Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері.Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция.

Факультет: Жалпы Медицина
Кафедра: Жеке физиология
Дисциплина: Морфология және физиология негіздері
Орындалу реті: Мәнжазба
Курс: 2


Орындаған: Жамангулов Ж.Т.
Тобы: 202 Б
Тексерген:Батырова Т.Ж.

Ақтөбе 2018
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жүрек автоматизациясы;
2.2. Жүректі өткізгіш жүйесі;
2.3. Балардағы ерекшеліктері
2.4. Перифериялық канайналым реттелiсi
г) Жергілікті механизмдер
д) Жүйкелік реттелу
с) Гуморальды реттелу
е) Тәждік, Өкпелік, Милық қанайналым
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Бағалау критериясы

Кіріспе
Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымның үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі-жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қантамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, қан дене тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды да, көптеген патологиялық бұзылыстарды шақырады.
Жүрек - қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300г) жұмыр ағза. Жүрек екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, ұзын білігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралыққа сәйкес келеді. Жүрек 2 жүрекшеден және 2 қарыншадан тұрады. Жүрекше мен қарынша арасында атриовентрикулярлық қақпақшасы болады. Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Ішкісі - эндокард, ортаңғысы - миокард, сыртқысы - эпикард.
Микроциркуляторлық арна жүрек-қантамыр жүйесінде орталық болып табылады.Ол қанның негізгі функциясы - транскапиллярлы алмасумен қамтамасыз етеді. Микроциркуляторлық звено ұсақ артериялардан, артериолалардан, капиллярлардан, венуллалардан, ұсақ веналардан тұрады.. Транскапиллярлы алмасу капиллярларда жүреді. Оның жүруі екі жақты өткізгіш қасиетіне ие , капиллярлардың ерекше құрылысына байланысты. Капиллялардың өткізгіштігі- бұл белсенді процесс, ол организм жасушаларының қалыпты тіршілігін оптималды ортамен қамтамасыз етеді. Қан микроциркуляторлық арнадан венаға түседі. Веналарда қысым төмен болады:ұсақтарында 10-15 мм.с.б.б. , ірілерінде 0 мм.с.б.б. дейін. Қанның венамен жүріп отыруы мына факторлармен қамтамасыз етеді: жүрек жұмысы, венаның клапанды аппараты, қаңқа еттерінің жиырылуы, кеуде клеткасының сіңірілуі.

2.1. Жүрек автоматизациясы
Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу-жүрек етінің негізгі қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшелігі - оның автоматиялық қасиеті.
Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып, физиологиялық ерітіндіге салып қойса, жүрек өздінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өздінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне байланысты болады.
Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет бар екенін 1895 жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алынған жүректің өз тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды.
1902 жылы дәрігер А.А.Кулябко өкпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін пайдаланды, соның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек қайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық қасиет тән екені дәлелденді.
Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік тория бар. Миогендік теория бойынша қозу жүректің ауытқыған (атипті) ет тіндерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет тіндерінің қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әректінен туады.
Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетеді. Солардың бірі - Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады, ал миоциттер бұзылмайды. Жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты.

2.2. Жүректі өткізгіш жүйесі
Миокардта ет талшықтарының екі түрі болады: жүрек етінің негізін құрайтын миоциттер - жүректің өзіне ғана тән арнайы тін, және жүректің өткізгіш жүйесін құратын миоциттер - арнайы емес белсенді тип. Алғашқы аталған миоциттер жиырылуға бейімделген, ал екінші аталған миоциттер ешқандай әсер етпесе де өздігінен қозуға және қозу үрдісін өздері арқылы өткізуге бейімделген. Бейарнамалы миоциттер саркоплазмаға бай, олардың миофибрилдері аз, бірақ өте қозғыш, ет тінің эмбриондық жасушаларына ұқсас.

Жүректің өткізгіш жүйесі осы миоциттерден тұрады. Олар топталып түйіндер құрайды. Жүректің өткізгіш жүйесі екі түйіннен тұрады. Солардың бірі оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс венасы мен оң құлақша аралығында орналасқан синоатриалдық Кис-Флек түйіні, екіншісі-оң жүрекшке мен оң қарынша аралығында, жүрекшеаралық пердеге жақын орналасқан атриовентрикулярлық Ашофф-Тавар түйіні. Осы екі түйінді бір-бірімен және синоатриалдық түінді сол жүркешемен жалғастыратын жіпшелер - Бахман талшықтары.
Атривентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қаранша аралық пердеге қарай жақындаған жерде Гис шоғыры басталады. Гис шоғыры қарынша аралық перденің жоғарғы жағында орналасады. Одан екі-оң және сол аяқшалар шығады. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы еттерге, оның ішінде емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады да, жеке Пуркинье талшықтарына айналады. Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып жеке Пуркинье талшықтарымен бітеді. Бұл заң бойынша атривентрикулярлық түйін автоматясы синоатриялдық түйін автоматиясынан төмен, Гис шоғырының автоматиясы бұдан да төмен, Гис аяқшаларының автоматиясы Гис шоғырының автоматиясынан төмен, ал Пуркинье талшықтарының автоматиясы бұдан да төмен. Бұлардың автоматиялық дәрежесі өздігінен туатын қозу санына байланысты болады. Жүректің өткізгіш жүйесі құрамындағы бөліктердің қайсысына болмасын өздігінен қозатын автоматиялық қасиеті тән болады. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық градиент болады. 1883 ағылшын ғалымы В.Гаскелл жүректің өткізгіш жүйесіндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын олардың автоматиялық қасиеті дәрежесі төмендейді деген тұжырымға келді (автоиатия градиенті заңы).
Демек, синоатриялдық түйінде өздігінен туатын қозу саны өте төмен. бұл сан жүрексоғуының жиілігіне сәйкес келеді. Демек, жүрек соғуы осы түйінде туатын қозуға байланысты. Әдетте өткізгіш жүйенің синоатриялдық түіннен басқа бөлімдері өздігінен қозбайды, синоатриялдық түйін олардың автоматиялық қасиетін басып, өздігінен қозуына жол бермейді. Сондықтан бұлар тек синоатриалдық түйіннен шыққан қозуды өткізеді.
Синоатриялдық түйіннің автоматиялық қасеті әр түлікте әртүрлі, мәселен, пілдің жүрегі минутына - 25 рет, адам жүрегі - 70-72 , қоян жүрегі - 150, торғай жүрегі - 600 рет соғады. Жүрек соғуы зат алмасу деңгейіне, қарқынына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, торғайда зат алмасу деңгейі өте жоғары, сондықтан да оның жүрегі өте жиі соғады. Демек, синоатриялдық түйінде туған қозудың саны-зат алмасу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі.

2.3. Балардағы ерекшеліктері
Перифериялық канайналым реттелiсi
Эмбрион жүрегінде бірінші қозу синоатриялдық түйінде пайда болады: қозған жер өзіне ғана тән ырғақпен жиырыла ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүректің өткізгіш жүйесінің маңызы
Веналық капиллярлар
«Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция»
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Микроциркуляцияның патофизиологиясы
Үсік - температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдром
Пәндер