағзаларында, етінде және майында инсектицид 30-100 мгкг мөлшерде анықталған. Қаймақта ДДТ мөлшері 40мгл, майында 100 мгкг болған 40% зерттелген сынамаларда 1963 жылы және 43% зерттелген сынамаларда 1964 жылы.
Осы деректер негізінде сауын және сойыс малдарды ДДТ, гексахлоран және басқа да ағзада жиналып, сүт арқылы бөліну қабілеті бар улы химикаттармен өңдеуге тыйым салынды.
Осы уақытта сауын және сойыс малдарын ДДТ препараты, гексахлоранмен, гептахлормен, полихлорпиненмен және басқа да улы химикаттармен өңделген жайылымға жаюға, жануарларды аталған улы химикаттармен өңделген картоп пен қызылшада белгіленген мерзімі бітпей азықтандыруға тыйым салынды. Сондай ақ ДДТ, гексахлоран және басқа тұрақты улы химикаттармен, кумулятивті қасиеті бар заттармен егістік дақылдарын, жүгеріні, ормандарды және басқа да шабындық жерлерді, малшаруашылық ғимараттарының маңын өңдеуге және альдрин мен гептахлор сияқты улы химикаттарды топыраққа себуге тыйым салынады.
1970 жылы ДДТ техникалық гексохлоран өсімдіктердің аурулар мен және зиянкестерімен күресуде қолданылатын химиялық заттардың тізімінен алып тасталды. Бірақ санитарлық тәртіпте КСРО Денсаулық сақтандыру министрлігі бекіткеніне қарамастан, Орталық Азия мемлекеттерінде бұны жиі бұзған.
ДДТ қолдану нәтижесінде химикаттар топырақта, суда, балықтарда жиналған. Сондықтан әлі күнге дейін кейбір аймақтарда ДДТ мен гексохлоран малшаруашылық өнімдерде және сыртқы орта обьектілерінде табылып жүр.
Соңғы 20 жылда көптеген елдер ДДТ-ны кенелер мен жәндіктерге қарсы зат ретінде қолданбайды, сондықтан олардың топырақта, өсімдік және жануар обьектілерінде, азықтарда және тағамдық өнімдердің құрамында кездесуі бірден төмендеді. АҚШ-та 1974-1977 жылы еттен тек ДДЭ-ні 0,001-0,024 мгкг мөлшерде анықтаған (R.D.Johnson, D.D.Mondke, 1977).
Ресейде 1971 жылы сүт сынамаларының 100%-да ХОҚ қалдықтары, әсіресе ДДТ және оның метаболиті ДДЭ мен ДДД орта мөлшері 0,045 мгкг анықталса, кейінгі жылдары сүт пен ет сынамаларынан ДДЭ қалдықтарының анықталған мөлшері 0,05 мгкг аспайды.
Бірақ ДДТ қалдықтарының көп мөлшері суда жүзетін, жабайы, қоныс аударушы құстардың майынан анықталады 0,001-5,489 мгкг құрайды.
Ресейдің ішкі су қоймаларынан ауланған балықтардың еті мен майында ДДТ қалдықтарымен ластануы әсіресе оңтүстік аймақтарында байқалды, Қазақстанда соңғы жылдары балықтардың ДДТ қалдықтарымен ластануы белгіленген жоқ.
ДДТ-ны анықтау үшін ЖҚХ жұқа қабатты хроматография және ГСХ газды-сұйықтық негізіндегі әдістер қолдаңылады. Бірақ пестицидтің байқалу деңгейі өте төмен болғандықтан ЖҚХ қолдану тиімдірек, ол пестицидтердің мөлшерін 0,001-0,005 мгкг анықтауға мүмкіндік туғызады.
Біздің елімізде ДДТ метаболиттерінің соммасы бойынша МЖД үлкен мөлшерді құрайды; азықтарда 0,05 мгкг, етте 0,1, сүтте 0,05 мгкг . Тағамдық өнімдерде анықталған ДДТ қалдықтарының мөлшері МЖД бес әсер көрсеткішінен аспаса, онда оларды терісі бағалы аңдарға азық ретінде қолдануға болады.
Қазіргі кезде ДДТ қолданылмағандықтан токсикологиялық қауіп тудырмайды, бірақ тағамдық өнімдер мен мал өнімдерін, сүт, ет, жұмыртқаны ластау мүмкіндігіне байланысты белгілі маңызы бар.
ГХЦГ (гексахлорциклогексан, гексохлоран, линдан). Техникалық ГХЦГ сегіз изомерлердің қосылысынан тұрады. Соның ішінде инсектоакарицидтік әсерінен тек қана гамма-изомер ГХЦГ(линдан) көрсетеді. Техникалық ГХЦГ-ақ немесе крем түсті кристалды зат, зең иісі бар. Кейінгі жылдары жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылып жүрген гамма-изомер ароматты және тұрақсыз ерітінділерде, жақсы ериді. Суда ерігіштігі 10 мгл құрайды.
ГХЦГ гамма-изомерін ұзақ уақыт бойы қойлардың псороптозын емдеуге және алдын алуда қолданылып келді. Малдарды 0,03%-дық концентрациядағы препараттың судағы эмульсиясы бар тоғыту ванналарында өңдейді. Қазіргі кезде ГХЦГ гамма-изомері негіздегі препараттарды мал шаруашылығында қолдануға тыйым салды.
Гамма-изомер ГХЦГ уыттылығы бойынша екінші топқа жатады (уыттылығы жоғары) пестицидтер, ЛД50 ақ егеуқұйрықтарға 125 мгкг. ГХЦГ ның басқа изомерлерінің уыттылығы төмендеу: ЛД50 альфа изомерінде 500 мгкг, бета-изомерінде 6000, дельта-изомерінде 1000 мгкг. Линдан (ГХЦГ гамма изомері) балықтар мен араларға уыттылығы жоғары: ЛД50 алабұғаға 0,077 мгл, қара балыққа- 0,152 мгл; ЛД50 араларға тікелей әсер еткенде араға 0,28 мгл.
Ағзаға азықпен немесе жануарларды өңдегеннен түскен кезде бұл препараттар, басқа да ХОС сияқты, негізінен жайлы ұлпаларда жиналады. Бірақ бұның персистенттілігі ДДТ-дан төмендеу.
H.V.Claborn et al. (1960) деректері бойынша ірі қара малға күнделікті азықпен 16 күн бойы ДДТ 25 мгкг және линданды (сурет-1. Қосымшаларда) 100 мгкг мөлшерде беріп отырса, олардың қалдықтары майда 40-50 мгкг құраған. Сөйтіп ДДТ мөлшері майда азықтағы мөлшерінен 1,6 есе ұлғайса, линданды енгізгеннен 2 есе төмендеді.
Қазіргі кезде ГХЦГ ның ешқандай токсикологиялық маңызы жоқ, өйткені елімізде ол өндірілмейді және қолданылмайды. Бірақ тағам өнімдерін ластаушы ретінде санитарлық-гигиеналық қауіптілігі бар.
Қазіргі де "Браво" деген препарат (Сурет-2. Қосымшаларда) қолданылады, фунгицидтік әсерін зығыр тұқымын өңдеу үшін және вегетация кезеңінде картоп, бидай, қияр, ашық грунттағы қияр, пияз бен қызамықты фитофтороз, пероноспороз, септориоз, дақтану мен қоңыр дақтан қорғау мақсатында себуге арналған.
Браво (хлороталенил)- суспензия, концентрат, иіссіз, суда нашар ериді (0,6Г100мл), органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Уыттылығы аз, ЛД50 егеуқұйрықтарға- 5140, тышқандарға -3000 мгкг. Теріні тітіркендіреді, кумуляциялық қасиеті әлсіз білінген Ккум5. Күту мерзімі 20 күн.
2.2. Токсикодинамикасы
Рұқсат етілген қолданудағы ХОҚ мен жануарлардың улануы мүмкін емес. И.В.Сидоров деректері бойынша, үй жануарларының барлық түрлеріне ХОҚ-дың патогенетикалық әсерін меңгере отырып ол анықтаған бұл топтың кейбір қосылыстары теріге және кілегей қабықтарға жергілікті тітіркену әсерін білдіреді.
Бұлар бастысы тері асты және ішкі майларға және де орталық нерв жүйесіне, бауырға, бүйрекке, ішкі секреция бездерінде жиналады. Жануарлардың ағзасына қайталап түсетін болса, созылмалы улануы мүмкін. Орталық және перифериялық нерв жүйесінің синапсында медиаторлардың түзілуін үдейтеді, нәтижесінде тыныс алу орталығы әлсіреп және қалтырау пайда болады.
Бауырға ХОҚ гепатоциттердің жасушалық биомембранасы арқылы еніп, ағзаның ақзат түзушілік, антитоксикалық және басқа да қызметтерін бұзады. Кейбір тұрақты ХОҚ (ДДТ және т.б.) қышқылды фосфорилдену үрдісін және моноаминооксидаза ферментінің қызметін бұзады.
ХОҚ дихлорилденген кезде бөлініп шығатын бос радикалдар гепатоцит мембранасындағы майлардың қышқылдануын күшейтеді, бұл қан тамырларының өткізгіштігін арттырады, бауыр мен орталық нерв жүйесі ұлпаларының дистрофиясын тудырады, альбуминдер синтезін төмендетеді. Цитохромоксидаза ферменті тежеліп, аноксемия мен гипоксия қалыптасады. Стероидті гормондардың гидрооксилдену салдарынан өндіргіштік төмендеп, эмбриотоксикалық және тератогендік әсерлер пайда болуы мүмкін.
Көптеген ХОҚ ақуызбен, әсіресе липопротеидтермен, гликопротеидтермен және альбуминдермен кешен түзіп, қалыпты антиоксиданттар деңгейін төмендетеді, тиол ферменттерінің белсенділігін төмендетіп және жасуша биомембранасының өткізгіштігін бұзады.
2.3. Патогенезі
Хлорорганикалық қосылыстар теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. Тері асты және ішкі майларда, орталық жүйке жүйесінде, бүйректе, бауырда, бездерде жинақталып, кумулятивті әсер етеді. ХОҚ-мен қайталап жанасу созылмалы улануға әкеп соқтырады.
ХОҚ-тар негізінен орталық жүйке жүйесіне, бауырға уытты әсер етіп, миды тітіркендіреді, жүйке ұштарындағы медиаторларда жинақталып, орталық және шеттік жүйке жүйесі қызметін бұзады. Осының нәтижесінде, жүйке жүйесімен мүшелер арасындағы байланыс бұзылып, әртүрлі дірілдер, тыныс алу жүйесін, жүректің, ішкі мүшелердің жұмыс істеу қабілетінің нашарлағаны байқалады. Бауырға енген ХОҚ, мығым орналасып, оның белок түзу және уға қарсы (антитоксиндік) функциясын зақымдайды.
Хлорорганикалық қосылыстардың метаболиттерінің мал ағзасын уландыруда маңызы зор. Мысалы, дихлорэтан қан арқылы тарап, орталық жүйке жүйесінде, бауырда, бүйрек үсті безінде, іш майларында жинақталып, бауырда хлорсызданады (дехлорлану). Нәтижесінде оның өте уытты метаболиттері хлорэтанол және монохлорлы сірке қышқылы түзіледі. ХОҚ орталық жүйке жүйесіне наркотикалық әсер етіп, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесін зақымдайды. Олар қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, организмнің сусыздануына, бауыр торшаларының дистрофиясына, ақзат синтезінің төмендеуіне әкеп соқтыратын гепатоцид мембранасындағы және эндотелий торшаларындағы липидтердің қайталап тотығуын үдетеді [2].
Белоктармен, соның ішінде, микопротеидтер, пикопротеид және альбуминдермен кешенді әрекеттесіп тиол ферменттерінің белсенділігін төмендету, торшаның биомембранасының өткізгіштік қасиетін бұзу- ХОҚ-ға тән көрініс.
2.4. Клиникалық белгілері
Ағзаға түскен удың мөлшеріне, жанасу ұзақтығына байланысты жіті және созылмалы түрде өтеді.
ХОҚ мен жіті улану сирек кездеседі. Жіті түрінде ағза жалпы қозады, алғаш рефлекторлы сезімталдық жоғарылап,кейіннен керісінше төмендейді. Тыныс алу жиілеп, сілекей ағады, мойнының, дененің және аяқтардың бұлшық еттері тартылып, қозғалыс координациясы бұзылып, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Күйісті малдарда ентігу, мес қарынның кебуі (тимпания) байқалады. Мұндай жануарлар жатып қалады, кейде жүзу сияқты қимылдар көрінеді.
Қандағы ацетилхолин мөлшері 80%-ға дейін көтеріліп, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігі 35%-ға дейін төмендейді. Әртүрлі дірілдер қалыптасып, ауа жетіспей, нәтижесінде тыныс алу тоқтайды.
Бұзаулар гексахлоранмен (5-10мгкг салмағына) уланғанда (12) - 1сағат соң мөңірейді, ыңырсып, мазасызданады, бұлшық еттері дірілдейді, саливация, тимпания, шайқалу, арқасын құрыстыру, қалтырау байқалады. Бұл симптомдардан кейін олар өледі.
Кельтонмен жіті және созылмалы түрде уланған тауықтардың қанында гемоглобин мен эритроцит мөлшері көбейіп, бауырдың ақзат түзу функциясы бұзылады. Жүректің биоэлектрлік белсенділігі өзгереді.
ХОҚ мен созылмалы түрде уланғанда жануарлар жалпы күйзеледі, жиі зәр мен нәжіс шығарады, тәбеті төмендейді, бұлшық ет тонусы әлсірейді, біртіндеп дене массасы мен рефлекторлық сезімталдығы төмендейді. Уланудың ауыр түрінде атаксия, салданулар байқалады. Кейде клоникалық-тетаниялық қалтыраулар байқалады. Бұл жағдайда ДДТ мен гексахлоран етте және ішкі ағзаларда бір жылға дейін сақталады [3].

2.5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Жіті уланған кезде асқазан-ішек жолының кілегей қабығы катаральді қабынған, паренхиматозды ағзалары қанға толы. Трахея мен бронхылары көбікті сұйыққа толы, өкпе ұлпасы ісінген, тыныс алу ағзаларының кілегей қабаттарында нүктелі қанталаулар байқалады. Қанталаулар эпикард пен перикард астында болады, бауыр, бүйрек, тері асты шеліне және басқа да ағзаларға қанталайды, мес қарын газға толады.
Созылмалы уланғанда құрсақ қуысы ағзалары мен өкпеде дистрофия мен қан іркілулер тән. Бауыр қанға толы, ұлғайған, боялуы біркелкі емес, майлы дистрофияланған. Бүйректері қанға толы, талағы ұлғайған. Ұлпалар мен ағзалардың кілегей және сір қабаттары ісінген, ми ұлпасы ісінген [4].

2.6. Балау және емдеу
Балау. Анамнездік деректер, клиникалық белгілер, сою және химиялық-токсикологиялық талдау нәтижелеріне сүйене отырып баланады. Балаудың зертханалық әдісінде, ХОҚ-дың өте көп жиналатын деполық мүшелері - тері асты және іш майларын, бауыр, бүйректі ми мен жұлынды патологиялық-анатомиялык тексеру үлкен нәтиже береді.
Емдеу. Хлорорганикалық қосылыстардың қанға өтуін тежеп, қарынды уытты заттардан босату қажет. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХОҚ уланған кезде патоморфологиялық өзгерістер
Хлорорганикалық қосылыстар
Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Мыс қосылыстарымен улану
Пестицидтердің улылығы
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Нефроздар
Пестицидтер жайлы
Улануды клиникалық балау
Фосфорорганикалық қосылыстардан улану
Пәндер