Мемлекеттік тіл саясаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І тарау. Тіл - мәдени өрлеудің қуатты құралы.

1. 1. Тіл - қарым-қатынас құралы . . . 7

1. 2. Адам өміріндегі тілдің атқаратын рөлі . . . 9

1. 3. Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесі . . . 13

ІІ тарау. Тіл мәселесі - саясат сахнасында.

2. 1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары . . . 18

2. 2. Тіл мәселесі - тұнып тұрған саясат . . . 24

2. 3. Тіл - идеологияның күрделі мәселесі . . . 35

ІІІ тарау. Тіл тағдыры - ел тағдыры.

3. 1. Қазіргі таңдағы мемлекеттік тіл мәселесі тұрғысында

туындаған дау - дамайлар . . . 42

3. 2. Ана тіліміздің келешегі - жастардың қолында . . . 55

3. 3. Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Өмірде алуан түрлі құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді. Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол - қыр-сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның басты қасиетін айқындап алудың маңызы айырықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың үлкен маңызы бар. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болады. Тарихта мұндай ұжым алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар ұжымына - мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын - осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы, оның табиғатын мәнін айқындайтын басты қасиеті деуімізде осыдан.

Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы - екі жақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы - тіл қажет. Тіл - адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл коғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың ұжымынан тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалық қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам соншалықты қажет.

Сонымен, тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, яғни қоғамдағы адамдардың қатынас күралы болу қызметі, негізге алынады. Тіл қатынас қүралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа шығуының да қүралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі бола алады. Ой және оның мазмүны тіл арқылы көрініп, сол арқылы үғынылады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады (бүл жайында толығырақ мағлүматты келесі параграфтан қараңыз) . Осылай болғандықтан, тілдің табиғатын айқындауда оның (тілдің) қатынас қүралы болу қызметімен бірге ойлаудың және ойды жүзеге асырудың қүралы, ойдың материалдық формасы екендігі де ескерілуі қажет.

Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол -экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның (тілдің) адамның субьективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоциальды-экспрессивті құралдар мен тәсілдерінің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде, әсіресе көркем әдебиетте маңызы айырықша күшті.

"Сөз - барлық фактілердің, барлық ойдың киімі" (М. Горький) . Шынында да, тіл - халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі; онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. К. Д. Ушинский тілдің осы бір қасиеттері жайында былай деп жазады: "Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы көрінеді, онда халықтық рух творчества қуатымен ойға, суретке айналады, отан аспанының даусы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның климаты, оның даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен өзендері, оның дауылдары мен найжағайлары көрінеді . . . Халық тілінің айқын да тұнық тереңіңде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы сәулеленіп көрінеді".

"Тіл - көркем әдебиеттің бірінші элементі" (М. Горький) . Халық тілінің байлығынан суарылған, оны творчестволықпен игере білген, оның күші мен қуатын бойына сіңіре алған жазушы ғана нағыз көркем, нағыз әсерлі шығарма жаза алады. Тіл - қуатты құрал. Оның куаты мен құдіреті ғажайып бейнелілігі мен алмас қылыштай өткірлігі, әсіресе, көркем әдебиет пен публицистикада көрінеді де, айырықша әсерлі күшке айналады. А. М. Горькийдің "Дауылпазының" өткір тілі қаншама қуатты десеңізші! Жамбыл Жабаевтың пафос пен патриотизмге толы "Ленинградтық өрендерімнің" ¥лы Отан соғысында кеңес жауынгері мен халқына күш, жігер беріп, жауға қарсы аттандыруында еткен әсері, әрбір сөзінің қуаты, дауылпаздай саңқылдаған дауысының құдіреті баршамызға аян! Ол ешқашан да ұмытылмақ емес. Ол Кеңес Одағы халықтарының ¥лы Отан соғысы кезіндегі теңдесі жоқ ерлік істерінің шежіресінде жазулы тұр!

Көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Тілдің әсерлі күшке айналуы үшін оның ашық, айқын, әрі өткір, әрі көркем болуы шарт: М. Горький: "Тілдің күші тәрізді әрекет ететін шынайы әдемілігі дәлме-дәлдік, айқындылық, сөздің үнділігі арқылы жасалады" дей келіп, тілдің тазалығы, дәлме-дәлдігі үшін күресу керек деген талап қойды.

Айтайын дегеніңді дәлме-дәл, ашық, айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру әрқашан оңай бола бермейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділгі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды бояуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру үшін көптен-көп жаттыға білу қажет.

Тамырын осылай тереңге таратқан қазақ тілі алып бәйтерек болғанымен, замана дауылы әлсін-әлсін жұлқылап, тамырын шайқағаны белгілі. Қызыл жалау солақай саясат қазақ тіліне төрден орын бермеді, қазақ тілі өз төрінде

пұшайман пақырда күй кешіп, жілік майы таусылар шақта еліміз тәуелсіздік

алып, тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді. Қазақстандағы тіл саясаты - мемлекетімізді нығайтудың ел бірлігі мен ынтымағын сақтауға

негізделген басты бағыттарының бірі. Оның өзегі - елімізде мекендейтін

және өзінің Отаны деп білетін барша қазақстандықтардың өз ана тіліне қатысты конституциялық құқықтарын еркін пайдалануына барынша жағдай жасау, тоталитарлық жүйеде, негізінен, бір тілдің монополиясына арналған тілдік кеңістікті демократияландыруға мүмкіндіктер туғызу, тілге байланысты ешкімнің де заңды мүддесіне қиянат жасамауын қамтамасыз ету. Осы орайдағы ең басты практикалық міндеттер тілдердің қолдануының құқықтық негіздерін нығайту, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық алғышарттар жасау, барлық тілге бірдей құрметпен қарау ахуалын туғызу. Жалпы тіл туралы заңды жүзеге асыру бағытындағы қазіргі кездегі атқарылатын шараларды бұрынғы жылдармен салыстыра қарасақ, бұл жұмыстардың белгілі бір жүйеге түсе бастағанымен - тіл мәселесі жөнінде толып жатқан жиындарда айтыс-тартыстар да жиі болып тұрады.

Ұлт болудың басты шарты - өз тілінің болуы. Кеңес дәуірінің саясаты орыс тілінің дәрежесін көтеріп, басқа ұлт тілдерінің халық арасында дамып-таралуын тежеді.

Қазақстанның егемендік алып, өз алдына мемлекет болып қалыптасуы ұлт тамырына балта шабатын осы қарама-қайшылықты жоюға жол ашты. Ұлттың қалыптасуында тіл саясатының маңызды орын алатындығының бір айғағы - 2005 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына қатысқан Президентікке үміткерлердің қазақ тілін жетік білу деңгейін аныктайтын арнайы сынақтан өтуі.

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған "Тіл туралы" Заңына сәйкес Үкімет, басқа да мемлекеттік жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мемлекеттік тілді жан-жақты дамытып, оның халықаралық беделін көтеруге ат салысуға тиісті. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы да мемлекеттік тіл мәселесінен шет қалып отырған жоқ.

І тарау. Тіл - мәдени өрлеудің қуатты құралы.

1. 1. Тіл - қарым-қатынас құралы

«Адамның адам болып тұлғаланып кемелденуінде тілдің атқаратын ролі баға жеткісіз. Тіл - адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқиянынан бері жасалып, қорланып келе жатқан ақыл-ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы»1.

Сөйлей білу - үлкен өнер. Ол арымай-талмай шешендік сырын зерттеуді жаттығуды, мол білімді, ой-өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді. Ұлттардың өзіндік құнын, өмірлік бітімін, дәстүр мен әдет-ғұрыптарын, сенімдерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған, әлеуметтік және мәдени құрылымдарын нұрландыратын ең негізгі түйін - тіл. Ұлтымыздың сезімдерін, армандарын бейнелеуде, қорғауда, мұратын жанды ұстауда тіл - ең маңызды фактор. Сол себепті тілді адамдардың ер жетуінде, ой әлемінің дамуында, жерге мықты басып, тың қадаммен жүруіндегі ықпалын елеусіз қарауға болмайды. Мысалы: Мұстафа Кемал Ататүрік: «Ұлттық сезім мен тіл арасындағы байланыс өте күшті. Тілдің ұлттық ерекшелікте және бай болуы ұлттық сезімнің өркендеуіндегі басты әсер күші болып табылады. Түрік тілі - тілдердің ең байы. Тек қана бұл тіл санамен қолданылсын. Елін, өскелең тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлтын шет тілдердің мойын тұрағынан құтқару керек» - деген сөздерімен тілдің ұлттық өміріндегі орны жайлы анықтама жасап, түрік ұлты үшін нысана белгілеген»2. Өйткені, тіл ұлттардың түпкі тамырынан қоректеніп, өскелең мұратына жетуіне мүмкіндік береді. Түркі тілдес республикалармен арасындағы байланыс күштілімізге және тілмен келген мәдениетімізге тәуелді. Сөйлемдер мен сөйлемдер бейнеленген мағыналар түсіндірілгенде, тегіміздің бір тоғысқанын, ұлттық және халықтық мінезіміздің ұқсас түйінінен туындағанын өте айқын түрде түсінуге болады.

Мәдени саладағы әрбір өзгеріс, тіпті азу да тілге әсерін тигізуде. Тілдің дамуға ашық, азуға жабық болуы үшін осы салада қажетті шаралар жасалып, қоғамдық сана ояндырылуы қажет. Глобалдену мен әлемдену атымен өзгеше

және жаңа мәдениеттерге бет алу тілімізге әсерін тигізуде. Қалаларымызда, көшелерде шет тілде жазылған көптеген маңдайшалар, тақтайшаларды көріп жүрміз. Тілімізге кірген бұл сөздер басқа бір мәдениетті де бірге ала келуде. Осы мәдениеттер мен әлеуметтік оқиғалардың әсері тілде өзін көрсетуде. Ұлттардың ұлттық нысанаға біртұтастықпен ілгерілеуі үшін азудың алдын алу, өскелең түрік арманына жету үшін де тілде бірлік керек екеніне талас жүрмейтін ақиқат деп қабылдау керек.

Тіліміз ақылымыз бен рухымызды дамытқан, тоғыстырған, ортақ есту алаңын жаратқан, бір күн болса да, сөз-сөйлем мен мағыналар жөніндегі таласымыздың себебі мәдениетіміз қаламайтын өзгеріс емес пе?

Тілімізде азуға бет алған өзгерісті көру үшін қолданылған сөздердің мағынасына қарап, зерттеу жеткілікті. Тереңде мағыналы сөздеріміз қалайша келеке тақырыбына айналды? Әлеуметтік құндылықтарымыз бен байлық, билігіміз қалай өзгерді немесе өзгертілді? Бұл кімнің пайдасына жарады? Мәдени әлемде адамдардың өзге ұлттардың тілін үйренуі, әрине, қажет. Алайда, қазақ тілі ерекшелігін қорғауы керек. Ортақ байлыққа ие азамат және қоғам ретінде бір-бірімізді түсініп, тоғыстыратын тілімізді бұзылудан қорғауымыз керек. Тілдің қасиетін елемегендіктен, сөйлемдер құраудағы сезімталдықтан айрылып қалдық. Ал сөйлемдер болса, толығымен ұлтқа тән, аманат. Оны әшекейлеу, келеке тақырыбына айналдыру ұлттық сезімі күшті адамдардың наразылығын қозғап, оларды кемітуде. Ататүріктің «Ұлттық сезім мен тіл арасындағы тәуелділік өте күшті»3 деген сөзі біздің көзқарасымызды қолдап, растауда. Ғылыми техника саласындағы дамулардың өзіндік атау терминдерін тілімізге ала келуі қажет, бұған қарсы келуге болмайды. Алайда өзгерістер мен жаңалықтар біздің ойлау және есту дағдымызды, мәдениет пен ақылдылығымызды, яғни ұлтымызды бейнелейтін тілімізді әсте бұзбауы, тегінен алыстатпауы керек.

Конфуциядан сұраған екен: «Бір ұлтты басқаруға ұсыныс естір болсаңыз - ең әуелі жұмысты неден бастар едіңіз?».

Ұлы философ былай жауап беріпті: «Күмәнсіз тілді көзден кешірумен жұмысты бастар едім. Тіл кемшіл болса, сөйлемдер ойды жақсы түсіндіре алмайды. Ой жақсы түсіндірілмесе, жұмыстар тура істелмейді. Тапсырмалар қажетке сай орындалмаса, дәстүр мен мәдениет бұзылады. Дәстүр мен мәдениет бұзылса, әділет теріс жолға таяды. Әділет жолдан шықса, алаңдауға түскен халық не істеп, соңы не болатынын біле алмайды. Міне, осы тұрғыдан алғанда, ешқандай нәрсе тілден маңызды емес»4.

Өз тілімізді қорғай алмасақ, мәдени үзілістен қашып құтыла алмаймыз. Өкінішке орай, діни, ұлттық, тарихи, әдеби еңбектерге толы кітапханаларымыз бен мамандарымыздың зерттеулерінен тыс тілге қызығуымыз азайғандай көрінеді. Бұл жағдай - өзімізге бөтенсуіміз және тіліміздің кедейленуі мағынасына келеді. Осылай жалғасса, ұрпақтар арасындағы сезім тәуелділігін зияндайды.

1. 2. Адам өміріндегі тілдің атқаратын рөлі

Тілдерді дамытуға жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік тілді дамытуға артықшылық беру бағытында қазіргі қолданылып жүрген тілдер иерархиясына түзетулер енгізуді көздеуі тиіс. Бұл дегеніміз мемлекеттік тілге және басқа тілдерге қатысты міндеттері әр түрлі болады деген сөз.

Мемлекеттік тіл мәртебесін іске асыру үшін мемлекет барлық жағдайды туғызуды міндетіне алады. Бұл үшін барша қажетті қаржылық, материалдық, ұйымдастыру ресурстарын осы іске тартуы тиіс. Осы орайда жекелеген азаматтардың немесе қоғамдық бірлестіктердің емес, мемлекеттік өзінің ықпалы басым болуға тиіс, өйткені тек мемлекет қана мемлекеттің тілдің қоғам өмірінің барлық саласында қолданылу мәселелерін шешуге қабілетті.

«Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі - мемлекеттік тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген көлемде меңгеруі үшін жағдай туғызу. Осы мақсатта халық топтарының этникалық, демографиялық кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттік тіпті міндетті және ақысыз оқыту орталықтарын құру қажет»5.

Мемлекеттік ақпарат құралдары: теледидар, радио, газеттер арқылы мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар жүргізуге, жаңа айдарлар енгізуге тиіс.

Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емесмектеп жасына дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқытудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету керек, мұның өзі жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты және қазіргі заманғы іс жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілді халықтың меңгеруін, оны оқу орындарында оқып-үйренуін оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланушы әр түрлі этникалық және әлеуметтік топтарға бағдарланған ұғымға жеңіл және тиімді әдістемелерді, көпшілік қолды өз бетінше оқып-үйрену құралдарын, сөздіктерді, тілашарларды көптеп шығару арқылы нығайту қажет.

Тілді тиімді үйрету әдістемесін өндіру жөніндегі орталықтардың жинақталған жұмыс тәжірибесі республиканың барлық оқу орындарының игілігіне айналуы керек.

Мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеру жөнінен тиісті талаптар белгілеу керек. Мемлекеттік мекемелер мен қызметкерлерін материалдық көтермелеудің тиімді жүйесін қарастырған жөн.

Мемлекеттік тілді мемлекетаралық қарым-қатынас практикасында қолдану міндетті нормаға айналуы шарт. Ресми адамдар қатысатын барлық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізілуге тиіс, қажет болған жағдайда басқа тілдерге ілеспе аударма жасалуы керек. Заң актілерін, ресми адамдардың баяндамаларын, қызмет құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау заңдылыққа айналға тиіс.

Мемлекеттік өкімет пен басқару орындарында тіларалық қатынасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тәржіме қызметін ұйымдастыру керек. Барлық мемлекеттік мекемелердің штат кестелерінде мемлекеттік тілден аударатын және мемлекеттік тілге аударатын аудармашылар қызметі көзделуге тиіс. Жоғары оқу орындарында аудармашы мамандар даярлауды кеңейту қажет. Еуразия университеті мен Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті аудармашылар даярлайтын орталықтардың бірі болуға тиіс, мұнда Қазақстан этностарының мәдениеті мен тілдері жөніндегі мамандарды әзірлеуге арналған факультеттер құруға болар еді.

Мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет. Мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар,

оған бүкіл қоғамның тарапынан қамқорлық жасау керек. Мемлекеттік, кәсіпкерлік, банкі құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктердің бірлескен күш-жігерімен мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі қайырымдылық қорын құрған жөн.

Ресми қолданыстағы тілді мемлекет тарапынан қолдау - оның басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар қолданылуы үшін жағдай туғызу болып табылады. Мұндай мәртебе заң актілері мен басқа да құжаттарды, қызметтік хат-хабарды ресми түрде қолданылатын тілге аудару арқылы қамтамасыз етіледі, екінші тіл ретінде осы тілде іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Орыс тілінің қызметі аясының сақталуы Қазақстанның интеграциялық процестерге бет алуымен, ТМД елдерімен біртұтас мәдени және білім беру кеңістігін сақтауы арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін қажетті жағдайлардың іс жүзінде қамтамасыз етілуі - ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің барлығына арнап мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын дайындау, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.

Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тілдік мүдделерін білдіре алатын ұлттық-мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен тиімді болады. Сонымен қатар қазақстандағы этникалық диаспоралар этносының негізгі бөлігі тұратын елдермен, саны аз халықтар тілдерінің Еуропалық бюросымен және басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолдға қою қажет.

Шет тілдерін оқып-үйрену де мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Шет тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеуді көздеген жөн болар еді. Сондай-ақ бұрын жұмыс істеп келген шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мекиепиер жүйесінен бас тартуға да болмайды.

«Елдегі этностар тілдерінің жай-күйі мен жалпы тілдік ахуалға нақты және ғылыми талдау жасалмайынша, тіл құрылысының табысты жүруі мүмкін емес. Әлеуметнамалық және әлеуметті-лингвистикалық мониторинг тілдік процестердің серпінділігі мен оның демографиялық, әлеуметтік, этникалық белгілері бойынша аймақтық жіктелуін бейнелейтін тіл саясатына ұдайы түзету енгізіліп отыруын қамтамасыз етуге тиіс»6.

Мемлекеттік тіл мәртебесі тілдің әлеуметтік функцияларын кеңейте түседі, тілдегі жаңа өзгерістерге байыпты ғылыми талдау жасауды талап етеді. Қазақ тілінің бірізділігі мен тиісті стандартқа келтірілуін қамтамасыз ететін орфографиялық, орфоэпиялық, тыныс белгілері ережелерін жүйеге салу басты міндет болып отыр. Қазақ тілінің терминологиялық лексикасының жиынтығын жасау аса қажт.

Тұжырымдаманы іске асыру оған заң актілері және ұйымдық шаралар арқылы қолдау көрсетілген жағдайда ғана табысты болмақ. Тұжырымдамамен бірге талқылауға Қазақстан Республикасындағы жаңа «Тіл туралы» Заңның жобасы ұсынылмақ. Содан кейін Азаматтық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, ЕТЗК-ға және басқа заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет болады. Тіл саясатын іске асыру тетіктері, мемлекеттік тілді дамытуға экономикалық қолдау жасау проблемелары үкімет тарапынан әзірленіп жатқан қазақ және өзге де тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада көрініс табуға тиіс»7.

1. 3. Қазақстандағы мемлекеттік тілдің мәртебесі

Тілдік ахуал - бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының көрінісі. Оның пайда болуы және одан әрі қалыптасуы түрлі жағдайларға, атап айтқанда, тілдік және тілдік емес, факторлардың өзара әсеріне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
Тіл - үлкен саясат
Қазақстандағы үш тілділік
Қазақстанның экономикалық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz