Мағжан Жұмабаевтің лекциялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе :

ХХ ғ. 30 жылдардағы қазақ ұлт зиялыларының репрессияға ұшырауы.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Мағжан Жұмабаев туралы ойлар (М. Жұмабаев кім не жазды) .
  2. Мағжан Жұмабаевтың еңбектерін саралау.

2. 1 Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасы.

2. 2 Мағжан Жұмабаевтің тәлім тәрбиелік көзқарасы.

2. 3 Мағжан Жұмабаевтің психалогиялық көзқарасын саралау.

2. 4 Мағжан Жұмабаевтің лекциялары:

Педагогикадан лекция.

Психологиядан лекция.

ІІІ. Қорытынды:

ІҮ. Әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

ХХ ғ. 30 жылдардағы қазақ ұлт зиялыларының репрессияға ұшырауы.

Педагог-психолог мамандарын дайындығындағы “Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық- психалогиялық көзқарастарының бүгінгі күндегі маңызы” деген тақырыпты таңдадым. Себебі, 20 ғасырдың басында педагогикалық, психологиялық тұрғыда айтылған ұлы ақынның ойлары бүгінгі күнде де өз маңызын жойған жоқ, оның “Педагогика” атты еңбегі бүгінгі заманда да әрбір ұстаздың қолкітабы іспеттес.

Қазақтың ағартушы-педагогы М. Жұмабаев ұстаздық етуден және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазудан өз ұлтының салт-санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихи бар ата-бабаларының халықтың педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпын, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруден пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

Отызыншы жылдардың нәубетінде репрессияға ұшыраған туған әдебиеттіміздің дарынды тұлғалары Мағжан Жұмабаев (1893-1938), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937), Жүсіпбек Аймаутов (1889-1931), творчествалық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысын жақында қазақстан компартиясы орталық көмитетінің бюросы мақұлдады. Сөйтіп, әдебиетіміздің ірі үш өкімінің қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі ақталды.

1912-1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, тюрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де жан-жақты, терең қаруланған, аса дарын иесі Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйретіп, мәдениетімен қанығуға олар көп есебін тигізген. Мағжан Жұмабаев- дарынды тұлға. Ол әкесінің дін қызметшісі болуын қалағанына қарсы шығып, өмірлік мән - мақсатын халыққа қызмет етуден іздеді. Медресе бітіріп, Омбы мұғалімдер семинариясына түскеннен соң бұл арманына біржола ден қойды. Оның тырнақалды туындылары да осы кезден жазыла бастайды. Алашордашылар талантты жастың тәжрибесі аздығын пайдаланып, өздерінің құрамына тартады. Мағжан жаза басқанын кейін түсіп, Совет үкметі жағына біржола шығады. Бұл аралықтаарда ол “Бостандық туы”, “Ақ жол” газеттері мен “Шолпан”, «Сана» журналдарында жұмыс істейді. 1923-27 жылдары Москва жоғары әдебиет- көркемөнер институтында оқиды, ол кезде институтты В. Брюсов басқаратын еді. Орыс мәдениеті қайраткерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады.

1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптауларымен 10 жылға сотталады. Шын мәнінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған, көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді

Өтініші сол, 1929 жылдан 1938 жылға созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М. Горкий мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алғанымен, 1937 жылы М. Жұмабаев қайта қамалады. Ал, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі. Бұл жөнінде нақты фактілермен дәлелденбеген бірнеше алып-қашты әңгімелер бар, бірінде-ол атылмаған, 1938 жылы мартта ату жазасына кесілген партия, өкімет, мәдени қайраткерлерімен бірге Новосибирск облысына жер аударылған-мыс, одан Жаңа жерге айдалып, сонда 1956 жылы жалдамалы кәззаптың қолынан қаза тапты деген сөздер бар. Ал, екінші лақапта ол 1942 жылы айдауда қайтыс болған. Бірақ, қазір мұның бәрі негізсіз екені анықталып отыр: ресми жазалау орындарының бір кездерде шындықты жасырып, жалған мәлімет беріп отырғандығынан тараған бос сөздерге ұқсайды. Сот орындары бұл күнде 1938 жылы атылғаны ақиқат деген тұжырымға келіп отыр. Бірақ, біз мына бір жайды білгіміз келеді. Ғұмырының соңғы жылдары ештеңе жазбап паекен, жазса ол қайда, әлде ұшты-күйлі жоғалып кетті ме? Неге десеңіз, М. Жұмабаев 1927 жылы жазған «Тоқсанның тобы» поэмасынан кейін қазақ ауылындағы үлкен өзгерістерге қайта бет бұрғаны анық. Рас, конфискация, коллективтендіру, онан кейінгі аштық жылдары, әрине, творчестволық шабыт бере қоятын жәйттар емес-ті. Ол уақыттың жалған поэзиясының солғын үндерін құлағымызбен естіп те, көкірегімізбен ұғып та жүреміз.

Сонда да болса, шеккен қайғы- қасреттерін, тартқан азабын ақын дәптерде жазып қалдырмауы мүмкін де емес сияқты. Қалай жорамал жасасақ та, М. Жұмабаев үнін 1927 жылдан кейін естімейміз. Ақын үні тынды. Өзі бір кездері толғана жазған үні өшкен бұлбұл кейпі басына келді:

Дариға аяқталмай үзілді жыр,

Сұм жүрек жалын болып қалдым ғой құр.

Бұлбұлбың әнін үзген не болды екен?

Мынау не көлдін беті жыбыр-жыбыр ?

Көл беті жыбыр-жыбыр бақа: «бақ-бақ».

Сайрайсын енді қалай бұлбұл бейбақ!

Өмірдің өзгермейтін құнды замы -

Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ.

Жыршы құс бақырайған бақа көрсе,

Бақылдап тырбық бақа әнін бөлсе,

Ойласаң таңқаларлық дәнеңе жоқ

Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе.

«М. Жұмабаевты мен өзіндік ерекше, табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңінің асқан шебері санағанымын және солай санаймын да : бұл орайда ол Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады. Сонымен бірге, оның өмірі, ақындық еңбегі және трагедиялық тағдыры бір-бірімен тұтас, бұлақ суының бір тамшысындай. М. Жұмабаев творчествосына бір жақты баға беру, яғни оны революционер күрескер дәрежесіне көтеру, немесе, керісінше, Совет өкіметі мен қазақ халқының қас жауы етіп сипаттау-біздің тарихымыздың тұрпайы да анайы, орын толмас олқылығы, екінші жағынан біздің мәдени мұраға деген көзқарастың жауапсыздығы, барып тұрған дөрекі нигилизмнің өзі. Мұндай теріс түсінік ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихи жағдайды толығымен бағаламаудан туары анық, немесе, Пролеткульт пен РАПП белсенділерінің тұрпайы соцологизм туын ұстаушй ғана болып қалуынан деуге болады».

Шындығында, 20-шы жылдар оқиғалар мен өмір құбылыстары қаншама күрделі екенін ойға алсақ, саяси мәні жағынан саналуан, тіпті көбіне қарама-қарсы екенін ескерсек, тыңғылықты тұжырым жасау, нақты талдаумен белгілі бір объективті ой-пікірге, қорытындыға келу оңай еместігіне көз жетеді. 1920 жылы қазАССР-ның құрылуы, ауылдардың советтендірілуі, ал екінші жартысында- байларды конфискациялау, республика лидирлері мен интеллигенция өкілдерінің сан тарапқа тартқан сөздері ұлттық шекараларды бөлу, әсіресе, ұлттық мәдениет мәселелері талайлардың намысын қоздырып, ақыл-ой, санасының шайқауына әкеліп соқтырғанын анық білеміз. Мұнымен қоймай кеше ғана ауыз жаласқан достардың табында бір-бірін ата-жау болып шығуға, бір-бірін қаралау, күйе жағуға дейін баруы қауым ішін әбден шиеленістірді. Осындай әрекеттер салдарынан Мағжан Жұмабаевқа ұлтшыл деген айдар тағылып, оның көркемділігі жоғарға дүниелеріне: бұл пролетарлық емес, таптық есем, - деген негізсіз кінәраттар қойылады. Осындай сылтаумен 1926 жылы Ж. Аймауытовқа а айып тағылған, бірақ, көп ұзамай босатылған болатын. Бірақ, 1929 жылы қайтадан тұтқындалып, бұл жолы оның тағдыры бір жола шешілді. Дәл осы жылы М. Жұмабаев та қамалды, қамалуға себеп-аққа күйе жаққандай, баяғы бұрмалаушылық, жала. Тіпті “Тоқсанның тобы” атты құнды поэмасының өзін тоқсан саққа жүгіртіп, бұл ақынның шын ойы, шын көңілі емес деп шулағандар қаншама болды.

Ахмет Байтұрсыновтың есімі революциадан көп бұрын ағартушы, ғалым-тілші, тюрколог, аудармашы ретінде мәшһүр болған. Оны патша охранасы бірнеше мәрте тұтқындап, бақылауға алған. 1913 жылдан бастап “Қазақ” газетін редакциалап, қараңғы елге өз шығармаларымен жарық сәуле таратады. Алайда, көптеген интеллегенция өкілдері секілді. А. Байтұрсынов та алғашқы кезде революцияның мәнін түсінбей, Алашорда жетекшілерінің біріне айналады. Дегенмен, олардың ой-мақсатын ұғынған соң алашордашылардың үлкен бір тобын ерітіп Совет өкіметі жағына батыл өтеді. В. И. Ленин қол қойған мандат алған А. Байтұрсынов өзінің шешуінше өмірлік таңдауын Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің жұмысына қатысу арқылы нығайта түсті. Оның құрамында бір жылдан астам үздіксіз еңбекетті және қазақ халқының советтік социалистік мемлекеттігін әзірлеуге елеулі үлес қосты.

А. Байтұрсынов қазақ тілі білімі мен әдебиет тану ғылымының көш басында тұлды. Осы салада көптеген құнды еңбектер жазды. А. Байтұрсыновтың аудармашылық, ақындық, жазушылық компазиторлық еңбектері өз алдына бір төбе. Осындай тамаша тұлға сталиндік жеке басқа табынушылықтың жазықсыз құрбандарының бірі болды.

Жүсіпбек Аймаутов бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі кедей шаруаның семьясында туды. Павлодврдағы қазақ-орыс мектебін, Семей мұғалімдер семинариясын бітіреді. 1917-1919 жылдары олда алашордашыл ұйымының құрамына кіреді. Алайда, өзінің ой-өрісінің шектелулігін жеңіп, революция жағына шығарады 1920 жылы январьда РКП (б) қатарына кіреді. Республика Халық ағарту комиссариятының коллегиялық мүшесі болады, губерния оқу бөлімін басқарады, “Қазақ тілі” газетін редакциялайды . . . 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, “Ақ жол” газетінің қызметкері болып істейді. 1926-1929 жылдары Шымкеттегі педтехникумның директоры болады. 1952 жылы Жүсіпбек Аймаутов өсек-аяңмен сотқа тартылып, партия қатарынан шығарылады. Көп ұзамай ақталады. Алайда, 1929 жылы құпия ұлттық ұйымға қатысты деген желеумен қамауға алынып, 1931 жылы ақталады. Жүсіпбек творчестволық интеллигенцияның жарық өкілдерінің бірі, романист, драматург, аудармашы. Әйел теңдігі, адамгершілік, ескілік қалдықтарымен күресе, жас ұрпақты революция мен социализм мұраттары арнасында тәрбиелеу, достық жазушы творчествасының негізі бағыттары.

Сөйтіп, кезінде үшеуі де кеңес өкіметінің құрбаны болып, есімдеріне, шығармаларына тыйым салынса да, бүгінгі тәуелсіз елімізде есімдері қайта жаңғырып, туған халқымен қайта қауышып отыр.

І. 1 Мағжан Жұмабаев туралы ойлар

( М. Жұмабаев туралы кім не жазды) .

Мұхтар Әуезов

Мағжанды сүйемін

Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да- Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз - «Қазақ»деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен пара-пар болатыны бар.

Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылдардан туып, Европадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қазын көріп- сезгендей болмайды. Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күштілігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет тандаушылар газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды., заманынан басы озып, іргеріліп кеткен ақын болады. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз- Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенеміз деп білемін.

Сұлтанбек Қожанұлы

Алғыс сөз

М. Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде үлкен орын алған деп санап бастып отырмыз.

М. Жұмабайұлының өлеңдерімен оқушылар бұрыннан таныс. Әдебиеті жаңа аяқталып, әдебиет тілі енді жасалып келе жатқан жұртта Мағжандай ақындардың қызметі зор екені анық. Осы күнге дейін Түркістанда қойшылар тілі саналып келген, ресми қағаздар жазуға, кітаптар жазуға жарамсыз делініп келген қазақ-қырғыз тілі іске асуы былай тұрсын, өнерге асатын бай, жаты, таза, өтрік, әдемі тіл екенін Мағжан өлеңдері көрсете алды. Сондықтан біз Мағжан өлеңдерінің саяс мәнісінен гөрі, әдеби мәнісін көбірек көзге тұттық. Сол жақтарын ескеріп, Мағжан өлеңдерінің ішінде кез келген марксизм дүние тануын ұйқаспайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік жағына, сыршылдық жағына, суреттеу жағына көбірек көз салу керек, тарих мәнісіне жете түсіндіру керек. Бұл кітапқа М. Жұмабайұлының баспасөз майданына шыққаннан бергі жазған өлеңдерінің көбісі кіреді.

Басу жағынан түзей алмай отырған кемшілігімізді қай өлеңнің қай жылы һәм қайшарттарда жазылғандарын көрсете алмауымыз. Сүйтсе де М. Жұмабайұлының өлеңдері әдебиет тарихындағы соңғы 10-15 жылдардағы ағымдарда тексеруге де жақсы құрал бола алады деп ойлаймыз.

Түркістан қазағына арнап, Абайдан кейінгі екінші бастырып отырған әдебиет кітабымыз осы М. Жұмабайұлының өлеңдері.

М. Жұмабайұлы өлеңдерінің тіл жағына, әдебиет тану жағынан көп болады деп сенеміз.

Сәйфи Құдаш,

Башқұрт халық ақыны

Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев

Адам ретінде, ақын ретінде М. Жұмабаев қандай болған? Ол ешкімге ұқсамайтын өзгеше, аса талантты біртума ақын. Оның өзіне ғана тән үні, таңғажайып әуенді жыры бар, бұның қайнар көзі халық поэзиясының тұңғиық тереңінде. М. Горкийдің С. Есенин туралы: «ол . . . адамнан гөрі табиғат, тек поэзия үшін жаоатылған органға ұқсайтын . . . » деген аталы сөзін М. Жұмабаевқа да арнап айтуға болады. Өзінің қайталанбайтын ерекшілігімен М. Жұмабаев поэзиясы А. Ахмет, Б. Пастернак, А. Блок творчествосын еске салады, ол А. Блокты оқып-үйренген, оған кейде еліктеген де. Тіпті М. Жұмабаевты суқаны сүймейтін кісілердің өзі оның құдіретті поэтикалық талантын мойындаған : « . . . Буржуазияыл- ұлтшыл жазушылар ішіндегі ең кесек тұлға Мағжан Жұмабаев болатын», - деп жазды олар.

Өзінің аса ауыр өмірін әбдан сарқылғанша М. Жұмабаев жансебілденіп еңбек еткен. Бәлкім, ол өзінің қайрат-жігері мен таланты жететін мөлшерден істі кемірек тындырған шығар, бірақ бұған оның өзі ғана кінәлы емес. Совет өкіметі орнағаннан кейін оның біраз мүдіргені рас, онда да қысқы уақыт қана. Көп ұзамай ол Москвадағы Орталық шығыс баспасында редактор болып істейді. Сосын ол жоғары әдебиет институтында оқиды, тіпті профессорлардың біреуі оны «Қазақ Пушкині» деп те атайды.

Сол жылдар ол қазақ мектебінде арнап оқулықтар жазу, В. И. Ленин шғармаларын, арыс жазушыларын аудару ісімен айналысады. Осының бәрі оның өз көзқарасындағы қайшылықтар мен солқылдақтықтан біртіндеп арылуына, маркстік-лениндік идеяларды терең де, берік игеріп алуына жол ашады. Өкінішке орай, осынау игі өзгеріс Қаз АПП басшылары назарынан тыс қалады. Тіпті оның 1927 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Еңбекші қазақта» жарияланды «Тоққсанның тобы» атты өлеңінің өзін «жарамасақтың айла-тәсілі», - деп қабылдады. Ал, ақын жүрек тереңінен алып, ағынан жарылып айтқан бұл өлеңдерінде былай дейді:

«Бұрын, күллі халықтар үстінен жарқырайды күн шыққанда, мен қателесіппін. Бірақ мен Отаныма қызмет істеп жүріп қатерлесіппін. Міне Алашорданың съезіне барған да, қатысқан да жоқпын. Осындағы кейбіреулер секілді, мен Алаш басшыларының шылауында жүргнн жоқпын. Алаш партияссының қазаққа қажет емес екенін енді ғана ой-санасымен білдім. Мен қазақ қалқаның тағдырын тек Коммунистік партияның ғана дұрыс шешетінін енді ғана өз көзіммен көріп, түсіндім. Егер Коммунистік партияны халықтың 90 проценті қолдаса, Алашты оа-ақ проценті қолдайды. Мен 90-ды қорғаймын, өйткені жан-тәніммен Совет өкметіне қызмет етемін»

Бұл ақынның жан сыры пе? Бірақ оған сенбеді, неге? Мұны анық айту қиын, бірақ менің ойымша, кейбіреулердің жеке басының араздығын, өшпенділік, тап тартысы принциптерін дұрыс түсінбеу сияқты себептер де әсер еткен тәрізді. Не керек, әйтеуір, 1929 жылы ол тұтқынға алынады: Мағжан өзінің содан он жыл бұрын жасаған қатерлері және адал да жемісті еңбегімен түзеген қателерін үшін айыпты болып шығады.

Он жылға кесілген ақын Карелия лагерьлері мен ормандарында ауыр күн кешеді. Онда да ол адал еңбек етеді, әуелі мұғалім, сосын бірнеше лагерьлердің біріккен санитарлық бөлімдерінде істейді. Мағжанның әйелі Злиқа- ханым күйеуіне талай рет барған. Әр барған сайын ол Ленинградқа жер аударылған профессордың, мидицина ғылымының докторы әйелінің үйіне тоқтайды екен. Ол профессор лагерьде Мағжанмен бірге болған, санитарлық қызмет жағын басқарған. Ол Мағжанды қарауына қызметке орналастырады. Соның ықпалымен, нақты көмегімен ол мидицинаны оқып, үйрене бастайды. Профессордың әйелі оған қажетті әбебиет пен кітаптарды жеткізіп береді. Сөйтіп, нағыз ізгі жанды адамдар озбырлық пен сойқандықтың қорқынышты кезінен өзінде лагерьдің қатал режимінен қорықпай, қанатымен су сепкен қарлығаштай, тұтқындағы кісілерге көмектескен . . .

Ленинград профессорының кеңесімен, оның әйелі мен Зылиха-ханым күйеулерінің хаттарын алып, Москваға М. Горкийдің қабылдауына болмаққа бел байлайды. Мағжан ұлы жазушыға оның өзі ана тіліне аударған шығармаларын жібереді. Ал, әлгі хаттарда -кінәсіз кісілерге трагедиясын. Бір өкінішті жері сол кезде М. Горкий Москвада жоқ болып шығады. Күйеулерінің хаттарын олар Горкийге деп, оның секретарына тапсырады. Әйелі байғұстар енді не істейміз - деп ұзақ толғанады. Сосын әлгі хаттардың көшірмесін алып, аты әйгілі Ромен Ролланға бармақ болады. Бұл мұңлықтар оның үлкен гуманист, интернационалист жазушы екенін, сол кезде әйелімен Москвада тұлып жатқанын білетін. Роллан бұларды жылы шыраймен қабылдап, екеуінің әңгімесін шын ықыласымен тыңдайды, ао оның әйелі орыс екен, бұлардың әңгімесін қолма-қол франсузшылап, ал күйеуінің сөзін орысша айтып отырады. Р. Роллан қазақ жазушысы мен орсы профессорының қасіретті тағдырларын соншалық жана ашып, оларға көмектесетінін, Горкиймен сөйлесетінін айтып, уәде береді.

Сөйтіп, екі әйел жүрегінде үліт оты ұшқындап, Ленинградқа қайтады. Хош, сонымен, 1935 жылы М. Горкийдің көмегімен М. Жұмабаев босанып шығады. Ақын Петропавл қаласына қайтып келеді, әуелгі кездері оған дос пейілін білдіріп, С. Сейфуллин көмектесіп тұрады. Мұнда М. Жұмабаев техникумда оқытушы болып істейді. Осы арада ол Қазақстан Жазушылар ұйымы басшыларының бірі С. Мұқановпен кездеседі. Онымен әңгімелескеннен кейін Жазушылар одағына қабылдау жөнінде арыз жазады. Өз арызында ол: «Совет әдебиетіне алал қызмет етемін», -деп атап көрсетеді. Бұған жауауап ретінде С. Мұқанов: Сізді Жазушылар одағына қабылдау мәселесі жаңа кітабыңыз шыққаннан кейін барып қаралады деген сыпайы ғана хат жазады. Рас, ол хатта М. Жұмабаевтың творчестволық жұмыс істеуіне жағдай жасалады деген де уәде бар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаев жайлы мәлімет
Түркі әлеміне әйгіленген ақын
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Адамзат баласына енді көштім
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан Жұмабаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz