Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе. 3-6
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
І. Адамның даралық психологиялық сипаттарының бірі - қабілет
1.1 Әдеби шолу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7-16
1.2 . Қабілет ерекшелігіне жалпы сипаттама 17-26
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар және оларды 27-30
қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.4. Шығармашылық қасиет тіршілік көзі 31-36
... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
дамытуда мұғалімнің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37-43

2.2 Бала бойындағы дарындылық қасиетін дамыту ұстаз парызыз 44-53
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту. 54-57
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тәжірибе.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 58-69
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..70-73
Қолданған әдебиетгер
Қосымшалар

Кіріспе.
Балалардың шығармашылық дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту
және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы,
айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті
бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның
алдында үлкен талаптар қойылады. Балалар дарындылығына табиғаты,
шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымға. Мұның барлығы
арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер қазіргі психология, педагогика
ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары
жүргізілуде. Брушлинский А.В, Матюшкин А.М, Нурахунова А.А, Кравцова Е.Е.
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда.
Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету
жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа
сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күрделі
әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсындаа шығармашылық қабілеттер басты
нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен
проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі заманымызда
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың бойындағы дарын-
таланттарын ұштау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір халықтың елдігі
мен егемендігі, сол халықтың зиялы қауымына негізделеді және кез келген
мемлекеттің күш -қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылық пен ғылымның,
техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуының өзінің тікелей еңбегімен
ықпал етуге қабілетті мамандар санымен анықталады. Сондықтан да
инновациялық ғылыми-техникалық даму дәуірі маманның тұлғасына, заман мен
қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген үйлесімді
шығармашыл адамын тәрбиелеу еліміздің басты міндеті. Себебі өмірдегі сан
алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек
шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің
мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндігі береді. Мұндай күрделі мәселені
шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын
бастауыш мектептің алар орны ерекше. Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке
орай, баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес
жаттығулар орындау, есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар, бір
ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Бастауыш
сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен
меңгере алады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі заман
талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта
білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін
қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама күрделі; ой ұшқыр
шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеу. Баланың әлеуеттік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің
маңызды жұмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі таңца болашақ жастарға,
жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогерсс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие
беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін
жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру әділетті қоғамның міндеті
болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары
мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай
адамды балбақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан оқушының
шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге
болады. Жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына шығармашылық
тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер, технологиялардың
қолданыла бастауы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі - үлкен жетістік.
Дегенмен біздің өмірімізде шығармашылықтың алар орны әлі төмен Неге?
деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін шығармашылыққа кері
әсер ететін факторлар анықталады. Олар:
- біздің шығармашылыққа үрке қарайтын әкімшілік-әміршілдік жүйеден
шыққандығымыз:
- екінші бір себебі бала кезден бастап біз сен мынаны дұрыс жасамадың,
олай емес, бұлай болмайды деген ескертулерді естіп өскендігіміз:
- қызмет жасайтын мекемеде шығармашылық ахуалдың болмауы:
- көп уақытқа дейін шығармашылық әр адам шыға алар биіктік дер
есептелінбеуі:
Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде
қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі
болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген мақсатқа жетудің
жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын боламыз.
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалы
қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну,
қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік
кезеңіндегі "бас қатырулар" табандылық, танымдық белсенділік. Біздің
ойымызша бастауыш сыныпта маңызды рөл атқарады. Бүгінгі бастауыш сынып
оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере
алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.. Оларда
қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі,
керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас
алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен
кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін
құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.
Ғылыми аппарат
Тақырыптың болжамы: Егер, балаларды шығармашылық қабілетін
дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмысының кілтін, орындалу принципін
қолдана берсек, өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиыншылықтарына
төзе білетін, белсенді, білімді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы
тәрбиелер едік.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық
қабілетінің көкейкестілігін, қажеттілігін көрсету, олардың бойындағы
шығармашылық жұмыстарын тереңдету.
Зерттеудің міндеті: 1. Шығармашылық қабілетін дамыту рухани байлықты
дамытуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, танымдық деңгейін
кеңейту.
3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз жұмысына
шығармашылықпен қарауды үйрету, ізденіспен іскерлікке баулу.
Зерттеу әдісі: Сауалнама, тест, практикалық сабақ, бақылау жұмысы т.б.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
жолдары.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыс түрлері.

I. Адамның даралық психологиялық сипаттарының бірі – қабілет.
1.1. Әдеби шолу. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар,
тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы
ойшылдарымыз Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған,
сондықтан еңбектерінде-адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі
көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин,
А.С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары
қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім
мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. (1923 ж.).
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар
Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков, О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар
Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу,
В.Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы
қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.
Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы — оқушыларды сөз өнеріне
баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мүхамедин ойын әрекеті
арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай
келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан
өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға
келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
"қабілет" ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда
"қабілеттерді" тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке
ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде
қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын көрсеткен.
"Қабілет" ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық.
"Қабілеттер" деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жегістіктерге жеггкізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің
қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте
дамитындығы жалпы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта
қарастырылатын болды.
Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев
қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі
дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын
тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе
көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Б.Г.
Ананьевтің пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы-шарты және олар тек іс-
әрекетте ғана қабілетке айналады.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше; қасиетті зерттеген Н.С.Лейтес
қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін
психологиялық қасиет",(2,-) деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілетінің алғы
шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу (саморегуляция) деген қорытынды
жасайды.
К.К. Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен
байланыста қарастырады. Ақыл-ой қабілетінің кейбір компоненттерін
анықтайды.
Жоғарыда аталып еткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз
еткенде, В.А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты жасаған
іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке
жарамдылық деп тануды ұсынады. Және басқа да зерттеушілер сияқты қабілеттер
әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген
пікірді қуаттайды.
Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген
В.И. Киреенко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың
жекелік айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне
деген қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да
әрекетте дамитындығын дәлелдейді.
Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. "Бейімділік - адамның әрекетпен айналысуға бет
бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы
белгісі", - деп жазады академик Т.Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге түсетін
бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады."Бейімділік
пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті бірінен-бірін
ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейімділік ұмтылу, ал қабілет
-мүмкіндіктер", - дейді көрнекті психолог Н.С.Лейтес .
Қабілеттер мәселесін қарастыруда "талант", "дарын" терминдерін айналып
өтуге болмайды.
Көптеген зертгеушілер мен психологтар "таланттылық" деп белгілі бір
салада (өнер, музыка т.б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды.
Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін
жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді
(З.Гильбух, В.С.Юркевич).
Францияның ағарту ісінің өкілі К.А. Гельвеций адамдардың барлығының
бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант
дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Мысалы, жаңашыл педагог
И.П. Волков "... егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап,
дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау
сияқты қатардағы шара", - дейді.
"Дарындылық" ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы
адамдардан (балалардан) жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам
қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып
жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-
әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы
дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал
дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды
балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын
тигізе алады.
"Тұлға" немесе "жеке бас" ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады.
"Тұлта" (латынша - регзопа) ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш
актерлер сахнада беттеріне киіп жүрегін масканы атаған. Бүгінгі күні ол
әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.
"Тұлға" - қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа", — деп жазады А.Н. Леонтьев. Ал
Э.В.Ильенковтың айтуынша, "тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс
енгізе алатын адамдар.
"Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге
асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің
кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі", — деген анықтама береді
академик Т.Тәжібаев.
Барлық ғалымдар дерлік адамның мұндай күйге бірден келмейтінін,
тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. "Тұлға болып қалыптасу — баланың
жаратылысынан бастап, қоршаған орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік
факторларға байланысты дамитын күрделі процесс. Сондықтан өмірге келетін
әрбір адамның тұлғалық деңгейге көтерілмеуі мүмкін", - деп жазады
психология ғылымының докторы В.Э. Чудновский.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең
алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Психологтар қабілеттердің
екі, түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1) Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай
алу деңгейі.
2) Шығармашылық, жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория -"Шығармашылық" ұғымының
мәнін анықтауға келеміз.
"Шығармашылық" сөзінің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу"
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: "...шығармашылық -
қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет", — деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С. Выготский
"шығармашылық" деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А. Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар
қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бүл пікір
бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен, "жаңалықпен" қатар "бастамалылык,
белсенділік" ұғымдары астарласа қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей
қорытындыға келдік:
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулердің бізді қызықтырған
кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н. Лук әрекет
нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға
байланысты деген пікір айтады. Шығармашылық қабілеттердің белгілері
ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;
- ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;
- тасымалдай білуді;
- ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығын;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың
болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау
сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
В.И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу орнында
шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің
диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық
ауқымын, диалектикалық кедергілерді айқындайды. Шығармашылық
педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады.
Оқушылардың көркем-шығармашылық кабілеттерінің ерекшеліктері, оларды
дамытудың жолдары мен әдістері А.А. Мелик-Пашаевтың,
В.С. Шубинскийдің, Қ.Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық
мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э. Чудновский, В.С.
Юркевич, И.П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері,
дарынды, таланты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін
жетілдіруте байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.А.
Кан-Калик, Н.Д. Никандровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының
психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру
жолдарына талдау жасалады. Көрнекті француз математигі Адамар шығармашылық
процесті 4 кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
А.Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.
3. Проблемадан уақытша кету.
4. Интуицияның оянуы, Инсайт.
5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына
арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып
оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше
топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.
3. Шешімнің жарық көруі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа
жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа
шешім табуды белгілейді.
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,
қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай
білу қабілеттерін атайды.
"Даму" ұғымы философиялық сөздікте " ...мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы", - деп
түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен
дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа
сапаға көшеді. Терістеу - дамудың қозғаушы күші. Терістеу — белгілі бір зат
пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа
сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең деп санайды, керісінше, оқу мен даму екі бөлек
процесс деген көзқарастарды қатты сынға алады. Ең алғаш рет бала дамуының
екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.
1. Бала дамуының жақын аймағы — баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Ғалым психологтар Л.В. Занков, А.А. Люблинская, В.В. Давыдов,
Д.Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын,
сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. СЛ.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова-
Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты
екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының даму
белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П.Блонский бұған индивидтің
абстрактіден нақтыға және, керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс
жасай алу қабілетін жатқызса, Д.Н.Богоявленский және Н.А. Менчинская — оқи
алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов оқу
материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні
және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу
дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В. Давыдов жинақтай, қорытындылай алу дағдысын ақыл-ой дамуының
көрсеткіші деп санайды.
Тұтас алғанда барлық авторлардың "даму" туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Бұдан шығар қорытынды: бала әдемі, байыпты, мақсатты ұйымдастырылған
шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен
айтқанда, "ол — біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға тиісті
шырақ, ұстаз шырақшы ғана".
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері шет елдік
психологтарды 1950 жылдардан бастап қызықтыра бастады және осындай өте
қысқа мерзім ішінде қабілеттер туралы діни көзқарастардан оны ғылыми
психологиялық ұғым деп тануға дейінгі дәрежеге жетті. Шығармашылық туралы
пікірлер А.Осборор (1953), А. Бионди (1967), Д.Треффингер (1976)
еңбектерінде айтыла бастады. Бұл жұмыстардың әдістемелік негізі ретінде 50-
жылдары жазылған Дж.Гилфорд және оның ізбасарларының (креативтілік)
интеллект туралы теориясы алынады. Бұл теорияның негізгі мәні — факторлық
зерттеулер нәтижесінде шығармашылық ойлаудың балаларға, сондай-ақ
ересектерге тән ортақ компоненттері анықталған. Олар кез келген өнімді
әрекетте болатындығы дәлелденген. Олар:
- интеллектуалдық шығармашылық бастамалылық;
- категоризациялаудың кеңдігі, заттарды пайдаланудағы оқыстылық,
оларға мән бере білушілік;
- ойлаудың шапшаңдығы;
- ойлаудың сонылығы, шешімнің дәстүрлі шешіммен салыстырғандағы
тапқырлығы.
Осы теория негізінде баланың шығармашылық қабілеттерін анықтауға
арналған тестер жүйесі өмірге келеді. Соның бірі-тәжірибеде көп
қолданылатын Е.Торренс әдістемесі (тесты творческого мышления Торренса).
Зерттеулер нәтижесінде Е.Торренс баланың шығармашылық ойлауы 4-5 жастан
басталады деген тұжырымға келеді. Шығармашылық қабілеттердің дамуын
зерттеген психологтар мәселенің әр қырына, әртүрлі компоненттеріне
тоқталады. Мысалы: жоғары шығармашылық елестете білу және еркін ойын
әрекетіне байланысты (Дж. Моран, Р.Мильграм, 1984), ата-анасының
қызығушылықтары мен бейімділіктеріне байланысты (Т.Ковач, 1984), от
басындағы тәрбие ерекшеліктеріне (М.Филберг, 1977), балаға еркіндік беріп,
жағдай жасауға оны көтермелеп, мақтап отыруға байланысты (П.Смит, 1983)
деген пікірлер бар. Д.Дельман (1982) зерттеулері Ж. Пиаже теориясына сүйене
отырып, баланың шығармашылығының сапалық жақтарын ашуға бағытталады. Ол
шығармашылықтың ақырғы нәтижесі баланың ақыл-ойында логикалық
интеллектуалдық құрылымдардың пайда болуы деп есептейді.
Баланың шығармашылық қабілеттерін зерттеу, диагностикалауға үлкен
еңбек сіңірген американдық психолог Д.Гилолорд ойлаудың екі түрін бөліп
қарайды:
- конвергенттік — бір бағыттағы жүйелі логикалық ойлау;
- дивергенттік - логикадан ауытқи, балама ойлау.
Конвергенттік ойлау тек бір ғана шешім болатын, ал дивергенттік ойлау
бірнеше варианттарда шешімдер қабылдауға болатын жағдайларда іске қосылады.
Шығармашылық қабілеттердің дамуы соңғы дивергенттік ойлаумен тығыз
байланыстырылады.
Француздың белгілі дидактигі Селестен Френе баланың шығармашылық
қабілеттері дамуы үшін мектеп балаға лайықталынуы керек деп есептейді.
Баланың барлық табиғи мүмкіндіктері ашылуы үшін тек ұстаз, оқулық,
бағдарлама болуы жеткіліксіз, бала әртүрлі әрекетпен айналыса алатын орта
болуы қажеттілігіне баса назар аударады. Сол себепті С. Френе жоғарыдағы
жағдайлар ескерілген мектеп ашады. Ол мектеп балалар тек оқып, жазып,
тыңдайтын сыныптар комплектісі бейнесінен шәкірт өмірі мен қызығушылығы
байланыстырылған, баланы еркін, ерікті ете алатын, өзінің жеке өмірлік
тәжірибесін байыта алатын мекемеге айналады.

1.2 . Қабілет ерекшелігіне жалпы сипаттама.
Күнделікгі ауызекі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз.
Мәселен, мүғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика
пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық
жүмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің үйымдастыргыштық,
екіншісінің — музыкалық, үшіншісінщ — суретшілік қабілеті еске алынып,
бүған ерекше мән беріліп отырылады. Бүл мысалдар әр адамның әрекеті бір
түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мүндай
ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы
көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бүрқыратып тез бітіріп
тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу
кимылдап әрі істі сапасыз етіп орыңцайды. Бүл мысалда да біріншіадамның
іске қабілетгілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп
түр.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол
біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат
адамдардың қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді.
Қабілеттіліктің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі болып
орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер
саласының біріне жарамдьшығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік
орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық
саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т. б.) қиысып
келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және өрекетке
үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік
пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық
қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың қүрылысын
жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі
терендеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де
ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мүғалімдер өз оқушыларының (тіпті
ол жақсы оқитын оқушы болса да) үлгіріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз
окушысының бар мүмкіндігімен жүмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол
сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бүдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау
деп қынжылады. Бүл жерде мүғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез
машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнді үсына алмағандықтан,
қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр. Оқу-тәрбие процесінде
қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде
түсіне алмау - мүғалімдерді педагогикалық қателерге үшыратуы да мүмкін.
Мүны дәлелдейтін мысалдар кеп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың
арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуга қажеггі дағды мен білімі
болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мүғалімдері
Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның
зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор
қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай
ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бүл жайт
академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын
аңғартады. Бүл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі,
дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың
кабілеттерін дүрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне
мүғалімдердің зер салуын керек етеді. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.кез-
келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың
орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен
бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде
көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына
мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бүған суретшінің,
музыкантгьщ, актердің, спортшының, математик — ғалымның ақын-жазушының
кдбілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің
үщінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бүған үйымдас-
тырғыштык,, педагогтық, конструктивті — техникалық қабілетгерді жатқызады.
Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер,
практика) орайлас бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның әлеуметтік сипатына
ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм
қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына
буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды, өйткені қауырт дамып келе жатқан
капиталисгік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады.
Мүның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол
кездері жан-жақты қабілетгі, аса дарынды адамдар көп болды, өйткені бүл
қоғамның қажетінен туған қүбылыс еді. Ф. Энгельс қайта гүлдену
дәуіріне105 берген сипаттамасында сол дөуірді: күшті ой — өрісі,
қүштарлығы мен сипаты, сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек
еткен және сондай алыптарды туғызған заман болды... Ол кезде алысқа сапар
шекпеген, төрт-бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында
жарқырап көзге дерлік еді. Леонардо да Винчи үлы художник болып қана қойған
жоқ, сонымен қатар, үлы математик, механик және инженер болды, физиканың
сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альбрехт
Дюрер суретіш, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзіндік
кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бүл идеяларды көп
заман өженнен кейін барып, Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа
неміс ілімі қайтадан көтеріп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері,
тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты
бірінші осксри жазушы болды... Ол замандағы гсройлар кісінщ өріеін
тарылтатын, сыңар жактық туғызатын, олардың ізбасарларының бойынап ықпалы
бізге сондай жиі байқальш жүрген едбск белінісініңқүлдары бола қойған
жоқты1'". Ф- Энгельс айтып отырған Орта ғасырдаш қайта гүлдену (дүрысы
Қайта өрлсу. к. Ж.) ХХ-ға сырдыц бас кезінде қазақ қогамында да белең алған
сді. Осы кездегі тарихи аренаға жан-жақты қабілетті адамдар Ш.
Қүдайбсрдиев, А. Байтүрсынов, X. Досмүхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М.
Шоқасв, М. Жүмабаев, т. б. шыққапы белгілі.
Адам қабілетгерінің жан-жақты жсгілуі еңбсктің ескі бөлінісін, яши ой
еңбегі мен денс еңбегі болып бөлінуін, сөйтіи адамның белгілі бір кәсіпке
немесе мамандықка тацылып қоюын бірте-біргс жоюды коздейді.
Әрине, бүдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына
тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің үштасуы адамның депе күшінің де,
рухани күшіпің дс дамуыиа ссбепші болады, адамның білімі, шебсрлігі, іс-
өрекетгіц түрлі саласындағы айрықша дамьиаи тәжірибе мси білім икемі дүрыс
үштасқанда ғана ғыдым, техника, әдебиет пен онер саласында адамньщ қабілсті
меи дарыны, таланты дамьш, оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер
жасалады.
Қабілет және нышан
Адамның кейбір өзгешеліктері ана қүрсағында жатқанда-ақ пайда болады.
Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына үксаи тууы. Мүны анатомиялык,
нышан дейді. Жүйке жүйесінің, ксйбір анализаторлардың ерекшеліктері де
туысынан пайда болады. Мүны физиологиялық нышан дейді.
Нышанньң соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен,
баланың есіту аыализаторығіың жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, кәру
анализаторының өзгешеліғі сурет қабілетінің көрінуіне себіғі тигізеді.
Бірақ нышан қабілет дамуының бірдсн-бір шарты бола алмайды. Ол — адамның
ішкі мүмкіндіғінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дүрыс
тәрбис кермесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті
айтарлықтай дамымайды, әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес кслсді деп
ойлау да қате. Нышан көп мөнді қасиет, яши сол нышанга негіздселіп адам
өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның
ықпалымен қалыптасқан щбілеттің турін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы
оның жоғары жүйке кызметінің тума типіне (мида уақытаіа байланыстардың тез
жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштьны, динамикалық
стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып
келеді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады.
Тарихга болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мүндай мысалдар өте көп.
Осыдан 200 жылдай бүрын Германияда үстазы Кристиан фон Шенах жазып
алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристаан Гейнрих Хейнекеннің өмірі,
іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі деген кітап жарық көрді. Аса дарынды
балажөніндегі алғашқы кітап осы болатъш..
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған
затгардың көгппілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде
ертегілерді өзі оқып, математиканың терт амалымен есеп шығара алады, көп
үзамай сәби француз іілш үйреніп, географиядан жақсы мағлүмат алады және
мыңнан астам латын мәтелін біледі.
Гейнрихтьщ данқы әлемге жайыльш, оны Дания королі қонаққа шақырады.
Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.
Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зертгеу жүмыстары
байқатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5-
6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық
білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін
кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала
күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын
өлең жазып, сурет салып, көбелек үстап, коллекция жинауға, немесе химиялық
тәжірибе жасауға сарп етеді. Мүндай дарынды адамдардың балалық шақтағы
ерекшеліктері туралы жазылған шығармалар есепсіз. Айталық, Дюрер үіл
жасывда өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып ұлгерген.
Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға
қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын
болған.
Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің
салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты, сөйтіп
әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептермен
сандар теориясы жөніыдегі өзінің 292
дарынын ерте танытқанға үқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын
негізінсн 14 пен 17 жастың арасында ашыпты.
Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасынан бастап ғылымға Ден кояды
да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге
түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан Уәлиханов та аз ғана ғүмырының
ішінде адамзаттық ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, Тіл,
этнография, география, шығыстану т. б.) баға жетпес кеп үлес қосты. Ол
музыка, сурет саласында да, публицистика мен жазушылық өнерде де, өзін
жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан жөнінде С. Мүқанов былай деп жазады:
Аз өмірінде осыншатығыз, зүлымдықпен арпалыса жүріп атқарып үлгерген
еңбегінде қисап жоқ... Шоқанды... 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында
өлген Добролюбовтың қатарына қоюға болады. Шоқан да солар сияқты: шын
мағынасыыдағы талант, шын мағынасындағы данышпан107.
Алты жасар Таня Федина музыкаға мейлінше дарынды болды. Ол
фортепьянода көптеген композиторлардың, сондай-ақ, өз шығармаларыы тамаша
орындады. Оның фортеиьяно үшін жаяған пьесалары, космонавтар туралы әндері
бар. Таня отыздан аса ән және осындай аспаптық шығармалар (вальстер,
прелюдиялар, фантазиялар т. б.) жазған. Мәселен, оның космонавтарға арнаған
Титов маршы, Терешковаға, Космонавтарға хат деген шығармалары бар. Ол
Мәскеу Консерваториясы жанындағы орталық музыка мектебінде оқып жүргенде
бір актілі опера жазған.
Дарығіды адамдарды ғылым саласынан да көптеп кездсстіреміз. Мәселен,
қазіргі аттары әйгілі математик С. Мерге-лян 16 жасында университеттің
бірдсн екінші курсына қабылданды. Ол жиырма жасында ғылым докторы атағын
алды. Академик Л. Ландау орта мсктепті 13 жасында үздік бітіріп, он төрт
жасында университеттің екінші курсына түседі. Мүндай мысалдарды көптеп
келтіре беруге болады.
Қабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді.
Талант — бір әрекетті творчестволықпеы орындау мүмкіншілігін қамтамасыз
ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада,
әдебиетге, ғылымда, техникада т. б. әрекетгерде көрінеді. Талантгың дамуы
еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А. М. Горький
талантты нәрсе — істі сүю деп бекер айтпаған.
Творчестволык, қызметгің асқан дарынды өкілдерінің барлық қуат-
қабілеттерінің бірдей шарықтайтын кездері болады. Мүндайда олардың санасы
барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта
түседі, жазатын нәрсесі мүқият әрі тез дайындалумен қабат, іште жетіліп
піседі. Бүл — адам талантының шарықтауының тамаша бір көрінісі. М. Әуезов
Абай жолының кейінгі үш кітабын машинкаға қолма қол айтып бастырған. Тек
зор талантты адамның ғана осындай керемет қасиеттері болады. Жазушы Ә.
Нүрпейісов Мүхтардың талант ерекшелігін былайша суреттейді: Бірде үйіне
бардым. Кабинетінің есігі ашық қапты. Мүқаң Ақын аға аталған үшінші
кітапты жатқа айтып түр...
Оның жүрегіне, толқи шығатын қоңыр дауысы шалқар шабыт түсында шалқи
төгілген аса білімді, көл-көсір көріністерді, адам жанын аламан-асыр
қылатын ащы-тәтгі шындықтарды, өлмес-өілпес көркем сөзге айналдырып жатты.
Дес бермей бара жатқан ой тасқынын іріккісі келгендей ара-түра бір жөтеліп
алады да, қайтадан сөз маржанын толассыз тоғыта береді108.
Осы эпизод бізге үлкен талант иелерінің шығармалары оп-оңай өзінен-өзі
жазьша салатын.дай етіп көрсетуі мүмкін. Ал, шындығында бүлар инемен қүдық
қазғандай еңбекте — неді. Аты-шулы ақын-жазушылардың, ғалымдардың
қолжазбаларын кәрсек, олардың бір жазғанын қайта-қайта өңдейтінін, сан рет
көшіріп жазатынын, бір сөзбен айтқанда, қажымай-талмай еңбек ететінін жақсы
бай-қаймыз. В. Маяковский осындай алып еңбекті былайша көрсеткен:
Жыр маржан ғой теңіздің түбіндегі, Алу үшін қадалған миллион көз. Дәл
осындай жыр жолына ілігеді, Миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз.
Ізгілікті демократия кең өріс алған қоғамда ғана таланттар дами алады,
оған жағдай жасауға мүмкіндік туады. Сондықтан әрбір адам өзінің жеке
ерекшелікгеріне байланысты аянбай еңбек етсе, үнемі оқып үйреніп, ізденсе
ғана өзінің талантын шарықтата алады.
Жалқау, еріншек, бейнеті көп жүмысты онша сүймейіін адамдардан талант
иесі шықпайды. Н. Островскийдің: бізде талантсыз тек еріншектер гана деуі
өте тауып айтылған сез.
Тарихи-әлеуметтік маңызы бар творчество беретін қабілетгілік-тің ең
жоғарғы түрі данышпандық деп аталады. Қабілетгің кең өрістілігі, іс-
әрекеттің қоғам мүддесімен тығыз байланыстылығы -даньшшандықтың негізгі
белгісі. Даньпішан адам өзі айналысқан әрекет саласыңца бүрьш соңды болып
көрмеген жаңалықтар ашып отырады.
Мәселен, жаратылыстану ғылымы саласындағы Н. Коперник, Г. Галилей, Н.
Ньютон, Ч. Дарвин, И. П. Павлов, А. Эйнштейғі, Н. Винер; әдсбиеттарихындағы
В. Шекспир, В. Гете, А. С. Пуінкин, Л. Н. Толстой; музыкадағы В. Моцарт, Л.
Бетховен, П. И. Чайков-скийлер осындай адамдар. Ал Аристотель, Әл-Фараби,
Леонардо да Винчи, М. В. Ломоносов, Ш. Уәлиханов, А. Қүнанбаев, А.
Байтүрсынов т. б. ор түрлі ғылым саласьшан көрінген энциклопедия-лык
білімді данышпандар болды. Ақыл-ойы қияға шарықтаған адамның бәрі бірдей
данышпан бола бермейді, ғіағыз данышпандық әркез халықтың мүддссіне сәйкес
келіп, әлеуметгік прогреспен 'гығыз байланысып жатады.
Бейімділік және қабілет
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. Бейімдшк пен қабілет көп жағдайларда бірге болады.
Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай
қалыптасады. Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға
бетбүрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Сонымен қатар, бейімділік әрекетгің бір саласына (сурет, музыка т. б.)
әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қаңдай да бір нышанның
барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек
қабілегінің көрсеткіші болып т табылады. Мөселен, ей-үш жасар баланың
музыка үғііне қүлағынын елеңдеуі, онда музыкалык қабілетке байланысты
табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді. Жас балаларда әрекетгің әр түріне
байланысты бейімділік жиі үшырайды. Нағыз бейімділіктен алдамшы, шүбәлі
бейімділікті айырған дүрыс. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек
қүшгарлығы ғана емес, оны нәтижелі еоіп орындауыңца. Мәселен, осындай бала
сабақ үлгіруде қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал
бейімділікгің алдаміпы түрінде адам іске қатіы әуесгенгенмен сш салада
жақсы ғіәшжеге ие бола алмақцы. Оның мүмьаңдігі орта дәрежеде ғана болады.
Жалған бейімділік, көбінесе, үлкендердің сендіруінен немесе баланың өзін
осылай сезінуден тууы ықтимал. Мәселе, кейбір интеллигент семьяларда
баласына: сен келешек дарынсың, сенен үлкен ғалым, суретші, әнші т. б.
щығайын деп түр,— деп айтатындар кездеседі. Расында да үш-төрт жастағы
балалардың әп-әдемі етіп такдақ айтпайтыны, дөңгеленіп билемейтіні, әсем
дене қимылдарын жасамайтьшы кемде-кем. Осыған мәз болған ата-ана баласьшьщ
бейімділігін дамыта түсу үшін шарқ ұрады. Мәселен, алты жасар бір бала
үйіне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таң
қаддырған. Бүған баланың оқьпушы шешесі де мәз екен. Бірақ әлгі баладан оң
қолың қайсы, сол қолың қайсы деп сүрағанда, ол жауап бере алмай қиналған.
Бала өзі ерекше еңбек етаейтін болса, әрекетгің сол саласында үздік нәтиже
көрсете алмайтьш болады, оңца тек алдамшы бейімділіктің болғанын көрсетеді.
Нағыз бейімділікте әрекеже адамның бар сезім-еркі жүмьша талпьшады.
МүвдайбейімдЬгікадамнышаңдарьшьщ қабілетке ауысуына колайлы жағдай жасайды.
Баланьщ бейімділіктерін дамытьш огыру, оның жалпы дамуына, ақыл-ой
қабілетінің жақсы калыптасуына жағдай жасайды. Сондықтан мүғалімдер мен
тәрбиешілер балалардың бейімділіктерін уақьпывда дүрыс кәре біліп, осыған
сәйкес келетін қабілеттерді дамытьш отыруы керек.
Бейімділік пен қабілет ересек адамдардан да косақтаса көрініп отырады.
Адамда күшті, әсерлі, тиянақты бейщділіктің болуы онда зор қабілетгің бар
екенін жақсы аңғартады. Бүл екеуінің бір-бірімен қабыспай жататын кездері
де болады. Біреу тек өзін көрсету үшін ғана іс-әрекетке бағыт алатын болса,
мысалы, тек жүрттың көзіне түсу үшін театрдың оқуына түсетіндер де болады.
Мүны оның бейімділігіне қарай туып отырған қабілетгің көрінісі деуге
болмайды.
Генетика ғылымы түқым қуалаушылықтың рөлін жоққа шығармайды. Баланың
дүниеге белгілі бір нышандармен, табиғи мүмкіндіктермен келетіні де рас.
Бірақ осы нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттілікке
айналады. Мәселен, бала адам сөзін есітпейтін жерде өмір сүрсе, ондай
баланың сөйлеу нышаны да дами алмаған болар еді. Сол сияқты музыкалық
нышаны бар баланы ән салуға, сурет салуға зерделі баланы сурет салғызып
үйретпесе, оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.
Бала айналасындағы нәрселерді танып білуде өзі белсенділік
көрсетаейінше, оны дүрыс үғына алмайды. Бала қабілетшің дамуы үшін оның
белсенділігі аса қажет. Іс-әрекетсіз, оны меңгеруге бағытгалған белсенді
қимыл - қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес. Бүл жерде ескеретін бір
нәрсе мьшау: ньшіан оқу-тәрбие жүмысьш жүргізу 296
үшін зор мүмкшдік тудырады. Нышанды балалар бір нәрсені уйренуге
оңгайлы келеді. Мекгепке дейінгі кезенде балалардың нышандары көбінесе ойын
үстінде көрінетщдіктен, олар кей жағдайларда адамның назарына түспей қалуы
да мүмкін. Сондықтан да әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Жаңа технологияларды пайлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер