Жастар тәрбиелеудегі саяси элитаның ықпалы


Мазмұны
Кіріспе
1 тарау
- Жастарды тәрбиелеудегі қазақ ұлттық саяси элитасының қалыптасуы.
- Жастардың саяси бағдарламасының қалыптасуы.
- Жастар тәрбиелеудегі саяси элитаның ықпалы.
2 тарау
- Жастар жанарып жатқан қоғамда (бүгін, ертен) .
- Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру.
- Жастар енбек нарығында.
3 Қорытынды
Кіріспе.
XX ғ. басындағы қазақ ұлттық элитасы қызметінің көкірегі ояу жастарға берер тәлім-тәрбиесі мен үлгісі орасан зор. Жастар қоғамның белсенді бөлігі екені белгілі. Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты қолға алынып жатқан кезде, XX ғ. басындағы қазақ зиялы қауымының жүргізген жұмыстары мен жазған еңбектерінің жастардың ғибрат алып, ұлтжанды, елжанды болуына өте үлкен ықпалы тиеді деп ойлаймыз. Қазіргі кезде элитаға енген жастар көп.
Элита туралы саясаттану ғылымында әртүрлі пікір болса да (В. Парето, Г. Моска, У. Т. Лассуелла, М. Вебер, А. Тойнби), олар элита қоғамдағы белсенді адамдар екенін мойындайды. Элиталарды саяси элита, ғылыми элита, бизнес элита, әскери элита, т. б. деп бөліп жүр. Элита - бұл әлеуметтік топ, ол өзінің жекеленген қасиеттері болуына, әлеуметтік жағдайына байланысты қоғамды басқару процесіне тікелей немесе жанама түрде ықпал етіп, қоғамда даму стратегиясын жасап, жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Халықтың қалың бұқарасы қоғамдық-саяси іске араласпай, өзін енжар ұстап, саясаттан тыс өмір сүргендіктен, элита қоғамда осындай рол атқарады.
Элиталар жөніндегі бірнеше тәсілдердің ішінен макиавеллистік, құндылық, құрылыстық функционалдық және либералдық тәсілдерді кең тараған деп пайымдауға болады. Макиавеллистік тәсіл өз бастауын Г. Моска мен В. Паретоның элитарлық концепциясынан бастайды. Бұл тәсілде пассивті бұқара мен билік ететін азшылық элита арасындағы айырмашылыққа мән беріледі. Элитаның адамгершілігі мен қабілеті, оның билікке жету әдістері жоққа шығарылады. Ең бастысы, элитаның басқару, әкімшілік қызметіне мән беріледі. Бұл тәсілге қарағанда, құндылық тәсілдің айырмашылығы элитаны тек қана ұйымдасқан басқарушы азшылық деп қарамай, қоғамның шығармашылық, зиялылық адамгершілік қасиеті жоғары болігі деп қарайды. Бұл тәсілдің өкілдері испан философы және әлеуметтанушы Хосе-Ортега-и-Гассет, орыс философы H. Бердяев болды. Қоғамды элитарландыру мәселесінде құндылық тәсіл макиавеллистік тәсіл сияқты қоғамдағы билік етуші элитаның ролін абсолюттендіргені үшін сыналды. Ал биліктегі элитаның негізгі белгілері құрылыстық-функционалдық тәсілді жақтаушылардың тұжырымдарындағы сипаттама бойынша, олар алғаш рет билеу жүйесінде элитаның басты қызметі ретінде әлеуметтік мәртебесін бөліп алды. Бұл тәсілдің өкілдері американдық саясаттанушылар Гарольд Лассуэл, Сеймур Липсеттің айтуынша, қоғамда әлеуметтік жағдайы жоғары және қоғамдағы маңызды институттар мен командалық позицияларды ұстап тұрған адамдардың топтары мен жеке адамдар элитаға жатады. Себебі, олар коғамдағы басқару қызметіне ие болып, қоғам дамуына мәнді салдары болатын шешімдерді жасап, қабылдауға әсер етеді. Әрі ол элита білімді болып, қоғамда мәртебесі болуы қажет деп есептейді. Жалпы құрылыстық-функционалды әдіске билеуші элитаны кең әрі жұмсақ түрде бейнелеу тән.
Либералды тәсіл қоғамды элитарландыруда демократиялық пен классикалық элита теориясының бірқатар қатаң тұжырымдарын жоққа шығарады. Бұл тәсілдің белсенді өкілдері австриялық әлеуметтанушы Йозеф Алонс Шумпетер (1883-1950) және американдық әлеуметтанушы-саясаттанушы Чарлз Райт Миллс (1916-1962) . Бұлар элитаны қоғамның мемлекеттік және экономикалық институттарында стратегиялық позиция ұстап, көптеген адамдардың өміріне едәуір әсер етеді деп пайымдайды.
Жас ұрпақтың азаматтық тұрғыда қалыптасуы мен элеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруы үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жэне үйымдастырушылық жағдайлар жасау және нығайту - Ақмола облысының елдің түрақты дамушы өңірі ретінде одан эрі дамуының аса маңызды шарттарының бірі.
Соңғы жылдары жастармен жүмыс айтарлықтай жандана түсті. Жастар үйымдарының саны үлғаюда, жастар мен студенттік қү_рылыс жасақтары дамуда, жастарды қолдау акциялары дэстүрге айналды, жастарға элеуметтік қолдау көрсетудің түрлі нысандары енгізілуде.
Алайда, қоғамдағы осы заманғы тенденциялар, жас үрпақты тэрбиелеу мен қалыптастыру проблемаларына қоғам жэне мемлекет тарапынан жоғары көңіл бөлінуі облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың сапалы жаңа тэсілдерінің жасалуын талап етіп отыр.
Осы Бағдарлама мемлекеттік органдардың, мекемелер мен қоғамдық үйымдардың өзара тығыз эрекеттестігі мен ынтымақтастығының негізінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жүйесін жасау мақсатында эзірленген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына, «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімдік даму Стратегиясының ережелеріне жауап береді.
Оны қабылдау мен іске асыру Ақмола облысындағы мемлекеттік жастар саясатын неғүрлым тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Президенттің Қазақстан халқына "Бэсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бэсекеге қабілетті экономика үшін, бэсекеге қабілетті халық үшін" 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші үзақ мерзімді басымдық болып табылады" деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғүрлым қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бірге жастар халықтың ең бір осал топтары болып табылады, ал олардың жағдайы ізгілікті проблема ретінде қаралады.
Экономика дамуының қазіргі заманғы кезеңінде жоғары білімді жэне шығармашыл, бэсекеге қабілетті жас адамдардың саны барған сайын көбірек болуы қажет. Мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін мемлекет пен жастар қатынастарын жетілдіруде жаңа қарқынға ие болды. Жастар саясатын іске асыру жөніндегі уэкілетті органдар жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қатынастар жүйесіне енуі жағдайларын жақсарту жөнінде түрақты жүмыстарды жүзеге асырады. Осы процесте экономиканың салаларын инновациялық дамытуға неғүрлым икемділер ретінде нақ жастарға басты рөл беру қажет, бүл осы проблеманы барынша тиімді тэсілдермен шешуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңде жастар саясаты қол жеткен нэтижелерді баянды етуге жэне оны одан әрі дамытуға бағытталған тетіктерді нығайтуға бағыт үстауы тиіс. Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыру қарастырылған неғұрлым маңызды іс-шаралардың қатарында жас кэсіпкерлерді дамыту жэне қолдау тетіктерін жасау; жастар мен жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету; жастар үшін элеуметтік қызметтер құру; ауыл жастарын дамыту, жас адамдардың жүмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу орын алып отыр. Сондай-ақ, азаматтық пен патриотизмді дамыту, талантты жастарды қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар бірлестіктерінің қызметі жэне жандандыру үшін жағдайлар туғызу, жасгар ортасындағы ахуалды зерделеу мақсатында мониторинг жүргізу жөнінде де іс-шаралар қарастырылған.
Аталған Бағдарламаны іске асыру Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жалпы қызметтің бір бөлігі болып табылады.
Жастарды тәрбиелеудегі қазақ ұлттық саяси элитасының қалыптасуы.
XX ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасының қалыптасуына байыппен қарар болсақ, онда отарлаушы мен отарланушының арақатынасына тән мынадай өзгерістерді байқауға болар еді. Көп ұлтты империяға айналған Ресей XVIII ғасырдан бастап-ақ жүйелі және мақсатты түрде қазақ қоғамық қазақ елін мемлекеттік тұтастығынан айыру, сол арқылы қазақ қоғамына, қазақ жеріне терең бойлап ену саясатын жүргізді. Қазақ қоғамындағы феодалдық бытыраңқылық, түрлі саяси топтар арасындағы бітіспес күрес орыс әкімшілігінің өз дегеніне шығынсыз, еппен жетуіне көмекші факторлар болды. Қазақстандағы бұрыннан қалыптасып келе жатқан ішкі мемлекеттік құрылымын жоя отырып, патша үкіметі XIX ғасыр-дың 20 және 60-ж. ж. іске асырған саяси реформалары арқылы қазақ кәсіби саяси элитасынын ішкі тарихи ерекшеліктері мен мүддесін ескеру негізінде емес, керісінше өзіне колайлы, яғни Қазақстанда Ресей мүддесі тұрғысынан басқаруға қызмет ететін отаршыл әскери-феодалдық мемлекеттік жүйені орнатты. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына да бөлуге мәжбүр болған. Мұндай шараға ол жыл өткен сайын өсе түскен басқару жүйесінің ұлттық кадрларға мұқтажын қанағаттандыру үшін барды. Осы мақсатта генерал-губернаторлықтар кеңсесі жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген қаржыға сүйеніп, қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалаларда түрлі мамандықтар бойынша білім алды.
XX ғасырдың басында қазақ мамандарын даярлауда Қазан қаласы айтарлықтай үлкен орталыққа айналды. Мәселен, Қазан университетінде XIX ғасырдың басында, 1916-1920 жылға дейінгі аралықта 26 қазақ жастары оқыған. Олардың 16-сы заң, қалғандары дәрігерлік факультетінде білім алды. Ал университетті аяқтағандары - 14 [1] .
Қазан университетін осы мезгілде аяқтаған жастардың арасында XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласқан Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Әубәкір Алдияров, Садық Аманжолов, Базарбай Мәметов, Иса Қашкынбаев, Шафкат Бекмұхамедов сияқты қайраткерлер болды.
Қазақ жастары жиі есігін ашқан оқу орындарының бірі қазақ мұғалімдер семинариясы еді. 3 Мұнда Қазан төңкерісіне дейінгі кезенде 17 қазақ студенті оқып, олардың 13-і дипломға ие болған : [2] . Семинарияны аяқтағандардың арасында С. І. Меңдешев, M. Тұнғашин, H. Залиев сияқты кейінгі уақытта қоғамдық белсенділігімен танылған адамдар бар еді.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ жастары білім алған ірі орталық әрине, Петербург қаласы. Империяның саяси оқиғаларға толы астанасында бұл кезеңде орман шаруашылығы институтында Ә. Бөкейханов, 1900-1905 ж. ж. темір жол транспорты институтында М. Тынышбаев білім алды. Қазақ жастары үшін әсіресе нағыз үлкен білім шаңырағына айналған Петербург университеті еді. Ресей империясында ғана емес, бүкіл Еуропа мәдениеті мен ғылымында өзіне лайық орны бар бұл оқу орнында өткен ғасырдың соңы және XX ғасырдың бас кезінде (17 жылға дейін) 20-ға жуық қазақ студенті оқып, жоғары білім дипломын иемденді. Олардың қатарында Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқаев, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков сияқты XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы саяси өміріне белсенді араласкан қайраткерлер, яғни қазақтың саяси элитасы топтасты.
XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Петербург медицина академиясын аяқтағандығы туралы дипломды Санжар Асфендияров, Сәдуәқас Шәлімбеков, Халел Досмұхамедов және басқа бір топ қазақ иемденді.
Байтұрсынов А. Қазақтың өкпесі.
Архивтік құжаттар және сенімді деректердің негізінде жасалған Ғ. Ахмедов ұсынған тізімнің көрсетулеріне қарағанда, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120-ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған.
XX ғ. басында Ә. Бекейханов төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының басым көпшілігі пантюркизм, панисламизмнен алыс болды. Соның бірі Міржақып Дулатов, біріншіден, өзін казақпын деп, екіншіден, мұсылманмын деп, үшіншіден, Ресей азаматымын деп санады. Қазақ қоғамын жаңарту идеологиясын ол орыстық-еуропалық өркениеттен, содан соң мұсылмандықтан іздестірді.
Қазақты сынау мен оятудың Міржақып Дулатов уағыздаған идеяларына ұқсас, сонымен сарындас дәл сол кезенде Ахмет Байтұрсынов та, Ә. Бөкейханов та, яғни Алаш қозғалысын бастаған зиялылардың көпшілігі айтты. Мысалы, А. Байтұрсынов 1911 ж. жазылған "Қазақтың өкпесі" атты мақаласында: "Жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз . . . " - [3] деп қынжылады. Осы кездегі қазақ зиялылары халықтың көкірегін оятып, халықты тығырықтан шығарудың жолын іздеп, "Оян, қазақ!" ұраны астында да топтасты деп пайымдауға болады.
Қазақ зиялылары халықтың қалың бұқарасын өлкені гүлдендіру ісінде ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялық жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша жинақтар шығарудың маңызын жақсы түсінді. Сонымен, осы жердегі тағы бір тұжырымымыз: қазақ зиялылары баспасөз төңірегінде топтасты.
Басқару аппаратын орыстандыру (кадр саясаты, орыс тілінің мемлекеттік тілге айналуы, т. б. ), қазақ қоғамы арасына христиан дінінің енуіне қажетті қолайлы жағдайлар жасау империялық ұлы державалық саясаттың нақты көріністері болатын. Ресей империясының Қазақстандағы отарлау саясаты өзінің қаталдығы жағынан басқа еуропалық мемлекеттердің Азия мен Африка елдерін жаулап алу саясатынан кем түскен жоқ ал қолданылған әдіс-айласының жергілікті тұрмысқа бейімділігі жағынан, әрине, анағұрлым асып түскен еді [4] .
Бұл келтірілген фактілер мен тұжырымдар Ресей империясының құрамына ену қазақ қоғамына ауыр зардапты болғандығын көрсетеді. Өз жеріне иелік құқығына, табиғатына жат сырттан күшпен таңылған отаршыл басқару жүйесі жағдайында өмір сүріп, өз ұлттық мемлекеттік жүйесін нығайту мүмкіншілігінен айрылған қазақ елі өз үлттық мүддесін қорғау, өз ұлттық ерекшеліктерін сақтау қабілетінен ада болу жолына түскен еді. Міне, осы тарихи шындықты мойындау қазақ елінің Ресей құрамына енуінің прогресті болғаны немесе болмағаны жөнінде айтысудың өзі қисынсыз екендігін көрсетеді. Империя құрамына енудің қазақ кәсіби саяси элитасы үшін зиянды болғаны даусыз шындық. Сондай-ақ XX ғасырдың басында терең дағдарыс жағдайындағы қазақ кәсіби саяси элитасын өсіп-ену жолына алып шығуға қабілетті әлеуметтік күш ұлттық зиялылар болатын.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екендігін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл-демократиялық өкімет органы болған кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. 1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ кәсіби элитасының қоғамдық-саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің Ақпан революциясынан кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты.
Біз жоғарыда қазақ ұлттық кәсіби саяси элитасының монархия құлағаннан кейінгі Ресейдің саяси өміріне қатынасуы туралы ішінара тоқталған едік. Әлихан Бокейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шоқайұлы қазақ халқының либералдық-демократиялық топтарының өкілдері ретінде В. И. Ленин "қосөкіметтілік" деп анықтаған саяси симбиоздың уақытша "тұтастығына" жат адамдар болған жоқ. Негізінен осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңісіне жетісімен қазақ кәсіби саяси элитасы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылымдардың қызметіне ұсыну мәселелерін шешуді өз міндеттеріне алды немесе, қазіргі терминологияны қолдансақ олар басқару жүйесіндегі кадр мәселесін айқындауға атсалысты. Олардың ұсыныстары бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ахмет Бірімжанов, Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Біләл Малдыбаев, Ахмет Кенесарин, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалар тағайындалды.
Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезеңде бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып, оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданды. М. Тынышбаев 1917 жылғы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік құрылыс процесін тездету мақсатымен Түркістан өлкесіндегі (оның ішінде Сырдария мен Жетісу облыстарындағы) атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды. Съезге Түркістан өлкесі облыстары мен Бұқара хандығы атқару комитеттерінің 171 делегаты қатынасты. Қатарларында Г. Бройдо, Махмут Бекбуди, Губайдулла Ходжаев, Серәлі Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпұлтты өлкенің демократияға өтуінің күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды.
Жаңа мемлекеттің билеу-басқару органдарының төменгі - ауыл мен болыс деңгейіндегі жүйесін құру ici айтарлықтай тез карқынмен жүрді. Бұл жүйені құруда тағайындау мен сайлау принциптері қатар орын алды.
Бөкейханое Ә. Сайлау // Бөкейханов Ә. Таңдамалы. А., 94-130 66.
Комиссары Әлихан Бөкейханов болған Торғай облысында жергілікті өкімет органдарын құру сәуірдің екінші жартысында облыстык және уездік азаматтық комитеттер құрылысы аяқталысымен тез қарқынмен өрістеді. Мәселен, Ақтөбе уезінің Қобда болысының бас ауылында (№ 1, 5) азаматтық комитеттер сәуірдің және мамырдың 28-29-нда ұйымдасты. Осымен қатар болыстық азаматтық комитеттерді сайлау жүргізілді. Олардың құрылуымен жергілікті атқару билігі жүйесін құру процесі аяқталды.
Азаматтық комитеттердің ауылдағы атқару комитеттерінің құрамы демократиялық жолмен сайланған 3-5 мүшеден тұрды. Олар таратылған ауылнайлардың құқықтарына ие болды. Осыған ұқсас өкіметтік құрылымдар көшіп келуші шаруалар селоларында да ұйымдасты.
Ә. Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Оған құрылтай съезі деген дәреже - "статус" беру патшалық (монархиялық) басқару жүйесінен демократиялық қоғамдық құрылысқа көшудің заңды құбылыс екендігін көрсету мақсатынан туған еді.
Ұлтты топтастыруға, өзін өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру міндетін XX ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық кәсіби саяси элитасы мінсіз орындады. XX ғ. бірінші ширегіндегі Ресейде саяси тәртіптің өзгеруі орасан зор кеңістікте түбегейлі өзгеріс жасауға алып келді. Үкімет пирамидасы, мейлі ол патша тағы не партиялық орын болсын, әлеуметтік басымдықты іс жүзінде ұстап тұруға қабілетсіз әкімшілік-бюрократтық жүйеге карай өсіп жатты. Империяның шығыс аймақтары үшін революциялық төңкеріс ең әуелі олардың Ресейге отар болып бағыну статусының трансформациясын білдірді. Шығыс елдері үшін өркениетті рөл ойнауын одан әрі жалғастырғысы келген орталық Ресейдің имиджін сақтауға мүдделі еді.
Осыған байланысты басқару жүйесін өзгерту мәселесі маңыз алды. Отаршылық әкімшілікті Кеңестерді бетке ұстап, әуелі сайлау ұйымдарымен, содан соң кейінгі оқиғалардың логикасы бойынша жергілікті жерлерде өкілеттік ұйымдар оппозициялық көңіл күйді білдіргендіктен, саяси және экономикалық билікті РКП(б) қолына шоғырландырумен алмастырды. Кеңестер рәсімдік рөл ойнауын одан әрі жалғастырды, алайда электораттың мүддесін қорғаған жоқ. Билікке тағайындау әрі наместниктік КСРО-ның саяси мекемелерінің кайта құрылмағанын, тек бұрынғы саяси мекемелердің жалғасы болғанын көрсетті. Сонымен қатар жаңа өкіметтің стратегиясы ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдерімен оларды 1921ж. "қандай да бір фракциялықты толық жою керек" деген [5] тезистің болғанына қарамастан, партиялық-мемлекеттік құрылысқа тарту арқылы ынтымақтасуға бағытталды.
Мәскеуден провинцияға дейінгі бірлікті сақтап, Республикаларды бағындыру үкімет вертикалының параллелді механизмі жұмыс істеді, яғни партияның бюрократиялық құрылысын мемлекет қызметінің негізгі салаларында қайталады. Мұнымен бірге алғашқы кезеңде Шығысты одан әрі революцияландыру мақсатымен басқару ұйымдарына қазақ халқының өкілдерін тарту науқаны жүрді.
Алаш қозғалысы Орталық Азия аймағындағы динамикалық және абыройлы қозғалыс болды. Қазақтың зиялы жетекшілері жергілікті халықтың ұлтшылдығын пролетарлық интернационализм идеяларымен біріктіруге тырысты. Алаш-орданың қызметі мен саяси платформасы және қазақ партиялары, өлкеге статус бергісі келмеген орталықтың әрекетіне қарамастан, Қазақавтономиясын құруға талпынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz