Аудиттің әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
КІРІСПЕ.
1 БӨЛІМ. АУДИТТІҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
1.1. Аудит, оның пайда болуы және дамуы.

1.2. Аудит құрамы және негізгі принциптері.

1.3. Аудиттің әдістері.

2 БӨЛІМ. АУДИТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІН ТАЛДАУ.

2.1. Аудиттің стандарты және нормативтері.

2.2. Ішкі аудит және оның мақсаты.
2.3. Ақмола облысындағы ревизия барысында мемлекеттік кәсіпорындардағы
табылған экономикалық қателіктердің салыстырмалы анализі.
ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

КІРІСПЕ.

Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық
экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-
құқықтық нысандары (акционерлік қоғамдар, әр түрлі меншіктегі қоғамдар,
өндірістік кооперативтер және т.б.) мен меншіктің сан қырлы нысандарының
пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер
етті.
Бақылау-тексеруші қызметтер құрылымдары мен бақылау түрлеріңде
түбегейлі өзгерістер болды.
Қазақстаңдағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды
элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен
деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа
бақылаудағы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды және
әрекет етіп жүр.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және
тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз
қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске
асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.
Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру,
аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған
жекелеген заң актілеріне сан аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары
мен жауапкеріпіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Аудит
бойынша жарық көрген оқу және практикалық құралдардың саны болмашы ғана.
Аудит тарихы, проблемалары, оның даму және қалыптасу тәжірибелерін
экономист ғалымдар мен практиктер әр түрлі журналдар мен басқа мерзімді
басылымдар беттерінде қарастырып келеді. Бірақ осы басылымдардың бәрі орыс
тілінде ғана шығады. Біз бұл жерде республикамыздың жоғары оқу орындарында
(мемлекеттік және мемлекеттік емес) мемлекеттік тілде оқитын студенттер
санының жылдан-жылға көбейтіп келе жатқанын айта кетуіміз керек.
Аудиттің ақпараттык негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан
ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен, олардың
аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды,
қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен
жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін
басқарудың тиімділігін арттыру мақсатыңда басқа іс-шараларды іске асыру
үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі керек.
Міне, осының бәрі, нарық жағдайындағы аудит негіздері, сонымен қатар
меншіктің әр түрлі нысанындағы өндірістік кәсіпорындарға аудиторлық тексеру
жүргізуді ұйымдастыру біздің экономикалық қателіктер мен қылмыстарды ашуға
көмектеседі деп есептейміз.
Жалпы айтқанда, курстық жұмыстың негізгі мақсаты аудиторлық бақылауды
қаржылық бақылау түрінде ала отырып, оның мәні мен пайда болуын және ерекше
атап өткенде, оның қазіргі нарықтық қатынастар заманындағы маңыздылығын
айқын түрде ашу.

1 БӨЛІМ. АУДИТТІҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.

1.1. Аудит, оның пайда болуы және дамуы.

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында -ғылыми мен
білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл — аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл
сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада
қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр"
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тындаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор" - "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің
қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" дел атаған. Бір
қызығы сол алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп
түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе- жүз ұялады", - деген ұлы
сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған
"сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" -
деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды.
Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі,
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-
бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-
сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын,
атқаратын функциясын зерттеу қорытындысына: бұл аудит-қызметінің идеясы,
мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық
жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті
басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект
берер еді - деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам
бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда — бухгалтер-сарапшы немесе есеп
комиссары, Германияда — шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те
атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана
мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің
бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін
тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол
тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық
субъектілеріне қызмет көрсету деп — атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз
субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы
төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,
аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет
көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық
мекемесімен есеп айырысу түсімдері туралы, банк операцияларын жүргізу
туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол — шаруашылық субъектілеріне,
өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг
мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында.
Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын
қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысымен кәсіпкерлік
жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың,
акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет)
мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. Өз кезегінде
осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін,
делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс
істеуіне кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене
отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер
күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін
шаруашьшық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық
жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты,
кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың
қорытындысы болуы қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін
экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік
қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытындысы болған
жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-
ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет,
сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін
мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының
қажеттілігін тудырады.

1.2. Аудиттің құрамы және негізігі принциптері.

Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту
қажет. Олар мыналар:
шаруашылықтағы субъект;
мәлімет;
аудитордың мамандығы;
фактілерді жинау және бақылау;
аудит стандарты;
аудитор ақпараты, есебі.
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет:
Шаруашылықтағы субъект. Аудит жұмысын орындау
үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын,
көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық
параметрлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам
жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты
қарастырылуы қажет. Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге
қосылмайтын мәлімет жүйесі.
2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар
берген мәлімет қарастырылады. Аудитор олардың дұрыстығын
дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс
барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін
анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін;
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен;
2) ақпарат дұрыс жасалынбағандықтан.
3. Аудитордың мамандығы. Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз
мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам
болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап
талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қорытынды жасауына
пайдалана алатын болуы қажет.
4. Фактілерді жинау және бақылау. Аудитордың негізгі
мақсаты ол — факті жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің
аудиторлық ақпаратын жасайды.
5. Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз
кезегінде бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз аудит стандарты.
Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік
ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.
6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру
барысында анытқталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық
қорытындысын ақпаратында көрсетеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірген аудиттің міндетті құрамын
қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсатын
толық оындау үшін оның принциптерін білу қажет.
Аудит жұмысы, негізгі және нақты принциптерді сақтау арқылы
жүргізеді:
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының
диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шындықты
негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы
ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит
қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы
ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысына ғылыми зертеу әдісі
қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни
фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит
фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін
игерген ғалымдар.
2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге
сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл,
бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы
керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның
табыстылық ақпаратын шыншылдыкден тексеріп, объективті көрсеткіштерді
анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке немесе
сенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз
бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден,
тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын
ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит
заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың
түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша
анықтайтыны тек қана шындық.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады:
аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау,
мемлекеттіх аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір
кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. Өйткені, оны
тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау
жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторлардың дербестігін қадағалап
отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың
қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру
АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысын арнайы институттар
ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша, сондай
жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі, аудит палатасы,
бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі
мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық
жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін
жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы
керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс
жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау
жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде әбден машықтанған болуы қажет. Ол
барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше
ешқандай қорытынды жасамауы керек.
5. Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность).
Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға
міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана
хабарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
6. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз
жұмысының тез, тиянақты орындаудан тапсырушыға аудит
материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел
жүрігзілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты
нақты белгіленбегендіктен, екінішіден, аудит үшін төлем сол
жұмыс уақытымен есептелінеді.

1.3. Аудиттің әдістері.

Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын
оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғыльм тану әдістері қандай бір
ғылым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады.
Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік
айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық
тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбепап
әдіс - ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі -
табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп
қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара
объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізге алуында. Сондықтан да
диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми
методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады,
оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән
ғылыми әдістер тобы оның - методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде
жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.
Аудиттің жеке әдістемесі диалектика принциптері мен жалпы ғылыми
теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады.
Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан
құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау,
салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология
теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған.
Анализ-ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі объектісі соның құрамына,
бөлшегіне жекелеп мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтасты құрайтын
әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау,
біріктіру, корытындылау) ғылыми зертттеу әдісі оның негізі зерттеу
объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұн,
мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.
Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне осы әдістер
арқылы талдау жүргізу үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне сәйкес
талдау объектісінің жекелей және топтаулы түріне де талдау жасап оның
мазмұн, мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық
субъектілерінің қаржылық-табыстылық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция -
индукция әдісі қодданылады.
Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) - ақыл-ойға салып, жалпы
көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап, логикалық тұжырымдау,
қорытынды жасау. Яғни, осы әдісті қолданған жағдайда кәсіпорын
шаруашылығының жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды, содан кейін әрбір
бөлімдеріне талдау жасап сол мәліметтер арқылы топтап, қорытынды
жасалынады. Индукция - ақыл-ойға салып жеке объектілерге талдау жасап,
жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.
Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы
көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына
байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының
жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін
акықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасайды.
Қорыта келгенде, аудит барысыңда индукция дедукция экономикалық талдау
әдісі ретінде үлкен орын алады.
Аналогия (ұқсастық) - ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде
объектілерді анықтау. Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі
жағынан ұксастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.
Жүйелі талдау - талдау объектілерін жүйеге келтіріп, оны кұрайтын
бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі
талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін
факторларды талдап олардың бірлескен түріндегі объектілерге әсерін бір
жүйеге келтіреді. Яғни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі
байланысты анықтайды.
Өңдіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні
жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына
сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін,
шығындарды оптималды мөлшерде есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс
өндірісттік шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттік
жұмысында қолданылады.
Сонымен, аудитте қолданылатын жалпы ғылыми зерттеу әдістерін
қарастырдық. Әр ғылым саласында жалпы ғылыми зерттеу әдісінен басқа жеке-
жеке әр ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес сол ғылым саласының мазмұнына,
пәніне сәйкес ғылыми әдістері болады. Мысалы, бухгалтерлік есептің нақты
өзіне тән кұжаттау, түгелдеу және бағалау, калькуляциялау, есептеу, екі
жақты жазу, баланс деген ғылыми әдістері бар.
Сол сияқты аудиттің де жеке ғылым саласы ретінде өзінің пәні мен
ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ғылым тану туралы жұмыс жүргізу процесін
қамтамасыз ететін ғылыми әдістері бар. Ол әдістер аудиттің мақсаты мен
атқаратын функцияларына сәйкес жаллы ғылыми әдістермен үйлестікпен
құралған. Олар әсіресе жақын ғылымдар саласының методикалық әдістерімен
тығыз байланысты. Аудит жұмысының барысында сол жоғарыда аталған ғылым
салаларының әдістері аудитте тікелей қолданылады және де олар аудит
әдістерінің құрамына тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, аудит, тексеру бірдей
әдістермен жұмыс істейді. Олар: түгелдеу, салыстыру, құжаттарды тексеру,
бақылау әдістері, бухгалтерлік есептердегі тіркеуді тексеру, аналитикалық
және синтетикалық есеп кестелерін тексеру.
Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді:
1) аналитикалық анықтау, есептеу;
2) құжаттау;
3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі - ол негізінде
экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б,), аналитикалық тексеру және
статистикалық, экономика-математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің
көп тараған әдістемелік әдісі - ол, шаруашылық
субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық
есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем
сомасымен салыстыру, ол көрсеткіштерді өткен жыл қорытындыларымен
салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен
болғанын, факторлардың әсерін есептеу.
Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңіңде
қолданылады. Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақпаратын
жасауда, онда кездескен өзгерулерді анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының
даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық тексеру үздіксіз жүргізіліп
отырады.
Әдістемелік құжаттау әдісі - өз кезегіне үш топқа бөлінеді;
1) мәліметтік модельдеу;
2) нормативтік құқылық жолын анықтау;
3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру.
Мәліметтік модельдеу дегеніміз - аудит объектісінің мәлімет тасушыға
бір жүйеге келтіріп тіркелген мәліметтерін айтамыз. (Ол алғашқы кұжаттар,
магнит барабандары, дискілері, перфокарта, магнит таспасы, есеп кестелері,
ақпараттар).
Мәліметтік модельдеу мақсаты тексеру объектісінің нормативтік-құқықтық,
ақпараттық, бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге
ыңғайластыру. Мысалы, аудит жүргізу үшін өңдіріс процесінің моделін алатын
болсақ, онда шығыны жоспарланған өлшемде, нақты шығын өлшемінде оның цехтар
арасындағы құбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік құжаттарға тіркелуі,
жауапкершіліктегі есебі тағы басқа көптеген мәліметтер бір жүйеге келтіріп,
мәлімет моделін құрайды.
Нормативтік-құқылық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже
нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының, ішкі ереже тәртібінің орындалуын
анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің занды жүргізілуін бақылау үшін
түгелдеу жүргізудің ереже-нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылау қажет. Нақты,
мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша каржысын тексеру ережелерінің
дұрыс қолданылуы.
Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда
көрсетілген шаруашылық әрекеттерінің, операцияларының заңдылығы,
қажеттілігі және экономикалық тиімділігі, шындықты көрсетуін
анықтау қажет. Осы әдісті іске асыру үшін әр түрлі құжаттарды тексеру
түрлері, нақты бақылау әдісі, әр түрлі есептеу, инспекция өткізу т.б.
қарастырулар қолданылады.

2 БӨЛІМ. АУДИТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІН ТАЛДАУ.
2.1. Аудиттің стандарты және нормативтері.

Шаруашылық субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес
жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген
тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады.
Аудиттің стандарты және нормативтері деп "аудит принциптерінің талабына
сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды" айтады. Сол
ереже-нұсқаулар аудиторға өз жүмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін
анықтауга әртүрлі шаруашылық жағдайларына орынды баға беруге, аудитор
қорытындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен
нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің
біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып қажет болса ғылыми
зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. Өзінің мазмұнына және арналған
мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді: 1) жалпы стандарттар;
2) жұмыс стандарты; 3) ақпарат стандарты. Осы стандарттар аудит қызметінің
құрылымын, схемасын анықтайды.
Жалпы стандарттар. Жалпы стандарттар мазмұны аудитор мамандығын,
іскерлігін, мамандық сапасын, мамандықпен өз міндетін атқару, мақсатына
жету жолындағы аудитордың мамандық бейнесін құрайды. Аудиторға жалпы
стандарттар тұрғысынан қойылатын талаптар мен міндеттер: мамандық;
қызметкерлік; дербес тәуелсіздігі мен объекгивтігі; аудит қызметіне
дайындық деңгейі, мәлімет жинау; ақпарат жасау; қызмет көрсету барысында
түсініктеме беру.
Осы аталған талаптар мен міндеттер мазмұнына сәйкес аудит фирмалары
аудиторлар мен мамаңдар тобы құрастыруы қажет. Арнайы мамандар дайындау,
аудит қызметін жүргізу үшін ереже-нұсқау дайындау, осы стандарттарды:
қолдану тиімділігін қарастыру.
Жұмыс стандарты. Жұмыс стандарты дегеніміз ол - аудит қызметін жүргізу
үшін дайындалған ереже-нұсқаулар жинағы. Оған жататындар: аудит қызметін
жүргізу жоспары, ағымдағы бақылау әдісі мен бағдарламасы, мәліметтер жинау
жүйесі, ішкі бақылау жұмысына баға беру. Аудиттің негізгі мақсаты — оның
жаппай тексеру жүргізу арқылы негізгі міндетін орындау, аудиторлық
қорытынды жасау болса, жұмыс стандарты сол аудит процесінің барлық ағымына
қажет әдіс жолын анықтайтын аудит құралы. Сондықтан да жұмыс аудиттің
құрамы, қандай түрлі аудит жүргізілсе де соның мазмұнын, басқару барысын
анықтайды. Жалпы аудит қызметінің нәтижесі жұмыс стандартын тиімді
қолданған жағдайда жоғары нәтижелі болады. Оньң қауіпсіздігі, сенімділігі,
мәлімет қолданушылар (пайдаланушылар) үшін құндылығы артады.
Аудит қызметінде ерекше орын алатын стандарттың ең соңғы сатысы ол -
қорытыңды жасау немесе ақпарат стандарты. Шаруашылық субъектілерінің,
белгілі бір уақыт кезеңіндегі өндірістік немесе коммерциялық әйтәуір
кәсіпкерлік шаруашылығының нәтиже көрсеткіштері өткен уақытқа сәйкес
(айлық, тоқсанды, жылдық) қорытынды жасалынып бір жүйеге келтіріледі. Бұл
процесс өте күрделі. Мысалы, өндірістік кәсіпорынды алатын болсақ, оның
кәсіпкершілік қорытындысында қанша өнім шығарғаны, қанша өнім сатқаны,
қанша табыс тапқаны, қанша өндірістік шығын болғаны, қанша коммерциялық
шығын болғаны тағы сол сияқты больш жатқан шаруашылық нәтижесінің
көрсеткіштері бір жүйеге келтіріліп ақпаратқа тіркеледі. Коммерциялық
кәсіпорынды алатын болсақ оның сол шаруашылық саласының ерекшелігіне сәйкес
ақпарат мазмұны құралады. Шаруашылық саласының ерекшелігін айтқандағы
мақсат, аудит қызметінің қорытынды сатысы, аудиттің жұмыс стандарты
да сол тапсырма берушілердің кәсіпкерлік ерекшеліктеріне байланысты,
мазмұны сол кәсіпорын шаруашылық көрсеткіштеріне сәйкес болатындығын
анықтау.
Аудит стандартының мәліметі анық, түсінікті, сенімді, дербес тәуелсіз,
әділ мазмұнды тапсырушылар өз жұмысында басшылыққа пайдалануға жарайтын
мағыналы болуы қажет.
Қазіргі кезде дүние жүзінде экономикалық интеграция қалыптаса
бастаған кезде халықаралық шеру бірлестігі құрылуына байланысты, нарықты
қатынас зандылықтарының барлық елдерде тұрақтылана бастауына байланысты,
экономика мәліметін жүйелендіру, бухгалтерлік есеп жүргізу, аудит қызметі
де дүние жүзілік даму талабына сәйкес өзгеріске кездесетіні сөзсіз. Себебі,
дүниежүзілік шаруашылық, кәсіпкерлік өзара тығыз байланыста дамитын
болғаннан кейін олардың арасындағы есеп, аудит жұмысы да барлық елде бірдей
жүргізілуі объективті жағдай. Сондықтан да Қазақстан Республикасында барлық
елдерде қолданылатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес Республикалық
есеп стандарты заң ретінде қабылданды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында аудит стаңдарты дайыңдалуда.
Дүниежүзілік аудит қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің әдістемелік маңызы
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Аудиттің мәні, пәні мен әдістері
Аудиттің мәні және маңыздылығы, пәні мен әдістері
Дебиторлық берешектердің аудиті
Ішкі және сыртқы аудит
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Есеп және аудит
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер