Ауыр металл тұздарынан улану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
"ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА" кафедрасы


Курстық жұмыс
Пән: Ветеринариялық фармакология және токсикология ІІ
Тақырыбы: Ауыр металл тұздарынан улану.

Орындаған: Өзбек А. Тексерген: Билялов Е.Е.
Топ студенті: ВМ-503.

Қолы: _______ Қолы:_______
Тапсырған күні: ___ ___ 2018 Күні: ___ ____ 2018
Бағасы:________

Комиссия мүшелері: Қолы:
________
________

Семей қаласы
2018 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2.1 Сынап тұздарымен улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2 Қорғасын қосылыстарынан улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.3 Кадмий қосылыстарынан улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.4 Мыс және оның туындылары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.5 Сурьма қосылыстарынан улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.6 Таллий қосылыстарынан улану ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
VІ.Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-2

І.Кіріспе
Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі - ауыр металдар. Ауыр металдар - тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 гсм3 ) артық болатын түсті металдар тобы.Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Олар бүйрек, бауыр, буын сияқты мүшелерде жинақталып, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын, кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жатады. Олар тағам, су, ауа арқылы организмге түскенде ыдырамайды, керісінше, тірі организмдерде жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер етеді. Сондықтан, ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек. Металдардың осы қасиеттеріне және қоршаған ортаның бақылаусыз ластануына байланысты, өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан кейін тірі организмдердің жаппай улануы байқала бастаған. Сыртқы ортаның ауыр металдармен ластану көздері ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің, тыңайтқыштар, қалдық сулардың шөгінділері болып табылады. Қорғасын, кадмий, мышьяк және сынап тағам өнімдерінің дүние жүзілік саудасында тексерілетін компоненттердің қатарына кірген.
Улылығы өте жоғары элементтердің (қорғасын, кадмий, мышьяк және сынап) нормасы өндірістік шикізат пен тағамның нормадан асып кетуі Қазақстан территорияларында кездесіп тұрады. Осы мақсатта біз Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен сатылымға әкелінген ірі қара сүтінің құрамын ауыр металл тұздарына тексердік. Мақалада сүттегі ауыр метал тұздары полярограф аппаратымен (қорғасын, мырыш, мыс) анықталды. Зерттеу көрсеткіштері арқылы, қорытындылай келе зертханаға түскен сүт сынамалары құрамында ауыр метал тұздарының жоқ екендігі анықталды. Негізгі сөздер: сүт, полярограф аппараты, қорғасын, мырыш, мыс.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Сынап тұздарымен улану
Сынап- (Hydraqyrum) Hq- жалғыз ғана сұйық, ауыр металл, ақшыл жылтыр түсті, атомдық салмағы-200,61 г.Сынап қосылыстары ветеринария мен медицинада кеңінен қолданылады. Сынаптың ерігіш қосылыстары ішінде, медицина мен ветеринарияда жиі қолданылатын, ең уыттысы - екі хлорлы сынап(HqCl2) немесе сулема. Ол жағымсыз металл иісті ұнтақ немесе ақ түсті кристалл күйінде болады.Сынаптың кейбір бейорганикалық қосылыстары және тұздары еріткіштерде (су, спирт) әлсіз ериді немесе ерімейді. Бұл қосылыстардың уыттылығы, олардың сулема түзу қасиетіне немесе белсенді Hq ионын түзетін диссоциациялану дәрежесіне байланысты. Сынап қосылыстарына мынадай қосылыстарды жатқызуға болады: Каломель (Hq2Cl2), екі йодты сынап(HqІ2), ақ сынапты преципитат(HqClNH2), сынап тотығы(HqO) және тағы басқалар.
Сынаптың органикалық қосылыстары бейорганикалық қосылыстарына қарағанда едәуір уытты келеді. Бұл топтағы улы химикаттар бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері және техникалық дақылдардың тұқымдарын егу қарсаңында дәрілеу үшін кеңінен қолданылады.Сынаптың органикалық қосылыстарының ішінде ең жиі қолданылатыны - этилмеркурхлорид.
Этилмеркурхлорид - Химиялық құрамы сулемаға ұқсас,суда ерімейтін, органикалық ерітінділерде әлсіз еритін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Сулемаға қарағанда уыттылығы күшті. Тышқандар үшін ЛМ50 - 26,4 мгкг, шошқалар үшін- 45 мгкг. Топырақта 4-5 айға дейін фунгицидтік әсерін сақтайды. Өте аз концентрацияда ауыл шаруашылығында дәндерді дәрілеу үшін қолданылады.Ауыл шаруашылығында этилмеркурхлоридтен басқа гранозан, меркургексан және меркурбензол қолданылады.
Меркурбензол - құрамы 1% сынаптан, 20% гексахлорбензолдан, 76% тальктен және 3% бояғыш заттардан тұратын зат.Меркургексан - құрамында 1% сынап, 20% гексахлорбензол, 20% гексахлоранның гамма-изомері және бояғыш заттары бар кешенді препарат.НИУИФ-2 немесе гранозан - құрамында 2,5% этилмеркурхлорид, 9,6% тальк және 1,5% минерал майы бар, ақ түсті ұнтақ, суда ерімейді, өзіне тән жағымсыз иісі бар. Ол құрғақ күйінде дәнді-дақылдар тұқымдарын дәрілеу үшін пайдаланылады. 1т астық дәрілеу үшін 4 кг гранозан жұмсалады. Дәрілеу егін егер алдында 2 ай бұрын жүргізіледі. Соған қарамастан препараттың уыттылығы ұзақ уақытқа сақталынады.
Токсикодинамикасы. Сынап өте күшті у. Мал ағзасына уытты әсері жоғары және жинақталғыш келеді. Сынап препараттары кілегейлі қабықтардан, гематоэнцефалит кедергілерінен оңай өтіп кетеді. Ауыз арқылы түскен сынап қосылыстары ағзаға альбуминат түрінде сіңіп (гранозан), мида, бауырда, бүйректе жинақталып, уытты әсер етеді. Құрамында сульфгидрильдік топтар болатын ферменттерді оқшаулайды, кальций және көмір алмасуын бұзады, орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметін өгертеді. Сауын малдарда сынаптың органикалық қосылыстары сүтпен бірге бөлініп шығады. Бұл жаңа туған, енесін еміп жүрген төлдердің мүшелері мен ұлпаларында сынаптың жинақталуына себепкер деген сөз.
Клиникалық белгілері. Сынаппен улану (меркурализм) деп аталынады. Ол жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрде көбінесе шошқалар уланады. Ірі қара малда: ауыз арқылы түскенде, ауыздың кілегейлі қабықтары қанталайды, ашық қызыл түсті, майда, дөңгелек түрдегі эрозиялар (күлдіреуіктер) пайда болады. Мал әлсірейді, азыққа тәбеті болмайды, бұлшық еттері дірілдейді, кейде жөтеледі. Нәжісінің түсі, иісі өзгеріп, іші өтеді. Дене қызуы қалыпты деңгейден ауытқымайды. Мал ауыр дем алады, көкірек тұсын басқанда ауырсынады. Несептің түсі күңгірт-қызыл болады. Жіті улануға тән негізгі белгі- сілекейдің көп бөлінуі. Жас мал сынапқа сезімтал келеді. Ағзаға сынап енген соң 2-3 сағаттан кейін мал өледі. Созылмалы түрі 2-3 күнге созылып, ақыры өліммен аяқталады. Ағзаға сіңген сынап, зат алмасу құбылысын бұзады, қан құрамындағы эритроциттердің мөлшері төмендейді, паренхиматозды мүшелерді зақымдайды. Әсіресе, сынап сыртқа бөлініп шығатын немесе жинақталып қалатын мүшелердің (бауыр,бүйрек, көк бауыр) зақымдану дәрежесі жоғары болады. Улану дәрежесіне қарай, сынап препараттары орталық жүйке жүйесін және жүректі салдандырып әсер етеді. Шошқада: жалпы күйзеледі, щөлдей береді, тәбеті төмендейді, бұлшық еттері дірілдейді, кілегейлі қабықтары көгереді. Ұзақ уақыт жатып қалады, сіресулер, салданулар байқалады. Торайлар 5-7 күн өткен соң өледі, ал ересек шошқаларда улану 15-20 күнге созылып, өліммен аяқталады. Жылқы: әлсірейді, сілекей көп бөлінеді, іші өтеді, нәжісіне қан араласады, тыныс алуы қиындайды. Жүрек қызметі нашарлайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Тері және тері асты шелі көгерген, жалпы анемия жағдайында, ішек-қарын кілегей қабығы ісініп кеткен, талаурап қабынған, тоқ ішек қанталап, өліеттенген, қан тамырлары кеңейген, қан қара-қошқыл түсті, нашар ұйиды. Қаңқа бұлшық еттері бозғылт, болбыр, әр жерлерінде қанталаулар бар. Бауыр, бүйрек көлемі ұлғайған, өлі еттенген ошақтар айналасына әк тектес зат жиналған.
Балау. Балау клиникалық белгілеріне және химиялық талдау нәтижелеріне байланысты қойылады. Бірақ, кейбір жағдайларда улану жіті түрде өткен кезде клиникалық белгілер байқалмайды немесе толық көрінбейді. Мұндай жағдайда химиялық талдау жасалынады.
Емі. Қазіргі уақытта сынаппен улануды емдеу үшін ветеринария мен медицина саласында меркаптан туындылары жиі қолданылады. Шет елдерде антидот ретінде БАЛ (британдық антилюзит) қолданылады. Оны 5%-дық ерітінді түрінде, 1 кг салмаққа 2,5-5 мл көлемінде бұлшық етке егеді. ТМД елдерінде бұл препаратқа ұқсас - унитиол қолданылады. Унитиол - ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Ұнтақ түрінде флакондарда (5г), сұйық түрінде ампулаларда (5%-ды 5 мл) және таблетка түрінде (0,25 - 0,5 г) шығарылады. Күре тамырға, бұлшық етке егеді, ішке береді. Күре тамырға 5%-ды глюкоза немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітінділерімен араластырып, баяу жайлап егіледі.
Мөлшері: Мүйізді ірі қара, жылқы үшін - 10 мгкг.
қойларға - 30 мгкг.
Шошқа , ешкі,ит, құстарға - 25 мгкг.
Дикаптол - ампулада шығарылады.
Мөлшері: Бұлшық етке - 4 мгкг.
Натрий тиосульфаты - күре тамырға егіледі, ішке беріледі.
Ішке мөлшері:
Ірі малдарға: 25 - 40г.
қой, шошқаға: 6 - 8 г.
Күре тамырға:
Сиыр, жылқы - 20%-ды
ерітіндісінен 200 мл.
Қой- ешкіге - 10 мл.
Бұдан басқа тері астына кофеин егеді. Антидот болмаған жағдайда қарынды ақзатты сумен жуады, іш өткізгіштер береді.
Сақтандыру, алдын-алу шаралары. Улы химикаттармен дәріленген азыққа және жемге арналған азықтық заттарды пайдалануға үзілді - кесілді тиым салынады. Дәріленген дәнді жуып, тазалағаннан кейін де малға беруге болмайды. Гранозаннан уланып, сауыққан малды (мысалы шошқа) 6 - 8 айдан кейін союға болады, бірақ оның ішкі мүшелері мен етіндегі гранозанның қалдық мөлшеріне міндетті түрде химиялық - токсикологиялық талдау жүргізеді.
2.2.Қорғасын қосылыстарынан улану
Қорғасын (Plumbum), Рb - ауыр металл, атомдық салмағы 207,2г. Табиғатта қорғасын және оның қосылыстары галений минералы және қорғасын алуда қолданылатын күкіртті қорғасын (РbS) немесе қорғасын жылтыры түрінде кеңінен таралған. Қорғасын бу немесе шаң түрінде атмосфераны ластап, жануарларды уландыру көзі болып табылады. Қорғасынды балқытқанда, электр желілеріне қорғасын қап дайындағанда, қорғасын бояуын өндіру өнеркәсіптерінде жұмыс істейтін адамдар арасында да улану байқалады. Қорғасын техника саласында кеңінен қолданылатын, зор маңызы бар металл, жақсы зерттелген өндірістік у. Қорғасын туындылары ішіндегі уыттылығы төмендері- қорғасын металы, сурик, қорғасын ацетаты т.б., уыттылығы ең жоғарғылары белгілі инсектицид - қорғасын арсенаты. Сонымен қатар, қорғасын тотығы, мышьяк қышқылды қорғасын секілді қосылыстары да ағзаны уландыра алады. Дүние жүзінде қолданылатын тағы да бір уытты препараты - тетраэтилқорғасын (ТЭҚ), ағзаға тері арқылы еніп, уланудың жүйкелік белгілерін көрсететін улы зат. Ол жанар май құрамына жанғыш зат қоспасы- антидетанатор ретінде қосылады. Тетраэтилқорғасын - ұшпалы сұйық, өте уытты заттар қатарына жатады, кумулятивті әсер етеді. Органикалық ерітінділерде, липидтерде, майларда жақсы ериді. Патогенезі. Қорғасын препараттарының тұтқыр, антисептикалық, күйдіргіш қасиеттері бар. Ағзаға қорғасын препараттарының ерімеген, ұшпалы препараттары өкпе арқылы, ал ерітінділері ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтары және тері жабындылары арқылы енеді. Тетраэтилқорғасын бүтін молекула ретінде әсер етеді. Қорғасын- эритроциттердің резистенттілігін төмендетеді, торша қабықшасының өткізгіштік қабілетін жоғарлатады, сол себепті ағзадағы су және калий - 80(-ға дейін кемиді. Эритроциттер гемолизденеді. Гемоглобиндердің бүлінуі нәтижесінде билирубиндер жинақталып, ми торшаларындағы фосфорлық тотығуды бұзады. Гемоглобиннің синтезделуі нашарлап, ферменттер жүйесінің аминдік, сульфгидрильдік және карбоксильдік топтары азаяды.Қорғасын - бүйректе, бауырда, сүйекте, өңеште және т.б. мүшелерде жинақталады. Улану жіті және созылмалы түрлерде өтуі мүмкін. Қабыну нәтижесінде бүйрек бүрісіп қалады. ТЭҚ әсерінен тиамин жетімсіздігі, холинэстераза ферментінің белсенділігінің төмендеуі байқалып ағзада ацетилхолин көп мөлшерде жинақталады, кокарбоксилаза ферментінің түзілуі қиындайды. Н.В.Лазаревтың мәліметтері бойынша қорғасынның жалпы 41%-ы сүйекте, 22%-ы бауырда, 11%-ы бүйректе болады. Оның ағзадан шығуы өте баяу жүреді. Қорғасын қосылыстары ағзаға түскеннен кейін, әртүрлі макромолекулалардың, яғни, ферменттермен сульфгидрильдік тобымен химиялық байланысқа түсетін уытты тиол тобына жатады. Сондықтан, қорғасын қосылыстарымен уланудың патогенезі өте күрделі, улану ауыр түрде өтеді. Қорғасын қосылыстарына- ірі қара, ит, қой, құстар өте сезімтал болып келеді. Ал жылқылардың сезімталдығы төмен. Қорғасынның судағы уытты мөлшері-0,2-1 мгл, осыған орай су көздеріндегі оның мөлшері 0,1 мгл аспауы керек.
Клиникалық белгілері. Ірі қара малының жіті улануы кезінде жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Жасырын кезеңі 34-90 күн, малда іш өту, іші кебу, сілекейінің ағуы, шөлдеуі, азыққа тәбетінің болмауы және қандағы жалпы ақзат деңгейінің төмендеуі байқалады. Уланудың жітілу түрінде- жасырын кезеңі ұзаққа созылады, құрсақ қуысының ауырсығаны және тырысу белгілері байқалады, қалтырайды. Ұйқы басады, жалпы әлсіздік, температурасының жоғарылауы, жүрек соғуы жиілейді, тыныс алуы нашарлайды. Созылмалы улану кезінде жасырын кезеңі өте ұзаққа созылуы мүмкін. Малда жалпы әлсіздік сезіледі, арықтайды, буындарының ісуі, ішінің өтуі, кебуі, қатуы, жүрмей қалуы, терлеу секілді белгілерді байқауға болады. Қой мен қозыларда улану жалпы малдың әлсіреуімен, тынышсыздануымен, іші өтуімен, іш тастауымен сипатталады. Жылқыларда - кілегейлі қабықтарының бозаруы, құрсақ қуысының ауырсынуы, ішінің қатуы байқалады. Зәрі қоюланып, температурасы жоғарлайды, тыныс алуы жиілейді, жүрек соғуы жылдамдайды. Ал тауықтардың улануы- арықтауымен, шөлдеуімен, бұлшық еттерінің әлсіреуімен сипатталады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Жіті улану кезінде малдар арықтайды, асқазанының кілегейлі қабығы және ащы ішектің гиперемиясын, ісінуін, нүктелік қанталаулар көруге болады. Бауыр босаңсыған, қабықшасының астында қанұюлар, сарғайған нүктелерді байқауға болады. Тамақ плеврасының, қабықшасының астында, эпикардта нүктелі және жолақты қанталаулар бар, жүрек еті- бозарып кеткен, босаңсыған, піскен ет сияқты. Құстарда- ішекте және асқазанда кілегей қабықтарының қабынуы және өліеттенуі байқалады. Бауыры сарғайып, эпикард астында көптеген қанұйылуларды көруге болады. Жануарлардың жітілеу және созылмалы уланулары кезінде ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуы және асқазан жарасы, түсі сұр және қара өліеттенулер көруге болады.
Балау. Балау үшін анамнездік деректері, сонымен қатар, клиникалық белгілері, патологиялық анатомиялық сою қорытындысы және химиялық-токсикологиялық талдау әдістері ескеріледі. Қорғасыннан уланған кезде-эритроциттердің базофильді түйіршіктенуін ескерген жөн. Балаудың негізі бауырдан- 10 мгкг, бүйректен-25 мгкг жоғары қорғасын қосындыларын табу болып табылады.
Емі. Уланған малдардың тез арада асқазанын таза жылы сумен жуып-шаю керек. Ішке натрий немесе магний сульфатын береміз. Ірі қара малына - 300-400г, ұсақ жануарларға 30-40г. Осы кезде қорғасын қосылыстары ерімейтін тұздарға айналып, ағзадан ішек арқылы шығып кетеді. Парентальды түрде егу үшін унитиол және тетацин- кальцийді 10-30 мгкг, ішектің түйілуі кезінде атропин сульфатын -0,5 мгкг тері астына егеді. Унитиолдың бір реттік емдік мөлшері сиырлар үшін - 10мгкг, қойларға-15 мгкг, аңдарға-20мгкг, тауықтарға 30мгкг құрайды. Күйіс қайыратын малдарға униталды күре тамырына және құрсақ қуысына, ал басқа жануарларға тері астына және бұлшық етке егу керек. Ауыз арқылы ішке бергенде, унитиолдың мөлшерін қанша жоғарлатықанымен де өте төмен нәтиже береді. Қойлар мен бұзауларда тері астына еккенде сол жерде қабыну процессі жүреді. Қорғасыннан уланған кезде тетацин- кальциді қолданған өте тиімді. В2 витаминін, кокарбоксилаза, несеп айдағыштар, тыныштандырғыштар қолданып, күре тамырға глюкозаның, аскорбин қышқылының ертіндісін егуге болады. Уланудың алдын алу. Қорғасын қосылыстарынан уланудың алдын алу үшін ең алдымен қорғасынның және оның қосындыларының мал ағзасына азық - су,ауа арқылы түсуіне жол бермеу керек. Малдардың, соның ішінде жас малдарды үлкен жол жағасында құрамында 200 мгкг қорғасын бар топырақты жерлерде жаюға болмайды. Натрий сульфатының немесе магний сульфатының ең аз мөлшерінің өзі (50-100 мгкг) аптасына 2-3 рет мал ағзасына түссе, қорғасын қосындыларымен әрекеттесіп, оны ерімейтін тұздарға айналдырады. Құрамында өте уытты зат тетраэтилқорғасын бар этилді жанармайларды (бензин) қолдану ережесін қатаң сақтаған жөн. Тетраэтилқорғасынның уытты әсерін басу, төмендету үшін хлорлы әк қолданылады.
2.3.Кадмий қосылыстарынан улану
Кадмий қосылыстары - халық шаруашылығында әр салада қолданылады. Бұлар өте уытты әсер етеді. Фунгицид ретінде кадмий- кальций, кадмий - мыс, кадмий - мырыш, кадмий - хроматы, кадмий - сульфаттың араласқан тұздары ұсынылған. 4,5% кадмий тотығы, пестицид 90% ылғал сіңіретін ұнтақ түрінде өсімдіктердің кейбір ауруларына қарсы қолданылады. Ағзадан кадмий несеп және ас қорыту жолдары арқылы шығады. Кадмий тотығынан басқа косметикалық бояулар, люминоформалар жасау мақсатында қолданылатын кадмий сульфаты да өте уытты. Кадмий тотығының ЛМ50 - 72 мгкг мөлшері тышқанға өте уытты. Бұл препараттар мал ағзасына түскеннен кейін орталық жүйке жүйесін тітіркендіріп уытты әсер етеді. Осының салдарынан ақзаттың, фосфоркальцилік және т.б. алмасулар қызметі бұзылады. Остеопороз болуы мүмкін. Антидот ретінде унитиол және тетацин-кальций 10-15 мгкг мөлшерінде қолданылады. Мыс сульфатын 25 мгкг, ферроглюкин және мырыш сульфатын - 10-20 мгкг, глюкоза, С витамині, кальций хлоридін беруге болады.

2.4.Мыс және оның туындылары
Мыс (Cuprum), Cu - атомдық массасы 63,54 болатын ауыр металл. Бұл металл бізге ежелден белгілі. Табиғатта құрамында 1-10 пайыз таза мыс бар қосынды түрінде кездесіп, мыс сол қосындылардан алынады. Мыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азот - қышқылды негізгі висмут
Тағамдық өнімдердің ксенобиотиктермен химиялық ластануы
Тағамдық уланулар. Ботулизм
Ірі қара малының нитрат және нитритпен улануы
Патологиялық материалды орау және жөнелту
Табиғатына байланысты токсиканттардың негізгі түрлері
Микроклимат. Ластану
Өнеркәсіп саласы
Аспазшылық технологиясы бөлімінің сабақтарын жүргізу әдістемесі
Азықтың құрамындағы нитратпен улану
Пәндер