Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау университеті«Тіл пәндері » кафедрасыӨтебаева МаржанАқан серінің махаббат лирикасыжәне Құлагер тұлпардың қазасыДипломдық жұмысҒылыми жетекші: аға оқытушы Байтан. АҚорғауға жіберілдіКафедра меңгерушісі Жүсіпов. А. Е.«___» 2006 жылКөкшетау- 2006:

Көкшетау университеті

«Тіл пәндері » кафедрасы

Өтебаева Маржан

Ақан серінің махаббат лирикасы

және Құлагер тұлпардың қазасы

Дипломдық жұмыс

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байтан. А

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі Жүсіпов. А. Е.

«___» 2006 жыл

Көкшетау- 2006

КІРІСПЕ . . . 3-4

  1. ӘДЕБИ ШОЛУТаланттар бесігі-көркем Көкшетау . . . 5-6Ақан серінің шыққан тегі, өскен ортасы . . . 7-8
  2. Негізгі бөлім. Ақан серінің махабат лирикасыАқан серінің махаббат әлемі . . . 9-11Ақан сері лирикасының көркемдік ерекшелігі . . . 12-17

2. 3. Ақан өміріндегі арулар және Ақтоқты сұлу . . . 18-21

2. 4. Ардагер Ақан мен арда тұлпар Құлагер . . . 22-24

2. 6. «Аулым қонған Сырымбет саласына . . . » . . . 25-29

2. 7. «Қызы екен, Ыбекеңнің Балқадиша» . . . 30-39

2. 8. Құлагер тұлпардың қазасы.

Әдеби көркем шындық пен тарихи шындық . . . 40-52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 55

Кіріспе

Қазақ дейтін халықтың қасиетті өнерінің алтын діңгегіндей ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы абай бастаған мол шоғырының қатарындағы жарық жұлдыздардың бірі-Ақан (Ақжігіт) Қорамсаұлы .

Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері дарқан, -

деп қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіров жырлағанындай, қазақ даласындағы сал-серілік дәстүрдің аса ірі өкілдерінің бірі, тамаша талғам иесі, қасірет пен қуанышқа толы тағдыр иесі Ақан сері Қорамсаұлының махаббат лирикасы мен Ақанның ардақты тұлпары Құлагер жүйріктің өліміне байланысты туған жырларды сараптау, өз шамамызша талдау мақсаты алға қойылды. әдебиетіміз Өлкеміздің тарихи шежіресі мен әдебиетіміздің тарихын зерделеуде өлшеусіз маңызға ие көз көрген қариялардың сөздерін, газет, журналдар беттерін ақтару арқылы көздеген мақсатты іске асыруға талпыныс жасалынды. /1, 235/

Ғылыми жұмысты тиянақты да тұжырымды жазу үшін Ақан сері өмірі мен шығармашылығына арналып бұрынғы-соңды жазылған мақалалар мен пікірлердің бірсыпырасы қарастырылып, ой сүзгісінен өткізілді. Ақан серінің туған өлкесіне барып, ақынның бүгінгі етжақын туыстарымен, ауылдастарымен әңгіме сұқбатттар жасалынып, Ақан серінің тыныстаған ауасымен тыныстау арқылы Ақандай ардақты тұлғаның жан дүниесін сезінуге қадамдар жасалынды.

Өзімнің де осы топырақтан болғандығыма, бала кезімнен күні бүгінге дейін естіп жүрген әңгімелер болғандықтан Ақан сері жайлы дипломдық жұмыс жазу оңай әрі қиындық тудырғандығы рас. Себебі, Ақан серінің махаббат лирикасына барлау жасау барысында қазақ даласының түкпір-түкпіріне қасіретті тағдыры жыр болған, қаскөй жауыздықтың бейкүнә құрбаны ретінде символы болып қалған ардагер тұлпар Құлагер жүйріктің қазасына байланысты көһптеген деректер мен пікірлердің басы қосылуының өзі бір диплом жұмысына жүк болғандай еді.

Ақан серінің өмірі жайлы айтылған, баспа бетін көрген, зерттелінген дерек көздері аса мол болғанымен олардың бір ізділіктен өте аулақ екендігіне зерттеу барысында көз жеткізілді . Осы мәселеге қалам тартқан қаламгерлердің өзі бірсыпыра санды құрайды. Ақан сері бейнесін қарасөз жанрында келістіре сомдаған Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы мен Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқты» драмасын, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер», Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмаларын айтпағанда ақын өміріне арналып бір көркемфильм, бір бейнефильм, бірнеше поэма, әр жылдары ірілі-ұсақты ақындардың сан ондаған өлеңдері арналған екен. Күні бүгін арналуда және қазақ деген халық барда, қазақ рухы барда талай-талай шығармалар мен зерттеу еңбектер туа бермек.

Әйгілі сыршыл лирик ақын Мағжан Жұмабаев «Ақан сері» атты көлемді танымдық деректі мақала жазса, әр жылдары Ілия Жақанов, Кәкімбек Салықов, Естай Мырзахметов, Жұмабай Есекеев, Қадіржан Абуев, Төлеген Қажыбаев, Серік Ақсұңқарұлы қатарлы көптеген қаламгерлер мен тарихшылар, өнертанушы- сазгерлер Ақан сері өмірінің белгісіз де дүдәмал тұстарын айқындауда өзіндік еңбегін сіңіргенін айта кеткен жөн.

Еуразияның жалпақ сауырын баса орналасқан ұлы қазақ даласы қандай ұшы-қиырсыз болса, онда өмір сүрген тағдыры кесек ұландары да сондай мол, олар туралы туған халқының арасында сақталған ақиқат негізді аңыздар одан да мол. Аңыз негізінде ақиқат жатқанымен ғасырлар бедерінде халық жадында сақталып замана ағымына сай оқиғалар желісі, оқиғаға деген айтушылардың көзқарастары да өңделіп, өзгеріп отырғандықтан аңыздан ақиқатты аршып алу оңайға түпесі анық. Халық өзінің ардақ тұтқан қастерлі тұлғаларын, киелі де дегдар жануарларды ешқашан ұмытпай, олардың асыл бейнелерін, соларға қатысты оқиғаларды жадында жаңғыртумен келеді.

Осындай халық санасында жаңғырып әлденеше ұрпақ алмасу барысында түйіні шешілмес жұмбақ болумен келе жатқан оқиғалардың бірі- Арқаның ардагері Ақан сері мен оның ардақты да аяулы тұлпары Құлагер жайында болып келеді. Сексен көлді Көкшетаудың батыс солтүстігінде жатқан, Саумалкөлдей шарасы тұнық көлдері мен Айыртаудай Арқаның жасыл аралындай таулары бар өлкеде күллі қазаққа аты мәшһүр болған қаншама дара дарындар дүниеге келмеді?

Қазақ ән өнерінің шырқау шыңындағы Үкілі Ыбырайдың өзі неге тұрады! Осындай аты сұлу, қызы ару жер жаннатында туып, арғымақ ат баптап, қолына қыран құс қондырып, жүйрік тазы жүгірткен, тазалық пен дегдарлықтың үлгісіндей әдемі киініп, Арқаны әнге бөлеп өткен Ақан сері өзінің жұмбақ та таңғажайып тағдырымен және оның тағдырына қатысты айтылатын сан тарау аңыздар ұрпақ санасында жаңа дәуірде жаңаша сипатқа ие болып жаңғыра түскені анық.

  1. Әдеби шолуТаланттар бесігі - көркем Көкшетау

Әр ғасыр өз заманына үн қатар асыл ұлдарын тудырады десек, табиғаты тамылжыған көрікті Көкшеде бір кезде өмір сүріп, айдай әлемге әйгілі болған төрт бұлбұл, төрт дүлділдің есімдері тілімізге оралады.

Елдерін араласаң өскен, өнген,

Суретті көркем түрлі көп ескі өлең,

Кең көкірек, керней дауыс, ақын әнші,

Келеді жігіттері боп өскелең.

Іс қылған адамының денесі ірік,

Жігерлі, ер көңілді, еті тірік,

Ақын да, палуан да, әнші де көп,

Дей алмас көрген адам мұны өтірік.

Ерлер бар-бітістері жасыл, құрыш,

Ерлер бар-айтса қайтпас, алмас қылыш,

Ақын бар-алмас садақ тілдерінен . . . /2, 66/

Кейде бал ағызады кейде бұрыш, -деп атақты Сәкен Сейфуллин тамсана жырлағанындай Көкше өңірі қашан да өнерпазға кенде болмаған.

Туған елін әнімен аялап, жырымен желпіндіре «Аққуға он екі звот әнін қосқан» Біржан сал, «бір бойында мың өнер» деп тұстастарын таңқалған Сырымбеттің сыршыл серісі Ақан, бұла күш, балуандық пен өлең-әнді тең ұстаған Балуан Шолақ, «Гәккуін қайтқан қаздай қаңқылдата» бел-белеске әнін жеткізген Үкілі Ыбырай аталарын бүгінгі ұрпақ мақтан тұтады. Бүгінгі қазағының рухы қанында ойнаған әрбір қазақ баласы осы алып бабаларының жарқын жолдарын ұстанып, мирасқорлары болуға талпынады. Аруақты аталарының жырларын жаттап, жадында сақтап, әндерін айтып, күйлерін шертеді қай-қайда да.

Иә дархан дарыңдардың есімдерін мақтанышпен ауызға ала отырып, олардың жарқын бейнелерін әркім көз алдына келтіреді. Арқалы аталарымыздың өмірі-тірішілігінің қатпарлары қалың тарих, жазылып бітпейтін жыр-дастан, замандастардан-замаңдарға ұласар ғұмырнама, ұлы мұра, өркенді өнердің биік бәйтерегі, саялы шынары.

Солардың бірі, бірі емес-ау бірегейі - Біржан ағасынан бата алып, жырмен жанаттанып, ән-күймен қанаттанған шабытты Ақан серінің орны ерекше екені даусыз.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы болатындығын табиғат берген талантымен айшықтай әйгілеп, «өлмейтұғын артына сөз-мол мұра қалдырған Ақан кім, қандай болғандығын білмек үшін әркім де сері жайлы жоғарыда айтылған, пікір жазған ғалымдар мен жазушылардың зерттеу еңбектерін, романдарын, шұрайлы шығармаларынан оқып, қаныға түседі.

Ақан сері жайлы нақты деректер берген аламдардың да есімін атай кеткен жөн болмақ. Әр жылдары Ақан өмірінен деректер жинаған зерттеушілерге Үкілі ЬІбырайдың туған жиені Тырбидың Молдахметі, ақын-әнші Отызбайдың Шәкені, «Ақан сері» атты кітап жазып, ақын туралы әңгіме-естелігін талай естіп, қасында бірер мәрте серік болған Тілеубайдың Хамиты, немерелес інілері Нұрпейістің Ешмұқанбеті, Жандостың Қасымы, ғасырға жуық жасаған Шәрия әже, «Үш тотының» ең кішісі Үрім апа, ұзын мұрт Хамзаның бәйбішесі қатарлы тұрғылас жандардың естеліктерінің орны бөлек.

«Қазақ өнерінің алтын ғасыры » атанған XIX ғасырда қазақ даласында да талай асқақ әнші, арқалы ақын, құдіретті күйші, не бір асқан дарын, топжарған таланттарды өмірге келтіріп, есімдерін дүние жүзіне мәшһүр еткен. Сол ұлы шоғырдың алдыңғы легінде әрқашан өнер шеруін бастап, ұрпақтарын дегдар өнердің қасиетті шыңына шақырып Арқаның ардагері Ақан сері тұрар болар. Ол өнердің өміршең, әннің асқақ, күйдің құдіретті, өлеңнің өрісті, жыр-дастаның жан тебірентер келісті келгенін қалайды . . .

Тағы да үздік шыққан содан бері,

Зарланған «сырлы мінез Ақан сері,

Зарлы әнмен, көркем күймен, сырлы өлеңмен,

Шарықтап өрлеп көкке шыққан шері.

Әнінен исінген жұрт таң болатын,

«Түскен деп әнін тыңдап көктен пері».

Жатқа алып қыз бозбала құмарланып,

Жайылған Сарыарқаға «Құлагері»

Құбылған, әні көркем гауһар түрлі,

Күйлеген нәзік сезім, «жұмбақ жырлы»,

Махаббат қасіретін күй ғып шеркен,

Әндері өлеңдері нәзік сырлы . . .

Ия, Сәкендей дара ақын өзінің «Көкшетау» поэмасында Ақан сері туралы осылай деп тебірене жырлаған. /2, 67/

1. 2. Ақаның шыққан тегі мен өскен ортасы

Ақан серідей аяулы тұлғаның шыққан тегі мен өскен ортасына өмірбаянына аз кем шолу жасап тоқталайық. Ақан серінің өмірбаяны мен шығармашылығына алғаш түрен салған ұлы ақын Мағжан Жұмабаев былай дейді:Ақанның өмірі

«Ақанның сүйегі - Орта жүз Арғын ішінде Қарауыл. Ұлы әкесі Қарауылда - нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың бір ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңіріден немере тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қосағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын Ақжігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы Көкшетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70 шақырым жердегі Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ол маңайда ол кезде ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға бай болса, әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы. »/3, 320/

Иә, 1843- қоян жылы, қоңыр күз, қауыс-қараша айының орта шенінде айдынды Қоскөл мен Сарыкөлді теңге бөліп тұрған жылы ұя Қараталдың қойнау-қойнын қоныс еткен өз ортасына беделді кәсіпкер саудагер Қорамсаның шаңырағын шадыман шаттьққа бөлеп, өмірге бөлеген, ата мен әженің, тоғыз апасының тілеуімен дүниеге сәби келді. Азан шақырып сәбиге Ақжігіт деп ат қонды. Малтабар ауылының үлкен кішісі қызық-қуанышқа кенелді. Анасы Жаңыл кішкентай көбегенін басқаларыңдай емес, ерекше жақсыкөріп, Ақан деп атады. Сөйтіп үлкен де, кіші де «Ақжгітті» Ақан деп атап кеткен. Өнер десе ішкен асын жерге қойып, елпең қаққан балғын Ақаңды әке-шешесі көршілес ауылдағы туған жездесі Әйберген моллаға оқуға береді. Өз теңдес көрген көздер әліп-биден аса алмай жүргенде, Ақан барлық әріптерді танып, келе-кеде ақ қағаздың бетіне өлеңмен өрнек тұрғызып, жыр жазуға машықтанады. Молланың зекіп, ұрысқанына өлеңмен жауап қатады.

Бұдан кейін де дәріс алған Көнтай молламен балаларды шырылдатып ұрғаны үшін керісіп қалады да, әкесінің айтқанына қарамай, Қызылжар шаһарыңдағы Уәли ахунның медіресесіне барады. Мағжан Жұмабаев бұл жағдайды былай нақтылай көрсетеді:

«Ақан 13 жасқа келгенше Бұқардан оқып қайтқан бір молдадан сабақ оқып жүреді. Бірақ біраз ес кіре бастаған соң молданың балдыр батпағына зирек Ақанның көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан молдасымен бір шариғатқа таласып, «маған қарсы келдің» деп молдасы оны ұрған соң, «шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын» дейді де, оқуыменен қоштасып кете барады. Осыдан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік өмірі басталады. »/3, 319/

Белгілікті білім беретін медресенің дәріснамасы тәлім, оқуын тәмәмдап ауылына оралады. Ақан сонда жүріп орысша, татаршада сауатын алып, бұл тілдерде тәп-тәуір сөйлеу дәрежесіне жетіскендігін жазушы Сәкен Жүнісов шынайы деректермен өте тартымды әңгімелейді. Ақанның араб, парсы, орыс, татар тілдеріндегі шығармаларды еркін оқып, бұл ұлттардың кейбір зиялыларымен қарым-қатынаста болғаңдығын кезінде көптеген көз көрген қарттар дәлелдеген екен.

Болашақ әнші, ақын, сазгер, саятшы, бапкер Ақан 16 жастан бастап, сауда-саттық, молла, қажы болудан өзін аулақ ұстап, өрісті өнерге бір жола ден қояды. Серілік жолға түседі Арқалы ақын Біржан салды ән-жырымен сүйсінтіп, батасын алады. Сол ағасының қасына еріп, тағылым-тәлім үйренеді. Сері бұдан әрі жора-жолдастарымен ауыл-елдерді аралап, халық қазынасы жырдастан, қиссаларды сазына келтіре шьрқап, өзіндік төл тума әндерін де орындап, өнер құмар елдің ауызына ілігеді. «Әнші Ақан» атанады.

«Ақан сері тек өз әндерін ғана тамаша орындап қойған жоқ. Ол соп кезде қазақ даласына кеңінен тараған халық әндерінде жеріне жеткізе орындайтын талантты да керемет әнші-орындаушы болған еді. Ол әнді нәзік сезіммен әрі жігерлі орындайтын. Ол ән салғаңда былайғы жұрт демдерін іштей алып, ұйып тыңдайтын, ара тұра қошемет көрсетіп, шабыт шақыратын. Үн тастап отыратын», - деп еске алған екен атақты жыршы, ақын Доскей өзіндік әңгіме-естелігінде.

Жігіттіктің сән-салтанатымен сері деп танылған ақынға танымал жерлесіміз Кәкімбек Салықов «Ақан сері» атты көлемді толғау өлеңінің мына бір шумағьнда былайша баға береді.

Асыл сөз, сұлу әуен асқан сері,

Әншілік Біржан салдай ақтангері.

Саятшы бапкер, мерген, әділ қазы,

Шерлі ақын, ойлы ұстаз Ақан сері.

Ақтангер ақының бойындағы сыр-сипат, қыр-сырын ғұмырнамаға орайластыра тұжырымдай сөз етер болсақ, Ақаның өзгеден ерекше қасиеті бір шумақта-ақ түгел қамтылған деуге тиіспіз.

Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған, Кенесары, Наурызбайға отан болған Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-60 жыл ішінде алты алашқа аты шыққан ақындарымыздың бірталайы сол Көкшетаудың маңайында туып-өскен. «Кең сабаның қорындай, Бертағының баласы Орынбай», екі аяқты адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің ұлы Арыстан, үні зарлы Атығай, соқыр Тоқжан, терең ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері - осылардың бәрі сол күңіренген Көкшенің маңайында туып-өскен ақындар. Бұл ақындардың ішінде адамның іскерлігін алдымен өзіне аударатыны - Ақан сері. Сөзінің сұлулығы, тереңдігімен демейміз, өмірінің сұлулығымен. Ақанның өмірі - ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір. Сондықтан Ақанның алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін тексереміз. »-деген ұлы Мағжанның сөзімен Ақан серінің махабат лирикасына барлау, талдау жасайтын боламыз.

2. Ақан серінің махаббат лирикасы

2. 1. Ақанның махаббат әлемі

« Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан болады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей, 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады. Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында - бұлғақтаған үкі, колында - домбыра, аузында - ән . . . Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әншіл. Бірақ Аканның әні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қарауылдың қалың көздері «Ақанның әні-ай!» - деп күрсінеді. Сүймесе сері дер ме еді, қалың карауыл Ақанға сері деп лақап береді. » /3, 320/

Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып қойған қалыңдығы Жұмат қожаның қызы Бәтиманы алады. Онымен он жылға жақын отасып тұрады. Бәтимадан бір ұл, екі қызы болады. Бірақ ұлы тілсіз болады.

«Әттең, бірақ, осынау бұла дәурен, сейіл-серуенді саялы өмір аса ұзаққа бармай, Ақанды қайғымен қасіретке душар ете, баз кештірген ғой, шіркін! Шоматтың қызы Бәтима, - сүйген жары баладан қайтыс болды. «Перизат» деп ән шығарған Бәтимасынан екі қыз, Ыбан (Ибрагим шын аты) есімді ұл қалды. »-деп атап көрсетеді Жандостың Қасымы атанған ақсақал. «сүйген жардан айрылдым» атты өлеңі осыкезде шығарылған болса керек:

Айрылдым тағдыр айдап бұлбұл құстан,

Тарттым мен қасірет-қайғы бала жастан.

Қондырған бақыт құмай көлеңкесін,

«Сары алтын сабыр түбі» асып-саспан.

Амал жоқ, ғашық жарым, кеттің өтіп,

Тұрмайды жамандықты ешкім күтіп,

Басты ғой қайғы-қасірет мен пақырды,

Дүниеден арманда боп сәулем кетіп.

Бірақ серіліктің соңында жүрген Ақан Бәтиманың өлімін елемейді. Серіліктің күйін бұрынғыдан да артық толғай шертеді.

Ақанның жастықтың буына мас болып, қалың елді ән мен жырға қандырған жиырма бесінде шығарған мына өлеңі сол кездегі уайым-қамсыз мұңсыз-қамсыз халінен хабардар еткендей:

Торыны танға байлап мінген қандай,

Үкілеп әсемдетіп жүрген кандай.

Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,

Сыбанып ақ білекті түрген қандай.

Күнінде уағда еткен қалқажанның

Жетуге ынтызар боп жүрген қандай.

Ақынның бұл өлеңінен біз құрғақ баяндау емес, ынтызар ғашығына асыққан қазақ бозбаласының басынан өткерер шынайы халді көреміз:

Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,

Жүгіріп сайлау жермен келген қандай.

Атыңды бір тасаға байлап тастап,

Тұсына ақ боз үйдің төнген қандай.

Сөз салуға қалқажанға жеңгесінен,

Құрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай.

Ишарат әзілменен сөз қатысып,

Қыз сырын жеңгесінен білген қандай.

Қазақ поэзиясында Абай, Шәкәрім бастаған лирик ақындарымыздың осы тақырыптағы динамикалы, адам сезімінің қимыл үстіндегі пернелерін тап басып көрсете алған жырлары қатарына Ақан серінің осынау өлеңін сенімді түрде қоса аламыз:

Алаңдай, алабұртып тұрғаныңда,

Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай.

Құрбыжан, ебін тауып келдің бе деп,

Ақсиып күрек тісің, күлген қандай.

Қалқажан күле қарап, жүр дегенде,

Ақ үйге есік ашып енген қандай.

Жамылып екеуара бір шапанды

Айқасып тар төсекте жатқан қандай.

Мойныңа ақ білекті арта тастап,

Тіл дәмін бір-біріңнің, татқан қандай.

Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды,

Кілт ашып ақ сандықты ақтарғандай.

Ойынның қызығымен білмей қалып,

Машырықтан таң сарғайып атқан қандай.

Тұрыңыз, үйге сәуле кіріпті деп,

Біріне бірі күліп айтқан қандай.

Сол кезде көңіліңе түссе қорқу,

Мысықтан тышқан қорқып сақтанғандай.

Ақан лирикасында айшықтаулардың не түрлі тапқыр жауһарлары кездесетінін байқаймыз да оның тек әншілікті мұрат тұтқан жан болмағаны, ақындық қарым-қуатының да осал болмағанын байқаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан Сері Қорамсаұлы лирикалық ақын
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ақан серінің шығармаларына тоқталу
Ақан серінің махаббат лирикасы
АҚАН СЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Ақан Қорамсаұлы (1843-1913)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz