Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I-тарау. Жаза тағайындау институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері . . . 6
- Жаза тағайындау институтының тарихи қалыптасуы мен Егемен
Қазақстанның жаза тағайындау институтындағы жаңа
белестер . . . . . 6
1. 2 Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары . . . 14
II-тарау. Жазаны жеке даралау мәселелері . . . 20
2. 1 Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамға қауіптілігі
дәрежесін есепке алу мәселелері мен сотталушының түзелуіне және
оның отбасының тіршілік жағдайына ықпал ететін мән-
жайлар . . . . 20
2. 2 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар . . . 26
2. 3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар . . . 37
III-тарау. Ерекше жағдайларда және қылмыстардың көптігі жағдайында жаза тағайындау . . . 49
3. 1 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза тағайындау . . . 49
3. 2 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 52
3. 3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 56
Қорытынды . . . 60
Қолданылған әдебиеттер . . . …64
Кіріспе
Адам адам болғалы, өркениет әлемі өз көшін түзегелі бері қылмыс пен жаза атты телі ұғым қаншалықты сөз болып, сынға түсіп келе жатқанына қарамастан адамзат тарихындағы ең ұлы, ең қилы-қиямет оқиғаларға толы ғасыр болып өткен XX-ғасырдың басында айтылған осынау пікірдің, қойылған осыну сауалдың күні бүгінге дейін бір жақты жауабын таппай, маңызын жоймай келе жатқандығы таңдандырмай қоймайды.
Жаза шарасын сот заң санкцияларының кең көлемде «әділдік сана-сезімінің» субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осының барлығын шешетін сана-сезім мейілінші тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.
Бүгінде әлем бойынша, әлбетте әр елдің ұлттық, мемлекеттік, құрылымдық ерекшеліктеріне негізделген қылмыстық құқық жүйесі берік қалыптасқан. Ғылым қашанда тоқтап тоқырап қалмақ емес. Осы үрдісте қылмыстық құқық саласы да үздіксіз даму, жетілу үстінде. Әсіресе, оның толғақты бір буыны-жаза, жаза тағайындау мәселесінің, жоғарыда айтылғандай, әлі күнге нақтылы жауабын таппай, талқыдан түспей келе жатқаны ақиқат.
Қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы тәжірибесінде бір барынша осал тұсы бар, сол жерге барлық жаза тарттыру жүйесі мен оған басшылық жасаушы барлық жаза тағайындауға бағытталған қатты соққы беруі мүмкін. Осы осал орынды анықтау үшін тек бір сауалға жауап табу талап етілуі керек: жасалған әрбір қылмыс үшін жаза шарасы қандай негізде белгіленеді?
Осынау шын мәнінде нағыз маңызды, нағыз өзекті сауалға қазіргі заманғы қылмыстық құқық теориясында да, тәжірибесінде де тыңғылықты, байсалды жауап күні бүгінге дейін берілмей келеді. Соған қарамастан бұл сауалдың басы ашық: мақсаты белгісіз үкім шығарған мазасыз түнде судья ар-иманына салмақ сала отырып, өзіне тынымсыз жауап іздейді. Бұл сауал еңсені езерлік түрме қабырғаларында отты әріптермен жазылып тұрғандай, ол өзінің бостандыққа шығар уақытын сағат-минутына дейін есептеп, тағатсыздана күткен бақыттсыз тұтқынның көзін қарып жанын ауыртады. Бұл сауал тұғырында отырған тоқ қарғаның тарғыл дауысымен, неліктен және не үшін екеніне ден қоймастан бір-бірін аяусыз қинап азаптап жатқан адамзат баласын келеке еткендей қайта-қайта жаңғырады.
Бұл сауалға орай қолданыстағы «жазалар туралы заңнаманың» кез келген бабын, мәселен 1467-бабын алып қарайық. Бұл бап қажетті жеке қорғаныс кезінде төнген қауіптің беті қайтқаннан кейін де кісі өлтіргені үшін себеп-салдардың әсері бойынша және істің басқа мән-жайларына орай үш жақты жаза қарастырады:
- немесе 4 айдан 8 айға дейін түрмеге қамау;
- немесе 3 күннен 7 күнге дейін қамауға алу;
- соттың алдында тек қатаң сөгіс беру.
Енді осы бап бойынша айыпталушы және соттың үкімін тағатсыздана күтіп отырған тұлғаны көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
Қажетті қорғаныс кезінде шамадан тыс қызу қандылық көрсеткен жаңағы тұлға жоғарыда аталған жазалардың қайсысы қолданатынын мүлдем білмейді. Оның қорғаушысы, тәжірибелі криминалист-ол да, сот заңда көзделген жаза шараларының қайсына тоқтарын тап басып айта алмайды.
Ал соттың өзі ше?! Сол тұлғаға қандай жаза шарасын қолдану қажеттігін біле ме? «Себеп-салдардың әсерімен» және «істің мән-жайы бойынша» тұлғаның қылмысының көптеген басқа әрекеттерден айырмашылығы жоқ. «Соттың ар-намысы» ол тұлғаны барынша қатаң жазалауға себеп таппай тұр, дегенмен оған мейілінше кешіріммен қарауға да негіз жоқ.
Міне, содан келіп судьялар прокурордың өте жеңіл ойлылықтың нәтижесінде келтірілген өлім үшін қатаң жазалау қажеттігі жөніндегі талап сөзінің әсерімен әлгі тұлғаны, айталық бес ай түрмеде жабуға соттады делік.
Егер сіз артынан судьялардан неге дәл осы бес айға соттағаны жөнінде, 4 немесе 3 аймен шектелуге болмады ма, неліктен олар сол тұлғаға 7 немесе 5 күнге қамауға алу шарасын немесе жай сөгіс жариялау шарасын тағайындау мүмкін емес деп есептеді-осы мәселелер жөнінде сұрасаңыз-сауалыңызға бір жақты, тыңғылықты жауап ала алмасыңыз сөзсіз. Олар тағылған шара өздеріне «барынша әділетті» болып көрінгенін айтады немесе сіздің сауалыңызға ештеңе деп жауап беру мүмкін еместігін мойындайды.
Жаза шарасы сот заң санкциясының кең көлемінде, «әділдік сана- сезімнің» субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осы барлығын шешетін сана-сезім мейілінше тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.
Заңгер-зерттеушілердің осы жаза тағайындау мәселесін басты тақырып етіп алып, тұрақты түрде зерделеп жазып келе жатқанына біраз жылдардың жүзі болды. Жаза тағайындау проблемасын зерттеуде көптеген қылмыстық істер қарастырылып, ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізілген.
Сөз жоқ, жаза тағайындау-қылмыстық құқықты қолдану барысындағы ең жауапты кезең. ҚР ҚК 52-бабында: «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға . . . әділ жаза тағайындалады. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс»- деп атап көрсетілген. Осы орайда заң әдебиеттеріндегі: «Қылмысты дұрыс санаттау қаншалықты маңызды болса да, қылмыстық заңнаманың нақтылы тиімділігі ең алдымен қылмыс жасауға айыпты болып танылған адамға тағайындалған жазадан көрніс береді», -деген барынша негізді пікірге еріксіз ден қоясыз.
Жаза тағайындау проблемасы ұлттық заң әдебиеттерінде тұрақты сөз болып, зерттеу обьектісіне айналып келе жатыр.
Бұл диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы жаза тағайындау проблемасы зерттеу объктісі ретінде алынды.
Тақырыптың маңыздылығы жоғарыда айтылғандай, осынау адамзат өркениетінің сан ғасырлық даму жолындағы маңызын жоймай келе жатқан жаза тағайындау мәселесінің мән-маңызын ашып көрсету.
Бұл тақырыпты қарастырудағы негізгі мақсаттар;
Біріншіден - жаза тағайындау мәселесіне тарихи тұрғыда, тарихтың қалаулы бір қайнар көзі болып табылатын әдет-ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау мәселесінен бастап сол жібек желі, алтын арқауды үзбей, одан кейінгі қилы заман, дүбірлі кезеңдердегі жаза тағайындау институтының даму-қалыптасу дәстүрлерімен берік сабақтастырып, бір ізбен, бір жүйемен қысқаша баяндап көрсету.
Екіншіден - жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қағидалары, жазаны жеке даралаудың аспектілері, сонымен қоса Қылмыстық кодекстің 4 тарауында көзделген іргелі мәселелер мәселенің желісі ретінде қарастырылды.
Үшіншіден - жаза тағайындау мәселесіне байланысты бұрын соңды айтылған, білікті мамандар, ғалымдар тарапынан лайықты бағасын алған ой-пікірлерді саралау, даулы мәселелерге қатысты екі жақты пікірлерді алдыға тарта отырып, батыл байламдарды негіздеу. Бұл үшін сот тәжірибесінен алынған дерек-дәйектерге ерекше көңіл бөлінді.
Диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім - Жаза тағайындау институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері.
Екінші бөлім - Жазаны жеке даралу мәселелері.
Үшінші бөлім - Ерекше жағдайларда және қылмыстардың көптігі жағдайында жаза тағайындау мәселелері қарастырылды.
Соңында қорытынды жасалып, әдебиеттер тізбесі берілді.
I тарау. Жаза тағайындау институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- Жаза тағайындау институтының тарихи қалыптасуы мен Егемен Қазақстанның жаза тағайындау институтындағы жаңа белестер.
Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы - қазақтың ата жолы, қазіргі құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет -ғұрыптары мен салт - дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әрі еңбек-халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.
Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы академик С. З. Зиманов «Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің негізін құраған мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихтың ерекшелігі және өміршеңдігі мен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы далада көшпелі өркениеттің негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рөлінің құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың еркіндік қабылетінің сақталыуымен оқшау орналасуы мен түсіндіруге болады 1 », -деп атап өтті.
Қазақ елінің құқық тарихын зерттеп, оған ғылыми тұрғыда баға берген және сараптама жасаған А. Алекторов, А. Якуткевич, А Лапшин, Л. Баллюзек, Д. Андре, Е. Бекмағанов, И. Козлов, И. Кради, Т. Күлтеев, С. Фукс, Ә. Марғұлан, С. Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды.
Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірінде кездесіп тұратын азаматтық
және қылмыстық істерді шешу міндеті билерге жүктелетін. Қазақ даласында би ешқашан сайланбалы қызметте болған емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт- дәстүрін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, сөзі уалі, шаруасы түзу, ата тегі белгілі және елге беделді сыйлы адамдар ғана би болған. Ел ішінде көпшілік жұртқа әділ, тура билігімен танылған билер беделі әрқашан күшейіп, олардың орны маңыздала түседі. Әділ билеріміз тарихына көз жүгіртер болсақ, тіліміздің ұшына ең алдымен үш жүздің ұлы билері - Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке есімдерінің оралуы жайдан емес.
Қазақ халқының бірлігін, тұтастығын саясат қылып ұстаған Тәуке ханның қазаққа жасаған көп игілігінің бірі - ескіден келе жатқан әдет-ғұрып нормаларын қайтадан жүйелеп, өз заманы талабына сай «Жеті жарғыны» қабылдауы. Бұл заң жобасын қабылдау кезінде үш бидің және басқа билердің кеңес - ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге
әкелуге көп септігін тигізді.
1 Зиманов С. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары / Қазақстан ата заңы. -Алматы: «Жеті жарғы», 2001. -15-16 бб.
«Жеті жарғы» - көшпелі қазақ халқының Ата заңы. Ол «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол» сияқты дала заңдарының заман талабына сай өңделіп, дамытылып, толықтырылған билік, үкім, нұсқауларының жинағы. Күні бүгінге дейін «Жеті жарғының» толық нұсқасы табылған жоқ.
Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде ұстаған ерінің сол сәтте екеуінде өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз қалуға мүмкіндігі болған. Егер әйелдің ойнас жасағанына төрт адам куә болса оның қылмысы әшкере болды деп саналған ондай жағдайда күйеуінің шешімімен өлім жазасына кесу құқығы берілген. Өзгенің әйелін ықтиярсыз алып қашқаны үшін өлім жазасына, не болмаса құн төлеуге кеседі. Егер әйел өз еркімен қашса оны алып қашқан адам қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосып береді.
Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып, зорлаушы қалың малтөлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де, өлім жазасынан да босатылады. Осылайша ата - бабаларымыз «қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп әлпештеп өсірген қыз баласының арын да қызғыштай қорғап, «қызға қырық үйден тыйым» деген тәрбиелік қағиданы қатты ұстанған.
Осы жоғарыдағы мысалдардың өзі қазақтардың әдет-ғұрыптарындағы жазалардың әр түрлілігін көрсетеді. Жаза тағайындау кезінде билердің қылмыскердің қылмысты жасаудағы іс-әрекетіндегі ерекшеліктерге, кінәнің деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс әрекеттерінің себебіне және тағы басқа назар аударып отыруы жазаның тиімділігіне кепіл болған. Билердің негізгі мақсаты-құн даулаушы жақты да айыпкер жақты да өздерінің шешкен шешімдерімен толық қанағаттандыру болған. Сол үшін де билер назарынан жаза тағайындау кезінде бір нәрсе де, титімдей түйткіл сырт қалмауы қарастырылған.
Жоғарыда қарастырылған қазақтың әдет-ғұрып заңдарының қалыптасуы, дамуының тарихы, толғақты мәселелері төңірегінде нақтылы мысалдарға сүйене отырып, белгілі бір дәрежеде біршама сөз еттік. Ендігі ретте содан кейін бастау алатын, халқымыз тарихындағы ақтаңдақтармен, қилы қиямет оқиғалармен белгілі отаршылдық саясат кезеңіндегі қылмыстық заңдардағы жаза тағайындау проблемасына қысқаша тоқтам жасайық.
Қазақстан аумағында қолданыста болған Ресей империясының заңдары сол кезеңдегі негізгі мемлекеттік-құқықтық институттардың саяси және экономикалық мазмұны мен ерекшеліктерін сипаттайды.
Ресей империясы қылмыстық-құқықтық нормаларының алғашқы барынша жүйеленген жиынтығы 1845 жылғы «қылмыстық және түзеу жазалары туралы уложение» болды. «Жазалар туралы уложение» бойынша жаңа қонысқа аударудың екі түрі болды: Сібірге және Закавказьеге. Қазақтар үшін Сібірге және Ресейдің шалғай мекендеріне жер аудару жазаның ең қатаң түрі болып саналған. Жазаның бұл түрін қолдану барысында қазақтар қарым қатынас ортасынан, шаруашылықты жүргізудің дәстүрлі тәртібінен айырылды, ал бұл өз кезегінде сотталушылардың жүйкесіне кері әсерін тигізді. Қазақтар жазаның бұл түрінен қатты қорықты, сондықтан да «Итжеккенге айдалу» өлім жазасымен пара-пар болды. «Уложениенің» 90- бабында айтылғандай, жаңа заң қаулысының нақты негізі ретінде анықталады. 4- бап қылмыстық жазаны жеке даралау қағидасы бөлінеді, соған сәйкес жаза шараларына мыналар ықпал етеді: көбірек немесе азырақ қасақаналық шарасы, қылмыстың ниеті жүзеге асыру дәрежесі, бірлесіп жасаған қылмысқа қатысу сипаты. 129, 134- баптарда жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар атап көрсетілген 1 .
Қылмыстық заңдардың келесі нормативтік сатысы 1903 жылғы 22 наурыздағы II Николай патша бекіткен «Қылмыстық уложение» болды. 1903 жылғы Қылмыстық уложение 1845 жылғы уложениеден өзгеше болды. Онда 687 бап болды (ал 1845, 1885 жылдардағы ондай құжатта баптардың саны 1711-ге жететін) . Ол өз мазмұнына оның алдындағы заңдардың өміршең өзгешелерін, қылмыстық құқық саласындағы біліктілікті мамандардың озық ой- толғамдарының сарабымен жазылған еді. «Жинақта» ант бергендер соты айыпкерге жаза тағайындау барысында басшылыққа алынатын өлшемдерді айқындайтын жаза тағайындауды рәсімдеу нормалары көрініс тапқан.
Алдын ала келісілген немесе бірлесіп жасалған қылмыстық әрекеттрердің жазалылығы туралы нормалар барынша байыпты негізделуімен ерекшеленіп лайықты бағасын алды. Жазаның әділдігі тұрғысынан оны жеңілдету немесе ауыстыру туралы нормалар мен жауаптылықты күшейтетін мән-жайлар да заман талабына мейілінше сай келді.
Ресей империясында құқықтық жүйені жетілдіру процесі Қазан төңкерісіне байланысты тоқтап, тоқырап қалды. Жаңа үкімет патшалық Ресейдің барлық заңдарын толығымен қолданыстан алып тастады.
Қылмыстық-құқықтық қатынастарды жекелеген актлер, деректер, қаулылармен реттеу бұл актлерді жүйелеп, кодификациялау қажеттілігін туғызды. Мұндай бірінші кодификацияланған акт «1919 жылғы жетекші бастамалар» болды.
Оның 11, 12, және 25- баптарында жаза тағайындаудың тәртібі анықталған болатын. 11- бапта сот жаза тағайындаған кезде басшылыққа алынатын өлшем нақтылы берілді: «Жасалған қылмысқа ықпал ету шараларын анықтаған кезде сот қылмыскердің жеке басы және сондай-ақ оның жасаған қылмысының қоғамдық өмір үшін қауіптілігінің дәрежесі мен сипаты (ерекшелігін) қарастырады. Бұл мақсатта сот біріншіден, жасалған қылмыстың барлық жай жапсарын зерттеумен ғана шектелмей,
қылмыскердің жеке басын тексереді, өйткені оның жасаған әрекеті
ниетінде сондай пиғылдар көрініс табуы және де оның өткені мен қазіргі өмір салты негізінде оны анықтау мүмкін; екіншіден, әрекеттің өзі уақыт пен орынның нақтылы жағдайында қоғамдық қауіптілік негіздерін қаншалықты
1 Уложение о наказаниях уголовных и исправительных. - СП., 1892. -С. 45-51
дәрежеде бұзатынын анықтайды».
12- бапта соттың қарауына жататын және қылмыс жасаған адамның жеке басы сипаты мен жауаптылық дәрежесіне ықпал ететін деректердің нақты тізімі келтірілген:
«Әрбір жекелеген жағдайда жаза шарасын анықтауда мыналарды айыра білу қажет:
а) меншік құқымен байланысты қандайда бір артықшылықтарды қалпына келтіру, сақтау немесе иелену мақсатында қоғамның дәулетті табына жататын адамның қылмыс жасауы немесе аштық, не мұқтаждық жағдайында кедей адамның қылмыс жасауы;
ә) іс-әрекет қанаушы таптың билігін қалпына келтіру тұрғысында жасалды ма, немесе іс әрекетті жасаған адамның жеке басының мүддесіне орай жасалды ма;
б) іс-әрекет келтірілетін зардапты білі отырып қасақана жасалды ма, немесе көргенсіздігі не санасыздығы салдарынан жасады ма;
г) іс-әрекетті кінәлі қылмыскер жасады ма немесе бірінші рет жасады ма;
д) іс-әрекет адамға күш көрсету арқылы жасалды ма не ондай орын алмады ма;
е) іс-әрекет жеке адамға немесе мүлікке қарсы бағытталды ма;
ж) іс-әрекетте алдын ала ойластырылған ниет, қаталдық, залымдық қылық немесе жауыздық ниет болды ма немесе әрекет қызбалық, жеңілтектік әлде немқұрайдылық салдарынан орын алды ма».
Аталмыш нормативтік актының 25-бабында жазалар тізімі келтірілген.
Жетекші бастамаларда ерекше бөлім болған жоқ. Қылмыстың нақтылы құрамының бөлім белгілері мен оларды жасағаны үшін қолданылатын санкциялардың заңды бекітілмеуі, қасаң қылмыстық саясат осы нормативтік актідегі барлық ұнамды, ұғынықты мәмілелердің баршасын дерлік жоққа шығарғандай еді.
Жаза тағайындау институтын қалыптастырудағы келесі қадам 1922 жылғы РКФСР қылмыстық кодексінің қабылдануы болды.
1922 жылығы қылмыстық кодекстің қабылдануы қылмыскердің жеке басына қатысты мән-жайларды алға шығарған және іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің маңызын бірінші кезекте бағаламаған. Жетекші бастамалар мен салыстырғанда алға қарай жасалынған қарышты қадам болды.
1922 жылы КСРО құрылғаннан кейін, 1924 жылғы Конституцияға сәйкес «КСРО мен Одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының негізгі бастамалары» қабылданған болатын. Бұл заңда жаза тағайыдаудың төмендегідей тәртібі белгіленген: қылмыскердің жеке басының сипаты мен қауіптілік дәрежесін ауырлататын және жеңілдететін жән-жайларды есепке алу 1 .
Жаза тағайындау институты дамуының маңызды кезеңдерінің бірі 1958 жылғы «КСРО мен Одақтас респуликалардың қылмыстық заңдары
1 Уложение о наказаниях уголовных и исправительных. - СП., 1892. -С. 45-51
негіздерінің» қабылдануы болып табылады. Осы заңның үшеуі де И. В.
Сталин қайтыс болғаннан кейін жеке басқа табыну саясаты айыпталып
өрескел заң бұзушылықтар жөнінде жария болған, жылымың деп аталған
кензеңде қабылданған еді. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолданудан бас тарту және Кеңестік қылмыстық құқықтың «Заңда ол туралы белгіленбесе онда қылмыс жоқ» қағидасына көшуі қоғамды демократияландыру бағытындағы біршама илерінді қадам болды. КСРО конституциясына сәйкес барлық он бес Одақтас республика өзінің ішкі қылмыстық заңдарын қабылдай бастады. Қазақстан КСРО ның субьектісі ретінде 1960 жылғы 1-қаңтарда күшіне еңген өзінің қылмыстық заңын 1959 жылы 22 шілдеде қабылдады. Бұл Қазақ КСР-ның өзіндік тұнғыш Қылмыстық кодексі болды. Қылмыстық заңның 4-тарауында қылмыстық кодекстің жаза тағайындауға қатысты алты бабы (34-39) болды.
Қылмыстық кодекстің 34-бабында жалпыодақтық заңдардың жоғарыда келтірілген ережелерін сөзбе сөз қайталанатын жаза тағайындаудың жалпы негізі қарастырылған. 35 және 36 баптарда жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар көзделген.
Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz