Мемлекеттік қызметтің қағидаттары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Iтарау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен
оның ерекшеліктері.
1. Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі мен ұйымдастырылуы ... ... ... ..5-15
2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ..15 -24
II тарау Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметті ұйымдастыру.
2.1Мемлекеттік қызметтің
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-29
2.2Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымының классификациясы ... ..29-32
2.3Мемлекеттік қызметтің өткеру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32-44
2.4Мемлекеттік қызметтің кадрлық резервінің сипаттамасы ... ... ... ..44-53
III тарау Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі проблемалар және оларды шешу
жолдары
3.1Мемлекеттік қызметтің өзекті
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .54-59
3.2Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ..59-61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .62 -63
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 64-65
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
Кіріспе
Елдің 2030 жылға дейінгі дамыту Стратегиясында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік қызметті жетілдірудің
негізгі бағыттарын белгілеп берді. Сонымен бірге мемлекеттік қызметті
реформалауды жеделдету және оны 2000 жылы аяқтау міндеті қойылды.
Стратегиялық бағытқа сәйкес 2000 жылдың басына қарай Қазақстанда
мемлекеттік қызметтің жаңа заңнамалық және институттандырылған базасы
құрылды.
Әрбір елдің тарихи тәжірибесімен, дәстүрлерімен, менталитетімен,
құқықтық жүйесімен және өзге де бірқатар факторлармен анықталатын
мемлекеттік қызметтің бірегей моделі бар.
Сонымен қатар, адамзат жинақтаған тәжірибе басқарылатын факторларды
да, қоғамның мүдделерін де ескере отырып, оның тиімділігін қамтамасыз
ететін мемлекеттік қызметтің қолданылуының кейбір базалық принциптері жайын
сөз етуге мүмкіндік беретіндігі мәлім.
Қазақстанда мемлекет басшысының елді демократияландыруға және
мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламасына
сәйкес, жоғарыда аталған принциптерге негізделген мемлекеттік қызметті құру
үшін пайдалы таңдау жасалды.
Халықаралық сарапшылар мемлекеттік қызметтің ішкі қатынастарын
демократияландыру және іріктеу рәсімдері мен кадрларды жоғарылатудың
ашықтығына бағытталған ел Президентінің саяси еркін жетістіктердің басты
шарты деп атай отырып, мемлекеттік қызметті реформалаудағы біздің
еліміздің мол табыстарын мойындап отыр.
Ұсынылып отырған жұмысты дайындау кезінде мен мынадай көптеген
нормативтік құжаттарды зерттедім: Қазақстан Республикасының Конституциясын,
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан
Республикасының кодексін, Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың
өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы атты ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы және т б.
Аталған тақырыпқа В.Н.Уваровтың Мемлекеттік қызмет және басқару;
В.Д.Гражданның Басқару теориясы; Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы; Ә.М.Байменовтің
Мемлекеттік қызмет. Халықаралық тәжірибе. Қазақстандық модель;
З.Қ.Тұрысбековтің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет атты
еңбектерінде терең талдау жасалған. Бұлар мен қарастырып отырған проблема
толық және түсінікті тілде сипатталған оқулықтар болып саналады.
Жұмыстың құрылымы 3 бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік
қызмет ұғымы мен оның ерекшеліктері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеру
тәртібі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық
жағдайы туралы мағлұматтар берілген.
Екінші тарау мемлекеттік қызметшілердің принциптері мен
классификациясын қамтиды.
Үшінші тарауда мемлекеттік қызмет жүйесіндегі проблемалар және
оларды шешу жолдары қарастырылады.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты-мемлекеттік қызмет жүйесіндегі іс-әрекет
механизмін және оның мәнін анықтау және мемлекеттік басқару жүйесінде
туындайтын проблемаларды шешу.
Автор мемлекеттік қызметті өткеру процесінде туындайтын біршама
өзекті мәселелерді қозғайды. Осы мәселелердің шешімі Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қайта құрылуына көмектеседі, яғни:
▪ Мемлекеттік қызметтегі кадрлардың тұрақсыздығы;
▪ Мемлекеттік органдар басқарушылары мен қызметкерлерінің мемлекеттік
қызмет туралы заңдылықтарды сақтамауы;
▪ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығын бұзуы;
▪ Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің білім деңгейінің
жеткіліксіздігі;
▪ Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және дайындау
жүйесін жақсарту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. мемлекеттік аппарат кадрларын іріктеу және ұтымды пайдалану
жүйесін жетілдіру;
2. мемлекеттік қызметшілердің даярлау мен біліктілігін арттыру
жүйесін жақсарту;
3. мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың жалпы мемлекеттік
жүйесін қалыптастыру;
4. мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес;
5. мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін
арттыру.
Жалпы Қазақстанда тиімді мемлекеттік аппарат жүйесі құрылу керек. Ол
өзінің барлық күш-жігерін біздің демократиялық, зайырлы, құқықтық
республикамыздың дамуына бағыттауы қажет.
1тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің
ұйымдастырылуы мен оның ерекшеліктері.
1. Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі мен ұйымдастырылуы.
Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан
Республикасы Конституциясында қарастырылған (33-бап), сонымен қатар
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
Мемлекеттік қызмет туралы заң күші бар Жарлығында толық түрде
қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін,
мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік
қызмет аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінің бір түрі болып
келетіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға тән
барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы,
объективті қажет және басқарылу персоналының ұйымдасқан нысанындағы
қызметін айтамыз.
Мемлекетті басқару органдарында басқару кадрларын жинаудың, басқару
функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің
арнайы тәсілдері,мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының
жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет
еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни
кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз.
Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз
мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық
көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет
қызметкері жұмысты тиімді атқаруы үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең,
жан-жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір
қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің
басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз азаматты басқару
органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне
енгізілуін айтамыз.
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы
мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің
мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның
нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай
режимін анықтайтын нормалар құрайды, ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі
еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде қабылданған
басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік
басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып
субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер
лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару
органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті
болып саналады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ
критерийлерге негізделе отырып,жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес
төленеді. Жалақы алдын-ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі:
жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал
қосымшасы-мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа
жағдайларға (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметте істеген жылдары
үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с.) байланысты анықталады,төленетін ақша
мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минимальды мөлшерден
төмен болмауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың
аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және
мемлекеттік басқаруға, кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша
мемлекеттік қызметтік кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша
айқындаймыз:
1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді
жүзеге асырумен байланысты:
2) мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы экономика,
әлеуметтік-саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару,
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге
асырылады. Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару
функцияларының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен
(масштабтылығымен) ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғамның
және мемлекеттің мүдделері көрсетіледі:
3) мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы
аппарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс
істеу мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы
осындай аппаратты қажет етеді.Экономика, әлеуметтік сала мен әкімшілік -
саяси құрылыс дамуындағы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы
жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың
қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер функциясын
анықтайды:
4) мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функциясын жүзеге
асырумен тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет
функцияларының басқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік
қызметкерлердің нақты функцияларының құралуы арқылы жүзеге асады. Соның
өзінде басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты
мен функцияларына сәйкес болуы керек:
5) мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да
мемлекеттік билік құзіреттеріне ие;
6) мемлекеттік қызмет Конституциясы нормаларына,заңдарға,Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа заңды актілерге
негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметкерлердің басқару қызметі
мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сай болуы
керек. Бұл жерде Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін
мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру.
Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің
басқаруын ұйымдастыру:
7) мемлекеттік қызмет-атқарушы сипаттағы ұйымдасқан қызмет.
Бұл жерде Конституция нормаларын, заңдарын, Казақстан
Республикасы Президентінін Жарлықтары мен басқа заң актілерінің
мемлекеттік басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске
асыру айтылады. Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік
процестердің мемлекеттік басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік
органдардын функциялары мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;
8) мемлекеттік қызмет - жарлықшы сипаттағы қызметі. Бұл дегеніміз
мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен
қызметтерді жүзеге асыру барысында заңды-актілі ұйғарымды қолдануға
құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару актілерін шығарумен
ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен ведомстваларға қарасты
объектілер мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал
жасайды.
Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшелінеді. Бұл
дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін
атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар,
қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдерімен еш
байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында
саяси партиялар ұйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің
басқару әрекетін жүзеге асыруға құқығы бар. Заңдарда бекітілген бірыңғай
мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс.
Қоғамда басқару функцияларын орындаумен қатар арнайы адамдар тобы
мемлекеттік қызметтің ерекше кәсіптік қызметі ретінде айқын, белгілі
қағидаларға негізделеді. Ал қағидалар орындалуын өз кезегінде жалпылай
мемлекеттік қызмет институтының қызметімен кепілденген талаптар түрінде
түсіндіріледі. Бұның өзінде мемлекеттік қызметті үйымдастыру мемлекеттік
басқарудың ерекше қағидаларына сонымен қатар лауазымды тұлғалардың кәсіптік
қызметінің мағынасын көрсететін мемлекеттік басқарудың ерекше қағидаларына
да негізделеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаларға
негізделеді:
1. Заңдылық. Бұл қағида барлық мемлекет
қызметкерлерінің алатын орны, лауазымы, рангісінен тәуелсіз Конституцияны,
заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтарының талаптарын, міндетті ережелерін мүлтіксіз
сақтау, бұзбаумен анықталады. Мемлекеттік басқару процесінде
заңдылық қағидасының талаптары, басқару актілерінің шығарылуы,
басылуы кезінен бастап жүзеге асырылады. Мемлекетті басқару
аппараты жүйесінде басқару актісінің заңды күші сол актіні қабылдаған
органның орны мен өкілеттілігінің көлемімен анықталады.
2. Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі
тармақтарына бөлінуіне қарамастан Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет жүйесі біртұтас. Мемлекеттік билік өзінің мәні,
құрылысы және қоғамда әрекет етуінің біртұтастығымен түсіндіріледі.
Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы мемлекет аппаратындағы
еңбек бөлінісіне қарамастан барлық мемлекеттік органдар өз
қызметтері мен өкілеттіктерін мемлекет атынан жүзеге
асырады.Қазақстан Республикасы Конституциясы
мемлекеттік билік тармақтарының, заң шығару, атқарушы және сот билігіне
бөліну қағидасын бекітіп, сонымен қатар тепе-теңдік және тежемелік
қағидасын да берік ұстанады. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет жүйесінің
біртұтастығы қағидасы барлық мемлекеттік билік тармақтарын біртұтас
мемлекет механизміне біріктіретін берік негіз ретінде түсіндіреді.
3. Заңды құқықтарының, еркіндігінің және заңды мүдделерінің
мемлекет мүдделері алдында приоритеті бар. Бұл қағида азамат пен мемлекет
арасындағы қарым-қатынас аумағындағы маңызды ресми бағыт болып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтардың құқықтары мен
бостандығын басты орынға қояды. Адамға құқық пен
бостандық туғанынан беріледі. Олар абсолютті және
ажыратылмайтын болып танылады, заңдар және басқа
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолдануын анықтайды.
4. Қол жетерлік қағидасы, яғни азаматтар қабілетіне, кәсіптік
дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке түсүге бірдей құқылы. Бұл
туралы Конституцияның 33-бабында нақты жазылған. Осы қағида
бойынша жалғыз ғана шек қоятын ол кандидатқа қойылатын жас
мөлшері, яғни мемлекет қызметкерінің жасы 63 жастан аспауы
керектігі бекітілген.
5. Азаматтардың мемлекеттік қызметкер қызметіне кандидатураларды
жинау, іріктеу қатаң ерікті негізде жүзеге асырылуға міндетті.Ешкім де
мәжбүрлеу тәртібінде мемлекеттік қызметке азаматты тағайындай алмайды.
Басқаша айтқанда мемлекетік қызметке тұру күрделі заң құрылысының болуын,
яғни бір мезгілде екі фактінің болуын талап етеді: қызметке тағайындау
актісінін болуы және азаматтың бұл қызметке тұруға байланысты алдын ала
келісімі.
6. Шешімдерді орындау міндеттілігі. Жоғары тұрған мемлекеттік
органдар лауазымды тұлғаларының өз өкілеттілігі аясындағы қабылданған
шешімдерін төменгі сатыда тұрған мемлекет органдары қызметкерлері
үшін орындау - міндет. Бұл қағида мемлекеттік органдардың вертикальды
бағыну жүйесін, экономика әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс
салаларында қажетті басқаруды орталықтандыруды айқындайды. Мемлекеттік
басқару органдарының жалпы жүйесін біріктіреді, сөйтіп мемлекет аппаратының
қызметінде жалпы мемлекеттік мүдделер есебін жүргізу қамтамасыз етіледі.
7. Мемлекет қызметкерінің бақылауға тәуелділік және
есептілік қағидасы.Барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер
халық алдында және өзінен жоғары тұрған лауазым немесе жоғары тұрған орган
алдында жауапты.
8. Кәсіпқойлығы және құзырлығы. Мемлекеттік қызметке
орналасқан азамат өзінің қызметтерін орындау үшін арнайы білімі, тәжірибесі
және қабілеті болуы қажет.
9. Қызметшілердің жеке жауапкершілігі. Әрбір мемлекеттік
қызметші өзінің лауазымына сай белгілі бір қызмет атқарады және сол
істеген ісіне жауап береді. т. б. Осы аталған қағидаларын орындалуы
мемлекеттік қызметтің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік
лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси
қызметшілер ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған.
Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік басқарудағы негізгі
құзіреттеріне (компоненттеріне) лауазымдардың топтарға (категорияларға)
бөлінуін жатқызуға болады.Лауазымдар иерархиясы мемлекеттік басқару
жүйесінде пирамидаға сәйкес лауазымдардың таралуы барлық елде тараған.
Лауазымдардың құзырлығының көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың
иерархиялық пирамидадағы лауазымдық орны болады және
жауапкершілігі жоғары болады. Сондықтан мемлекеттік лауазымдарды
иерархиялық дифференциациялау объективті заң болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңында
көрсетілгендей, мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары саяси және әкімшілік
болып екіге бөлінеді.
Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметке тағайындалуы (сайлау),
қызметтен босатылуы және қызметі саяси сипатта болатын лауазымдар жатады.
Әкімшілік лауазымдарға мемлекеттік қызметте тұрақты қызмет атқаратын
лауазымдар жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекетімізде қабылданған арнайы
лауазымдар Реестрінде топтар категориясымен жүйелендірілген, А категориясы
тобына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің лауазымдары
жатады, Ал В категориясы тобына республикалық деңгейдегі аппарат
органдарының саласы лауазымдары (Парламент палатасы аппараты, Премьер-
Министр Кеңсесі (Канцеляриясы), Конституциялық Кеңсесі аппараты, Жоғарғы
Сот аппараты, Президент Істері Басқармасы). С категориясы тобына,
ІІрезидентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар,
Орталық атқарушы органдар, Үкіметке, Орталық атқарушы органдар
Ведомстваларына кірмейтін Орталық атқарушы органдары, Облыстық және
аудандық территориялық бөлімдері кіреді. Д категориялары тобына облыс,
аудан, ауыл әкімдерінің аппараттары, облыстық аудандық мәслихат
аппараттары, облыстық, аудандық сот аппараттары жатады. Ал Е категориялар
тобына, жергілікті атқару органдары жатады. Осы жоғарыда аталған
категориялар өз іштерінде мемлекеттік орган құрылымында алатын орнына,
әкімшілік лауазымдарына сай тағы бірнеше топтарға бөлінеді.
1999 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жаңа
мемлекеттік қызмет туралы заңға қол қойды. Заңмен және заңға тәуелді
актілермен мемлекеттік қызметтің жаңа моделі аңықталды. Бұл заң мемлекеттік
қызметшілердің анықтамасын нақты анықтады.
Мемлекеттік қызметші ол заңмен белгіленген қызметті атқаратын, ақысы
республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не болмаса Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкімен төленетін мемлекеттік органдағы лауазым
иесі және өзінің лауазымына сәйкес мемлекеттік қызметі міндетін атқаратын
Қазақстан Республикасының азаматы. Тек мемлекеттік қызметшілерге техникалық
қызметшілер, қызмет етуді қамтамасыз ететін персоналдар кірмейді. Саяси
мемлекеттік қызметшілерге министрлер мен олардың орынбасарлары, облыс
әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, ауыл әкімдері жатса,
қалған лауазымдар әкімшілік лауазымдарға жатады. Әкімшілік лауазымдар
мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер
ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік
қызметкер үшін азаматтың біліміне, дайындығына және тәжірибесіне сай
қабылдану, тағайындалу, конкурс және сайлау арқылы алынады:
- Қабылдану - бұл мемлекеттік қызметке алынғанда ең көп қолданылатын
тәсіл.
- Тағайындау- бұл мемлекетке алу тәсілі 3 түрлі жолмен
жүреді:
1. сәйкес органның немесе лауазымның тағайындалуы. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекет хатшысын тағайындау.
2. ұсыныс- сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір сәйкес
органға немесе лауазымға жасаған ұсынысы арқылы мемлекеттік қызметке
алынады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасы Сенаты Жоғарғы Сот төрағасын
тағайындайды.
3. келісім- сәйкес орган немесе лауазым басқа бір сәйкес
органмен немесе лауазыммен келісім арқылы мемлекеттік
қызметке тағайындалу. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президенті
Қазақстан Республикасы Парламентімен келісіп, Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрін тағайындайды.
- сайлау - мемлекеттік қызметке саяси қызметшілердің ішіндегі ең
бастылары, ең жоғарғысы Қазақстан Республикасы
Президенті және Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары сайлау
арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалады.
- конкурс - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы
заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке мамандардың
орналасуы және мемлекеттік әкімшілік қызметте жоғары көтерілуі, тек
конкурстық таңдау арқылы жүргізіледі деп нақтыланған.
Конкурс арқылы әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға Қазақстан
Республикасының барлық азаматтарының тең құқығы бар. Бұл құқық біздің
мемлекетіміздің Конституцияға сәйкес демократизациялануының бір белгісі
болып табылады. Мемлекеттік қызметке тұруға тең құқық болғанмен, оған әркім
тұра алмайды. Алдымен мемлекеттік қызметке тұрушыларға
белгілі бір шарттар қойылады. Конкурстық таңдау мемлекеттік қызметке
үміткерлер арасында бәсекелестік туғызады, ал бұл болса мемлекеттік
қызметке жоғарғы сападағы мамандарды алуға алғы шарттардың бірі болып
табылады. Мемлекеттік қызметке алудың ескі тәртібіне қарағанда, конкурс
бойынша ваканттық орындары бар мемлекеттік органдар жүргізеді. Бұл
конкурстардан етудің белгілі бір этаптары бар, олардың қатарына:
- конкурстың өтуі туралы жарнаманың жариялануы;
- конкурстық комиссияның құрылуы;
- берілген шарттарға сәйкес конкурсқа қатысушылардың құжаттарын
қабылдау және оларды талдау;
- үміткерлерді тестілеуден өткізу;
- әңгімелесу (собеседование):
- конкурс комиссиясының соңғы отырысы.
Конкурсты өткізуші мемлекеттік органнын ашықтығын
қамтамасыз ету үшін сол орган өткізілейін деп жатқан конкурс және бос
орындар туралы республикалық ақпарат құралдары арқылы жариялауға міндетті.
Конкурстық комиссия болса, сәйкес органның басшыларынан құрылады. Содан
кейін құжаттарын тапсырған үміткерлердің құжаттарын талдау арқылы таңдау
басталады. Жасалған талдау негізінде конкурс комиссиясы үміткерлерді
тестілеуге жіберу-жібермеуге шешім қабылдайды. Тестілеу арқылы
үміткерлердің білімін анықтау жүргізілген соң ең жоғарғы балл жинағандар
әңгімелесуге (собеседованиеге) өткізіледі. Осы арқылы конкурс комиссиясы
алдын ала белгіленген критерийлер арқылы үміткерлерді таңдайды.
Критерийлерге қабілеті мен білімі, тәжірибесі мен лауазымға сәйкестігін
жатқызуға болады. Әңгімелесуден өткеннен кейін екі күннен кейін қорытындысы
айтылады. Конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарына, тест
нәтижесіне, әңгімелесу қорытындысына сәйкес үміткерлер арасынан таңдалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңының 27-
бабына сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының тоқтатылуына
негіз болатыңдар:
- мемлекеттік қызметшінің өз еркімен жазған өтініші:
- келісім-шарт уақытының бітуі немесе келісім-шарттың бұзылуы:
- өзінің кірістері мен мүлкі туралы жалған ақпарат
бергенде;
- міндеттері мен шектеулері бұзылған жағдайда:
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
- коррупциялық заң бұзушылық жасағанда:
- конкурстан тыс қызметке алынғаны әшекереленгенде:
- аттестациядан өткенде теріс нәтиже алғанда:
- заңмен белгіленген өзге де жағдайларда.
Аталған принциптердің барлығы өзара байланысты болып келеді, бірін-
бірі толықтырады және мемлекеттік қызметтің институты құрылып, әрекет
ететін түбегейлі талаптардың біртұтас жүйесін құрайды.
Қоғамдағы басқарушы функцияларды жүзеге асырумен байланысты айрықша
кәсіби қызмет ретінде мемлекеттік қызмет өзі басқарылатын жүйе болып
табылады. Мұнда басқарудың мақсаты мен міндеттері, басқару қызметінің
субъектілері мен объектілері, осы қызметтің мазмұны мен нәтижелері
белгіленген. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік қызметшілердің меншікті жұмысын
ұйымдастырумен, мемлекеттік қызмет саласымен біртұтас мемлекеттік саясатты
қамтамасыз етумен байланысты басқару қызметінің айрықша түрі болғандықтан,
басқарудың өз принциптері, функциялары, әдістері мен нысандары қалыптасқан.
Мемлекеттік қызмет саласындағы басқару мақсатқа бағытталған процесс
ретінде, бәрінен бұрын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының
мемлекеттік кадр саясатын қамтамасыз ету бөлігінде қарастырылған
міндеттерді іске асырумен байланысты. Сөз елде және шет мемлекеттерде
қуатты, тиімді түрде даярлаумен, қызмет сатысында әділетті түрде
жоғарылаумен, біртұтас ақпараттық жүйемен, әлеуметтік қорғаудың
кепілдендірілген шараларымен бірге басқарудың түбегейлі ресурсы – адамдық
капиталға ұқыптылықпен қарай отырып, кадрларды басқарудың жалпы мемлекеттік
жүйесін құру жөнінде болып отыр. Осылармен қатар, кадрларды басқару жүйесі
қолынан іс келмейтін және біліксіз қызметкерлерден тазарту қабілетіне ие
болуы тиіс.
Практикалық тұрғыда нарықтық экономика үшін оңтайлы болып табылатын
тиімді, осы заманғы мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын жасау міндеті
қойылған. Мемлекеттік қызметті басқару үшін бұл стратегияның негізгі
принциптерінің бірі – жалдау, даярлау және кадрларды жоғарылату жүйесін
жақсарту дегенді білдіреді. Осы бағытта кезек күттірмейтін міндет – жаңа
буынның басқару кадрларын дайындау міндеті ұсынылуда. Жаңа генерацияның
шенеунігі – бұл патриот және әділетті, ұлттың қызметшісі. Басқаруға басым
мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін білек сыбана жұмыс істеуге дайын
әрі қабілетті технократтар келуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру үшін тиісті функциялар мен өкілеттіктер берілген арнаулы органдар
құрылған. Оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері жатады. Стратегиялық
тұрғыда аталған органдардың басты міндеті қоғамда мемлекеттік қызметтің
жоғары беделін жасау және қолдау болып табылады. Бұл, бір жағынан
Қазақстандағы жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуымен, екінші жағынан,
демократиялық, құқықтық әлеуметтік бағдарланған мемлекетті қалыптастырумен
байланысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігінің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы №280 Жарлығымен
бекітілген Ережеде белгіленген. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Агенттік
келесі функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және
оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге
және iске асыруға қатысады; мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi
республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк
қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзеді, сондай-ақ мемлекеттік
әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн
қалыптастырады; мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық
ақпараттық жүйесін әзірлейді және қалыптастырады; мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және
бекітеді; мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және
осы Заңға сәйкес өзге де актілердi әзiрлейді және оларды Қазақстан
Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады; мемлекеттiк қызметшiлердiң
еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiреді, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау
жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді; мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк
тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi
даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiреді.
Арнайы мәселелер бойынша құзырет берілген орган ретінде, Агенттік
мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен
орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiреді; мемлекеттiк қызметшiлер мен
әкімшілік мемлекеттiк лауазымға орналасуға үміткерлерді сынақтан өткізеді;
мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын
бақылауды жүзеге асырады (мемлекеттік органдарға жоспарлы түрде, Қазақстан
Республикасының Президентінің нұсқауымен тексеріс жүргізеді); орталық
атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, олардың
ведомстволарының тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылығын жасаған және Қызмет этикасы ережесін бұзған С-1, С-2, С-3
санаттарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ орталық
құқық қорғау органдарының және арнаулы қызметтердің бірінші басшыларына
дейін қоса алғандағы лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тәртіптік
істерді қарайды. Бұл орайда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің
тәртіптік комиссиясы орталық құқық қорғау органдары мен арнаулы
қызметтердің аталған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тексеру
жүргізу туралы ұсынымдарды, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі
туралы осы органдар мен қызметтер басшыларына ұсыныстарды енгізуге құқылы;
мемлекеттік органдардың өзге санаттардағы әкімшілік мемелкеттік
қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі тәртіптік комиссияларының
жұмысын үйлестіреді; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік
кеңестерінің қызметін үйлестіреді, олардың жұмысына бақылау жасайды және
тексереді, олардың басшыларын тағайындауға келісім береді; мемлекеттік
қызмет туралы заңдар бұзыла отырып қабылданған мемлекеттік органдардың
шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік қызмет туралы
заңдарды қолдану мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды
адамдардың іс-әрекеті мен шешімдеріне мемлекеттік қызметшілердің шағымдарын
қарайды, мемлекеттік орнадардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша
олардың қызметіне тексеру жүргізеді, қойылатын біліктілік талаптарына
үміткердің сәйкес келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымына
тағайындауға келісім береді.
Агенттік өзінің құзыретіне жататын мәселеер бойынша мемлекеттік
қызметшілерге олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда
кеңес береді; әкімшілік мемлекеттік лауазымды атқаруға конкурстар өткізудің
шарты мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткізілуін
бақылауды жүзеге асырады, Республика Президентінің шешімі бойынша әкімшілік
мемлекеттік лауазымға конкурстар өткізеді, мемлекеттік қызмет мәселелері
бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады және
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, қолданыстағы заңнамамен,
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен және тапсырмаларымен өзіне
жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Агенттік пен оның аумақтық органдары мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды. Аумақтық органдар өз
қызметін заңдарда және Агенттікте белгіленген құзыреті шегінде жүзеге
асырады. Бұл жағдайда аумақтық органдар заңнамаға және Агенттікпен
белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар
нысанында шешімдер қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті басқарудың ұйымдық құрылымындағы келесі деңгей
мемлекеттік органдардың кадр қызметі болып табылады. Мемлекеттiк
органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:
мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет
өткеруiне байланысты шешiмдерiн рәсiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн
жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету
тізімдеріне) қажетті жазбалар енгiзедi; мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда
белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда
белгiлейдi, сондай-ақ өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық
салдарлар туралы хабардар етедi; мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық
жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте
болумен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды; уәкiлеттi органға
ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде
өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды; мемлекеттiк
қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың
бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; заңдарда белгiленген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Осылайша, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың
бірлігі мен жүзеге асыруды мамандандырылған органдар жүйесі (өкілетті орган
немесе оның аумақтық бөлімшелелері) қамтамасыз етеді. Өзінің құзыретіне
сәйкес, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдар мемлекеттік қызметтің
тиісті саласын басқаруды, сондай-ақ заңнамада белгіленген шегінде
салааралық үйлестіру мен өзге де арнайы атқарушы функциялар мен
өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
органдардың жүйесін кадрлық жұмысты жер-жерлерде қамтамасыз ететін
мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері толықтырады. Бұлардың
барлығы республикалық ауқымда мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізгі
бағыттарын неғұрлым толық қамтуға, Қазақстан-2030 Стратегиясын осы
заманғы және тиімді мемлекеттік қызметті құру бөлігінде кезең-кезеңімен іс
жүзіне асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1.2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы
Мемлекетік органдардың практикалық қызметі жеке құрамына, басқарушы
кадрларды дұрыс іріктеу мен орналастыруға байланысты. Сондықтан да
мемлекеттік органдардың ұйымдастыру жұмысында кадр мәселелері маңызды орын
алады. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің қолданылу аясы өте кең:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен бастап, жергілікті
уәкілетті және атқарушы органдарға дейін. Бұл олардың құқықтық жағдайындағы
белгілі бір айырмашылықтарды тудырады. Құқықтық мәртебе айрықша заңды
қасиет ретінде мемлекеттік қызметшілерге нақты басқарушылық қатынастардың
қатысушылары (тараптары) болуға мүмкіндік береді. Аталған жағдайда құқықтық
мәртебенің мазмұны мен сипаты мемлекеттік қызметшілердің
құқықсубъектілігін, олардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттерін
жүзеге асыру кепілдіктерін, сондай-ақ міндеттемелердің орындалуына
жауаптылығын қамтиды.
Сонымен, мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтары мен міндеттеріне
тоқталайық.
Мемлекеттік-қызметтік қатынастар тараптарының бірі мемлекеттік
қызметші – сөзсіз түрде белгілі бір жасқа жеткен және лауазымдық
функцияларын өзі атқаратын мемлекеттік лауазымға сәйкес орындайтын
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Бірақ, мемлекеттік-
қызметтік қатынастардың пайда болуы үшін, осы тарап белгілі бір заңды
қасиетке – құқықтық мәртебеге ие болуы қажет. Аталған жағдайда мемлекеттік
қызметшінің құқықтық мәртебесінің мазмұны мен сипаты әкімшілік
құқықсубъектілікті, лауазымдық құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру
кепілдіктерін, сондай-ақ лауазымдық тұлғаға жүктелген функциялар мен
өкілеттіктерді орындауға жауаптылықты қамтиды.
Әкімшілік құқықсубъектілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық
құқықтарының бар болуы мен заңды міндеттерді орындауға, яғни, мемлекеттік-
қызметтік қатынастардың қатысушысы болуға қабілеттілігін (мүмкіндігін)
білдіреді. Осылармен қатар, әкімшілік құқықсубъектілік мемлекеттік
қызметшінің өз іс-әрекеттерімен субъективтік құқықтарға ие болу және
мемлекеттік-қызметтік қатынастардағы заңды міндеттерін орындауға
қабілеттілігін орындауға қабілеттілігін білдіреді. Мемлекеттік
қызметшілердің құқықтық мәртебесіндегі жалпы айырмашылықтарды неғұрлым
егжей-тегжейлі қарастырайық.
Лауазымдық тұлғалардың мемлекеттік-қызметтік қатынастардың
субъектілері ретіндегі құқықтары мен міндеттерінің көлемі мен сипатына
байланысты жалпы және арнаулы құқықтық мәртебе бөліп қарастырылады. Жалпы
құқықтық мәртебе барлық азаматтар үшін бірдей болып табылатын Конституция
мен заңнамалық актілерден туындайтын құқықтар мен міндеттерді қамтиды.
Мемлекеттік қызметшінің арнаулы құқықтық мәртебесіне қатысты мәселеге
тоқталатын болсақ, оның мазмұны басқарушылық қатынастардың белгілі бір
түрлеріне (топтарына) кірудің заңды мүмкіндіктерінің тұтастығын құрайды.
Аталған қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттік қызметші заңнамада,
атап айтқанда Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңында
белгіленген арнаулы біліктілік талаптарға жауап берулері тиіс.
Қолданыстағы заңнамада мемлекеттiк қызметшiлердiң мынадай құқықтары
қарастырылады: Республиканың азаматтарына Қазақстан
Республикасының Конституциясымен жә не заңдарымен кепiлдiк берiлетiн
құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi
қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен
лауазымды адамдардың оларды орындауын талап
етуге; белгiленген тәртiппен лауазы мдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi
ақпарат пен материалдар алуға; лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн
белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда
болуға; басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес
қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; жеке
басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар
және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына
құқығы бар.
Мемлекеттiк қызметшiлердің өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына,
тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай
ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; тиiстi бюджет қаражаты
есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз
танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; бiлiктiлiгi мен
қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып,
қызметi бойынша жоғарылауға; қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған
жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге құқығы бар.
Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегiнiң қорғалуына,
денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн
қажеттi еңбек жағдайына; әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; мемлекеттiк
қызметтен өз қалауы бойынша босауға; зейнетақымен және әлеуметтiк
қамсыздандырылуға; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды
адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы
бар.
Жоғарыда көрсетілген құқықтармен бірге, мемлекеттiк қызметшiлерге
негізгі міндеттер де жүктеледі. Мемлекеттiк қызметшiлер
Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; Қазақстан
Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын
беруге; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды
мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар
бойынша қажеттi шаралар қолдануға; өзiне берiлген құқықтар шегiнде және
қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; мемлекеттiк тәртiп
пен еңбек тәртiбiн сақтауға; өзiне заңда белгiленген шектеулердi
қабылдауға; заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға
міндетті.
Мемлекеттiк қызметшiлер басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары
тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған
шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; мемлекеттiк құпияларды және заңмен
қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi
тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол
жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде
алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр- қасиетiн қозғайтын
мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды
қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; мемлекеттiк меншiктiң
сақталуын қамтамасыз етуге; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның
өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды
тағайындауєа құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге; қызметтiк
міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн
арттыруға мiндеттi.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi
мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi үлгi бiлiктiлiк талаптар
негiзiнде айқындалады және тиiстi мемлекеттiк органдардың басшылары
бекiтетiн қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Сонымен қатар, заңнамада мемлекеттік қызметте блуға байланысты
шектеулер белгіленген. Мемлекеттiк қызметшiнің өкiлдi органдардың депутаты
және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға; педагогтiк,
ғылыми және өзге де шыєармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы
қызметпен айналысуға; кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер
коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық
нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқығы жоқ.
Үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей
бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;
өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және
ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен
қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; ереуiлдердi қоса
алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк
мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық
өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн
қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес,
қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына
өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi
(акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ
мүлiктiк жалға берілген өзге де мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс алуға
әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi.
Мемлекеттiк қызметшiлердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас
құқықбұзушылықтар жасамауын ескерту және алдын алу мақсатында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы №99 қаулысымен мемлекеттік
қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беруіне қатысты мәліметтер
жария етуге жатпайды және мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратын
құрайды. Сондықтан да бұл мәліметтердің жария етілгені республиканың
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады. Мемлекеттік
қызметшінің жұмыс орны бойынша кадр қызметі тапсырылған құжатардың сақталуы
мен алынған мәліметтің құпиялылылығн қамтамасыз етеді. Мұндай мәліметтермен
танысуға мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарларының, сондай-ақ
заңнамада қарастырылған жағдайлар мен тәртіппен құқық қорғау органдарының
рұқсаты бар.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
кепілдіктеріне қатысты мәселеге тоқталатын болсақ, заңды кепілдіктер
мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларының сипаттамасын толықтырады.
Құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру кепілдіктері, сондай-ақ
лауазымдық функциялары мен өкілеттіктерді орындау үшін жауаптылық
мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесіне мемлекеттік-қызметтік
қатынастарды орнату және одан әрі сақтауда белгілі бір тұрақтылық береді.
Заңды кепілдіктер мен мемлекеттік қызметшілердің субъективті құықықтары мен
міндеттерін қамтамасыз етудің мақсаты, мазмұны мен әдістері бойынша бөліп
қарастырылады.
Заңнамада кепілдіктер мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру мен
тоқтату жағдайлары ретінде белгіленген. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде
жынысына, нәсіліне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтік тегіне,
мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге қатысына, сеніміне, қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына және кез-келген өзге де мән-жайларға қарай
қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.
Аталған талаптар еңбек саласындағы кемсітушіліктерге тыйым салуға жалпы
кепілдіктермен байланысты. Сондықтан да, өздерін мемлекеттік саласында
кемсітушілікке ұшыраған деп есептейтін тұлғалар тиісті арызбен сотқа
шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметке кіру шарттары мемлекеттік қызметшілердің еңбек
жағдайларын нашарлатпауға тиіс. Еңбек және мемлекеттік қызмет туралы
заңнамалық акітерге қарама-қайшы келетін барлық шарттар жарамсыз деп
саналады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің еңбекті ұйымдастыру саласында
заңдылықтың қамтамасыз етілуінің маңызды кепілі болып табылады.
Конкурсқа қатысушылар мен мемлекеттік әкімшілік лауазымға
үміткерлердің мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының шешіміне
шағымдану тәртібін қарастыратын нормалар кепілдік нормалар болып табылады.
Кепілдік нормалардың қатарына мемлекеттік қызметке кіруді жарамсыз
деп табатын жағдайларды, ата айтқанда, егер олардың қызметі бір-бірене
тікелей бағыныстылықпен немесе бақылауында болумен байланысты болса,
туыстардың бірге қызмет етуіне қатысты шектеулерге қарамастан мемлекеттік
қызметке қабылдануы оқиғаларын қарастыратын нормаларды жатқызуға болдады.
Сонымен, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшіге
өзінің жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары)
атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
Мемлекеттік қызметшілердің оларды тәртіптік жауапқа тарту
жағдайларындағы құқықтық кепілдіктері заңнамада қарастырылған. Мемлекеттік
қызметшілер өзін тәртіптік жауапқа тартуға байланысты материалдармен
танысуға, мемлекеттік органның немес лауазымды іс-әркеті мен шешімдеріне
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен не сотқа шағым жасай алады.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі мазмұнының элементі
олардың лауазымдық міндеттерін орындағыны үшін жауаптылығы болып табылады.
Мемлекеттік қызметке кадрлар іріктеудің белгіленген ұйымдастыру-құқықтық
әдістері және оларға қойылатын біліктілік талаптар – басқару еңбегін жоғары
деңгейде ұйымдастыруды, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің субъективтік
құқықтары мен оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді іске асыру үшін
қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге ғана емес, өздерінің функциялары
мен өкілеттіктерін сапалы орындау үшін жауапкершіліктерін арттыруға да
мүмкіндік береді.
Кез-келген бірлескен жұмыс, кез-келген қоғамдық өндіріс адамдардың
келісімді қызметін, олардың біртұтас, жалпы ережелермен бекітілген ішкі
тәртіпке бағынуларына көзделген. Мемлекеттік қызметті өткеру тиісті
мемлекеттік органның белгілі бір ішкі тәртібі, регламенті шеңберінде жүзеге
асырылады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстан Республикасы Конституциясының
(33-бабы) азаматтардың мемлекеттік істерін басқаруға қатысуға, мемлекеттік
қызметке қол жеткізуге тең құқығы белгіленген. Мемлекеттік қызметке кіретін
адамдарға мынадай талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болға тиіс. Шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ тұлғалар заңда, халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе,
мемлекеттік қызметке қабылданбайды;
2) жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс. Мұндай талап мемлекеттік
қызметшілердің лауазымына үміткерлер үшін кәмелеттік жасқа жету және
қажетті өмірлік тәжірибе алуының қажеттігіне байланысты туындаған.
3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуы және
белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұл талаптар
басқарушы кадрларды олардың атқаратын лауазымына сәйкес келуі тұрғысынан
бағалаудың іскерлік өлшемдерін бейнелейді. Лауазымды тұлғалардың іскерлік
қасиеттерін анықтайтын негізгі шарттар – арнайы білімнің бар болуы,
мемлекеттік аппараттың құрылымын, мемлекеттік қызметтің мазмұнын білуі
болып табылады.
Заңнамада мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жіктелуі
қарастырылған. Олардың құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және
әкімшілік лауазымдары кіреді.
Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және
қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен
мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi. Мемлекеттiк
әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн,
мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге
асыратын мемлекеттiк қызметшi.
Мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарға орналасу азаматтардың
міндетті арнайы тексерістен өткергеннен кейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті өткеруде мемлекеттік саяси және әкімшілік
қызметшілердің арасында кейбір айырмашылықтар бар:
- Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерге сынақ мерзімі белгіленсе, мемлекеттiк саяси қызметшiлер
үшін сынақ белгіленбейді.
- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер олардың кәсіби даярлығы, құқықтық
мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті деңгейін анықтау
мақсатында аттестаттаудан өтеді (мемлекеттік саяси қызметшілер мұндай
аттестаттаудан өтпейді).
- Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу конкурстық негізде жүзеге
асырылады (мемлекеттік саяси лауазымға орналасуға конкурс
өткізілмейді) және т.б.
Конкурсты мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орны бар
мемлекеттік орган не мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органның,
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша лауазымдардың тиісті
санаттарына резервистердің тізімі қарастырылғаннан кейін өткізіледі.
Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады. Мемлекеттік органның конкурс өткізу туралы
хабарландыру жариялауы, конкурстық комиссияны жасақтау, конкурсқа
қатысушылардың құжаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға қойылатын
белгіленген біліктілік талаптарға сәйкестігін алдын-ала қарау; уәкілетті
органда белгіленген тәртіпен үміткерлерді сынақтан өткізу; конкурстық
комиссия өткізетін үміткерлермен әңгімелесу; конкурстық комиссияның
қорытынды отырысы.
Тиісті лауазымдарға кіруші барлық мемлекеттік қызметшілерге
мемлекеттік органдардың кадр қызметі қызметтік тізім жүргізеді.
Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін рәсімдеу кезінде мемлекеттік орган
мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың
талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық жұмысқа қабылдау рәсімдерінен кейін
мемлекеттік қызметшіге қызмет куәлігі беріледі.
Мемлекеттік лауазымға кіруші тұлғаларға еңбек және мемлекеттік
қызмет туралы жалпы және арнаулы құқықтық нормалар автоматты түрде
қолданылады.
Еңбек туралы жалпы нормаларға сәйкес мемлекеттік қызметші
мемлекеттік орган басшылығының жеке еңбек шартында және актілерінде
ескерілген қызметтік міндеттерін адал атқаруға, еңбек тәртібін сақтауға,
жұмыс процесінде мемлекеттік органға мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге,
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі
ережелердің талаптарын орындауға; оған жеке еңбек шартына (келісім-шартына)
сәйкес, қызметтік, комерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; қызметтік этика нормаларын сақтауға
міндетті.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке
кіруші тұлғалар мемлекеттік қызметте үзіліссіз үш жыл болғаннан кейін
аттестациядан өтеді.
Аттестаттау мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік мансабы
туралы мәселемен тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшінің қызмет
сатысымен жоғарылауы жоғары тұрған лауазымды атқару немесе оған неғұрлым
жоғары санат беру жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет бойынша
жоғарылатуға басым құқықты еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген,
өздерінің кәсіби деңгейін бастамашылықпен, үнемі арттырып отырған және кадр
резервіне енгізілген лауазымды тұлғалар пайдаланады. Бұл жағдайда
мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейі оларды оқыту есебінен арттырылады.
Жаңа мемлекетті құру, қоғамды саяси және экономикалық қайта құру
жағдайында мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесінің рөлі арта түсті.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызмет өзінің дамуының жаңа
кезеңін бастан кешіруде, негізгі іс-қимыл мемлекеттік қызметті
кәсібилендіруге, мемлекеттік аппарат кадрларының біліктілігін арттыруға
бағытталған. Кадрларды оқытудың үздіксіздігі мемлекеттік органдар жұмысын
жетілдірудің аса қажеттілігіне, мемлекеттік қызметті реформалаудың
элементі, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуінің қуатты стимулына
айналды. Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан
Республикасының Заңында, бір жағынан, мемлекеттік қызметшінің тиісті бюджет
есебінен қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға құқығы (алайда, бұл құқық
тек қана өз мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қолданылады), екінші
жағынан, - өз кәсіптік деңгейі мен біліктілігін қызметтік функциялары мен
өкілеттіктерін тиімді атқару үшін арттыруға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz