Бала ауылы


Көкшетау Университеті
«Педагогика» кафедрасы
Шалабаева Шамшиянур Уахитқызы
«Қазақ отбасындағы ұлттық
тәрбиенің алатын рөлі»
Ғылыми жетекшісі: Иксатова Б. К.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
п. г. т. Иванкова Н. В.
«» 2006ж.
Көкшетау - 2006
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақтың отбасындағы ұлттық тәрбиенің алатын рөлі
1. 1. Уақыт тынысы мен Заман сыры . . . 9
1. 2. Жалпы халық Педагогикасының тағдыры мен қиын
жолдары . . . 10
1. 3. Халық педагогикасының методологиясы . . . 12
1. 4. Халық педагогикасы туралы жалпы түсінік . . . 14
1. 5. Халық педагогикасының негіздері . . . 21
2. Ұлттық білім беру негізі . . . 24
2. 1. Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып . . . 32
2. 2. Жеті жасарлар немесе 0-ші класс . . . 45
2. 3. Бастауыш мектеп кезеңінің тәрбиесі . . . 54
2. 4. Абайдың педагогикалық еңбектерінің тәрбиелік мәні . . . 57
Тәжірибелік бөлімі . . . 68
Қорытынды . . . 76
Қолданылған әдебиеттер . . . 78
Қосымша материалдар
КІРІСПЕ
Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі- адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Сондықтан, бүгінгі педагогикалық білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай, жаңаша қалыптасып отырған адам туралы концепцияның тұрғысынан анықталуы керек. Бұл қағиданың екінші бір қоғамдық көрінісі әсіресе жаңару кезіндегі, адам тәрбиесінің әулеметтік талабына келіп ұштасуы.
Ұлтымыздың өз уақытынан озып туған ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай: «… Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек…» деген арманының орындалатынындай сәті туған тәрізді. Міне, Қазақстан Республикасы егемендігінің жарияланғанына он үш жыл толып отыр. Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына қолын жеткізді. Ендігі жерде ол, өзінің аңсаумен алған азаттығын көздің қарашығындай сақтаумен қоса, тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет.
Егеменді елінің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогиканың мәні нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де, ересен өзінің қиындығы мен маңызының тұлғаланып тұр ғанын түсінуіміз керек. Бұл мәселеде уақыттан ұтылуға болмайды…
Ал осы педагогика саласында дербестігімізді алған алғашқы азаттық жылдарында, республикамызда не жасалынды? Нағыз адам тәрбиесіне пәрменді түрде ықпал етерліктей не жасалынып жатыр? . . .
Иә-ә, сырт көріністеріне қарасақ, жаналықтар аз емес сияқты. Астаналық іргелі университтеттерден бастап, облыстардағы педагогиқалық институттар мен училищелер де, тіпті қаулап ашылып жатқан гимназиялар мен лицейлер де… колледждер мен байырғы орта мектептерге дейін, оқу бағдарламалары өзгертіліп… жаңа оқулықтар мен әдістемелер, басқа да құрал жабдықтары шығарылып жатқаны жайында аз айтылмайды. Оның үстіне осы айтылған білім ошақтарының барлығында да… халқымыздың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрлерін, тұрмыс- күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған. Ендеше, «халық педагогикасы орасан зор даму сатысында - мыс» деуімізге әбден болатын сияқты. Бірақ, сол «халық педагогикасы» қалай дамып жатыр? Оның бұрын- соңды ғылым ретінде жүйеленбеген күйі нешік? «Халық педагогикасы» дегеніміз не? «Этнопедагогика» дегеніміз не? Егер, ғылыми жүйеленген жағдайда, бұлардың аражігі неде? . . . «Халық педагогикасының» методологиясы қайсы? Оның «негіздерін және жүйелерін» немен анықтауға болады? Мінеки, әзірше осы сұрақтардың барлығына да жауап жоқ. Шындығында да, жоғарыдағы санамалап шыққан салт-дәстүрлер, әдет- ғұрыптар, тұрмыс- мүліктері… тек этнографиялық сипаттар ғана емес пе? Ендеше, тағы да қайталап; «Халық педагогикасы» дегеніміз не? . . . деп сұрауға мәжбүр болып отырмыз. Шын мәнінде, « Халық педагогикасы» дегеніміз әлдеқайда терең… көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым екенін дәлелдейді. Ал, «этнопедагогика»… соның құрамындағы бір ғана саласы екендігіне көзіңізді жеткізеді. Халық тағылымы осы кезге дейін… ғылыми жүйеленіп дамымағандықтан да, жұртымыздың жігері қажып, рухани азғындаудың көріністерін жиі ұшыратамыз. Халқымыздың табиғатына жат осыншама керағар қылықтар еріксіз ойсырата толғантады. Мәселен, қазіргі адамдардың арасында құқық бұзушылық неге көбейіп кетті? Қой аузынан шөп алмастай ұяты мол ел едік қой. Ата- бабамыз өсиет еткен; « Малым- жанымның, жаным- арымның садағасы» дейтін тағылымымыз қайда? Бұрынғы өткен замандардың ауыр кездерінің өзінде… үлкенге ұлағат, кішіге инабат жасайтын жастарымыз үйде де, түзде де басбұзарлыққа ойланбай-ақ бара салатын болды. Қазіргі кездегі ата- ана мен бала арасындағы қайшылықтар, туған- туыстардың сыйластықтарының бәрі, не себепті көмескіленіп барады?. .
Мінеки, осыншама қасіретке толы керағар жағдайлардың ерекше көбеюін, тек қазіргі әл- ауқаттың төмендеуінен, өндірістің құлдырап жұмыссыздықтың көбеюінен немесе қоғамдағы саяси формацияның ауысуынан ғана себебін іздеу, сайып келгенде, етек алып бара жатқан адам тәрбиесіндегі індеттің көзін түсінбей, опық жеп қалмауды ойластыратын мезгіл жетті. Ол үшін ең алдымен құр дақпыртқа салмай, шынайы « халық педагогикасын» ғылым ретінде дамытып, оның этнографиялық заттық жағына ғана тоқтала бермей, адамның жан - дүниесін жетілдіретін рухани көзіне көңіл аудармай болмайды. Халық педагогикасы дегеніміз, адамның жан- дүниесін тәрбиелейтін ілім, -десе…ал « этнопедагогика- адамның тән- құрылысының дұрыс жетілуіне әсер етеді, ерекше даралап бөліп айтады.
Қазіргі жаппай кең түрде білім ошақтарында пайдаланып отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүр салттар, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де, негізінен тән- құрылыстарын қуаттандыратын этнографиялық сипаттар екені дау тудырмаса керек. Олай болса, ең әуелі «халық педагогикасының» методологиясы мен негіздерін айқындап алуымыз керек. Ендігі жерде бұрынғыша адамды… тек қоғамдық тұлға деп қарастыратын, саясатшыл ілімнің берер нәтижесі жоқ десек те болады. Ендеше, адамның табиғи жаратылысын ескеріп, оны алдымен- биологиялық индивид ретінде қарастырып алып, сонан кейін ғана- қоғамдық тұлға ретінде тәрбиелеудің әдістерін, методологиялық арна етіп алған жөн.
Автор өзінің монографиялық еңбегінде, адам тәрбиесін физиологиялық кезеңдерге бөліп, халық педагогикасының жеті түрлі негіздерін ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда…адам тәрбиесі, бірден семья құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталатындығына ерекше мән береді. Шынында да, адамның бүкіл болмасы, оның жан- дүниесі мен тән- құрылысы да, әуел баста сол тарыдай ғана бір клетканың ішінде орналасқан ғой. Оның сәл ғана улануынан… немесе, дертке шалдығуынан, жан- дүниесіне қатысты- түйсік, ішкі сезімдер, зерде мен зейін, мінездің темпераменттері мен қабілет көздеріне дейін әлсіреп, сонымен қоса, тән құрылысындағы- жүрек, ми, бауыр, бүйрек, асқазан- ішек жолдарының дімкәстанып туатындығын ескермей келгеніміз ақиқат қой. Осының айдан анық дәлеліндей, кешегі өткен не бір дүлдүл жырауларымыздың таңдытаңға оздырып айтатын жырларын… оның артынан ерген шәкірті еш қиналмастан -ақ, ертеңінде бір сөзінде айнытпай қайталап айтып беретін зерделері қайда жоғалып кетті. Бұл қазір өлексесі де жоқ, өшкен құбылыс тәрізді. Әйтпесе, халқымыздың екісінің бірінде бар…бұрынғы өткен зеректігі, қазіргі ұрығынан уланып туып жатқан ұрпақтан іздестірмеудің өзі әбестік. Сондықтан да, орта мектептерді әрең бітіретін зерделері таяз, медицина тілінде «дебел» деп айдар тағылған балалардың не себепті көбейіп отырғанын сұраушылар да аз емес. Оның бірден- бір себебі- арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудан уланып жатқан ұрықтан екендігі ғылыми баяғыда- ақ дәлелденген.
Олай болса, ұрық тазалығы- адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Сол таза ұрықтан бірте- бірте өсетін жан- несінің жүрек тәрбиесінің жалғасатындығын ерекше атап айтқан жөн. Ана құрсағындағы тоғыз ай, тоғыз күнге созылатын өмірінде… нәрісте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді екен. Адам осы кезіңінде, өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар, кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді екен. Қандай ғаламат! Бұл құбылыстардың дәл осылай екендігін, Америка мен Францияда, тағы басқа да көптеген елдерде, құрсақта өсіп жатқан жан- иесі үш - төрт айдан кейін-ақ, тәрбие әсерлерін жүйелі түрде қабылдай алатындықтарын дәлелдеп отыр.
Атақты педагог А. С. Макаренко: «…баланы дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек…» десе, «…тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын…» талап етеді. Жүрек тәрбиесінің маңыздылығы халық даналығында да: «…сүйекке біткен мінез… сүтпен енген қадет…» деп қаншалықты терең де дәл айтылған десеңізші?!.
Уақыт адам тәрбиесіне жаңаша мазмұн беріп қарауды, бұрынғы қай кездегінде де өткір етіп қойып отыр. Ендігі жерде, бұрынғыша жалған ғылым жасап… бітпейтін бір білім беру реформаларына ұрынып, иә негіздерін таппай, не ғылыми жүйелерін қалыптастырмай адам тәрбиесін ойыншыққа айналдыруға болмайды. Сонау, Аристотель заманынан белгілі ғылымдардың классификациясында, негіздері мен жүйелері жасалынбаған пән - ғылым емес екендігін тайға таңба басқандай айқын етіп айтып кеткендігі бәрімізге де белгілі қағида…
Осыдан келіп, қазіргі ғылыми педагогиканың негіздері не? Жүйесі қайсысы? - дейтін заңды сұрақтар туады. Осы кезге дейін айтылып жүрген: - тәрбие, оқыту, білім беру - педагогика пәнінің негіздері бола ала ма? Әрине, ғылымды түсінетін қауым олай деп айта алмаса керек. Бұлар адам тәрбиесінде қолданылатын, сан- алуан әдістері бар, тек категориялық ұғымдар екендігін ашып айтқан жөн. Мәселен, кез- келген пәннің негізі- тек тұрақты бірліктің сипатын аңғартса, ал тәрбиенің де, оқытудың да, білімнің де түрлері көпақ. Мысалы, дене тәрбиесі мен еңбек тәрбиелерінің әдістері бір- біріне ұқсамайтын санқилы болатындығын айтсақ та жетіп жатыр. Осы тектес, білім беру мен оқытудың да әдістерінің қисапсыз көп екені белгілі.
Зерттеу тақырыбы.
Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиенің алатын рөлі
Зерттеу объектісі.
Халық ғұмырнамасы мен педагогикалық мұралары және мектептегі тәлім - тәрбие жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні.
Тәлім - тәрбие тәжірибелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін іс - шаралар жүйесі.
Зерттеу мақсаты.
Белгілі еңбектердегі этнопедагогикалық тәрбие идеяларын, жүйелеп, оны мектептегі тәрбие жұмыстарына енгізудің педагогикалық бағыттарын айқындау.
Зерттеу міндеттері.
- Этнопедагогикалық мұраларын оқу- тәрбие жұмыстарына енгізудің методологиялық бағыттарын айқындау;
- Жинақталған материалдарды пайдалану мен ендіру саласына арналған жұмыстарын жүйелеу;
- Диплом жұмысына қажетті әдіс - тәсілдерді және дәлелдемелерді анықтау;
- Кол жеткізген педагогикалық озық үлгілер мен тәжірибелерді жинақтау мен тарату жолдарын белгілеу;
Зерттеу болжамы:
Егер этнопедагогикалық тәлім - тәрбие идеяларына ғылыми - педагогикалық тұрғыдан талдау жасалып, оның мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарына кешенді түрде енгізілу жүйесі жасалса, онда, жалпы- адамзаттық құндылықтарды санасына сіңірген, жоғары мәдениетті және парасатты тұлғаларды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.
Зерттеу әдістері.
- Диплом тақырыбына жақын зерттеу жұмыстарына талдау жасау;
- Диплом жұмысына қатысты ресми құжаттарды реттеу және жинақтау;
- Соңғы ғылыми педагогикалық жаңалықтарды сараптау және пайдалану;
- Диплом жұмысына қажетті - сауалдама, әңгімелесу, педагогикалық - психологиялық диагностика, ғылыми - педагогикалық мониторинг және схемалық әдістерді қолдану;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz