Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

Кіріспе.

І-тарау. Мұғалімдік мамандықтың тарихи аспектісі.

  1. Педагогикалық мамандықтың шығу тарихы және оның қазіргі қоғамдағы ролі.
  2. Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі.
  3. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби дамуы.

ІІ-тарау. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің ролі.

2. 1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мұғалімнің ролі.

2. 2. Оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымшалар.

Кіріспе .

Өнер-білім халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы.

Халықтың рухани мәдени дәрежесін көтеру, жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдық қатынастар мен саяси экономикалық саладағы өзгерістер тәуелсіз елдің білімді ұрпағын қайта тәрбиелеу қажеттілігін туындатады.

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ - жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңгі-бүгіні жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білмді, саналы болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Мұндай өзгерістердің болуына себеп болған білім берудегі «ғаламдық дағдарыс». Бұл дағдарыстың мәні қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы мен қоғамның өмір сүру жағдайларымен жедел бейімделе алмаған білім саласы арасындағы қарым-қайшылықтың туындауында жатыр. Бұл терминді ЮНЕСКО 1991 жылы әлемдік білім бер саласы бойынша Париждегі отырысында қабылданды. Бұл дағадарыстың пайда болуында бірнеше себептер бар.

- халықтың білім алуға деген құштарлығын, сол кездегі қызмет көрсетіп жатқан мектептер қанағаттандыра алмады;

- қаражатттың жетіспеуінен білім беру жаңа талаптарға сай келе алмады;

- жаңа талаптарға білім беру жүйесі іштей өте баяу түрде бейімделді;

- білім беру мен мәдениет арасындағы алшақтық;

- білім беру сапасының төмендеуі;

- жастардың арасында теріс қылықтардың пайда болуы;

Бұл дағадарыстан шығу үшін мектеп пен қоғамның өзара бір-біріне икемделу жолдарын іздестіру қажеттілігі туып отыр. Оның түпкілікті шешімі білімнің дәстүрлі түрін.

Қазақстанда бұл дағдарыс білім беру жүйесінде де көрініс алды. Бұдан шығу үшін еліміз білім берудің құқықтық негізін құрудан бастады. Ең алдымен ел басымыз Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында (2030) білім беруге мынадай мақсат қойған:

Білім берудің жңа ұлттық модулін әзірлеу және оны жүзеге асыру. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа бетбұрыс алуда. Білім беруді ізгілендіру мақсатында 1994 жылы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту міндеті және мәдени кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру. Осы құжаттардың арасындағы ең бастысы 1999 жылы қабылданған «Білім беру заңы». Бұл заңды білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар. Ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Бұл міндетті іске асыру үшін мынадай принциптерді білім беру заңында көрсетілген:

  1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары білім алуға құқылы.
  2. Әр азаматтың ақыл-ойының дамуы мен дара және психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алудағы жеңілдік беру.
  3. Білімнің зайырлығы.
  4. Тұлғаның білімін жетілдіру және дарындылықты дамыту.
  5. Білім беру процесінің үздіксіздігі, білім мен тәрбиенің бірлігі.
  6. Білім беру мекемелерінің оқыту және тәрбиелеу формаларына қарай әртүрлілігі.
  7. Білімді басқарудағы демократиялық көзқарас.
  8. Білімнің гуманитарлық және дамытушылық күйде болуы.
  9. Білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау.
  10. Оқушыларды кәсіптік бағыттау.
  11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі. Көп, нұсқалық оқытуға көші сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалалық жөні бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және қабілеттілікті талап етеді.

Шығармашылық - бұл адам өмір шыңдығында өзін-өзі танудағы ұтымды, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Адам бойында қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті.

Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тірегін қабілеттерін дамыту сол арқылы оған толқынды өмір сүру үшін рухани күш беру білімнің басты мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін қабілеттерін дамыта шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүре алатын азаматтарды тәрбиелеп шығарамыз. Сондықтан бұл бүгінгі көкейтесті мәселені дипломдық жұмыстың тақырыбын Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің ролі деп алып, қазіргі кезде шығармашылық тұлғаны дамыту үшін жасалып жатқан әдіс-тәсілдерді жан-жақты ашуға тырыстым.

Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімнің ролін анықтау, тиімді жолдарын көрсету.

Объектісі: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің әрекеті.,

Пәні: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын

әдіс-тәсілдер және мұғалімнің ролі.

Ғылыми болжамы: Егер тәрбие үрдісінде мұғалімнің кәсіби сапасы, кәсіби жарамдығы кәсіби дайындық ролдері дұрыс бағытта анықталса, онда оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту, қарқынды байыту.

Міндеттері: 1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлін айқындау.

2. Мұғалімге қойылатын талаптар мен мұғалімнің кәсіби келбетін белгілеу.

І-тарау. Мұғалімдік мамандықтың тарихи аспектісі.

1. 1. Педагогикалық мамандықтың шығу тарихы және оның қазіргі қоғамдағы ролі.

Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан мамандықтардың бірі. Ерте замандарда алғашқы ашылған мектептерде мұғалім қызметтін абыздар атқарды. Олар балаларға жазуды, сызуды музыкаға үйретті. Ежелгі Греция елінде мектептегі сабақ беретін мұғалімді «дидаскалар» деп атаған ( грек «дидаска» -оқытамын), ол мектепке баратын баланы жетектеген құлды «Педагог» яғни (грек- бала жетектеуші) - деп атаған. Ежелгі Рим мемлекеттінде мэдениет, ғылым және өнер қоғамдық өмірде үлкен орын алды. Бұл саладағы білімді таратушы мұғалімдер болады, сол себепті мұғалімдердің жан жақты білімді адамдар болуы тиіс еді. Рим мемелекетінде мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп, олар қоғамда ерекше статусқа ие болды . Кейін мұғалімдердің көбі мемлекет қызметкерлері болып қызмет атқарды.

Орта ғасырларда мектептер шіркеу жанында орналасты. Бұл мектептерде сабақты педагогикалық мамандыққа икемі бар дін басылар берді. Бұл мұғалімдер класта әрбір оқушымен жеке дара жұмыс істеді. Капитализм дәуірінде мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы жағдайы біршама ілгері басты. Мұғалімдерге арналған семинарлар, училищелер ашылды. Бұл мемлекет тарапынан талаптардың қойылуына байланысты еді. Қазақстанда мұғалімдер кадрларын дайындаудың тарихы жайында сөз қозғасақ . . . алғашқы жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары ашылғанға дейін педагогикалық жоғарғы оқу орнын ашудың қажеттілігі күннен-күнге арта түсті.

1928ж. РСФСР және Қазақ АҚСР халық комиссарлары кеңесінің шешіміне сәйкес Ташкент қазақ педагогикалық институты Алматыға көшірілді де, қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтына айналды. Оның бірінші ректоры белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғылым, Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді ұйымдастырушылардың бірі профессор С. Ж. Асфендияров болды.

Республикада алғаш ұйымдасқан қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне өмірге жолдама берді. Бірақ бұл бір ғана педагогикалық институт ашылды. Олар Орал, Семей педагогикалық институттары, Қызылорда педагогикалық институты, облыс орталықтарындағы Ақтөбеде, Петропавлдағы, Шымкенттегі, Қарағандыдағы мұғалімдер институттары. Институттардың эрбір жерде ашылуы мұғалімдерді даярлау ісін одан әрі алға дамытып, сапалы білім беру тоқтап қалмай одан әрі дамыды. Бұл жылдары педагогикалық оқу орындарының саны оның ішінде бір университет алты педагогикалық және сегіз мұғалімдер институты жұмыс істеді.

1944 жылы қыздар педагогикалық институт шаңырақ көтерді. 1952 жылдан бастап мұғалімдер институты педагогикалық институттарға айналды. Сонымен 1954-1955жылдары педагогикалық институттар саны 13-ке жетті. Бір аңызда үлы ойшыл мен шәкірттің эңгімесінде былай делі екен:

- «Бұл елдің жері байтақ, қалың елі бар. Бірақ та не жетіспейді, ұстаз ?»-деп шәкірті сұрапты.

- «Байыту керек!», - деп ұстазы жауап береді.

- «Ол өзі де бай, немен байытуға болады? » - деп шәкірті сүрайды. Сонда ұстазы ; «Оқыту керек!»- деген екен.

¥лы ұстаз барлық кезең, ғасырларда болған.

Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын, екінші Аристотель атанған эмбебап ғұлама, үлағатты ұстаз эл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр рухани мұра қалдырып кеткен бүгінгі үрпақ зор мақтаныш тұтады.

Түркі тілдес халықтарға ортақ, өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағүни, Қашқари, Жүгінеки, Иассауи трактаттары, сондай-ақ Алтын Орда дэуірінің ойшылдары: Хорезми, Сарай, Дулати, Дулати, Жалайри, Әбілғазы еңбектерінің де қазіргі кеде орны ерекше.

Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы. Оның мынау аумалы-төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы - маңайындағы адамдардың, алдарындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білу. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болу қажет деп ойлаймыз.

Адам баласының әрбір іс-әрекетінің технологиясы ойластырылып, техника құралдарымен алмастыру мүмкіндіктеріне жетіп отырғанымыз, біздің даму сатысының ең жоғарғы белестеріне жеткендегіміздің бірден бір куәсі. Бүгінгі мұғалім осы заманға лайық па? Мұғалім бейнесін суреттейтін болсақ, ол біріншіден 45 минуттың қожайыны; екіншіден мектеп, аудан көлеміндегі барлық іс-шаралардың ұйымдастырушысы; үшіншіден барлық тексерудің соңғы нүктесі.

Мұғалім мәртебесін көтерудегі іс-шаралардың қолға алғанымен, мұның гумандық дәрежеде орындалуының ауылы алысырақ. Өйткені әр адамның біріншіден өзіне деген көзқарасы өзгере қойған жоқ. Әркім өзіндік «Мен» дәрежесінде өзін көрсетуге жете қойды деу артық, әлі де болса, жоғарыдан келген жоспарға сүйену, иек арту орын алып отыр. Көп жағдайда мұғалімнің осындай халге ұшырауына тек мұғалімнің өзі ғана жауапты. Бұлай деп айтуға толық дәлел бар. Мысалы, 15-20 жылдық еңбек стажы бар ұстаздарымыздың әлі де болса, өз әдіс-тәсілдерін талдаудан, өзіндік методикасын жетілдіріп, өзіндік технологиясын жасаудың орнына дайын әдіс-тәсілдерді енгізуіне, елдің аузында барды оңтайлап өзіндік етуге құмар. Аттандап, алыстан келген технология біздің ауыл мектебінің психологиясына, даму дәрежесіне лайық па, жоқ па, ол жағы көп ойлануды қажет етпейді.

Жетістіктерге қашан жетеміз? Оң-солымызды жіктеп, барымыз Бен жоғымызды толық талдау жасалған уақытта жетуге болады деп ойлаймыз. Әрқашанда алдымызға «Мен кіммін?», «Маған не керек?» деген сауалдардың тһңірегіде өзімізді жетелеп, өз орнымызды анықтағанда ғана, дәл осындай сауалдар төңірегінде оқушыларымызды ойландыра, жетелей білсек, белгілі бір нәтижеге жүйелі түрде жетуге болады. Осы орайда, ауыз толтырып айтарлықтай мендік, өзіндік қасиеттері қалыптасқан ұстаздар ұстаз мәртебесінің біріншіден мұғалімнің өзіне тікелей байланысты екендігін айқындай түседі.

В. А. Сухомлинскийдің айтуы бойынша, нағыз мұғалім балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология мен педагогиканы терең білуі тиіс. Тәрбиелік, жоғары мәдениеттілік, өз пәніне, ең бастысы, балаға деген сүйіспеншілік-мұғалімнен талап етілетін басты мәселе. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасында балалардың мұғалімге деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, сыйламау, жек көру сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Бұл мұғаліммен оқушының жеке бастарының ара ақтысы мен оқыту әдістерінің сапасына байланысты.

Ізгілендіру принциптері оқытудың әдіс-тәсілдеріне мынадай талаптар қояды:

- мұғалімнің оқыту негізінде билік жүргізу әдісінен арылуы;

- оқыту үрдісі негізінде - білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, балалардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту;

- оқу-тәрбие жұмысына үтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау.

Ізгілік бағыттың негізгі идеялары:

- оқушылармен ұнамды қарым-қатынас;

- қысым көрсетпей, еркін ұстау;

- оқушы еңбегін бағалау;

- тұлғаны дамыту;

- өзіндік көзқарас;

- өзін-өзі сыйлау идеясы;

- өз пікірін білдіру.

Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкірттерінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз алабына сай орындалып отыруы тиіс.

Мұғалім үшін кәсіби біліктілігін арттырудың бір жолы - жеке кітапханасының болуы. Мұғалім үнемі оқып, ізденіп жүргенде ғана мқғалім. Халық педагогикасының алтын қазығы, тағылымы мол қағидаларын бүгінгі күннің өршіл жаңалықтарымен ұштастырып өтырудың ұстаз үшін орны ерекше.

Білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты қала мұғалімдерінің білімін жетілдіріп, оларға дер кезінде жан-жақты әдістемелік көмек көрсетуде атқаратын қызметі зор. Ұжымның алдына қоыған ауқымды мақсаттары мынадай:

- білім беру қызметкерлерінің кәсіптілік біліктілігін арттыру;

- білім беруде жаңа бын шеберлігі мен біліктілігін жетілдіру;

- мұғалімдердің біліктілігін арттырудың мемлекттік жүйесінің кеңінен дамуын қамтамасыз ету.

- білім беруде ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін біліктілікті арттыру курстары, арнайы семинарлар, семинар-практикумдар, мұғалімдердің өз бетінше білімін көтеру жолдарын қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында білім жетілдіру курстары педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда - бұл мектепті жаңарту мәселелеріне сәйкес оның кәсіби шығармашылық даму үрдісін ізгілендіру болып табылады. Чғни, шығармашылық даму - адамның алға қойған мақсатын дұрыс шешуі. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен таланытын шыңдаудың тағы бір жолы - алуан түрлі сайыстар өткізу. Бұл сайыстарда заман талап етіп отырған оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы мен жаңа бағдарламаға сай педагогикалық тәжірибелер, ғылыми зерттеу жұмыс түрлері көрсетіліп, инстиут қорына кіруде. Осындай жұмыстардың түрлері арқылы мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін көтеруге жол қойылды.

Мұғалім - мектептің жүрегі. Жүрек арқылы қан тамырлары тіршілік беріп, жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік құралдарға жан бітпейді, яғни олар мұғалімсіз - жансыз дүние болып қала береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін де дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше.

Мұғалімдер «адам жанының хирургі» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы мен оның кәсіптік мәдениетіне айрықа көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның белсенді мүшесі, белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси-экномикалық, рухани өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі мен сұранысына, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз. Осыған орай оқыу мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай өзгеріске түсіп отырады. Сол себептін де мұғалімдерді даярлау және міндеті бастыв мәселе болып табылады.

  1. Мұғалімнің шығармашылық еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау.
  2. Әлеуметтік жағдайына назар аударып, басқа жағдаяттар мен өзін ұжымды еркін сезініп, ьалапты еңбек етуі мен іс-әрекетіне жауапкершілік туғызу.
  3. Мұғалімдердің білім жетілдіру институттары мен ғылыми орталықтардың арасындағы байланысты тұрақты жүйні арттыру.
  4. Заман талабына, қоғам сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі және бүгінгі озық іс-тәжірибе, жаңа технологиялар инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру.
  5. Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап пен тілектеріне, өзіндік іс-тәжірибесіне тартуға мүмкіндік туғызу.
  6. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт-бағдар беру, кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі курстар мен семинарлар, конференциялар өткізіп тұру қажет.
  7. Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөліп отыру. Алдымен мұғалім электронды ақпараттық құралдармен жабдықталуы қажет.
  8. Әлеуметтік қорғалуына, мұғалім мәртебесінің өсуіне әлеуметтік жеңілдіктер мен ынталандыру жолдарын қарастыру керек.

Педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мектеп басшысының рөлі:

- ұжымдағы орнықты моральдік-психологиялық ахуал қалыптастыру;

- мектеп ұжымының алдындағы мақсат пен міндетінің айқындылығы, соған байланысты ортақ іске жұмылдыра білдіру шеберлігі дәрежесінің болуы;

- жұмысқа қабылданған жас маман мұғалімінің психологиялық, этикалық ерекшелікті нақты білуі керек;

- кәсіптік шеберлігінің артуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз білімін көтеруіне жағдай жасау, еркіндік беру. Кәсіптік санатының өсуіне көңіл аудару;

- жаңа технологиялармен қарулануын, әдістемелерінің түрленіп тұруына бағыт беру;

- еңбекке ынтасын арттыру жолдарын қарастыру. Әлеуметтік жағдайын назарда ұстау;

- шығармашылыпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырып отыру;

- мұғалімнің өзара сенімділік пен достық, әріптестік жауапкершіліктерін арттыру;

- өз мамандығына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру;

- кадрлар тұрақтылығы, мұғалімнің оқушы алдындағы беделі мен мәртебесінің өсуі.

- мұғалімнің оқыту процесіндегі жетекші рөлінінің орнын басты назарды ұстау арқылы ғана мұғалімнің жеке тұлғасы мен кәсіптік мәдениетін көтере аламыз.

Міне, осындай жағдайларды ескере келіп, мұғалімнің жеке тұлғасы, оның кәсіптік мәдениетінің өрістеуіне жан-жақты көмек, көңіл бөлу, жағдай жасалуын ескерген жөн.

Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай интеллектуалдық өрісі кең, білім жоғары, құқықтық-құжаттық мәдениеті заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.

Білім қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан мемлекеті сол деңгейде болады. Сондықтан да «Ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Шынында да, қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің ғана терең білгірі емес, тарихи танымдық педагогикалық-психологиялық сауаттылықты, саяси экономикалық білімділікті талап етуде.

Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісінде еніп жатқан жаңа технологияны шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары жеке тұлға ретінде ұлағатты бола алады.

1. 2. Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі

Мұғалім қызметі өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі карама-қайшылығы мол жан дүниесіне ене білуде. Әлі толыспаған сәби жанын жасытып, жаралап алмауын әрқашан да есте сақтау қажет. Педагогтың балалармен шынайы достық қарым-қатынасын ешбір оқулыкпен алмастыруға болмайды.

Мұғалімді адам жанының инженері, мінез - құлык сәулетшісі, ауру шипагері ақыл ой мен естің жаттықтырушысы ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы қылығының әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан . . . деп атайды. Осының бәрі - таза шындық. Бірақ басқа мамандықтардан мұғалімдердің айырмашылығы оларға өз еңбегінің жемісін бірден білу жазбаған. Олардың еккен жемісі көгеріп көктеу үшін ұзақ жылдар керек. Мұғалім өзіндегі әлде бір сотқар баланың бір кезде жасампаздығы мен іскерлігін көру үшін сарқылмас күш - қайрат қажет. Осы құртақандай адамның болашақта туған жерімізді қалай байытып. түлететіндігін алдын ала көре білуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ
Мұғалім - мектептің жүрегі
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Орыс тілі сабақтарында ойын әрекетін қолдану бойынша зерттеу нәтижелерін талдау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту
Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Ақпараттық мәдениет
Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі
Шығармашылық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың құзіреттілік дағдыларын дамытудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz