Іскер – психологтың коррекциялық жұмыс ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Іскер - психологтың коррекциялық жұмыс ерекшелігі.

Кіріспе

Психологиялық коррекция жұмысының мазмұны мен ерекшелігі.

I-Тарау.

  1. Іскер психологтың коррекция бағытындағы жеке жұмыстехнологиясы.
  2. Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық көмек.
  3. Бастауыш мектеп жасындағы балалар мен жүргізілетін коррекциялық ерекшелігі.

II-Тарау.

  1. Психологтың жеткіншектермен коррекция бағытындағы жұмыс технологиясы.
  1. . Мінез құлықтың бұзылуы, оның профилактикасы коррекциясы

III-Тәжірибе

IV Қорытынды

Әдебиеттер

Қосымша.

Кiрiспе

Психологиялық коррекция жұмысының мазмұны

Психологиялық коррекция-психологтың iс-тәжiрибелiк әрекетiндегi маңызды және жауапты бағыт. Адамның iшкi дүниесiндегi жағымсыз мiнезқұлғына негiзгi әсер тигiзедi. Психолог адамның iс-әрекетiмен, танымды процестерiнiң өзгерiстерiмен және қажеттiлiктерiмен жұмыс iстейдi.

Психологиялық коррекция бағытында-психологтық психалық даму ерекшелiктерiнің зетудегi әрекетi анықталады. Психологтық коррекция бағытындағы жұмысы баланың дамуындағы кемшiлiктердiң алдын-алуға немесе түзетуге арналған.

Яғни балалармен жүргiзiлетiн коррекциялық жұмыстардың симптаматикалық және этиологиялық түрлерi бар, олар бiр-бiрiмен өзара байланысты. Симптоматикалық-дамудағы жеке кемшiлiктерге бағытталған, этиологиялық -кемшiлiктердiң түпкi пайда болу себебiн анықтайды.

Қалыпты және ауытқымалы даму коррекциясын саралап, талдасақ. ғалыпты даму коррекциясы психологтық көмегiмен жүзеге асады. Ал ауытқымалы даму-патопсихологтық, дефектологтық, психологтардың және психоневрологтың көмегiмен жүзеге асырылады.

Коррекция бағытымен айналысатын психолог төмендеге ережелер бойынша жұмыс iстейдi: не бар; не болу керек; қажет нәрсеге жетуүшiн не iстеу керек? Осы сұрақтарға жауап беру үшiн, психологқа психикалық дамудың қалпын анықтап алу қажет. Бұл категорияның үш талдау деңгейлi болады: нейропсихологиялық, жалпы психологиялық және жас ерекшелiк психологиясы.

Нейропсихологиялық талдау деңгейiндегi психолог зерттеушiнiң iш құрылысы туралы қорытынды жасайды.

Жас ерекшелiк психологиясының талдау деңгейлi белгiлi бiр жасқа байланысты алынған мәлiметтердi нақтылауға көмектеседi.

Жалпы психологиялық талдау психиканың негiзгi заңдылықтары туралы мәлiметтердi қолдануға мүмкiндiк туғызады. Талданып жатқан құбылыстың деңгейiн анықтағаннан кейiн, психолог коррекция бағытындағы атқаратын жұмысын анықтай алады. Мысалы, баланың есте сақтау қабiлетi нашар болады. Оны қалай жақсарту керек? Бұл үшiн коррекцияның деңгейiне сүйену немесе баланың жеке мүмкiндiгi мен ерекшелiгiне сай әрекет жасау.

Шетел психологиясында баланың психикалық дамуының коррекциялық жағдайындағы мәселесiн шешудегi жолды шартты екi үлкен топқа бөлуге болады: психодинамикалық және мiнез құлықтық.

Екi топқа жiктеудiң себебi -сана және мiнез-құлық, өйткенi сана, мiнезқұлық психологияның заттары болып есептелiнедi. Психология заттарының құрамын анықтау мақсаттардың құрылуына және коррекциялық жұмыстарың әдiстерiне әсерiн тигiзедi.

Психодинамика iлiмiнде ойын терапиясы, арттеропия, балалық психо-анализ бағыты маңызды болып есептелiнедi.

Мiнез-құлықтық iлiм баланың бейiмдiлiк мiнезiнiң және мiнез -құлықтың әдеттерiнiң құрылуымен тығыз байланысты.

Психикалық дамудың негiзгi заңдылықтарының дамуындағы қалыптылық принципi баланың жеке-тұлғалық құрылуы үшiн дамудың бiрқатар деңгейiн бiлдiруi.

«Жоғарыдан төменгi принципi психологтың бала зейiнiн» ертеңгi күнгi дамуына аудартуды қажет етедi.

Психиканың дамуындағы жүйелiлiк принципi онтогенездегi психикалық дамудың күрделi жүйелi мiнездi ұмытпау қажеттiлiгiн шарттандырады.

Коррекциялық жұмыс жай психикалық әрекеттердiң жеке жаттығулары ретiнде ғана құрылмауы керек, сонымен қатар баланың күнделiктi өмiрлiк қатынас жүйесiне кiретiн оның жалпы ойлатырылған әрекетiнде құрылуы керек.

Психокоррекциялық жұмыстын мазмұны мен әдiсi.

Психокоррекциялық жұмыстың әдiсiн талдау коррекция заттының жағдайымен және коррекция объектiсiнiң жағдайымен шартталған.

Психокоррекция объектiлерi- бұл өзгерiстерге берiлген жеке тұлғаның жеке бөлiмдерi, ал коррекция заты-бұл психокоррекциялық ықпал, бағытталған психикалық шындық. Мысалы, коррекция объектiсi баланың мiнез- құлығының бұзылуы болып табылады, ал коррекция заты түрлi болуы мүмкiн: Мен бейнесi, мұғалiмге деген қатынасы, оқу мотивациясы және т. б.

Шартты түрде мынадай әдiстердiң топтарын бөлуге болады.

Мидың физиологиялық деңгейi бойынша,

Жiгерлi болу. Тежелу

Анықтау өзiндiк гипноз

Сендiру ұйқы алдындағы

Сөйлеудi қадағалау өзiн-өзi сендiру

Пиетиативтi коррекция Беделдi сендiру

үйқы жағдайындағы өзiн-өзi

сендiру.

Биологиялық гомеостаз бойынша қалыпты жағдайға арналған стресстiн жағдайларды да қамтиды.

Ықпалдын мiнезi мен бағытталуы бойынша.

Дамытушы Нақтылатпаушы

Седативтi Белсендiрушi

Белсендiрушi Уландырушы

Психикалық процестерге тиетiн ықпал бойынша.

Иматотренинг (қиялдау)

Менталды тренинг (ойлау)

Эмоционалды - ерiктi жаттығу (эмоция, ерiк)

Қатысушылардың саны бойынша

Топтық(макро-микро-медио)

Жекелеген.

Ықпал принципi бойынша

Гетерогендi (басқаларға)

Аутогендi (өзiне)

өнер құралдарын қолдану бойынша

Изотерапия

Библиотерапия

Музыкатерапия

Би терапиясы

Р. В. Бурменскийдiң, О. А. Карабанова мен А. Г. Лидерстiң мәлiметтерi бойынша психологтың көмегiне кемен адамдардың көпшiлiгi мектепке дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балалар. Дәлелдi фактiмен келтiрсек осы жастағылардың 80 пайызы. Коррекциялық жұмыстың мазмұны баланың түрлi қиындықтар мынандай болып, кездесуi де мүмкiн:

  • Баланың психикалық даму деңгейi жас деңгейiне, яғни нормаға сай келмеуi;
  • Мектепте оқуға дайын болмау, үлгере алмаушылық, оқу мен танымдық мотивациясының төмен болуы.
  • Жеке тұлғалық дамуының жағымсыз жақтары, коммуникативтi мәселелер;
  • ұйымдаспаған мiнез-құлық;
  • Мiнез-құлықтық эмоциялардың бұзылуы;
  • Бала бақшаға, мектепке, жанұяға нашар бейiмделу.

Осы қиындықтарға сәйкес психокоррекцияның мынандай жолдарын ұсынуға болады:

Ақыл-ой дамуының коррекциясы;

Сенсорлық қабiлеттiң дамуы.

Көрнекiлiк- бейнелi ойлауының дамуы.

Шығармашылық зейiн мен естiң бастапқы функциясының дамуы.

Сөйлеудi дамыту (логопедтiң көмегi арқылы) .

Танымдық мотивациясының дамуы.

Баланың оқуға дайындығының коррекциясы.

Баланың iшкi жағдайының қалыптасуындағы коррекциясы.

Жалпы үлгерiмiнiң қалыптасуы (жағымды мотивация, танымдық процестер, өзiн-өзi бақылау, өзiн-өзi бағалау)

Кеңiстiктi бағдарлауының коррекциясы.

Сөйлеу коррекция (оқу) .

Сан үлкендiгi туралы елестету коррекциясы (математика)

Мiнез-құлық коррекциясы.

1-қатар-мотивациялық, iс-әрекеттiң мақсатын игере алмау, тани және жiктей алмаушылық.

2-қатар-мақсатқа жету үшiн жол жоспарлай алмау, мазмұны жағынан да, уақыт жағынан да, әрекеттi бақылай алмау.

Коррекция бағытындағы тәсiлдер

1-қатар (мақсаттану)

Нақты мақсат қою, баланың оны үлгi ретiнде қабылдау және сезiну.

үлгiнi көз алдында ұстау .

Мақсатқа жетудi қамтамасыз ету.

Сәттiлiктi өзiнiң мiнез-құлқына аудару.

2-қатар (жоспарлау және бақылау)

үлкендермен қосылып мақсатқа жетудегi жоспарлау мазмұны.

Әрекеттiң заттық және белгiлiк жолдарды модельдеу.

Жоспарлаудың түрлi тәсiлдерiн иемдену.

Мотивациялық дайындығының әрекетке қалыптастырылуы.

Жеке тұлға дамуындағы коррекция.

  1. Коммуникативтiк мәселелер - жанұясындағы қарым-қатынас қиыншылығы, ата-анасымен, туыстарымен және жанұядан тыс құрбыларымен, тәрбиешiлерiмен, мұғалiмдерiмен.

Бiрiншi жағдайда:

Ата-аналары мен мұғалiмдермен ашық коррекциялық бағытта жұмыс жүргiзедi.

Ата-аналарға арналған тренинг.

Педагогикалық қатынас тренингi.

Психологтың баламен коррекциялық ойындар жүргiзуi;

Балалармен-ата-аналарды бiрiктiре ойын ұйымдастыру.

Екiншi жағдайда:

ұжымдық ойындар (қарым-қатынасты дұрыстау) ;

мiнез-құлықтық ойындық коррекция;

Дәрежелiк психотерапия;

Әлеуметтiк терапия.

2. Өзiн-өзi бағалау, мазасыздану, жоғары эмоциялық қысым, әлсiздiк мәселелерi.

Психогимнастика, холдинг-терапия, арттерапия, психодрама және т. б.

Бейiмделе алмау мәселесi

Коммуникативтiк мәселелер. Мiнездiң эмоциялық бақылауының бұзылуы.

Баланың ортаға бейiмделе алмауы

Коммуникативтiк мәселелер.

Ақыл-ой дамуының

Оқуға Жеке тұлғалық

Мiнез тежелуiндегi бұзылуы.

Дайындығының жоқтығы.

Дамудың бұзылуы. құлықтың ұйымдаспауы.

Мiнез акцентуациясы.

Эмоциялы жеке тұлғалық мәселелер.

Мiнез құлықтың бұзылуы.

Психофизикалық бұзылуы Жеткiншектiк - жасөспiрiмдiк жастағы

қиыншылықтар.

Психофизикалық инфантилизм.

Әлеуметтiк педагогикалық Әлеуметтiк психологиялық

қалыптаспаушылық. бейiмделудiң бұзылуы.

Мәселемен сәйкес психокоррекция мазмұны да анықталады. Жеткiншектiк жасқа коррекциялық бағыттағы жұмыстың топтық түрi сай келедi. Эмоциялы-жеке тұлғалық мәселелердi шешу кезiнде оның жеке формалары қолданылады.

Психокоррекциялық процесстердiң арнайылығы.

Психокоррекцияда жеке тұлғаның жеке жолын iске асыру, яғни, сондағы әр қатысушының психологиялық қасиеттерiн дамыту үшiн шарттары болып табылады. Жеке тұлғалық өсiмнiң «жоспарланбау» және осы процестi шексiз етiп санау психокоррекцияның ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады.

Психологтың жұмысы - жеке тұлға толығымен өсiмi жағынан қалыптасуына жағдай туғызу, бiраққатысушыны белгiлi бiр нәтижеге жетуге итермелеу керек.

Сондықтан да психокоррекциялық әдiстер психикалық- жеке тұлғалық дамуда өзiнiң шынайы табиғи күшiне негiзделуi тиiс. Бұндай күштер ол-баланың iс-әрекетi мен оның қатынас жүйесi.

Психокоррекцияда қатысушылар үшiн қажет әрекет түрлерi мен қатынас жүйелерiн қолданған жөн.

Психокоррекция процесiнде әр адамға жетеккiлiк, психологиялық тәуелсiздiк, жауапкершiлiкке құқық берiлген кезде қатысушылар мен психологтың арасында тығыз байланыс қалыптасады.

Коррекциялық бағыттағы процестiң маңыздылығын оның ерекшеырғағында болады. Ол ырғақ түзу емес қисық сызық болып бейнеленуi мүмкiн. Осыдан бiз былай дей аламыз:әр психокорреккциялық процесте өз шапшаңдылығы мен әлсiздiгi болады.

Өйткенi, психокоррекцияда ең бастысы эмоциялық процестер, уайымдау болып саналады, ал эмоциялар - өте қозғалғыш, ырғақты психологиялық бiлiмдер.

Сананың бұзылуы, өзiндiк сананың қайта құрылуы - бұл психокоррекциялық процесте пайда болатын қатты эмоциялық уайымның нәтижесi.

Сананың құрылысын қайта құруды - бiз формуладан, ашық формуларды қолдануға ауысатын шығармашылық процес деп қарастырамыз. «Формуланың ашылуы терминi адам жанының барлық күштi жақтарын және жеке тұлғалық жетiстiктерiн ашатын таным жүйелерiн қолдануды бiлдiредi».

Психокоррекцияның негiзгi тапсырмасы тек қана қол жетерлiк, түсiнiктi тiл қолдану емес, әсер етушi сендiретiндей, қатысушы да эмоция туғызатындай тiл қолдану керек.

Психолог процесс барысында әр сәтте өзiнiң эмоциялық уайымдарында нишайы болу керек. Психокоррекция тiлi- бұл нақты шынайы әрекеттер тiлi, сондықтан да қатысушыға барлық жағдайлар тек қана түсiнiктi болмау керек, сондай-ақ психокоррекция бағытындағы жұмысы нәтижелi, мәндi болу керек.

1. 1. Iскер - психологтың коррекция бағытындағы жұмыс технологиясы .

Мiнез-құлықтық ойын коррекциясы. Мiнез-құлықтық ойын коррекциясы мектепке дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балалармен жүргiзiлетiн коррекциялық жұмыстардың топтық түрi болып табылады.

Ойын коррекциясы мiнез-құлық бұзылуының әртүрлi формаларында, невроз, қорқыныш, мектептiк мазасыздану балалардағы қарым-қатынастың бұзылуы жағдайларында қолданылады.

Психокоррекция кезеңдерi.

Кез келген топтық әрекеттiң дамуы бiрнеше бөлiмдерден тұрады. Коррекциялық топтың процесi үш кезеннен өтедi: бағыттауышы, қалыптастыру, бекiту.

Бiрiншi кезенде балаларға ойын таңдау мүмкiндiгi берiледi. Бұл кезенде мынандай тапсырмалар шешiледi.

  1. Диагностикалық. Баланың коррекцияны қажет ететiн эмоциялы мiнез-құлықтың ерекшелiктерi байқалады.

2. Балада жағымды эмоциялық көңiл күй мен топта қауiпсiз сезiм тудыру.

Осы кезеңде қарым-қатынасты жеңiлдететiн жолдар қолданылады. Бiрте бiрте қысымдық пен ұялшақтық жойылады.

Балалар белсендiрен бола бастайды.

Екiншi кезеңде психологтың жұмысы мақсатқа бағытталған мiнезде қабылдайды арнайы тәсiлдер қолданылады. Психологтың тапсырмасы балаға қабылдаудың бiрнеше мақсатсыздылығын көрсетуi керек және оның мiнез - құлығын өзгерту қажеттiлiгiн қалыптастыруы қажет. Осы кезеңде бала психикасында басты өзгерiстер пайда болады, көптеген iшкi мәселелердi шеше бастайды. Қөбiнесе психологқа қарап агрессия байқалады, бiрақ бұл кезеңнiң соңына қарай баланың үлкендерге де, психологқа деген қатынасы жақсарады.

Үшiншi кезеңде балалар өз ерiктерiмен мiнез- құлықтың керектi тәсiлдрiн табуға қабiлеттрiн қатайтады.

Психологтың тапсырмасы балаларды эмоциялық қабылдаудың жаңа формаларына үйрету қарым-қатынасты дамыту ойын әрекетiн күрделендiру. Осы кезеңнiң мақсаты баланың жеке тұлғалық әлемiнде пайда болған жаңа қабiлеттерiн тұрақтау. Ең бастысы бала өз күшiне сенуi қажет.

Психокоррекциялық процесстiң құрылымы.

Әр сабақ бiрнеше ойын қатарынан тұрады. Олар қысқаша, әртүрлi болып келедi. Сабақтың негiзгi мақсаты-психикалық денсаулықты сақтау мен баладағы эмоциялық күйзелiстердiң алдын алу.

Әр кезең бiр емес бiрнеше тапсырманы шешуi мүмкiн.

Бiрiншi кезең. Жаттығу.

Тапсырма: физикалық және психикалық сезiнудiң инерттiлiгiн төмендету, бұлшық ет жұмысын арттыру, баланың сабаққа деген қызығушылығы мен зейiнiң жоғарлату, балаларды белсендi жұмысқа дайындау және бiр- бiрiмен қарым-қатынасты жақсарту. Бұл тапсырмаларды шешу үшiн ойындар жүргiзiледi.

Екiншi кезең. Ым және пантомимна.

Тапсырма: Дене және психикалың қанағаттанбау уаымдарымен байланысты жеке эмоциялық жағдайларды мәнерлi түрде бейнеленуi. Негiзгi эмоцияларды көрсету түрлерi (қуаныш, таң қалу, қызығу, жек көру, және т. б. )

Балалар ым-шарамен, жүрiстермен танысады.

Ұшiншi кезең. Мiңез бен эмоцияның жеке қасиеттерiн көрсетуге арналған ойындар.

Тапсырма: әлеуметтiк ортаның әсерiнен туатын сезiмдердiң мәнерлi бейнеленуi (арамдық, қайырымдылы, шинайлық т. б) . Әлеуметтiк бiлiмге қатысып баланың алынған мәлiметтерiн одан әрi кеңейту.

Төртiншi кезең. Белгiлi бiр балаға немесе топқа бағытталған ойындар.

Тапсырма: Бала мiнезiнiң жеке қасиеттерiмен көңiл- күйiн түзету.

Бесiншi кезең. Сабақтың аяқталуы, психикалық бұлшық-етiн жаттығу.

Тапсырма: Психоэмоциялық қысымды төмендету, жағымды нәтижелердi қатайту, эмоциялық қалыптарын салмаққа келтiру, өзiн- өзi сезiнуiн және көңiл- күйiн жақсарту.

Ойын терапиясы.

Ойын терапиясы ойындағы психолктың ролi жағынан және функция бойынша екi түрге бөлiнедi: бағытталған және бағытталмаған.

Бағытталған ойын терапиясында терапевт балаға ойынның мәнiн талдап түсiндiру керек.

Бағытталмаған ойын терапиясы баланың өзiн көрсетуi үшiн ойынға бағыталған. Осы арқылы үш негiзгi тапсырмалар шешiледi: баланың өзiн көрсету әрекетiн кеңейту, эмоциялық төзiмдiлiкке жету, "бала - ересек" жүйесiндегi қатынасты түзету.

Ойын бөлмесiнде ойыншықтын негiзгi үш тобы қолданылады: шынайы өмiрден алынған ойыншықтар; агрессия туғызатын рйыншықтар, баланы шығармашылық жағынан көрсетуге арналған ойыншықтар.

Бағытталған ойын терапиясындағы терапивтiң негiзгi функциялары:

  1. эмтиялық қатысты ұйымдастыру
  2. балаға өзiн - өзi құрметтеу сезiмiн сендiру.
  3. ойында шектеу құру.

Ойын процесiнде ересек адамның қатысуы екi жағдайда.

Бағытталған ойын терапиясында ересек адамның қатысуы маңызды, өйткенi ол онда ұйымдастырушылық қызыметiн атқарады. Бағытталмаған ойын терапиясында әсiресе оның жеке түрiнде ересектiң қатысуы өте маңызды.

Қарама - қарсы көзқарас келiсiмi бойынша терапивтiң басты ролi жақсы болып iске асырылу үшiн, ол ойынның сыртында қалуы керек.

Ойын терапиясының екi түрi бар: жеке және топтық. Егер баланың мәселесi әлеуметтiк бейiмделу жағынан болса, онда жеке емес, топтық терапиямен емделген жөн.

Ал егер бала мәселесi оның эмоциялық қиыншылықтармен байланысты болса, жеке терапия қолдану керек. Ойын терапиясын өткiзуде жалпы көрсеткiштер болып, мыналар саналады. Әлеуметтiк инфантилизм, тұйықтық, тiл табыса- алмаушылық, қорқыныш реакциялары, мiнез-құлықтың бұзылуы және жаман әдеттер, ер балалардағы жыныстық рөлдiң бұзылуы.

Егер жеке ойын терапиясы үшiн баланың ақыл - ойы кем болуы ғана қауыпты болса, топтық терапия үшiн қауыптiлiк қатары кеңейе түседi.

Олар; әлеуметтiк - мiнез құлықтың бұзылуы, өйткенi ол топтағы қатысушыларға қауыптi болуы мүмкiн; жылдамдатылған жыныстық даму; қозғыштық; маңызды стресстiн жағдай. Осы айтылған жағдайларда жеке топтық жұмысқа дайындау қажет.

Коррекциялық жұмыстық сәттi өтуiне топтық құрамы әсер етедi. Әр бала топта ешбiр мазаққа қалмау немесе сәтсiздiкке ұшыраймын деген ойлардан арылу керек және өздерiн еркiн түрде көрсетулерi керек. Топта бес адамнан көп бала болмау керек және олар терапиялық сабақтың сыртында араласып жүретiн балалар болмау керек.

Мiнез - құлқы бұзылған балалардың топтағы саны бiреуден аспауы керек. Балалардың жас айырмашылығы 12 айдан көп болмаған жөн. Мектепке дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балалар тобында ер балалар мен қыз балалар болмауы тиiс.

Ойын терапиясындағы қолданылатын ойыншықтар:

а. Шынайы өмiрден - қуыршақта жанұясы, оның үйi, бетiнде ештеңе салынбаған таза жүздi қуыршақ, тiршiлiк етпейтiн ертегi кейiпкерлерi, машина, қайық, касса, сынып тақтасы.

ә. Агрессияны туғызатын ойыншықтар - ойыншық әскер адамдары, агрессиялық жануарлар, қару, барабан, пышақ.

б. Шығармашылық жағынан өзiн көрсетуге арналған ойыншықтар- суы бар шелек, құм салған ыдыс, балшық, кубиктер, бояулар.

Ойын терапиясы - баланы ойын құралдарымен қамтамасыз ететiн және өздiк "менiн" сезiмiн, ойын, уайымын, әрекеттерiн толығымен зерттеп бiлуiне бағытталған терапивт пен баланың қатынысың ырғақты жүйесi.

Арттерапия.

Арттерапия өткен ғасырдың 30-шы жылдары Фрейдтiк психоанализмдiң негiзiнде пайда болды. Қазiргi психотерапияда арттерапияны қолдануда адамдарға суреттiн мiнездегi бейнелеу тапсырмалары ұсынылады (ағаштан аю, сурет салу, күйдiру т. б) .

Арттерапияның басты мақсаты: баланың өнер арқылы өзiн көрсетуi мен өзiн - өзi тану процессiн дамыту болып табылады.

Психоанализде коренциялық негiзге механизiмi және iшкi күшке бағытталған процесс - бұл сублимация. Сублимация арттерапияда екi бөлiмнен тұратын санасыз процесс. Бiрiншi бөлiмде тақырып тандалады, ал екiншi бөлiмде баланың бұзылған қылығын дұрыстау жолдарын iздестiру.

Суреттер баланың өзiн- өзi бiлуiне және қабылеттерiн тануына көмектеседi.

Баланың жеке ерекшелiктерi мен оның суретiнiң ырғақты дамуын бiлдiретiн бейнелеудiң төрт түрi бар:

  1. Пiшiнсiз шимайлар.
  2. кестелер.
  3. Пиктограмма.
  4. Үзiнiң көркем шығармасы. Мысалы, шимайлар, кiшкентай балаларға сай сурет, егер мұндай суреттi жасы үлкендеу бала салса, онда балада жалғыздық, әлсiздiн сезiмдерi бар.

Арттерапия процесiнде оның ырғағы мен эфектiлiгiне байланысты сурет салу шығармасындағы өзгерiстер де байқалады.

Баланың 3-5 жас аралығында символикалық әрекетi жаңа қалыптасса бастайды, олар бұл кезеңде мәлiметтер мен бейнелеу тәсiлдерiн бастайды. Бұл жас аралығындағы балалар көбiнесе ойын терапиясын талап етедi, 6-10 жастағы балалар сурет салу құралдарын қолдана алады.

Мiнез - құлық терапиясы.

Мiнез - құлық терапиясының пайда болу тарихын қарастыра отырып, оның тығыз үш тегiн бөлуге болады. Д. Вальпенiң мiнез - құлықтың классикалық шарталуының қағидасы, Б. Скиннердiң оперантты

Шарттану жұмысы, А. Бандураның когнитивтiк оқытуы.

Жаңа мiнез- құлықты иемдену қажеттiлiгi қоғамның талаптануымен түсiндiрiледi. Бұл терапияның түрiне "жетондық" коррекция түрлерiн мiнез - құлықтың тренингтi, когнитивтi терапияны жатқызуға болады.

"Жетондық" бағдарлама өзiне мынандай негiзгi бес түрiн жатқызады;

  1. Баланың мiнез - құлқын коррекциялық бағдарлама құрылған жүйелi бағыт бойынша бақылау.
  2. Қоғам талап ететiн мiнез - құлықты сипаттау.
  3. Жеке тұлғаны қайтуға көмектесетiн жағымды түрткiнiң шеңберiн анықтау.
  4. «Жетондарды» енгiзу.
  5. "Жетондық" экономикаға енгiзiлген жеке тұлғанның мiнез - құлқын бақылау, мiнез - құлықты бағалау, "жетондарды тарату".

Мiнез- құлықтық тренинг өзiне төрт негiзгi оқыту техникасын жатқызуға болады.

  1. Оқытылуға тиiстi үлгiнi көрсету.
  2. Оқытылуға тиiстi мiнез - құлықтық реакция тудыратын жазбаша символикалық түрде анықтап қатысушыны құрастыру.
  3. Жаңа реакцияларды мен сапаландыруға қажеттi жаттығулар.
  4. Қол жеткен нәтижелер туралы мәлiметтер беретiн керi байланыс негiзiндегi бақылау.

Қазiргi кезде балалар мен жеткiншiлiктердiң түрлi мiнез- мәселелерiн шешуге сенiмдiлiк жаттығуларына т. б. арналған тренингтiк бағдарламаларың көп бөлiгi жарыққа шықты.

Жеке тұлға дамуының топтары жеткiншiлiктiк- жасөспiрiмдiк жастық профилактикалық, коррекция мен дамуының қолайлы формасы жеке тұлға дамуының топтары болып табылады. Бұл жеткiншiлiктердiң үш сферадағы өзiн - өзi анықтау психологиялық тапсырмаларына бағытталған.

Жас ерекшелiк тренинг: жыныстық жасерекшелiк, әлеуметтiк, жеке тұлға дамуының топтары осы жастың алты негiзгi қажеттiлiгiн жартылай iске асыруға мүмкiндiк бередi: белсендiлiк, қауыпсiздiк, эмансипация, бауырмашылдық, сәттiлiк, өзiн-өзi жетiлдiру және өзiнiң "Менiн" дамыту.

Тренингтiк топта үлкен жеткiншiлiктермен қатар әр түрлi жастағы жеткiншектерге болуы мүмкiн, сонымен қатар жасөспiрiмдер мен ересек қатысушылар.

Жеке тұлғалық даму түсiнiгi мен микроәрекет түсiнiгi байланысты. Әрекет жасаған жеке тұлғаның ерекше жұмысы өзi үшiн ұйымдасу ретiнде қабылданады.

Жеке тұлға даму тобының жүргiзушiсi ретiнде режиссер емес, ол тренинге қатысушының бiрi. Әр жаттығу үш қабатты мiнезден тұрады; өзiндiк тренингтiк, жұмыс, еркiн қатынас және әрекеттен кейiнгi кезең.

Тренинг барысында жеткiншектер үшiн түрлi ойындар мен жаттығулар қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын бала кім
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
Мектеп психологының іс-қағаздар жүргізуі
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Психологтың құқықтары
Психологиялық қызметтің дамуы
Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық-әдістемелік мәселелері
Дамуы төмен балаларға берілген психологиялық көмекті экспериментті зерттеу
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz