Жұмыссыздық мәселесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... .
1.1. Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жұмыссыздық мәні және себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Жұмыссыздық тың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК .ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ
2.1 Мемлекеттік саясат және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Еңбек нарығы және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. Өтпелі экономикалы барлық мемлекеттер сияқты, біздің елімізде де халықты жұмыспен қамту саласында белгілі бір қиындықтарға кездесті. Оның ішінде әсіресе, жастардың арасындағы жұмыссыздық ерекше алаңдатады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 21 жасқа дейінгі жастарды, 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоса, нысаналы топтарға жататын адамдардың тізбесі белгіленді, жұмысқа орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде, оларға жұмыспен қамтуда жәрдем көрсетіледі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жастар елдің болашағы, жастар қоғамның қозғаушы күші дей келе, зор сенім артады. Бүгінгі таңда Жұмысыздарға мемлекет тарапынан көңіл бөлінбей жатыр деп айтуға болмас. Дегенмен тұрғындардың түгелі дерлік жұмыспен толық қамтылған деп айта алмаймыз. Себебі жұмыссыздық мәселесі бұрынғы және қазіргі тарихта да өзекті мәселелердің бірі. Жұмыссыз деп жұмыс істегісі келетін және жұмысқа қабілеті бар, бірақ, мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған адамды айтамыз. АҚШ-та жұмыссыз деп соңғы бір аптада жұмыс істемеген, бірақ соңғы бір айда жұмыс іздеген адамды айтады. ТМД елдерінде жұмыссыз деп еңбек жасындағы, кәсіпкерлікпен
. Апиев Қ. Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері //Экономика негіздері, 2007, №1, 26 б
2. Дорин В. Экономическая социология.-Алматы.: Экономика, 2003
3. Айдарханова А Основы экономической теории.- Астана.: Фолиант, 2009
4.Әбішев Ә.Ә Макроэкономика.-Алматы.: Экономика, 2008-368
5. Шеденов Ө.К Жалпы экономикалық теория.- Ақтөбе, Полиграфия, 2004
6. Экономическая теория (Политэкономия)/ под ред. Г.П.Журавлевой.- М.: ИНФРА, 2002
7. Жолдасова Г. Экономика негіздері.-Астана.: Фолиант, 2008
8. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: Принципы, проблемы политики. Т.2 – М.: Республика, 2008
9. Мамыров Н.Қ Микроэкономика.-Алматы.: Экономика, 2004
10. Жұманазар С.А. Экономикалық теория.-Өскемен, 2004
11. Борисов А.В. Экономическая теория.-М.: ОМЕГА, 2006
12. Фомин Г.Н. Основы экономической теории.-М.: Русская деловая литература, 1999
13. Шаденов О.К. Общая экономическая теория.-Актобе, Полиграфия, 2004
14. Сергеев. Д.М. Экономика предприятия-Сергеев Д.М..-М.: Экономика, 2005
15. Носова С.С. Экономическая теория/ Носова С.С.-М.. Экономика, 2000

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... .
1.1. Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жұмыссыздық мәні және себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Жұмыссыздық тың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ
2.1 Мемлекеттік саясат және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Еңбек нарығы және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. Өтпелі экономикалы барлық мемлекеттер сияқты, біздің елімізде де халықты жұмыспен қамту саласында белгілі бір қиындықтарға кездесті. Оның ішінде әсіресе, жастардың арасындағы жұмыссыздық ерекше алаңдатады. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 21 жасқа дейінгі жастарды, 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоса, нысаналы топтарға жататын адамдардың тізбесі белгіленді, жұмысқа орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде, оларға жұмыспен қамтуда жәрдем көрсетіледі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жастар елдің болашағы, жастар қоғамның қозғаушы күші дей келе, зор сенім артады. Бүгінгі таңда Жұмысыздарға мемлекет тарапынан көңіл бөлінбей жатыр деп айтуға болмас. Дегенмен тұрғындардың түгелі дерлік жұмыспен толық қамтылған деп айта алмаймыз. Себебі жұмыссыздық мәселесі бұрынғы және қазіргі тарихта да өзекті мәселелердің бірі. Жұмыссыз деп жұмыс істегісі келетін және жұмысқа қабілеті бар, бірақ, мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған адамды айтамыз. АҚШ-та жұмыссыз деп соңғы бір аптада жұмыс істемеген, бірақ соңғы бір айда жұмыс іздеген адамды айтады. ТМД елдерінде жұмыссыз деп еңбек жасындағы, кәсіпкерлікпен айцналыспайтын, күндізгі оқу бөлімдерінде оқымайтын немесе әскер қатарында емес және мемлекеттік жұмыспен қамту мекемелерінде тіркелмеген адамдарды айтады. Жұмыссыздық барлық елдерде бар және бола береді. Әсіресе, нарықтық экономикаға ауысу кезеңінде жұмыссыздық өте жоғары деңгейде дамиды, экономикалық дағдарыс кезінде өте көп болады. Бүгінгі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында да жұмыссыздықты болдырмаудың алдын алу шаралары Қазақстанда қолға алынып жатыр. Жұмыссыздық мәселесінің қоғамдағы көкейтестігіне сүйене отырып, біз зерттеуіміздің тақырыбын Жұмыссыздық мәселесі деп алып, мақсатын, нысанын, міндеттерін, пәнін және әдісін төмендегідей анықтадық.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында орын алған жұмыссыздық мәселесін қарастыру;
Зерттеу нысаны: жұмысыздықты мәселесі.
Зерттеу пәні: жұмыссыздық:
Зерттеу міндеттері:
oo Қазақстан Республикасы Статистикалық Агентігі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметтері негізінде қоғамда орын алған жұмыссыздық мәселесін талдау.
oo Жұмыссыздық мәселесінің теориялық негізін талдау;
oo Жұмыссыздық түсінігі мен мәні, себептерін анықтау;
oo Жұмыссыздық түрлерін және оны шешу жолдарын анықтау.
oo Жұмыссыздық және мемлекеттік саясатты қарастыру.
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты нарыұтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы - жұмысыздық жалақы - деңгейінің жоғарлауымен туындайтынын айтады, яғғи ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - монетаристер - осы көзқарасты құптайды. К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қлорлануымен, екінші, - техника прогрессімен болатындығын айтады. Енді осы теориялардың мәніне тоқталатын болсақ. Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас роберт Мальтус (1766-1834 жж.) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогресиямен өседі. Яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі, ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны - 1,2,4,8,16,32 және т.б, ал өмір сүру жабдығы - 1,2,3,4,5 және т.б. ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады. Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус ХҮ!!- ғасырда АҚШ-та халық саныынң өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде АҚШ-та тұрғандарсаны тек табиғи қсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенін ескермейді. Қаөіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғында қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым кітабында былай жазған: қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісінде мұнан ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді. Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымның жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған жөн. Батыс мектебінің өкілдері ХХ-ші ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты - жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан Жұмыссыздық теориясы кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті. Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесінреттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс 1914ж) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейіріек ал Филлипс қисығы деп аталды. К.Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процесінде, яғни қосымша құнның капиталға айналуында, (қосымша ғимаратар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу) капиталдың техникалық және құндық құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша құнның еңбек құрал саймандарын көбірек алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарынан жұмыс күшінің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады. Соынң арқасында өнеркәсіпте резервтік еңбек армиясы пайда болады. Осы жұмыссыздар армиясы ... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды К.Маркс, құрал-жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды. Егер капиталға материалдық - заттық түрінің көзқарасымен қарасақ, онда өнідіріс құрал-жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін жұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық құрылымы деп аталады. Мысалы: 100 станок: 100 жұмысшы немесе 100 станок
100 жұмысшы.
Капитал тек қана материалдық - заттық түрге ие болып қалмай. сондай-ақ құндық түргеде ие болады. Осы тұрғыдан мынандац тепе-теңдікті құрамыз.: 100 - 800 с
100 жұмысшы - 200 v немесе 100с 800 с
100 ж 200v
Капиталдың 8000с: 200 v қатынасы құндық құрылымы деп аталады. Капиталдың техникалық құрылымы деп аталады. Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық құрылымының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы - бұл капиталдың техникалық құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды. Өндірістің манифактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалық құрылымы 9с: 1 v бастап 13 с: 1v дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс күшіне сұранымды салыстырмалы адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің қолдану саласын таба алмайды. Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервті өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын құрайды. [6, 90 б] Жұмыссыздық жұмыс істейтіндер үшін, әсіресе жұмыссыздар үшін үлкен әлеуметтік апаттармен байланысты. Жұмыссыздық жайлаған жерде өз-өзіне қол жұмсау көбейіп, қылмыс өршіді, сонымен бірге адамдар жүрек және жүйке сырқатына шалдығады және т.б.. Бұл жұмыссыздықтың әлеуметтік шығыны. Жұмыссыздық экономикалық шығынына ЖІӨ - нің нақты деңгейінің әлеуетті деңгейден артта қалуы жатады. Егер экономика жұмыс істегісі келетіндердің бәрін жұмыс орнымен жеткілікті қамтамасыз ете алмайтын жағдайда болса. Онда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өндірісі біржола құриды. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ-нің өз әлеуетті деңгейінен артта қалуының арасындағы байланысты А. Оукен статистикалық материалдар негізінде қадағалады. Аталмыш тәуелділік Оукен заңы деген атауға ие болды: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда жалпы өнім мөлшерінің артта қалуы 2,5 %- ды құрамақ. Кейін анықталғандай, циклдік жұмыссыздық өзгерісіне өатысты Оукен коэффициенті әр елде әр түрлі, алайда әрдайым бірліктен көп. Басқаша айтқанда, жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен 1% жоғары болудан келетін экономикалық шығын әрдайым 1 %-дан көп. [4, 62]
1.2 Жұмысыздықтың мәні және себептері
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыс кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. Жұмысы жоқ, алайда оны іздестіріп жүрген жан жұмыссыз адам деп аталады. Ең алдымен жұмыссыз адам ұғымы еңбекке жарамды халыққа қатысты айтылады. Бұл адамның еңбек ету жасынан бастап, зейнетақы жасына дейінгі өмірін қамтитын, яғни еңбек етуге жарайтын жасқа толғаннан бастап, жасына қарай зейнетақыға шығумен байланысты ұғым. Экономикалық тұрғыдан белсенді халыұты жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз 15 пен 72 жас аралығындағы тұлғалар құрайды. Осылайша, экономикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыс істеушілер мен жұмыссыздардың жиынтығы ретінде анықталады. Жалданып жұмыс істеп, істеген жұмысына ақы алатын немесе жалданбай-ақ жұмыс істеп, табыс табатын адамдар экономикада жұмыспен қамтылғандарға жатады. Оған, сондай-ақ үй шаруашылығында сату үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірумен айналысатындар да кіреді. Еңбекке жарамды халықтың санынан белсенді асып түседі, өйткені адамдардың барлығы бірдей еңбек ете бермейді немесе еңбек еткісі келмейді. (мысалы, ондай адамдар сырқатына немесе түзету мекемелерінде болуына байланысты еңбек етпейді, сондай-ақ еңбек етпейтіндердің қатарына студенттерді, үй шаруашылығындағы адамдарды, жұмысқа тұрудан күдерін үзгендерді де жатқызамыз).
А - Белсенді халық ;
Б- Жұмыспен қамтылғандар;
В - жұмыссыздар саны. Жұмыс істемейтін, алайда жұмыспен қамту мекемесінде есепке тұрып, жатпай-тұрмай жұмыс іздеуші еңбек жасындағы адам жұмыссыздықтың айқын түрін білдіреді, өйткеніғ олар ресми статистика бойынша тіркеледі. Бұдан бөлек жұмыссыздықтың жасырын түрі де болады. Экономикалық әдебиеттерде олардың қатарына жұмыс іздеп жүрсе де, жұмыспен қамту қызметінде есепке тұрмаған еңбекке жарамды адамдар тобы да кіреді. Жұмыссыздықтың жасырын түріне кәсіпорын кәсіпорын да жұмыс істейді деп ресми саналғанымен, ақысыз мәжбүрлі демалысқа шыққандар, жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын толық істемейтіндер жатады. Ашық әрі жасырын жұмыссыздар жалпы жиынтығында нақты жұмыссыздарды құрайды. Статистика жұмыс істейтін немесе жұмыссыз халықтың абсолюттік мөлшерін ғана емес, сонымен бірге салыстырмалы бөлігінде есептейді. Бірінші жағдайда бұл адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі- пайызбен алғандағы жұмыспен қамтылғандардың жұмыс күші құрамындағы үлесі. Мұнда Е - жұмыспен қамтылғандар саны; L - жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны; е - адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі. Үкімет экономикалық саясатты жүргізу барысында қадағалап отыратын маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздардың жиынтық жұмысшы күші құрамындағы үлесі. Пайызбен алғанда: Мұнда U- жұмыссыздар саны; L- жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны; и - жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздық деңгейі кейде барлығына, кейде ел тұрғындарының ересектеріне қатысты есептеледі.[7, 58]
1.3 Жұмыссыздықтың негізгі түрлері
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта ратқы жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде. т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорцианалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты. [8, 91б] Уақытша жұмыссыздық - уақытша қоныс аударумен, тұрмыстық жағдайлармен және тиісті білім мен біліктілікке сәйкес жұмыс іздеумен, білім деңгейінің көтерілуімен және т.б. байланысты жұмыс іздестіруді немесе жұмысқа тұру уақытын күтуді білдіреді. Дәстүрлі экономиканы қоспағанда, кез келген экономикада жұмыссыздықтың мұндай түрі ұшыраспай қоймайды. Құрылымдық жұмыссыздық - тұтас бір саланың орнын жаңасы басатын аса ірі технологиялық жаңа енгізілімдермен байланысты орын алады. Тиісті біліктілігі жоқ қызметкерлер қажетсіз болып қалады, ал біліктілікті арттыруға уақыт қажет. Құрылымдық жұмыссыздық созылмалы сипатқа ие, әрі көп шығын кетеді. Нарықтық экономикада уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық болмай тұрмайды. Сол себепті, экономистер ресурстардың толық қамтылуына сәйкес келетін құбылыс ретінде уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты қамтитын жұмыссыздықтың табиғи деңгейін анықтайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейіне қол жеткізіледі. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің шамасы баяу өзгереді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне ең алдымен еңбекақының ең төменгі мөлшері туралы заң өз әсерін тигізеді. Ол кәсіпкерлердің әрекетін шектейді және біліктілігі жоқ жұмысшылардың, негізінен жастардың еңбекке құлшынысына ықпалын тигізетіндіктен, жұмыссыздықтың табиғи деңгейін арттырушы фактор болып табылады. Кәсіпкерлер кәсіпорындағы жұмысшы күшін барынша пайдаланып қалуды көздейді. Жұмысшы күші нарығындағы келесі фактор кәсіподақ билігі деп аталады. Кәсіподақтың кәсіпкерлермен еңбекақы деңгейі жөніндегі уағдаластықтың нәтижесінде еңбек мөлшері шектеледі. Бұған ендігі жерде кәсіподақ қызметкерлерінің өздері мүдделі, өйткені одақ кәсіподақ мүшелерінің ерікті түрде өсуіне кедергі келтіреді. Жұмыс іздестіру нәтижесі де жұмыссыздық деңгейіне өз әсерін тигізеді. Барлық жағдайда жұмыс орнын және қызметкерлерді компьютерлік желінің көмегімен іздестіру Жапонияда жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізіп отыр. Ендігісі- ынталандырушы немесе тиімді еңбекақының әсері. Кәсіпкерлерге жұмыссыздық болған күүнің өзінде білікті жұмысшылар үшін ең жоғары еңбекақы белгілеу тиімді деп саналады. Білікті қызметкерлерді жұмыссыздық фактісі (азғантай болса да) бар қажыр-қайратымен жұмыс істеулеріне жетелейді. Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық түрлерінен өзге экономикадағы орташа мерзімді өрлеумен және құлдыраумен байланысты циклдік немесе мәжбүрлі жұмыссыздық бөліп көрсетіледі. Ол экономика құлдыраған кезде орын алады, ал өрлеу кезеңінде қысқарып, табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен болды. Бұл жағдайда ЖІӨ өзінің әлеуетті деңгейінен асып, адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі қосымша жұмысша күшін тарту есебінен (яғни, кейбіреулер әдеттегі жағдайда жұмыс таппай, жұмысы барлар қосымша жұмыспен қамтылады және т.с.с) көп жоғарылауы мүмкін. Нақты жұмыссыздық. Жоғары да сөз болған жұмыссыздықтың барлық аталмыш түрін қамтиды және экономикалық өрлеу кезінде ресурстардың толық қамтылу мәніне жуық ауытқиды. Уақыт талабына сай реформалар жүргізілгеннен кейінгі Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейін төменде келтірілген кестеден білуге болады.
Абсолюттік және салыстырмалы өлшем бойынша Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі
Көрсеткіш
Жылдар
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Жұмыссыздар (мың адам)
925
964
950
906
780
691
672
659
641
625
Жұмыссыздық деңгейі (%)
13
13,1
13,5
12,8
10,4
9,3
8,8
8,4
8,1
7,8
Азаматтарды жұмыспен толық қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясатының басты мақсаттарының бірі болып қала береді. 90-жылдары жүзеге асырылған нарықтық реформа, еңбек нарығындағы нақты сұраныстың ықпалымен халықты жұмыспен қамту Қазақстан республикасының барлық аймақтарындағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу жағдайында және еңбек қатынасында орын алған түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді.
1999 жылы 950 мың адамның жұмысы болмады (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 13,5%-ын құрайды). 2000 жылдан бастап елде жұмыспен қамтылушылар санының тұрақты өсуі және жұмыссыздық деңгейінің төмендегені байқалды. Қоғамда жұмыспен „қайталама„ қамтылу кең етек ала бастады, яғни үйде отырып жұмыс істеу, өзге табыс көздерін іздестіру және құру мүмкіндігі пайда болды. [4, 59 б

2.1 Мемлекеттік саясат және жұмыссыздық
Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама таратады. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді. Керісінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын ұлғайтатын мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады. Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың қаржылық зардаптарын жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді. Жәрдем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz