Жасөспірім кезеңіне психологиялық сипатама


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе1

І - тарау. Теориялық бөлім . . . 5

  1. Жас өспірімнің бүгінгі бейнесі5
  2. Жас өспірім кезеңіне психологиялық сипаттама. 10
  3. Жас өспірімнің «мен» дейтін қасиеті. … . . . 19
  4. Жас өспірімдердің үлкендер мен қарым-қатынасы және құрбыларымен қарым-қатынасы. . 28
  5. Мамандықты таңдауы. ……43

ІІ- тарау. Тәжірибелі бөлім. 46

  1. Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру тесті……… . . . 46
  2. Арнайы қабілеттер жеке тұлғаның бағыт бағдары. . 48
  3. «Дос туралы» тест . . . 52
  4. Кеттел тесті (16 факторлы сауалнама) . . 57
  5. Социометрия. Дж. Морено. . 58
  6. Мамандықтау тест . . . 58

Қорытынды. . 59

Әдебиеттер. . 62

Қосымшалар

Кіріспе

Адам тек биологиялық организм болып туып қоймай және де биоәлеуметтік жан болып, бір қатар тума әлеуметтік қасиеттер мен туады. Мұның бәрі нышан түрінде адам генінде сақталып, кейін анатома физиологиялық ағзаның қасиеті және тұлғаның психикалық қасиеті болып дамиды.

Нышан тек әлеуметтік және физикалық ортаның байланысы ретінде адамның шынайы қасиетіне ауысады.

Жас ерекшеліктін қасиеттерін және тұлғалық қалыптасуды жақсы білу өте маңызды. Қазіргі кезде жоғарғы сынып және көптеген колледж оқушыларының жас кезеңдері біраз есейіп кеткен, ол үш себептен болады.

Біріншіден, жаппай орта білім беруінің тоғыз бітірген соң оқу орнына түсуі, жастары 15, 5-16 келіп қалады, толық орта білім алғандар 17, 5-18 жасқа келеді.

Екіншіден, оқу мерзімдері мектептерде, орта кәсіби орындарда ұзарған.

Үшіншіден, акселерацияға байланысты жеткіншек жас 14, 5 жастан ауысып 14 жасар жасөспірім жас кезені басталады.

Оқушылардың жас деңгейлерінің өсуі де және оқу мерзімінің созылуы (ұзаруы) заңдылық түрде тұлғаның қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Білім беру мен оқытудың мерзімі созылған сайын, әлеуметтік жетілу кешендейді. Осыдан - жасөспірім кезенін ұзарып жас шекарасында айқындық жойылады да, жасөспірім жасында 15-17 жаста әлі жеткіншек жастың психика қасиеті көрінеді.

Физикалық және психикалық дамуымен байланысты қажеттіліктер жасөспірімдерді әр түрлі іс-әрекетке, жағымды күйзеліске итермелейді. Жүйке қозуы тежелуден үстем келеді, сол себептен психикалық жағдайларында ұстамсыз қуат, шексіз белсенділік, жетілмеген инициатива пайда болады. Бірақ психикалық қасиеттерінде әлі жетіспейді, дербестік, байқағыштық, абайлық деген сияқты.

Жас өспірімнің міне-құлықтарында күшіне сай емес қарама-қайшылықтар кездесіп тұрады. Негізгісі жылдам өсәп келе жатқан физикалық адамгершілік және материалдық қажеттіліктер мен қалауларын қанағаттандыратын мүмкіншіліктердің шектелуі қайшылық тудырады. Сол себептен де мінез-құлықтарында теріс қылықтар болуы мүмкін. Жасөспірімдердің ойлауы жеткіншектерге қарағанда жоғары жалпылау деңгейімен айырмашылықты. Оларда құбылыстар себебін түсіндіруге қызығушылығы туады, оргументті пікірсіз іскерлігі дамиды, кей жағдайдың ақиқаты мен жалғандығын дәлелдеу іскерлігі, ойлаудың сыншылдығы пайда болады. Қызыға білу дүниетанымның қалыптасуының салдары. Боз бала мен бойжеткендерде негізгі тұлғалық компонент болып өзіндік баға жатыр. Өзінің бейнесіне, мінез-құлық манерасына ортада маңыздылығына тым жоғары қызығушылық пайда болады, кейбір қасиеттерін тым бағалауда көрніп тұрады. Осындай өзіндік рефлексия және эмоциялық қозуының қасиетіне кір тигізсе тым сезімталдық тудырып, бұрқ еткен реакция береді. Осы себептен де бұлар ылғи мазасыздану жағдайында болады да түсініксіз күйзелісте болады. Мұның барлығы жыныстың жетілуімен және әлеуметтік мүлік жағдайында, әлі отбасында ол бала ретінде саналуына байланысты болғандықтан . Осындай жасөспірім жаста психикалық жағдай жеке тұлғалық қалыптасуды күрделендіріп бұл кезенді дағдарлы және қақтығыста етеді.

Қақтығыстың пайда болуы әсәресе деректі қалыптасқан ортадағы жасөспірімдердің жағдайы мен, оның қалаған жағдайына сай келіспеушілікте. . Жасөспірім қоғамда бір ролъ атқарғысы келсе, ал қоршағандар оған басқа ролъ арттырады. Осы себептен оның ұмтылысының деңгейі мен жету мүмкіншліктерінің арасында қайшылық туады. Ең алдымен қақтығыс тұлғаның ішкі сезімінде жетіледі өзімен-өзі келіспейді, кейін қақтығыс әлеуметтік, нормалық топпен байланыс бұзатын қақтығысқа ауысады, сосын кете аффект пайда болады.

Қақтығыс ситуация ықпалы жағымды әсерін жеке тұлғасын қалыптасуға жағымды әсерін де тигізуі мүмкін, егер де ақылды ерік, ұстамдылық, принципиалдық әділетін жеңсе, ал егерде белсенділік және инициатативтік төмендесе, адамның қасиетіне, астеникалық эмоция тудырса онда теріс әсері болғаны.

Бірақ бозбала мен бойжеткеннің тұлғасын қалыптасуындағы негізгі болып қақтығыс емес, пайдалы қоғамдық бағытталуы оның қалыптасуы, кәсіби бағыты мен тәжірибесінің табысты жинақтауы және қабілеттерін дамыту болады. Сол себептен менің диплом жұмысының мақсаты бүгінгі жасөспірімдердің бейнесін көрсетіп өту, яғни заман өзгерісіне, идиология мен саясат өзгерісіне жастардың дүниетанымы да өзгереді және тәрбиенің, өмірдің ықпалы мен психикалық жағдайлары мен бағыттары да өзгереді деген жорамалға келемін.

Мәселе :

  1. Жасөпірімдердің психикалық ерекшеліктерін көрсету.
  2. Жеке тұлғалық қалыптасу заңдылықтарын ашу.
  3. Достарымен қарым-қатынас ерекшелігі мен топтағы орнын көрсету.
  4. Жасөспірім бағытын анықтау.

Зерттеу пәні : Жасөспірімдердің психологиялық бейнесін зерттеу.

Зерттеу объектісі : Зеренді ауданы Қызылсая мектебіндегі 10-11

сыныптары

Зерттеу әдістері : Жасөспірімдердің психологиялық бейнесін зерттеу.

Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру тесті

Арнайы қабілеттер жеке тұлғаның бағыт бағдары

Социометрия. Дж. Морено

«Дос туралы» тест

Кеттел тесті (16 факторлы сауалнама)

Мамандықтау тестін қолдандым

І-тарау

Теориялық бөлім.

1. 1. Жасөспірімнің бүгінгі бейнесі.

Жасөспірім бұл белгілі адамның есеюімен жетілудің белгілі кезеңі.

Жастық шақ пен балалық шақ ересек шақтың арасында, оны бәрі біледі. Нақты оған тоқталсақ балалық шақтан ересек шаққа өтудің 2 кезені болады.

  1. Жеткіншектік кезең.
  2. Жасөспірімдік кезең.

Бірақта бұл жас аралары өзінше әртүрлі болып келеді. Мысалы: 14-18 жас аралығын жеткіншек дейді, ал 16-18 жас аралығын жасөспірімдік шағы дейді.

В. Дальдің сөздігінде жасөспірім 15-20 жас аралығы жігіт болып есептеледі. 14-15 жас аралығы жеткіншек болып есептеледі. Нақты айтқанда жас бала болып есептеледі.

«Жасөспірім» өз аудармасында екі түрлі мағына береді, алғашқысы балалықтан өтіп жауапты да дербес жетілгендікті білдірсе, екіншісі жыныстық жетілуді сонымен қатар әлеуметтік есею деген мағына береді. Сібір халықтарында балалар 10-12 жаста көптеген күнделікті тіршіліктегі жұмыстар мен толық меңгеріп үлгереді, оларға садақты қолдану, балық аулау сияқты жұмыстарды атқара отырып толық қанды жұмысшы бола алады. Қоғамдық топта әлеуметтік критершілерді жетілу уақыты әртүрлі болып келеді.

Орта ғасырларда жылдар бойы қалыптасқан іс-тәжірибе балаға үлкендердің тікелей көрсетуімен іске алып отырған. Бала өзінің отбасына көмектесу арқылы немесе оқушылар шеберханасында жұмыс істеу арқылы үйренген болған. Есеюдің ең басты критерий деп отбасын құру кезінде келетін жауапкершілік пен дербестіктің келуі. Осыған орай Шекспир елу жасар сүрбойдақ Фальстафаны жасөспірім, ал немісше «Juneggselle» (бойдақ) . «Жас жігіт» - деген мағынаны білдіреді. Жаңа заман өзімен бірге әлеументтік психологиялық маңызды қозғалыстар әкелді. Жыныстық және өзіне жетілу жасөспірімдік кезеңге өту шекараларын төмендетті.

Қоғамдық - әлеуметтік еңбек тәртібі, мектепте оқудың ұзақтығына байланысты ерте есейіп, еңбекке ерте араласуды кешуілдетеді.

Ерте кездегі қоғамда жасөспірімдердің өмір жолын таңдауда патриархалды феодалдық қоғамға байланысты әлеументтік құрылысқа әдет-ғұрыпқа тікелей байланысты болады. Кәсіп таңдауда ол ата-бабасының жолын қуатын. Ал үйлену мәселесінде ата-анасы ол кәмелеттік жасқа жетпей тұрып-ақ құдаласып қоятын. Мұндай өмір тәртібін бұзуға оған қайшы келуге, тек кеменгер адамның қолынан келеді. Жаңа заманның тууына орай жасөспірімдердің алдына әлеументтік қоғамның жетестектеріне байланысты өмір сүруді өз таңдауына мүмкіндік туды. Адам баласының психологиялық еркендігіне байланысты оған басты әсер еткен көптеген коммуникация мен кітаптар заманы олардың ой-өрісін жетілдіре түсті. Осыған орай кәсіп таңдауға білім алуына еркін өмір сүріп, сүйген жар таңдауға құқылы болды. Ал кері жағынан алып қарасақ таңдалатын жолдың көптігі мен еркіндік жасөспірімге өмірлік жол таңдауда көп қиындықтар тудырды.

Кейбір ғылымдар пікірінше жасөспірімдік кезең жеке жағдайлармен тәрбиеге байланысты ой тұжырымдалды.

Бұл ойталас К. Марс пен Ф. Энгельс еңбектерінде «Неміс идиологиясы» атпен жарық көрді. Бұл еңбекке жеке адамның өмір жолын тек сананың өздік сана ауысуын қате пікір екендігін атап көрсетті. Әр адам өз өімір жолында өмірлік тәжірибе жинай отырып, осының арқасында өмірлік жол жасай алады.

ХІХ-ғасыр еңбектерінде баяндалған жасөспірім сол кезеңдегі өмір, қоғам талабына дворян отбасына шыққан жоғары санатты гимназия шәкірті университет студенті болатын.

Кейіннен аталғандай мұндай жасөспірімдер жалпы адамзатқа берілетін анықтамаға тұлға бола алмайтындығын айқындалды. Жеке тұлғаның өмірілік жол таңдауына өсіп-жетілуіне оның әлеументтік жағдайы білімі өмірге деген көз қарасы мен табиғи өсіп жетілу әсер етеді. Қай кезеңде болмасын жеке адамның қалыптасуына әлеументтік қоғамдық жағдайымен өскен ортасы тілекей әсер етеді. Кез-келген психологиялық зерттеу жасөспірімдер мінездеме беру оның шыққан тегі мен әлеументтік жағдайымен тікелей байланыстыра зерттейді. Әлеументтік-экономикалық айырмашықтарға ұлттық, этномәдениеттік ерекшеліктер кіреді.

Америкалық этнограф Маргарет Мид кейін жаңа Гвинея жақтарында балалардан есеюін зерттеп, ересектік жасқа көшу осы қоғамдағы кез-келген бір қиындықтармен кіске асыралатының тапқан. Асықпайтын өмірлік ырғағында жеткіншек ересектік өмірге жеңіл және берте-бірте бейімделеді.

Басқа белгілі этнограф Рут Бенедикттің (1881-1948) пікірінше, балалықтан ересектік жасқа көшу түрі, көбінесе балаға немесе ересек адамға қоғамның ұсынатын нормасымен талаптарының бөлектенуі қаншалықты үлкен болуына байланысты деп санаған. Бұл талаптар біркелкі, бірдей болса даму барысы баяу жүреді және бала ересектің деңгейін бірте-бірте иемденеді. Батыстың қиын қоғамында нормалары әртүрлі келеді. Балалық кез ойын кезеңі болып саналады. Жауапкершіліктен бас алады, ал ересектік кезеңде қоғам одан жеке жауапкершілік деңгейін талап етеді. Этномәдениетті айырмашылықтар тек ұлт арасында ғана болмайды.

Дениз Кендел мен Джеральд Лессердің 15-16 жасар Америкалық және даттық оқушылардың өткізген салыстырмалы зерттеушірінің көрсетуі бойынша, Америкалық жеткіншектермен олардың ата-аналары даттықтарға қарағанда өз жетістіктеріне көбірек бағытталған.

Жас даттық балалардың қатынасы Американдарға қарағанда, жынысты қатынастары көп. Даттық оқушылар өздерін оқуларына ақыл-ой дамуына көп көңіл бөледі. Жасөспірімдік жас психологиясы «Әкелермен баланың» мәселесіне қыз байланысты. Белгілі ойда бұл мәселе мәңгілік болып саналады.

Ұрпақтардың өзара қатынасы әрқашан ешқай жерде де бірдей болмайды. Үлкендер кішкентайларды өткен мәдениеттерден қалған тәрбиеге оқытып тәрбиелейді. Техникалық және әлеументтік дамуының жылдам болуы өткен ұрпақтарға тәжірибеге сүйенеді. Ғылымда қазір оқымыстылардың ойы Аристотельдің ойына қарағанда маңыздырақ.

Префигуративті мәдениет міндетті түрде болашаққа бағытталады. Тек жастар үлкендер үйренбейді, үлкендерде жастардан кейбір білімдерді үйренеді. Бұрынғы кезде жастарға үлкендер былай деген. «Сен мені тыңдауың керек, өйткені мен өмірді көп білемін». Ал бүгін жастар былай жауап береді. «Сендер біздің күніміздей шарттарда жас болып көрген жоқсыңдар, сондықтан да сендердің тәжіребелерін маған керек емес деген.

Нақты әлеументтік - жасерешелік және ұрпақ аралық айырмашылықтарды түсіну үшін, көптеген сұрақтар қатарын анықтап алаған жөн.

  1. Ата-аналармен балалардың бір сөзбен әр жастағы адамдардың генеологиялық ұрпақтардың айырмашықтары мен ұқсастықтардың қалай салыстыру керек?

Бірінші тақырып ішкі жанұялық қатынастарын оқу мен бөлектенбейді. Екіншісі кіші әлеументтік болып табылады және тарихи жолды талап етеді.

  1. Субъективті жазылатын қасиеттерді қалай құру керек немесе объективті айырмашылықтарды қалай құру керек? Жеткеншектердің ата-аналарынан айырмашылықтарын сұрау керек. Жеткеншіктер мен жасөспірімдер көбінесе үлкендерден өздерінің ерекшеліктерін асыра бағалауға бейім, кейде бұл қателікті ересектерде жібереді.
  2. Құрылатынды нақтылауды талап етеді және ол қай өмір әрекетіне жататынын білу керек. Ұқсастық деңгейі өмір әрекетінің түрлі жақтарында бірдей емес. Музыкалық қығызушылықтары жағынан салыстырғанда 15-17 жасарлар 20-23 жасар жастардың арасында үлкен айырмашықтар бар: Олар әртүрлі әндерді ұнатады, ал басқа мәдениет жақтарының қызығушылықтары сәйкес келуі мүмкін.
  3. Жастық қасиеттерінен айыра білу керек. 16 жасар бала әрқашанда 50 жасар еркектен ерекшеленеді. Жастар көбінесе жаңа нәрселерді бағалауды, ал ересектер - әр нәрседе сенімді болғаны ұнатады.

Кеңес қоғамында әке мен балалар мәселе болады ма? Көп уақыт бойы бұл сұраққа «бұл мәселе болмайды және болмауы мүмкін» деп жауап берген. Бірақ егер ересектерде «балалар мәселесі» болса балаларда да «үлкендердің мәселесі» болады. Үлкендер жеткіншектердің ашуланады. Әр түрлі жастарды салыстыру өте қиын. Әр жаста әртүрлі адамдар болады және болды.

1937 жылғы жастары, 1987 жылғы жастарға қарағанда сәнді киімге онша көңіл бөлген жоқ.

  1. Жасөспірім кезеңіне психологиялық сипатама.

Жасөспірімдік кезеңіне тоқталсақ, жасөспірімдік кезең 15-18 жас аралығын айтамыз. Кейде осы кезеңді «ересектік» кезең деп те атайды. Ересек деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгені мен бала мен үлкендердің екі арасында. Біріншіден осы жастағылар жеке күәлік алып, өз беттерімен ігіліктерді өндіріп өзінің қасиетінің қажеттігінің қамтамасыз ету жоқтын қасы. Осы жаста балалардың ақыл-ойы, дене-бітімі де дами бастайды. Яғни жасөспірімдердің жастардың организмі, қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттерінің күші мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Яғни есею кезеңі басталады. Бұрыңғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жасындағылар ересек қатарына жатады. Есеюдің өзі баланың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына да байланысты. Осыған орай жігіт не бой жеткен қыз жасы жөнінде елдер арасында түрлі аңыз әңгімелер, жырлар кең тараған. Осы ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы батырлығы жау мен күреске алуы махаббат т. б туралы. Бұл кезде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелетке жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерін келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекетіне жауапкершілігін арттырады. Бұл кезеңде балалар үшін әкімшілік шаралары өте қауіпті, олардың жие қолдану жақсы нәтиже бермейді. Өйткені ата-ана немесе тәрбиелеуші жастарды өздеріне қарсы қоюы мүмкін. Сондықтан олардың түрлі іс-әрекеттерін өз беттерінше орындауға мүмкіншілік беріп, дұрыс бақылау және педагогикалық басшылық жасау қажет. Қазіргі дәуірді алсақ, ересек әлі үлкендердің қатарына толық жетпегенімен, жеткіншек жасындағы балалық әдетін қойып, яғни бірдемеге ерегесуден, тәртіп бұзудан көбіне аулақ болып, үлкендер мен кездескенде ол алдымен амандасады, біреуге қол үшін беріп, көмекке келеді, кішілерді қорғайтын болады. Сонымен қатар ересектің ақыл-ой қабілеті едәуір дамып, өзінің пікірін дәлелдеу, не өзінің ісін талдау және қабілеті қалыптаса бастайды. Жасөспірім кезеңде жолдастық сезім, достық қарым-қатынас, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекетін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып жоюға жәрдемдесу. Мұндай жолдастық қатынастар балаларды коллектившілдікке тәрбиелейді. Ал мектеп қабырғасында болған жолдастық қарым-қатынастар кейбір жастардың санасында өмір бойы сақталады. Бұл кезеңдерде баланы мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы: қыздар өздерінің сыртқы киіміне, шашын сәндеп ұстауға дене қимылысына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамның назарын аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады, қыздарға құрмет көрсетеді. Оларды ұнату, оларға ұнау сезімі оянады. Жастар арасында қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кездесуді қажет етеді. Осы нәтижесінде өз ара пікір алысады. Әңгіме ең алдымен түрлі адамгершілік әдеби-ғылыми тақырыптар саласында айтылып бірте-бірте жолдастық махаббат сияқты ұғымдарды сөз етіп көзқарастарын анықтауға тырысады. Егер жастар арасындағы достық-көңілдестік қарым-қатынас сәтті және жарасымды болса, олардың келешекте семья құруына алдын -ала жағдай жасауы мүмкін. Осындай достық қатынастың нәтижесінде жастар арасындағы махаббат шынайы өте нәзік тың, қаза лирикалы болады. Махаббат сезімінің оянуы ер және қыз балалар үшін олардың арасындағы бірін-бірі сыйлаушылық пен достық пен өзара түсінушілікпен сипатталады. Олар өздігіне жоғарғы адамгершілік қасиеттерді бағалайды. Ал кейбір ер және қыз балалар махаббат мәселесін жете түсіне бермейді. Олар адамдарға ең басты нәрсе - сыртқы пішін киім кие білу дейді. Шынында да бұл бір жақты ұғым. Балалармен қыздарда мынандай адамгершілік ерекшілігінің болуы қажет. Кішіпейілділік, адалдық абырой, сенімділік, қарапайымдылық, өз күшіне сенімшілік.

Жастар өзінің сезіміне өзара адамгершілік жақын көңілдестік қатынас жасау мәселесіне зор жауапкершілік қарайды. Олар махаббатқа байланысты сұрақтарды өзара талқылайды. Мысалы: «Өмір серігі - әйел және өмір серігі күйеу болу деген не?». Семья құруға еркектің алатын орны, «Егер сүйген адамның ұнамды жақтары мен бірге ұнамсыз жақтарыда болса не істеу керек». Жастардың мұндай сезімін күлкі ету, мазақтау соғу, оған қарсы немесе бейтарап болу олардың беделіне және келешегіне нұқсан кемтіреді. Сондықтан осындай көп ойландыратын күрделі мәселелерді шешуде ата-ана мұғалім жастарға дер кезіңде көмек көрсетеді. Оларға қамқорлық жасап, келешек өміріне бағыт - береді. Бұл кезіндегі басты мәселердің бірі баланың психологиялық дамуының қозғаушы күші. Қозғаушы күш деп мектеп және семья колективтерінің қоятын талаптары мен баланың психологиялық дамуы дәрежесінің арасындағы қайшылықты айтады. Бұл қайшылық өскелең жастардың адамгершілік қасиеттерін ақыл -ой және творчествалық күштерін үйлесімді даму жолымен шешіледі. Жасөспірім өзінің жеке өміріне қабілетіне назар аударады, қойылатын талаптарға мінез-құлқының сәйкес немесе сәйкес еместігін сезеді. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бнһейімділігі мен қабілетін мінез-құлқымен темпераментін оқыту-тәрбие жұмысының барысында мұғалім, тәрбиеші ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуы мен қалыптасуына жүйелі түрде ықпал жасайды. Ересек жасындағылардың негізгі әрекеті оқу мен еңбек, бұлар еңбектің неше түрлерімен соның ішінде мектептің жұмысымен айналысады. Ересек жеткіншек жасқа қарағанда жауапкершілігі ұлғалды. Жасөспірімдердің денесінің дамуына келсек, жеткеншек жасындағыдай бойының тез өсуін тоқтата бастайды. Әсіресе бойының өсуі тоқталады, бірақ кейдесі қолы мен аяғының бұлшық еттері, шеміршектері мойны т. б. азды-көпті әлі өсетін болады. Біздің елімізде мысалы: соңғы 30

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері
Дамуынды ауытқуы бар балалардың жалпы психикасына сипаттама
Жасөспірімдік кезең және одан өту жолдары
Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту
ПДТ баланың жазудағы кеңістіктің бағдарлаудың рөлі
Қаржы мамандығы бойынша практика есебі
Жасөспірімдерге мінездеме
Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
Боксшы соққысының маңызы
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz