Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру практикалық шаралары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру практикалық шаралары

Жоспары:

1. Жер сілкіністері

2. Жер сілкіністерінің күшін өлшеу шкалалары

3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі

Қорытынды:

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.

Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені, Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.

Қауіпсіз жерлер:

Үйде (ғимараттың ішінде)

1) Босаға есік жақтауы

2) Ішкі бұрыш

3) Мықты қабырға

4) Бел ағаш

5) Ванна, тоңазытқыш

6) Парта, стол, кереует

Далада:

1) Ашық алаң

2) Биік ғимараттардан аулақ болу

3) Биік ағаштардан аулақ болу

Қауіпті жерлер:

1) Терезе жақтағы бұрыш

1) Биік ғимараттар

2) Биік ағаштар

3) Баспалдақ

4) Лифт

5) Жиһаздар

6) Шам жағу қауіпті

7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер

Далада:

1) Биік ғимараттар

2) Биік ағаштар

3) Электр жүйелері

4) Жер асты өткелі

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует) . Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.

- лифтті пайдаланбаңыз.

- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.

- үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.
- сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Автомобиль ішінде:

- сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.

- жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.

Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.

Қорытынды:

Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.

Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

Тектоникалық жер сілкінісі - жер пластарының қозғалуын шақырады, литосфера плиталарының қозғалысы.

Жанартау жер сілкінісі - жанартау каналдары бойынша магмалардың жылжулары.

Қопарма жер сілкінісі - жердің қопарылуларын шақырады.

Техногенді жер сілкінісі - құрылыс кешендері, мұнай, газ, жер асты суларының, қатты жарылыстардың әсерінен болады.

Жер сілкінісінің сипаттамасы:

- Гипоорталық - жер тереңдігіндегі орын;

- Эпицентр - жер үстіндегі гипоцентр проекциясы.

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т. б. екендігі дәлелденген.

Спитак жер сілкінісі кезінде (07. 12. 1988 ж. ) ваннада болған 6 адам тірі қалған.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар алаңы мен балкондар жатады.

Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.

Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша лекциялар конспектісі (тезистері)
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Ұжымдық қорғаныс және жеке қорғаныс құралдары
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері туралы
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz