Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі


Кіріспе
Қазақстан аймағының флорасында жабайы өсетін өсімдіктер, дәрілік қасиеттері бар, хош иісті өсімдіктер, оның ішінде бұршақ тұқымдас өсімдіктері кездеседі.
К. А. Тимирязев бұршақ өсімдіктеріне мінездеме бере отырып былай деген: «… Адамзат тарихында ауыспалы егіске бұршақ өсімдіктерін енгізудей, осыншама жарылқаушылық жасайтын жаңалық ашылған емес, бұл таңқаларлықтай егіншілердің еңбектерінің өнімін жоғарылатқан».
Жоңышқа - бұршақ тұқымдас өсімдіктердің өте маңызды азықтық дақылы. Біздің елімізде жоңышқаны иелену көп ғасырлы тарихта орын алады. Осыдан бес мың жыл бұрын Орта Азия территорияларында дүние жүзінде бірнеше рет жоңышқаны таратып жая бастаған. Жоңышқа жер шарының көптеген континенттерінде бірнеше млн-ға жуық гектар ауданында өндіріледі. Жоңышқа ақуыздың жоғары мөлшерімен, әр түрлі дәрумендер, минералды тұздар, микроэлементтерге бай, суыққа және құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен, шабудан кейіннен қарқынды өсумен ерекшеленеді. А. И. Сметанниковтың, П. Ф. Менделеевтің ескерулері бойынша егістік жоңышқа шөбінде (құрғақ зат есебінен) майлар - 2, 7%; клетчатка - 30, 2%; азотсыз экстрактивті заттар - 39, 4; 100 кг жасыл массада орташа 21, 7 азықтық өлшем және 4, 1 кг қорытылатын протеин, 100 кг шөпте - 43, 3 азықтық өлшем және 10, 3 кг қорытылатын протеин болады.
Жоңышқа минералды заттардың кальций (2-2, 3%ауа құрғақ массасын), калий (2-2, 5%), фосфор (0, 24-0, 28%) және тағы басқа элементтерге бай.
Жоңышқа топырақтың физикалық, физико-химиялық, биологиялық құрамын және топырақ құнарлығын жоғарылатады.
Үздік академик В. Р. Вильямс өсімдік пен топырақ қатынасының негізін ашқан және де көпжылдық шөптердің, оның ішінде жоңышқаның топырақтың түйінділік құрамын құруды қолға алу керектігін айтқан.
Жоңышқа басқа бұршақ тұқымдастар сияқты өздерінің түйнек бактериялары арқылы ауадан азот жинайды. Бұл өсімдіктің тамырында 1 гектар 100-150 кг азот жиналатыны дәлелденген, ол 4-6 ц тыңайтқыштарына тең.
Қазіргі ауыл шаруашылық өндірісінің нарықтық қатынастарына жеке крестьяндық шаруашылықтарының әсері ерекше.
Қазіргі уақытта шөп азықтарының өнімділігін арттыру, біріншіден, азот жетіспеушілігімен байланысты. Сондықтан да азот дефицитін төмендету үшін азоттың биологиялық көзін тиімді пайдаланған жөн.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты: селекциялық жұмыстың өнімділігін жоғарылататын негізгі факторлардың бірі болып бастапқы материал саналады. Ол неғұрлым көп және әр түрлі болса, соғұрлым шаруашылық өндірісінің барлық талаптарына жауап бере алатын бағалы қасиеттері мен ерекшеліктері бар будандар мен сорттарды өндіруге мүмкіндік көп болады.
Алғашқы материал арасында құрғақшылыққа, аязға төзімді қасиеттеріне жауап беретін таңдаған сортүлгілерді жоңышқа селекциясына ұсынамыз. Сонымен көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясымен айналысу, соның ішінде «барлық шөптердің патшайымы» - жоңышқамен зерттеу жұмысын жүргізу әрқашанда өзекті мәселе болып табылады.
Тарау 1 Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиетке шолу
- Жоңышқаның биологиялық ерекшеліктері
Жоңышқаның тұқымы 2-3 0 С жылықта өне бастайды, ал тіршілікке бейімді егін көгі 5-6 0 С жылылықта пайда болады, қолайлы температура +18 +20 0 С. Қыстап шыққаннан кейін жоңышқа орташа тәуліктік температура 7-9 0 С-тан өткенде өне бастайды. Көктегеннен кейін немесе өсе бастаған жоңышқа -5-6 0 бозқыраудан зақымданбайды, суыққа төзімді сорттары 6 үштік жапырақтар кезінде -9 0 дейінгі бозқырауды көтереді. Жоңышқаның көгі көктемгі бозқырауды күзгіге қарағанда жеңіл көтереді. Жоңышқа - жаздық өсімдік, ерте көктемде себілгенде сол жылы көктеп, гүлдейді де тұқым береді. Өсе бастағаннан гүлдегенге дейін жоңышқаның әр түрлі сорттарына орта есеппен 800-890 0 жиынтық температура қажет, тұқымның пісуіне дейін 1200-2200 0 , тұқымның пайды болуына қажетті қолалы температура +25-28 0 .
Жоңышқа - ыстыққа төзімді дақыл, күндізгі +35-40 0 ыстықты көтереді. Солтүстік Қазақстан жағдайында топырақ бетіндегі температура күндізгі сағаттарда кейде 45-50 0 -қа дейін жетеді, алада дұрыс суарғанда оның қырғын салдары байқалмады.
Өсімдіктің жағдайына байланысты жоңышқа тамыр мойны орналасқан алаңда -15-20 0 дейінгі суықтықты көтере алады. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттары қар қабаты 10-15 см қанағаттанарлық дәрежеде қыстайды, қыс ортасындағы қар бетіндегі -30 0 суықтықты көтереді, ал қар қабаты 20-40 см асқанда тіпті -40-50 0 температураны жақсы көтереді.
Қысқа, аязға төзімділігі өсімдіктің тіршілік ұзақтығына байланысты. Қысқа төзімділігіне себу мерзімімен бірге шабу немесе мал жаю мерзімі де әсер етеді. Соңғы шабу мерзімін, немесе мал жаюды дұрыс жүргізбегенде жоңыщқа 2-3 тіршілік жылында қатты селбіреп қалады.
Қуатты жапырақ бетін дамыта отырып жоңышқа суды көп буландырады, соның нәтижесінде бір өлшем құрғақ зат түзуге оның 700-900 өлшемі шығындалады.
Дақылдың ылғалға жоғары қажетсінуін ескере отырып оны жылына 300 мм жоғары ылғал түсетін аудандарда ғана суармасыз жағдайда өсіруге болатынын ескерген дұрыс, бірақ бұл ретте оны ылғалмен қамтамасыз етілген және жер асты сулары 2, 0-2, 5 м тереңдікте болатынын учаскелерге орналастырады.
Рельефі төмен жер асты ағын булары бар учаскелерде жоңышқа жоғары өнім береді, сондықтан дақылдың потенциалын толық пайдылыну үшін далалық және орманды-далалық аймақтарда жоңышқаны осындай алқаптарға орналастыру қажет. Жоңышқаның жақсы тұқым өнімін гүлдені кезеңіне дейін жақсы ылғал қалыптасқан жылдары алуғы болады. Суармалы жағдайда мол өнім қалыптастыратын ең қолайлы суару режимі төмендегідей: бастапқы өсу кезеңінде 50-60, бүрлену-гүлдену кезеңінде - 60, гүлдені пісу кезеңінде - 50%, мал азығына өсіргшенде ылғалдылық ТДЫ (толық далалық ылғалсыйымдылық) 70% дәрежесінде ұстау керек.
Жоңышқа - кәдімгі энтомофиль. Гүлдердің тозаңдануы, олардың ұрықтануы, жатынның пайда болуы сенімді түрде тозаңдатқыш - насекомдар іске асады.
Біздің еліміздің жоңышқа өсіретін көптеген аудандарында өсімдіктердің тозаңдатқыш-жәндіктермен қамтамасыз небары 5-15%, мұның өзі тұқым өнімінің төмендігінің негізгі себебі болып табылады. Жабайы тозаңдатқыш аралардың санын өсірудің үлкен практикалық маңызы бар.
1. 2 Өсімдіктердің аязға төзімділігі
Жер шарының көптеген аудандарында жылдың қыс кезеңі қыстық өсімдіктерге төмен теріс температураларымен және басқа да қолайсыз жағдайларымен әсер етеді. Бұл өсімдіктер эволюция жолында қыстың қолайсыз факторларынан аман қалу үшін бейімделінушілік реакциясын жетілдірген. Өсімдіктің төмен теріс температураға төзімділігі аязға төзімділік делінеді.
Өсімдіктің қысқа төзімділігі кеңірек ұғым, ол аязға және қыстың кейбір қолайсыз факторларына төзімділікті көрсетеді.
Еліміздің басым территорияларында ауаның және топырақтың төмен температуралары өсімдікке өте қауіпті. Төмен теріс температуралар қыстайтын өсімдіктерді зақымдайды, төмен орташа температуралар жылу сүйгіш өсімдіктердің физиологиялық процестер жолына және өнімділіктің құрылуына қолайсыз әсерін тигізеді.
Қыстайтын өсімдіктердің кәдімгі жағдайда аязға төзімділігі, суға тұншығуына мұз қабыршағының әсерінен және қысқы құрғақшылықтан құралады.
Селекциялық жұмыста агротехника шараларын таңдау, физиология-биохимиялық төзімділіктің негізін зерттеу өсімдіктердің белгілеріне дұрыс баға беруден тәуелді.
Солтүстік Қазақстанның далалық аудандарында қыс кезінде өсімдіктің зақымдалынуы қардың аздығымен аяздың күштілігінің (30-50 0 С дейін) арқасында болады, ондайда топырақ өте тереңге тоңданады. Біздің аймаққа ерекше тән күшті желдер тоңазыған ұлпаларының механикалық зақымдалынуын күшейтеді. Одан басқа қатты тоңазыған топырақта болған жарықшалықтар қыстық өсімдіктердің тамыр жүйесін зақымдайды.
Солтүстік Қазақстанда қыстың негізгі қолайсыз факторларының бірі төмен температура болғандықтан, оның өсімдікке жасайтын әсеріне толығырақ тоқталып өтейік. Төмен теріс температураның зақымдаушылық әрекетіне неге байланысты деген сұрақ ғалымдарды ертеден ақ толғандырып, ол жөнінде түрлі пікірлер айтылған болатын. Соның ертеректе айтылған біреуі мынаған тіреледі: жасуша ішіндегісінің тұздап қатуы, соның себебінен көлемінің ұлғаюы жасуша қабығын жыртатыны көрінеді. Бірақ тоңазыған ұлпаны микроскоппен қарап, бұл үстіртін пікір екені анықталды. Температура 0 0 С төмендегенде алдыменен жасуша ішіндегі емес оның аралығындағы су қатып, мұз кристалдарын құрады, олар жасуша суын өздеріне тартатыны анықталды. Бұл жасушалардың аяздан опат болуы, протопласттың сусыздануынан сондай-ақ оған мұз кристаллдарының қабығы арқылы механикалық қысым жасушаның нәтижесі деп санауға негіз болды. Мұндай түсінік едәуір қолдау тапты және соңғы уақытқа дейін сақталынды, әсіресе оқулықтарда. Сонымен қатар, бұл өте күрделі мәселені жетілдірілген әдістермен одан әрі тереңдетіп зерттеу жалғаса берді. Бұл бағытта ең тыңғылықты және жан-жақты зерттеулер Совет одағының Ғылым академиясының өсімдіктер физиологиясы институтында И. И. Тумановтың басшылық етуімен жүргізілген болатын. Олар соның ішінде, мынаны, өсімдіктің қыс кезіндегі физиологиялық күйінде жасуша ішіндегісін сусыздандыру да, мұз кристалдарының механикалық қысымы да, протопластың тікелей опат болуына әсер ете алмайтынын көрсетіп берді. Тіпті, жасушадағы судан пайда болған мұз кристалдарының көмегімен жасуша аралығындағы суды сорып алу аязға төзімділігін арттыру механизмі бола алады, себебі ол цитоплазмада мұздың пайда болуына жол бермейді, олай болса оны апатқа апарар еді. Шынында, ол кейде жасуша ішінде мұз пайда болмай-ақ басқа себептермен болады. Одақтас ғалымдарымыздың көптеген зерттеулері қыстаушы дақылдардың аязға төзімділігінің маусымдық өзгерістерін анықтауға мүмкіншіліктерін береді. Аязға төзімділіктің барыншалығы жылдың ең қатаң кездерінде (қаңтар, ақпан) байқалады. Осы өсімдіктер жазда - 5 0 С-да өліп қалған төзімділіктің артуы әдетте қыркүйекте басталынып күз және қыс басында жалғасады. Сонымен қатар солтүстіктің ағаш тектес өсімдіктері температураның тіпті 50-60 0 С дейін төмендегеніне төзімділік көрсетеді. Осыны күздік дақылдар жөнінде де айтуға болады, қыста топырақ бетіндегі 25-30 0 С үсікке шыдайды да көктемде және жазда шамалы үсіктен зақым шегеді.
Осыған ұқсас деректердің және көпжылдық зерттеулердің кейбіреулерінің негізінде И. И. Туманов өсімдіктің екі түрлі физиологиялық күйі: қысқа төзімділігі және вегетациялық күйі жайындағы түсінік ұсынды (1955) . Қысқа төзімділік күйі өсуінің тоқтатылуымен және өзінше әлсіз зат алмасуымен сипатталынады. Аязға төзімділік күйін сақтау үшін 0 0 төмен температура болуы керек. Вегетациялық күй қысқа төзімділік күйге қарағанда қарқынды өсуімен өзгешеленеді, теріс температура бұл кезеңде өсімдік үшін қауіпті. Бұл екеуі арасында өткінші кезең бар, сол уақытта ағзаның саналы қайта құру үдірісі өтеді, ол шынығады. И. И. Туманов «шынықтыру» деген атаудан көптеген физилогиялық және биохимиялық өзгерістердің күрделі кешені жасушаларды өсуден және қыстың басқа да қолайсыз әсерлерінен сақтайтынын түсінуді ұсынған (1979) .
Зерттеулер, өсімдікті шынықтырған кезде жасушаның цитоплазмасы да ерекше жеңіл еритін ақуыздардың түзілетінін, олардың жинау ұлпалардың төмен температураға төзімділігінің артуымен тығыз байланысты екенін көрсетіп берді. Бұл ақуыздар, басқа да қорғағыш заттар (криопротектор деп аталынатындар) аяқты қатпайтын судың мөлшерін арттырады деген болжам айтылады. Бұл жасуша ішінде мұз бұзылмайды.
Шынықтырудың екінші кезеңі температураның біртіндеп 0 0 С төмендеуінің әсерімен өтеді. Мұндайда жасушаның ішкі құрылысының және қасиетінің одан әрі өзгеріп жалғасады, сонымен қатар суды қайта бөлісу де, байланысқан судың мөлшері көбейіп, бос су азаяды. Сонымен бірге протоплазманың су өткізгіштігі күшейеді, соған байланысты су жасуша сыртына, жасуша аралығына оңай шығады. Бұл цитоплазмада мұз кристалдарының болмауына себеп болады. Ала жаулы сусыздандырылғанның нәтижесінде жасушадағы ерігіш заттардың концентрациясы артады, оның ішінде қанттың проценті бұрынғыдан да арта түседі. Шынықтырудың бірінші және екінші кезеңінен өткен өсімдіктер температураның әжептәуір төмендегеніне шыдайды.
И. И Тумановтың зерттеулері бойынша, шынықтырудың екінші кезеңі өсімдіктердің әр түрлі тобында бірдей өтпейді, сондықтан олардың аязға төзімділігі де әр түрлі болады. Солтүстік ағаш тектестерінде жасуша ішінде мұздың пайда болуынан және ұлпасының тоңазығанда опат болудан сақталуының басты жол жасушалардың өте күшті сусыздануының нәтижесі, сонда олар шынықтырудың қолайлы жағдайларында тек төмен температураға ғана емес, одан да төменге шыдайтын төзімділікке ие болады.
Жоғары айтылғаннан мынандай қорытынды шығады: шынықтырудың тиімділігін оны өткізу жағдайымен ғана емес, сонымен қатар өсімдіктің тұқым қаулаушылық ерекшеліктерімен анықталады.
Егер қыстау кезінде температура ылғалда теріс қалпында қалса, шынықтыру үдірісінде өсімдікте пайда болған қысқа төзімділік көктемге дейін сақталуы мүмкін. Егер өсімдік қорғағыш заттарын толығымен шағындамаса және осы үдерістің бірінші кезеңінде жасуша ішіндегі пайда болған қасиеттерін жоғалтпаса жылмықтан кейін қайталап (теріс температурамен) шынықтыруға болады.
1. 3 Жоңышқаның аязға төзімділігі
Жоңышқаның қысқа және аязға төзімділігі - өте маңызды көрсеткіш, өйткені ол жоңышқаның пайдалану өнімділігінің ұзақтығына және қыстағаннан кейінгі екінші жылғы өнімділігіне әсерін тигізеді.
Өсімдік қалпына қарай тамырының мойны 15-20 0 С төмен температураны көтере алады.
Қыс ортасында жоңышқа - 30 0 С төмен температураны көтереді, топырақ бетінде 10-15 см қар жамылғысында қыстай алады. Ал егер қар жамылғысы 20-40 см болғанда - 40-50 0 С төмен температураны көтереді.
Жоңышқа қыс айларында тек қана төмен температура әсерінен ғана емес, егерде өсімдік құрғақшылықтың зардабынан көп уақыт қар жамылғысына малынбаса қысқы транспирация әлсіз болғанның өзінде өсімдіктің құрғауына әкеліп соғады.
Жоңышқаның қысқа төзімділігі сорт типінен, сорттың шығарылған аймағына, агротехникасына байланысты болады.
Солтүстік Қазақстан далалы және орманды-далалы жағдайларында жоңышқа өнімділігімен, тұзға төзімділігімен, қысқа және құрғақшылыққа төзімділігімен шұбар және жасыл гибридті, жасыл жоңышқа топтарына жататын сорттармен ерекшеленеді. Сортты әр түрлі жағдайларда өңдеу өсімдік шашылуына әкеп соғады. Көп жылдық шөптердің жылына байланысты егіс материалы кәдімгі сұрыптау арқасында жақсарады, ал үлкен жастағы тұқымдар осы жердің климаттық жағдайында дамып өсе алатын ұрпақ береді.
Төмен температуралы аймақтарда мақсатты сұрыптау нәтижесінде температура төмендеуіне төзімді популяциялар құрылуы мүмкін. Мысалға, «Савельевский» НИИСХ (Киров облысы) зерттеу-тәжірибелік шаруашылығында ұзақ уақыт, сұрыптау нәтижесінде жоңышқаның аязға төзімді аз қарлы қыс аязын -40-42 0 С көтере алатын популяция шығарылған. Зерттеулерде көрсетілген, жеткілікті аймақтағы жоңышқа тұқымдарының өнімділігі 20-30% жоғары, басқа аймақтардан жеткізілген тұқымдарға қарағанда. Өсімдіктің қысқа және аязға төзімділігін қыстауға кетердегі жасы да әсер етеді. Кәрі жастағы жоңышқа қыс суығын жас жоңышқаға қарағанда нашар көтереді екені бекітілген, өйткені өсімдік қартаю процесінде өзінің шынығу қабілетін жоғалта бастайды.
Күз жоңышқа үшін - қиын-қыстау периоды. Жоңышқаның қысқа төзімділігіне себу мерзімі ғана емес, шабу мерзімі де әсерін тигізеді. Жоңышқаның шабу мерзімін дұрыс жасамаса, айларына дейін тағы бір өседі де, бұл оның барлық тамырындағы көмірсу қорын жұмсап, ол қорды қысқа дейін орнына келтіруге үлгермеуіне әкеліп соғады. Кей аймақтарда соңғы шабысты дұрыс жүргізбеу әсерінен жоңышқа 2-3 жыл қолданылуында күшті селдірейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін Қазақстанның орманды-далалы аймағында екінші шабысты 20-30-шы тамызға дейін, далалы аймағында 5-10-шы қыркүйекке дейін немесе вегетация аяқталуына 35-40 күн қалғанда жүргізеді. Бірақта күз айында жоңышқаны шапқанда вегетация аяғының алдында 4-5 метр шабылмаған өсімдіктердің арасынан қар тоқтату үшін ықтырма қалдыру керектігін есте сақтаған дұрыс, егерде қыстауға 15-20 см биіктікті өсімдік кетсе, бұл өте жақсы.
Қысқы бүршіктерді оятатын және өсімдіктің өлуіне әкеліп соғатын, өте кеш шабыс жоңышқаның құртылуына әкеледі. Жоңышқаның қыс айларында өлмеуі үшін - қыста 20-30 см шөп қоспасын қалдырған жөн. Бұл жағдайда қар қабаты жиналып, қыстың ең суық периодында топырақ 5-8 0 С жылы болады. Сонымен жоңышқаның қысқа төзімділігі, оның биологиялық құрамының ғана емес, сорттардың бейімділігімен, агротехникалық тәсілдерімен, себу және шабу мерзімінен тәуелді болады.
Солтүстік Қазақстанда жоңышқа 30 0 С температураның төмендеуін қар жамылғысы 10-15 см және тамыр мойнының жатуы төмен болғанда көтере алады.
П. А. Лубенца (1956) зерттеулері бойынша, аязға қыстайтын бүршіктер төзімді болады, егерде тамыр мойны топырақ бетінен төмен орналасқан болса. Көктемде, қыстайтын бүршіктерден және қысқа өркендерден жаңа өркендер пайда болады.
Жоңышқаның аязға төзімділігіне өңдеу тәсілдері де зор маңыз береді. О. П. Родченко ғалымының мәліметтері бойынша, жоңышқаның жазғы егісі көктемгі егіске қарағанда қысқа төзімдірек екені анықталды. Бұл жағдай жоңышқаның дамуы өзінің қыстау бүршіктерінің күйін сақтап, қысқа күнді жағдайымен түсіндіріледі. Ал Ақмола облысында (1986) Шортандинская 2 жоңышқа сортымен қыстау деңгейінің ерте көктемгі, көктемгі, ерте жазғы, кеш жазғы егу мерзіміне қаншалықты тәуелде екенін анықтаған болатын. Бірінші жылы жоңышқаның қыстауы көктеу кезеңінен вегетация аяқталуына дейінгі ұзақтыққа тәуелді болды. Зерттеу нәтижесінде органогенездің ІІІ - ХІІ этаптарында (83-97 %) болған өсімдіктер жақсы қыстайтыны, ал ІІ - ІІІ органогенез этабында болған өсімдіктердің барлығы дерлік қырылғаны көрсетілген. Сонымен, Солтүстік Қазақстан жағдайында тұқым үшін өсірілетін жоңышқаның бірінші жылғы шабуын өткізбеуді ұсынамыз, сонда танапта қалған өсімдіктер қыстауға мықты болып кіреді, өйткені олар кәдімгі ықтырма болып қар тоқтатады.
Сонымен жоңышқаның қысқа және аязға төзімді сорттары айтарлықтай бар. Мысалы, қысы өте суық өтетін Якутияда көп қайталымды сұрыптаудан кейін жабайы өсетін популяциялардан, селекционерлер А. А. Сороматинамен, А. С. Яковлевпен, З. И. Максимовамен 1989 жылы «Якутская желтая» сорты аудандастырылған. «Якутская желтая» сортының дүние жүзінде қысқа төзімділігі бойынша өзіне теңі жоқ. Г. В. Денисов ғалымының зерттеу жұмыстары бойынша (2000 ж. ) бұл сор тамыр мойны аймағында 23-26 0 С дейін төмен температураны, қысқа уақытта төмендегенде 30 0 төмен температураны 23% өсімдік көтере алады. Қазіргі кезде бұл сорттың негізгі ауруларға төзімділігі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
1. 4 Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру жолдары
Біздің ел үшін ең актуалды мәселені шешудің ең тиімді және пайдалы бағыты болып селекция саналады, яғни әр топырақтық-климаттық аймақтардың жағдайына бейімделген сорттар шығару керек. Мұндай жұмыстар көптен бері жүргізілуде және ТМД-да әлемдегі қысқа төзімділігінің, сонымен қатар, көпжылдық шөптердің сорттары шығарылды. Өсімдік селекциясының қысқа төзімділігінің теориялық негізін жетілдіруге және тікелей төзімді сорттарды шығаруға И. В. Мичуриннің, академиктер Цициннің, Ремеслонның және басқа да көрнекті ғалымдардың қосқан үлесі өте зор.
Қысқа төзімділікті белгілі бір деңгейде астық дақылдарын түптену буынын тереңірек орналасуын қамтамасыз ететін калий және фосфор тыңайтқыштарын, ретарданттарды, сонымен қатар басқа да синтетикалық препараттарды қолданып арттыруға болады.
Қыстайтын өсімдіктердің жақсы шынығуына вегетация кезінде топырақтың қолайлы ылғалдылығын қамтамасыз етуі де әсер етеді, әсіресе қысқа дайындалғанда ылғалдың жетпеуі, не артық болуы шынықтыру үдерісіне теріс әсер жасайды.
Қысқа төзімділік параметрлері: өте әлсіз мұндайда 15% өнімдік сақталады, әлсіз 16-30, орташа 31-60, жақсы 61-80 және өте жақсы 81-100 % болады.
- Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз - олардың онтогенез процесі кезінде құрғақшылыққа бейімделіп және осы жағдайда өзінің өсуін, даму қасиеттерін сақтауы.
Физиологиялық құрғақшылық өсімдіктердің жоғары температураны, сусыздануды көтере алу қабілетінің қалыптасуы. Құрғақшылықты оқыған кезде сусыздануға төзімділігімен бірге қызуды көтере алу қабілетін зерттеу қажет.
Түнгі сағаттарда транспирация күрт төмендегенімен, топырақта жеңіл сіңірілетін судың болмауынан, өсімдік үшін, әсіресе, қалдық су тапшылығы деген өте қауіпті. Мұндайда тұрақты солу кезінде өсімдіктің өсуі толығымен тоқталады, өте сусызданған және аса сезімтал бөліктері, алдыменен жапырақтары бірте-бірте қурай бастайды.
Сонымен қатар, өсімдікке су тапшылығының зардабы байқалмағанымен тіршілік функцияларында өнімге орны толтырмайтын зиян келтіретін құбылыстар жүріп жатады. Су тапшылығында барлығы болмаса да, көптеген негативті құбылыстардың болуының басты себебі, жасуша органоидтарының цитоплазмалық мембраналарының ішкі құрылыстары мен қасиеттерінің өзгеруі деп санау керек, ал өз кезегімен ферменттердің қызметі мен зат алмасуының бағытында міндетті түрде байқалады. Белгілі биохимик Н. М. Сисакянның зерттеулерінде өсімдіктің солуы полимерлік заттардың ыдырау үдерісін тездететіні және олардың синтезін тежейтіні байқалған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz