Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы


Мазмұны .
Кіріспе: . . . 3
1 тарау. Қазақстандағы сыртқы саяси жағдайдағы мәселелері.
- Қазіргі заманғы геосаясат және қазақстанның сыртқы
саясаттағы басымдылықтар . . . 6
- Қазақстанның ТМД-дағы саяси орны . . . 12
- Қазақстанның Орталық Азиямен қарым-қатынасы . . . 15
- Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және
Закавказье мемлекеттерімен қарым-қатынасы . . . 31
- Қазақстан мен Азияның қарым-қатынасы . . . 40
- Қазақстан мен Батыс шар елдері . . . 44
2 тарау. Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
2-1. Қазақстанның БҰҰ-дағы орны . . . 47
2-2. Қазақстанның НАТО-ға мүше болуы . . . 50
2-3. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше . . . 51
2-4. Қазақстанның өзекті халықаралық
проблемалар бойынша позициялары . . . 56
2-5. Сыртқы саяси жағдай және ұлттық қауіпсіздік . . . 63
Қорытынды . . . 66
Пайдаланған әдебиеттер . . . 69
Кіріспе
Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну қажет. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіліксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі. Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жузеге аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе.
Қазақстан-өзінің тәуелсіздігі, егемендігі, саяси тұрақтылығы, аумақтық тұтастығы мен және күшті президенттік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аса байымдылықпен жүргізілуі арқасында дүние жүзіне танылып, тарихи қысқа мерзімде әлемдік аренаға шықты.
1991 ж Қазақстан егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болды. Алайда тәуелсіздік алып, егемендікті жариялау көптеген проблемаларды шешу қажеттігін талап етті. Қазақстан дүние жүзілік саясаттың бел ортасында болды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының бәрінің негізі бар болатын ең алдымен бұның аумағының арасын зор көлемі ұшан теңіз табиғат байлықтары халықтардың көп этникалық құрамы, сайып келгенде бұрынғы КСРО-ның ядролық әулиетінің көп үлес салмағы болды. Қазіргі кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр, олардың 115 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатылған, 49 шет елшіліктері мен миссионерлері халықаралық ұлттық ұйымдардың 19 өкілдіктері жұмыс істейді, республика БҰҰ-ның мүшесі болды.
Бұрынғы одақ кезінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субьект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі-Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Республиканың негізігі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына - халықаралық валюта қорына бүкіл дүние жүзілік банкіде, Еуропалық қайта құру және даму банкісіне енудің маңызы зор. Еліміз Азияның он елін біріктіретін экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде. Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы - ұлы Абайды 150 жылдық мерей тойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі1.
Қазақстан алдымен ең жақын екі ұлы державаның ортасында орналасқанын біз білеміз. Ол: Қытай және Ресей. Бұл елдермен сыртқы саяси байланысты тиімді жүргізу үшін үлкен саяси қабілеттілікті талап етеді. Мәскеу мен Пекиннің шекара мәселесін біршама қолға алған. Мысалы, шығыста Шаған-Оба асуы ауданындағы және солтүстікте Сарышілде өзені ауданындағы екі ірі учаскіге қатысты келіссөздер барысында шекара сызығын анықтау үшін, құжаттарды нақтылау қажет болды. Осы бағытта жүргізілген құжаттар ортақ келісімге келу туралы пікірге тоқталды. 1996 жылы Алматыда Қазақстан-Қытай шекаралық шартына қол қойылды, оған сәйкес талас тудырған жерлердің 53% Қазақстанның үлесіне тиді. 1700 км-ге созылған шекараны делимитациялау туралы Қазақстан-Қытай шарты сан ғасырлық тарихында тұңғыш рет құқықтық тұрғыдан рәсімделген шекараға қол жеткізді.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7-мың км-ге созылған ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Екі ел басшылары саяси мәселелерді шешу үшін, әр жыл сайын кездесіп отырады. 1996 жылы сәуірде Қазақстан мен Ресей президенттері Н. Ә. Назарбаев пен Б. Ельцин - Каспий проблемасына ерекше назар аударды. Олар Каспийдің мәселесін шешуде және теңіздің минералдық, биологиялық ресурстарын пайдалануда тығыз ынтымақтасуға уағдаласты. Соңғы жылдары Қазақстан Ресеймен бірігіп, өзінің ұлттық ғарыштық бағдарламасын жүзеге асыруда. Ресей Федерациясы “Байқоңыр” ғарыштық айлағының 70% пайдалануда. Ол үшін Ресей Қазақстанға жылына 115 мың АҚШ доллары көлемінде жалға алу ақысын төлеп тұрады. Бірақ, Қазақстанның да ғарыш айлағының арқасында әлемге танылғанын ұмытпауымыз керек.
Жалпы Қазақстан мен Ресей өзара әлеуметтік-экономикалық, саяси, эскери-техникалық ынтымақтастықты, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ, әлемдік проблемаларды бірлесіп шешуде кең қадамды, тату достық қарым-қатынас орнатып отыр.
Орта Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндетінің бірі болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, мәдени-тарихи бірлік, сауда-экономикалық тұрақты қарым-қатынас-біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.
ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына “Қазақстан-2030 жолдауында”2 : Интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайту, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс - деп көрсетті. Жалпы Орта Азия мемлекеттері өзара ішінара “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрып отыр (1996жыл) . Ол: Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері саяси ортақ мәселелерді бірлесіп шешуде.
Қазақстан өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін: “ЮНЕСКО”, “БҰҰ”, “ЮНИСЕФ”, ” ДДҰ”, ”ШАНХАЙ” т. б. көптеген ұйымдармен саяси байланыс орнатуда. Бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді деп сенеміз.
Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты. Сондықтан, Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы және тең құқықты сондай-ақ өзара тиімді міндеттемелеріне адал мемлекет ретіндеөзара лайықты орын алуы заңды. Қазақстанның жекелеген елдерімен өзара қарым-қатынасына, сондай-ақ мемлекеттердің көпжақты дипломатия саласындағы іс-қимылдарына кең ауқымды сипаттама беру негізгі міндет болып табылады.
1-тарау Қазақстандағы сыртқы саяси жағдайдағы мәселелері.
- Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдылықтар
Қазіргі заманның Қазақстанның сыртқы саясатының басымдылық берілетін бағыттары бірінші кезекті біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.
Азия мен Европаның қиылысындағы гоесаяси орналасуы экономикалық және әскери - саяси мүдделері сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуметті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту аумақтық тұтастық принциптері мен өзінің төңірегіндегі тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуы мен және оның аумақтық үйлесуімен сондай ақ осы факторлардың қоғамдық саяси өмірдің кеңістікте ұйымдастыруының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді. География мемлекеттердің сыртқы саясатындағы анағұрлым іргелі факторы, өйткені ол мейлінше тұрақты, өзгеріссіз сипатымен ерекшелінеді.
Осы заманғы түсініктегі Геосаясат негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға байланысты.
Осы мәселеде профессор Чжень Кунь Фудың Геосаясатты айқындауы қызығушылық туғызады, ол былай деп жазды: Геосаяси тұрғыдан ойлау- өркениеттің гүлденуі мен бірге туындады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға бақылау жасау ғаламдық жарсы тұрғысында дамып отырды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуетін, өзінің геосаяси жағдайын бағалай білу айрықша маңызды болды. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер де ескермесе болмайтын, өйткені олар белгілі бір деңгейде Орталық Азиядағы жағдайға ықпал етіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын әзірлеуде осы факторлардың бірі де есепке алынды. Саяси салада халықаралық проблемаларды ғаламдандыру үрдісі байқалады. Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы және 2 ядролық державаның, сондай ақ 2 қоғамдық саяси жүйенің текетіресінің келмеске кетуі - принципінде ядролық қаруды таратпау проблемасын шешкен жоқ. Экономикалық қауіпсіздік проблемасы ғаламдық сипат алды. 3
Бүгінгі күні билік құрып отырған батыстық жүйе құндылықтарын халықаралық қатынастар саласынан ығыстыру үрдісі өсіп келеді. Батыстық және Шығыстық құндылықтарды, олардың халықаралық саяси және экономикалық ынтымақтастыққа ықпалын талқылау Азия - Европа форумындағы тақырыптардың біріне айналды. Түрлі елдердің саяси құрлысындағы айырмашылықтар 2 қатарға шығып қалды. Мәселен Қытай АҚШ пен Жапонияның аса маңызды сауда әріптесіне айналды. Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, нақтылығына және болжай білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастықтағы позициясын нығайтады.
Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Екі мемлекеттің мүдделері көптеген өлшемдер бойынша сәйкес келеді.
ҚХР-на қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытаймен достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді.
Көп жақты ынтымақтастық саласында Қазақстанның БҰҰ, оның мамандандырылған саяси, экономикалық және гуманитарлық құрылымдарындағы жұмысы маңызды бағыт болып табылады. Еліміздің сыртқы саясаты принциптерінің басымдықтарының және міндеттерінің анағұрлым айқын сипат алуының маңызы аз емес. Тап осы сөз болып отырған кезеңде яғни 1991-1993 жылдар ішінде Қазақстан дипломатиялық көп векторлық сипаты қалыптасты, бүгінгі күні ол еліміздің сыртқы саясатының өзегі болып табылады. Қазақстанның сыртқы саясатында әлемдік геосаясаттан беделді позициясы бар Европалық Одақпен ынтымақтастыққа ерекше орын беріледі. Еурпалық Одақ пен Қазақстанның бірлескен жұмыс жүргізудегі өзара мүдделігі 1995 жылы ақпанда президент Н. Назарбаев өзінің маңызы жағынан тарихи және әріптестік туралы шартқа қол қойғаннан кейін айқын көзге түсті.
1997 жылы Қазақстанның сыртқы саясаты біздің мемлекетімізге тән ерекшелігі бар сипат алғандығын атап айтуға болады. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстан дипломатиясының қаз тұруы аяқталды, мемлекетіміздің сыртқы саясатын дамытудың алғашқы кезеңдері табысты өтті. Сол жылы Қазақстанның сыртқы саясаты дамуының 3-ші кезеңі басталды, бұл кезең жаңа ғаламдық ахуалдың орнығуымен және тиісінше оған бейімделген дипломатиялық қызметтің жаңа міндеттері мен сипатталады. Геосаяси өмір шындығын негізге ала отырып, сыртқы саясаттың басымдық шындығын негізгісін тұжырымды етіп, оларды өмірге енгізу қазіргі кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады. «Қазақстан-2030» даму стратегиясында баяндалған Қазақстанның сыртқы саясатының бағдарлары мыналар:
- ұлттық мүдделерді дәйекті түрде қорғау;
- еліміздегі экономикалық реформалар мен демократияландыру процесін жалғастыру үшін мейлінше қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;
- басқа мемлекеттермен сындарлы өзара іс қимыл желісін жалғастыру және тең құқықты әріптестік қатынастарды дамыту;
- халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, қалыптасып жатқан әлемдік тәртіптің демократиялық негіздерін нығайтуға жәрдемдесу орасан зор евразиялық кеңістікте орналасқан Қазақстан үшін әлемдік және аймақтық істерге белсенді түрде қатысу - оның халықаралық беделін біршама нығайтудың даусыз шарты.
Сондықтан біздің еліміз үшін сыртқы саяси тұжырымдамасын осы өзгерістерге бейімдеуге әрекеттенуде.
Үшінші мың жылдықта Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа үрдістердің- еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негіздерін нығайтуға және дамытуға бағытталған саяси прагматизм- 20 ғасырдың аяғындағы- қазіргі жүз жылдықтың басындағы- ғаламдану негізіндегі халықаралық қатынастардың жаңа дипломатиясы тұрғысында елеміз үшін артықшылықтар мен тиімділіктерді мейлінше ала білуде білдіреді.
20 ғасырдың табалдырығында экономика шаруашылық жүргізудің тәлім ретінде ғана емес, сонымен бірге жаңа дәуірдің саясаты ретінде, тіпті идеологиясы ретінде көріне бастады.
Қазақстан Республикасының жағдайында дипломатияны ұлттық мүдделерге сәйкес жүргізу және шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту- мемлекеттік саясаттың бірін бірі өзара толықтыратын элементтері болып табылады.
Егер дипломатиялық туралы анағұрлым кең ауқымды айтатын болсақ, онда Қазақстандағы мемлекеттік құрлыстың ажырамас бөлігі ретінде орнықты. Қазіргі уақытта біздің еліміз осы заманғы әлемдік қоғамдастыққа барлық үрдістерімен тығыз байланысты қаралды. Жоғарыда айтып өткеніміздей Қазақстан сияқты ірі евразиялық мемлекет үшін сыртқы саясаттың орасан зор маңызы бар. Біздің мемлекетіміздің өзінің жаратылысы бойынша ұлттық мүдделерді қорғауға, сондай ақ мемлекеттік құрылысқа белсенді түрде жәрдемдесуге бағытталған ұтымды дипломатияны жүргізуге міндетті
1991 ж Қазақстан егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болды. Алайда тәуелсіздік алып, егемендікті жариялау көптеген проблемаларды шешу қажеттігін талап етті. Қазақстан дүние жүзілік саясаттың бел ортасында болды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының бәрінің негізі бар болатын ең алдымен бұның аумағының арасын зор көлемі ұшан теңіз табиғат байлықтары халықтардың көп этникалық құрамы, сайып келгенде бұрынғы КСРО-ның ядролық әулиетінің көп үлес салмағы болды. Қазіргі кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр, олардың 115 мемлектімен дипломатиялық қатнастар орнатылған, 49 шет елшіліктері мен миссионерлері халықаралық ұлттық ұйымдардың 19 өкілдіктері жұмыс істейді, республика БҰҰ-ның мүшесі болды.
Қазақстанның сыртқы саясат бағыты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдардың бірқатар құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ-ның Жарғысында 1970 ж халыхаралық құқық принципі туралы мәлімдемеде 1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қорытынды актісінде баянды етілген халықаралық қатнастардың негізгі прициптерін сақтауға бағдарланған
Құжаттарды талдау халықаралық актілерде әңгіме 10 принцип туралы болып отырғанын дәлелдейді.
- Егемендік теңдік принципі.
- Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі.
- Халықаралық ынтымақтастық принципі.
- Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі.
- Күш қолданбау немесе күштеп қоқан лоқы жасамау принципі
- Шекаралардың мызғымастығы принципі.
- Мемлекеттер аумағының тұтастығы принципі.
- Халықаралық даулардың бейбіт жолмен шешу принципі.
- Ұлттар мен халықтардың өзін-өзі билеу принципі.
10. Адамның құқықтарымен негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі.
Бұрынгы одақ кезінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субьект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі - Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Республиканың негізігі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына - халықаралық валюта қорына бүкіл дүние жүзілік банкіде, Еуропалық қайта құру және даму банкісіне енудің маңызы зор. Еліміз Азияның он елін біріктіретін экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде. Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы - ұлы Абайды 150 жылдық мерей тойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.
Қазақстан алдымен ең жақын екі ұлы державаның ортасында орналасқанын біз білеміз. Ол: Қытай және Ресей. Бұл елдермен сыртқы саяси байланысты тиімді жүргізу үшін үлкен саяси қабілеттілікті талап етеді. Мәскеу мен Пекиннің шекара мәселесін біршама қолға алған. Мысалы, шығыста Шаған-Оба асуы ауданындағы және солтүстікте Сарышілде өзені ауданындағы екі ірі учаскіге қатысты келіссөздер барысында шекара сызығын анықтау үшін, құжаттарды нақтылау қажет болды. Осы бағытта жүргізілген құжаттар ортақ келісімге келу туралы пікірге тоқталды. 1996 жылы Алматыда Қазақстан-Қытай шекаралық шартына қол қойылды, оған сәйкес талас тудырған жерлердің 53% Қазақстанның үлесіне тиді. 1700 км-ге созылған шекараны делимитациялау туралы Қазақстан-Қытай шарты сан ғасырлық тарихында тұңғыш рет құқықтық тұрғыдан рәсімделген шекараға қол жеткізді. 4
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7-мың км-ге созылған ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Екі ел басшылары саяси мәселелерді шешу үшін, әр жыл сайын кездесіп отырады.
Жалпы Қазақстан мен Ресей өзара әлеуметтік-экономикалық, саяси, әскери-техникалық ынтымақтастықты, аймақтық қауіпсіздікті камтамасыз етуде, сондай-ақ, әлемдік проблемаларды бірлесіп шешуде кең қадамды, тату достық қарым-қатынас орнатып отыр.
Орта Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндетінің бірі болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, мәдени-тарихи бірлік, сауда-экономикалық тұрақты қарым-қатынас біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.
Жалпы Орта Азия мемлекеттері өзара ішінара "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құрып отыр (1996жыл) . Ол: Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері саяси ортақ мәселелерді бірлесіп шешуде.
Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты. Сондықтан, Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы және тең құқықты сондай-ақ өзара тиімді міндеттемелеріне адал мемлекет ретінде өзара лайықты орын алуы заңды. Қазақстанның жекелеген жекелеген елдерімен өзара қарым-қатынасына, сондай-ақ мемлекеттердің көпжақты дипломатия саласындағы іс-қимылдарына кең ауқымды сипаттама беру негізгі міндет болып табылады.
1. 2 Қазақстанның ТМД- дағы саяси орны .
Қазақстан үшін тұрақтылық басымдылық берілетін аса маңызды бағыт болды және болашақта да солай болып қала бермек. Ең алдымен тұрақтылық болмаса, экономикалық реформалардың жемісті түрде жүзеге асуы екіталай. Еліміздің жоғары басшылығының аса маңызды саяси шешімдері осы мақсатты көздейді. Жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым қатынасын оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатыр. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерінің тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.
1992 жылы 15 мамырда ТМД ның 5 мемлекетінің басшылары қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт осы бағыттағы маңызды қадам болды, аталған шарт осы Қазақстан мен Ресейдің бастамасы бойынша қаралды.
Достастықтың қалыптасуы жағдайларында Шарттың 4- бабы ерекше маңыз алды, онда былай деп ескерілді: «Егер қатысушы мемлекеттердің бірі қандай да бір мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының тарапынан шабуылға ұшыраса, онда бұл осы Шартқа қатысушы барлық мемлекеттерге қарсы жасалған басқыншылық ретінде қаралатын болды. ТМД Бірлескен Күштерінің Бас қолбасшысы бар ұжымдық қауіпсіздік кеңесін құрды. Кеңеске қатысушы мемлкеттердің бірлескен қызметін үйлестіру және қамтамасыз ету жүктелді.
Көп жақты, сондай ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара қарым қатынастарының негізінде экономикалық ынтымақтастық жатыр. Алыс шетелдермен сауда- экономикалық байланыстарды дамыту, ТМД -ға қатысушы мемлекеттердің әлемдік экономикалық қоғамдастыққа интеграциялануының қажеттілігін ешкім шүбә келтірмейді. ТМД елдеріосы негізгі үрдіспен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына түсу үшін Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет.
Кәсіпорындар арасындағы өндірістік технологиялық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды. Істін шын мінінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД дағы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды. Оның үстін Достастық елдерінің өнеркәсіптік әлеуеті әлемдегінің шамамен 10 пайызын, табиғи ресурстарға негізгі қоры-25 пайыз, экспорттық әлеуеті- 4, 5 пайыз құрайды.
1991-93 жылдары бірінші кезенде бұрынғы кеңестік республикалар саяси тәуелсіздік алды, мемлекеттілігін рәсімдеді, халықаралық тұрғыдан танылып, халықаралық ұйымдарға енді, өзара қарым қатынасын шарттық рәсімдеуді қамтамасыз етті, дербес түрде қаржылық экономикалық, бюджеттік-салықтық, шекаралық құрылымдарды қалыптастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz