Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы. Ұйқы безінің көмірсу алмасуындағы ролі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы. Ұйқы безінің көмірсу алмасуындағы ролі.

Факультет: Жалпы Медицина

Кафедра: Қалыпты физиология

Дисциплина: Морфология және физиология негіздері

Орындалу реті: Мәнжазба

Курс: 2

Орындаған : Жамангулов Ж. Т.

Тобы: 202 Б

Тексерген: Батырова Т. Ж.

Ақтөбе 2018

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Өттің қоймасы-өт қапшығы туралы түсінік

2. 2. Өт қапшығының құрылымы мен қанмен қамтамасыз етілуі

2. 3. Өт қабының ас қорыту жүйесіндегі маңызы

2. 4. Жастық ерекшеліктері

2. 5. Өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы

2. 6. Ұйқы безінің көмірсу алмасуындағы ролі

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Бағалау критериясы

Кіріспе

Өт (bіlіs, fel) - адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол асқабылдау мерзіміне сәйкес келеді.

Өт қышқылы тұздарының ас қорытудағы әсері.

Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. - 1, 010 - 1, 015, рН - 7, 4 - 8, 0, ақшыл-сары түсті. Өт қапшығыөтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер, холестерин, майлықышқылдар, аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 - 10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 - 700 мл өт бөледі. Жануарлардың, әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада кеңінен қолданылады.

Ұйқы безі (лат. pancreas - үйқы безі) - сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

2. 1. Өттің қоймасы-өт қапшығы туралы түсінік

Өт қапшығы(vesica fellea) Өт қапшығы сыртқы пішіні алмұрт тәрізді, бауырдың өтқуығы шұңқырында орналасқан өттің қоймасы болып табылады. Өтқуық түбі fundus vesicae fellae, денесі corpus vesicae fellae, мойыны collum vesicae follae, және түтігі, ductus cysticus ажыратылады. Сыйымдылығы 40-70мл, ұзындығы 8-12см, ені30-50мм қабырғасы 1, 5-2мм болып келген қапшық. Қабырғасы үш қабықтан тұрады:

Кілегейлі қабық

Ет қабығы

Адвентициальды қабық

Қапшық құрсақ қуысы жағынан сірі қабығымен жабылған.

2. 2. Өт қапшығының құрылымы мен қанмен қамтамасыз етілуі

Кілегей қабығы:

Көптеген қатпарларды түзейді. Ол жиекті биік призмалық эпителий жасушалары мен қапталған. Эпителийдің астында көп мөлшерде эластикалық талшықтары бар кілегейлі қабықтың меншікті қабаты орналасады. Қап мойыны аймағында кілегей бөлетін бөлетін альвеолярлы - түтікшелі бездер бар, ол кілегей бөледі. Кілегей қабықтың эпителийі суды және кейбір заттарды өт қабындағы өттен сіңіру қабілетіне ие болады.

Ет қабаты:

Айналмалы бағытта тор түрінде орналасқан, бірыңғай салалы ет жасушаларының шоғырларынан тұрады. Қап мойыны аймағында ет жасушаларының айналмалы шоғырлары жақсы жетілген. Олар өт өзегінің ет қабатымен бірігіп, сфинктерді құрайды. Ет жасушаларының шоғырларының арасында әрқашан болбыр дәнекер тінінің айқын жетілген қабаттары болады.

Адвентициальды қабығы:

Өт қабығының соңғы, сыртқы қабаты ішастармен үш жағынан жапқан. Ол тығыз талшықты дәнекер тінінен тұрады. Онда көптеген жуан эластикалық талшықтар тор түзейді.

Өтқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі

Өтқуықты меншікті бауыр артериясының тармағы өтқуық артериясы, a. cystica, қанмен қамтамасыз етеді. Веналық қан аттас веналар арқылы қақпа венасына ағады.

2. 3. Өт қабының ас қорыту жүйесіндегі маңызы

Өт ұйқы безі сөліндегі ферментердің, әсіресе липаза ферментінің әрекетін күшейтеді Өт қышқылдары майды ұсақ бөлшектерге бөледі(эмульсияға айналдырады) Ыдырау барысында пайда болған май қышқылы мен глицерин өт арқылы сіңеді Өт ішек қимылын күшейтеді Өт қышқылдары он екі елі ішек бөліп шығаратын просекретин гормонын секретинге айналдырады Өт. оның ішіндегі қышқылдары қанға сіңіп. бауырда өт түзілуін, өттің он екі елі ішекке құйылуын тездетеді Өттің бактериоцидтік қасиеті бар Өт майда еритін витаминдердің, холестерин мен Са+иондарының қанға сіңуін жеделдетеді

2. 4. Жастық ерекшеліктері

Жаңа туылған баланың денесінің орталық жазықтығы өт қабы-жазықтығымен үшкір бұрыш құрайды, ал ересек аадамдарда ол параллель жатады. Жас ұлғайған сайын бауыр жасушаларында жасушаларды қоңыр түске бояйтын липофуссиннің мөлшері көбейеді. Бөлінетін жасушалардың саны тез азаяды. Бауыр жасушаларының ядролары көлемі жағынан қалыптан тыс ұлғайып, ондағы ДНҚ - ның мөлшері артады және гиперхроматоз байқалады. Қартайған шақта бауыр бөліктерінің арасында дәнекер тінінің өсуі білінеді.
Жасы: Жасы
Ұзындығы, см: Ұзындығы, см
Негізіндегі ені, см: Негізіндегі ені, см
:
Мойынның ені, см: Мойынның ені, см
Көлемі, мл: Көлемі, мл
Жасы: Жаңа туылған
Ұзындығы, см: 3, 4
Негізіндегі ені, см: 1, 08
:
Мойынның ені, см: 0, 68
Көлемі, мл: _”_
Жасы: 1-5ай
Ұзындығы, см: 4, 0
Негізіндегі ені, см: 1, 02
:
Мойынның ені, см: 0, 85
Көлемі, мл: 3, 2
Жасы: 6-12ай
Ұзындығы, см: 5, 05
Негізіндегі ені, см: 1, 38
:
Мойынның ені, см: 1, 0
Көлемі, мл: _”_
Жасы: 1-3Жыл
Ұзындығы, см: 5, 0
Негізіндегі ені, см: 1, 6
:
Мойынның ені, см: 1, 07
Көлемі, мл: 8, 5
Жасы: 4-6Жас
Ұзындығы, см: 6, 9
Негізіндегі ені, см: 1, 79
:
Мойынның ені, см: 1, 11
Көлемі, мл: _”_
Жасы: 7-9Жас
Ұзындығы, см: 7, 4
Негізіндегі ені, см: 1, 9
:
Мойынның ені, см: 1, 3
Көлемі, мл: 33, 6
Жасы: 10-12Жас
Ұзындығы, см: 7, 7
Негізіндегі ені, см: 3, 7
:
Мойынның ені, см: 1, 4
Көлемі, мл: _”_
Жасы: Ересектер
Ұзындығы, см: 7, 7
Негізіндегі ені, см: 3, 7
:
Мойынның ені, см: 1, 4
Көлемі, мл: 1-2Мл 1кг дене салмағына

2. 5. Өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы

Өт шығару жолдары. Оларға бауырішілік және бауырдан тыс өт өзектері жатады. Бауырішілікке бөлікаралық өт өзектері, ал бауырдан тыс бөлігіне оң және сол бауыр өзектері, жалпы бауыр, өт қабы және жалпы өт өзектері жатады. Бөлікаралық өт өзектері, қақпа венасы және бауыр артериясы триада түзейді. Бөлікаралық өзектер қабырғасы -бір қаабатты аласа призмалы, ал үлкен өзектерде-жиекті биік призмалы эпителийден және болбыр дәнекер тінінің жұқа қабатынан тұрады. Бауыр, өт қабының және өт өзектерінің құрылысы шамамен бірдей. Бұлар-қабырғалары үш қабаттан тұрады.
Кілегей қабық бір қабатты биік призмалық эпителийден, меншікті қабаттан тұрады.
Ет қабығы жұқа, араларында көп дәнекер ткань бар, бірыңғай салалы ет шоғырлары шиыршықты орналасады.
Адвентициальды қабық болбыр дәнекер тінінен тұрады

2. 6. Ұйқы безінің көмірсу алмасуындағы ролі

Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кезіесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді. Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйқы безінің гормональды реттелуі
Өттің құрамы мен қасиеттері. Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Клиникалық биохимия пәні
ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz