Құстар жарысы


Мазмұны
І. Бөлім. Дүниетану сабағындағы теориялық мәселелер . . .
- “Дүниетану” сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер . . .
- “Дүниетану” сабағын дифференциялап оқыту . . .
- Шоқ ормандағы құстар . . .
ІІ. Негізгі бөлім . . .
Дүниетану сабағында “құстар” тақырыбын өткенде ойын түрлерін қолдану.
2. 1. “Құстар” тақырыбын өткенде ойын түрлерін қолдану.
2. 2. Адам аттарында кездесетін құстардың аттары . . .
2. 3. “Дүниетану” сабағында жүргізілген зерттеулер . . .
ІІІ. Қортынды . . .
3. 1. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе.
Доссыз адам қанатсыз құспен тең.
Халық даналығы.
Дүниетану пәнін оқытудың басты мақсаты оқушыларға адам, табиғат және олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы орнын ұғынуға көмектесу, негізгі және орта мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізгі талап келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеуге дайындау. Сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларын және тәжірибелерін жасау, дағдыларын шығармашылық қабылетін ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру. Денелер, нәрселер, құбылыстар олардың қажеттерімен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру. Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту, оқушылардың экологиялық біліміне, мәдениетін қалыптастыру. Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету. Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеру және оны қолдана білуі.
Дүниетану бастауыш білім жүйесіндегі рөл оқушыларға қоршаған орта қоғамның материалдық жағдайы, тіршілік иелерінің ерекшелігі. Өлі және тірі табиғаттың бір-бірінен, табиғаттағы жыл мезгілдері жайлы ұғым береді. Дүниетанудың зерттеу обьектілері, табиғат, адам, қоғам.
Табиғат қоршаған орта дүние туралы жалпы түсінік, өлі және тірі табиғат заттарымен денелері. Табиғат құбылыстары табиғаттың жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі. Табиғат пен адамдардың қарым-қатынасы. Сұлба үлкен және кіші заттардың сұлбасы. Жергілікті жердің сұлбасы. Географиялық карта. Сұлбаның географиялық картадан айырмашылығы. Қазақстанның географиялық картадағы орны.
Құрлық обьектісінің негізгі түрлері. Таулар. Жазықтар. Жер бедерінің сыртқы күштер салдарынан өзгеруі. Жер бедеріне өзгертудегі адамдардың әрекеті.
Топырақ оның құрамымен қасиеті. Топырақтың адам жануар тіршілігіндегі маңызы.
Топырақты қорғау. Пайдалы қазбалар. Оларды үнемдеу, ұқыпты пайдалану жолдары. Пайдалы қазбалардың қолдануына қарай жіктелуі.
- Жанғыш пайдалы қазбалар.
- Кен пайдалы қазбалары.
- Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Ауа, оның қасиеті.
Ауа райы оны болжау. Ауаны қорғау, тіршіліктегі маңызы.
Су. Судың қасиеттері. Табиғаттағы су айналымы. Қазақстанның өзен, көлдері.
Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайындағы (топырақ, ауа, жылу, жарық, су) табиғаттағы маңызы.
1. 1. Бастауыш сатыда оқытудағы әдістемелік негізгі элементтердің бірі-тірек белгілері, конспектілері. Олар көрнекілік ретінде жаңа сабақты түсінуге, оны еске сақтауға, қайталауға, қортындылауға тікелей әсер етеді.
Оқушыларды оқуға, білім алуға үйрету, сабақ сайын білімін тексере білу сияқты қиын мәселені шешуде жаңашыл педагог Виктор Федорович Шаталовтың тәжірибесі үлкен рөл атқарады.
Тірек конспектісін пайдалану нәтижесінде:
- Оқушының күнделікті білімін тірек конспектілері арқылы тексеру. Сабақ сайын оқушылардан сұрап, тексеріп шығуға, өзара тексеріс жүргізуге болады.
- Жаңа тақырыпты түсіндіргенде екі рет қайталау арқылы білімді меңгерту.
Бірінші: дәстүрлі әңгіме, көрнекі құралдар пайдаланған әңгімелесу түрінде өтеді. Оның мақсаты-барлығын талдау-түсіну, яғни қабылдауды және сайлауды қамтамасыз ету. Екінші: түсіндіру қысқалау және жылдамырақ конспектісін пайдалану бойынша жүреді. Плакатқа, тақтаға сызылған тірек конспектісі немесе кодоскоп, диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады. Екінші рет қайталап түсінуде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды.
- Әрбір оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Тірек белгілерімен ерекше мағыналы мәселелер конспектіге түсіріледі, оқушылар оқулықпен жұмыс істеуге үйренеді (өздері ізденіп тірек конспектісін сызады), үй жағдайында тірек белгілері бар бетпен жұмыс жасайды. Оқушылар арасында өзара көмек пайда болады.
- Оқушыларға “2” деген бағаны қоймау, оларға қайта тапсыруға жағдай туғызу.
- Тірек конспектісін пайдаланып жауап берген оқушының сөз байлығы жоғары болады.
Екінші сабақта оқушылар бірінші сабақта өтілген тақырыптың тірек конспектісін 7-10 мин, дәптеріне жазбаша еске түсіреді. Конспектіні жазып-сызу үшін түрлі-түсті қалам, фломастер, ватман қағаз, дәптер немесе тақтаны пайдалануға болады. Жауап беріп жатқан оқушыны бірнеше ойлау операцияларын орындайды; баяндауы, тірек белгілері арасындағы байлынысты орнататын материалдарды өңдеу.
Тірек конспектісі пайдаланған сабақтарда мұғалім баланың жауабын бөлмей, оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге үйрету керек. Жауап беруге бірінші үлгірімі төмен оқушы шығарылады. Ал ол білмеген, жауап бере алмай қалған жағдайда қалған оқушылар көмектеседі. Оқушының жіберген қателерін тірек белгілермен табу оңайға түседі. Осы жерде мұғалім оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлестікке тәрбиелейді.
Тірек конспектісін құрудың негізгі принциптері.
Тірек конспектісі ватман қағаздарға немесе күрделі емес белгілер тақтаға сызылады. Мұнда әр түрлі белгілер қысқартылған түрде берілсе да болады. Тірек белгілері бар беттері-тірек конспектісін-дайындау үшін алдын-ала үлкен дайындық жұмыс жүргізіледі. Алдымен оқу материалын жан-жақты, тәпіштеп оқып, ең негізгілерін бөліп алу керек.
Іріктеліп алынған материалдан негізгі ұғымдары мен қосымшаларын бөлектеп айырып алып, олардың арасындағы байланыстарын көрсететін құрылымын ойластыру керек. Ең соңында оның графикалық өрнектелуі орындалып, тірек конспектісі-тірек плакаты дайын болады.
Тірек плакатын құруда мына ережелерді назарда ұстаған тиімді:
- ТП (тірек плакаты) - тірек конспектісі -оқу материалының бөліктерінің мазмұны жинақтайтын бөліктерден (блоктан) тұрады.
- Іріленген блоктардағы топталған теориялық материал тірек сигналдар жүйесі арқылы кодталады. Олар-белгілер, көрсеткіштер, жекеленген сөздер, т. б. Бұлардың ішінде бұрыннан қолданып жүрген немесе мұғалімнің өзі құрастырған символдары болады.
- Тірек конспектісінің түрі негізгі рол атқарады, ол оқулық материалының негізгі мазмұнын беруі тиіс.
- ТК-і есте сақталатындай және оңай еске түсетіндей қарапайым болу керек. Тірек белгілерін ойлап, жоспарлап, кейбір сөздерді қысқартып жазу керек.
- ТП-ы бір-біріне ұқсас болмауы ескерілсін. Бұл үшін графикалық безендіруде ізденіс және тапқырлық керек.
Бастауыш сыныптардағы пәндердің кейбір тақырыптарын оқытуда төмендегідей тірек конспектілерін құрастыруға болады.
Дүниетану пәнінің осы уақытқа дейінгі мектепте оқытылып келген “Айналамен таныстыру” және “Табиғаттану” пәндерінен зерделеу объектісі, құрылымы, логикасы, мазмұны жағынан алғанда елеулі өзгешеліктер бар.
Оқушыға берілетін білім, білік жүйесі адам табиғат-қоғам тізбегінен тұратын үш іріленген дидактикалық бірлік түрінде топтастырылған. Міне, осы тұста оқушылардың түсінігіне кейбір ұғымның ауырлау болуы мүмкін. Оған тірек конспектісі арқылы оқыту оқушының білім алуы, мұғалімнің білім беруінде жеңілдік тудырады.
ТК (Тірек Конспектісі) . Дүниетану. Жапырақ.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты баяндалғаннан кейін мұғалім жапырақтың атқаратын қызметі, сыртқы құрылысы және түрлерімен таныстырып, әртүрлі өсімдік жапырақтарының кеппе шөптерін, суреттерін көрсетеді. Тірі табиғат мүйісінен де, күнделікті өмірден де өсімдік жапырағын көріп жүрсің. Өсімдікке сән беріп тұратын оның жапырақтары.
Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақтың ауа тазартуға рөлін, күн сәулесінен өз бойына қоректік заттар жинауы түсіндіріледі.
Өсімдік бойында қант пен крахмал бар. Бұлар топырақта жоқ. Өсімдік жапырағы сондай “аспазшы” екен. Күн көзінің жапырағы мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал түзіледі.
Сабақты пысықтау үшін сыныпқа сұрақтар беріліп, оқушыларды қатыстыра отырып, бірнеше бөліктерден тұратын тірек конспектісі құрылады.
Шебер “аспазшы”.
жапырақ Б-3 ауа жасыл бояу
“хлорофил”
жарық
жылу
Б-2 Жиегі
Б-1
Алақаны Сағақ
Су, еріген тұздар ТК-1
Оқушылардың білімін тексеруде тірек конспектілерін перфокарталар жасауға болады.
Жапырақта түзілетін заттар туралы мынадай перфокарта жасауға болады:
Крахмал түзілуі үшін қандай, заттар қажет.
Бос торкоздерге керек затарды жаз.
Оқушының аты-жөні
1. 2. Жас ұрпақты жан-жақты білімді, парасатты саналы оқушы етіп тәрбиелеу, заман талабына сай оқытып, білім беруде жаңа технологияны қолданудың түрлері жеткілікті. Соның бірі-дифференциялап оқыту. Ағартушы ғалым А. Байтұрсынов “Мұғалім әдісті көп білу керек, оларды өзіне сүйініш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек”- деп айтады. Бүгінгі әрбір ұстаз сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып дифференциялап оқытуды жүзеге асырады.
Дифференциялап оқыту барысында әрбір оқушының дара ерекшелігін ескере отырып, олармен жекелеп және топтап оқытуды ұйымдастырады. Балалардың жеке ерекшіліктерін ескеру-әрбір ұстаздың міндеті. Сыныптағы оқушылардың технологиялық ерекшеліктері мен жұмыс істеу мүмкіндіктері әртүрлі болып келеді. Сондықтан дүниетану сабақтарында дифференциялап оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім оқушылардың білім деңгейін, олардың жеке бас ерекшелігін, білім алудағы қабілетін, сабаққа деген зейінін қабылдау, ой-қорыту дәрежелерін жақсы ажырата білу қажет. Сондай жағдайда тапсырма берудің түрлерін қолдануға мүмкіндік туады. Әр сабақ сайын материалды жете меңгерту мақсатында дифференциялап оқытудың түрлерін (жекелеп, топтап) қолданады.
Дифференциялап оқыту барысында жұмыс түрлері (оқулықпен) тақтамен, дәптермен, басқа да көмек құралдарымен өзгеріп, оқушылар тапсырманы ауызша және жазбаша орындауы мүмкін.
Дифференциялап оқыту сабақтың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Үй тапсырмасын беру кезеңінде де оқушылардың қызығушылығын ынталық, өзіндік ізденушілік деңгейлерін ескере отырып, жеңіл және күрделі тапсырмалар сараланып белгіленеді. Дүниетану пәнінің мазмұны дифференциялап оқытуға мүмкіндік береді. Дифференциялап оқытуды жаңа тақырыпты меңгерту барысында да пайдаланған ұтымды.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мақсатында мынадай жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Сыныпқа кез-келген құстар суреті ілінеді, жанына бес қалташалар (екеуі үлкен, қалған үшеуі кіші-қызыл, көк, жасыл) қойылады. Мұғалім үлкен қалташаның біреуіне тапсырмаларды салады. Оқушылар тапсырмаларды орындап, жауаптарын екінші үлкен қалтаға орналастырады. Мұғалім жауаптарды жинап, тексеріп, бағалайды. Кейін жауаптардың мағынасына қарай қызыл - “5”, көк - “4”, жасыл - “з” деген түсті қалташаларға таратып салады. Дифференциялап оқыту сабақты пысықтау, қорыту кезінде де жүзеге асырылады. Мұнда оқушыларға шағын шығарма жаздырып, сурет салуға жаттықтыруға болады.
Дүниетану сабақтарында дифференциялап оқытуды қолдану-оқушылардың танымдық әрекетін, белсенділігін дамытып оларды шығармашылыққа жетелейді, өзіндік әрекетін шыңдай түседі, ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтеді. Егерде дифференциялап оқытуды сабақта өз дәрежесінде ұйымдастырса, онда нәтижесін көруге болады.
1. 3. Шоқ орманды жерде кездесетін құстар да болады. Орманды - далада қайыңды, көк теректі шоқ ормандар ашық даланың әр жерінде кездеседі. Виталий Бланки бұл ормандарды былай суреттейді. “Мұнда бізді жасыл бұйра жапырақты ақ қайың, күмістей жылтыраған көктерек жайдары сыбдырмен қарсы алды. Олардың жапырақтарының арасынан әнші құстардың құйқылжыта салған әні естіледі”. Зәулім ағаштар жапырақтар арасынан күн нұры төгіліп тұр, ормандағы ауаның өзі жүз құбылып тұрғандай, ағаштың теп-тегіс діңдеріне шағылысқан күн сәулесі алуан түрлі құбылыстар, біресе әртүрлі оюлы кестені, біресе жәндіктер мен құстар бейнесін көз алдыңа елестетеді.
Шоқ ормандарда әр алуан құстар мекендейді. Олардың ең ірілерінің бірі-бұлдырық. Құрдың қоразы-желпуіш тәрізді құйрығы бар, түсі шұбар қара үлкен құс мекиені-кішірек, түсі шұбар.
Көктемнің бас кезінде, қайыңның бүршігі бөрте бастаған кезде, бұлдырық үйірге түсе бастайды. Олар орманның ашық алаңдарында немесе шетінде үйірге түседі. Әуелі бұл алаңға бір қораз ұшып келіп қонады да, біраз қозғалмай отырады, одан кейін, “чуфф-чуфф” деген дыбыс шығарып құрқылдайды.
Үйірге түскенде қораз желпуіш тәрізді құйрығын түре көтеріп, мойын аспанға созып, айдар қауырсындарын үрпитіп, қанаттарын салбыратып жерге сүйрете, олай-бұлай секіріп, алаңды айнала жүреді. Алаңға басқа қораздар ұшып келеді де, жойқын талас басталады.
Мекендері бұталардың арасынан, көделі даладағы шұңқырларға шөп төсеп, ұя жасап, 4-11 жұмыртқа салады. Балапан маусым айында шығады. Олар жазық кәделі далада, орман алаңдарында, итмұрындардың, долананың, арасында паналап жүріп тіршілік етеді. Ашық жерде жылы күндері бұлдырықтардың балапандары таң сәріден жайылымға шығада да, ал бұлтты күндері, кішірек балапандары күн жылынған соң өрістейді. Күндіз балапандар бұталардың көлеңкелерінде паналайды.
Ақшамда, күн батар алдында, балапандар жазық далаға жайылымға шығады. Бір жетілік бұлдырық балапандары қанаттарын сабалап, жалпылдап ұша бастайды. Қыркүйек айына дейін олар аналарына еріп жүреді. Жас балапандарды анасы кәдімгі тауық сияқты, қанатының астына басып жылытады.
Қыста бұлдырықтар үйріліп қайың және көк теректі шоқ ормандардың маңындағы ашық алаңдарда немесе өзен жағалауындағы қалың бұталар арасында мекендейді. Бұлар қайыңның бүршіктерін жемістерін, дала шөптерінің дәндерін, қарағайдың, шаршаның қылқан жапырақтарын жейді. Бұлдырақтар қар астында түнеп шығады, қатты суықта күндіз де қардың астынан шықпайды.
Орман шетінде және тал арасында ақ құр жиі кездеседі. Қыста бұлардың реңі қардай аппақ болады. Көктемде жирен дақты сұр реңді келеді. Қысқа дейін осы реңін сақтайды. Көкек, мамыр айларында қайың ормандардан құр қораздарының дауыс естіледі. Оның даусы үрген ит даусына ұқсастау келеді.
Көкектің аяғында, мамырдың басында ақ құрлар, ұя салып, оған қызғылт, қоңыр сепкілдері, бар салған сары реңді 9-12 жұмыртқа салады. Соңғы жұмыртқасын басып жатады, ол кезде маңына жақындаған адамды да сезбей қалады.
Балапандарының денесін бозғылт немесе сарғыш мамық қаптап тұрады. Мамықтарында күңгірт жолақ және дақ болады. Бұлар тез өсіп жетіледі. Мысалы: Балапанының салмағы жұмыртқадан шыққанда 15-16г болса, бір айдан кейін 250-300 грамға жетеді.
Ақ құр-өсімдіктердің тұқымдарымен және жемістерімен, қайыңның, талдың көк теректің жапырқатарымен және бүршіктерімен қоректенеді. Кәрі ағашты бар қайыңды ормандарда ақтұмсық қарға топтанып мекендейді. Сол жердің бір ағашында ондаған ұя болады. Ақтұмсық қарғалар өте мазасыз келеді. Жүздеген құстың шулаған дауысынан шоқ ормандарда осы қарғалардың мекендейтіндігін бірден білуге болады.
Сауысқан-ұясының құрылысы өте күрделі. Олар да ақтұмсық қарғалардай, ұяны бұтақтардан өріп, оны шөппен, өсімдік тамырларымен, тіпті саз балшықпен байланыстырады, бұдан басқа ұясына бұтақтардан құрастырып қақпақ жасайды. Оның ұясы жерден онша биік емес, ағаштың қалың бұтақтары арасында болады.
Орман жануарлары сауысқанның шықылықтауынан таяу жерде “жат” біреудің бар екенін сезеді. Егер орман жануарларын жасырынып жатып бақыламақ болсаңдар, бұл мазасыз құстың көзіне түспеңдер. Көзіне түссең-ақ бүкіл орманға жар салады.
Биік ағаштарда кезқұйрық, күйкентай сияқты жыртқыш мекендейді.
Орманды -дала өңіріндегі ойпат жерлерді көлдер мен батпақты саздар алып жатыр. Көп көлдерде ну қамыс, қоғажай, қоға т. б. өсімдіктер ну болып өскен. Бұлар құстарға пана болады, оларды жыртқыштардан қорғайды. Көл суы күн көзінен жақсы жылынады: онда су өсімдіктері мен омыртқасыз жәндіктер де көп болады. Ұлулар, шаяндар, насекомдардың личинкалары құстарға да сүт қоректілерге де керек. Сондықтан да көлдерде үйректер, қаздар, шағалалар балшықшылар көп болуына таңдануға болмайды. Таң сәріде және кешкісін көл маңын сыңқылдаған шағалардың, қырқылдаған үйректердің, ыңқылдаған қасқалдақтардың үні алып кетеді. Бір кезде бұл адам жүйесін босатқан әсем күйді әупілдектің өкірген даусы басып кетеді. Даусына қарай мұны халық су өгізі деп те атайды. Бұл үлкендігі үйректей ғана шағын құс. Жемсауына суды толтырып алып, тұмсығын суға қайта батырып, жемсауындағы суды қайта шығарғанда, бұқаның мөңірегеніне ұқсас, әупілдек үні естіледі. Көктемде шалқар көлдерде ұялаған аққуларды да кездестіреміз. Бұлардың бір-бірінен ажырату оңай: алсытан қарғанның өзінде-ақ сұңқылдық аққу мойынын аспанға тік созып, тұмсығын су бетіне төсей ұстайтындығын байқаймыз, ал сылбырлақ аққудың суда жүзіп жүргенінде мойын S әрпі тәрізді иілген, басы мен тұмсығын су бетіне қарата тік ұстайды. Аққулардың ұясы-қамыс сабақтарынан сал етіп жасаған едәуір үлкен құрылыс, оның диаметрі 4 м, биіктігі 1 м-ге келеді. Аққулар таяз суларда жүріп қоректенеді. Олар басын суға батырып, мойын созып тұнбалайдан су өсімдіктерінің тамыр сабақтарын-борықтарын, ескендірін, сондай-ақ ұсақ омыртқасыздарды да қорек етеді.
Қоңыр қаз-ірі құстың бірі; бұлар орманды-дала көлдерінің бәрінде кездеседі. Қаз ұясын жағаға да, суға да салады; олар ұяларын өсімдік сабақтарынан қамыстың арасын да, салдардың бетіне де салады. Сал- дегеніміз-қамыс, қоға, қоғажай тамырлары шырмаған су өсімдіктерінің қураған қалдықтары, бұлар су бетінде, арал тәрізді, батпай қалқып тұрады.
Қаз ұясының ішіне мамық төсейді. Қаздың Қаздың ұясы едәуір аумақты, ұяның табаны 60-80см-ге, биіктігі жарты метрге жетеді.
Қаздар қамыстың, қоғаның, өлеңнің жапырақтарын судағы және құрылықтағы өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдарын жейді. Астық піскен кезде егістіктерге түсіп, дәнмен қоректенеді.
Өзен үйректері деп аталатын-барылдауық, бізқұйрық үйрек, қоңыр-үйрек, сусылдақ үйректер көбіне су жиектерінде ұялайды. Қалқалау жерлерде шөпті төмпешіктердің астына қалың өскен бидайық, өлең үйрілген шөптер арасынан кішкене кеуек жасап, оның үстіне аздап қана өсімдік мамық төсеп, ұя жасай салады.
Үйректердің ұялары судың дәл жиегінде де судан қашықтау жерлерде де кездеседі. Мысалы: бізқұйрық үйректер ұясын көлден бір километрден қашық жерге де салады. Балапандарын шығысымен-ақ суға ертіп барады. Олардың бұл сапары балапандар үшін өте қауіпті, өйткені жолшыбай құзғын, шағала, күзен, түлкі кездесіп қалуы мүмкін. Ал суға жеткен соң-ақ қатер кемиді. Жағалаудың қалың өсімдіктері оларға сенімді пана болады. Ата-анасы балапандарын ертіп, әлсін-әлсін судан шығарады да, оларды жазық жерге жайып отырады. Бұл кезде олар балапандарын өне бойы қарауылдап жүреді. Егер аспанда шалшық құландарының немесе басқа бір жыртқышы байқаса-ақ болағыны, барлаушысы қауіп төнгендігін білдіріп дыбыс береді; балапандар тым-тырақай теңселе бұлтаңдай жүгіріп, шөптің арасына еніп жетеді де жасырынып қалады.
Үлкен сұқсыр, сұршеке сұқсұр, қарамойын сұқсұр және мүйізді сұқсыр деген үйректің түрлері суда жүзіп жүріп ұя салады. Сұқсыр үйректі басындағы мүйіз тәрізденіп көрінетін артқа қайырылған айдарынан ажыратуға болады. Бұлар қураған бұтақтарды, шіріген су өсімдіктерінің қалдықтарын жинап, лай қосып үйінді жасайды да, оның үстіне аздап шұңқырлап оған 3-4 жұмыртқа салады. Мұндай ұя су бетінде қалқып жүреді. Жұмыртқа басқан үйрек ұядан тұрып кететін болса, ұясын шіріген балдырларымен бүркеп кетеді. Бұл, бір жағынан, жұмыртқаны жыртқыштардан жасырса, екінші жағынан, шіріген өсімдіктерден жылу бөлініп шығатындықтан, жұмыртқа суып қалмайды.
Онша таяз емес, көлдерде қасқалдақтар өте көп. Бұлар түсі қара, маңдайы қасқа, үлкендігі кәдімгі үйректей, шағын құс. Қасқалдақ көбіне суда жүреді, құрлыққа сирек шығады. Жүзгенде аяқ қозғалысына сәйкес басы да қозғалып отырғандықтан, сәлем бергендей басып изеп отырады, 4 м тереңдікке дейін сүңги алады. Нашар ұшады: қанатын сабалап, су бетімен 8-10м жүгіріп барып қана ауаға көтеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz